Вторник , 13 мая 2025

Алмагүл ҚҰМАШЕВА: БІЗ ҰЛТ РЕТІНДЕ жоқ болып кетудің АЛДЫНДА ТҰРМЫЗ

Аста­на­лық көп бала­лы ана­лар сәуір­дің 15‑і күні мәжіліс депу­тат­та­ры мен Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гі өкіл­дері­мен кез­десіп, өз мұң-зар­ла­рын айтқан еді. 

Осы кез­де­судің басты кей­іп­кері болған жалғы­зілік­ті, төрт­ба­ла­лы ана Алма­гүл Құма­ше­ва­ның жаны­на батқан жағ­дай­ды ашы­на жет­кіз­ген ащы дауы­сы интер­нет әле­мін шар­лап жүр. Оны есті­ген, видео­ны көр­ген адам­ның жан-жүре­гі езіл­ме­уі мүм­кін емес. Біз Алма­гүл­дің сол дауы­сы мен «Азатты­ққа» бер­ген видео-сұх­ба­тын қаз-қал­пын­да мәтін­ге түсіріп, оқыр­ман наза­ры­на ұсы­нып отырмыз. 

Осы жер­ге жиналған­дар­дың 18-ге толып кет­кен соң, оқуы бар, жағ­дайы жасалған бала­сы бар ма (жиналған жұрт біра­уы­здан «жоқ» деді – Ред.)? Қай­да кет­ті ол бала­пан? Он сегіз­ге тола­ды да, далаға кете­ді. Өйт­кені оның ата-ана­сы­ның жағ­дайы жоқ, өзі сатып алған неме­се мем­ле­кет бер­ген бір-екі бөл­ме­де тығы­лып отыр. Бесік­тен белі шық­пай, кет­ті далаға. Оңтүстік Коре­яға, Аме­ри­каға, Қытай­ға кет­ті. Өз Ота­ны­мы­зда, өз елі­міз­де неге тұрмайды? 

Ол үшін не істеу керек екенін айтай­ық па? Осын­да оты­рған ана­лар 80–100 мың тең­ге­ге жұмыс істесін: 500 мың тең­ге айлы­қты бүгін бере алмай­сыздар. Тіп­ті он жыл­да да бере алмайсыздар. 

Ана­лар не істей­ді? Бола­шақтан күдер үзе ме? Жоқ әлде азын-аулақ зей­не­тақы­сы­мен18-ге толған, қай­да бара­рын біл­мей жүр­ген бала­сы мен қызы­ның мой­ны­на оты­рып ала ма? /Сіздірдің/ күн­делік­ті тамағы­ңы­зға, отба­сы­ңы­зға қан­ша ақша кете­ді? /Сіздер/ өз эко­но­ми­каңы­зды жүр­гі­зесіз бе? 

Ағай­ын­дар, төрт балам­мен мен қат­ты қина­ла­мын. Қызым беті­мен кет­ті. Қай­да кет­ті? Ол шетел­ге қашып кет­ті, арты­нан қуып барған жерім­нен, сол жер­дің «ФСБ»-сы менен себебін сұраған­да, жағ­дай­ды түсін­діріп айта алма­дым. «Мен – ана­мын, балам­ды қай­та­рып алғым келеді», – дедім. «Балаңыз неше­де?» – деп сұра­ды. «Он тоғы­зда», – дедім. «Балаңыз осын­да қала ма?» – деп сұра­ды. «Балам осын­да қалғым келеді, Қаза­қстан­да мен бітіретін ештеңе жоқ, анам­ның жанын­да қалғым кел­мей­ді, оның күн­делік­ті ауыр жағ­дай­ын есті­гім кел­мей­ді. Анам туып бер­ген бала­ла­рын асы­рағым кел­мей­ді. Олар­ды асы­ра­уға құқым да, қақым да, тіп­ті ниетім де жоқ», – деді. 

Мен /осылай/ балам­нан айы­рыл­дым. Енді екін­ші балам бір жыл­дан кей­ін 18-ге тола­ды, оның да арма­ны – кету. Мен күн­де ұрсы­сам, шар­ша­дым. Менің 11 жастағы қызым бүгін таңер­тең: «Сен қай­да бара жатыр­сың? Ол жер­ге барып не айта­сың?» – деп сұра­ды. «Мен ол жер­де үй мәсе­лесін, ақша мәсе­лесін, өзім­нің жағ­дай­ым­ды, сен 18-ге толған­да не бола­ты­нын айта­мын. Сол жер­де оты­рған аға­лар мен тәте­лер біз­ге оңды жау­ап берер», – дедім. 

Қызым­ның не айтқа­нын білесіз­дер ме, Свет­ла­на Қабы­ке­нов­на (еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрі Жақы­по­ва – Ред.)? «Ол жер­ге мен де бар­сам бола ма? Мен де біле­мін не айту керекті­гін, өлең жазып жүр­мін ғой. Өзім­нің қай­да тұрып жатқа­ным­ды айт­сам, бола ма? Ол кісі мені тани ма?» – деп сұра­ды. Таны­май­ды деп айта алма­дым. «Тани­ды, жағ­дай­ла­ры бол­май жатыр», – дедім. 

Ал біздің жағ­дай­ы­мыз бәріне жете­ді. Тәу­ел­сіздік алып, өз алды­мы­зға бір сер­пін болып, өзі­міздің пар­ла­мен­ті­міз, мем­ле­кеті­міз болып, халы­қа­ра­лық ұйым тани бастаған кез­де 12–13 мил­ли­он ғана қазақ едік. Қазір 2019 жылы біз көбей­ген жоқ­пыз: бес-ақ мил­ли­он адам қосы­лып­ты. Оның ішін­де 3 мил­ли­онға жуы­ғы – орал­ман­дар, қалға­ны – екі мил­ли­он­нан сәл ғана аса­тын сәби дүни­е­ге келіп­ті. Дәл осы­лай «өсетін» бол­сақ, бес-алты жыл­да екі есе кеміп кете­ді екен­біз. Біз ұлт ретін­де жоқ болып кетудің алдын­да тұр­мыз. «Қазақ халқы жой­ыл­сын!» деген бұл кім­нің сая­са­ты? Қаза­қтан жақ­сы халық бар бол­са, көр­сетіңіз­ші?! Қазақ өзі барып, ешкім­ге шапқын­шы­лық жаса­маған, сабыр­лы халық, үлкенін құр­мет­теп, кіші­ге қыз­мет көр­сет­кен. Біз дін­ге жоқ шығар­мыз, білі­мі­міз аз шығар, бірақ біз адам­быз, біз ең сабыр­лы, қаны таза мем­ле­кет­піз. Өзге елдер қаза­қта мута­ция жоқ деп таң қалып жатыр. Өйт­кені біздің ниеті­міз таза. 

Сіз­дер­ді, Свет­ла­на Қабы­ке­нов­на­дан басқа­ла­ры­ңы­здың кім екен­деріңізді біл­мей­ді екен­мін, осы күн­ге дей­ін үйде оты­рып, жылаған­нан басқа түк бітір­ген жоқ­пыз. Шынын­да да, шәй­нек­ті газ­дың үстіне қой­ған соң, ол қай­нау дәре­же­сіне жете­ді, егер оның бар­лық шүмек, тесік­терін жауып тас­та­саңы­здар, қай­на­удан – аты­лу дәре­же­сіне жете­ді. Бәл­кім, сол дәре­же­ге жақын­дап қалған шығармыз. 

Өтіні­ші­міз сол, құлақта­ры­ңы­зды қой­ы­ңы­здар, анау жақта депу­тат­тар отыр, Свет­ла­на Қабы­ке­нов­на, жалғыз өзіңіз ештеңе біті­ре алмай­тын шығар­сыз, бірақ біздің құлағы­мыз бен көзі­міз болып, «былай істе­сек, қалай бола­ды?» – деп, сәл де бол­са көңіл бөліңіздер. 

Бала­лар кіш­кен­тай бол­ды ғой, мүм­кін, мен /күйеуіме/ сәл қысым көр­сет­кен шығар­мын. Тұра алма­дық. Қан­ша қиын­дық көр­сем де, тағ­дыр­дың ауырт­па­лы­ғы­на мой­ы­ма­дым. 34 жасым­да оқу бітіріп, диплом алдым. 2002 жылы жақын­да­рым­ның кеңесі­мен жалғы­зілік­ті ана ретін­де Қараған­ды қала­сы Қазы­бек би ауда­нын­да пәтер кезе­гіне тұр­дым. Кей­ін тұрғын-үй ком­му­нал­дық шару­а­шы­лы­ғы бөлі­мінің құры­лы­мын­да өзгеріс болып, архив­те­гі бірқа­тар құжат жоға­лып кет­кен. Солар­дың ара­сын­да менің де құжа­тым жоға­лып, пәтер кезе­гі­нен айы­ры­лып қал­дым. Кей­ін құжат­та­рым­ды қай­та жинап, бас­па­на кезе­гіне тағы тұрдым. 

Үй кезе­гіне тұрған кез­де мен 29 жаста едім. Өзіңіз ойлаңыз­шы, қазір жасым 47-ден асты. Оңай емес. Мен де өмір сүр­гім келеді… /жылады/. Менің де арман­да­рым бар еді. Маман­ды­ғым бой­ын­ша қыз­мет­ке тұру қиын бол­ды, бала-шаға­ны асы­рау үшін ешқан­дай жұмыстан тар­тын­ба­дым. Ыдыс та жудым, қап та тасы­дым. Далаға шығып, сауда да жаса­дым. Кон­дук­тор да бол­дым. Бала­ла­рым­ды тастап кетіп, басқа жаққа барып жұмыс істе­уі­ме тура кел­ген кез­дер де болды. 

 Бүгін­гі күні Алла­ның бер­ген бір тиы­ны­на бере­ке бер­сін деп жүр­міз, бар­лық қаза­қтар сияқты. Өзге­лер­ге қараған­да, хан сарай­ын­да өмір сүріп жатқан шығар­мын: ас ішетін кіш­кен­тай ғана үстелім, жата­тын төсе­гім бар. Қазір 70 мың айлы­ққа жұмыс істеп жүр­мін, ол тұрақты айлық емес, уақыт­ша күн­көріс көзі. Жыл сай­ын келісім-шар­тқа оты­ра­мын. Орын бол­са – бара­сың, бол­ма­са – бар­май­сың. Қазір жал­пы аумағы 28 шар­шы метр бөл­ме­де тұрып жатыр­мын. Жарам­ды аумағы 10 шар­шы метр­ге жетер-жет­пес. Аядай бөл­ме төрт ада­мға тар­лық қылған­ды­қтан, 17 жастағы ұлым – Әділ қала­дағы туы­сы­ның үйін­де тұрып оқи­ды. Өзім­мен бір­ге 11 жастағы Фати­ма мен он жасар Ясин-Ислам ғана тұрады. 

Исла­мым маған тар­тқан, сөз­ге жүй­рік. Ойы­на не кел­се, соны айта сала­ды. Ұлым маған: «Өмір­де жолым бол­маған, өйт­кені мен әлем­де­гі ең нашар ата-ана мен мем­ле­кет­те тұра­мын. Менен біреу осын­дай жер­де тұрғың келе ме деп сұра­ды ма? Тере­зе қай­да? (видео­да шатыр астын­дағы пәтер­дің төбе­ге қараған шағын тере­зесі ғана көрі­неді – Ред.). Әлем­ді өз көзім­мен көр­гім келеді. Бұл үйде тор­дағы жол­ба­рыс сияқты­мын», – дей­ді. Жаны­ма бата­ды. Бірақ ама­лым жоқ. 

Тұрған жері­міз жай­сыз, тұр­мысы­мыз ауыр болған­ды­қтан, үлкен қызым Айда­на (23 жаста) төрт жыл бұрын Санкт-Петер­бург қала­сы­на оқуға кетіп, сон­да қалып қой­ды. Аллаға шүкір, қазір жағ­дайы жақ­сы. Мен қазір өкін­бей­мін. Бірақ сол кез­де оның кет­кеніне рен­жідім. Арты­нан қуып барып, алып кет­кім кел­ді. Қызым: «Қала­мын, осы жер­де оқы­ғым келеді, басқа жер­лер­ді көр­гім келеді», – деді. Бірақ Қаза­қстан­да менің жағ­дай­ым осын­дай /қиын/ деген жоқ. 

Өкіні­штісі сол – біздің жастар /еліне емес/ шетел­ге көбірек керек болға­ны ма? Екін­ші ұлым Әділ Нұр-Сұл­тан қала­сын­дағы дарын­ды бала­ларға арналған «Зер­де» мек­тебін­де 11-сынып­та оқи­ды. Ол да бола­шақта шетел­де білім алғы­сы келеді. Мықты про­грам­мист болу­ды арман­дай­ды. «Кете­мін» десе, жолын бөгемеймін. 

Бала­ла­рым­ның сапа­лы білім­ді шетел­ден ізде­мей, өз елін­де ала­тын­дай жағ­дай­ға жет­кенін көр­гім келеді. Мен Қаза­қстан – Дубай, Фран­ция, Аме­ри­ка сияқты, адам­дар­дың арма­ны­на айнал­са екен дей­мін. Ал менің бала­ла­рым сон­дай қол жет­пес мем­ле­кет­тің аза­ма­ты бол­са екен дей­мін. Бала­ла­рым Қаза­қстан­да білім алып, кей­ін шетел­дік ком­па­ни­я­лар олар­ды жұмысқа шақыр­са деймін.

Мәтін­ді дайындаған – 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ 

Республиканский еженедельник онлайн