Суббота , 5 июля 2025

Мейіржан Темірбек: ТҰРМЫСЫ БИЛІККЕ ТӘУЕЛДІ мұғалімнің мәртебесі сақталмайды

Жуы­қта ҚР Білім және Ғылым мини­стр­лі­гін­де «Мұғалім мәр­те­бесі тура­лы» заң жоба­сы таны­сты­рыл­ды. Үкі­мет пар­ла­мент­тің талқы­ла­у­ы­на ұсы­на­тын бұл заң жоба­сы мұғалім­дер тала­бы­на сай ма? Оның ұтым­ды тұсы мен олқы­лы­қта­ры қан­дай? Ең басты­сы – ұрпағы­на білім беретін мұғалім мәр­те­бесінің сақта­луы­на қоғам қан­ша­лы­қты мүд­делі? Осы және басқа да сұрақтар төңіре­гін­де біздің тіл­ші­міз «Мұғалім мәр­те­бесі» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төраға­сы Мей­ір­жан Темір­бек­пен тіл­дескен еді.

Оқыр­манға аны­қта­ма үшін айта кетей­ік, Мей­ір­жан мыр­за – ШҚО Тар­баға­тай ауда­ны Ақмек­теп орта мек­тебінің мұғалі­мі. Мек­теп­те оқу­шы­ларға сабақ бере жүріп, ара-тұра кезек­пен қой жая­тын (сурет­ті қараңыз), ала жаз­дай малы­на жем-шөп дай­ын­дап, ошар­лы отба­сын асы­рай­тын ауыл­дың қара­пай­ым тұрғыны.

– Мей­ір­жан мыр­за, ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың баста­ма­шы­лы­ғы­мен «Мұғалім мәр­те­бесі тура­лы» заң­ның жоба­сы жаса­лып, талқы­ла­у­ға ұсы­ныл­ды деген сөз бар. Бұл жоба­ны кім­дер және қан­дай БАҚ арқы­лы талқы­лап жатыр? Әле­умет­тік маңы­зы жоға­ры заң жоба­сын талқы­ла­удан қоғам хабар­сыз жатқан жоқ па? 

Жал­пы, бұл заң­ды қабыл­дау тура­лы ұсы­ны­сты өткен жылғы өзінің халы­ққа жол­да­уын­да ел пре­зи­ден­ті айтқа­ны мәлім. Оның басты мақ­са­ты – кәсіп­тік қыз­меті­мен бай­ла­ны­сы жоқ жұмыстар­дан мұғалім­дер­ді ара­ша­лау, педа­гог­тар­дың қоғам­дық мәр­те­бесін көте­ру еді. Иә, заң­ның жоба­сы жаса­лып, ашық үкі­мет пор­та­лы­на ілініп­ті. Бірақ бұл пор­тал бар­лық мұғалім­дер­ге қол­жетім­ді бол­май тұр, оған кірудің өзін­дік тех­ни­ка­лық талап­та­ры бар. Әсіре­се ауыл­ды жер­лер­де­гі интер­нет желісінің кен­делі­гі­нен мұғалім­дер ашық үкі­мет пор­та­лы­на кіре алмайды.

– Ал қаза­қтың тең жар­ты­сы ауыл­ды жер­лер­де тұра­ты­нын ескер­сек, ауыл мұғалім­дері өздеріне қаты­сты жоба­ның жағ­дай­ы­нан мақұ­рым қал­май ма?

– «Қазақ» демек­ші, біз алға­шқы­да заң­ның орыс тілін­де­гі нұсқа­сын алдық. Яғни, жоба алды­мен орыс тілін­де дай­ын­далған болуы керек. Тағы да сол БАҚ арқы­лы жоба негізі­нен Аста­на мен Алма­ты­да өткен жиын­дар­да талқы­ланға­ны тура­лы, оған 78 адам­нан тұра­тын комис­сия қаты­сқа­нын естідік. Біз­ден – мұғалім­дер­дің қоғам­дық өкіл­дері­нен 3–4 адам­ды комис­сия құра­мы­на кір­гі­зер ме екен деген ойы­мыз болған. Комис­сия құра­мы 78 адам­нан тұрған­мен, оның құра­мы­м­ен таныс емес­піз. Ақыр соңын­да өзі­міз «Фейс­бук» пен «Уат­сап» әле­умет­тік желілері арқы­лы заң жоба­сын тара­тып, қоғам­дық талқы­лау ұйым­да­стыр­дық. Жобаға бай­ла­ны­сты ұсы­ны­стар «Білім­ді ел» газетін­де және интер­нет ресур­стар­да шығып жатыр. Комис­си­я­ның жұмысы­на Білім кәсі­по­дағы­ның қаты­сқа­ны­нан хаба­ры­мыз бар. 

– Мұғалім мәр­те­бесі деген мәсе­ле тек мұғалім­ге ғана емес, ол негізі­нен ата-ана­лар­дан құра­ла­тын бүкіл қоға­мға қаты­сты мәсе­ле болған­ды­қтан, ол заң­ның жоба­сын жал­пы көп­шілік болып талқы­лау қажет емес пе еді? 

– Дұрыс айта­сыз! Ұрпақ тәр­би­есі бүкіл Қаза­қстан халқы­на ортақ дүние. Өйт­кені келе­шек ұрпағы­мыз бен бола­шағы­мы­здың тәр­би­есі алаң­сыз болуы үшін, мұғалім­нің жағ­дайы жақ­сы болға­ны дұрыс деп ойлай­мын. Әзір­ге, өкініш­ке орай, жоба­ны талқы­ла­у­ға қызы­ғу­шы­лық таны­тып жатқан тек қана ұста­здар қауы­мы: ЖОО, мек­теп, кол­ледж ұста­зда­ры мен тәр­би­е­шілер. Аста­на қала­сы­ның ата-ана­лар коми­тетінің төрай­ы­мы да ұста­здар­ды қол­дай­ты­нын, заң­ның сапа­лы шығуы­на үле­стерін қоса­ты­нын айтып өтті. Айт­пақ­шы, бұл заң жоба­сы­на 10 қаңтар күні Білім және ғылым мини­стр­лі­гін­де таны­сты­ру жасал­ды. Бірақ оның құра­мын­да ата-ана­лар бар ма, жоқ па – біз­ге беймәлім. 

– Сізді мұғалім­дер қауы­мы­на қаты­сты қоғам­дық бір­ле­стік­тің жетек­шісі ретін­де бұл заң­ның жоба­сын талқы­ла­у­ға шақыр­ды ма?

– Бәл­кім, біздің «Мұғалім мәр­те­бесі» қоғам­дық бір­ле­сті­гі тура­лы мини­стр­лік­те­гілер біл­мей­тін де шығар. Біз заң­ды тір­ке­уден өтіп, жұмыс жаса­уға көш­кені­міз­ге 2 жыл­дан асты. Оның алдын­да жастар­дың мүд­де­лерін қорғап кел­ген жастар ұйы­мын­да жұмыс атқар­дым. Рес­пуб­ли­ка көле­мін­де бел­сен­ді мүше­лері­міз бар. Біз заң жоба­сын тек әле­умет­тік желі­де талқы­ла­у­мен шек­теліп қана отыр­мыз. БжҒМ-де жұмыс жаса­уға бюро­кра­ти­я­лық кедер­гілер көп. 

Комис­сия құры­лып жатқан­да, 7–8 мұғалім­ді заң жоба­сын талқы­ла­у­ға ұсы­нып, «Фейс­бук­те» жаз­ба­лар жари­я­лаған­быз. Бірақ, өкініш­ке орай, мини­стр­лік бел­сен­ді ұста­здар­ды ол комис­си­яға кір­гі­зуді қала­маған сияқты. Біз осы қоғам­дық бір­ле­стік­тің газеті аты­нан БжҒМ бас­пасөз орта­лы­ғы­на хат жол­даған­быз. Бірақ ол жау­ап­сыз қал­ды. Қоңы­рау шалып, хаты­мы­зды алды­ңы­здар ма деп сұраға­ны­мы­зда, алмаған­да­рын айт­ты. Сол жер­де қоңы­рау шала оты­рып, хат­ты қай­та­дан жібер­дік. Әзір­ге ешбір нәти­же жоқ. Мек­теп­тер­ді цифр­лан­ды­руға ұмты­лып жатқан БжҒМ өзінің «цифр­лан­бай» оты­рға­ны көңіл­ге қоным­ды болмады. 

– Ал елде­гі мың­даған мұғалім­дер қауы­мы­нан комис­си­яға түсіп жатқан ұсы­ны­стар­дың талқы­ла­ну және қабыл­да­ну жағы қалай болып жатқа­ны­нан хаба­ры­ңыз бар ма? 

– Ол жағы­нан хаба­ры­мыз жоқ. Әзір­ге бай­ла­ныс бір жақты ғана болып тұр. Біздің тара­пы­мы­здан жол­данған ұсы­ны­стар сөз жүзін­де қала­тын сияқты. 12 қаңтар күні «Мұғалім мәр­те­бесі» бір­ле­сті­гінің ұйым­да­сты­руы­мен рес­пуб­ли­ка көле­мін­де «Ютуб» желісін­де тіке­лей эфир­де қоғам­дық талқы­лау өткіздік. Бірақ БжҒМ-мен бай­ла­ны­сқа шығуға мүм­кін­дік болмады. 

Заң жоба­сын дай­ын­да­уға БжҒМ-ның Орта білім депар­та­мен­ті «ерекше» атса­лы­сып жүр деген соң, теле­фон арқы­лы бай­ла­ны­сқа шықтым. Орта білім депар­та­мен­ті дирек­то­ры­ның мін­детін атқа­ру­шы тағы бір кісі­ге сіл­те­ді. Заң жоба­сы дай­ын бола тұра, ол кісі вице-мини­стр­дің келісі­мін­сіз бай­ла­ны­сқа шыға алмай­ты­нын айтты. 

Біз тіке­лей эфир­де теле­фон арқы­лы рес­пуб­ли­ка көле­мін­де бір­не­ше ұста­здарға ойла­рын айтуға, сау­ал­да­рын қой­ып, жау­ап ізде­у­ге тыры­сып көр­дік. Пар­ла­мент мәжілісінің депу­та­ты Ири­на Смир­но­ва бірқа­тар сұрақтарға жау­ап бер­ді. Туын­даған сұрақтар бол­са, хат жол­дап жібе­руді сұра­ды. Аста­на қала­сы ата-ана­лар коми­тетінің төрай­ы­мы Гүл­нар Ома­ро­ва апай­ы­мыз талқы­лау бары­сын­да өзі бізді тауып алып, бай­ла­ны­сқа шығып, өзінің жеке пікірін біл­дір­ді. БжҒМ «Ютуб» желісін­де тіке­лей эфир­ді бақы­лап, біраз сұрақтарға жау­ап беріп отыр­ды. Деген­мен жоба­да біздің түсін­бей­тін жер­лер әлі де көп… 

– Жал­пы, сіз бұл заң­ның жоба­сын көр­діңіз бе, оқы­ды­ңыз ба? Жоба тура­лы қан­дай ой-пікір­леріңіз бар? 

– Айтып өттім ғой: заң жоба­сы­ның алға­шқы нұсқа­сы орыс тілін­де шықты. Тіл сын­ды­руға тура кел­се де, талқы­лап көр­дік. Алға­шқы жоба өткен жылы 4 жел­тоқ­сан күні таны­сты­ры­лы­мға шықты. Ұсы­ны­стар бер­дік. Ашық үкі­мет пор­та­лы­нан тауып алып, жал­пы бар­лық желі­ге тараттық. 

Заң жоба­сы жал­пы 21 бап­тан тұра­ды. Қаза­қ­ша нұсқа­сы орыс­ша­дан ауыр ауда­ры­лған. Бір­не­ше рет оқып, түсініп, кей­де мүл­де түсін­бе­ген кез­дері­міз де болды. 

Мыса­лы, педа­гог­тың ар-намысы мен қадір-қаси­етін қорға­уға қаты­сты 6‑бапта: «1. Педа­гог­тың ар-намысы мен қадір-қаси­етін құр­мет­те­у­ге құқы­ғы бар. 2. Педа­го­гқа ар-намысы мен қадір-қаси­етін қорға­уға кепіл­дік беріледі» деп жазы­лған. Осы­дан сіз не түсі­несіз? Бірін­ші пункт­те педа­гог өзін-өзі құр­мет­тей ме? Екін­шісін­де – кепіл­дік­ті кім береді? Мем­ле­кет пе? Әкім­дік пе? Түсініксіз.

Ал 17-бап­та «Педа­гог­тың жау­ап­кер­шілі­гі» бөлі­мін­де: «4. Педа­гог­тың тәр­тіп­тік теріс қылық жасаға­ны үшін жау­ап­кер­шілік шара­сы тура­лы шешім қабыл­дау кезін­де білім беру ұйы­мы­ның бас­шы­сы білім беру ұйы­мы­ның Әдеп жөнін­де­гі кеңесінің ұсы­ным­да­рын еске­реді» делінген.

Егер бұл бап заңға енгізілетін бол­са, мек­теп дирек­тор­ла­ры өздеріне ұна­маған мұғалім­ді, жұмыстан шығарғы­сы кел­ген мұғалім­нің бар­лы­ғын осы бап арқы­лы қысы­мға алу­ла­ры әбден мүм­кін. Біз мек­теп дирек­тор­ла­ры мен білім беру бөлі­мінің бас­шы­ла­ры­на сен­бей­міз! Олар Әдеп жөнін­де­гі кеңе­стің өздеріне икем­ді адам­дар­дан құрып қой­ма­сы­на кім кепіл? Қан­дай да бір мұғалім­нің басын­да дау­лы мәсе­ле туын­да­са, ол жағ­дай сот арқы­лы шешіл­гені дұрыс. Мек­теп дирек­тор­ла­ры, білім беру бөлі­мінің бас­шы­ла­ры заң­гер емес. Егер олар заң­ды жақ­сы біл­се, «Мұғалім мәр­те­бесі тура­лы» заң­ның туын­да­уы­на дей­ін жет­кіз­бес еді.

Біз мұғалім­нің тағ­ды­рын заң біл­мей­тін­дер­дің қолы­на тап­сы­руға қар­сы­мыз! Сон­ды­қтан 17-бап­тың 4‑тармағын алып таста­уды талап етеміз. 

Ең көп резо­нанс туды­рған жағ­дай – зей­нет жасы мен мұғалім­дер­ді өзінің кәсіп­тік қыз­метіне қаты­сы жоқ жұмыстарға шегу тура­лы. Зей­нет жасын біз 25 жыл­дық еңбек өтілі­мен бел­гіле­уді сұраған едік, ал комис­сия алға­шқы­да 35 жыл ұсын­ды. Ақы­ры «30 жыл және ЖОО оқы­ған уақы­ты өтіл­дің ішіне кіреді» деп өзгеріс енгізді. Бұл бап осы нұсқа­да қабыл­да­на­тын бол­са, жақ­сы болар еді. 

Жаңа заң­ның жоба­сы бой­ын­ша, басқа маман­дық иелері де «арнайы дай­ын­ды­қтан» өтіп, білік­тілі­гі жөнін­де тест тап­сы­рып, мұғалім бола ала­ды. Бұл, әрине, дұрыс емес деп ойлай­мын. Мүм­кін, педа­гог маман­дар мек­теп­тен кетіп, олар­дың саны азай­ып бара жатқан соң кір­гізіл­гені шығар… 

Ал заң жоба­сын­да мұғалім­нің әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­ы­на қолға­быс ететін­дей жағ­дай­лар көр­сетіл­ген бе? 

– Сіздің айтуы­ңы­здағы «тұр­мыстық қолға­быс» «Мұғалім мәр­те­бесі» деген бап «Білім тура­лы заң­нан» толық алы­нып, осы заң жоба­сы­на әкелін­ді. (Ол бап «Білім тура­лы заң­нан» алы­нып таста­ла­ды). Бұл жер­де аста­на­лақ ұста­здарға көтер­ме ақы беру де көз­дел­ген. Алғаш біз заң жоба­сын көр­гені­міз­де, ол жер­де «рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де­гі қала­лар­дың мұғалім­дері» деп жазы­лған еді. 

Мұғалім­дер­дің нара­зы­лы­ғын туғы­зып оты­рған мәсе­ле – әр аймақты бөліп-жарып қарау болып тұр. Мыса­лы, ауыл­дық жер­де­гі ұста­здарға отын-су алуға бөлі­нетін көмек­тің мөл­шерін жер­гілік­ті әкім­дік­тер бел­гілей­ді. Ол көмек бір Қаза­қстан­да тұра­тын мұғалім­дер­ге әр жер­де әртүр­лі көлем­де төле­неді. Бар­лық жер­де, бар­лық аймақта бір тариф болуы керек. 

Қазір бұры­нғы­дай емес, мұғалім­дер сау­ат­ты, әртүр­лі әле­умет­тік желі­де бірі­гіп жатыр. Түш­кі­ре қал­саң, бар­лық Қаза­қстан ұста­зда­ры естіп оты­ра­ды. Сон­ды­қтан қазір­гі қоғам­да ештеңені жасы­ру мүм­кін емес екен­ді­гін бас­шы­лар­дың ұға­тын уақы­ты бол­ды ғой. 

– Бұл заң елде қол­да­ны­стағы «Білім тура­лы заң­ның» көшір­месі деген­ге қан­дай пікір айтар едіңіз? 

– Екі заң­ды тұта­стай салы­сты­рып айта алмай­мын. Бірақ жоба­дағы 51–53-баптар сол «Білім тура­лы заң­нан» көшіріліп, біраз түзе­ту­лер жасап алынған. 

– Заң жоба­сы орыс тілін­де жаса­лып­ты, талқы­ла­у­ға оның қазақ тілін­де­гі аудар­ма­сы ұсы­ны­лып­ты деген пікір­ді рас­тай ала­сыз ба? 

– Иә, рас­тай ала­мын. Жоба біздің қолы­мы­зға орыс тілін­де тиді. Алға­шын­да орыс тілін­де талқы­ла­нып­ты. Қазір­гі жоба­ның қаза­қ­ша аудар­ма­сы­на жоға­ры­да мысал кел­тір­дім: бір топ мұғалім бір­не­ше қай­та­лап оқып, түсін­бе­ген жер­лері­міз де болды. 

– Ал бұл жоба­да мұғалім­дер­дің сала­лық кәсі­по­дағы­ның рөлі тура­лы не айты­ла­ды? Ол кәсі­по­дақ тағы да мек­теп дирек­то­ры мен аудан әкі­мінің қол­жа­улы­ғы болып кет­пей ме? 

– Бұл жоба­да алға­шын­да мұғалім мен бас­шы­лық ара­сын­да дау туын­да­са, «мұғалім қай кәсі­по­дақтың мүше­сі, солар­дың да пікірі ескерілуі керек» деген жол­дар болған. Соңғы нұсқа­сын­да ол жол­дар­ды алып, орны­на Әдеп жөнін­де­гі комис­си­я­ны кір­гізіп қой­ып­ты. Ол комис­сия тура­лы ойым­ды жоға­ры­да айттым. 

Мен аудан мен облыс кәсі­по­дақта­ры тура­лы ештеңе айта алмай­мын. Бар­лы­ғы­на бір­дей топы­рақ шашуға бол­май­ды: жұмыс істеп оты­рған­да­ры бар, деген­мен басым көп­шілі­гі жұмыс істе­мей­ді. Сон­ды­қтан мен кәсі­по­дақ құра­мы­нан шығып кет­тім. Рес­пуб­ли­ка­лық кәсі­по­дақ­пен біраз жұмыс жаса­дық. Әйт­се де кәсі­по­дақтар­дың бас­шы­ла­ры­ның көбі зей­нет­те­гі адамдар. 

– Заң жоба­сын­да жер­гілік­ті билік­тің рөлі тура­лы не айтылады? 

– Мұғалім­дер­ге жаса­луы тиіс әле­умет­тік кепіл­дік­тің басым бөлі­гін орын­дау жер­гілік­ті билік­ке беріл­ген, ар жағын өзіңіз сал­мақтай беріңіз. Әле­умет­тік жағ­дайы жер­гілік­ті билік­ке мүд­делі болған мұғалім­нің мәр­те­бесі сақта­ла­ды деген­ге үлкен күді­гім бар. 

Енде­ше ауыл мен аудан­ның әкі­мі, мек­теп­тің дирек­то­ры тағы да мұғалім­нің қожай­ы­ны болып, оны бұры­нғы­дай қол­ба­ла қылып ала­ды десеңізші…

– Жер­гілік­ті билік мұғалім­дер­дің «әле­умет­тік кепіл­дік­терін» аны­қтай­тын бол­са, сіздің сұрағы­ңы­здағы күдік­тің орны бар деп ойлай­мын. Енді­гі кезек­те жер­гілік­ті әкім­дер мұғалім­дер­ді осы «әле­умет­тік кепіл­дік­пен» тұқыр­тып ұстай­тын сияқты ғой… 

Деген­мен, педа­гог­тар­ды өз қыз­меті­мен бай­ла­ны­сы жоқ жұмысқа жегу «Әкім­шілік құқы­қты бұзу­шы­лық тура­лы» заң­мен рет­те­луі тиіс деп үміт­те­нем. Ол үшін мұғалім­дер­дің өздері де бұл заң­ды жақ­сы білу­лері тиіс. Мыса­лы, осы заң­ның 409-бабы­на мына­дай өзгеріс қоспақ:

«Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның білім беру, дене шыны­қты­ру және спорт сала­сын­дағы заң­на­ма­сын бұзу

1–1. Педа­гог­тың ар-намысы мен абы­рой­ын қор­лау – бес айлық есеп­тік көр­сет­кіш мөл­шерін­де айып­пұл салуға әкеп соғады.

1–2. Педа­гог­ты өзінің кәсіп­тік мін­дет­терін орын­да­у­мен бай­ла­ны­сы жоқ жұмыс түр­леріне тар­ту – лау­а­зым­ды тұлға­ларға он айлық есеп­тік көр­сет­кіш мөл­шерін­де айып­пұл салуға әкеп соғады.

1–3. Педа­гог­тың кәсіп­тік қыз­метіне негіз­сіз ара­ла­су неме­се педа­гог­тың кәсіп­тік қыз­метіне кедер­гі кел­ті­ру – ескер­ту жаса­уға неме­се үш айлық есеп­тік көр­сет­кіш мөл­шерін­де айып­пұл салуға әкеп соғады.

1–4. Педа­гог­тан Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен көз­дел­ме­ген есеп­тілік­тің не ақпа­рат­тың қан­дай да бір нысан­да­рын ұсы­ну­ды талап ету – лау­а­зым­ды тұлға­ларға ескер­ту жаса­уға неме­се үш айлық есеп­тік көр­сет­кіш мөл­шерін­де айып­пұл салуға әкеп соғады.

1–5. Педа­го­гқа жеке қара­жа­ты есебі­нен оқу-тәр­бие про­цесін қам­та­ма­сыз ету үшін қан­дай да бір баға­лы тау­ар-мате­ри­ал алу мін­детін жүк­теу – лау­а­зым­ды тұлға­ларға ескер­ту жаса­уға неме­се үш айлық есеп­тік көр­сет­кіш мөл­шерін­де айып­пұл салуға әкеп соға­ды».

Бұл әзір­ге жоба ғана. Үкі­мет бұл талап­ты заңға енгі­зе ме, депу­тат­тар оны қабыл­дай ма – бұл әлі бел­гісіз. Бірақ мұғалім­дер қауы­мы осы талап­тар­ды «Әкім­шілік құқы­қты бұзу­шы­лық тура­лы» заңға енгізу­ге күш салу­ла­ры керек. Оған бүкіл қоғам мүд­делі болуы тиіс деп ойлаймын.

– Соны­мен бір­ге мұғалім­дер­дің мәр­те­бесін қорға­уға мек­теп дирек­тор­ла­ры да тіке­лей мүд­делі болуы тиіс қой?

– Мін­дет­ті түр­де! Бірақ бұл ара­да мұғалім – дирек­тор – мұғалім қаты­на­сын­да да күр­ме­уі шешіл­ме­ген сұрақтар бар. Негізі, мек­теп дирек­тор­ла­ры ҚР Білім және ғылым мини­стрінің 2012 жылғы 21 ақпан­дағы № 57 бұй­ры­ғы бой­ын­ша тағай­ын­да­ла­ды. Деген­мен мек­теп дирек­тор­ла­рын 5 жылға дей­ін ғана оты­рғы­зып, бел­гі­лен­ген мерзім өткен соң, қай­та­дан кон­курс жари­я­лап, тағай­ын­дап отыр­са, жақ­сы болар еді. Әйт­пе­се көп жер­лер­де дирек­тор­лық бір орын­нан 10 жыл­дап жыл­жы­маған­да­ры бар.

Егер мек­теп дирек­то­рын тағай­ын­дау кон­кур­сы мұғалім­дер­дің пікірі негізін­де жүр­гізілетін бол­са, дирек­тор­лар ұста­здар­дың мәр­те­бесін қорға­уға жан­да­рын салып кірі­сер еді. Ал қазір­гі жағ­дай­да дирек­тор­дың тағай­ын­да­луы аудан әкі­мінің қас-қабағы­на бай­ла­ны­сты болып тұрған кез­де олар мұғалім­нің емес, әкім­нің мүд­десін көбірек ойлай­ты­ны айдан анық жағдай… 

Сай­ып кел­ген­де, заң осы жоба­ның негізін­де қабыл­да­на­тын бол­са, ол заң мұғалім­дер­дің мәр­те­бесін қорғай ала­тын қауқар­да бола­ды деп ойлай­сыз ба? 

– Бұл жер­де айта кететін жағ­дай – тәр­би­е­ші, дирек­тор, мұғалім, лого­пед, пси­хо­лог, т.б. педа­гог­тарға теңе­стірілуін көп­шілік қалап отыр. Енді қоғам­да тағы біраз ашық талқы­лап, заң жоба­сын дай­ын­да­у­шы­лар мен депу­тат­тар халы­қ­пен сана­са­тын бол­са, мұғалім­дер өз мәр­те­бе­лерін қорғай ала­ты­ны­на сен­гім келеді…

– Ал бұл заң осы жоба­да қабыл­да­нар бол­са, оны мұғалім­дер қауы­мы орын­да­та ала­ды деп ойлай­сыз ба? Оны орын­да­ту­дың қан­дай мүм­кін­дік­терін айта аласыз?

– Бұл жобаға біраз өзгерістер енгі­зу керек, орыс­ша­дан дұрыс ауда­рыл­май қалған жер­лері бар. Бір жер­де «білім беру ұйы­мы мұғалім­ді сабақ про­цесіне қажет­ті жағ­дай жаса­уға мін­дет­ті» десе, енді бір жерін­де «педа­гог қыз­мет­кер бұл нәр­се­лер­ді өзі алуға мін­дет­ті» дей­ді! Мыса­лы, 7‑бап. «Педа­гог­тың кәсіп­тік қыз­метін қам­та­ма­сыз ету шарттары:

…3. Мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз етуді, оқы­ту және тәр­би­е­леу құрал­да­ры­мен жарақтан­ды­ру­ды ұйым­да­сты­ру білім беру ұйы­мы­на жүк­те­леді; 4. Педа­гогке өз қара­жа­ты есебі­нен оқу-тәр­бие про­цесін қам­та­ма­сыз ету үшін қан­дай да бір тау­ар­лық-мате­ри­ал­дық құн­ды­лы­қтар­ды сатып алу мін­детін жүк­те­у­ге жол беріл­мей­ді; 5. Жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар білім алушы­лар­ды дамы­ту, оқы­ту және тәр­би­е­леу үшін қолай­лы әрі қауіп­сіз жағ­дай­лар­мен қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да қосым­ша шара­лар қабыл­да­уға құқылы». 

Бұл жер­де түсін­бей оты­рға­ны­мыз – білім беру ұйы­мы ол қажет­ті жағ­дай­ды жасай ала ма? Оған жер­гілік­ті бюд­жет­тің шама­сы келе ме? Жоқ әлде рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен бұл салаға арнайы қар­жы бөліне ме? 

Енді мына бап­ты қараңыз: «11-бап. Педа­гог­тың кәсіп­тік қыз­мет­те­гі ака­де­ми­я­лық бостан­ды­қта­ры мен құқықтары 

ПЕДАГОГ:

…12) өзінің кәсіп­тік қыз­метін­де ұйым­да­сты­ру­шы­лық және мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық, оның ішін­де оқы­ту және тәр­би­е­леу құрал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз ету­ге» дей­ді. Бұл жер­де жағ­дай­ы­ң­ды өзің жасап ал деп, педа­го­гқа сіл­теп оты­рған жоқ па?! «Ету­ге» сөзі» «етілу­ге» деп ауы­сты­ры­луы керек. 

Сай­ып кел­ген­де, қабыл­да­нар заң­ды орын­да­та алу – тіке­лей мұғалім­нің өзіне бай­ла­ны­сты. Жер­гілік­ті әкім мен құқық қорғау орган­да­ры­ның қысы­мы­нан жасқан­бай, өзінің мәр­те­бесінің сақта­луын талап ете алса, орын­да­туы мүм­кін. Бірақ мек­теп дирек­тор­ла­ры мен әкім­дер­дің ежел­гі езгісіне қар­сы тұра ала­тын мұғалім­дер өте аз. Бұл ара­дағы жал­пы кінәрат – тұтас сая­си жүй­енің өзге­руіне бай­ла­ны­сты бол­са керек.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет! «Мұғалім­дер мәр­те­бесі тура­лы» заң ұста­здар мүд­десіне сай болуы­на тілектеспіз!

Сырым ДАТОВ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн