Вторник , 1 июля 2025

ҚОСАНОВ ҚОСЫНДАҒЫ ҚОСТАУ – биліктің құлағына «алтын сырға»…

Елі­міз­де жари­я­ланған кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­лау «дода­сы» қыза бастаған сияқты. Билік­тің негіз­гі үміт­кері Қасым-Жомарт Тоқа­ев­ты есеп­те­ме­ген­де, осы­ған дей­ін естіп-біліп, көз көр­ме­ген, ел ішін­де беделі тұр­мақ, таным­ды­лы­ғы жоқ үміт­кер­лер­дің әп-сәт­те тір­ке­лу­ге қажет­ті 118 мың адам­ның қолын қалай жинап үлгер­ген­дерін айтып жату артық болар. Есесіне аза­мат­тық қоғам­ның үміт­кері сана­ла­тын Әмір­жан Қоса­но­втың әле­умет­тік желі­де­гі қол­да­у­шы­ла­ры мен сын­шы­ла­ры­ның бел­сен­ділі­гі өршіп тұр. 

Сон­ды­қтан редак­ци­я­ның тап­сыр­ма­сы­мен тәу­ел­сіз кан­ди­дат­тың Алма­ты­дағы шта­бы­на аттың басын бұрып, сол жер­де­гі сай­лау науқа­ны­ның тір­шілік­тері­мен таны­сып қайт­тық. Зия­ны­мыз тиіп кет­пе­сін деген оймен, Әмір­жан Қоса­но­втың өзін тіл­ге тарт­пай, тек оның сенім­ді өкілі мен қара­пай­ым қол­да­у­шы­ла­ры­мен ғана сұх­бат­та­сып қайттық. 

Бір қызы­ғы, шта­бқа келіп-кетіп жатқан адам­дар­дың легіне қараған­да, осы сай­ла­уда Қоса­нов тек ұлт­шыл­дар мен қара­пай­ым қаза­қтар тара­пы­нан ғана қол­дау таба­ды деген ұста­ным қате деген ойды түй­ін­де­у­ге бола­ды. Қол қоюға кел­ген­дер­дің ара­сын­да жасы да, кәрісі де, қаза­ғы да, оры­сы да, басқа­сы да бар. Бұл бел­сен­ділік­тің жау­а­бы неде деген сұраққа Ақор­да­ның аула­сы­на бай­ланған сая­сат тех­но­лог­та­ры бас қатыр­сын деген сиг­нал тастадық…

Қоса­но­втың қосы­на ат басын бұру­дың тағы бір себебі бар еді. Өткен жұма және сен­бі күн­дері редак­ци­яға аймақтар­дан бір­не­ше теле­фон қоңы­ра­уы түсті. Мәсе­лен, Құлан (бұры­нғы Луго­вой ауы­лы) ауы­лы­нан өзін әске­ри «кон­тракт­ник» деп таны­сты­рған қоңы­рау қағу­шы: «Біздің гар­ни­зон­ның үлкен­ді-кішілі офи­цер­лері сар­ба­з­дар ара­сы­нан Қоса­но­вқа дауыс жинап, әлек болып жатыр. Бұл жағ­дай­дың мәнін түсін­бедік…» – деді. 

Ал Қоста­най­дан теле­фон соққан ежел­гі авто­ры­мыз, өзін Жар­ма­хан Тұяқ­бай­дың ежел­гі таны­сы­мын деп атаған аға­мыз: «Менің көр­шім қала­лық ден­са­улық сақтау депар­та­мен­тін­де шолақ бел­сен­ді еді. Түс әреді­гін­де есік алдын­да кезі­гіп қал­дым. «Әкім­шілік­тің тап­сыр­ма­сы­мен сіздің кан­ди­датқа дауыс жинап жатыр­мыз…» деп, мені разы қылғы­сы кел­ді. Бұл ақпа­рат­тың ақ-қара­сын ажы­ра­туға бола ма?» – деді таңға­лы­сты үнмен.

Әлбет­те, біз билік­тің ішін­де қан­дай «ит өліп жатқа­ны­нан» хабар­сыз болған­ды­қтан, жағ­дай­ды Әмір­жан Қоса­но­втың шта­бы­нан білу­ге асы­қтық. Онда біз­ге алға­шқы жолы­ққан бел­сен­ді, бел­гілі кино­ре­жис­сер Еркін Рақы­шев мыр­за болды.


«Алма­ты тұрғын­да­ры Әмір­жан Қоса­но­втың кан­ди­да­ту­ра­сын өте жақ­сы қабыл­да­уда, – деді біздің сау­а­лы­мы­зға үн қатқан Еркін мыр­за. – Билік 120 мың қол жинау үшін тым қысқа мерзім бер­се де, бүгін­гі күні біз сол көр­сет­кіш­ке жақын­дап қал­дық. Рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша қазір­дің өзін­де 100 мыңға жуық қол жинап үлгер­дік. Алды­мы­зда әлі екі-үш күні­міз бар. Сон­ды­қтан пре­зи­дент­тік додаға тір­ке­лу үшін қажет­ті 120 мың қол­ды жинай­мыз деген­ге сені­мі­міз мол. 

Қоса­но­вты қол­да­удың тағы бір себебі – халы­қтың бүгін­гі билік­тен әбден қажы­ға­нын­да деп айтуға бола­ды. Әмір­жан­ның орнын­да әйте­уір бір халық іші­нен шыққан үміт­кер бол­са бол­ды, оны да дәл осы­лай қол­дар еді. Мәсе­ле Әмір­жан­да ғана емес, халы­қтың қазір­гі ойы билік­ке қар­сы тұлға­ны қол­да­уда болып тұр. Бұл мен Әмір­жан­ның дең­гей­ін түсіріп тұр­мын деген ой емес, жал­пы халы­қтың ұста­ны­мы солай. 

Бүгін­де әле­умет­тік желі­де­гі түр­лі сау­ал­на­маға қара­сақ, Әмір­жан­ның кан­ди­да­ту­ра­сы Тоқа­ев­тан әлдеқай­да басым болып тұр. Билік­тің өкілі Тоқа­ев­тың кан­ди­да­ту­ра­сы үшін бар­лық әкім­шілік ресур­стар­ды жұмыл­ды­ра­ты­ны, әрине, ол – бөлек әңгіме. 

Әрине, бүгін­гі сая­си жағ­дай­да Әмір­жан жеңіп кете­ді деп айту қиын, себебі билік 30 жыл бойы жиып-тер­гені­нен бір күн­де айы­ры­ла сал­май­ты­нын жақ­сы біле­міз. Бірақ Әмір­жан­ның сай­ла­у­ға түсіп жатқа­ны халы­ққа үлкен сенім береді. Халық Әмір­жан­ды қол­дау арқы­лы өзіне деген сенім­ділі­гін өсіріп отыр. Талай жыл­дан бері бірін­ші рет халы­қтың өкілі сай­ла­у­ға түсіп жатыр. Сенім болған жер­де үлкен күш пай­да бола­ды. Келесі сай­ла­уда бір жұды­ры­ққа жұмыл­сақ, бірі­гіп жұмыс жаса­сақ, біз жеңіс­ке жете­міз және біз ол жеңісті қорғап қала ала­мыз деген ұста­ны­мға ие бола­ды. Бұл – сай­ла­удағы негіз­гі жеңісі­міз болмақ! 

Нәти­же­сін­де, келесі сай­ла­уда билік осы­ған дей­ін­гі барған бас­сызды­қтан аяқ тар­та­ды. Халық өкілінің дауы­сын ашы­қтан-ашық ұрлай алмай­тын бола­ды. Біз де ұрла­у­ға жол бер­мей­міз»,– деді Әмір­жан­ның бел­сен­ді жақ­та­сы Еркін Рақышев. 

«Ал билік Әмір­жанға қол жина­уға көмек­тесіп жатыр деген қау­е­сет­ке қаты­сты не айта­сыз?» – деген сау­а­лы­мы­зға Еркін мыр­за аң-таң бол­ды: «Билік біз­ге қол жинап беріп жат­са, ертең күн баты­стан шыға­тын шығар!» – дей­ді кинорежиссер. 

«Бұл сай­лау аза­мат­тық қоғам­ды екі­ге жар­ды. Біре­уі сай­ла­у­ға мей­лін­ше бел­сен­ді ара­ла­су керек десе, енді біре­уі әділет­сіз сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­лау керек деп отыр. Сіз бұл көзқа­расқа қалай қарай­сыз?» – деп, Еркін мыр­за­мен сұх­бат­ты сабақтай түстік. 

«Бой­кот жари­я­лағы­штар сай­лау әділ өтпей­ді деген уәж­ді көл­де­нең тар­тып отыр. Олар сай­лау заңы әділет­сіз, онда аза­мат­тық қоғам­ның үміт­кері үшін көп­те­ген жасан­ды бөгет­тер бар деген мәсе­ле­лер­ді сай­ла­у­ға дей­ін айту керек еді. Енді жар­ты жолға кел­ген­де, бой­кот дей­ді. Осы­лай­ша олар халық іші­нен шығып оты­рған Әмір­жан Қоса­но­вқа үлкен кедер­гі кел­тіріп отыр. Бұл әре­кет халы­қты әбден шата­стыр­ды. Бой­кот­ты мүй­ізі қарағай­дай сая­сат­кер­лер айтып жүр. Менің ойым­ша, бой­кот қате ұста­ным. Бұған дей­ін қан­ша рет бой­кот жари­я­лан­ды, содан не ұттық және кім ұтты?! Тек қана билік ұтты! Сен «бой­кот» деп сай­ла­у­ға қаты­спа­саң, билік өзінің қуыр­шақта­рын еш қинал­май өткі­зе сала­ды. Егер бой­ко­тқа жақ­тас адам­дар Әмір­жан­ды қол­да­са, бәрі­міз бірі­гіп үлкен күш­ке айна­лар едік».

Әрине, біз Ере­кеңнің пікіріне қар­сы­лық біл­ді­ре алма­дық. Бірақ тәу­ел­сіз кан­ди­дат билік­тің сая­си қой­ы­лы­мын заң­да­сты­рып беретінін біл­ме­уі мүм­кін емес еді. Сай­ла­удың нәти­же­сін­де қажет­ті дауыс пай­ы­зын жаз­ды­рып алған билік­тің тех­но­лог­та­ры: «Біздің кан­ди­дат оппо­зи­ция өкілі­мен текетіре­сте жеңіс­ке жет­ті» дей­тіні бесе­не­ден бел­гілі жәйт.


Қоса­но­втың қосы­на қол­дау көр­се­ту­ге кел­ген эко­но­мист Сәу­ле Әбі­ло­ва халық ара­сын­да қалып­тасқан пікір­ді жай­ып сал­ды (қаз-қал­пын­да): «При­зна­юсь чест­но, я не осо­бо увле­ка­юсь поли­ти­кой, и в штаб Амир­жа­на Коса­но­ва при­шла по при­зы­ву сво­их дру­зей, – деді жаса­мыш бике. – Воз­мож­но, мы черес­чур при­да­ем мно­го зна­че­ния, вда­ва­ясь в дета­ли, одна­ко, на мой взгляд, общий век­тор нынеш­них поли­ти­че­ских про­цес­сов дви­жет­ся в сто­ро­ну про­грес­са. Я знаю, что рано или позд­но ситу­а­ция в стране поме­ня­ет­ся, и я хочу пожить при этом времени. 

В моло­до­сти, как и мно­гие мои сверст­ни­ки, я была иде­а­ли­стом. Окон­чив КИМЭП, рабо­та­ла эко­но­ми­стом и все свои про­фес­си­о­наль­ные навы­ки хоте­ла напра­вить на про­цве­та­ние Казах­ста­на. У нас был боль­шой энту­зи­азм. Мы толь­ко вышли из соста­ва СССР, и всё для нас было новым. В те годы в Казах­стане бла­го­да­ря пре­зи­ден­ту Нур­сул­та­ну Назар­ба­е­ву было сде­ла­но мно­го реформ. Мы рабо­та­ли каж­дый на сво­ем месте на пол­ную катуш­ку. Для меня это был драйф. Спу­стя годы, ситу­а­ция силь­но изменилась. 

Я посчи­та­ла, что чело­век, кото­рый выстра­дал такую пози­цию и не изме­нил сво­е­го мне­ния за столь­ко лет оппо­зи­ци­он­ной дея­тель­но­сти, а так­же име­ет заряд актив­но­сти, и кото­ро­му есть что ска­зать и что сде­лать, может стать достой­ным кан­ди­да­том от граж­дан­ско­го обще­ства. Я думаю, что если он прой­дет, то дру­гие оппо­зи­ци­он­ные силы будут кон­со­ли­ди­ро­вать­ся вокруг него».


Сәу­ле ханым­ның пікірін қол қоюға кел­ген зей­нет­кер Раи­да Бан­ни­ко­ва жалға­стыр­ды. Қазақ бауы­рын қол­да­уға кел­ген орыс апа­мы­здың ой-жоралғы­сы­на қараған­да, Қаза­қстан­дағы сая­си про­бле­ма бар­ша ұлтқа ортақ бас ауруы­на айналған екен. 

«Я сего­дня при­шла, что­бы поста­вить свою под­пись за кан­ди­да­та в пре­зи­ден­ты Амир­жа­на Коса­но­ва, – деді Раи­да апай. – Я воз­ла­гаю на него боль­шие надеж­ды. Вни­ма­тель­но читаю его интер­вью, сле­жу за его выска­зы­ва­ни­я­ми и могу ска­зать, что хоро­шо зна­ко­ма с его граж­дан­ской пози­ци­ей. К тому же он моло­дой и новый чело­век. Имен­но таких сего­дня нам не хва­та­ет. Глав­ное, что он не из окру­же­ния нынеш­ней вла­сти. Мы верим в его чест­ность и пре­дан­ность наро­ду. Пото­му что про народ у нас дав­но забы­ли. Наши вла­сти реша­ют свои дела, а на чая­нья про­стых людей уже дав­но не обра­ща­ют ника­ко­го вни­ма­ния. Людям с каж­дым годом живет­ся всё хуже и хуже. Я хочу, что­бы мои дети и вну­ки жили достой­но! Казах­стан моя и Роди­на моих детей и вну­ков! Дру­гой роди­ны у меня нет! Поэто­му я хочу и меч­таю, что­бы они жили в демо­кра­ти­че­ской стране, где нет кор­руп­ции и про­из­во­ла. Ведь кор­руп­ция и семей­ствен­ность – глав­ные вра­ги наше­го госу­дар­ства и обще­ства. Я не желаю, что­бы они в буду­щем поки­ну­ли Казах­стан! Я хочу, что­бы они жили на род­ной зем­ле! Я и моя семья зна­ем, за кого мы про­го­ло­су­ем 9 июня».

Әмір­жанға қол­дау біл­дір­ген аза­мат­тар ағы­нын­да шек жоқ екенін көріп, біз редак­ция теле­фо­ны­на түс­кен қоңы­ра­у­лар қау­е­сет шығар деген оймен орал­дық. Ал кеше – жек­сен­бі күні Әмір­жан Қоса­но­втың шта­бы қажет­ті қол­да­уды жинап болып, «ЦИК»-ке құжат өткізу­ге аттанған­да­рын хабар­ла­ды. Қажет­ті 120 мың­ның төңіре­гін­де­гі қол айнал­ды­рған үш-төрт күн­нің ішін­де жиналға­ны рас бол­са, бұл билік үшін шыны­мен-ақ бас қаты­рар­лық мәсе­ле бол­са керек…

Аза­мат ШОРМАНХАНУЛЫ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн