Суббота , 5 июля 2025

Менің ағам НЕ ҮШІН сотталды?

Бұдан бұрын бел­гілі болған­дай, Аты­рау облы­стық қыл­мыстық істер жөнін­де­гі маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық соты облы­стың экс-әкі­мі Бер­гей РЫСҚАЛИЕВҚА, оның інісі Аман­жан Рысқа­лиға, күй­еу бала­сы Рүстем Әлбақа­со­вқа және тағы 5 айып­та­лушы­ға қаты­сты қыл­мыстық іс бой­ын­ша үкім шығар­ды. Ескер­те кетей­ік, айып­та­лушы­лар­дың елде жоқ болуы­на бай­ла­ны­сты оларға мем­ле­кет тара­пы­нан адво­кат­тар тағай­ын­да­лып, іс сот­та сырт­тай қаралды.

Сот Бер­гей Рысқа­ли­ев­ты ең жоғарғы қауіп­сіздік түр­месіне 17 жылға қамауға үкім шығар­ды. Сол сияқты сот Аман­жан Рысқа­ли мен Рүстем Әлбақа­со­вты 16 жылға, Айбат Сүлей­ме­нов, Ербо­лат Ізба­сар мен Нұр­лан Жұл­мағам­бе­то­вты – 9, Мұрат Жел­ді­ба­ев­ты – 8, Артем Дане­ви­чті 6 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру жаза­сын кесті. Үкім­де бұл жаза­лар­мен қатар, бар­лы­ғы­ның мүлік­терін тәр­кілеу тала­бы көр­сетіл­ген. Жаза мерзі­мі әрқай­сысы­ның нақты ұсталған күні­нен басталады.

Төмен­де біз Бер­гей Рысқа­ли­евқа қаты­сты «Ақ Жай­ық» газетін­де жари­я­ланған оның қарын­да­сы­ның мақа­ла­сын ықшам­дап көшіріп басып отырмыз.

Бел­гілі бір адам­дар­дың тап­сы­ры­сы бой­ын­ша Бер­гей Рысқа­ли­ев­тың беделін түсі­ру мақ­са­тын­да ұйым­да­сты­ры­лған науқан басталған кез­де бес жыл бұрын әпкем Гүл­сім «Ақ Жай­ық» газетінің редак­ци­я­сы­на хат жол­дап («Менің інім Бер­гей»), онда ағам Бер­гей Рысқа­ли­ев­тың көп­шілік­ке бей­мәлім өмір­ба­я­ны­нан сыр шер­тіп, оның билік­ке кел­ген­ге дей­ін табысты биз­нес­мен болға­нын, өз ісін ашып, зауыт­тар мен кәсі­по­рын­дар салға­нын, мың­даған ада­мға жұмыс бер­генін әңгі­ме­ле­ген еді.

Бүгін­де Бер­гей Рысқа­ли­ев­тың қан­дай әкім болға­нын тағы да еске салғым келеді. Оның есі­мін, жасаған еңбек­терін, қан­дай басқа­ру­шы болға­нын нелік­тен сон­дай ыждағат­ты­лы­қ­пен өшіріп тастағы­сы келеді? Нелік­тен оның халық алдын­дағы еңбе­гін аяққа тап­та­уға тыры­са­ды? Оның еңбекқор­лы­ғы, адал ниеті және халық игілі­гі үшін қол­данған зама­на­уи басқа­ру әдістері тұрғы­сы­нан тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның қай әкі­мі оны­мен теңе­се алады?

Қарын­да­сы болған соң, аға­сын қорғай­ды ғой деген уәж­дің туын­да­ры сөз­сіз. Мен сіз­дер­ге облы­сы­мы­здың қалай көр­кей­геніне куә болған қара­пай­ым аза­мат ретін­де үн қосып отырмын.

Баз­біре­улер әкім­ді неме­се шене­унік­тер­ді мақта­удың қажеті қан­ша, бұл олар­дың жұмысы ғой дей­ді. Міне, мәсе­ле осын­да: өңір­ді гүл­ден­ді­ру үшін бұл жұмысты қалай ұйым­да­сты­ра білу керек?

Иә, ол бәрін өз ақша­сы­на жасаған жоқ, бәрі бюд­жет қара­жа­ты есебі­нен салын­ды. Қар­жы­ны қалай табу керекті­гін, кәсі­би маман­дар тобын қалай бірік­тіруді, жұмысты қалай ұйым­да­сты­рып, қалай жолға қою керекті­гін түсініп, ұғы­на­тын­дар аз. Әкім бүкіл жоба­лар мен халық алдын­дағы мін­дет­те­ме­лер­дің уақы­тын­да орын­да­луын, сапа­лы әрі адал салы­нуын – бәрін бақы­ла­уда ұста­уға мін­дет­ті. Оған қоса жоба­лар­дың қар­жы­лан­ды­ры­луын үкі­мет алдын­да қорғай білуі керек.

Саясат­пен айна­лы­спай­мын, бірақ оның бес жыл ішін­де Аты­рау облы­сы­ның бюд­жетін үш есе­ге көбейт­кенін ұмы­тқан жоқ­пын. Ал сол кез­де 2007 жылы әлем­де дағ­да­рыс баста­лып, жер жүзінің одан 2010 жыл­дың аяғы­на дей­ін ес жия алмаға­ны естеріңіз­де шығар. Ол кез­де энер­гия ресур­ста­ры­ның, мұнай мен газ­дың, метал­дар­дың және т.б. баға­ла­ры құл­ды­рап кетті. 

Ста­ти­сти­ка­лық мәлі­мет­тер­ге күмән­мен қарай­тын бол­сам да, ағам бас­шы­лық еткен 6 жыл ішін­де облы­сы­мыз Қаза­қстан­да әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кі­ш­тер бой­ын­ша 4 жыл 1‑орында және 2 жыл 2‑орында болға­нын атап өткім келеді. Аты­рау қала­сы 2014 жылы Қаза­қстан­дағы ең үздік әрі өмір сүру­ге ең қолай­лы қала деп тек­ке таң­дал­маған шығар. Сол кез­де ел-жұрт «бұл Бер­гей­дің еңбе­гі ғой» дескен еді.

  • Ағам қуғы­нға ұшы­раған кез­де жалын­дап тұрған басқа­ру­шы­ны оп-оңай-ақ бос сан­да­лып, бюд­жет­ті жымқы­рған жемқор қыла қой­ды. Ағам­ның биз­не­стен билік­ке табысты әрі ауқат­ты адам болып кел­генін айтуға бәрі қорқа­ды. Қазір Рысқа­ли­ев­тың қан­дай мықты іскер болға­нын, оның тұсын­да қан­ша­ма нысан­дар салы­нға­нын еш жер­де ресми түр­де айтуға бол­май­ды, жасы­рын тый­ым салынған. 

Мың­даған жоба­лар­дың, әле­умет­тік және инфрақұры­лым­дық нысан­дар­дың дер кезін­де пай­да­ла­нуға беріл­гені есі­міз­де, қазір халық осы­лар­дың игілі­гін көру­де. Өйт­кені сол жыл­да­ры бүкіл Аты­рау облы­сы­ның ірі құры­лыс алаңы­на айналға­ны, жұмыстар­дың қызып, облыс орта­лы­ғы­ның көр­кей­гені бар­ша жан­ның есінде. 

Осын­дай жұмыс режи­мі мен жұмыс ауқы­мы кезін­де әлдебір қателік­тер мен жаңы­лы­су­лар болған шығар. Бірақ олар­дың қыл­мыстық санат­та еме­сті­гіне нық сенім­ді­мін. Ештеңе жаса­май­тын адам ғана қате­ле­с­пей­ді ғой!

Бүгін­гі таң­да шама­мен 70 мың­дай адам өмір сүріп жатқан әле­умет­тік арзан және басқа да тұрғын үйлер салы­нған «Нұр­сая», «Алма­гүл» ықша­мауда­ны­ның бір бөлі­гі және басқа шағын ықша­маудан­дар ол әкім­дік еткен тұста бой көтер­ді. Қала тұрғын­да­ры­ның саны үштен бір есе­ге көбейді.

Қазір Рысқа­ли­ев­тың тұсын­да көп­те­ген жоба­лар­дың құны тым қым­бат және әсі­ре көтеріңкі бол­ды, бәрі қалай бол­са – солай, сапа­сыз салы­нған, құлап жатыр, тала­пай­ға түсті деп айты­лып жүр. Ең бол­ма­са, жұмыс істе­мей тұрған бір нысан­ды, құры­ған­да, бос тұрған бір пәтер­ді көр­сетіңіз­ші. Ал ондай жоқ.

Мек­теп­тер­дің, емха­на­лар мен бала­бақ­ша­лар­дың бұл жоба­ла­ры – Қаза­қстан бой­ын­ша үкі­мет ұсы­нған тип­тік жоба­лар, баға­сы бар­лық жер­де бір­дей. Осын­дай ғима­рат­тар Аста­на­да да, Алма­ты­да да неме­се Ақтау қала­ла­рын­да да салын­ды. Жай ғана олар­дың құнын салы­сты­рып, айыр­ма­шы­лы­қтың бар-жоғы­на көз жет­кізу­ге болады.

Шетел­дік және ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың есебі­нен салы­нған және салы­нып жатқан осы­ған ұқсас жоба­лар­дың құны бір­не­ше есе қым­бат. Мыса­лы, «Аван­гард» ықша­мауда­нын­дағы №3 мек­теп­ке шетел­дік ком­па­ния 950 млн тең­ге­ге күр­делі жөн­деу жүр­гізді, алай­да Бер­гей­дің тұсын­да мұн­дай сомаға облы­стық бюд­жет осын­дай екі мек­теп салған еді.

Облыс бюд­жетін­де­гі бар­лық ірі нысан­дар­дың жоба­лау-сме­та­лық құжат­та­ма қоры­тын­ды­ла­рын рес­пуб­ли­ка­лық мем­са­рап­та­ма орга­ны бекіт­кен. Ал шағын жоба­лар олар­дың мақұл­да­уы­нан өте­ді. Көріп оты­рға­ны­ңы­здай, жоба­лар­дың бар­лы­ғы жоғарғы саты­дағы орган­дар­мен келісіл­ген және әкім­дік тара­пы­нан ешқан­дай өз бетін­ше әре­кет болмаған. 

Басқа облы­старға қараған­да, Аты­ра­уда құры­лы­стың 35–40 пай­ы­зға қым­батқа шыға­ты­нын атап өткен жөн. Өйт­кені біздің облы­сы­мы­зға құры­лыс топы­рағы, қиыр­шық тасқа дей­ін бәрі сырт­тан әкелі­неді. Осы­ған қара­ма­стан әкім­дік­тің күші­мен құры­лыс­шы­лар сол бағаға келісіп, салып берді.

Иә, жыл­дар өткен соң, кей­бір үйлер ажар­сыз кей­іп­ке еніп, ком­му­нал­дық про­бле­ма­лар пай­да бол­ды, кей­бір үйлер­дің лиф­тілері жаса­май­ды, т.б. Бірақ бұл Б. Рысқа­ли­ев­тың емес, ТКШ (ЖКХ) про­бле­ма­ла­рын дер кезін­де шеше алмаған және бел­гі­лен­ген уақыт­та қара­пай­ым ағым­дық жөн­деу жүр­гі­зе алмаған келесі әкім­нің кінәсі.

Облыс тұрғын­да­ры ағам­ды жылы сөз­бен еске алмау үшін, Рысқа­ли­ев­тың тұсын­да салы­нған бар­лық нысан­дар­ды (көпір­лер, даңғыл­дар, кино­кон­церт залы және т.б.) келесі әкім әдейі нашар етіп көр­сет­кісі кел­ген­дей әсер­де қаласың. 

Аяқтал­маған кино­кон­церт залы мен қала­лық мон­ша­ның тағ­ды­ры не бол­ды? Билік­ке тек 20%-ын салып біті­ру қалған еді, сон­да қала тұрғын­да­ры 1200 орын­дық кере­мет кино­кон­церт залы­на және жанын­да орна­ласқан үлкен мон­шаға ие болар еді. Опы­ры­лып кетуі мүм­кін деген ойдан шыға­ры­лған желе­умен олар­ды күреп тастағы­ла­ры кел­ді, инве­стор­ларға беру­ге тыры­сты. Қазір бұл нысан­дар иесіз қал­ды, талан-тара­жға салы­нып, қирап жатыр. Ағам­ның орны­на кел­ген адам мұның бәрі бюд­жет ақша­сы­на салы­нға­нын естен шығарған. Бер­гей­ге қар­сы жұмыс істей­мін деп жүріп, мем­ле­кет­ке және өз халқы­на осы­лай­ша зиян кел­тір­ді. Қазір­гі билік­тің басталған істі аяқта­уға ықы­ла­сы да, қар­жы­сы да табы­ла­ды деп үміттенемін.

Бей­ба­рыс (Әли­ев – Саты­бал­ди­ев) даңғы­лы қалай өзгеріп шыға кел­генін көр­діңіз­дер ме? Әрине, ол елі­міздің бірін­ші тұлға­ла­ры мен қонақта­рын алып өтетін қала­ның негіз­гі көше­сі емес. Бірақ аты­ра­улы­қтар оның қалай салы­нға­нын, қан­дай қар­жы мен күш жұм­салға­нын жақ­сы біледі. Жаңа көпір мен осы даңғыл қала­дағы көлік ағы­мын едәуір жеңіл­дет­ті. Ал бұл даңғыл салы­нған­нан бері бір­де-бір рет жөн­деу көр­меді, аға­штарға күтім жасал­маған, кеуіп, қурап жатыр. Мерзі­мін­де ағым­дағы жөн­деу жұмыста­ры жаса­луы керек ғой.

Әкім Рысқа­ли­ев­тың облы­стағы аяқтап үлгер­ме­ген кей­бір жоба­ла­ры да осы­лар­дың кебін киді. Бұл жұмыстар­дың бар­лы­ғы алдағы жыл­да жалға­са­тын, аяқтау неме­се іске қосу ғана қалған жұмыстар бола­тын. Бірақ олар бұзы­лып, тала­пай­ға түсті. Мұны да қуда­ла­у­ға түс­кен әкім­нің «мой­ны­на іле сал­ды». Міне, сіз­ге дай­ын қыл­мыстық істер, міне, сіз­ге сыбай­лас жемқорлық.

Рысқа­ли­ев­ты басқа әкім­дер­ден ерекше­лей­тін тағы бір өзге­ше қаси­еті – оның қара­пай­ым жан­дар­дың тағ­ды­ры­на бей-жай қара­мауы, кез кел­ген дау-дамай мен қақты­ғы­стар­ды шеше білетін қабілеті еді. Оның шетел­дік ком­па­ни­я­лар­мен қан­дай орас­ан зор жұмыстар атқарға­ны аты­ра­улы­қтар­дың есін­де. Бер­гей оларға жер­гілік­ті билік­тің не екенін ұқты­ра біл­ді. Ол үне­мі алақан жай­ып, әле­умет­тік деме­уқар­жы мен деме­ушілік етуді сұрай­тын аймақ ретін­де емес, мұнай-газ ком­па­ни­я­ла­ры табыс таба­тын өңір­дің қожай­ы­ны ретін­де әкім­дік­тің беделін көтер­ді. Жұмыс беру­ші ком­па­ни­я­лар­дың көп­шілі­гі облыс тұрғын­да­ры­мен сана­са бастады.

Рысқа­ли­ев әкім лау­а­зы­мын атқа­руға кіріс­кен кез­де ауыр кезең­дер көп бол­ды. Теңіз кені­шін­де қаза­қстан­дық және түрік жұмыс­шы­ла­ры­ның ара­сын­да жап­пай төбе­лес орын алған еді. Ол ком­па­ния бас­шы­лы­ғы­мен тығыз жұмыс істеп, күр­делі қақты­ғы­сты ірі кәсі­по­рын­ның жұмыс про­цесіне әсер етпей­тін­дей етіп шеше білді. 

2006 жыл­дың жел­тоқ­са­нын­да Қашаған жоба­сын­дағы «Бола­шақ» зауы­тын­да жалақы­ны көте­ру және еңбек жағ­дай­ын жақ­сар­ту тала­бы­мен 8000 жұмыс­шы ере­уіл­ге шықты. Әкім құқық қорғау орган­да­ры мен бүкіл билік құры­лым­да­рын жұмыл­ды­рып, түр­лі ком­па­ни­я­лар­дың қыз­мет­кер­лері­мен жеке-жеке кез­десіп, келіс­сөз­дер жүр­гізді. Нәти­же­сін­де дау­ласқан тарап­тар ымы­раға кел­ді. Бір­де-бір ере­уіл­ші жұмыстан қуыл­ма­ды. Әкім­дік­тің күші­мен 28 мың адам­ның жалақы­сы жер­гілік­ті «ЛАРА» үсте­ме коэф­фи­ци­ен­ті­мен және ай сай­ы­нғы 26–35 мың тең­ге үсте­ме ақы­мен көбей­ді. Жер­гілік­ті жұмыс­шы­лар­дың тұр­мыстық жағ­дайы толы­қтай жақ­сар­тыл­ды және олар­дың құқы­қта­ры шетел­дік­тер­мен теңестірілді.

Ірі жоба­лар­дағы құры­лыс жұмыста­ры аяқтал­са да, жұмыс­сыздық үне­мі әкім­дік­тің бақы­ла­у­ын­да бол­ды. Тіп­ті жұмыс­шы­ны жұмыстан шығарған­нан кей­ін де шетел­дік ком­па­ни­я­лар уақыт­ша ұстау өте­мақы­сын төле­у­ге неме­се басқа жұмысқа орна­ласқан­ша қыз­мет­кер­ді қай­та оқы­тып шыға­руға мін­дет­ті болды.

2010 жылы Бер­гей Рысқа­ли­ев Индер кен­тін­де ұзын­ды­ғы 700, ені 14 метр бола­тын (бұл Махам­бет­те­гі жаңа көпір­ден бір метр­ге енді) көпір сал­дыр­ды. Индер көпірі бір жыл ішін­де 4,5 млрд тең­ге­ге салын­ды (қазір бұл инфля­ци­я­мен есеп­те­сек, шама­мен 6 млрд теңге).

Өткен жылы қара­ша­ның аяғын­да Аты­рау облы­сы­ның билі­гі Махам­бет ауда­ны­ның орта­лы­ғы­нан сал­та­нат­ты түр­де жаңа көпір ашты. Оның құры­лы­сы­на 5 жыл уақыт және 10 мил­ли­ард­тай тең­ге жұм­сал­ды. Айыр­ма­шы­лық жер мен көк­тей екенін көріп отыр­сыздар! Осы 10 мил­ли­ард тең­ге­ге екі көпір салуға болар еді. Бұл Рысқа­ли­ев коман­да­сы­ның басқа­ру тәжіри­бесінің көр­сет­кі­ші емес пе?

Бер­гей­дің облыс тұрғын­да­ры­ның игілі­гі үшін көп нәр­се жасаға­нын айта беру­ге бола­ды. Қалай болған­да да, басты­сы – қара­пай­ым адам­дар­дың есін­де қала­ты­ны сөз емес, оның жасаған ісі мен амал-әрекеттері.

Жұпар РЫСҚАЛИЕВА,

azh.kz

Республиканский еженедельник онлайн