Пятница , 4 июля 2025

Тіліміздің ШЫРҚЫН бұзбайық!

Бүгін­де орта және жоға­ры білім беру орын­да­рын­да сабақтың 70%-дан аста­мы қазақ тілін­де жүреді. Сол себеп­ті ана тілі­міз елі­міз тәу­ел­сіздік алға­ны­нан бастап, ғылым тіліне айна­ла баста­ды. Осы жер­де ғылы­ми тер­мин түсіні­гіне тоқта­ла кету қажет. Көп­шілік­тің пікірі бой­ын­ша, грек, латын, ағы­л­шын т.б. тіл­дер­ден кір­ген сөз­дер­дің бар­лы­ғы тер­мин деп қабыл­да­на­ды. Оны­мен келі­су­ге болмайды! 

Тер­мин – деп тек көп­те­ген құбы­лы­стар­дың жинақта­лы, бір сөз­бен ата­луын ғана айтуға бола­ды. Мәсе­лен, меди­ци­на­да отте­гінің жетіс­пе­уін – гипо­ксия, қан қысы­мы­ның көтерілуін – гипер­тен­зия, асқа­зан қабы­нуын – гастрит, т.с.с. ата­лар әлем­де қабыл­данған. Ал, қалған сөз­дер сөй­лем құра­с­ты­руға қажет­ті қара­пай­ым сөз­дер. Ғылы­ми тер­мин­дер­ді аудар­май, сол қал­пын­да қабыл­дап, қалған сөз­дер­дің бар­лы­ғы ауда­ры­луы қажет. 

Осы­ған бай­ла­ны­сты халы­қа­ра­лық тіл­дер­ден енген кей­бір ата­усөз­дер­ді аударған­да ана тілі­міздің бай сөздік қоры­ның бар­лық мүм­кін­шілік­терін пай­да­ла­нуы­мыз қажет. Мәсе­лен, «дарын», «дарын­ды» деген сөз­дері­міз тұрған­да, «талант­ли­вый» сөзі –«талант­ты», «тиім­ді» сөзі – «раци­о­нал­ды» т.с.с. жиі қолданылады. 

Ана тілі­міздің қол­да­ны­луын­да бір­ша­ма келеңсіздік­тер де орын алу­да. Мәсе­лен, «муж­ской», «жен­ский род» деген­дері жоқ қазақ тілін­де­гі «аза­мат» сөзі қалай «аза­мат­ша» болып кетті? 

Орыс­ша оқы­лы­мы­нан ауда­ры­лған «Қожах­мет Иас­са­уи» неме­се «Қожах­мет Ясса­уи» ата­уы тура­лы да ойла­на­тын кез кел­ді. Мәсе­ле, Jassawy – «жаса­уи» деп оқыл­са, онда мән пай­да болар еді. Жаса­уи – өмір сүру­ге, ұзақ жаса­уға тілек­те­стік­ке бай­ла­ны­сты айты­лған болуы ықти­мал. Сон­ды­қтан баба­мы­зды Жаса­уи деп, ешкім­ге жал­тақта­май-ақ, айта­тын мез­гіл жет­кен сияқты. 

 Қазір­гі жағ­дай­да пісу мен пысу деген сөз­дер ажы­ра­тыл­май, бар­лық жағ­дай­лар­да тек пісу ата­усөзі қол­да­ны­ла­ды. Соған бай­ла­ны­сты, осы екі сөзді бір-бірі­нен ажы­ра­ту өте қажет. Ұлы жібек жолын­да көне заман­да керу­ен­дер тоқтап, сусын­даған қала «Піс­пек» деп аталған. Оны кей­ін қырғыз бауыр­ла­ры­мыз, піс­пек сөзіне намыстан­ды ма, «Биш­кек» деп ауы­сты­рып алған. Шын мәнін­де «Биш­кек» деген сөздің мағы­на­сын ешкім түсін­ді­ре алмайды. 

Ал, «пісу» сөзіне ора­ла­тын бол­сақ, онда ол қымы­зды неме­се іркіт­ті пісу­ге қаты­сты айты­ла­ды. Қымы­зды пісу үшін саба­ның ішін­де оны ара­ла­сты­ра­тын таяқтың ұшын­да дөң­ге­лек тақтай­ша­сы бола­ты­ны бәрі­міз­ге аян. Оны баба­ла­ры­мыз «піс­пек» деп атаған. Осы­ған бай­ла­ны­сты «пісу» ата­усөзі дәріні тері асты­на, көк­та­мы­рға неме­се бұл­шы­қет ішіне пісіп, енгізу­ге қаты­сты пай­да­ла­ну жөн бола­ды. Содан инъ­ек­ция деген сөзді пісіп енгі­зу, шприц деген сөз­ге дәрі­піс­пек деген сөз­дер шығар еді. 

Баба­ла­ры­мыз «пысу» сөзін дамып, жетілу­ге қаты­сты пай­да­ланға­нын ұмыт­пай­ық. Қазір­гі тілі­міз­де оны бір­жо­ла жоғал­тып алған сияқты­мыз. Жеміс-жидек, жас бала­ның денесі пысып жетіледі десек, орын­ды емес пе? 

Сол сияқты бас­пасөз­де «әрі қарай» сөз тір­кестері пай­да бол­ды. «Әрі» сөзі екі құбы­лы­сты салы­сты­ра кел­тір­ген­де пай­да­ла­ныл­май ма? Мәсе­лен, бел­гілі бір дәрінің әрі емдік қаси­еті, әрі зиян­ды әсері болуы мүм­кін. Соған бай­ла­ны­сты жари­я­ла­нып оты­рған ақпа­рат­тың жалға­сы бар екенін көр­се­ту үшін «ары қарай» деген сөзтір­кесі қол­да­ны­луы қажет. 

Оры­стың «белок» (про­те­ин) белый – ақ деген сөзіне бай­ла­ны­сты­рып, белок – ақуыз деп ауда­рып, тіл маман­да­ры ел ара­сы­на тара­тып жібер­ді. Бұн­дай ақуыз тек қай­на­ты­лып пысы­ры­лған жұмыр­тқа­да ғана ақ бола­ды. Про­те­ин ыстық тем­пе­ра­ту­ра­ның әсері­нен ұйып, ақ түс қабыл­дай­ды. Ал, шикі жұмыр­тқа­ның ішін­де­гі «про­те­ин» мөл­дір, сұй­ық түрін­де бола­ты­нын көр­ме­ген адам жоқ шығар. Бұл зат адам денесіне түс­кен­нен кей­ін амин қышқыл­да­ры­на ыды­ра­ты­лып, олар­дан әр адам­ның өзіне ғана тән «про­те­ин» түзілуіне пай­да­ла­ны­ла­ды. Соның нәти­же­сін­де дене бұл­шы­қет­терінің, ішкі ағза­ла­ры­ның көле­мі қалып­ты мөл­шер­де ұста­лы­на­ды. Осы­лай тір­шілі­гін жоғал­тқан жасу­ша­лар­дың орны­на жаңа жасу­ша­лар құры­ла­ды да көр­сетіл­ген тін­дер жаңа­рып, нәр­леніп тұра­ды. Сол себеп­ті «белок» сөзін нәруыз деп ауда­ру өте орын­ды болады.

Баба­ла­ры­мы­здың «жатқан» деген сөзін бұр­ма­лап «жаты­рған» сөз айна­лы­мға еніп кет­ті. Содан «Шым­кент­тен келе жаты­рған­да» деген сөз тір­кестері жиі кез­десіп қала­ды. Сөй­леу мәде­ни­етін сақта­май­тын жастар­дың ара­сын­да, ешбір көр­кем сөз шебер­лерінің еңбек­терін­де кез­дес­пей­тін, осын­дай сөз тір­кестері жиі кез­де­седі. Сон­да «жаты­рға ота жасап жаты­рған­да» дей­міз бе? Одан да «ота жасап жатқан­да» дегені­міз дұрыс бол­май ма? 

«Иесі» деген сөзді «егесі» деп бұр­ма­лап алдық. «Қаза­қстан­ның егесі – қазақ елі» деп, айтыс­кер ақын­дар шімірік­пе­стен айтып жата­ды. Егесі деген сөздің түбірі «егеу» емес пе? Содан «еге­су», «ере­ге­су» сөз­дері туындайды. 

Қадір­мен­ді оқу­шы қауым! Ана тілі­міздің таза­лы­ғын сақтай­ық! Фило­лог­тар мен басқа тіл маман­да­ры осы кел­тіріл­ген­дер­ге пікір­леріңізді біл­ді­ру­леріңізді сұраймын.

Әділ­ман НҰРМҰХАМБЕТҰЛЫ,

меди­ци­на ғылымдарының 

док­то­ры, про­фес­сор, тіл жана­шы­ры.

Республиканский еженедельник онлайн