Пятница , 4 июля 2025

САЙЛАУ ӘДІЛ ӨТУІ ҮШІН дауыс беру тетігін жетілдіру керек

Қоғам­дағы демо­кра­ти­я­лық про­це­стер­дің даму дең­гей­ін аңғар­та­тын бел­гілер­дің бірі – халы­қтық сай­лау. Өйт­кені өрке­ни­ет­ті елдер­дің қалып­тасқан тәжіри­бесі мен тәу­ел­сіз мем­ле­кеті­міздің Кон­сти­ту­ци­я­сы бой­ын­ша, сай­ла­у­ға қаты­су – әр аза­мат­тың өз еркін, қоғам­дық пози­ци­я­сын біл­діреді. Мем­ле­кет­тік билік­тің сай­лан­ба­лы орган­да­ры­на дауыс берудің жасы­рын түр­де өткізілетіні сондықтан. 

Бірақ демо­кра­ти­я­лық прин­цип бой­ын­ша әр адам­ның дауыс беру құқы­ғы­на ешқан­дай қол сұғуға, сай­лау бюл­ле­тень­дерін есеп­те­уде бұр­ма­ла­у­шы­лы­ққа жол беру­ге бол­май­ды. Жеке аза­мат ретін­де менің бер­ген дауы­сым ешқан­дай жағ­дай­да өзгер­ме­у­ге тиіс. Оған жау­ап­ты адам­дар­дың қол сұғуы – мем­ле­кет­тік қылмыс.

Егер Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның (ОСК) мүше­лерін, оның төраға­сын ел пре­зи­ден­ті өзінің жар­лы­ғы­мен тағай­ын­дай­тын бол­са және сай­ла­у­ға дауыс беру тәсілі өзгер­ме­стен, Ста­лин­нің зама­ны­нан бері жалға­сып, ол айтқан­дай, «мәсе­ле сай­ла­уда кім­ге қан­ша дауыс бер­генін­де емес, мәсе­ле дауы­сты қалай сана­уда» деген қитұрқы жол­мен жүріп келе жатқа­ны­мыз 1991 жылғы пре­зи­дент сай­ла­у­ы­нан бері мәлім. Сол кезең­де­гі пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер кан­ди­дат­тар­дың ішін­де Назар­ба­евқа дауыс бер­мей­тін элек­то­рат­тың көп­шілі­гі оппо­зи­ци­я­ның жағын­да бола­ты­ны­на қара­ма­стан, ОСК дауыс берудің қор­тындыс­ын шығарған­да, Н.Назарбаевтың 93,75% дауы­спен «жеңіп шыққа­нын» жария етті.

Бұған көп­шілік қауым ара­сын­да зор нара­зы­лық көр­сетіліп, бір­не­ше толқу­лар бол­ды. Сай­ла­удың дауыс беру про­цесін­де көп­те­ген заң бұзу­шы­лы­қтарға куә болған тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың, қоғам­дық ұйым өкіл­дерінің айтуын­ша, топ-топ адам­дар бір сай­лау учас­кесі­нен екін­шісіне авто­бу­стар­мен тасы­мал­да­нып, олар­дың бір­не­ше қай­та­ра дауыс беріп жүр­ген фак­тілерін сурет­ке түсіріп, құзыр­лы орган­дарға, сот­тарға шағым­дан­са да, одан ештеңе шыға­ра алмаған болатын.

Сөй­те тұра, ОСК төрай­ы­мы З.Балиева: «Жұрт сай­ла­уды дұрыс өтпе­ді, заң бұзу­шы­лы­қтар бол­ды, дауыс бюл­ле­тень­дері дұрыс санал­ма­ды, т.т. деп жатыр. Бірақ солар­дың біре­уі де сот­та дәлел­ден­беді. Сон­ды­қтан босқа дау­ры­ғу­дың кере­гі жоқ», – деп жал­тарған болатын. 

Өйт­кені бұл сай­лау жүй­есі дик­та­тор­лар­дың билік басын­да ұзақ оты­руы­на қолай­лы бола­тын. Сай­ла­у­шы өз бюл­ле­тенін урнаға тастаған­нан кей­ін – іс біт­ті: ары қарай сана­у­шы­лар, бақы­ла­у­шы­лар қарап тұр­са да, халы­қты алдау про­цесі баста­ла­ды. Егер де сай­ла­у­шы мен оның урнаға салған бюл­ле­тенінің кері бай­ла­ны­сы бол­са, онда дауы­стың бұр­ма­лан­баға­ны­ның, бұзыл­маға­нын өзі тек­серіп те, керек бол­са, сот­та дәлел­деп те берер еді.

Бұл – сол кезең­нен бастап-ақ билік­тің авто­ри­тар­лық жүй­е­ге ауып, халы­қты кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­нан айы­ра­тын, қыл­мысқа тең әре­кет­тер­ді заң­да­сты­ра бастаға­ны еді. Бұл – қол­да­ны­ста болып кел­ген кеңе­стер жүй­есі­нен айы­рыл­маудың ама­лы еді.

Сон­ды­қтан мен бұн­дай жасан­ды жалған сай­лау жүй­есіне тосқа­уыл қою мақ­са­тын­да, сай­ла­уда дауыс беру меха­низ­мін түбе­гей­лі өзгер­ту арқы­лы әрбір аза­мат­тың сай­ла­удағы ерік-жігері бұр­ма­лан­бай, таза, ашық өтетініне кепіл бола ала­тын, сай­ла­у­шы­лар­дың дауыс бер­ген бюл­ле­тені өзіне кері бай­ла­ны­сын жоғалт­пай­тын, сол арқы­лы дау­сы­ның бұр­ма­лан­баға­нын тек­серіп, сот­та дәлел­дей ала­тын дауыс берудің жаңа теті­гін ойлап тап­тым. Оны Алма­ты қала­сы Қаза­қстан автор­лар қоға­мын­да санат­кер­лік мен­шік ныса­ны ретін­де тір­кетіп, куәлік алдым (№19. 03.12.2000 ж.).

Осы баста­ма­ны ашық хат ретін­де ҚР пар­ла­мен­тінің мәжілісіне және ҚР Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на да жібер­ген­мін. Оған пар­ла­мент мәжілісі­нен «сіздің осы айты­лған заңға бай­ла­ны­сты ұсы­ны­ста­ры­ңы­зды пар­ла­мент мәжілісі депу­тат­та­ры­ның наза­ры­на ұсы­нып, осы заң жоба­сын талқы­лау бары­сын­да еске­ретін бола­мыз» деген жау­ап алдым (№5–15/1345 09.04.1998 ж.). Одан кей­ін пар­ла­мент үн-түн­сіз қалды.

Ал ОСК өз жау­а­бын­да «сай­лау бары­сын­да бюл­ле­тень­дер­ге серия қою және нөмір­леу – дауыс берудің жасы­рын өтуін бұза­ды, … сай­лау учас­ке­леріне бел­гі­лен­ген мөл­шер­мен серия және нөмір қой­ы­лған бюл­ле­тень­дер жібе­ру сай­ла­у­шы­ларға күдік туды­руы мүм­кін» деген жау­ап (№цик15–6/192 09.04.1998 ж.) келді.

Бірақ пре­зи­дент менің жібер­ген ұсы­ны­сы­ма жау­ап қат­па­ды. Көтеріліп оты­рған мәсе­лені көп­шілік сай­ла­у­шы­лар пікір таразыс­ы­на салып, ой еле­гі­нен өткізіп, алда өтетін пре­зи­дент сай­ла­у­ы­нан үміт­кер сая­си пар­ти­я­лар мен қоғам­дық ұйым­дар­дың пікір­лері­мен бөлі­су үшін, «Еге­мен­ді Қаза­қстан» газетіне жібер­ген мате­ри­а­лым басыл­ма­ды (10.01.1999 ж). Алай­да «Қазақ әде­би­еті» және «ХХІ век» газет­терін­де жарық көр­ді. Бұны­мен қатар көп­те­ген аза­мат­тар мен қоғам­дық ұйым, оппо­зи­ци­я­лық пар­тия өкіл­дері теле­фон арқы­лы және хат жазып, құп­тап, өздерінің қол­дай­тын­да­рын білдірді.

Онсыз да тақ үстін­де үрей­де оты­рған Ақор­да билі­гі сай­лау прин­ци­піне енгізілетін баста­ма­дан өлер­дей қоры­қты. Өйт­кені билік­тің бар­лық дең­гей­іне халы­қтың еркін, таза сай­ла­уы арқы­лы барып, жұмыс атқа­ра­тын тәр­тіп орнай­тын бол­са, онда Назар­ба­ев­тың коман­да­сы­на Ақор­да­ның есі­гі жабы­ла­ты­нын біл­ді. Бұған билік бар­лық айла-әре­кетін қол­да­нып, бол­дыр­маудың ама­лын жасады.

Ақы­рын­да билік­тің ере­же­сі­мен өткен үшін­ші пре­зи­дент­тік сай­ла­уда (2005 ж. – 91,05%), төр­тін­шісін­де (2011 ж. – 95,5%) және бесін­ші сай­ла­уда (2015 ж. – 97,7%) Назар­ба­ев­тың «басым дауы­спен жеңіс­ке жетуі» қам­та­ма­сыз етіл­ді. Бұны кезін­де бел­гілі жазу­шы-пуб­ли­цист Герольд Бель­гер «сплош­ной кере­мет» деп баға­лаған еді.

Осы­лай­ша, 30 жыл бойы «сплош­ной кере­мет­тің» арқа­сын­да Қаза­қстан билі­гі кеңес үкі­меті­нен қалған бай­лы­қты талан-тара­жға сал­ды. Кәсі­по­рын­дар­дың қон­ды­рғы жаб­ды­қта­ры бөл­шек­теніп, ауыл шару­а­шы­лы­ғын­дағы құрал-сай­ман­дар мен тех­ни­ка­лар да металл сыны­қта­ры ретін­де Қытай­ға саты­лып кет­ті. Өндіріс тоқтап, жұмыс­сыз қалған халық ауыл­дық жер­де­гі 2600 елді мекен­дерін тастап, 3,5 млн адам ішкі босқы­нға айна­лып, ірі-ірі қала­лар­дың айна­ла­сы­на келіп, лашы­қтар салып, бас сауға­ла­у­ға мәж­бүр бол­ды. Халы­қтың маң­дай тері­мен, табан еті­мен тұрғы­зы­лған ірі өндірістік кәсі­по­рын­дар мен кен орын­да­ры А.Машкеевич, П.Шодиев, А.Ибрагимов, В.Те, В.Ким, т.т. сияқты­лар­дың мен­ші­гіне беріл­ді де, жер­гілік­ті халы­ққа ештеңе қалмады.

Осын­дай әділет­сіздік­тің, опа­сыз бас­шы­лы­қтың сал­да­ры­нан елі­міз­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы терең күй­зеліс­ке тап бол­ды. 1990 жылы агроөн­діріс сала­сы жал­пы ішкі өнім­нің 44%-ын бер­се, бүгін­гісі – 5% ғана. Ал кей­бір көр­сет­кі­ш­тер 100‑1000 есе­ге дей­ін кемі­ген. Мыса­лы, құра­ма қос­па жем шыға­ру өндірісі бұрын 4 млн тон­на бол­са, қазір­гісі 4 мың тон­на ғана. 1000 есе кемі­ген. Онсыз ет өнді­ру қай­тіп дамысын?

Бүгін­де азық-түлік өнім­дерінің 90%-ын сырт­тан сатып алуға мәж­бүр­міз. Еге­мен­дік­ке дей­ін мил­ли­ард пұт­тап астық жинаған, 1,5 млн тон­на ет өндір­ген, 107 мың тон­на жүн қыры­ққан, т.т. жоға­ры көр­сет­кі­ш­тер­ге жет­кен Қаза­қстан тақыр кедей­лік­ке тап болды. 

АҚШ 1 гек­тар жер­дің күті­міне – дол­лар, Фин­лян­дия – 500 евро, Евро­одақта – 855 евро сал­са, Қаза­қстан­дағы көр­сет­кіш – 7 дол­лар ғана. Жер­ге 157 есе кем қар­жы салып, оны дегра­да­ци­ядан, дегу­мис­си­за­ци­ядан қалай­ша сақтап қалуға бола­ды? Ал қазақ халқы­ның 60–70 пай­ы­зы сол кез­де ауыл­ды жер­лер­ді мекен еткен еді. Бұл – ұлтқа жаса­лып жатқан қастан­ды­ққа тең қыл­мыс емес пе? 

Ал біз­де­гі билік осын­ша табиғи бай­лы­қтар­дан түсетін мил­ли­ард­таған қар­жы­ны қай­да жұм­сап жатқа­ны­нан халық хабар­сыз. Елі­міз­де жұмысқа жарам­ды 9 млн адам­ның 3 мил­ли­о­ны ғана зей­не­тақы қоры­на тұрақты қар­жы ауда­ра­ды. Қала­лық жер­де жұмыс­сыздық 50 пай­ы­зға дей­ін, ауыл­дық жер­лер­де 70 пай­ы­зға дей­ін өсті. Солар­дың ішін­де 3 млн «өзін-өзі асы­ра­у­шы­лар» сана­ты­на жатқы­зы­лған, 355 983 адам бас­па­на­сыз, 152 307 адам әле­умет­тік әлсіз­дер қата­рын­да. Елі­міз­де 1 млн-нан астам бала­лар не әкесіз, не шеше­сіз өсу­де. 33 мыңы – жетім­дер үйін­де, 8 мыңы – бала­лар үйін­де, 21 мыңы – патра­нат­тар қамқор­шы­лы­ғын­да. Дүни­е­жүзілік ден­са­улық сақтау ұйы­мы­ның дере­гі бой­ын­ша, Қаза­қстан­да 2020 жылға дей­ін 1,5 млн адам өз-өзіне қол жұм­сай­тын бола­ды деген дерек айтылады.

Ал тубер­ку­лез ауру­ла­ры­на шал­ды­ққан­дар саны жағы­нан Қаза­қстан әлем­де бірін­ші оры­нға шыққан. Евро­па­да 1000 адам­ның 7–9 ауыр­са, біз­де 150–185‑і тубер­ку­лез­ге шал­ды­ққан. Әйел-ана­лар­дың 70 пай­ы­зы қан­сыздық, қан­ның қызыл түй­ір­ші­гінің азды­ғы­нан ауы­ра­ды. Олар­дың қата­рын­да 370 мың­дай әйел түсік тастап, 350 мың­дай бала али­мент­ке мұқтаж, 626 мың адам мүге­дек. Жылы­на 6000 адам із-түз­сіз жоға­ла­ды. 1500 мутант болып туған бала­ларға берілетін жәр­де­мақы 30 мың тең­ге­ден ғана.

Түр­ме­лер­де 51 843 адам, абақты­лар­да 8298 адам қамауда отыр. Олар­дың 3130‑ы әйел, 450‑і жасөс­пірім­дер. Бұн­да ұрып-соғып, қина­удан жылы­на 268 адам өледі. Оның ішін­де 26-сы өз-өзіне қол жұмсайтындар. 

Міне, осы мәсе­ленің түй­іні – ат төбелін­дей топ­тың билік­ті жалған сай­лау арқы­лы басып алуын­да жатыр. Ал сай­ла­уды әділ, ашық және таза өткі­зудің басты шар­ты – ҚР сай­лау тура­лы және сая­си пар­ти­я­лар тура­лы заң­на­ма­ла­рын халы­қа­ра­лық талап­тарға сай ету. Ал дауыс беру про­цесінің меха­низмдеріне келер бол­сақ, бірін­ші кезек­те, көп­те­ген шетел­дер­де­гі сияқты, элек­трон­ды дауыс беру жүй­есін енгі­зу қажет еді. 

Бірақ біздің билік мұн­дай мүм­кін­дік жаса­удан қат­ты қорқа­ды. Ал қағаз бюл­ле­тень­дер арқы­лы қалып­тасқан дауыс беру тәр­тібін әділ өткі­зу үшін, «вело­си­пед ойлап табу­дың» қажеті жоқ. Сай­ла­уда дауыс беру бюл­ле­тень­дерін лоте­рея билет­терін­де­гі тәрізді сери­я­лап, көп сан­ды нөмір­леп шыға­ру қажет (үлгінің фото­кө­шір­месіне қараңыз). Серия сай­лау округ­тері мен учас­ке­лерінің ата­у­ла­ры­на қарап, алға­шқы бір, екі бас әріп­тері­мен бел­гі­лен­се, нөмір­лері рим цифр­ла­ры­мен бел­гі­ле­неді. Ал бюл­ле­тень­де­гі нөмір­лер әр сай­лау уча­сто­гын­да сай­ла­у­шы­лар саны­на жететін етіп, мың­дық, мың жарым­дық цифр­лар­мен жазы­ла­ды. Сай­лау күні бюл­ле­тень­дер арнайы жәшік­тер­ге кар­то­те­ка тәріз­дес тігі­нен орна­ла­сты­ры­ла­ды. Сай­ла­у­шы жәшік­тер­ден бюл­ле­тень­нің біре­уін алып, шымыл­дық ішіне кір­ген соң, өзінің таң­да­уын жасай­ды да, бюл­ле­тень нөмірін, сери­я­сын жазып ала­ды. Содан кей­ін дауыс беру жәші­гіне апа­рып сала­ды. Осы­лай­ша сай­ла­у­шы өз бюл­ле­тенінің ізін жоғалт­пай­ды. Сол арқы­лы бер­ген дау­сын бұр­ма­ла­у­ға жол бермейді.

Сай­лау уақы­ты біт­кен­нен кей­ін, сай­лау комис­си­я­сы әр пар­ти­я­лар­дың өкілет­ті бақы­ла­у­шы­ла­ры­ның қаты­суы­мен дауыс беру­ге қаты­спаған бюл­ле­тень­дер­дің нөмір­лері мен жал­пы есеп санын көр­сетіп, хат­та­маға түсіреді. Және сол жер­де өртеп жібе­реді. Бұдан кей­ін дауыс бер­ген жәшік­ті сол бақы­ла­у­шы­лар алдын­да ашып, дауы­сқа қаты­сқан бюл­ле­тень­дер­ді әрбір кан­ди­дат­тың үлесіне түс­кен нөмір­лерін көр­сетіп, кім­дер­дің қан­ша дауы­сқа ие болған­ды­ғын хат­та­маға түсіреді. Одан әрі округ­тік комис­си­яға, олар Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на арнайы поч­та­мен жібе­реді. Және ертеңіне шыға­тын жер­гілік­ті газет­тер­ге, элек­трон­ды ақпа­рат құрал­да­ры­на жари­я­лау үшін хат­та­ма­ның бір дана­сын жібе­реді. Бұдан кей­ін әрбір БАҚ-ның жари­я­лаған мағлұ­мат­та­ры арқы­лы сай­ла­у­шы өзінің кеше­гі дауыс бер­ген бюл­ле­тень­де­гі нөмірін, өзі таң­даған кан­ди­дат­тың үлесіне жазы­лға­ны­на көз жеткізеді.

Егер өзі дауыс бер­ген бюл­ле­тень нөмірі басқа кан­ди­датқа жазы­лып кет­кен бол­са, сотқа шағым­да­нуы­на әбден бола­ды. Және сот алдын­да өзі дауыс бер­ген бюл­ле­тень нөмірін айтып қана қой­май, бюл­ле­тень­нің екін­ші бетіне салып жібер­ген бел­гісін көр­сет­се (таң­ба ретін­де неме­се алты, жеті цифр ретін­де), толық дәлел­дей алады.

Бұл пікірім­нің төре­шілі­гін, құр­мет­ті оқыр­ман қауым, сіз­дер­ден күте­мін. Сіз­дер­дің қосып, түзе­тетін пікір­леріңіз газет бет­терін­де зия­лы аза­мат­та­ры­мы­здың ой еле­гі­нен өтіп, шеші­мін тауып жат­са, онда бәрі­міздің де осы тір­шілік етіп оты­рған қоға­мы­м­ы­зды жақ­сар­туға қосқан үлесі­міз болғаны.

Мақсұт ҚАЛЫБАЕВ,

қоғам зерт­те­ушісі, Қазақстанға 

ерекше еңбе­гі сің­ген зейнеткер

Алма­ты қаласы

Республиканский еженедельник онлайн