Суббота , 5 июля 2025

Менің ағам – АЛПЫСТА!

Ермұрат аға, мен газет­ке қол қоя­тын «редак­тор­дың мін­детін атқа­ру­шы» құқым­ды пай­да­ла­нып, осы хат­ты газет­ке басты­рып отырмын. 

Ал 21 жыл­дан бері «ДАТ»-тағы редак­тор­дың рөлін кім атқа­ра­ты­нын бар­шы оқыр­ма­ны­мыз ғана емес, көп­шілік қазақ біледі. Сон­ды­қтан «бас оқыр­ман­дық» құзы­ры­ңы­з­бен бұл хат­ты «шол­ти­тып» таста­мауы­ңы­зды талап ете­мін! Көк­тем­нің алға­шқы апта­сын­да тәу­ел­сіз жур­на­лист, «ДАТ» бас­па­гер­лік жоба­сы­ның жетек­шісі әрі «бас оқыр­ма­ны» Ермұрат Бапи 60 жасқа тола­ды. Бұл – күн­тіз­бе­де жазы­ла­тын ресми ақпарат.

Ал тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның жаңа тарихын­да өз орны бар, еркін де, азат қоға­мға ұмты­лған қалың көп­тің алдын­да «ДАТ-ым» бар деп, тағын тақы­мы­на басқан пен­де­ден тай­сал­маған аза­мат­тың туған күні.

Осы­дан он жыл бұрын Ере­кенің 50 жасқа толған туған күніне арнап, «Аға» деп жазған жүре­гім­нен шыққан сөзім­нің құны арт­па­са, бір мысқал кемі­ген жоқ. Қай­та­лап айта бер­гім, жаза бер­гім келеді. 

Газет­тің басын­да жүр­ген Ермұрат Бапи менің ағам! Ол тек менің ғана емес, мың­дар­дың аға­сы. Өйт­кені он жыл­дан астам уақыт­тың ішін­де бүгін­гі билік­тің әділет­сізді­гі­нен запа шек­кен­дер­ді қала­мы­ның қары­мы­м­ен қорға­ды, қоғам­ды биле­ген үрей­ді үркіту­ге тыры­сты. Соңғы 21 жыл­дағы атқарған қыз­метіне ел‑жұртты, жүз мың­даған оқыр­ма­ны куә.

Ал сон­дай аға­ның қасын­да жүру, оған жәр­дем­ші бола білу – кез кел­ген қызды қой­ып, тіп­ті «мен» деген талай жігіт­тің пеше­несіне жаз­бап­ты. Себебін көріп жүр­мін: «мен» дей­тін талай кеудем­соқ «сен» деп, Ақор­да жаққа қара­тып, айта алмайды.

Айтпақ­шы, Ере­кем­ді сырт­тай ғана білетін әлдекім: «Ағаң кім?» – деп сұра­са, оның жур­на­ли­стік және қоғам­дық-сая­си қоғам­дық қыз­меті­нен гөрі, ада­ми қаси­ет­терін айтқа­ным жөн сияқты. Әуел­де, бұдан 21 жыл жыл «ДАТ»-қа кел­генім­де, есі­гін­де «Ермұрат Бапи» деген жазуы да жоқ жұпы­ны бөл­ме­де оты­рған жылы жүзді жігіт­ті бас редак­тор, бастық ретін­де қабыл­да­дым. Біраз уақыт өткен соң, ол маған ғана емес, қата­рын­да жүр­ген қыз-жігіт­тер­ге қамқор адам екенінін түсін­дім. Мені бір күні «Бақа­шөк» деп атаған­да, түні­мен жылаға­ным есім­де қалып­ты. Өйт­кені өзім­нің марқұм болып кет­кен үш ағам да дәл осы­лай ерке­ле­тетін, сол сөз Ере­кеңнің аузы­нан шыққан күні «мен төр­тін­ші ағам­ды» тап­тым деп қабыл­да­дым. Жылаға­ным – сол қуа­ны­штың әсері болған шығар… Күні бүгін­ге дей­ін Ере­кеңнің жанын­да бір­ге жүруім де, бәл­кім сол ағаға деген құр­мет, оның елге деген еңбе­гіне жана­шыр­лық жаса­удың қарын­да­стық үлесі болар деп ойлап қоям. 

Аты ғана емес, редак­ци­ядағы кіші­міз – Кен­же­тай еке­уміз Ере­кеңді арқа­ла­нып, тіп­ті қиналған сәт­те «пана­лай­ты­ны­мыз» да рас. Үйің­де­гі ішер тамағы­ң­нан бастап, отын-суы­ңа дей­ін бар-жоғын сұрап, тап­шы­лық бол­са, қал­та­сын­дағы соңғы тең­гесін ұста­тып жібе­рер аға­лы­ғы мен аза­мат­тық жомарт­ты­ғын қалай айтпаспын?! 

Билік­тің көзіне тіке­нек болған басы­лым­ды, Ере­кең­мен жар жаға­лап жүріп шығар­дық десек артық емес. Өйт­кені жалақы­ны уақты­лы беру­ге газет­тің қал­та­сы көтер­мей­ді, бір жағы­нан «күш қол­да­ну» орын­да­ры банк­те­гі газет қар­жы­сын «тұтқын­дап», қолы­мы­зға тигіз­бе­ген күн­дер де көп бол­ды. Сол кез­дер­де Ере­кең үйде­гі бала­ла­ры­ның аузы­нан жырып, редак­ци­яға тамақ таси­ды. Кен­женің келін­ше­гі – жас, сәбиі – кіш­кен­тай, оның үйіне апта сай­ын азық жет­кі­зетін де Ере­кең. Кезек­ті газеті­міз жабы­лып қалған күн­дері екі-үш айлап жұмыс­сыз оты­рған кезі­міз­де де, «қай­ыр тілеп» кел­ген әке­міз­дей, әкел­генін қыл­дай бөліп беретін. Бірақ бізді ешкім де бір нәр­се­ге діл­гір деп ойлаған емес, өйт­кені оқыр­ман­ның ақиқатқа жет­сем деген аш өзе­гін ащы шын­ды­қ­пен «той­ғы­здық». Сол сенім­ді біздің түй­сі­гі­міз­ге сіңір­ген де осы менің ағам – Ермұрат. 

Қасын­да жүріп, жур­на­ли­стік һәм аза­мат­тық батыл­ды­ққа үйрен­дік, шыға­рып жатқан газеті­міз бұл қоғам­ның жаңа­руы­на өз үлесін қосып, «қоты­рын қасы­ған» халы­қтың жаны­на жылу беретініне мақтандық. 

Несін айта­сыз, Ере­кең­мен бір­ге жүріп, біз шығар­маған газет қал­ма­ды. Сая­си азуы билік­тің шым­бай­ы­на батып кет­кен «ДАТ» пен «Сол­ДАТ» жабы­лған кез­де, скан­ворд, сөз­жұм­бақ газет­тер – «Ала­ман» мен «Анау‑мынауды» шығар­дық. Кей­ін­нен біл­сем, Ере­кең бұл газет­тер­ді Кен­же еке­уміз үйел­мен үй-ішін асы­рас­ын, аш қал­ма­сын деген ниет­пен шығарған екен. Бір қызы­ғы, сол скан­ворд газет­тері­міз де «ДАТ» сияқты қол­дан-қолға тимей­тін басы­лы­мға айналға­нын «сөз­жұм­бақ­шыл» жұрт­шы­лық ұмыт­па­са керек. Бірақ кей­ін­нен бұл газет­тер­ді де Ермұрат Бапи шыға­рып жатқа­ны бел­гілі болып қал­ды: сол кез­де­гі атжал­ман Рахат­тың (Әли­ев) жен­дет­тері бір түн­нің ішін­де ком­пью­тер-тех­ни­ка­мы­зды өртеп кет­ті. Өйт­кені Ере­кең құра­с­ты­рған «ДАТворд­тар­дың» сұрақта­ры мен жау­ап­та­ры билік үшін «сұрқия», сая­си аста­ры басым бол­ды. Содан бері – 2007-жыл­дан, «Тасжарған­нан» баста­лып, газет­тің әр саны сай­ын, күні бүгін­ге дей­ін үзіл­мей­тін «ДАТвордт­тар» қай­дан пай­да бол­ды десеңіз, оның жау­а­бын оқыр­ман осы­дан-ақ біле ала­ды. Ең соңын­да редак­ция жалға алған кең­се­ге «үш әріп­тің» тың­шы­ла­ры кіріп, ком­пью­тер­лік тех­ни­ка­ны­ның бәрін істен шыға­рып кет­ті. Оның ұстіне салық меке­ме­лері қай­та-қай­та тек­серіп, жұмыс істе­у­ге мүм­кін­дік бер­меді. Кей­ін­нен «Жұма-таймс», «Айна-плюс» газет­терін шығардық. 

Кезек­ті газет солақай сот­тың шеші­мі­мен жабы­лып қалған кез­дер­де басқа қыз­мет­ке кетіп қалуға да болар еді, бірақ біз Кен­же еке­уі­міз Ере­кеңнің қасы­нан кет­сек, күн көре алмай­тын­дай сияқты­мыз. Аға­мы­зға, ақиқат­ты айтуға, шын­ды­ққа сусаған оқыр­ман­да­ры­мы­зға бауыр басып қал­дық. Бәрі­нен де өзіңнің қадіріңді білетін ағаң­ның қасын­да жүр­ген­ге не жет­сін, шіркін?! 

Енді міне сол жана­шыр Аға­мыз 60-қа толып, біз де ізі­нен қуып, Кен­же еке­уміздің қасын­да жүр­гені­міз­ге де 21 жыл өтіп­ті. Елде өзгер­ген ештеңе жоқ. Тек газет­тің аты «Обще­ствен­ная пози­ци­яға» ауы­сқа­ны­мен, қалың оқыр­ма­ны «ДАТ» деген аттан танған жоқ. Өзі­міз сол баяғы қоғам­дағы әділет­сіздік­пен күре­сті күні бүгін­ге дей­ін тын­бай, жалға­сты­рып келе­міз. Ұжым­дағы жур­на­ли­стер­дің де қата­ры азай­ды – үш-төрт адам ғана Ере­кенің жетек­шілі­гі­мен газет­ті шыға­рып жатқан жай­ы­мыз бар. Аста­на­дан Жұма­би­ке­міз (Жүні­со­ва – «ДАТ»-тың Аста­на бюро­сы­ның мең­ге­ру­шісі) шырыл­дап, газет­тің кезек­ті нөміріне не сала­мыз деп, жиған-тер­генін жол­дай­ды. Айма­ны­мыз (Ома­ро­ва – газет­тің кор­рек­то­ры) «қате кетіп қал­ма­сын» деп, безек қағып жүреді. Ері­гі­міз (Бапи – тара­ту бөлі­мінің жетек­шісі) арқа­лап тасы­ған­дай, жан-жаққа газет жөнел­ту­ден 21 жыл­дан бері бір жалы­ққан емес. 

Қолы­мы­здың қысқа­лы­ғын, билік­тің неше түр­лі айла­мен газет тара­лы­мы­ның ауқы­мын тары­л­тқа­нын, деме­ушінің жоқты­ғын, т.б. әр-түр­лі қысым­ның санын тіз­бе­леп жазу – басқа тақы­рып. Жаң­быр-жаң­быр­дың ара­сы­мен жүр­гені­міз­де, Ер-аға­мыз Кен­же бауы­ры­на (алға­шын­да Кен­же күй­еу бала еді, жиыр­ма жыл­да бауы­рға айна­луы заң­ды шығар) алты қанат ақор­да іспет­ті үй салып бер­ді. Әлі күн­ге дей­ін отын-суын түген­деп, өзінің туған бауы­ры­нан кем көр­мей­ді. Кіші қызы­на өзінің ана­сы Әзизәнің атын қойды. 

PS. Мен де сол ағам­ның қасын­да жиыр­ма жыл жүріп, әлі күн­ге есейе қой­маған сияқты­мын. Өзінің тоғыз туған қарын­да­сын – бір төбе, Бақа­шө­гім – бір төбе деп, менің пұшық тана­уым­ды көк­ке жет­кізіп, жел­пін­діріп қояды… Басым ауыр­са, жүре­гім қыс­са, өбек­тей­тін Ер-ағам барын біл­ген соң, бой­жет­кен қал­пым­да қала бер­гім келеді. 

Тек ағам аман бол­сын, қазақ деген елі үшін, он бір бауыр-қарын­да­сы үшін, мен үшін… 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн