Суббота , 5 июля 2025

Баймұрат ЖҰМҒАЙҰЛЫ: «ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ» деген атақ ТҮРМЕДЕН ҚҰТҚАРДЫ

Алма­ты­дағы «Ата­жұрт жаста­ры» қоғам­дық ұйы­мы­ның кең­сесін­де Қытай түр­ме­лерін­де тауқы­мет шек­кен қаза­қтар тура­лы шара­лар күн сай­ын өткізілетіні бел­гілі. Кең­се­ге жиналған қан­дастар әртүр­лі тағ­дыр тауқы­метін шегіп жатқан туы­ста­ры тура­лы жан­ке­шті жағ­дай­лар­ды баян­даған­да, басқа бір Қаза­қстан деген мем­ле­кет­ке тап болған­дай күй кешесіз. 

Қытай қаза­қта­ры­ның мәсе­лесі – «ДАТ»-та үне­мі көтеріліп, жазы­лып жатқан тақы­рып. Деген­мен күр­ме­уі шешіл­мей­тін мәсе­ле тіп­ті шие­ленісіп бара жатқан­дай. Қоғам жетек­шісі, ұлт­жан­ды аза­мат Серік­жан Біләш басқарған аза­мат­тар тобы өз ерік­тері­мен мой­ын­да­ры­на артып алған жау­ап­кер­шілік басқа қаза­қты айна­лып өтпей­тінін жал­пақ елге түсін­ді­ре алмай­тын күй­ге түс­кені­міз де рас. Қазақ деген ұлт­тың тағ­ды­ры – мем­ле­кет­тік мәсе­ленің бірін­ші тақы­ры­бы болуы керек десек, ешкім де жаңа­лық ашып отыр демес. Кеңес зама­нын­дағы кең­шар­лар­да мал­шы бай­ғұс бір басты жоғалт­са, не бол­ма­са өлтіріп алса, өкі­мет жем­тік­тің басын көр­се­туді сұрап, талай шопан­ның екі аяғын бір етік­ке тыға­ты­нын көр­ген едік. Бұл қазақ жоғалған малын да іздей­ді: ал мың­даған қазақ жоға­лып, із-түз­сіз және жазы­қ­сыз қытай түр­ме­леріне қама­лып жатқан­да, олар­ды неге ізде­мес­ке, неге бей­күнә тағ­дыр­ларға ара­ша түспеске?! 

Бүгін­гі заман­да қазақ деген ұлт топ-тобы­ры­мен түр­ме­де тоғы­ты­лып, қуғы­нға түсіп жат­са да, олар­ды іздей­тін бас иесі бол­маған соң, әркім өз біл­генін­ше қауһар қылып, жоғалған ада­мы­на сұрау салып, осы «Ата­жұрт жаста­ры­ның» табал­ды­ры­ғын тозды­ру­да. Бұл тақы­рып әле­умет­тік желі­де қызу талқы­ға түсіп жатыр, бірақ ресми мем­ле­кет­тік дең­гей­де өз баға­сын ала алмай тұр. Әрине, екі ел ара­сын­дағы жағ­дай дипло­ма­ти­я­лық жол­мен шешілетінін екінің бірі біледі. Оңай шаруа емес екені анық, бірақ уақыт өткен сай­ын қаза­ғың қина­лып жат­са, қол қусы­рып қарап оты­рған­нан басқа амал жоқ па? 

Ешкім­ге қол жай­май, ешкім­ді мін­дет­те­мей-ақ, «Ата­жұрт жаста­ры» ары­зда­нып кел­ген қаза­қтар­дың мәсе­лесін жал­пақ әлем­ге жари­я­лап, әшке­ре етіп жатыр. Біз барған күні «Foreing folisy», «New York times», «Washington post» газетінің тіл­шілері әрбір ары­зда­ну­шы­дан жеке-жеке сұх­бат алып жатыр екен. Бұған дей­ін Фран­ция, Гер­ма­ния, Бель­ги­ядан арнайы кел­ген жур­на­ли­стер­дің қаза­қтар шек­кен азап тура­лы мате­ри­ал­да­ры, Қытай түр­месін­де­гі сұм­ды­қтар дәлел­ді деректер­мен түзіп, ғалам­тор бетін­де жария болып жатыр. 

Айтпақ­шы, осы мәсе­ленің халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі декла­ра­ция арқы­лы шешілетін жағы да бар. 1948 жылы Пари­жде БҰҰ-ның Бас ассам­бле­я­сын­да Адам құқы­қта­ры­ның жал­пы­ға бір­дей декла­ра­ци­я­сы қабыл­да­нып, онда бар­лық мем­ле­кет­тер құжат талап­та­рын орын­да­уға тиіс болуы қадаға­лап жазы­лған. Декла­ра­ция 500 тіл­ге ауда­ры­лып­ты. Билік­тің Декла­ра­ци­ядағы 13 және 14-бабын­да көр­сетіл­ген құқы­қтар­ды дұрыс қорға­май жатқа­ны тура­лы ақпа­рат­тар­ды да шетел­дік сарап­шы­лар көз­ге шұқы­ған­дай етіп, жазып жатыр. Бұл бап­тар­да «әр адам­ның кез кел­ген мем­ле­кет­тен кетуіне (соның ішін­де өз мем­ле­кеті де бар) және өз еліне ора­луы­на құқы­ғы бар» екені және «өзге мем­ле­кет­тер­де қуда­ланған­ды­қтан, өз елі­нен бас­па­на сұра­уға және сол бас­па­на­ны пай­да­ла­нуға құқы­ғы бар» екені айты­лған. Оған пысқы­рып оты­рған ақор­да­лық билік қайсы? 

Шың­жаң­да қазақ, ұйғыр, қырғыз, татар, дүң­ген ұлт­та­ры­на қысым жасау тура­лы деректер 2017 жыл­дың сәуірі­нен бастал­ды. Сол кез­де Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі Қытай­да қамауда оты­рған қаза­қтар­дың туы­ста­ры­нан 915 өтініш түс­кені, 2018 жыл­дың басы­нан бері Қытай тара­пы екі мың­нан астам қаза­қтың Қытай аумағы­нан кетуіне рұқ­сат бер­гені, соны­мен бір­ге Қытай­да қос аза­мат­ты­ғы үшін күдік­ті сана­лып, ұсталған 29 қаза­қстан­ды­қтың 15‑і бостан­ды­ққа шыққа­ны тура­лы ресми хабар­лаған еді. 

Ал Human Rights Watch (HRW) халы­қа­ра­лық ұйы­мы өткен күз­де жари­я­лаған арнайы есебін­де Қытай­дағы лагерь­лер мен түр­ме­лер­де­гі адам төз­гісіз жағ­дай­ды жапанға жария етті. Қытай билі­гінің іс-әре­кетін сынап, Пекин­нен осы лагерь­лер­де қамауда оты­рған­дар­ды боса­ту­ды талап еткен HRW ұйы­мы «Аста­на Қытай­дан бас­па­на іздеп кел­ген аза­мат­тар­ды кері қай­тар­май, көшіп кел­ген этни­ка­лық қаза­қтарға аза­мат­тық беру мәсе­лесін кешік­тір­меу керек», – деп кеңес те бер­гені­нен хабардармыз.

Қытай билі­гі бол­са, «сая­си үйре­ну орта­лы­ғы – аз ұлт­тар­ды азаптау орны» деген айып­та­у­лар­ды мой­ын­да­май жатқан жайы бар. Қытай­дың адам құқы­ғы бюро­сы­ның өкілі Ли Сяоц­зюнь 2018 жылы қыр­күй­ек­те Reuters агент­ті­гіне бер­ген сұх­ба­тын­да: «Орта­лы­қтар­да еш қысым жоқ. Кәсі­би білік­тілік­терін шың­дап, тре­нинг­тер­ден өте­ді. Кей­ін жақ­сы жұмыс тауып, негіз­гі заң­да­ры­мы­зды үйреніп шыға­ды», – деп мәлімдеген. 

Былты­рғы жыл­дың соңын­да Қытай билі­гі Шың­жаңға 12 елдің дипло­ма­тын шақы­рып, сая­си тәр­би­е­леу орта­лы­ғын көр­сет­кен. Лагерь­лер­ді ара­лаған дипло­мат­тар ондағы жағ­дай­ды мақтаған. Үйре­ну лагерь­лерін­де ән салып, би билеп, көңіл­дері шат-шады­мен болып жүр­ген­дер­ді көр­сетіп, көз­бо­я­у­шы­лық жасап, дүй­ім елді алда­мақ болған әре­кет­теріне әлгі дипло­мат­тар иланға­ны анық. Қытай билі­гі олар­ды түр­лі кәсіп­ке бау­ли­тын орын­дар деп көр­сетіп келеді. Қытай мем­ле­кет­тік ақпа­рат құрал­да­ры­ның жазуын­ша, мұн­дай орта­лы­қтар «ради­кал­ды діни ағым­дар­дың жете­гіне ілін­ген аза­мат­тар­ды түзеп, қоға­мға қай­та қосу” мақ­са­ты­мен ашы­лған деседі. Үйре­ну лагерін­де­гі шын­ды­қты көзі­мен көр­ген қаза­қтар ғана жеке­ле­ген дерекпен «Ата­жұрт жаста­ры» ұйы­мы арқы­лы әшке­ре етуде. 

Айт­пақ­шы, біз есті­сек те, есті­мей оты­рған­дай болып, қан­дастар мәсе­лесінің біз­ге қаты­сы жоқ деп, сырт­тан бақы­лап жүр­ген­де, қаңтар­дың 17-сі күні Біш­кек­те митинг­ке шыққан халық билік­тен этни­ка­лық қырғы­здар­дан басқа­ларға аза­мат­тық беруді тоқта­ту­ды талап етті. Соны­мен қатар олар билік өкіл­дерінің халы­ққа шығып, талап­та­рын тың­дап, сұрақтарға жау­ап беруін сұра­уда. Олар Қытай­да этни­ка­лық қырғы­здар­дың лагерь­лер­ге қама­лып жатқа­ны­на нара­зы. Соңғы екі апта­да Қырғыз­стан­да антиқы­тай­лық 3 митинг өтіп­ті. Тағы да қырғы­здар­дан қалып қой­ған бүгін­гі күн­нің жал­пы сипа­ты осы. 

Қытай­ға барып, кері қай­та алмай қалған қаза­қтар­дың ара­сын­да Қаза­қстан­нан ықти­яр­хат алып, Қытай аза­мат­ты­ғы­нан шық­паған­дар да бар. Кей­бірі Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алып, Қытай төлқұ­жа­тын өткіз­бе­ген. Қаза­қстан­нан Қытай­ға барған соң, кері қай­туы қиын­даған. Осы жағ­дай­ды басы­нан өткіз­ген Қаза­қстан аза­ма­ты, Шың­жаң өлкесі Сан­жы облы­сы Шон­жы ауда­нын­дағы сая­си тәр­би­е­леу орта­лы­ғын­да бір жарым жыл поли­ция көмек­шісі болып жұмыс істе­ген Бай­мұрат ЖҰМҒАЙҰЛЫНЫҢ көр­ген-біл­ген­дері тура­лы өз аузы­нан есті­ген­ді жөн көрдік. 

Бай­мұрат, өзіңіз Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алған соң, Қытай­ға кері барып, қиын-қыстау күн­дер­ге қалай тап болдыңыз? 

– Мен әуел­де Қытай­да тудым, сол жер­де­гі мек­теп­те білім алдым. Ата­ме­кен­ге 2009 жылы бет алып, 2010 жылы отба­сым­ды көшіріп әкеп, әйелім, балам үше­уміз қазақ елінің аза­мат­ты­ғын алдық. Елі­міз­ге кел­ген­де, екін­ші бала­мыз дүни­е­ге кел­ді. Осы балам­ның аяғы кемістеу туып, ем-дом­ды қажет етті. Жас­пыз, жылап-еңіреп, ама­лы­мыз тау­сы­лып, Қытай­ға барып емде­ту­ге бел будық. 

Өйт­кені туған-туы­стар­дың бәрі сол жақта, көмек­тесіп, қол ұшын беретін ағай­ын­дар да бар­шы­лық. Қытай­ға бара­тын виза­мы­зды 2013 жылы ашты­рып, отба­сы­мы­з­бен жолға шықтық. Ол жаққа Қаза­қстан­ның бел бала­сы, аза­ма­ты ретін­де көгіл­дір тудың, көк пас­порт­тың буы­мен еңсе­мізді көтеріп, мақта­ны­шпен бар­дық. Балам­ды емде­ту үшін екі жыл уақыт керек екен.

– Ал енді содан бері 6 жыл айна­лып қалға­ны­ңыз қалай бол­ды? Екі жыл­дан соң қай­туға мүм­кін­дік бол­ма­ды ма?

– Енді ойлап кет­сем, өкі­нем… Туы­стар бол­са, «Қаза­қстанға өздерің ғана көшіп кет­тің­дер, мына жақтағы қалың туы­стан алы­ста­ды­ң­дар, тым бол­ма­са балаң­ды емде­ту­ге көмек­те­сей­ік, орта­мы­зда болы­ң­дар» десті. Бала­мы­зды емдетіп, өзі­міз де жұмыс істеп жүріп қал­дық. Сөй­тіп жүр­ген­де, қаза­қстан­дық көк пас­порт­тың уақы­ты түгесі­ле баста­ды, сол себеп­пен жер­гілік­ті жер­де­гі – Сан­жы­дағы пас­порт бөлі­міне бар­дық. Сөйт­сек, менің кезін­де­гі тір­ке­уім сақта­лып қалған екен. Сан­жы облы­стық көші-қон поли­ци­я­сы­на барып, шетел аза­ма­ты екенім­ді, балам толық сауы­ғып кетуі үшін, ұзақ уақыт Қытай­да қалу керекті­гін айт­тым. Олар «сен Қытай­дың аза­мат­ты­ғы­нан әлі шыққан жоқ­сың, сон­ды­қтан Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын аны­қтай­тын құжа­ты­ң­ды осын­да өткіз де, елде тұра бер» деді. Қос аза­мат­ты­қ­пен жүр­генім­ді сол кез­де ғана біл­дім. Себебі Қытай­дағы тір­ке­уім жой­ыл­маған екен, ал мен бол­сам, басқа елдің аза­мат­ты­ғын алған адам авто­мат­ты түр­де аза­мат­ты­қтан шыға­ды деп ойлаған едім.

– Қаза­қстан­ның төлқұ­жа­тын бер­ме­у­ге бол­ма­ды ма? Олар­дың басқа елдің құжа­тын алуға қақы­сы жоқ еді ғой…

– Соны айты­ңыз­шы, жастық па, заң­ды­лық тәр­тібін біл­ме­стік пе, ештеңенің де бай­ы­бы­на бар­май, бала­мы­зды емде­туді ғана ойлап, бәрін де құп көр­дік. Сол куәлік­пен жұмысқа тұрып, күн­көріс қамын жаса­дық. Отба­сын асы­ра­уым керек, «екі қолға – бір күрек» деп, тір­лік етіп, көше­де жеміс-жидек сат­тым. Сол екі ара­да үш-төрт жыл өтіп, 2016 жылы Сан­жы ауда­нын­да ауыс-түй­іс, өзгеріс болып жат­ты. Орта мек­теп бітір­ген­дер­ді кәсіп­ке бағыт­тай­тын оқу орны ашы­лып жатыр деген­ді естіп, құжат­та­рым­ды өткіздім. Алға­шын­да, 35 жастан кей­ін қабыл­да­май­мыз деп еді, кей­ін­нен 40 жасқа дей­ін­гілер­ге де рұқ­сат етіп­ті. Бер­тін­де қатар­дағы қара­пай­ым аза­мат­тар­ды жап­пай сақ­шы­лы­ққа қабыл­дап жатқа­нын естіп, осы жұмысқа кіру жөнін­де өтініш жаз­дым. Кей­ін өтіні­шім қабыл­да­нып, қытай­лар­дың «кәсіп­ке бау­лу орта­лы­ғы­на» оқуға кірдім. 

– Ол «орта­лық» қан­дай кәсіп­ке бау­ли­ды екен?

– «Оқу-ағар­ту мек­тебі» деп ата­ла­ды. Оқуға кіре сала күн-түні сая­си ұран­дар­ды жат­татқы­за­ды. Одан басқа кәсіп­ті үйре­тер түр­лері бай­қал­ма­ды. Аудан орта­лы­ғын­да сақ­шы (поли­ция) көлік­тері қап­тап, әрбір 300 метр жер­ге сақ­шы пункт­тері салын­ды. Жүр­ген адам­дар­дың бар­лы­ғын аппа­рат, каме­ра арқы­лы бақы­лап оты­ра­ды. Аттап басқан сай­ын салы­нған сақ­шы кең­се­леріне бейне-бақы­лау каме­ра­ла­ры, көшенің бұрыш-бұры­шы­на каме­ра орна­тыл­ды. Басты­ғы­мыз күн сай­ын жина­лыс ашып, тәр­тіп­ті қатай­та баста­ды. Іші­міз­ден «бұлар неме­не­ге дай­ын­да­лып жатыр» деп күдік­тене бастадық. 

Әр сақ­шы­ның қолын­да бақы­лау аппа­ра­ты бола­ды. Күдік­ті адам­ның жеке куәлі­гі мен теле­фо­нын сол аппа­рат­тан өткіз­ген кез­де оның ішін­де­гі бар­лық сурет­тер мен жазу­лар шығып тұра­ды. Ұйқы-күл­кі жоқ, бізді сақ­шы­ның көмек­шісі етіп, жұмысқа шек­ті. «Бұдан көкөніс сатқа­ным артық еді, қай­дан ғана тап бол­дым, шығып кет­сем бе екен» десем, білетін­дер: «Бір кір­ген­нен кей­ін құты­луың қиын», – деді. Бір қызы­ғар­лы­ғы – айлық жалақы­сы тәуір болды. 

Жер­гілік­ті қаза­қтар сырт­тан, әсіре­се Қаза­қстан­нан кел­ген адам­дар­мен сөй­ле­су­ден қорқып, «пәлесі тимесін» деп, бір-бірі­нен қашып жүреді. Артық ауыс сөз сөй­ле­мей­ді. Бір күн бол­са да жарық дүниені көр­гісі кел­ген адам­дар «бәрі дұрыс сая­сат» деп айта­ды. Өйт­кені олар­ды «бара­тын жерің – анау» деп, орта­лы­қтар­ды мең­зеп қорқытады.

Ұсталған адам­дар­ды қай­да апа­ра­ты­нын, қалай қамай­ты­нын біл­діңіз бе?

– Біл­дік. Шон­жы ауда­нын­да төрт «сая­си тәр­би­е­леу орта­лы­ғы» бар.Шыңжаң билі­гі Шон­жы­дағы қазақ орта мек­тебін «сая­си тәр­би­е­леу орта­лы­ғы­на» айнал­дыр­ды. Ең үлкен орта­лық осы мек­теп ғима­ра­тын­да бол­ды. Шама­мен 600 адам бар деп естідік. Мол­да­ларға арнайы орта­лық жасақтап­ты. Үшін­шісі «үлкен түр­ме» деп ата­ла­ды. Төр­тін­шісі – ақыл-есі кем жан­дарға арналған орта­лық. «Сая­си үйре­ну орта­лы­ғын­да» 13 жастан 80 жасқа дей­ін­гі адам­дар бар. Таңер­тең­нен кеш­ке дей­ін оқытады.

Орта мек­теп­ті жан-жағы­нан темір сым­мен қор­шап, тоқ өткізіп, бақы­лау каме­ра­ла­рын төрт бұры­шы­на орна­тып, түр­ме­ге айнал­дыр­ды. Бір кезек­шілік­те осы мек­теп­тің аула­сы­на үңілу­ге мүм­кін­дік бол­ды: іші толған адам, таны­ста­рым­ды көріп, көзім аты­здай бол­ды. Сөй­ле­су­ге дәр­мен жоқ, жан-жағы­мыз толған каме­ра, ады­мы­ң­ды аңдиды. 

Жағ­дай 2017 жылы тіп­ті ушы­қты. Таңер­тең алаңға ту шыға­ра­ды, сол жер­ге келіп, серт беріп, сая­си ұран айтуға қаты­спаған­дар қара тізім­ге ілі­неді. Екі аудан да тір­келіп, мәсе­лен, Тұр­фан мен Сан­жы­да жұмыс істе­ген­дер, мешіт­ке барған­дар, шетел­мен бай­ла­ны­сы бар­лар (теле­фон арқы­лы сөй­лес­кен­дер, хат жазған­дар) ұсталды.Лагерьлерде ғана емес, ауыл­дар­да да күн­делік­ті кеш­ке үйре­ну сабақта­ры өте­ді. Сабаққа 13 пен 60 жас ара­лы­ғын­дағы тұрғын­дар түгел қаты­са­ды. Апта­сы­на ауыл­дар­да бір рет ту көтеріліп, Қытай еліне және басқа­ру­шы пар­ти­яға мадақ айтылады.

– Ал түр­менің ішін­де­гі жағ­дай­ды өз көзіңіз­бен көр­діңіз бе? 

– Жоқ. Түр­менің ішін көр­ген жоқ­пын, сабақ беру­ге барып кел­ген­дер көр­генін айта алмай, үйіне кел­ген­де, есі ауып, мәң­гіріп оты­ра­ты­нын көрдік. 

– Өзіңіз сақ­шы­ның көмек­шісі ретін­де «кінәлі адам­дар­ды» ұста­уға қаты­сты­ңыз ба? 

– Тіке­лей өз тара­пым­нан қаты­сым болған жоқ. Жап­пай тек­серіс кезін­де менің мін­детім – көше­де кетіп бара жатқан адам­ды, көлік­ті тоқта­тып, құжат­та­рын тек­се­ру. Егер құжа­тын­да қан­дай да бір сәй­кест­ік бол­ма­са, жау­ап­ты сақ­шы­лар­ды шақы­рып, «күдік­ті» деген­дер­ді қытай сақ­шы­ла­ры­на табыст­ау керек бол­ды. Кей­ін­нен имам-мол­да­лар­ды, олар­дың тағы басқа таныс-туы­ста­рын ұстап әкетіп­ті деп ести­тін бол­дық. Көбі­не­се ұйғыр ұлты­ның аза­мат­та­ры ұсталға­нын естідім. Қыстақта тұра­тын қара­пай­ым шару­а­лар «тудың көтерілуіне» кел­меді деген желе­умен ұста­лып, топыр­ла­та қамал­ды. Үй бетін көр­мей­міз, сақ­шы­ның кең­сесін­де түней­міз, әйте­уір айлы­ғы­мы­зды уақы­тын­да береді. «Сая­си тәр­би­е­леу орта­лы­ғы­на» бара­тын адам­дар­ды жер­гілік­ті әкім­шілік пен поли­ция өкіл­дері тізім­деп, құжат­та­рын облы­стық, қала­лық басқа­ру меке­ме­леріне жібе­реді. Құжатқа олар­дың сөй­ле­ген сөзі мен теле­фо­ны­нан табы­лған сурет­терін тіркейді. 

Енді­гі кезек­те 2018 жылы бәрі­міздің пас­пор­ты­мы­зды жинау науқа­ны бастал­ды. Мен 2013 жылы кел­ген кез­де Қаза­қстан­ның көк пас­пор­тын алып алған­да­рын айт­сам, «заң­ды бұз­дың, еліңе қайт­паған екен­сің, енді сен де үйре­ну­ге кіресің» деп, төбем­нен жай түсір­ді. Екі аяғым­нан әл кет­кен­дей күй кештім. Ертеңіне есім­ді жиып, «ден­са­улы­ғы­ма бай­ла­ны­ста бір ай дема­лы­сқа шыға­ты­ным­ды» айтып, жұмыстан кет­тім. Қай­тып келем деп қойдым. 

Содан жанұ­шы­ра жүгіріп, пас­пор­тым­ды өткіз­ген меке­ме­ге жет­тім. Олар бол­са, бет қарат­пай­ды, заң­ды бұз­дың деп, жел­ке­леп тұрып, кең­се­ден шыға­рып жібер­ді. Амал жоқ, не істерім­ді біл­мей дал бол­дым. Жана­шыр бір ағай­ын Қаза­қстан­ның Үрім­жі­де­гі кон­сулы­на бар деп кеңес бер­ді. Жағ­дай­ым­ды айтып, кон­сулға да жет­тім. Қолым­да бір­де-бір құжат жоқ, көк пас­пор­тым­ды Сан­жы­ның пас­порт үстелі алып алған, қуғын-сүр­гін басталған кез­де қолым­да бар жеке куәлік, ИИН», т.б. құжат­та­ры­мы­зды жоюға тура кел­ген еді. Енді қайт­тім деп ама­лым тау­сыл­ды. Кон­сул­дық қыз­мет­кер­лері «Қаза­қстан аза­ма­ты екеніңізді аны­қтай­тын қан­дай да бір құжат бол­са, көмек­те­се­міз, қоры­қ­паңыз» деп, дем бер­ді. Сол сөзді еті­ген кез­де әйелі­міз еке­уміз қосы­ла жылап жібер­дік. Үміт үзіл­се, еке­уміздің алды­мы­здағы екі таң­да­удың бірі – түр­ме­ге түсу қау­пі тұр­ды. Екі бала­мы­зды туы­старға табыст­ап, қамауға түс­сек, қашан шыға­ты­ны­мы­зды бір Құдай білсін?! 

– Ал енді Қаза­қстанға кері қай­ту­дың сәті қалай туды? 

– Ішкер­тін жақта оқи­тын сту­дент-туы­ста­ры­мы­зға хабар­ла­сып, Қаза­қстан­нан аза­мат­ты­ғы­мы­зға қаты­сты қан­дай да бір құжат алғы­зып беру­лерін өтін­дік. Олар да тез­детіп, «ИИН» нөмір­лері­мізді алғы­зып бер­ді. Кон­сул­дық осы нөмір арқы­лы Қаза­қстанға қай­та сұрау салып, аза­мат­ты­ғы­мы­зды аны­қта­ды. Сол ара­да біраз уақыт өтті, сарғай­ған таң­ды күзетіп, күн санап, «шық­па, жаным, шық­па» деп жүр­дік. Бір айдың ішін­де кон­сул­ды­қтан хабар жетіп, «елге қай­та­сы­ң­дар» деді. Сол қуа­ны­шы­мы­зды айтып жет­кі­зе алмай­мын! Бағы­ма қарай, Қытай тара­пы да өздері бер­ген жеке куәлік­тің тір­ке­уін доға­рып, күшін жой­ған екен. Бірақ сон­да да бол­са, тас­ке­не­ше жабы­са кете­ді емес пе: «Қай­та­дан тір­келіп, қытай­лық куәлік­ті ала­сы­ң­дар, содан кей­ін Қаза­қстанға бара­тын виза аша­мыз», – деп, сиы­рқұй­ым­шақтат­ты. Ол әркет­терінің артын­да тағы бір жымысқы қулық бар екенін ішім сезді. Тір­кел­ген бет­те үйре­ну лагеріне әке­тетіні бел­гілі. «Кезін­де біл­меп­пін, балам­ды емде­тем деп, құжа­тым­ның заң­ды­лық тұсын ескер­меп­пін» – деп, әрең құтылдым. 

Бір апта өткен соң, әлгі жер­ге қай­та бар­сам, Қаза­қстан­ның құжа­ты­мен виза ашуға келісіп, рұқ­сат бер­ді. Виза­мы­зды алған күні Қорғасқа тарт­тық. Бұл жер­де де қатаң тек­се­ру­ден өтіп, 2018 жылы тамыз айын­да елге жет­тім. Шека­ра­дан өткен­ше, жаны­мыз мұр­ны­мы­здың ұшын­да тұрды. 

– Аман-есен елге оралға­ны­ңыз ана­дан қай­та туға­ны­ңы­здай болған екен… 

– Айтып жет­кі­зе алмас­пын! Мені елге тар­тқан көк туы­мы­здың, көк пас­пор­тым­ның киесі ғой! Мен сияқты талай қазақ ата­жұр­тқа жете алмай, зары­ғып жүр. Енді мені қорғай­тын елім бар, заң бар, соған шүкір­лік ете­мін! Бір балам Қаза­қстан­да туған, сол пері­ш­тем­нің арқа­сы ғой деп қоямын. 

– Елге кел­ген соң, арғы бет­тен ескер­ту жасаған­дар бол­ды ма? 

– Соңғы бір он күн­нің ішін­де «Ата­жұрт жаста­ры» қоға­мы арқы­лы халы­қа­ра­лық, оның ішін­де аме­ри­ка­лық «Foreing folisy», «New York times», «Washington post» басы­лым­да­ры­на сұх­бат бер­ген­нен кей­ін, Қытай­да қалған туы­ста­ры­ма ескер­ту жаса­лып­ты: «Аяғын аңдап бас­сын, қай жер­де жүр­се, сол жер­ден алып кете­міз» деп сәлем жол­дап­ты. Әрине, ішкі дүни­ем­де­гі қорқы­ны­штың бары рас, ол – қытай жақтан келетін қауіп. Бірақ ондай қоқан-лоққы­дан неге қорқуым керек, өйт­кені мені қорғай­тын елім бар, көк туым – панам! Ел пре­зи­ден­ті өз қаза­ғын жылат­пас деп ойлаймын. 

– Енде­ше еліңізді тапқан қуа­ны­шы­ңыз құт­ты бол­сын! Аман-сау болыңыз! 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Республиканский еженедельник онлайн