Пятница , 4 июля 2025

Соғысты тойлау – ӨТЕ АУЫР КҮНӘ

Дүни­е­де өзің­мен көр­ші тұрған ел сенің қолы­ң­да бары­ң­ды, жер-суы­ң­ды, қазы­на-бай­лы­ғы­ң­ды өзінің әкесі­нен қалған қыру­ар бай­лы­ғын­дай ием­деніп алға­ны­мен қой­май, өзіңнің белің­нен шыққан ұрпағы­ң­ды да – ненің оң, ненің – теріс екеніне ой жүгірт­пей­тін және сол басқын­шы ел қан­дай арам­за­лық үгіт, уағыз айт­са, соның бәріне сенетін, өзінің тілі­нен гөрі, сол қожай­ы­ны­ның тілін­де тәуір­леу сөй­лей­тін, сол не айт­са, соны қай­та­лай­тын мәң­гүрт­ке айнал­ды­рға­ны қасірет екен. 

Осы­дан біраз жыл бұрын ҚазҰУ бітір­ген бір жиенім маған: «Сен ұлт­шыл­сың! Ұлт­шыл бола­мын деп, Гит­лер, Напо­ле­он, Шыңғыс хан не бол­ды? Сен ұлт­шыл­ды­ғы­ң­ды қой­ма­саң, соларға ұқсап құрып кетесің!» деп жер-жебірі­ме жет­ті. Ойнап айтып тұр ма деп, бетіне қара­сам, ондай­дың ізі де жоқ. Керісін­ше, мені Гит­лер, Напо­ле­он, әлде Шыңғыс хан болып кететін­дей, маған үлкен бір аяны­шпен қарай­ды. Күл­кім кел­генін бай­қат­пай­ын деп, тілім­ді қат­ты тістеп едім, бола­тын емес. 

Осын­дай­да бір ойшыл­дың сөзі ойы­ма ора­ла кет­ті. «Өзінің құл екенін білетін, бірақ сол құл­ды­қтан құты­луға әре­кет жаса­май, ішкен-жегеніне мәз құл – нағыз құл. Ал өзінің құл екенін білетін және сол құл­ды­қтан құты­луға қол­дан кел­ген­ше қаре­кет жасай­тын құл­ды – құл деу­ге бол­май­ды. Ол нағыз адам деп­ті». Сол ойшыл осы сөзін менің әлгі жиені­ме емес, осы күн­гі қазақ ата­улы­ның көбіне арнаған­дай көрі­неді де тұра­ды. Және сол қаза­ғы­ңыз, Құдай кешір­сін, үш ғасыр­дай пат­ша­лық та, Кеңе­стік те, Ресей де улап тастаған құл­дық санам­нан ары­лай­ын деген ой басы­на кіріп-шық­пай­тын сияқты. 

Сөй­те тұра, сол қазе­кең дінін де, тілін де, салт-дәстүрі мен ұлт­тық тәр­би­есін де сақтап оты­рған көр­шілес ұлт­тар­дан өзін озық санай­ты­нын қай­тер­сің?! Әсіре­се Ресей­дің әлі де жүр­гізіп келе жатқан импе­ри­я­шыл сая­са­ты­ның дем беруі­мен «Жеңіс күні» деп ата­ла­тын (9 мамыр­дағы) мей­рам-сымағын көр­шілес елдер Қаза­қстанға ұқсап, мем­ле­кет­тік дең­гей­де той­ла­май­ты­нын, соғы­ста шаһид болған әке­лері мен ата­ла­ры­на күңіреніп оты­рып, тек дұға бағы­штай­ты­нын айтып, мақа­ла жазға­ным үшін, кей­бір қазақ әле­умет­тік желі­де (әсіре­се «Абай kz»-те) мені түтіп жей жаз­да­ды. Бір жақ­сы жері сол – бай­ғұстар шын аты-жөнін айтуға да баты­лы жет­пей­ді. Қашан­да орыс не істе­се, соны істеп, орыс не айт­са, соны қай­та­лау қаны­на сің­ген қаза­қтар сол «Жеңіс күні! деген­ді Геор­гий лен­та­сын омы­ра­уы­на да, астын­дағы неси­е­ге алған төрт доңға­лақты көлі­гіне де желбіретіп тағып, дүріл­детіп той­лай­ды. Ал қаза­қ­пен бауыр­лас, дін­дес ұлт­тар­ды былай қой­ған­да, латыш, лит­ва, эстон, мол­да­ван­дар бұл күн­ді мей­рам­да­мақ түгілі, жоқтау айтып, күңірене еске алады. 

Иә, біз­бен бауыр­лас көр­ші ұлт­тар біздің әке­лері­міз бен ата­ла­ры­мыз ол соғы­сқа өз еркі­мен, құл­шы­нып барған жоқ, олар­ды еріксіз, қой­ша қап­та­тып, қан­ды қырғын­ның орта­сы­на апа­рып сал­ды дей­ді. Шынын­да да, КСРО құра­мын­дағы сол кез­де­гі рес­пуб­ли­ка­лар­дың ешқай­сысы да Ресей­ге өз еркі­мен қосы­лған жоқ. Олар­дың әрқай­сысы пат­ша­лық және Кеңе­стік Ресей күшпен басып алғанға шей­ін өз алды­на ел болып оты­рған еді. 

Сон­ды­қтан да әр рес­пуб­ли­ка аза­ма­ты­ның бір ғана өз Ота­ны бол­ды. Ортақ Отан деген сөз ешқан­дай ұғы­мға да, қисы­нға да сый­май­ды дей­ді сол көр­шілес рес­пуб­ли­ка­ның көзі ашық тұлға­ла­ры. Мәс­кеу «Ұлы Отан соғы­сы» (олар 1812 жылғы Напо­леон­мен соғы­сты да Отан соғы­сы деп атай­ды) деп ат қой­ған соғы­сқа шей­ін, қаза­қтың Ресей­ден көр­ме­ген қор­лы­ғы жоқ. Оның бәрін тіз­сең, осы басқын­шы елдің жауы­зды­ғы­нан тұла бой­ың түр­ші­геді. «Аға ұлт­тың» «чур­ка», «баран», «зверь», «дикарь», «кал­бит», тағы басқа да кем­сіт­кен сөз­дерін, қор­лық-зор­лы­қта­рын айт­паған­да, Кеңес үкі­меті енді орнап жатқан кездің өзін­де-ақ, біре­се ақтар, біре­се қызыл­дар қазақ ауыл­да­рын кезек­пен шауып, кезек­пен қырып, ерке­гін қор­лап, қызда­рын зор­лаға­нын, қаза­қтың ауқат­ты, дәу­лет­тілерін жер ауда­рып, түр­ме­ге қамау­ла­рын, жалғыз күн­көріс көзі – малын тар­тып алып, халық жауы деп ату-асу, қай­та-қай­та әдейі ашар­шы­лы­қтар ұйым­да­сты­ру­ла­рын айт­саң да, осы күн­гі көп қаза­қтың ұлт­тық намысын ояту мүм­кін еме­стей көрі­неді. Сосын әлгі ойшыл­дың нағыз құл тура­лы айтқа­ны тағы да есіңе түседі.

Оры­сқа тілі де, діні де біз­ден жақы­ны­рақ поляк пен укра­ин «Ресей­дің басқын­шы окку­пант әскер­лері» десе, қаза­қтар «айбын­ды Совет әскер­лері» дей­тін еді. Дей тұр­са да, әке­лері­міз бен ата­ла­ры­мыз бұл қырғы­нға өз еркі­мен бар­ды деген өтірік сөз. Біз оқы­ған талай ерлік­тер­дің өтірік, ойдан шыға­ры­лға­ны ашы­лып жатқа­лы да біраз бол­ды. Мыса­лы, 74 жыл бойы «28 пан­фи­лов­шы­лар­дың ерлі­гі» деп, жас ұрпағы­мы­здың миын улап кел­ген «ерлік­тің» қып-қызыл өтірік екенін сол ертек­ті ойлап тапқан жур­на­лист Алек­сандр Кри­виц­кий­дің өзі ресми түр­де мәлім­де­се де, бүгін­гі көп қазақ баяғы қисай­ған басын бері бұрғы­сы келмейді.

Сол соғыс кезін­де өтірік­ті судай сапы­ра­тын ең өтірік­ші «Крас­ная Звез­да» деген газет бол­ды. Сол газет­тің әде­би хат­шы­сы болған А. Кри­виц­кий кей­ін 1942 жыл­дың 22 шіл­десі күні 28 пан­фи­лов­шы сар­баз Дубо­се­ко­во разъ­езі түбін­де немістің көп тан­кісі мен қыру­ар сар­ба­зы­на қар­сы ерлік көр­сет­ті деген ерте­гі сияқты мақа­ла­ны өзі ойдан шыға­рып жазға­нын бас­пасөз бетін­де мәлім­деді. Ол сол мақа­ла­сын­да ол кез­де жұрт­шы­лы­қты да, шай­қа­сып жатқан сар­ба­з­дар­ды да рух­тан­ды­ру үшін мұн­дай өтірік ерлік­тер тура­лы өтірік мақа­ла­лар күн сай­ын жари­я­ла­нып тұрға­нын да айтып өтті. 

Ол ол ма, кей­ін КСРО әске­ри про­ку­ра­ту­ра­сы 1948 жылы сол шай­қасқа қаты­сып­ты деген Иван Доб­ро­ба­бин деген­нің ісін тек­се­ру кезін­де бұл ойдан шыға­ры­лған өтірік екені дәлел­ден­гені КСРО-ның орта­лық газет­терін­де жари­я­лан­ды. «Ұлы Отан соғы­сы» деген тір­кест­ің арғы жағын­да «СССР» дегені­міз – оры­стың Ота­ны, яғни бұл – «Ресей» деген ызғар­лы мең­зеу жатқа­нын мына­дан-ақ аңға­руға бола­ды: сол Кри­виц­кий­дің өзінің сол жалған­ды­ққа құры­лған мақа­ла­сын­да сая­си жетек­ші (полит­рук) орыс Клоч­ков «Рос­сия кең-бай­тақ, бірақ шегі­нер­ге жер жоқ, арты­мы­зда Москва!» деп ұран тастай­ды. Бұл сөздің аржағын­да орыс ұлт­шыл­ды­ғы­ның, орыс шови­низ­мінің исі мүңкіп тұрға­нын «Жеңіс күні» деп айтаққа ілесіп тұра шаба­тын қаза­қтар­дан басқа ұлт­тар баяғы­да-ақ түсін­ген. Әйт­пе­се өзінің бұл мақа­ла­сы ойдан шыға­ры­лған өтірік екенін мәлім­деп оты­рған жур­на­лист А.Кривицкий неге сол Клоч­ко­втың аузы­на тек Ресей және Москва деген сөз­дер­ді ғана салған? Соғыс аяқталған соң да Мәс­ке­уде­гі алтын жаға­лы оры­стар жеңісті «обмы­вать» етіп, арақ ішіп жатқан­да, неге тек «За вели­кий рус­ский народ!», «За рус­ское ору­жие!» деп, ста­кан­да­рын көк­ке көтеріп, шуыл­да­ды дей­сіз? Бәрі­міз бірі­гіп жеңдік, әзір­бай­жан, қазақ, өзбек, татар, қырғыз, башқұрт, түр­кі­мен, тәжік, авар, қара­шай доста­ры­мыз бол­ма­са, жеңе алмас едік деген бір ауыз сөз сол 73 жыл­дан бері бір айтыл­май­ты­ны несі? Бүгін­де өздерін көп оқы­ған деп санай­тын қаза­қтар осы­ны қалай түсінбейді? 

Қашан­да өзге елдер­ді басып алып, өзге халы­қтар­ды қанап-тона­уды ата кәсібіне айнал­ды­рып алған Ресей қару­дың күші­мен де, тоқ­сан түр­лі амал-айла, қулық-сұм­ды­қ­пен де сол елдер­ді уысы­нан шығар­май ұстап оты­руға әбден машы­қтанған. Сол үшін Мәс­кеу жоқ жер­ден жалған той-думан­дар, мей­рам­дар ойлап таба береді. Қаза­қстан­нан басқа түр­кітіл­ді рес­пуб­ли­ка­лар да, оры­спен кін­ді­гі бір Укра­и­на да, Бал­тық бой­ын­дағы Эсто­ния, Лат­вия, Лит­ва, Мол­до­вия да сонау 1991 жылы Кеңес өкі­меті құла­сы­мен, ондай той-думан­дар­дан бас тарт­ты. Тек Қаза­қстан ғана «8 Март», «1 Май», «Рож­де­ство Хри­сто­во», «Жеңіс күні», т.т. даңғыр-дұңғыр­дан қал­май, Мәс­кеу не істе­се, соны істеп, Ресей­дің соңы­нан қал­май, шапқы­лап келеді. 

Әлгін­де қаза­қты құл­ды­қтан шыққы­сы кел­мей­тін жеке пен­денің қылы­ғы­мен салы­стыр­дық. Бірақ сол құл мінезі үшін бүкіл қаза­қты күста­на­лау үлкен күнә. Ол үшін Мәс­ке­удің қол асты­нан шыққы­сы кел­мей­тін және сол құл­дық сана­ны қита­бан қалың қаза­қтың сана­сы­на сіңіріп, той-той­лап оты­ра­тын билік басын­дағы қаза­қтар кінәлі. 

Иә, «Кеңес Одағы» дегені­міз – Ресей импе­ри­я­сы еді. Сол импе­ри­я­ны сақтап қалу үшін, ғасыр­лар бойы, жыл­дар бойы өздері қор­лап-зор­лап, қол­дан ашар­шы­лық, ату-асу­лар ұйым­да­сты­рып, қырып-жой­ып кел­ген қаза­қтың ұлда­рын «Отан үшін», «Москва үшін», «Ста­лин үшін» деп, алдап-арбап та, күшпен зор­лап та апа­рып салған қан­ды қырғын­ды «Жеңіс күні» деп той­лау – ұлт­тық сана­сызды­қтың үлкен бір бел­гісі. Пре­зи­дент пе, басқа иде­яқұ­мар біреу ме – әйте­уір «Алғыс айту» күні деген­ді ойлап тапты. 

Қаси­ет­ті ислам дінін­де қан­тө­гіс соғы­сты той­лау – өте ауыр күнә. Сон­ды­қтан «Жеңіс күні» деп қызы­ла­ла Геор­гий тас­па­сын тағып алып, той-той­ла­удың орны­на, бұл күн­ді еріксіз барып ажал құшқан әке­лері­міз бен ата­ла­ры­мы­зға «Дұға бағы­штау күні» десек, әлдеқай­да дұры­стау да, әділ де болар еді.

Мыр­зан КЕНЖЕБАЙ

ақын, ҚР Жазу­шы­лар одағы­ның мүшесі

Республиканский еженедельник онлайн