Четверг , 8 мая 2025

«БІЛМЕГЕН – У ІШЕДІ» Намысты қазақтарға құлаққағыс

«ДАТ» гәзетінің бесін­ші саны­нан «Қытай­дағы қазақ мәсе­лесі: қар­сы­ла­стар мен жақ­та­стар» деп аталған топ­та­ма­ны (5–7‑беттер) оқып, қат­пар-қат­пар жәйт­тер­дің біраз құпи­я­сы­на қаны­қтым. Тіп­ті өзім­нің «Орал­ман­дар қашанғы опық жей­ді?» деген хатқа қол қой­ға­ным­ды білдім. 

Қалам­дас інім Құди­яр Біләл үйі­ме теле­фон шалып, Қытай­дан кел­ген қаза­қтар өза­ра түсініс­пе­ушілік­ке ұры­нып жүр, соларға төрелік айту сыңай­да сөзді бастап, сол жай­ын­да жазы­лған хатқа қол қояр-қой­ма­сым­ды бар­ла­ды. «Сен­дер­ге сене­мін ғой, қолым­ды қоя бер­сең­ші!» – дедім. 

Иә, бұрын да хат­та­рын, әлбет­те, бүгін­гі бере­кесіз билік­ке нара­зы­лы­қта­рын бір­ден құп­тап, қолым­ды сырт­тай қой­ған­мын. Қате­ле­с­пе­ген­мін. Сол «екпінім» бұл жолы кері бағыт­талған болып шығып­ты. Оның мән-жай­ын ақын інім Темір­хан Медет­бек­тен естідім. Жол­са­парға шыққа­лы темір­жол вок­за­лы­на барған сәтін­де асы­ғыс бол­са да анық айтып үлгіріп: «Ғаб-аға, ол «жұм­бақ» хатқа қол қой­ға­ны­мыз ыңғай­сыз бол­ды, енді қай­те­міз?» – деді. Мен: «Түсін­дім. Алаң­да­май аттан, жолың бол­сын! Мен қазір оларға нара­зы­лық хат жаза­мын, қой­ған қолым­нан бас тар­та­мын, келіс­сең – еке­уі­міз жазған бола­мыз», – дедім. Темір­хан көңіл­деніп: «Сөй­тіңіз­ші! Ол хат «Абай.кз» сай­тын­да шығып­ты», – деді. Мен еке­уі­міздің аты­мы­здан дереу хат әзір­леп, сай­тқа жібер­дім. Жари­я­ла­уды, көшір­ме­лерін «айты­сып-тар­ты­су­шы» екі топ­тың бас­шы­ла­ры­на жет­кі­зуді өтін­дім, арғы жағы маған әзір­ше белгісіз.

Темір­хан еке­уі­міз үшін «жұм­бақ» хат­ты осы гәзет­тен көріп, оқып, оның билік­тің сөзі екеніне ешбір күмән­дан­бай, Аза­мат Серік­жан Біләш інім­нен, оның ұйым­дас дос-жол­даста­ры­нан ғафу өті­нуді жөн көр­дім. «Серік­жан, біз­ге рені­ш­теріңді ұмы­тқай­сы­ң­дар, ата­мыз қазе­кем: «Біл­ме­ген – у ішеді» деген ғой. Сен­дер­ден жақ­сы­лық көр­ген ағай­ын­дарға, Сай­ра­гүл мен Уәли­ге де айта­рым – осы».

Серік­жан­ның кім екенін Ермұрат Бапи­мен осы жолғы сұх­бат­та­ры­нан анық біл­дім. Соңғы айлар­да көз шір­кінім «ерке­леп», оқу-жазуым­ды тежеңкіреп жүр еді, мына хат-сұх­бат топ­та­ма­ны күш­теп оқы­дым. Енді­гі айтарым:

«Бой­ын­да қаза­қы намысы бар бауыр­ла­ры­мІ Серік­жан БІЛӘШ жетек­шілік етіп оты­рған «Ата­жұрт ерік­тілері» ұйы­мы­ның Қаза­қстан мен Қытай ара­сын­да тауқы­мет­ке тап болып, бір отба­сы екі­ге еріксіз жары­лып, билік­шіл­дер­дің қақ­пақыл­да­ры­на айналған қаза­қтарға бір­ден-бір қамқор­шы, сүй­еніш-тая­ныш екеніне шүбәлан­ба­саң­дар екен! Гәзет­те­гі сұх­бат­ты оқы­ған­да­рың ақиқат­ты таба алды­ң­дар деп білем. Олай бол­са, бұдан былай Серік­жан­ды ауыз­ша жақтап қана жүре бер­мей, жұмы­лып қорғай­ық! Оған қоқи­ла­ну­шы әкі­мі бар, соты бар, жал­да­ма­лы жал­бақай­ла­ры бар топқа заң жолы­мен жаз­ба­ша қар­сы­лық көр­се­тей­ік! Басқа жол жоқ!.

Тәу­ел­сіздік бұй­ы­рған елі­міз­де адам құқы сөз жүзін­де қорға­ла­тын, ал іс жүзін­де қор­ла­на­тын болға­нын 2002 жылы «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» қоғам­дық қозға­лы­сы пре­мьер-министр Қ.Тоқаевтың жуан жұды­ры­ғы­мен талқан­далған­да (талқан­да­ты­лған­да) түсін­ген­біз. Ал «мем­ле­кет­ке 2 мил­ли­он тең­ге зиян кел­тір­ген» әкім Ғалым­жан Жақи­я­но­вты 7 жыл түр­ме­ге кес­кен, мем­ле­кет­тің 3,2 мил­ли­ард тең­гесін талан-тараж еткен министр А.Мырзахметовтың бас бостан­ды­ғын 5 жылға шек­теп, тұтқын­нан боса­тып жібер­ген сот жүй­е­міз­ден әділ­дік ізде­ген­ше, Гоби шөлі­нен рау­шан­гүл ізде­ген оңай бола­рын сезгенбіз. 

Ақиқат­тың жолы даңғыл болған емес. Ал Қазақстан–Қытай ара­сын­дағы тір­лік жолы­мыз оны­мен жүру­ге мәж­бүр қара­пай­ым қаза­қтар үшін тым жіңіш­ке де, тым бұра­лаң. Сол қыста­лаң соқ­пақтар­дағы қан­даста­ры­мы­зды қол­ты­ғы­нан демеп, хал-қада­ри жәр­дем жасап жүрелік!».

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ 

(11. 02. 2019 ж.)

Республиканский еженедельник онлайн