Суббота , 5 июля 2025

«Алғыс айту күнінде» АЙТЫЛАР СӨЗ

Осы кітап­ты жазып оты­рған кез­де ( 2018 ж. ), теле­ди­дар­ды қосып қал­сам, 1‑наурыз – “Алғыс айту күні” деген, күн­тіз­бе­ге енгізіл­ген, ата­у­лы күн екен. Бүкіл рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша “Қай­ы­рым­ды көр­ші­ге рах­мет” деген акция өтіп жатқа­нын білдік. 

Ойла­нып қал­дым. Әрине, бұл ата­у­лы күн Қаза­қстан­ның бар­лық тұрғын­да­ры­на, соның ішін­де, әсіре­се, ерік­ті-еріксіз түр­де біздің елі­міз­ге қоныс ауда­ру­шы­ларға бағы­шталған. Арғы түбін­де жер иесі қай­ы­рым­ды қаза­қтарға рах­мет айту­ды ұмыт­паң­дар деген ой жатқан­дай. Дұрыс-ақ! Осы­лай естеріне салып тұрар мәні де бар, мағы­на­сы да бар айту­лы күн екен. 

ХVIIIXIX  ғасыр­лар­дан бастап, Қаза­қстан­ның үсті де, асты да бай, ұлан-ғай­ыр дала­сы­на үздіксіз тоғы­ты­лған қоныс ауда­ру­шы­лар­дың мақ­са­ты – отар­лық езгі­де­гі бұл елдің жер­гілік­ті халқын шет­тетіп неме­се бір­жо­ла ығы­сты­рып, жеріне ие боп қалу бола­тын. Олар пат­ша­лық Ресей мен Кеңес өкі­метінің агрес­си­я­лық сая­са­тын жүзе­ге асы­ра­тын күш болып санал­ды. Сол ғасыр­лар­да қазақ жеріне қоныс аударған­дар негізі­нен кен­дір­ден тоқы­лы­нған шек­пен, қоны­шын буған көн етік киетін­дік­тен, олар­ды қара­шек­пен­ділер деп ата­ды. Олар бір­тін­деп, қатар­ла­рын молай­та берді. 

1897 жылы бүкілре­сей­лік халық санағы­ның мәлі­меті бой­ын­ша, Қаза­қстан аумағын­дағы халы­қтың 80 пай­ы­зын қаза­қтар, 12 пай­ы­зын сла­вян тек­тес халы­қтар, ал қалға­нын түр­кі тек­тес халы­қтар құраған. Пат­ша­лық Ресей, тіп­ті өздері басқа жұрт­пен жаға­ла­сып, соғы­сып жат­са да, Қаза­қстанға қоныс ауда­ру сая­са­тын еш ұмыт­паған, қай­та бұры­нғы­дан да үдетіп жүр­гі­зе бер­ген. 10–15 бес жыл­дың ішін­де-ақ біздің жері­міз­ге көшіп кел­ген­дер­дің – орыс, укра­ин, бела­рус, ұйғыр, дүн­ген­дер­дің т. б. – саны 1 мил­ли­он 264 мыңға жеткен. 

Әрине, олар жер­лері­міз­ге босаға­дан жәу­тең­деп сыға­лап, табал­ды­ры­қтан имене аттап кел­ген жоқ, өктем де, өркөкірек­тік­пен кір­ді. Ең шұрай­лы да құнар­лы жер­лері­міз­ге баса көк­теп кіріп, зор­лық-зомбы­лы­қ­пен қоныс теп­ті. Бас көтеріп, қар­сы­лық біл­дір­ген­дер­ді сол замат­та бекіністер­де тұрған қару­лы әскер­лері атты, асты, жер аудар­ды, абақты­ға қама­ды. Қазақ халқын езді, басып-жан­шы­ды, ел қата­ры түгіл, адам қата­ры­на сана­ма­ды. Мұн­дай шек­тен тыс қор­лы­ққа шыдай алмаған ел атқа қонып, көтеріліс­ке де шықты. Ол көтерілістер­дің бәрі немен аяқталға­нын біз тарих­тан жақ­сы білеміз. 

Ең сұм­ды­ғы – Ресей сая­са­ты­ның өктем бол­мысы қара­пай­ым халы­қтың да бой­ы­на сіңіп кет­кен­ді­гі. Олар­дың ең бей­ша­ра­сы­на дей­ін қаза­қтың ірісі мен сой­ы­на шәуіл­деп-шәңкіл­деп бол­сын, сөз айта­тын бол­ды. Тіп­ті өз бет­тері­мен аш-жалаңаш қаңғып кел­ген­дер де, әл жинап алған­нан кей­ін қаза­ққа күш көр­се­тетін­ді шығар­ды. Олар да кеше­гісін ұмы­тып, өздерін қай қаза­қтан да зор санап, кеуде­лерін керіп, асып-тасып жүрді. 

Менің есі­ме, дәл осы жер­де, Маңғы­ста­уда есті­ген бір әңгі­ме түсіп отыр. 

Бұл оқиға Қазан төң­керісі­нен де бұрын бол­са керек. Теңіз үстін­де таудай-таудай толқын­да­рын аспанға көтер­ген, бет қарат­пай­тын 3–4 күн­ге созы­лған сұра­пыл дауыл соға­ды. Әрине, ондай дауы­лға тап болған қай­ық мін­ген теңіз үстін­де­гілер не суға жұты­лып кете­ді, не жан­та­ла­сып жүріп, ығып басқа жаға­ла­удан шығады. 

Дауыл басы­лған соң, неше­ме күн қама­лып қалған жұрт шаруа ісі­мен сыр­тқа шық­пай ма? Жаға­ла­уда оты­рған халы­қтың алды­мен көз тастай­тын жері – теңіз беті мен теңіз жаға­сы. Теңіз жаға­сын­да қара­уы­тқан бір­деңені көр­ген жұрт тезірек соларға жет­пей ме? Бар­са, ығып келіп, сыр­тқа шығып қап, қал­жы­рап құлап жатқан екі орыс жігіті. Әбден азып-тозған. Сақал-мұрт қауға­дай. Жүру түгіл, тұруға шама жоқ, бұра­лып жатқан екі міскін. Мүл­де әлсіреп қалған олар­ды үйлеріне көтеріп әкеліп, жуын­ды­рып-шай­ын­ды­рып, шай-суын беріп, демал­ды­рып естерін жиғы­за­ды. Ол ауыл – теңіз­ден де, дала­дан да несі­бесін айы­рып оты­рған дәу­лет­ті ауыл бол­са керек. Терілері сүй­ек­теріне ілініп кел­ген екі сұл­ба­ны бағып-қағып, лез­де-ақ қатарға қоса­ды ғой. Үш-төрт айдан кей­ін-ақ ол екі жігіт, табиға­тын­да екі иықта­ры­на екі кісі мін­ген­дей, балу­ан денелі зор жігіт­тер екен. 

Олар алға­шқы жыл­да­ры жап-жақ­сы боп жүреді. Теңіз­ге ау сала­ды, дала­да мал баға­ды, олар­ды күте­ді, суға­ра­ды, шөп шаба­ды. Қыста отын дай­ын­дай­ды. Не керек, сол ауыл­дың оты­мен кіріп, күлі­мен шыға­ды. Жұрт дән риза болы­са­ды. Олар­дың еңбе­гі, ала­пат күші жақын-жуық елдер­дің бәріне бел­гелі бола­ды. Тірес­кен­ді тір­се­гі­нен қағып мұрт­тай ұшы­рып, бел­дескен­ді алып ұра­тын­дар­ды кім біл­месін?! Әлденіп алған­нан кей­ін елі­міз­ге қай­та­мыз деген сөз­дерін өздері ұмы­та бастай­ды. Бір сөз­бен айтқан­да, елге сіңіп кете­ді ғой. 

Бірер жыл­дан кей­ін енді олар өнер шыға­ра бастай­ды. Форт-Алек­сан­дровск (қазір­гі Форт Шев­чен­ко) қол созым жер­де. Соған барып, қыды­ры­стай­тын­ды, арақ ішетін­ді шыға­ра­ды. Ішкен адам қай оңсын. Әртүр­лі жағым­сыз қылы­қтар көр­се­те­ді. Бой­да тасып- төгіліп тұрған күш. Енді олар адам­ды ада­сты­рып, алжа­сты­ра­тын, бір­де ұят­сызды­ққа, бір­де қия­натқа бастай­тын озбыр қаре­кет­тер­ге бара бастайды. 

Ауыл ақсақал­да­ры олар­ды тез­ге сал­мақ боп, алда­ры­на шақы­рып ап әлде­не­ше ескер­те­ді. Алға­шқы кез­дер­де мой­ын­да­ры сал­бы­рап, айып­та­рын біл­ген­дей, енді қай­та­ла­май­тын­дай, кешірім сұраған­дай болып жүреді де, көп ұза­май тағы да сол баяғы құрып кет­кір қаны­на тар­та­ды. Ішеді, ұрыс-керіс шығарады. 

Ақсақал­дар ақыл­да­са кеп, қой бұлар­дың аяғы­на тұсау, басы­на ноқта салай­ық деп, олар­ды әр қай­сысы­на үй тігіп, үйлен­діреді. Үйлі-баран­ды, бала­лы-шаға­лы бола­ды. Бірақ біраз уақыт тыны­шта­лып, қай­та­дан ескі жын­да­ры­на баса­ды. Тіп­ті шек­тен шыға бастай­ды. Біре­улер­дің алақа­ны­на салып әлпеш­теп оты­рған қызда­ры­на тисуді шыға­ра­ды… Шыдам­ның да шегі бар. Міне осы сөз шыққан бой­да, олар­дың құты­рған қылы­қта­ры­нан әбден ығыр болған ауыл тарс жарылады. 

Ауыл­дың ес жияр­ла­ры ақыл­да­са кеп, енді бұлар­дан құтыл­ма­сақ, ел-жұрт­тың бетіне қарай алмай­тын, сүй­ек­ке таң­ба боп басы­лып қала­тын масқа­раға ұшы­рай­мыз деп шешеді. Еке­уіне арнап көп арақ алды­рып, бір жазы­ққа үйлер тік­тіріп, былқы­тып бағлан марқа сой­ды­рып, арақты үсте­ме­леп құй­ды­рып, әбден мас қылып сұла­тып сала­ды да еке­уінің бұт­та­рын арқанға бай­лап, екі түй­е­ге екі жаққа қарай тар­тқы­зып, айра-жай­ра­сын шыға­рып, екі айы­рып тастайды…

Ал олар­дан қалған ұрпақтар әлі бар. Көбісінің көзі көк­пе­ң­бек. Бір-еке­уі­мен жақ­сы таныс бол­дым. Нағыз адай жігіт­тері. Олар­ды адай­лар да жат­сы­нып жатқан жоқ…

Біздің ауыл­да да түбірі осы­ған ұқсас оқиға болып еді. Бала кезі­міз­де Түр­кістан­нан онша алыс бол­маған­нан кей­ін бе, ел кезіп қай­ыр сұрай­тын диу­а­на­лар жиі келіп тұра­тын. Олар­дың көбісі тәжік­тер еді. Қаза­қ­ша шала-шар­пы сөй­лей­тін олар, жап-жас қал­пы­мен қай­ыр сұрап, ел кезетін себеп­тері, шаңы­рақ көте­ру үшін, қалың мал төле­уі керек. Соған қар­жы­ла­ры жоқ. Сон­ды­қтан осы­лай ел кезіп, қай­ыр сұрай­мыз дей­тін еді. Олар ауы­лға бір түней­тін де, келесі ауы­лға кететін. Бір күні әбден арып-ашы­ған, азып-тозған қара мылқау пай­да бол­ды. Ол бай­ғұ­сты, өзі мылқау болған соң, одан сай­ын аяп, ауыл­дағы үйлер­дің бәрі барын алды­на тоса­тын. Ақы­ры біздің ауыл­да тұрып қал­ды. Шөп шап­ты, отын жар­ды, арық қаз­ды. Өзі ала­пат күшті еді. Бір өгізді қос қолы­мен мүй­із­ден ұстап, мой­нын бұрап құла­та­тын. Әбден қоң­дан­ды. Бара-бара тіп­ті еркін­сіп алды. Шек­тен шықты. Қай­нап тұрған қазан­дағы етті ете­гіне салып алу, өре­де­гі құрт, қақтар­ды, ірім­шік­ті қал­та­сы­на, қой­ны-қон­шы­на тыға салу, оған бұй­ым бол­май­тын бол­ды. Тиым сал­мақ болған ірі жігіт­тер­дің бір-еке­уін май­ып ете жаз­да­ды. Содан оны бір топ жігіт­тер жабы­лып жүріп ұстап, аяқ-қолын мықтап бай­лап, маши­наға салып Таш­кент жаққа апа­рып таста­ды. Ол тура­лы мен “Қара мылқау” деген өлең жазғам…

Ия, өмір­дің өзі, қай­та-қай­та алды­ңы тосып, көзіңе шұқып тұрып көр­сетіп оты­рған­дай, жақ­сы­лы­ғы­ң­ның бәрі жақ­сы­лық болып қайт­пай­ды. Қай­та біре­улер­ді тым есір­тіп, ақы­ры жүген­сіз әре­кет­тер­ге дей­ін барғы­зы­ты­нын жоға­ры­дағы мысал­дар­дан бай­қап оты­рған шығар­сыздар. Шек­тен тыс қол­паштап, бары­ң­ды аузы­ң­нан жырып бер­ген­дей қадір­леп, аяныш біл­дір­геніңнің бәрі жел­ге ұшып, сенің арың мен намысы­ңа тиетінін кеш біліп қала­сың. Жоға­ры­дағы мысал бірер ада­мға ғана айры­қ­ша ықы­лас таны­тқа­ны­мы­здың нәти­же­сі. Ал эше­лон-эше­лон болып кел­ген­дер­дің жасаған бүлік­тері мен озбыр­лы­қта­рын айт­саң, сен өзің шек­тен шыққан ұлт­шыл, халы­қтар досты­ғы­на қатер төн­дір­ген барып тұрған оңбаған болып шыға келесің. 

1930 жыл­дан кей­ін Қаза­қстан­ның алып аумағы­на күн құрғат­пай көшіп келу­шілер толас­сыз ағы­лып жат­ты. Олар да баса көк­теп әдет­те­гі­дей өркөкірек өктем­дік­пен кел­ді. Бұл жер, бұл ел басқа бір жұрт­тың қанын төгіп, жанын беріп қорғаған жері-ау, ол елді сый­лау керек шығар, не болған­да да бете­ге­ден биік, жусан­нан ала­са болып жүру, біз­ге парыз деген жоқ. Қай­та тап­та­ды, жан­шы­ды. Бас көтертпеді.

Енді қазақ жеріне күні кеше ғана ашар­шы­лы­қтың тауқы­метін бір тар­тып, енді қуғын-сүр­гін деген сұм­ды­қтың қаһа­ры­на мініп, қаза­қтың сүт қай­мақта­рын сыпы­рып жалап жатқан, сон­дай-ақ екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стың жалы­ны­на шар­пы­лып, өңе­шіне жұты­лып әбден қал­жы­рап дің­ке­ле­ген қазақ жеріне, яғни 1937 жыл мен 1944 ара­лы­ғын­да тұтас халы­қтар­ды ата жұр­ты­нан айы­рып, Қаза­қстан­ның кең қол­тық жеріне күш­теп көші­ру науқа­ны жүргізілді. 

Әрине, ол жұрт­тар­дың тағ­ды­рын адам­ның басы­на бер­месін. Аяй­сың. Ата-жұрт­тан айы­ру, сөз жоқ адам айтқы­сыз қасірет. Олар­ды тек күш­теп көшіріп қана қой­ған жоқ, оның арғы жағын­да Кеңес өкі­метінің арам да озбыр сая­са­ты жат­ты. Қаза­қстанға кір­гізіл­ген сырт­тан кел­ген­дер­дің де, іште өз мекен­дерін­де оты­рған қаза­қтар­дың да ортақ тілі – орыс тілі. Яғни бай­ы­рғы­дан ойла­сты­ры­лған сая­сат­тың іске асы­ры­луы­на зор­лы­қ­пен кел­ген­дер де ықпал ете­ді деп ойла­ды. Міне, соғыс жүріп жатқан кез­де де Кеңес өкі­меті бір елі де өзінің жымысқы сая­са­ты­нан кері шегін­бей, оны іске асы­ру­мен болды. 

Сонау жер түбін­де жатқан Қиыр Шығы­стан – корей­лер­ді, Арме­ния, Әзер­бай­жан, Гру­зи­ядан – курд­тер­ді, Укра­и­на мен Бела­рус­си­ядан – поляк­тар­ды қазақ жеріне бірі­нен соң бірін тоғы­тқан үстіне тоғы­та бер­ді. Осы­мен Кеңес өкі­метінің той­ым­сыз темір өңе­ші тоят тауып, тола­стап­ты деп отыр­сыз ба? Жоқ. Ара­ны одан сай­ын ашы­ла түсті. Ашқа­рақ құлқын боп шықты. Соғыс аяқта­лар кез­де, яғни 1944 – 1945 жыл­да­ры Укра­и­на­дағы, Бело­русь­те­гі, Бал­тық жаға­ла­у­ын­дағы немістер де қаза­қтың мей­ірім­ді құшағы­на күмп ете түсті. Сон­дай-ақ көп ұза­май, сол бір тұста шешен­дер, ингу­штар, қара­шай­лы­қтар­дың қалың көші қап­тап кіріп жат­ты. Сол­түстік Қап тауы­ның басқа тұрғын­да­ры да қалыс қалған жоқ. Бұл бір жой­қын күш­тен қырым татар­ла­ры, бол­гар­лар мен грек­тер де тыс қал­ма­ды. Күш­теп көші­ру жалға­са бер­ді. Енді месхет түрік­тері мен курд­тар келді. 

Осын­дай қалың орман­дай қап­таған көштің астын­да қалған қазақ дала­сы қыстан әрең шыққан көте­рем­дей бол­ды. Арса-арса­сы шығып, есең­гіреп қал­ды. Кеңес өкі­метінің көзіне шыққан сүй­ел­дей болып көрін­ген әлгі қап­таған жұрт­тар­дан қазақ елі есін жия алмай қал­ды. Сон­да да сол көшіп кел­ген­дер­ге қол­дан кел­ген­нің бәрін жаса­ды. Бас­па­на­сы жоқтар­ды өз бас­па­на­ла­ры­на кір­гізді. Өздерінің аш өзек­тері талып жүріп, бір үзім нанын солар­мен бөлісті. Жау­раға­нын жылыт­ты. Жылаға­нын жұбатты. 

Қаза­қстан сол жыл­да­ры, несін айта­сың, бірінің тілін бірі түсін­бей­тін, бірінің дәстүрін бірі қабыл­да­май­тын қой­ырт­пақ елге айналды. 

Көп ұза­май, қазақ жерінің есін жиғы­з­бай, тың және тыңай­ған жер­лер­ді иге­ру науқа­ны бастал­ды да кет­ті. Алып науқан. Ілгерірек бұл науқанға тоқта­лып өткен­біз. Ол сөзі­міз­де олар­дың өктем­ді­гі мен озбыр­лы­ған айта кеп, жүз­де­ген мек­теп­тер­дің жабы­лып, руха­ни қасірет­ке ұшы­раға­ны­мы­зды, тари­хи жер атта­ры түгеліне жуық жой­ы­лып кет­кенін айтқан бола­тын­быз. Жай қара­пай­ым халы­қты жаман­дап, олар­ды жау көру­ге бол­май­ды дей­міз ғой. Дұрыс-ақ! Олар­дың қолын­да не тұр? Сая­сат­ты жасай­тын олар емес. Тағы да дұрыс-ақ. Бірақ олар біліп неме­се біл­мей Кеңес өкі­метінің озбыр һәм зұлым сая­са­ты­ның қол­шоқ­пар­ла­ры­на айна­лып, қар көш­кіні неме­се сел жүр­ген­дей сұра­пыл күш­ке айналады. 

Ең өкіні­штісі, олар аяқ асты­на тап­та­лып, аяу­сыз жан­шы­лып жатқан қаза­қтарға аяу­шы­лық жасаған жоқ. Бәл­кім, іші­на­ра болған да шығар. Бірақ бір елдің құрып бара жатқа­нын көре тұрып, жана­шыр­лық таныт­ты дей алмай­мын. Қай­та «сен­дер­дің көз­деріңді аштық, ел қата­ры­на қостық» деп, біз­ге үлкен қамқор­лық жасаған­дай, енді соның өте­мін біз­ге жал­баң­дап, қыз­мет­теріңді көр­сетіп қай­та­ра­сы­ң­дар деген пиғыл­да бол­ды. Көбісі, әлі де сол пиғыл­да. Бұл сөз­дер, әрине оре­кең­дер­ге қатысты. 

Ал басқа жұрт­тар толық түсін­ді, қаза­қтар­дың еңбе­гін, олар­дың иман­ды қаси­ет­терін, кісілік кел­бет­терін бәрі бір­дей толық мой­ын­да­ды дей­сіз бе? Айта алмай­мын. Әрине, біз­дер­ге дән риза болған, шын жүрек­тері­мен риза­шы­лы­ғын біл­дір­ген­дер бар. Олар аз да емес.

Бірақ аш-жалаңаш қаңғып кел­ген­дер­дің ішін­де біздің жаға­мы­зға жар­ма­сып, алқы­мы­м­ы­здан да алып тұра­тын­да­ры кез­десіп қала­ты­нын, тағы да жиі кез­де­сетінін айт­пай кету күнә болар еді.

Мына ірге­де­гі Алма­ты облы­сы­ның бір ауы­лын­да шешен­дер қазақ жігіт­терін атып тастап­ты, Шығыс Қаза­қстан облы­сын­да тағы да солар бүлік салып­ты, ал Оңтүстік Қаза­қстан­да бір келім­сек­тер­дің ұрпағы кәме­лет­ке тол­маған жас қызды зор­лап­ты, ана жақта олар былай істеп­ті, мына жақта олай істеп­ті дей­тін сөз­дер­ден қабы­рғаң сөгіледі. Тағы да солар­дың бәріне қар­сы­лық көр­сет­кен қаза­қтар кінәлі болып шыға­ды. Бұл сон­да не? Қаза­қтарға жүр­ген заң оларға жұр­мей ме?

Мен өз басым шек­тен шығып, асып-тасы­ған бей­ба­сты­қтың ақы­ры немен аяқталға­нын 1986-жылы Жаңаө­зен оқиға­сы кезін­де көргенмін.

Біз­де «сырт­тан кел­ген­дер­ге» деген қамқор­лық пен қол­паш айры­қ­ша. Солар үшін Қаза­қстан халық Ассам­бле­я­сын құр­ды. Ол Ассам­блея не істеп жатыр? Жаңағы­дай өрес­кел, жүген­сіз кет­кен істеріне ара­ла­сып, олар­ды жұрт алдын­да әшке­ре­лей­тін әре­кет­ке бар­ды ма? Біл­мей­мін. Осын­дай дәр­мен­сіз, елге ешқан­дай ықпал әсері жоқ үлкен орган­ның өмір сүріп жатқа­ны­на таңқалам. 

Оған шексіз қамқор­лық жаса­лып отыр деме­ген­де, не дей­ін, егер Ассам­блея мүшлері­нен пәлен­бай адам, ешқан­дай сай­ла­у­ға қаты­спай, пар­ла­мент­ке депу­тат болып жат­са. Бұл дүние жүзін­де жоқ үрдіс қой. Яғни қаза­қтар­дан басқа ұлт­тар­дың құқы әлдеқай­да жоға­ры деген сөз. Апыр-ай, жағаң­ды ұстап, намыс-ыза­дан өзіңді өзің буын­ды­рып бара жатқа­ны­ң­ды бай­қа­май қала­сың! Мен аз ұлт өкіл­деріне қамқор­лық көр­се­ту­ге титім­дей де қар­сы­лы­ғым жоқ. Бірақ олар да біз­ге қамқор­лық жаса­сын! Оты­мы­зды жағып, күлі­мізді шығар­май-ақ қой­сын. Құдай­ға шүкір, өз қолы­мыз өз аузы­мы­зға жете­ді. Олар, бар жоғы тілі­мізді үйреніп, дәстүрі­мізді сый­ла­са бол­ды ғой. Ең бол­ма­са осы­ны жаса­май оты­рған орган ғой ол, яғни ол орган – қаза­ққа қырын қарап оты­рған орган. Сон­ды­қтан ол Ассам­бле­я­ның қаза­қтар үшін құны көк тиын. 

Осын­дай ешқан­дай қалы­пқа сый­май­тын өрес­кел жақ­сы­лы­қта­ры­мы­здан түп­тің-түбін­де, өзі­міз опық жей­міз бе деп қорқа­мын. Маң­дай­ы­мы­зға қан­ша­ма таяқ боп тиіп, таба­ны­мы­зға қан­ша­ма шөң­ге боп қадал­са да, сол «интер­на­ци­о­на­лизм» деген бәле­ден құтыл­май-ақ қойдық. 

Тағы да қай­та­лап айтам, менің басқұа ұлтқа деген құр­метім, сый­ла­сты­ғым сарқы­лып та, тар­ты­лып та тұрған жоқ. Олар тек біз­бен қатар тең құқы­қта қатар өмір сүр­сін. Үй іші­нен үй тігіп, оларға ерек, айры­қ­ша құр­мет көр­се­тудің қажеті жоқ. Өйт­кені басқа ұлт өкіл­дерін алақанға сап көтеріп, жер иесі мен ел иесін төмен­де­тудің соңы жақ­сы­лы­ққа апармайды. 

Олар ұлт­тар досты­ғы­на да ешқан­дай ықпал етіп оты­рған жоқ. Мен бұл Ассам­бле­яға тіп­тен де қар­сы бол­мас едім, егер ол қазақ тілін­де сөй­леп, әр ұлт өкіл­дері өз қан­даста­рын да сол жолға түсу­ге әсер етіп отыр­са. Бірақ шын­дық олай емес қой. Жақ­сы­лы­қты да абай­лап жасаған дұрыс. 

Ерте­ректе Маңғы­ста­уда болған бір оқиға­ны кел­ті­ре кетей­ін. Бәл­кім, біре­улер­ге сабақ болар. Қыстың көк­тем­ге ауы­са­тын ала­са­пы­ран тұсы бол­са керек. Аяқ асты­нан қат­ты борас­ын бола­ды. Жылқы­лар өкпек жел­ден ықтап жөн­ки жөне­леді. Жылқы­шы­лар қап­тал­да­сып, қал­май жүріп, иесіз қалып қой­ған көне бір қора­ның қалқа­сы­на жөңкі­ген жылқы­лар­ды әупірім­деп жүріп әрең иіреді. Сонан кей­ін қора­дағы көңді қопа­рып жіберіп, от жағып жылы­нуға кірі­седі. Қой­ны-қоны­шта­рын­дағы нан­да­рын жеп, мал­та­ла­рын сорып әл жинай­ды. Біраз­дан кей­ін, бір жылқы­шы жанын­дағы көңнің ара­сы­нан, сабы­нан үзіл­ген қам­шы­дай боп, созы­лып жатқан жылан­ды суы­рып ала­ды. «Мә, мынау жылан­ды қараң­дар!» – дей­ді ол, ұйқы­да жатқан жылан­ды қолы­на алып. Әлгін­де көң ауда­ры­сты­рып жүр­ген­де сыр­тқа шығып қалған жылан суы­қтан мұп-мұз­дай боп қата бастаған екен. Әлгі жылқы­шы жылан­ның сау­а­бын алғы­сы кеп, оны отқа жақын­да­тып жылы­та бастай­ды. Шама­лы­дан кей­ін оттың қызуы­нан жыланға жан кіреді… Енді тағы бір шама­лы уақыт өткен­де жылан тіп­ті әлденіп кете­ді. Оны ұстап оты­рған әлі­гі жылқы­шы жылан­ның бұлғақтап, шиыр­шық ата бастаға­нын қызы­қтап, жол­даста­ры­на көр­сет­пек боп, оны тағы көте­ре бер­ген­де, жылан… жылқы­шы­ның қолын шағып ала­ды. Жылан­ның тілін­де­гі қыс бойы пісіп, әбден құты­рып тұрған у жігіт­ті сес­пей қатырады… 

Мен осы оқиға­ны есі­ме алған сай­ын, өз халқым­ды ойы­ма алам. Ол да тоңған­ды, жау­раған­ды жылы­там деп, құшағы­на алып, бауы­ры­на басып, пана болып, ақы­рын­да соны­сы­нан өзі опық жеп, ула­нып қан­ша­ма рет өлім аузы­нан қалған жоқ па?!

Әсілі, жыланға мей­ірім жүрмейді-ау!

Біз осы ащы сабақтан тағы­лым алар ма екен­біз?! “Алғыс айту күні” мені осын­дай ойға қалдырды. 

Республиканский еженедельник онлайн