Пятница , 4 июля 2025

«ИНВЕСТОР» АТЫН ЖАМЫЛҒАН қытайлардан бізді Жақып Асанов құтқарды

Өткен 2018 жыл­дың қаңтар­да басталған «Дос­хан-тур» Жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гінің қытай­лық мүд­десі бар «Мерей-Агро» ком­па­ни­я­сы­мен ара­дағы дауы ҚР Жоғарғы сотын­да серік­те­стік­тің пай­да­сы­на шешіл­ді. Зай­сан ауда­ны (ШҚО) шаруа қожа­лы­қта­ры­ның қытай­лық инве­стор­лар қыса­сты­ғы­на қар­сы әділ іс-әре­кеті осы­мен тамам бол­ды ма?

Қытай инве­стор­ла­ры­мен ара­дағы дау-дамай­дың мәсе­лесін «ДАТ» газеті бір­не­ше рет көтер­ген еді. Зай­сан­дық фер­мер­лер­дің қытай­лы­қтар мен сот­тың ара­сын­да қалған қыспақтағы жағ­дай­ы­на ара­ша түс­кен газет редак­ци­я­сы­на алғы­сы­мыз шексіз.

Мәсе­ле газет оқыр­ман­да­ры­на түсінік­ті болу үшін, біз тап болған жағ­дай­дан қысқа­ша мәлі­мет бере кетей­ін. 2017 жылы зай­сан­дық фер­мер­лер мен қытай инве­стор­ла­ры­ның мүд­десін көз­де­ген «Мерей-агро» ком­па­ни­я­сы ара­сын­да соя өсіру­ге келісім-шарт жасалған еді. Еске сала кетей­ін: соя егетін фер­мер­лер – шығы­стағы Зай­сан ауда­ны­на қарас­ты, ал қытай­лар­мен бас келісім­шар­тты жасасқан «Мерей-Агро» ком­па­ни­я­сы – Алма­ты облы­сы­ның Қас­ке­лең қала­сын­да тір­кел­ген. Түп­теп кел­ген­де, біз қытай­лық инве­стор­лар­дың алдын­да емес, қас­ке­леңдік «Мерей-Агро» серік­те­сті­гіне қары­здар нен­си­егер­лер едік.

Қысқа­сы, «Мерей-Агро» ком­па­ни­я­сы қытай­лық инве­стор­лар­мен жасақан сол келісім-шар­тқа бай­ла­ны­сты, зай­сан­дық фер­мер­лер өсір­ген соя­ны оруға қажет ком­байн­дар­ды бас мер­ді­гер – яғни «Мерей-Агро» әкеліп, егін­ді өздері шабуға тиіс еді. Бірақ та келісім­шар­тта көр­сетіл­ген бұл талап алды­ңғы сот­тар­да ескеріл­меді, соның сал­да­ры­нан фер­мер­лер тар­тқан шығын­дар санал­ма­ды, тіп­ті есеп­ке де алынбады.

Содан, ақы­рын­да, егін оруға қажет­ті ком­байн­дар Зай­санға қажет­ті мөл­шер­де  жет­кізіл­ме­ген­дік­тен, өсіріл­ген соя­ның негіз­гі бөлі­гі қар астын­да қал­ды. Ал  «Мерей-Агро­ның» мүд­десін күйт­те­ген Алма­ты облы­сы­ның Тал­ды­қорған қала­сы­ның ауда­на­ра­лық эко­но­ми­ка­лық соты зай­сан­дық фер­мер­лер­ді жазы­қты санап, мәсе­лен менің иелі­гім­де­гі «Дос­хан-тур» серік­те­сті­гін 13 мил­ли­он тең­ге қары­здар етіп, істі «Мерей-Агро» ком­па­ни­я­сы­ның пай­да­сы­на шешіп берді. 

Әуел баста Зай­сан ауда­ны­ның әкім­ді­гі қытай ком­па­ни­я­сы­на жер­гілік­ті жер­де ком­байн­ның жоқты­ғын айтып, соя­ны шабуға қажет­ті тех­ни­ка­мен қам­та­ма­сыз етуді ескерт­кен еді. Бұған «Мерей-Агро» ком­па­ни­я­сы­ның бас­шы­сы Мерей Сля­мұ­лы шару­а­лар­ды ком­бай­н­мен қам­та­ма­сыз ету­ге уәде бер­ген бола­тын. Ол – ол ма, ком­па­ния келісім­шар­ттың қосым­ша дана­сын аудан әкім­ді­гіне өткізіп, ал аудан әкім­шілі­гі Зай­сан­дағы соя өсіретін 37 шаруа қожа­лы­ғы­ның бәрін жинап, уағ­даға мөр басып, қолы­мы­зды қой­ды­рып, қай­та­дан «Мерей-Агро» ком­па­ни­я­сы­на жібе­руін өтін­ген. Біз бұшл шар­тты да орындадық. 

Негізі, расын айту керек, «Мерей-Агро» Зай­сан ауда­ны­на қыр­күй­ек айын­да 3 ком­байн әкел­ген бола­тын. Оның еке­уін кей­ін­нен қай­та­дан Алма­ты облы­сы­на алып кет­ті, ал қалған жалғыз ком­бай­н­мен 5 мың гек­тар жер­ді қар түс­кен­ше мүм­кін емес бола­тын. Оны ком­па­ния бас­шы­лы­ғы біл­ді. Бірақ та, кей­ін­нен бел­гілі болған­дай, олар­дың басты ойы шару­а­лар­ды қары­зға баты­рып, олар­дың жер иеле­ну құқы­ғын өздеріне алу еді. Бұл мақ­сат­тың аста­рын­да қытай­лық инве­стор­лар­дың арам пиғы­лы жат­ты ма, жоқ әлде қас­ке­леңдік ком­па­ни­я­ның бір есебі бол­ды ма – ол жағы біз­ге белгісіз.

Сон­ды­қтан менің «Дос­хан-тур» серік­те­сті­гім еккен соя­ның жар­ты­сы шала шабы­лып, жар­ты­сы шабыл­май дала­да қар астын­да қал­ды. Егер келісім­шарт талап­та­ры дұрыс орын­даған­да, «Дос­хан-тур» ЖШС-нің 800 тон­на соя алу мүм­кін­ді­гі бар еді.

Ақы­ры, мен «Мерей-Агро­ның» жыр­ты­сын жыр­тқан Тал­ды­қорған облы­стық эко­но­ми­ка­лық соты­ның шеші­мі­мен келіс­пей, ҚР Жоғарғы соты­ның төраға­сы Жақып Аса­но­вқа ары­здан­дым. Себебі – мен ғана емес, аудан­дағы 37 фер­мер нақақ қия­нат пен әділет­сіздік­тің құр­ба­ны болған едік.

Біз нәти­же­сін 6 ай күт­кен Жоғарғы сот­тың шеші­мі өткен 27 ақпан­да шықты. Аза­мат­тық абы­рой­ын айта кету керек: Жоғарғы сот төраға­сы Жақып Аса­нов менің бер­ген шағы­мым­ды тіке­лей өзі қарап, бұры­нғы сот­та жол беріл­ген қателік­тер­дің бәрін үтір-нүк­тесіне дей­ін тап­ты. Осы­лай­ша Жақып мыр­за Зай­сан­дағы қазақ шару­а­ла­ры­ның жерін қытай­лық инве­стор­лар­дың алып қоюы­нан құтқар­ды. Соның нәти­же­сін­де «Мерей-Агро­мен» жасалған келісім­шарт талап­та­рын заң­ды деп танып, алды­ңғы екі сот­тың қытай пай­да­сы­на шешіп бер­ген үкім­нің  күшін жой­ып, «Мерей-Агро» ком­па­ни­я­сы­ның «Дос­хан-тур» ЖШС-не кел­тір­ген шығы­нын өтеп беру­ге ШҚО соты­на жіберілді.

Тағы бір атап өтер­лік жәйт, Жақып мыр­за мұрын­дық болған Жоғарғы сот­тың шеші­мінің арқа­сы­да, осы уақы­тқа дей­ін жар­ты­сы Тал­ды­қорған­да, жар­ты­сы Өске­мен­де сен­деліп жүр­ген 36 шару­аға қаты­сты іс біры­ңғай ШҚО сотын­да қара­ла­тын болыпты.

Енді мына қызы­ққа қараңыз: бар­лы­ғы бір келісім­шар­тпен жұмыс істе­ген 36 шаруа қожа­лы­ғы­ның ісі – бір сот­та, ал менің шағы­мым жеке сот­та бөлек қаралға­ны қалай деп ой тууы мүм­кін. «Мерей-Агро­ның» мені дара бөліп алып, ісім­ді бөлек сотқа беріп жүр­ген себебі – мен бұл ком­па­ни­я­ның адам­да­ры Зай­сан­дағы 36 шаруа қожа­лы­ғын қорқы­ту-үркіту тәсілі­мен, келісім­шар­тты орын­да­ма­ды­ң­дар деген желе­умен мал-мүл­кін, трак­тор­ла­рын, басқа мен­ші­гін сот арқы­лы алып қой­мақ болып, неси­елік қары­зда­рын рас­та­тып, қол­хатқа қол қой­дыр­тқан екен. Мен осы­ны есті­ген­нен кей­ін, 36 шару­ақо­жа­лы­ғын жинап, олар­дың істе­гені заң­сыз екенін, соя­ның уақы­тын­да шабыл­мауы қытай­лы­қтар­дың кінәсі екенін түсін­дір­ген­нен кей­ін, олар дүние-мүлік­терін сақтап қал­ды. Ал қытай­лы­қтар мені нара­зы­лы­қты ұйым­да­сты­ру­шы тұлға деп танып, сот арқы­лы бөлек жаза­ла­мақ болды.

Жақып Аса­нов мыр­за­ның әділ шешім­нің шығуы­на мұрын­дық болуы қытай­лы­қтар­мен сот­та­сып жүр­ген қожа­лы­қтар­дың сотқа деген сені­мін ұялат­ты. Мен жеке өз атым­нан және қалған 36 фер­мер­лер­дің аты­нан істі қараған Жоғарғы сот­тың мүше­лері төраға­лық еткен Н. Қай­ы­п­жан, А. Смай­лов және А. Сапа­ро­ваға алғы­сым­ды айтамын.

Енді осы сот­тың әділ шеші­мі зай­сан­дық фер­мер­лер­дің биы­лғы егіс науқа­ны­на құл­шы­нып кірі­су­леріне түрт­кі бола­ды деп ойлай­мын КСе­бебі – кезін­де біз – 37 шаруа қожа­лы­ғы­ның жетек­шілері Аста­наға барып, мәжіліс депу­тат­та­ры­мен арнайы дөң­ге­лек үстел басын­да кез­дескен­біз. Мәжілістің сол кез­де­гі Аграр­лық коми­тетін­де­гі депу­тат­тар Сапар­хан Омаров пен Сер­гей Зволь­ский сол жиын­да­ша­ру­а­ларға қол­дау көр­сет­кен еді. Не істерін біл­мей, дағ­да­рып қалған 37 шаруа қожа­лы­ғы­на «КазА­гро» және басқа да ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы­на несие беретін ұйым­дар жетек­шілерін жинап, шару­а­ларға қол­дау жасап, 10 күн ішін­де несие беру­ге жәр­дем берің­дер деген-ді. Ал «КазАгро»-ның сол кез­де­гі төраға­сы Нар­мұқан Қал­мұқанұ­лы Өске­мен­де­гі фили­а­лы­ның дирек­то­ры Кирилл Әлі­бекұлы­на тіке­лей эфир  арқы­лы бұй­рық беріп, жеңіл­детіп, тез­детіп несие бөлу­ге нұсқау берді.

Бірақ «КазАгро»-ның ШҚО дирек­то­ры Кирилл Әлі­бекұ­лы: «Сен­дер­ге сот біт­пей, ешқан­дай несие бере алмай­мыз!» — деп, шыға­рып сал­ды. Рес­пуб­ли­ка тара­пы­нан түс­кен нұсқау сол күй­ін­де орын­дал­май, ал шару­а­лар был­ты­рғы жылы тақыр жер­де оты­рып қал­ды. Кей­ін­нен филал­дың дирек­то­ры әлдекім­дер­ден «пара алды» деген қыл­мыстық іске тартылды. 

Негізі, қазір­гі ауы­л­ша­ру­а­шы­лық бағ­дар­ла­ма­ла­ры тау­ар өндіру­шілер­ді  қол­дау емес – қор­лау. Бұған дәлелім – мем­ле­кет­тік көмек ретін­де ауыл шару­а­ла­ры­на 1 га соя себу­ге – 2 кг тұқым тегін беріледі. Сон­да 100 гек­тар жер­ге –200 кг соя тұқы­мы тегін беріледі деп, күпі­неді бағ­дар­ла­ма жаса­у­шы­лар. Ал  100 га жер­ге соя егу үшін, 13 тон­на тұқым керек. Мем­ле­кет­тің бұл көме­гі жас бала­ның қолы­на жыла­май отыр­сын деп, ойын­шық ұста­тып қой­ған­мен бірдей. 

Біз­де қытай­дың ауы­л­ша­ру­а­шы­лық тәжіри­бесін өзі­міз неге қол­дан­басқа? Мыса­лы, қытай­лық мүд­дені қол­дай­тын «Мерей-Агро» ком­па­ни­я­сы 37 шару­аға жер­дің иелік қаға­зы­на қарап қана, 260 мил­ли­он тең­гені айнал­ды­рған бір жетінің ішін­де әркім­нің жер көле­міне бай­ла­ны­сты бөліп бер­ді. Соның нәти­же­сін­де Зай­сан ауда­нын­да 37 шаруа қожа­лы­ғы­на 500–600 адам жұмысқа тар­тыл­ды. Неге осы тәжіри­бені біздің ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы­на қол­дан­басқа? Әркім­нің сура­ма­лы жер көле­міне бай­ла­ны­сты, тіке­лей әкім­шілік комис­сия арқы­лы келісім­шар­тқа оты­рып, қол­ма-қол несие бер­се, қан­ша­ма халық қытай­сыз-ақ өз жер­лерін игеріп алар еді. 

Ал қазір­гі кез­де «КазА­гро» және «Даму» бағ­дар­ла­ма­ла­ры ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғын тұн­шы­қты­ру­да. Шару­а­лар 6 айдан 1 жылға дей­ін жүріп, несие ала алмай­ды. Бөлін­ген мил­ли­ард­таған қар­жы құмға сің­ген судай із-түз­сіз жоға­лу­да. Бұл ысы­рап­тың жау­ап­кер­шілі­гі кімде?

Мен соңғы 2 жыл­дың көле­мін­де Зай­сан ауда­ны­на тәжіри­бе жасап, 20–30 га жер­ге қарақұ­мық, 5 га жер­ге асқа­бақ, 10–15 га жер­ге асбұр­шақ, 400–500 га жер­ге соя егіп көр­дім. Осы­ның бәрі де Зай­сан өңірін­де жақ­сы өнім береді. Бірақ қазір­гі таң­да шару­а­лар­ды қын­жы­л­та­ты­ны – жақын маң­да ешқан­дай өнім­ді өңдеу өнер­кәсібі бол­маған­ды­қтан, жиналған асты­қты 500 шақы­рым жер­де­гі облыс орта­лы­ғы­на тасы­мал­да­уға мәж­бүр­міз. Бұл жағ­дай біз сияқты шағын шару­а­лар­ды қып-қызыл шығы­нға батырады.

Негізі­нен, егін­шілік­ке неси­ені ұзақ мерзім­ге беру керек. Неге десеңіз, қазір­гі бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша, көк­тем­де беріл­ген несие күз­де қай­та­ры­луы тиіс. Ол мүм­кін емес. Өйт­кені қазір­гі уақыт­та ауа-райы құбыл­ма­лы, қар ерте жауып, жауын-шашын болып, шару­а­лар егін­дерін дер кезін­де жинап үлгер­мей қалу­ла­ры мүм­кін. Содан кей­ін шару­а­лар банк­ке неме­се басқа­лай қар­жы­лай қор­ларға қары­здар бола­ды. Бұл жағ­дай ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның еңсесін көтерт­пей­ді. Сон­ды­қтан несие ұзақ мерзім­ге беріл­се, егін­шілер­дің еңбе­гі ақта­лар еді. 

Жуы­қта ҚР ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі болып, фер­мер­лер­дің жағ­дай­ын жақ­сы түсі­нетін Сапар­хан Ома­ров кел­ді. Зай­сан­дық фер­мер­лер­ді жеке қабыл­дап, жағ­дай­ы­мы­зға ара­ша түс­кен Мәжілістің кеше­гі депу­та­ты шека­ра­лық аудан­дағы фер­мер­лер­дің биы­лғы көк­тем­гі егіс жұмыста­ры­на жәр­дем жасай­ды деген ойдамыз. 

Әлі­бек МҰҚАШЕВ,

«Дос­хан-тур» ЖШС-нің дирек­то­ры

Республиканский еженедельник онлайн