Пятница , 4 июля 2025

Сәния ТОЙКЕН: Жаңаөзенмен ойнауға болмайтынын БИЛІК ӘЛІ ТҮСІНБЕГЕН СИЯҚТЫ

18 науры­зда Аста­на­да ондаған көп бала­лы ана Мини­стр­лер үйіне Қаза­қстан пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры Гүл­ша­ра Әбдіқа­лы­қо­ва және үкі­мет­тің тағы бір­не­ше мүше­сі науры­здың 15-інде Жаңаө­зен­ге барып, тұрғын­дар­мен кез­де­сті деп хабар­ла­ды ақпа­рат агент­тік­тері. Кез­де­су­де Жаңаө­зен тұрғын­да­ры көп­тен бері шағым­да­нып келе жатқан жұмыс­сыздық мәсе­лесі сөз болған. Бірақ Әбді­ха­лы­қо­ва ханым бастаған комис­сия тұрақты жұмыс сұрап, нара­зы­лық біл­діріп жүр­ген Жаңаө­зен тұрғын­да­ры­мен кездеспеген. 

Жаңаө­зен тұрғын­да­ры ақпан айы­нан бері жер­гілік­ті мем­ле­кет­тік меке­ме­лер алды­на жина­лып, мұнай өнді­ру сала­сы­нан жұмыс тауып беру­лерін талап етіп келеді. Олар пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың аты­на да бір­не­ше рет арнайы үндеу жол­даға­ны әле­умет­тік желілер­ге тарап кет­ті. Жұмыс сұраған Жаңаө­зен ере­уіл­шілерінің осы жиын­да­ры­нан соң, нара­зы­лық таны­ту­шы­ларға қысым жаса­лып жатқа­ны бел­гілі бол­ды. Ал ресми БАҚ жаңаө­зен­дік­тер­дің жағ­дайы жөнін­де ләм-мим демей­ді. Осы­ған орай «Азатты­қтың» батыс өңір­де­гі тіл­шісі Сәния Той­кен­ге хабар­ла­стық. Сол сұх­бат­та­су­да жур­на­лист Жаңаө­зен­нің ғана емес, соны­мен бір­ге Жай­ы­қта қыры­лып жатқан балы­ққа қаты­сты да мән-жай­ды сөз етті.

Оқыр­ман­ның есіне сала кетей­ік, Сәния Той­кен – 2017 жылы жур­на­лист әйел­дер­дің халы­қа­ра­лық қоры (IWMFАҚШ) тағай­ын­даған «Жур­на­ли­сти­ка­дағы батыл­ды­ғы үшін» сый­лы­ғын алған алға­шқы қаза­қстан­дық журналист.

Дүй­сен­бі күні Маңғы­ста­удан Аты­ра­уға кел­дім, – деп баста­ды сөзін Сәния бике. – Жай­ы­қтың жаға­сы­на барып, жаға­ла­удың әр жерін­де үйіліп жатқан өлі балы­қтар­ды өз көзім­мен көр­дім. Сом балы­қтың бірін үйін­ді­ден тар­тып шыға­рай­ын деп едім, күшім жет­пе­ді. Жай­ы­қты жай­лаған табиғи апат­тың жария болға­ны­на да 4 айдай уақыт өтті. Бірақ балы­қтың неден қыры­лға­ны әлі күн­ге дей­ін белгісіз.

– Жай­ы­қтағы балы­қтың қыры­лу себебін аны­қтау неге сон­ша­лы­қты созы­лып кет­ті деп ойлайсыз? 

– Ең алды­мен айтай­ын – Аты­рау тұрғын­да­ры осы балық қыры­лған Жай­ы­қтың суын ішеді. Осы­дан-ақ эко­ло­ги­я­лық апат­тың зардаб­ын мөл­шер­лей беріңіз. Ал өзен­нің суы Кас­пий теңізіне құя­ты­нын ескер­сек, табиғат­ты ласта­удың көле­мі қан­дай дең­гей­ге жет­кенін айту­дың өзі қорқы­ны­шты. Жер­гілік­ті тұрғын­дар балы­қтың қыры­луы­на себеп болған – Аты­рау мұнай өңдеу зауы­ты­ның қал­ды­қта­ры деп ашық айтып отыр. Өткен апта­да осы жер­ге кел­ген үкі­мет­тік «десант» өлген балық көр­ме­ген­дерін ресми түр­де мәлім­деді. Алда пре­зи­дент сай­ла­уы деп сай­рап жүр­ген­дер мен үкі­мет мүше­лері бұл апат­ты жасы­рып-жап­пақ болға­ны мені қай­ран қалдырды. 

Міне, көк­тем де кел­ді, алдағы күн­дер­де Жай­ы­қтың арна­сы суға толған­да, қай­раң­да қалған балы­қтар су бетіне шыға­ты­ны бел­гілі. Мем­ле­кет­ке, халы­ққа жасалған қия­нат­тың жау­а­бын кім­нен сұрау керекті­гін ешкім де біл­мей­ді. Әзір­ге біл­ген-түй­генім осы. Бір-екі күн­нің ішін­де ақпа­рат жинап, елге жари­я­лай­мын деген жос­па­рым бар, оқыр­ман­дар­ды сол кез­де хабар­дар етермін.

– Сәния, ал Жаңаө­зен­де не болып жатыр? Ресми БАҚ хабар бер­мей жатқан соң, оқиға орта­сын­да болған сіз­ге хабар­ла­сып отыр­мыз: қала тұрғын­да­ры­ның ере­уілі тоқта­ды ма, жоқ әлі де жалға­сып жатыр ма?

– Ере­уіл дей­тін­дей, мың­даған адам­ның қара­сы жиналған жоқ, бірақ нара­зы­лық таны­тқан жаңаө­зен­дік­тер­дің мұң-зары жанай­қай­ға пара-пар болып тұр. Облыс билі­гі Маңғы­стау өңірін­де­гі жұмыс­сыздық 4 пай­ыз ғана деп жалған мәлі­мет беру­де. Шын мәнін­де, Жаңаө­зен­де­гі жұмыс­сыздар­дың саны төрт емес, бір­не­ше ондаған пай­ы­зды құрай­ды. Осы жұмыс­сыздық мәсе­лесі қозғалған­нан бері, қала­дағы жұмыспен қам­ту бөлі­мі тізім­де 1850 адам бұрын­нан бері тір­ке­уде тұр, сол тізім көбей­ген жоқ деген мәлі­мет­ті алға тар­та­ды. Осын­дай шын­ды­ққа сәй­кес кел­мей­тін мәлі­мет­пен билік жер­гілік­ті жұмыс­сыз халы­қты алдай­мын дей ме екен? Біз ақпан айын­да Жаңаө­зен­ге барған­да, «Арда­гер­лер үйін­де» жұмыс­сыздар­дың санын тір­кеп жатқан кез­де екі мың­нан астам адам­ның жаңа тізі­мін өз көзі­міз­бен көргенбіз. 

– Ере­уіл­деп жұмыс сұраған елдің билік­ке қой­ған басқа тала­бы қандай?

– Талап­та­ры­ның ең негіз­гісі – жұмыс­сыздық мәсе­лесінің шешілуі. Әле­умет­тік тұр­мыс жағ­дайы өте мүш­кіл хал­ге жет­кен­дер үшін жұмыс тауып беру – бір мәсе­ле де, әле­умет­тік пакет­пен қам­ту – келесі мәсе­ле. Үй-жайы, пәтері жоқтар да сол – жұмыс­сыз аза­мат­тар. «Екі қолға – бір күрек» деп, кез кел­ген жұмысты істеп, тапқан азын-аулақ тиын-тебені пәтер ақы­сы­нан да аспай­ды, күн­делік­ті ас-суы­на жырым­дап әрең жет­кі­зеді. Әр отба­сын­да 6–7 бала барын ескер­сек, қара жұмыстың ақы­сы тұр­мыс қажетіне жетпейді. 

18 науры­зда Жаңаө­зен қала­лық әкім­ді­гі тұрақты әрі жалақы­сы жоға­ры жұмыс талап еткен тұрғын­дар­ды қабыл­да­ды. Әкім­дік­тің алды­на күн­де барған аза­мат­тарға құқық қорғау орын­да­ры тара­пы­нан қысым күн сай­ын үде­ген­нен кей­ін, бәрі жина­лып, талап­та­рын қағазға түсір­ді. Тұрғын­дар әкім­дік­ке мемо­ран­дум ұсы­нып, мына­дай талап­тар қой­ды: нақты жұмыс орын­да­рын ұсы­ну; түр­лі салы­қтар мен зей­не­тақы қоры­на ауда­ры­ла­тын пай­ы­здар­ды есеп­те­ме­ген­де, жалақы­ны бұры­нғы 150–200 мың тең­ге­ден 500 мың тең­ге­ге өсі­ру; жұмыс орын­да­рын­да кәсі­по­дақ ұйым­да­рын құру; жұмыс орын­да­ры қысқар­са, Қаза­қстан заң­да­ры­на сай, әле­умет­тік қорғау шара­ла­рын ұйым­да­сты­ру; жұмыстан қысқа­ра­тын­да­ры тура­лы екі ай бұрын хабарлау. 

Әкім­дік өкіл­дері бұл мемо­ран­дум­ды қабыл­дап алды. Сон­дай-ақ қала­дағы мұнай және тағы да басқа өндірістік меке­ме­лер­ге жұмысқа алы­нған кадр­ларға мони­то­ринг жүр­гі­зу үшін, билік­тен, Еңбек және әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гі мен «Қаз­Мұ­най­Газ» ком­па­ни­я­сы­нан, облы­стан, кәсі­по­дақтан құры­лған комис­сия құру жөнін­де талап­та­ры бар. Әле­умет­тік пакет­тер­дің сақта­луы, оның ішін­де ауы­рып қалған жағ­дай­да айлы­ғы­ның төле­нуі, емде­лу үшін шипа­жай­ларға жол­да­ма берілуі мемо­ран­дум­да атап тұрып көр­сетіл­ген. Мұнай өңдей­тін өндіріс орын­да­рын ашу жөнін­де­гі жоба­ны үкі­мет­пен бір­ге талқы­лау үшін, алты ай уақыт­тың ішін­де билік тара­пы­нан ұсы­ны­лған жұмысқа бара­тын­да­рын, бел­гі­лен­ген мерзім аяқталған соң, өздері талап еткен жаңа кәсі­по­рын­ның ашы­луын, сол жер­де тұрақты жұмыс істей­тін­дерін ескерткен. 

– Билік­тің осы талап­тар­ды қалай орын­дай­ты­нын уақы­тын­да білер­міз. Ал өткен апта­да Жаңаө­зен­ге үкі­мет комис­си­я­сы тығы­лып келіп және жұмыс­сыз жүр­ген аза­мат­тар­ды алдап-сулап, жұмыс тауып бере­міз деп әкім­шілік­тің ішіне кір­гізіп, сол деле­га­ция кет­кен­ше үш сағат ұстап, деле­га­ция кет­кен соң шыға­рып жібер­ген деген хабар­ды естідік. Осы мәсе­ленің анық-қаны­ғын біле алды­ңыз ба?

Үкі­мет деле­га­ци­я­сы­ның Жаңаө­зен­ге кел­генін ешкім есті­ген жоқ. Тіп­ті үкі­мет деле­га­ци­я­сы былай тұр­сын, науры­здың 14-інде Маңғы­ста­уда «Амал күні» өтіп жатқан­да, бір топ жұмыс­сыз аза­мат әкім­шілік­тің алдын­да жина­лып тұрған кез­де Маңғы­стау облы­сы­ның әкі­мі Ера­лы Тоқ­жа­нов мере­келік мәде­ни шараға қаты­сып, өз жөні­мен кете барған.Жаңаөзендіктер қала­лық әкім­дік­тің алды­на келіп жүр­ген­деріне де бір айдан астам уақыт өтті, бірақ облыс әкі­мі бір рет те жер­гілік­ті халы­ққа бетін бұрған емес.

Үкі­мет­тік деле­га­ци­я­ны «Нұр Отан» пар­ти­я­сы фили­а­лы ғима­ра­ты­ның ішін­де жүр­ген көп бала­лы әке Ғазиз Махан­бет кез­дей­соқ көріп қалып, жаңа министр Сапар­ба­евқа жұмыс­сыздық тура­лы, 21 мың тең­гені алу үшін отба­сы­ның кіріс көзінің жоқ екен­ді­гіне ешкім­нің көзін жет­кі­зе алмай жатқа­нын айта­ды. Бірақ министр Сапар­ба­ев ешқан­дай жау­ап бермеген. 

Бір сөз­бен айтқан­да, ел ара­лаған үкі­мет­тік комис­си­яға жер­гілік­ті халық нара­зы. Ел-жұрт­тың жағ­дай­ын білу үшін, олар­мен неге кез­де­су өткіз­бе­ген­дері белгісіз. 

– Жаңаө­зен­ге барған үкі­мет деле­га­ци­я­сы­ның нара­зы­лық таны­тқан аза­мат­тар­мен кез­де­су ниеті бол­маға­ны­на қараған­да, Жаңаө­зен­нің жара­сы жуық маң­да жазы­ла қой­май­тын сияқты ма?

– Жаңаө­зен­нің жара­сы – жазыл­май­тын дерт­ке айналға­ны қашан… Әле­умет­тік мәсе­ле ушы­ғып тұр, жер­гілік­ті әкім өз бетін­ше шешетін­дей қауқа­ры жоқ. Ол үшін үкі­мет­тен қомақты қара­жат бөлі­нуі керек. Ал 2012–2020 жыл­дарға арналған моноқа­ла­лар­ды дамы­ту жөнін­де­гі бағ­дар­ла­ма­дағы тізім­ге Маңғы­стау өңірі­нен Жаңаө­зен мен Форт-Шев­чен­ко қала­ла­ры енген. Жаңаө­зен­нің осы бағ­дар­ла­маға кіруінің өзі – 2011 жылғы қан­ды қырғын­нан кей­ін қолға алы­нған бола­тын. 2012 жылы Жаңаө­зен­ге бөлін­ген 13 млрд тең­ге там-тұм­дап, бөлініп-бөлініп беріл­ген бола­тын. Одан кей­ін­гі қар­жы 2015 жылы бөлініп­ті. Алай­да сол қар­жы­ның есебі­нен салы­нған өндіріс орын­да­ры жоқ, есесіне қала көше­лері жөн­деліп, орта­лы­қтағы алаңға адам­дар жинал­мас үшін, хауыз (фон­тан) жасап, көше бой­ын­дағы үйлер­дің бет­тері ғана әрлен­ді. Сол қар­жы­ға зауыт-фаб­ри­ка сияқты өндіріс ошақта­ры ашыл­са, бүгін­гі жұмыс­сыздық мәсе­лесі ушы­қ­пас еді. 

– Үкі­мет­тік деле­га­ция жұмыс тауып бере алма­са, жұмыс сұра­у­шы­лар­дың мәсе­лесін шеше алма­са, не үшін барға­нын біл­мей дал болып оты­рған ел-жұрт­тың пікірін біле алды­ңыз ба? 

– Ел-жұрт үкі­мет деле­га­ци­я­сы­ның сапа­ры­на нара­зы күй­де қалға­нын айт­тым. Жер­гілік­ті халық талап­та­ры орын­дал­ма­са, Ақор­даға дей­ін бара­тын­да­рын айтып, ашы­нып отыр. Жаңаө­зен­нің жұр­ты­мен ойна­уға бол­май­ты­нын билік әлі түсін­бе­ген сыңай­лы… Жер­гілік­ті билік жұмыс істе­мей­ді, оның үстіне олар­дың қол­да­рын­да қар­жы­сы да, мүм­кін­ді­гі де жоқ. Айлы­ғы 150 мың­дық жұмыс орын­да­рын ұсы­нған бола­ды, оған ешкім­нің барғы­сы кел­мей­ді. Үйел­мелі-сүй­ел­мелі көп бала­лы отба­сы­лар­дың жағ­дайы тығы­ры­ққа тірел­ді. Қаза­қстан­ның өзге өңіріне қараған­да, мұн­да күн­делік­ті тұты­на­тын тау­ар­лар­дың баға­сы жоға­ры, қым­бат­шы­лы­қтың қыспағы да қысып барады. 

– Жұмыс сұрай­мыз деп, баста­ры дауға қалған жаңаө­зен­дік аза­мат­тар заңға тар­ты­лып жатыр деген сөз ести­міз. Одан сіздің қан­дай хаба­ры­ңыз бар? 

– Әуел­де жиналған халы­қтың саны көбей­ген кез­де 11 жігіт­ті поли­ция әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­ке тарт­ты. Жұмыс­сыздар нара­зы­лы­ғы­на келіп жүр­ген олар­ды поли­ция 13 наурыз күні сағат 21.00 шама­сын­да әлдебір іске куә ретін­де шақы­рып, үйлері­нен алып кет­кен. Оларға жина­лып тұрған жер­де түкір­ді, тәр­тіп сақта­ма­ды деген айып тағы­лған. Кей­ін­гілерінің іші­нен бел­сен­ді аза­мат­тар­ды қуда­ла­у­ға көшті. Ержан Елші­бе­ков деген жігіт­тің бұрын сот­ты болға­нын алға тар­тып, поли­ци­яға қай­та-қай­та шақыруда. 

Ұсталған­дар­дың ара­сын­да жасы кел­ген ана­лар да болған. Үйін­де неме­ре бағып оты­рған әже­лер­ден поли­ци­я­ның жау­ап алып жатқа­нын қай­тер­сіз? Олар бар болға­ны – бала­ла­ры­на жұмыс сұрап, жиын­да сөз сөй­ле­ген. Поли­ция қыз­мет­кер­лері келіп, жиналған­дар­ды, сөй­ле­ген­дер­ді әкім­дік тере­зесі­нен видеоға түсіріп, сол арқы­лы кім екенін аны­қтаған. Олар­дың айтуын­ша, поли­ция «әкім­дік алдын­да не істеп тұр­сың», «күн сай­ын неге келесің», «митин­гі­ге шығып тұрға­ны­ң­ды білесің бе», «бұл әре­кет­терің заң­сыз», «енді шық­па, шық­саң – жау­а­пқа тар­ты­ла­сың» деп қорқы­тқан. Нара­зы жұрт: «Біз митин­гі­ге шығып тұрған жоқ­пыз, жұмыс талап етіп келіп тұр­мыз. Аштан-аш үйде оты­ра бере­міз бе?» – деп жау­ап бер­ген. Тұрғын­дар нара­зы­лы­ғы­нан соң, ізін­ше оларға қысым жасал­ды. Маңғы­стау облы­стық про­ку­ра­ту­ра­сы 23–25 ақпан ара­лы­ғын­да Жаңаө­зен­де «қоғам­дық тәр­тіп­ті бұз­ды» деген айып­пен 16 адам­ды жау­а­пқа тар­тып, 5–7 күн­ге қамауға алған еді. Айтпақшы,үкімет комис­си­я­сы кел­ген күні Маңғы­стау облы­сы­ның про­ку­ро­ры жұмыс­сыздар­мен кез­дескен еді. Оларға жиналған­да­ры дұрыс еме­сті­гін түсін­діріп жатқан кез­де комис­сия да тай­ып тұрған. 

– Ал жер­гілік­ті билік осы «жаза­лау» әре­кет­терін өз бет­тері­мен шешпей­тінін ескер­сек, нұсқау облы­стық дең­гей­ден, тіп­ті Ақор­да­ның өзі­нен беріл­ген деген ел ішін­де­гі күдік­ке не айтуға болады?

– Ел ішін­де­гі күдік­тің негізі бар. 2011 жылғы «қан­ды қырғы­нға» нұсқау Ақор­да­дан шыққа­нын ешкім ұмы­тқан жоқ. Әр облы­стың әкі­мі Аста­наға қарап бой түзей­тіні бел­гілі. Енде­ше Маңғы­стау облы­сы­ның әкі­мі де қалыс қал­май­ты­ны бел­гіл. Қара­мағын­дағы қала әкім­деріне жұмыс­сыздар­дың дауы­сын Ақор­даға жет­кіз­бе­у­ге тап­сы­рған. Сон­ды­қтан облыс әкі­мі Тоқ­жа­нов мыр­за соңғы ауыс-түй­і­стен кей­ін оты­рған крес­ло­сын сақтап қалу үшін, әкім­дер рей­тин­гісі­нен түс­пес үшін, аймақтағы елдің дауы­сын естірт­пе­у­ге тыры­са­ды. Айна­лып кел­ген­де, облыс әкі­мі бүгін­гі таң­да халы­ққа жақын жұмыс жүр­гіз­бей отыр деп айтуға толық бола­ды. Себебі мен жұмыс­сыздар­дың сол жиын­да­ры кезін­де «біз­ге жұмыс жүр­гіз­бей­тін әкім­нің кере­гі жоқ, өзі­міз­ге қажет­ті әкім­ді өзі­міз сай­лап ала­мыз» деген талап­та­рын да естідім. 

– Жер­гілік­ті билік уәдені үйіп-төгіп беріп жатқа­ны жөнін­де тіп­ті «Өзе­нин­вест» кәсі­пор­ны­ның жаны­нан ашы­лған 350 орын­дық, жалақы­сы 100 мың тең­гелік жұмыс ұсы­ны­лып­ты деген ақпа­рат­ты естідік…

– Оны жер­гілік­ті билік жұмыс орнын талап еткен жиын­дар­дан тығы­ры­ққа тірел­ген кез­де ұсын­ды. Адам жүз мың тең­гелік жұмысқа тұр­мыс тауқы­меті әбден титы­қтатқан соң, амал жоқты­қтан ғана бара­ды. Басым бөлі­гінің сол жұмысқа барғы­сы жоқ. Жұмыс орын­да­ры­на қаты­сты сәй­кес кел­мей­тін ақпа­рат­тар көп, жұмыс беретін меке­ме­ден жол­да­ма алып, жұмыс орны­на бар­са, олар­ды кері қай­та­ра­тын жағ­дай­лар көп. 

Соңғы дерек бой­ын­ша, Жаңаө­зен­де 450 орын­дық жұмыс орны ашыл­мақ екен. Бұл – құры­лыс жұмыста­ры­ның айна­лы­сын­дағы уақыт­ша кәсіп. Құры­лыс ком­па­ни­я­ла­ры үй сала­тын жұмыс­шы­лар­ды еңбек­ке тарт­пақ. Жұмыс­сыздар­мен сөй­лес­кен кез­де көбінің маман­ды­ғы жоқ, бәрінің мұнай­ға барғы­сы келетінін естідім. Маман­ды­ғы бар­лар­дың өзі мұнай­ды маңай­лай алмай отыр. Ұсы­ны­лған жалақы­ның дең­гейі – қым­бат­шы­лық дең­гей­інің сұра­ны­сын өтей алмайды. 

– Өткен апта­да өзіңізді де, «Азаттық» радио­сы­ның тіл­шісі екеніңіз­ге қара­май, қамауға алды: не үшін, қан­дай әкім­шілік тәр­тіп­ті бұз­ды­ңыз дейді?

– Жаңаө­зен­ге барған­да, үне­мі таныс құр­бым­ның үйіне тоқтай­мын. Науры­здың 11-інде кеш­кі ас ішу үшін жақын маң­дағы дәм­ха­наға барған­быз. Одан шыққан кез­де бір топ поли­ция қыз­мет­кер­лері біз көр­ме­ген төбе­ле­с­ке «куә бола­сыздар» деп, көлік­теріне оты­рғы­зып, бөлім­ше­леріне алып кел­ді. Содан бір дүр­мек баста­лып кет­ті. Мені «қыл­мыс­кер» сияқты жан-жағым­нан сурет­ке түсір­ді. Бірақ сау­сақта­рым­ның таң­ба­сын алмақ болған­да, өзім қар­сы­лы­ғым­ды біл­дір­дім. Таңға дей­ін ұстап, ертеңін­де сотқа сүйреді. 

Сот 12 наурыз күні түскі 12.00 шама­сын­да бастал­ды. Поли­ция тол­ты­рған әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы хат­та­ма­да «поли­ция тала­бы­на бағын­ба­ды» деп жазы­лған екен. Про­ку­рор Ермек Кили­ба­ев судья­дан 20 айлық есеп­тік көр­сет­кіш көле­мін­де айып­пұл салу­ды сұра­ды. Үш рет үзіліс жари­я­лап, 20 минут­тай ақыл­да­су бөл­месін­де болған судья Серік Жұма­ба­ев про­ку­рор­дың өтіні­шін толық қанағат­тан­дыр­ды. Егер мені қол­даған жұрт жина­лып, сотқа кел­ме­ген­де, бес тәулік­ке қамай­тын еді. Себебі науры­здың 15‑і күні Жам­был Көбей­сі­нов деген аза­мат­ты дәл осы мені сот­таған бап бой­ын­ша жау­а­пқа тарт­ты. Ол «Ашық есік күні» шара­сы­на барып, әкім­ге сұрақ қой­мақ болған еді. Сот оны Әкім­шілік кодекстің «құқық қорғау орган­да­ры­ның қыз­мет­кер­леріне бағын­бау» бабы бой­ын­ша айып­ты деп тауып, бес күн­ге қамады. 

35 жастағы Көбей­сі­нов – алты бала­ның әкесі, кен­же­сі әлі жасқа тол­маған. Ол ақпан­да Маңғы­стау облы­сы әкі­мінің халы­қ­пен кез­де­суін­де әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді көтер­ген. Көбей­сі­нов 2016 жылы Жер митин­гілерін­де де көз­ге түс­кен азамат.

Ал жұмыс­сыздар нара­зы­лы­ғы­нан хабар тара­тып жүр­ген мені де – «Азатты­қтың» тіл­шісін Жаңаө­зен қала­сы­ның маман­дан­ды­ры­лған әкім­шілік соты «поли­ци­яға бағын­ба­ды» деп танып, 20 айлық есеп­тік көр­сет­кіш (50 500 тең­ге, не 133 АҚШ дол­ла­ры шама­сын­да – Ред.) көле­мін­де айып­пұл салды.

Әрине, мен тағы­лған айып­пен келіс­пей­мін. Жаңаө­зен­де­гі жағ­дай­ды жазып жүр­ген жур­на­ли­стің беделін түсіріп, халы­қтың сені­мін азай­ту мақ­са­тын көз­де­ген сот­тың шеші­міне шағым түсір­дік. Бізді ұстаған күн­нің ертеңін­де облыс әкім­ді­гіне барып, жағ­дай­ды көз­бен көріп, ақпа­рат тара­туым керек бола­тын. Менің кәсі­би қыз­меті­ме кедер­гі жаса­лып, күні бойы от пен сот­тың орта­сын­да жүр­дім. Сон­ды­қтан сот­тың әділет­сіз шеші­мін мойындамаймын.

– Сәния, Жаңаө­зен­нің бүгін­гі жағ­дай­ы­на қаты­сты шын­ды­қты айта­мын деп, өзіңіз де жиі жау­а­пқа тар­ты­ла­сыз. Науры­здың 1‑інде Еуро­па­дағы қауіп­сіздік пен ынты­мақ­та­стық ұйы­мы (ЕҚЫҰ) Алма­ты, Жаңаө­зен және Орал қала­ла­рын­да бір­не­ше жур­на­лист пен бло­гер­дің ұста­луы­на бай­ла­ны­сты мәлім­де­ме жаса­ды. Бірақ ондай халы­қа­ра­лық құжат­ты Қаза­қстан билі­гі құлағы­на да қыстырмады…

– Қаза­қстан билі­гі халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтың ескерт­пе­сіне құлақ түр­генін естідіңіз бе? Елі­міз­де сөз бостан­ды­ғы аты­мен жоқ. Бірер тәу­ел­сіз газет­тен басқа БАҚ билік­тің мүд­десіне қыз­мет ете­ді. Билік­тің ими­джін жаса­уға қыз­мет ететін елде жур­на­ли­стер­дің құқын талап ету мүм­кін емес. Әйте­уір әле­умет­тік желінің арқа­сын­да ел-жұрт біраз шын­ды­қты біліп жата­ды. Дағ­да­рыс жағ­дай­ын­дағы өткір әле­умет­тік жағ­дай ел тұрғын­да­ры­ның бәріне қаты­сты ортақ мәсе­ле. Жур­на­ли­стер бірі­гіп, бір-біріне қол­дау көр­сетіп, осы жағ­дай­дың жай-жап­са­рын жария ете алмауы – өте өкіні­шті мәселе!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Республиканский еженедельник онлайн