Әлемге әйгілі он ірі халықаралық құқықтық ұйымдар бірлесе отырып, ҚР президенті Қ.ТОҚАЕВҚА ағылшын тілінде жазған ашық хатын BitterWinter сайты жариялап еді.
Біз сол үшбу сәлемді қаз-қалпында қазақшалап, оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. Тоқаев мырза бұл хатта көтерілген мәселеге құлақ түре ме, жоқ па – оны жаңа президенттің осы хат орайына қатысты алдағы қызмет қарымынан білетін боламыз. Жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырза!
Біз бүкіл әлемде діни бостандықтың себептерін жетілдіруге мамандандырылған үкіметтік емес ұйымдардың жақтаушысымыз. Бұлардың кейбіреулері Қазақстанда дінаралық диалог бойынша бастамаларға қатысты. Біз Қазақстанның түрлі діндердің бейбіт қатар өмір сүруіне және жаһандық ауқымдағы дінаралық диалогқа жәрдемдесу жөніндегі күш-жігерін білеміз.
Қытайда этникалық қазақ мұсылмандары мен азшылық ұлт өкілдері қудаланады және кемсітуге ұшырап отыр. Ең аз дегенде, 10 мың этникалық қазақ «үйрену мектептерінде» емес, түрмеде жүр – қорқынышты «трансформация арқылы білім беру» лагерінде ұсталынып отыр.
Этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай 2018 жылы осы лагерьлердің бірінен Қазақстанға қашып келді. Ол елге жалған паспортпен келгендіктен, тұтқынға алынды және Қытайға депортациялаумен қорқытылды. Қазақстандық соттың шешімін мақұлдадық, ал оны депортациялау тоқтатылды. Дегенмен, оған босқын мәртебесі әлі берілмеген және бұл мәртебе болмаса, оның жағдайы өте қауіпті болып қалады.
Бізді Сайрагүл Сауытбайдың, «Атажұрт» құқық қорғау ұйымының және оның жетекшісі Серікжан Біләштің Қытайдағы этникалық қазақтарды арашалаудағы күш-жігері қызықтырды. Оның 10 наурызда тұтқынға алынғаны және әлі күнге дейін үй қамауында болғаны алаңдаушылық туғызады.
Біз Сайрагүл Сауытбай мен Серікжан Біләштің тағдыры туралы тіпті олардың адвокаты, халықаралық деңгейдегі құрметті ханым Айман Омаровадан естігенімізде, қамаудағы этникалық қазақтардың қорқынышты жағдайын ашық айтуға тырыстық.
Көптеген басқа елдер үшін Қытай маңызды сауда серіктесі болып табылатындығын және Қытай үкіметімен жақсы қарым-қатынастарды сақтаудың сіз үшін маңызды екенін біз толық түсінеміз. Сонымен қатар біз адам құқықтары мен діни еркіндіктерінен бас тартқан мұсылман этникалық қазақтар Қытайдан қашып, Қазақстаннан халықаралық конвенциялар мандаты негізінде саяси баспана алуға және босқындар сөз бостандығына ие болуға тиіс деп есептейміз. «Білім беру арқылы трансформациялау» лагерінде болып жатқан жағдайларды айыптау керек.
Біз Қазақстанды Сайрагүл Сауытбайды бас бостандығынан айырмауға, Серікжан Біләшті босатуға және Сауытбай мен Біләштің адвокаты Омарованың сөз бостандығына кепілдік беруге шақырамыз. Қытайда болып жатқан жағдайлар туралы шындықты кез келген босқын немесе белсендінің айтуын қалаймыз.
Сауытбай мен Біләштің істеріне, діндер арасындағы бейбіт диалогты қолдауға және діни бостандық пен адам құқығын қорғауға деген ұмтылыстарына қатысты Қазақстанның халықаралық шарттарға қол жеткізетініне сенімдіміз.
- CAP-LC (Ар-ождан бостандығы үшін қауымдастықтар мен тұлғаларды үйлестіру); CESNUR (Жаңа діндер зерттеу орталығы); EMISCO (Еуропалық мұсылмандардың әлеуметтік бірігу бастамасы); EIFRF (Еуропалық дінаралық діни бостандық форумы); FOB (Еуропалық сенім бостандығы федерациясы); FOREF (Еуропадағы діни еркіндік форумы); HRWF (Шекарасыз адам құқықтары); LIREC (Сенім бостандығы, дін және ар-намыс бойынша зерттеу орталығы); ORLIR (Босқындардың діни еркіндігі халықаралық обсерваториясы); SOTERIA International (Рухани адам құқығы)
Түпнұсқа kazakhshumanright.org сайтында.