Суббота , 5 июля 2025

Жасарал ҚУАНЫШӘЛИН: Саяси айлакер «мәңгілік елбасы» ӨЗІН-ӨЗІ АЛДАП СОҚТЫ

Көк­тем айы кел­ген­нен бері жоғарғы билік­тің маза­сы кетіп, ауыс-түй­іс жасаған сыңай таны­тып, кезек­тен тыс сай­лау мерзі­мін де жари­я­лап үлгерді. 

Ақор­даға қарап бой түзей­тін сая­сат­та­ну­шы­лар мен сая­сат­кер­лер билік­те­гі өзгерісті мақтап-жақтап, баға беру­де. Ал көзі қарақты аза­мат­тар әле­умет­тік желі­де «қосы­лғы­штар­дың орны ауы­сқа­ны­мен, қосын­ды өзгер­мей­тінін» жазу­да. Бір адам­ның уысын­да болған отыз жыл­дық билік­ті аямай сынап келе жатқан қоғам қай­рат­кері Жаса­рал Қуа­ны­шә­лин­мен сұх­бат­тың сәті 70 жасқа толған мерей­той­ы­мен тұс­па-тұс келді. 

– Жаса­рал аға, 70 жасқа толған мерей­той­ы­ңыз құт­ты болсын!

– Рах­мет!..

– Деген­мен, бұл сұх­бат­ты күні кеше ғана 9 мау­сы­мға тағай­ын­далған кезек­тен тыс сай­ла­у­ға қаты­сты сіздің ой-пікіріңізді білу­ден бастайық… 

– Бұл – Назар­ба­ев­тың «пре­зи­дент­тік­тен кету» сце­на­риі шең­берін­де одан кей­ін­гі, яғни екін­ші «пре­зи­дент­ті» тағай­ын­дау мақ­са­тын­да алдын ала өте мұқи­ят ойла­сты­ры­лып, дай­ын­далған қитұрқы шара. Оның басты мақ­са­ты – «Қара­ор­да» бұрын да талай рет сынақтан өткіз­ген «мерзі­мі­нен бұрын сай­лау өткі­зу дәстүріне» сәй­кес өрт сөн­дір­ген жағ­дай­да, яғни Жаңаө­зен қырғы­ны­нан кей­ін онсыз да толық «тазар­ты­лған» оппо­зи­ци­яға оған қаты­су­дың ешқан­дай мүм­кін­ді­гін қал­дыр­май­тын арсыз ойын ере­же­лері арқы­лы әрі қарай да дик­та­тор­лық жүй­ені сары май­дай сақтап, кон­сер­ва­ци­я­лау. Демек, уақыт­ша пре­зи­дент Тоқа­ев­тың «сай­ла­удың адал өтетін­ді­гіне кепіл­дік беруінің» құны көк тиын екені өзі­нен-өзі белгілі.

Мұн­дай жағ­дай­да шын оппо­зи­ция не істей ала­ды? Менің­ше, бұл тұрғы­да тек екі амал бар: бірі – қол­дан кел­се, жалған «сай­ла­у­ға» бой­кот жари­я­лау қажет, екін­шісі – «елім, жерім, ұлтым, мем­ле­кетім» дей­тін аза­мат­тар атал­мыш науқанға кан­ди­дат­тар ретін­де қаты­сып, тағы да қол­дан кел­ген­ше оның «шырқын бұзуға» күш салуы керек. Ал бұл әре­кет­тер нәти­же бере ме, жоқ па – оны уақыт көрсетеді…

– Ал енді өткен өміріңіз­ге көз жүгірт­кен кез­де қазақ елінің бүгін­гі күніне баға беріп, ертеңі қалай бола­рын болжа­уға бола ма?

– Бұл әңгі­мені мен мына­дан бастағым келеді: кез кел­ген білім­ді адам тәрізді, менің де жоға­ры оқу орнын­да алған маман­ды­ғым бар және де бір емес, екі маман­дық. Атап айтқан­да, 1978 жылы С.М.Киров атын­дағы Қаз­МУ-дың фило­ло­гия факуль­тетін­де «орыс тілі мен әде­би­етінің оқы­ту­шы­сы», 1998 ж. – Әл-Фара­би атын­дағы ҚазҰУ-дың заң факуль­тетін­де «заң­гер-құқы­қта­ну­шы» маман­ды­қта­рын алдым. Алай­да менің тағ­ды­ры­ма бұл маман­ды­қтар емес, жасөс­пірім кезім­нен сая­сатқа айры­қ­ша қызы­ғуым үлкен әсер етті. Ал бұған, өз кезе­гін­де, 1963 жылы, яғни 14 жасым­да өзім туып-өскен Ақтө­бе облы­сын­дағы аудан орта­лы­ғы Қара­бұтақ посел­кесінің кітап дүкені­нен «Ито­ги пере­пи­си насе­ле­ния СССР 1959 года» атты ста­ти­сти­ка­лық жинақты кез­дей­соқ сатып алуым себеп бол­ды. Одан да гөрі нақты­лай түс­сем – сон­да жари­я­ланған мәлі­мет­тер­ге сәй­кес, 15 одақ­тас рес­пуб­ли­ка тұрғын­да­ры­ның ұлт­тық құра­мын­да сан жағы­нан олар­дың бар­лы­ғы­ның бай­ы­рғы халы­қта­ры басым бол­са, тек жалғыз Қаза­қстан­да ғана қаза­қтар­дың бар болға­ны 30%-ын құрап, үлес сал­мағы 43% жат халық – оры­стар­дан соң екін­ші орын­да тұруы мені қат­ты таңдандырды!

Міне, сол кез­ден осы жұм­бақтың шеші­мін ізде­у­ге кіріс­кен менің зерт­те­улерім бір­те-бір­те Ресей импе­ри­я­сы мен оның тіке­лей мұра­гері – КСРО-ның Қазақ еліне қаты­сты жүр­гіз­ген отар­шыл­дық-ұлы­о­ры­стық шови­ни­стік идео­ло­ги­я­сы, ашар­шы­лық зұл­ма­ты (гено­ци­ді) тақы­рып­та­ры­на алып шықты да, бей­не­лей айтқан­да, мені «ұлт­шыл­дық дер­тіне» шал­ды­қтыр­ды. Соның нәти­же­сін­де сая­сат­шы­лық пен сая­сат­та­ну­шы­лық менің негіз­гі маман­ды­ғы­ма айна­лып, ал атал­мыш екі маман­дық оған қосым­ша, көмек­ші маман­ды­қтар рөлін атқар­ды деу­ге болады.

– Деген­мен, сіздің елге таны­луы­ңыз сая­сат­та­ну­шы­лы­қтан басталған жоқ па еді? 

– Жал­пы алған­да, өзім­нің сая­сат­шы ретін­де жүріп өткен өмір жолым­ды көк­тей шолып өтсем, оны негіз­гі екі кезең­ге бөлу­ге бола­ды. Бірін­шісі – Назар­ба­ев Кремль­дің тағай­ын­да­уы­мен Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің бірін­ші хат­шы­сы қыз­метіне кіріс­кен 1989 жылға дей­ін­гі кеңес зама­нын­дағы 40 жыл өмірім­ді, ал екін­шісі – содан кей­ін, көп ұза­май ол қыз­метін «пре­зи­дент» қыз­метіне ауы­сты­рған Нұр­сұл­тан­мен және оның халық мүд­десіне емес, түгел­дей өз мүд­десіне сай құрып алған жеке билік режи­мі­мен күні бүгін­ге дей­ін арпа­лы­сып келе жатқан 30 жыл өмірім­ді қамтиды. 

Басқа­ша айтқан­да, қамал бұзар қырқым­ның қырқа­сы­нан қазір­гі шау тар­тқан жет­пісім­нің жот­а­сы­на шыққан ара­лы­қтағы бүкіл алтын уақы­тым мен күш-қай­ра­тым­ды Қаза­қтың шынайы тәу­ел­сіз ұлт­тық-демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кетін құру ісіне жұм­са­удың орны­на маған, өкініш­ке орай, бұл мақ­сатқа мүл­де кереғар сая­сат пен идео­ло­гия ұстанған Қаза­ққа қар­сы дик­та­тор­лық билік­пен күрес­ке арна­уға тура келді! 

Ал 30 жыл бойы дик­та­ту­ра қыспағын­да өмір кешіп келе жатқан Қаза­қстан­ның бола­шағы жөнін­де айтар бол­сам, менің­ше, біздің елі­міз қазір, Құдай қала­са, жеке билік режи­мі­нен құты­лар шаққа жақын­дап келеді…

– Айтқа­ны­ңыз кел­сін! Өткен айда жоғарғы билік­те ауыс-түй­іс болып, елді басқа­ру ісі екі бас­шы­ның қолы­на көшті. «Тұңғыш пре­зи­дент» атанған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ол қыз­мет­тен «кет­тім» деді, ал жаңа­сы – өз бетін­ше жар­лы­қтар шыға­рып жатқан сияқты. Осы­ның бәрін сіз шын мәнін­де­гі сая­си өзгерістер, өзіңіз айтқан­дай – жеке билік режи­мі­нен құты­лу нышан­да­ры ретін­де қабыл­дай ала­сыз ба?

– Ия, менің ойым­ша, солай. Рас, Назар­ба­ев­тың ойын­ша, алдын ала құрған «кету» сце­на­риі бой­ын­ша, ол ешқай­да кет­пей, өз билі­гін бұдан әрі қарай да жалға­сты­ра бер­мек. Бірақ «Адам­ның айтқа­ны емес, Алла­ның бұй­ы­рға­ны бола­ды» демек­ші, сая­си айла­кер «мәң­гілік елба­сы» бұл тұрғы­да жұрт­тың бәрін алдап соқтым деп есеп­те­се де, іс жүзін­де оның өзін-өзі алдап соққа­ны­на менің күмәнім жоқ. Неге? 

Өйт­кені, бірін­ші­ден, қалай болған­да да, ол пре­зи­дент­тік­тен кет­ті. Ал Қауіп­сіздік кеңесінің бас­шы­сы ретін­де ол қан­дай айры­қ­ша өкілет­тік­тер­ге ие бол­са да, оның бәрі, әсіре­се халы­қа­ра­лық дең­гей­де пре­зи­дент өкілет­тік­тері­мен пара-пар бола алмай­ды. Мәсе­лен, оның қазір­гі мәр­те­бесі жеке­ле­ген мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­мен неме­се жал­пы мем­ле­кет бас­шы­ла­ры дең­гей­ін­де өтетін кез­де­су­лер­ге тең дәре­же­де қаты­суға мүм­кін­дік бермейді. 

Екін­ші­ден, енді­гі жер­де ішкі сая­сат­та да Нұр­сұл­тан өзі үшін үйрен­шік­ті көп­те­ген еркін­дік­тер­ді еркін пай­да­ла­на алмай­ды. Айта­лық, егер бұрын ол пре­зи­дент ретін­де елді тіке­лей басқа­ра­тын «өзі би, өзі қожа» бол­са, қазір ол қыз­мет­ті басқа­лар арқы­лы атқа­руға мәж­бүр бола­ды. Ал бұл, сөз жоқ, түр­лі қолай­сызды­қтар тудырады. 

Үшін­ші­ден, «елба­сы» түр­лі рөл­дер­ді бөліп бер­ген жоға­ры дәре­желі шене­унік­тер бүгін оның қан­ша­лы­қты «құл­да­ры» бол­са да, билік­тің тәт­ті дәмін татқан олар­дың да әрқай­сысы­ның өз амби­ци­я­ла­ры бар, әлбет­те. Сон­ды­қтан уақыт өте келе бұлар тек «газ­ды» басып оты­руға қанағат­тан­бай, «руль­ге» жар­ма­суы тіп­ті де ғажап емес. Демек, бүгін­гі малай­дың ертең де малай болып қала беретін­ді­гіне ешқан­дай кепіл­дік жоқ. Ал мұның бәрі – Назар­ба­ев­тың жеке билік режи­мі ыды­рай бастаған­ды­ғы­ның және бұл про­цес уақыт өткен сай­ын күшейе түсетін­ді­гінің айқын белгілері.

Ал жаңа «пре­зи­дент­ке» кел­сек, жоға­ры­да айты­лған жағ­дай, әлбет­те, оған да қаты­сты. Мыса­лы, егер қазір­гі уақыт­ша пре­зи­дент Тоқа­ев бір мерзім­ге бол­са да, тұрақты бас­шы болу мүм­кін­ді­гіне ие бол­са, одан әрі­де мұн­дай «жиһаз­дың» өзі билік­тен айы­ры­лғы­сы кел­мей­тін көңіл-күй жете­гін­де кетуі әбден мүм­кін. Ал егер Нұр­сұл­тан осы­ны есеп­ке ала оты­рып, оны әрі қарай жібер­мей, Дариғаға жол ашар бол­са, бұдан ол екі есе ұты­ла­ды: бір жағы­нан, Қасым-Жомарт оған қаты­сты кек сақтаған қар­сы­ла­сы­на айна­ла­ды, екін­ші жағы­нан, өзінің түр­лі келеңсіздік­тері­мен (басқа­сын айт­паған­да, оның жасы­рын мил­ли­ард­та­ры бұғат­та­луы­ның өзі неге тұра­ды!) әшке­ре болған «әнші қыздың» билік­ке келуі­нен – кетуі тез болуы бек мүм­кін. Ал бұл Назар­ба­ев­тар әулеті түбе­гей­лі күй­рей­ді деген сөз. 

– Ал Назар­ба­ев­тың өткен апта­да «бірін­ші пре­зи­дент ретін­де қыз­меті­ме кірістім» деген мәлім­де­месі­нен не түй­діңіз? Ол сон­да не атқа­ра­ды, Тоқа­ев­тың тын­ды­рып жатқа­ны не?

– Баста­пқы­да «кет­кен» түр көр­сет­кен «елба­сы­ның» бұл мәлім­де­месі оның енді өз айна­ла­сы­на да, халы­ққа да: «Шын мәнін­де мен ешқай­да кет­кен жоқ­пын, әрі қарай да Қаза­қстан­ды билеп-төстей бере­мін, ал Тоқа­ев мен не айт­сам, соны істей­ді» дегені. Деуін деді, әрине… Алай­да бұған бай­ла­ны­сты қағи­да­сын және пре­зи­дент мәр­те­бесі­нен айы­ры­луы­на орай, Назар­ба­ев­тың алды­нан қан­дай қауіп­тер күтіп тұрға­нын тағы да еске салған артық бол­мас деп ойлаймын… 

– Уақыт­ша пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың Аста­на­ның атын ауы­сты­ру жөнін­де­гі ұсы­ны­сы өзінің жеке иде­я­сы­нан туған шешім деп қабыл­да­ды­ңыз ба? Аста­на ата­уын Нұр-Сұл­тан деп рефе­рен­дум­сыз өзгер­ту қан­ша­лы­қты заңды?

– Тоқа­ев­тың осы және басқа да жар­лы­қта­ры (Назар­ба­евқа көзі тірісін­де мону­мент тұрғы­зу, облыс орта­лы­қта­ры­ның бас көше­леріне атын беру, бар­лық жер­де порт­рет­терін сақтау) – оның атаққұ­мар, даңққұ­мар «шефі» пре­зи­дент кезін­де өзін-өзі өйтіп жары­лқа­уды «ыңғай­сыз» көр­ген­дік­тен, дәл осы – пре­зи­дент­тік­тен «кет­кен» кезін­де жүзе­ге асы­ру­ды алдын ала жос­пар­лаған жеке басқа табы­ну шара­ла­ры. Бірақ «басқа­ның қолы­мен» жасал­са да, түп­кі мән-мағы­на­сы есі дұрыс кез кел­ген ада­мға бады­рай­ып көрініп тұрған мұн­дай шара­лар, әлбет­те, «шеф­тің» әбден алжып кет­кен­ді­гін ешкім­нен жасы­ра алмайды. 

Ал Аста­наға Нұр-Сұл­тан атын аяқ асты­нан, опыр-топыр жағ­дай­да рефе­рен­дум­сыз беру – 1994 жылы мен депу­тат болған пар­ла­мент сол кез­де­гі аста­на­ны Алма­ты­дан Ақмо­лаға көші­ру жөнін­де шешім қабы­да­ма­са да, Назар­ба­ев­тың ол пар­ла­мент­ті 1995 жылы заң­сыз, күшпен тара­тып жібер­ген соң, беті бүлк етпей, «шешім қабыл­дан­ды» деп мәлім­деу арқы­лы заң­ды бел­ден баса оты­рып, «қазан­шы­ның өз еркі, қай­дан құлақ шығар­са» деген дик­та­тор­лық прин­цип­ке сәй­кес жүзе­ге асы­рған аста­на­ны көші­ру шара­сы­мен пара-пар келетін кезек­ті өрес­кел заңсыздық.

– Тоқа­ев мыр­за­ның пре­зи­дент ретін­де­гі өкілет­тік­терін түгел пай­да­ла­нуы­на құзы­реті жете ме?

– Қазір­гі тағай­ын­далған, бірақ сай­лан­баған, тек Назар­ба­ев­пен алдын ала келісім бой­ын­ша қыз­мет­ке кіріс­кен пре­зи­дент дәре­же­сін­де Тоқа­ев­тың толы­ққан­ды ел бас­шы­сы ретін­де жұмыс істей алмай­тын­ды­ғы анық. Оның қазір Назар­ба­ев­тың өзі­мен қосар­ла­на, тіп­ті алды­на түсіп жүруіне көн­ген­ді­гі де осы­ны көр­се­те­ді. Ал пре­зи­дент өкілет­тік­терін толық пай­да­ла­ну мүм­кін­ді­гіне ол тек алдағы сай­ла­удан өткен жағ­дай­да ғана ие бола­ды. Егер, әрине, өйтіп «сай­ла­ну» Нұр­сұл­тан­мен келісіп жасалған сце­на­рий­де қарас­ты­ры­лған болса… 

– Ал Назар­ба­ев­тың сая­си билік­тен қол үзгісі кел­мей­тінінің басты себебі неде деп ойлайсыз?

– Назар­ба­ев­ты Мәс­кеу 1989 жылы Қаза­қстан КП ОК-нің бірін­ші хат­шы­сы етіп тағай­ын­даға­лы бері, сол қыз­мет­ті асы­ра пай­да­ланған оның «тәу­ел­сіз» Қаза­қстан билі­гін күшпен басып алып, «пре­зи­дент» болға­ны, одан соң да заң ата­улы­ның бар­лы­ғын, соның ішін­де Ата Заңы­мыз – Кон­сти­ту­ци­я­ны да пәлен­бай рет өрес­кел бұзуы нәти­же­сін­де билік тіз­гінін ешкім­ге бер­мей, біздің елі­мізді 30 жыл бойы таза дик­та­тор­лық амал-тәсіл­дер­мен жеке-дара басқарға­ны, өзінің жеке басы­на табы­ну­дың мүл­де шек­тен шыққан жабайы «дәстүрін» орнатқа­ны, сөй­тіп бүкіл әлем бой­ын­ша билік­те ең ұзақ оты­рған дик­та­тор­лар «шеруінің» алды­ңғы қата­рын­да келе жатқа­ны белгілі.

Сон­дай-ақ осы 30 жыл ішін­де жаңағы­дай заң­сызды­қтар­мен қатар «елба­сы» біздің елі­міз­ге, халқы­мы­зға, мем­ле­кеті­міз­ге қар­сы толып жатқан қыл­мыстар жасаға­ны да құпия емес. Оның билік «шыңы­на» көтері­лу жолын­да Жел­тоқ­сан көтерілісін Кремль­мен бір­ге қан жоса етіп басқа­нын айт­паған­да, бері­де­гі «Шаңы­рақ», «Бақай», Жаңаөзен–Шетпе қан­ды қасірет­тері, Заман­бек, Алтын­бек және басқа ары­ста­ры­мы­здың «Қара­ор­да­ның» қаты­суы­мен қаза болуы, ел бола­шағы, демо­кра­тия үшін бас көтер­ген Мұх­тар Әбі­ля­зов, Ғалым­жан Жақи­я­нов, Арон Ата­бек, Мұх­тар Жәкі­шев, Макс Боқа­ев, Талғат Аян, Алмат Жұмағұ­лов, Кен­же­бек Әбі­шев және басқа да күрес­кер аза­мат­тар­ды түр­ме­ге тоғы­туы, Қаза­қстан­ды өзі ойлап тапқан Кеден­дік және Еура­зи­я­лық одақтар арқы­лы бұры­нғы мет­ро­по­лия, қазір­гі пут­лер­лік-фаши­стік Ресей­ге қай­та­дан бай­лап-матап тастаға­ны, қаза­қты пәлен­бай мил­ли­ард қары­здар арқы­лы Қытай аждаһа­сы­на кіріп­тар етіп қой­ға­ны, ұлты­мы­здың жер асты, жер үсті бай­лы­қта­рын өзінің ұры-қары айна­ла­сы мен шетел­дік сыбай­ла­ста­ры­мен бір­ге аяу­сыз талан-тара­жға салып, тона­уы – осы­ның бар­лы­ғы, сай­ып кел­ген­де, мерзі­мі шек­те­усіз өте ауыр қыл­мыстар болып табы­ла­ды. Ал сол үшін заң алдын­да жау­а­пқа тар­тыл­маудың жалғыз ама­лы – өле-өлген­ше билік­тен айы­рыл­мау екенін жақ­сы білетін Назар­ба­ев­тың түр­лі амал-шарғы­лар­мен билік тіз­гініне тас кене­дей жабысып қалуы­ның басты себебі, міне, осында. 

– Қаза­қстан­да келесі билік­ке келетін сая­сат­кер­лер Назар­ба­ев құрған кадр­лық жүй­е­ден бір­ден сыты­лып шығып кете алмай­ды деген тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың пікіріне нен­дей ой қосар едіңіз?

– Әлбет­те, Нұр­сұл­тан­ның 30 жыл бойы өз қара басы­на бей­ім­деп құрған жеке билік режи­мінің дик­та­тор­лық ел басқа­ру жүй­есін, соның ішін­де оның құрам­ды бөлі­гі – дик­та­торға жеке беріл­ген­ді­гі «прин­ци­піне» негіз­дел­ген кадр таң­дау сая­са­тын да түбе­гей­лі өзгер­тіп, оны өрке­ни­ет­ті демо­кра­ти­я­лық жолға салу үшін бұл жүйе құлаған соң арнайы шара­лар бел­гілеп, жүзе­ге асы­ру қажет­тілі­гі күн тәр­тібіне қой­ы­ла­ды. Ал ондай шара­лар қата­рын­да, сөз жоқ, қоғам­ды дик­та­ту­ра өкіл­дері­нен тазар­ту­дың басты ама­лы – люст­ра­ция сая­са­ты айры­қ­ша маңы­зға ие болады.

– Әле­умет­тік желі­де ұлт пат­ри­от­та­ры­ның ерекше бел­сен­ділі­гі бай­қа­ла­ды. Сая­си пар­ти­я­лар мен қозға­лы­старға қараған­да солар­дың сөзі, тастаған ұран­да­ры, айтқан ұсы­ны­ста­ры қоға­мға өтім­дірек сияқты. Алай­да олар бел­гілі бір сая­си құры­лым, ұйым төңіре­гін­де топ­та­са алмай жүр? Себебі неде деп ойлайсыз?

– «Ұлт пат­ри­от­та­ры» – жасан­ды тер­мин, сон­ды­қтан мен өз басым оны ешқа­шан қол­дан­бай­мын. Өйт­кені ұлт мүд­десі үшін шын күре­су­шілер­ді қаза­қтар бұрын, сонау Ала­шор­да кезі­нен қара­пай­ым «ұлт­шыл» сөзі­мен айқын­даған. Мәсе­лен, 1923 жылы Ахмет Бай­тұр­сы­но­втың 50 жыл­дық мерей­той­ын атап өту­ге бай­ла­ны­сты (одан бұрын қазақ ешқа­шан мұн­дай мерей­той өткіз­бе­ген) Қаза­қстан­ның сол кез­де­гі Халық Комис­сар­ла­ры Кеңесінің төраға­сы (қазір­гі­ше – пре­мьер-мини­стрі) Сәкен Сей­фул­лин елдің ресми бас газеті «Еңбек­ші қаза­қта» (кей­ін – «Соци­а­ли­стік Қаза­қстан» және «Еге­мен Қаза­қстан») жари­я­лаған бас мақа­ла­сын­да Ахаң­ды «нағыз ұлт­шыл» деп дәріп­те­ген. Яғни, о кез­де бұл мақтау сөз болатын. 

Ал бұл ұғым­ның мүл­де бұр­ма­ла­нып, теріс мағы­наға ие болуы Ста­лин­нің ленин­дік ұлт сая­са­ты­нан бас тар­тып, оны ұлы­о­ры­стық шови­низм «рель­сіне» салып жібе­руі­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты орын алды. Содан бері «ұлт­шыл» сөзі орыс емес халы­қтар­дың бас көтер­ген аза­мат­та­рын жап­пай жаза­лау «құра­лы­на» айнал­ды. Соның кесірі­нен тіп­ті күні бүгін­ге дей­ін, өкініш­ке орай, оған көп­те­ген заман­даста­ры­мыз жаты­рқай, үрке қарай­ды. Сол себеп­тен де кей­бір «жаңа­шыл­дар» «ұлт­шыл» сөзінің орны­на «ұлт пат­ри­о­ты», «ұлт­жан­ды» сияқты жасан­ды сөз­дер­ді ойлап тауып, қол­да­ны­сқа енгізіп жіберді.

Ал қазір­гі ұлт­шыл­дарға келер бол­сақ, олар­ды мен шын ұлт­шыл­дар мен жалған ұлт­шыл­дарға бөлем. Алға­шқы­ла­ры­ның басты бел­гісі – олар­дың қаза­ққа қар­сы Назар­ба­ев режи­мі­мен еш ымы­рас­ыз күре­сетін­ді­гі бол­са, екін­шілерінің басты бел­гісі – олар­дың атал­мыш режим­мен ауыз жала­сып, тіп­ті «Қара­ор­да­ның» жоба­ла­ры болып табы­ла­тын­ды­ғы. Сон­ды­қтан дик­та­тор­лық режим­нің шын ұлт­шыл­дар­ды үне­мі қуғын-сүр­гін қыспағы­на салып, бүкіл іс-әре­кет­теріне тосқа­уыл қоюы, ал жалған­дарға «жасыл жарық» жағып, жол ашып қоюы себеп­ті тағай­ын­далған «ұлт­шыл­дар­дың» билік­тің БАҚ-тарын­да өздерін «халық қамқор­шы­ла­ры» ретін­де емін-еркін жар­на­ма­лау, халы­қты әсіреқы­зыл әде­мі сөз­дері­мен ада­сты­рып-шата­сты­ру, билік­тің ыңғай­ы­на қарай бұрып әке­ту мүм­кін­дік­тері мол. 

Міне, осы­ған орай соңғы­лар­дың тек әле­умет­тік желілер­де ғана емес, жал­пы ақпа­рат­тық кеңістік­те «ерекше бел­сен­ді» болуы да, шын ұлт­шыл­дар мен жалған ұлт­шыл­дар­дың не себеп­тен бірі­ге алмай­тын­ды­ғы да, менің­ше, түсінік­ті бол­са керек.

– Елі­міз­де ұлт­тық даму бағы­тын­дағы идео­ло­гия мүл­дем жоқ, сон­ды­қтан ұлт­тық намыс пен ұлт­тық рух­тың өсуі тоқтап қал­ды деген қоғам­дық пікір­ге алып-қоса­ры­ңыз бар ма?

– Қаза­қстан­ды халы­ққа, қаза­ққа қар­сы дик­та­тор­лық режим билеп-төстеп тұрған кез­де ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның бол­мауы – табиғи заң­ды­лық. Демек, ұлт­тық намыс пен ұлт­тық рух­тың тоқы­ра­уға ұшы­ра­уы да – мұн­дай режим билік­тен кет­пей­ін­ше сақта­ла­тын, керек десеңіз, өкініш­ке орай, уақыт өткен сай­ын терең­дей түсетін сорақы құбы­лыс. Ал ел бола­шағы үшін өте-мөте қауіп­ті бұл қатер­лі құбы­лы­стан ары­лу үшін, Қаза­қстан ең алды­мен оның «қай­нар көзі» – Назар­ба­ев режи­мі­нен ары­луы керек.

– Ашық әңгі­меңіз­ге рах­мет! Аман болыңыз!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн