Пятница , 4 июля 2025

Аспантау асқан ҮРКІН КӨШ

«Еркін­дік­ке деген құштар­лық қаза­қтар­дың қанын­да бар нәр­се, сон­ды­қтан да олар еркін­дік үшін күре­су­ге әрқа­шан дай­ын екеніне сөз жоқ. Бірақ, осы жолы пай­да мен атақ үшін емес, өздерінің өмір қал­пын сақтау үшін шайқасты. 

Күш­тері әбден сарқы­лған кез­де, олар­дың шай­қа­са­тын қуа­ты қал­ма­ды, тірі қалған­да­ры Так­ла-Макан­ның сусыз шөл­ді дала­сын­да, табиға­ты қатал Тибет тау­ла­рын­да сұм­дық қиын­шы­лы­қтар­ды басы­нан кешті, бірақ келім­сек­тер­ге бағы­ну­дан бас тарт­ты. Біраз адам жол­да қырыл­ды. Әйт­се де, саны екі мың­нан аспай­тын тобы Каш­мир­ге жетіп, көп ұза­май Түр­ки­ядан жаңа бас­па­на ұсы­нған шақы­ру алды.

Биыл, жыл­дың басын­да «Alma Books» бас­па­ха­на­сы­нан «Аспан­тау асқан үркін көш» деген ата­у­мен: маз­мұн­дық сипа­ты – қасірет­ті, деректе­месі – өте қызғы­лы­қты бір кітап шыққан еді. Тақы­ры­бы – қаза­қтың қан­жы­лаған қуғын-сүр­гін тра­ге­ди­я­сы. Бұл тра­ге­дия бер­гі бет­те­гі қаза­қтың құлағын әбден сасы­тқан, бірақ сая­си баға­сы әлі де толық беріл­ме­ген совет­тік-импе­ри­я­лық қуғын-сүр­гін емес, арғы бет­те­гі қаза­қтың басы­на ком­му­ни­стік-қытай үйір­ген қасірет­тің қып-қызыл қанға боя­лған, бүгін­гі ел-жұрт жете біл­мей­тін, екі тіл­де – қаза­қ­ша және орыс­ша жазы­лған шежіресі еді. Кітап­ты 1956 жылы ағы­л­шын этно­граф-ғалы­мы Год­ф­ри Лай­ас қызыл қырғын­ның қаны суы­май тұрып жазған екен.

Бәл­кім, екі тіл­де­гі жал­пы тара­лым дана­сы 2 екі мың ғана болған соң ба, бұл кітап көп­шілік­тің наза­ры­нан тыс қалған болуы мүм­кін. Бірақ сипа­ты мен маңы­зы тұрғы­сын­да бұл шығар­ма­ның маз­мұ­нын жал­пақ қазақ біле жүр­се деген тілек бар. Сон­ды­қтан бас­па­гер, медиа-мене­джер, сая­сат­та­ну­шы Бақыт­жан Бұқар­бай­дың (оң жақтағы сурет­те) баста­ма­сы­мен және жетек­шілі­гі­мен ағы­л­шын­нан ауда­ры­лған кітап­тың қазақ тілі­не­гі нұсқа­сы­нан үзін­ді ұсы­нып отырмын.

«Год­ф­ри Лай­ас еңбе­гінің тари­хи құн­ды болуы­ның бір себебі – автор мұны қазақ босқын­да­ры Түр­ки­яға келе салы­сы­мен, естелік­терін олар­дың естері­нен шық­пай тұрған­да жазып алға­ны. Соны­мен қатар, бұл қазақ халқы­ның осы қай­ғы­лы тарихы­на арналған Баты­ста жари­я­ланған алға­шқы жұмыс. Ол тура­лы алға­шқы жари­я­ланған сәт­тен бастап, 60 жыл­дан кей­ін біздің оқыр­ман­да­ры­мыз да білуі тиіс екені анық», деп жаза­ды құн­ды еңбек­ті ағы­л­шын тілі­нен аударған Бақыт­жан Бұқарбай.

Айт­пақ­шы, Бақыт­жан бауы­рым­ның айтуы­на қараған­да, бұл кітап­ты басып шыға­ру оңай бол­маған екен: билік­тен мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс ала­тын үлкен бас­па­ха­на­лар ат-тон­да­рын ала қашып­ты. Мәсе­лен, мек­теп­ке арналған оқулы­қтар шыға­ру­дың мем­ле­кет­тік тен­дерін ойып та, опы­рып та жей­тін «Ата­мұ­ра» бас­па­сы «мұн­дай маз­мұн­дағы кітап біздің биз­неске зала­лын тигі­зеді» деген сияқты желе­умен жал­тарған екен. Өзіңіз сара­лай беріңіз: Бақыт­жан қаза­қтың руха­ни­я­ты мен зер­десіне қыз­мет қылуға құштар, ал «Ата­мұ­ра» деген айдай аты бар бас­па ол қыз­мет­ті қал­таға түсетін қалың қар­жы­мен ғана өлшейді… 

Ұлт­тық ұлағатқа қыз­мет қылу­дың өне­гесін елге етене таны­мал қай­рат­кер аза­мат Арман Шора­ев (фото) көр­сет­кен екен: қазақ халқы бастан кешір­ген сая­си қуғын-сүр­гін қасіретінің біз­ге бел­гісіз бет­терін жария ету үшін, Бақыт­жан Бұқар­бай көз­май­ын тауы­сып аударған кітап­тың екі тіл­де жарық көруіне Арман бауы­рым деме­ушілік жасаған екен. Елдің есіл кет­кен есесін жиып-теріп жүр­ген аза­матқа аға­лық алғы­сым­ды айтамын! 

Ермұрат БАПИ


Арк­ти­ка және Үнді мұхи­ты­ның жар­ты жолын­да, Жерор­та және Жапон теңіз­дерінің қақ орта­сын­да Алтай аталған тау тіз­бе­гі жатыр. Алтай­дың гүл­ден­ген алқап­та­ры мен көгал­ды қырат­та­ры­нан бір­не­ше халы­қтар мен олар­дың көш­бас­шы­ла­ры шығып, бүкіл Ази­яға – Бей­жің, Дели, Самарқанға тараған, тіп­ті Еуро­па­ның төріне дей­ін жет­кен. Олар­дың көп­шілі­гінің есім­дерін есті­ген­де, кей­біре­улер­дің есіне, қалып­тасқан пікір бой­ын­ша, қорқы­ныш пен жек көру­шілік түс­се, басқа­ла­ры олар­ды мақтан тұта­ды. Алтай­дың қаза­қта­ры мен моңғол­да­ры Шыңғыс­хан, Темір­лан, моғол биле­ушілері, тіп­ті Еді­гені өздерінің арғы ата­сы­на жатқызады.

Осы көш­бас­шы­лар­дың соңы­нан ерген­дер – көсем­дері сияқты төзім­ді, өздеріне сенім­ді, өршіл, аяу­сыз, қонақ­жай­лы болған, олар­дың бүгін­гі ұрпақта­ры да дәл солар­дай. Істің ада­мы бол­са, оған қыз­мет етіп, абы­рой-атаққа ие болу үшін олар жер түбіне дей­ін шабуға дай­ын. Қыран бүр­кітін ұстап, шапқы­лап тау кезіп, сүй­ік­ті дала­сын шар­лап, көк­тем мен күз уақы­тын­да киіз үйлерін жығып, көгал­ды алқап­тарға көшіп жүре береді. Мыңғы­рған малы­ның ғана қамын ойлай­ды, сырт әлем­де не болып жатқа­нын­да жұмысы жоқ, тіп­ті Қытай мен Баты­сты жалғаған, осы­дан бес жүз жыл бұрын Мар­ко Поло[1] жүріп өткен, есі­гінің алдын­да жатқан Ұлы Жібек жолы­на да назар салмады.

Деген­мен Мар­ко Поло зама­ны­нан бері Алтай­ды еш өзгерт­пе­ген ғасыр­лар өткен сай­ын әлем де тары­ла бер­ді. Соны біле тұр­са да Алтай­дың халқы өзгерістер­ге онша мән бер­меді, осы­лай уақыт өтіп, он тоғы­зын­шы ғасыр­дың соңы да жетіп қал­ды. Бұл кез­де алтай­лы­қтар­дың малы мен дүни­есі азай­ған жоқ, қай­та көбейе бер­ді; қос өрке­шті түй­е­лері, мыңғы­рған семіз қой-ешкілері, ірі қара­сы мен бай­лы­қтың басты бел­гісі сана­ла­тын үйір-үйір жылқы­ла­ры өсіп жат­ты. Моңғол­дар­дың көп­шілі­гі шығы­сқа кет­ті. Қаза­қтар­дың көп­шілі­гі қазір­гі кез­де кеңе­стік Қаза­қстан деп ата­ла­тын – «темір тор­дың»[2] оң жағын­да жатқан, аумағы Еуро­па­мен бір­дей аймаққа ауы­сты, кей­біре­улері Жоңға­рия деп ата­ла­тын жер­дің үсті­мен оңтүстік­ке, Тянь-Шань неме­се «Аспан тау­ла­ры» деген орас­ан зор тау тіз­бе­гіне қарай бет алды.

Атал­мыш болған оқиға негізі­нен алған­да оңтүстік қаза­қтарға қаты­сты. Ғасыр­лар бойы олар­дың ота­ны орыс пен қытай импе­ри­а­лизмдерінің мүд­де­лері тоғы­сқан аймақта орна­ласқан еді. Осы ғасыр­дың басын­да олар­дың ара­сын бөл­ген сызық Алтай тау­ла­ры­ның жиегі­мен сол­түстік­ке Тянь-Шань­ға дей­ін созы­лған бола­тын. Бірақ бұл сызы­қ­пен оры­стар да, қытай­лар да келіс­пе­ді. Дауға айналған шека­ра­ның екі жағы­на қаза­қтар емін-еркін барып жүретін, себебі олар осы жер­лер­дің заң­ды қожай­ы­ны еді. Міне, осы аймақта алтын, воль­фрам, көмір, мыс және басқа метал­дар­дың, мүм­кін, уран­ның да бай кен қаз­ба­ла­ры жатыр. Алтай, соны­мен бір­ге Тянь-Шань сияқты аудан­дар­ды қосқан­да үлкен көлем­де ірі қара, қой малын бағуға жері мол жай­ы­лым­ды аймақ еді.

Қаза­қтар бұған дей­ін ашкөз импер­шіл топ­тар­дың екі жағы­ның да көңілін тауып кел­ді. Басын­да бұл жүй­енің жұмысы дұрыс жүр­ді, бірақ пат­ша­лық тира­ни­я­ның орны­на боль­ше­вик­тер­дің тира­ни­я­сы кел­ген­де, бұл іс жарам­сыз бола баста­ды. Ресей­де боль­ше­вик­тер режи­мі орнаға­ны­на он бес жыл өтпей жатып, ком­му­ни­стер қытай­дың Шың­жаң аймағы­на әуелі эко­но­ми­ка­лық, сосын сая­си бақы­лау орнат­ты, 800 мың қазақ тұра­тын Шың­жаң жай­лы хика­ят­та айты­ла­ды. Сол кез­ден бастап, боль­ше­вик­тер бір рет қана қысқа үзіліс жасап, Шың­жаң про­вин­ци­я­сын­дағы аху­ал­ды бақы­лап келеді.

Соңғы ширек ғасыр бойы Алтай мен Тянь-Шань­ның қаза­қта­ры өздерінің тәу­ел­сізді­гін қажыр­лы күре­спен қорға­ды, бірақ нәти­же болған жоқ. Туған жеріне шақыр­май кел­ген қонақтарға басын иіп, бағы­ну­дың орны­на, қол­да­ры­на қару алып, келім­сек­тер­ді қуып шық­пақ бол­ды. Еркін­дік­ке деген құштар­лық қаза­қтар­дың қанын­да бар нәр­се, сон­ды­қтан да олар еркін­дік үшін күре­су­ге әрқа­шан дай­ын екеніне сөз жоқ. Бірақ, осы жолы пай­да мен атақ үшін емес, өздерінің өмір қал­пын сақтау үшін шай­қа­сты. Күш­тері әбден сарқы­лған кез­де, олар­дың шай­қа­са­тын қуа­ты қал­ма­ды, тірі қалған­да­ры Так­ла-Макан­ның сусыз шөл­ді дала­сын­да, табиға­ты қатал Тибет тау­ла­рын­да сұм­дық қиын­шы­лы­қтар­ды басы­нан кешті, бірақ келім­сек­тер­ге бағы­ну­дан бас тарт­ты. Біраз адам жол­да қырыл­ды. Әйт­се де, саны екі мың­нан аспай­тын тобы Каш­мир­ге жетіп, көп ұза­май Түр­ки­ядан жаңа бас­па­на ұсы­нған шақы­ру алды. 

Міне, осы жер­де олар маған баста­ры­нан кеш­кен­дерін айтып бер­ді. Нақты­рақ айтқан­да, осын­да арнайы келіп, олар­ды әңгі­ме­лерін маған айтып беру­ге көн­дір­мек­ші едім. Себебі, бұл хика­ят­ты кезін­де ком­му­ни­стер сыр­тқы әлем­нен жасыр­ды. Көп ұза­май олар­дың қан­дай мақ­сат көз­де­генін түсіне бастадым.

Қаза­қтар­дың әңгі­ме­лерін тың­даған кезім­де, есі­ме үне­мі Ыбы­рай­ым, Исхақ, Жақып, Мұса, Дәуіт, Жона­тан, Елі­ше, Ере­мия және басқа да биб­ли­я­лық кей­іп­кер­лер түсе бер­ді. Қаза­қтар мен түрік­тер он төр­тін­ші ғасыр­дан бері мұсыл­ман­дар болға­ны­на қара­ма­стан, қаза­қтар мен ежел­гі еврей­лер­дің өмір сүру қалып­та­рын­да өте үлкен ұқса­стық болған. Олар­дың айтуын­ша, түрік­тер­мен шығу тек­тері бір­ге, шынын­да да түрік­тер­ге ұқса­сты­қта­ры бар, бірақ көп­шілі­гінің кел­беті моңғол­дарға жақын. Деген­мен, олар­дың өмір сүру қал­пы кезін­де бүкіл Ази­я­ның көшпен­ділері өз өмір­лерін жал­пы­ға бір­дей қалып­та­сты­рған шақтан бастау алса керек, сон­ды­қтан да олар­дың өмір салт­та­рын­да Көне өси­ет­тің негізін қала­у­шы­лар мен осы заман­ның бәдәуи тай­па­ла­ры­ның, соны­мен бір­ге Қараңғы ғасыр деп аталған заман­да Еуро­па­ның үсті­нен құй­ын­дай зулап, ағып өткен моңғол­дар, гот­тар мен ғұн­дар­мен де бай­ла­ны­ста­ры бар, соның бәрін ойлаған­да еріксіз­ден есі­ме түс­кен мына сұрақты өзі­ме қоя­мын: тарих қой­на­уы­на кет­кен кез­де, біздің заман­ды қалай деп атар екен?

Өз біл­генім­мен айтар бол­сам, қаза­қтың көшпе­лі өмірі жай­лы ағы­л­шын оқыр­ман­да­ры ешқа­шан таныс бол­маған болуы керек, сол себеп­тен де қаза­қтар­дың ерлік­ке толы бастан кеш­кен азапты өмірі жай­лы сырт­тан бақы­ла­у­шы ретін­де емес, олар­дың өз көзқа­рас­та­ры­мен айтқым кел­ді: олар­дың өмір сүру қал­пын өздері ұмы­тып кет­кен­ше, олар қан­дай адам­дар болған еді, жүрек түк­пірін­де өздерін қан­дай жан­дар­мыз деп санай­ды, ком­му­низ­мнің темір тоқ­пағы­ның астын­да қалғанға дей­ін кім еді, қалай өмір сүр­генін айтып бер­генін қала­дым. Бодан халық ретін­де қысы­мға түсе бастаған кез­де, қаза­қтар бел­сен­ді түр­де, біз­ге Гит­лер бодан құсап қараған кез­де­гі­дей қар­сы­лық жаса­ды. Соны­мен, Қытай­дың Шың­жаң аймағын­да, қытай еме­стер айта­тын­дай, Шығыс Түр­кістан­да тұрған 800 мың қаза­қтың кем деген­де жүз мыңы өлген.

Босып, қашқан жан­ке­шті қаза­қтар­дың аз ғана тобы қайт­пас қай­сар­лы­қ­пен ерлік жасап, Каш­мир­ге жетіп­ті деген мар­дым­сыз хабар­дың біз­ге жетуінің арқа­сын­да, олар­дың теңсіздік­ке қар­сы өте сирек кез­де­сетін табан­ды­лы­ғы, рухы мен жігерінің мықты­лы­ғын Англи­я­ны тастап, Атлан­ти­ка­ның ар жағын­да жаңа қауым­да­стық құра­мыз деп бел бай­лаған пили­грим әкей­лер­мен[3]; қай­сар­лы­қ­пен перға­уы­нға қар­сы шығып, Мұса­ның жетек­шілі­гі­мен шөл­ге сапар шек­кен Изра­иль бала­ла­ры­мен; ази­я­лық бөлік­тен шегінісін көне грек жазу­шы­сы, әрі қол­бас­шы Ксе­но­фонт мәң­гілік етіп, тарих­та қал­ды­рған он мың ержүрек грек­тер­мен салы­сты­руға болар.

Қаза­қтар Каш­мир­де өздерінің жай­лы орны­ғып, жақ­сы өмір сүре алмай­ты­нын түсін­ген­нен кей­ін, түрік үкі­метінің шақы­руы­мен Түр­ки­яға көшу­ге жина­лып жатқа­нын есті­ген­нен соң, сол жаққа қарай барып, олар нелік­тен жанын ора­малға түй­іп, оңай­ға түс­пей­тінін біл­се де, қоныс ауда­ру­ды шеш­кенін, еркін­дік­ке қол жет­кіз­бек жол­да үш мың шақы­рым­нан астам қашы­қты­қтан өтіп, қан­дай жағ­дай­ларға тап болған­да­рын біл­гім келді.

Бұл тарих шын мәнін­де он тоғы­зын­шы ғасыр­дың аяғын­да, 1899 жылы Оспан батыр туған кез­ден баста­ла­ды. Доңыз жылын қаза­қтар қытай­лар­дан алып пай­да­ланған. Ол кез­дері қаза­қтың тай­па­ла­ры бұры­нғы өзгер­ме­ген дәстүр­де, Шыңғыс­хан зама­ны ғана емес, Ыбы­рай­ым мен Исхақ дәуірі­нен бері бірқа­лып­ты күн кешіп жатқан кезі.

Ыбы­рам, сол кез­де ол өзін осы­лай атаған, шатыр­лар­ды қай­да тіге­міз, оң қол жақтан ба, әлде қолы­мы­здың сол жақ тұсы­на ма, әлде жазы­ққа ма, әлде Иудей тау­ла­ры­на тіге­міз бе деп, Лұт­пен келісіп ала­ды. Қаза­қтар да дәл осы­лай өза­ра және моңғол көр­шілері, Алтай және Тянь-Шань тау­ла­ры мен Жоңға­рия жот­а­ла­ры­ның адам­дар мекен­дей­тін төмен­гі ойпат­та­ры ара­сын­да бөлініп мекен­дей­ді. Еврей баба­ла­ры­ның зама­нын­дағы­дай, бұл аймақта басқа халық тұрған және егін­шілік­пен айна­лы­сқан. Сол дәстүр­мен еврей­дің ата-баба­ла­ры сияқты қаза­қтар да мау­сым өзгер­ген­де бас­па­на­ла­рын басқа жер­ге ауы­сты­рып отырған.

Олар қырат­тарға көтеріл­ген, бұл қырат­тар Иуде­я­дағы қырат­тар­дан биік, көк­тем мен жазғы­тұ­рым кезін­де тау жай­ы­лым­да­ры қар түс­кен шека­раға дей­ін теңіз беті­нен үш мың­нан үш мың жеті жүз метр­ге дей­ін ерекше көгал­ды әрі шұрай­лы бола­тын. Сосын қырат­тан Орта Ази­я­ның шетін­де­гі қорға­нуға бола­тын жазық далаға түс­кен, бұл жер­ге күздің салқын суық желі алға­шқы қар­ды түсіретін. Міне, осы­лай Жаратқан­ның қала­у­ы­мен, алдын­дағы баққан малы­ның жем-шөбі, бас­па­на мен үстіне киер киі­мінің қамын ойлап, қыран бүр­кітін қолы­на алып, фео­дал­дық заман кезін­де­гі баба­ла­ры­мыз сияқты, сол аймақты өз қала­у­ын­ша шар­лап өмір сүр­ген. Ат үстін­де желіп келе жатқан кез­дерін­де өздерінің жадын­да сақталған әртүр­лі әуезді әуен­дерін сала­ды, ол әндер­дің әрбір шумағы ұзақ нота­мен қай­ы­ры­лып, бір таудың ете­гі­нен екін­ші тауға орган аспа­бы­ның іше­гін­дей жаңғы­рып естіледі.

Қазір­гі кез­де Түр­ки­яда тұрып жатқан қазақ босқын­да­ры­ның көп­шілі­гі, бірақ бәрі емес, керей руы­на жата­тын­дар, бұл рудың өкіл­дері тымағы­на неме­се қал­пағы­на үкінің бір шоқ қауыр­сы­нын тағып, басқа рулар­дан айыр­ма­шы­лы­ғын көр­се­тетін кер­без­ді­гі­мен бипаз­да­на­ды. Керей руы­на жата­тын­дар­дың жал­пы саны жүз мыңға жуық, ком­му­ни­стер тый­ым салғанға дей­ін олар негізі­нен алған­да кіш­кен­тай топ­тарға неме­се ата­лы­қтарға бөлініп өмір сүріп кел­ді. Жүз­ден үш жүз­ге дей­ін отба­сысы бар бұл топ­тар­дың өзінің руба­сысы бол­ды. Олар­дың бар бай­лы­ғы ақша емес, мал еді, жаңағы топ­тың ішін­де кей­бірінің жеке өзінің, кей­де қауым­ның ортақ иелі­гін­де саны он мың­дай қой, екі мың ірі қара, екі мың жылқы және мың түйе бол­ды. Сол себеп­тен де, қазақ қауы­мы­ның ауа­сы сан­сыз маңы­раған қой-қозы­ның, мөңіре­ген ірі қара­ның, боздаған түй­енің дауы­сы­на толып тұра­ды. Осы бір пас­то­раль дыбыст­ар­дың ара­сын­да түй­е­лер­дің мой­ны­на тағы­лған қоңы­ра­у­ла­ры­ның сыңғы­ры, сиыр­лар мен қой­лар­дың мой­ын­да­рын­дағы кіш­кен­тай жез қоңы­ра­у­лар­дың үні естіліп жатады.

Қаза­қтар қоны­сқа тоқтап, үйлерін тіге бастаған­да, әрбір қару­лы ірі мал­ды ауыр жүк көте­ру­ге, жас бала­лар­ды тасуға пай­да­ла­на­ды, жас бала­лар ер жет­кен соң, әуелі қой­ды, сосын сиыр­ды, одан соң атты тоқта­тып міну­ге машы­қта­на­ды. Қаза­қтың ұлы да, қызы да жас кезі­нен аттың құлағын­да ойнай­ды, көп­те­ген жас ұлда­ры онға толған кезі­нен бастап, қытай­лар мен ком­му­ни­стер­ге қар­сы шай­қастарға қаты­сты. Біз жоға­ры­да айтып өткен бүгін­гі заман­ның ең атақты көш­бас­шы­ла­ры­ның бірі Оспан батыр он екі­ге толған­ша шай­қастарға қатыспады.

Соғыс өнерін Оспан баты­рға үйрет­кен ұста­зы, көтеріліс­шілер­дің бас­шы­сы Бөке батыр еді. Бөке батыр­дың аты біз үшін Робин Гуд­тың аты қан­дай бол­са, қаза­қтар үшін де сон­дай таныс бола­тын, әрине, Робин Гуд­тың атын Шығыс Түр­кістан­да біл­ме­ген де болар. Бөке батыр­дың тұсын­да Мань­чжур импе­ри­я­сы[4] биле­ген кез­де, қаза­қтар қытай­дың салық жина­у­шы­ла­ры мен фер­мер-қоны­ста­ну­шы­ла­ры­ның өктем­ді­гіне қар­сы күре­сті. Олар салық жинай­мыз деген желе­умен қаза­қтың малын тар­тып алған бол­са, қоныс ауда­рып кел­ген қытай­лар қаза­қтар­ды ежел­гі жері­нен қуып, егін еге баста­ды. Кей­ін бұл күрес қытай мен орыс ком­му­ни­стері қаза­қтар­дың қалып­ты өмірін марк­сизм ілі­міне сәй­кес рет­тей­міз деп, олар­ды кол­хоз­дарға зор­лап кір­гізіп, Кеңес Одағы­ның өнер­кәсібін дамы­ту үшін шах­та­лар мен фаб­ри­ка­ларға жұмыс қолы ретін­де пай­да­ла­нуы­на қар­сы күрес кезін­де жалғастырды.

Әске­ри бас­шы­лар­дың бірі болған, қазір Түр­ки­я­ның Деве­ли қала­сы­ның маңын­да тұра­тын Құсай­ын Тәй­жі­ден не себеп­тен ота­нын тастап кет­кен­ді­гі жай­лы сұраға­ным­да, ол былай жау­ап берді: 

– Мал сияқты өмір сүр­ген­нен, өлген артық. Мал ада­мға құдай­ын­дай қарай­ды. Адам­ның басқа­ларға осы­лай қараға­ны дұрыс болмайды.

Осы­дан жүз жыл­дай бұрын қаза­қтың көш­бас­шы­сы болған Кене­са­ры дәл осы сөз­дер­ді айтқан екен, оры­стар бір қаза­қты алдап, бітім­ге келу шар­тта­ры­на көн­дір­ген бол­са керек.

Біз­ге жет­кен аңы­зда шабар­ман былай депті:

– Мыңғы­рған отар­дың мүй­ізді қой бас­шы­сы ары­стан­ды жеңе ала ма?

Кене­са­ры:

– Арам­дық пиғыл­мен қақ­пан құрған адам өзінің батыр­лы­ғын қақ­пан­да қал­ды­ра­ды. Намыстан айры­лып, құл болып өлген­ше, шай­қа­ста неме­се сусыз дала­да өлген жақ­сы емес пе? – деп жау­ап берді.

Осы сенім­ді серт еткен бүгін­гі заман­ның қаза­қта­ры беліне қылыш пен гра­на­та бай­лап, әрине, олар бар бол­са, иығы­на мыл­тық іліп, пуле­мет­пен қару­ла­нып, шай­қа­су үшін атқа қон­ды. Бұры­нғы Шыңғыс­хан, Еді­ге мен Темір­лан­ның кезін­де­гі­дей, Ази­я­ны және оның көле­мін жау­лап алғы­сы жоқ еді, олар өздерінің қалып­ты өмірін сақтап қалу үшін бұрын-соң­ды Азия көр­ме­ген, Шыңғыс­хан­нан да қуат­ты, онан да өткен жауыз, импе­ри­а­лиз­мнің ең мықты екі алпа­уы­ты – Кеңес Одағы мен Қытай­ға қар­сы соңғы шай­қасқа шықты. Бұл шай­қа­ста бұл екі алпа­уыт­ты жеңудің ешқан­дай мүм­кін еме­сті­гі олар­ды тоқта­та алма­ды. Құсай­ын Тәй­жі мен Кене­са­ры айтқан­дай, мал сияқты өмір сүр­ген­ше, өлген артық деп санады.

Алға­шын­да қытай­дың ұлт­шыл­ды­ғы­на қар­сы басталған күре­стің қытай мен орыс ком­му­низ­міне қар­сы күресіне жалға­суы бір мерзім­де баста­лып, үдей түсіп, күй­іні­ші өршіп, 1930 бен 1951 жыл­дар ара­лы­ғын­да жалға­сты. Соңғы жылы бұл күрес өзінің шары­қтап өрлеу шағы­на жет­ті: босқын қаза­қтар Так­ла-Макан­ның мұзқа­бақты шөл дала­сы­нан, Сол­түстік Тибет­тің мұз басқан тау­ла­ры­нан асып, Каш­мир­ге жетуі­мен аяқтал­ды. Бұл жоры­қтың ең соңғы кезеңі, біздің ойы­мыз­ша, он бес ай өткен соң 1953–1954 жыл­да­ры жалға­сын тап­ты, босқын­дар Каш­мир­ден әуе қаты­на­сы мен жер­мен және теңіз­бен Түр­ки­яға жет­ті. Түр­кия үкі­метінің кең­пей­іл­ділі­гінің арқа­сын­да қазақ босқын­да­ры­ның енді бас­па­на­сы бар, менің ойым­ша, олар киіз үйлерінің болға­ны­на риза болар еді.

Қаза­қтар­дың басы­нан кеш­кен хика­ят­ты айт­пас бұрын, оның басты кей­іп­кер­лері жай­лы біл­ген­дерім­мен таны­сты­рай­ын. Ең бірін­шісі – Қалы­бек (түп­нұсқа­да Қали­бек­тің аты осы­лай жазы­лған – ред.), оны туған жерін­де көш­бас­шы деп санай­ды.  Түрік заңы ешкім­ге, қыз­мет­те­гі кісілер бол­ма­са, арты­қ­шы­лық бер­мей­ді, бар­лық ер кісілер тең. Деген­мен Қалы­бек­ті жұрт­тың бар­лы­ғы­мен теңе­стіру­ге бол­май­ды. Қалы­бек­тің Сали­х­ли­дағы үйін­де болған адам, оның сол жер­де­гі үш жүз отба­сы­нан тұра­тын шағын қазақ қауым­да­сты­ғын әлі де басқа­рып оты­рға­ны­на көзі жете­ді. Қасын­да өзінің жауын­гер әріп­тесі және көмек­шісі Хам­за тұра­ды. Қалы­бек пен Хам­за осы кіта­пқа қаза­қтар­дың ком­му­ни­стер­мен ұзақ күресі жай­лы көп­те­ген ақпа­рат­ты бер­ді, еке­уі де ұзақ уақыт бойы бұл күре­сте маңы­зды мін­дет атқарған кісілер. Бұл аза­мат­тарға ерекше риза­шы­лы­ғым­ды айта­мын әрі айры­қ­ша таң­да­ны­сым­ды біл­діре­мін, және де бай­қа­у­сызда дұрыс түсін­бей, олар­дың көзқа­рас­та­ры­ның мағы­на­сын бұзып жібер­ген бол­сам, шын көңілім­мен кешірім сұрай­мын… Тіл­маш болып көмек­тес­кен Қалы­бек­тің ұлы Асанға рах­мет айтамын.

Қалы­бек­тің дәуір­леп тұрған кезін­де, үш үлкен киіз үйі бар еді, үше­уі үш әйеліне арналған. Бұл үйлер өз қой­ла­ры­ның жүні­нен жасалған, сол жер­де­гі қаза­қтар­дың бас­шы­сы болған­ды­қтан, басқа қан­даста­ры­ның үйлері сияқты қара, қоңыр, сұр түсті емес, ақ боз кең қанат­ты үйлер. Қыста­удан жай­ла­у­ға және күз­де қыста­уға қай­та оралған кез­дерін­де, үйлерінің дүни­есін бөлек жинап, әрбір бөл­шек­терін сал­мағын елу кило­грам­нан аспай­тын етіп буып, кере­ге­ге бай­лап, түй­е­ге неме­се өгіз­ге арта­ды. Жығы­лған әрбір киіз үйдің он неме­се он екі бөл­ше­гі бола­ды, олар­ды жал­пақ кестелі бел­де­улер­мен таңып, бай­лаған кез­де оның аймағы­ның диа­мет­рі тоғыз метр­ге жете­ді. Орта­сын­да түтін шыға­тын дөң­ге­лек тесік қал­ды­ры­лған жер­ге үлкен шой­ын қазан қой­ы­ла­ды. Оны Қалы­бек­тің ең мықты қару­лы түй­есіне көтеріп, жүк­теу үшін бес неме­се алты ер адам қажет. Ол уақыт­та Қалы­бек мың­ба­сы еді, яғни мың отба­сы­ның бас­шы­сы, өзінің жеке отар­ла­ры мен жылқы­сы­ның саны бес цифр­дан тұра­ды. Ол басқа­ра­тын қауым­да­сты­қтың – әр ер адам мен әйел­ге, ұл мен қыздың жан басы­на шаққан­да жет­кілік­ті жылқы санын айт­паған­ның өзін­де, үш жүз мыңға жуық қойы, он төрт мың­нан он бес мыңға дей­ін ірі қара малы, тоғы­здан он мыңға дей­ін сауын сиы­ры және мыңға жуық түй­есі бол­са керек.

Қалы­бек пен Хам­за алға­шқы кез­де көр­ші тұрған. Хам­за­ны бірін­ші рет көр­ген­де, алды­ң­да халқы­ның дұшпан­да­ры­на қар­сы бір жүз он алты рет жек­пе-жек шай­қасқа қаты­сқан адам тұр деп ойла­май­сың. Ол қазір бар болға­ны отыз үште, он жасын­да өзі­нен жиыр­ма жас үлкен аға­сы Жүніс қажы­мен бір­ге соғы­сқа қаты­сты. Дене біті­міне қара­саң, Қалы­бек­тен әлсіз көрі­неді, бірақ ақыл-ойы жағы­нан алған­да, жиыр­ма жасын­да пол­ков­ник­ке пара-пар атақ алуы көп нәр­сені білдіреді.

Өз елін­де, Шығыс Түр­кістан­да тұрған кезін­де Қалы­бек, Хам­за және басқа әріп­те­стері азық ретін­де жаз­да құрт пен ірім­шік­ті, қыс бойы етті және жыл бойы нан­ды пай­да­ла­на­тын. Қаза­қтың әйел­дері сүт тағам­да­ры­нан тамақ дай­ын­да­уға шебер, сүт­тен кемін­де тамақтың 26 түрін, тастай қат­ты қой­дың ірім­шік­тері­нен (оны тамақ алдын­дағы жеңіл ас ретін­де қояды) бастап, қымыз, ашы­ған іріт­кі­ге дей­ін дай­ын­дай­ды, тамақтың көбі жолға деп дай­ын­да­лып және мей­рам күн­дері ішу­ге беріледі.

Қымыз ерекше баға­ла­на­ды, оны биенің сүті­нен жасай­ды. Қымы­зды қолын­дағы басқа мал­дың да сүті­нен қажет кезін­де дай­ын­да­уға бола­ды. Ком­му­ни­стер кел­ген­ге дей­ін­гі уақыт­та киіз үйінің кере­гесін­де тас­па тоқы­ма бауға ілін­ген қымыз тор­сы­ғы жоқ үй өте жар­лы деп сана­ла­тын. Тор­сы­қтың аузы­нан көрініп тұра­тын кіш­кен­тай ескек­ке ұқсас піс­пе аға­шты үйдің кез кел­ген мүше­сі өтіп кетіп бара жатқан­да, қымыз піс­сін деп, сапы­рып, қозғап өтеді.

Түр­ки­яда тұра­тын босқын­дар­дың іші­нен ерекше атап өтуді қажет ететін, Алтай тау­ла­ры­ның баты­ры болған Оспан батыр жай­лы маған бірін­ші болып айтқан тағы бір адам бар. Жол­даста­ры оны Қара­мол­да – әнші Қара­мол­да деп атай­ды. Қара­мол­да­мен кез­де­судің алдын­да ол Оспан батыр­дың құр­метіне батыр­лық поэ­ма жазып­ты. Біз Қара­мол­да­ны Түр­ки­я­ның дәл орта­сын­да орна­ласқан Сали­х­ли қыстағы­нан алты жүз қырық бес шақы­рым жер­де орна­ласқан Деве­ли қала­шы­ғы­ның (бұл жер­де саны жеті жүз­ден сегіз жүз­ге дей­ін қазақ босқын­да­ры­ның тағы бір тобы тұра­ды) қонақүй­інің жатақ­ха­на­сы­ның жатын бөл­месін­де оты­рып, өзі­міздің кіш­кен­тай ғана пор­та­тив­ті маг­ни­то­фо­ны­мы­зға жазып алмақ болып шақырдық.

Қара­мол­да поэ­ма­сы­ның бір бөлі­гін әнге салып, өз мақа­мы­м­ен жыр­лап, қалған бөлі­мін жай ауыз­ша айтып бер­ді. Айтқан жыры­ның әуезі оға­штау болып естіл­ді. Егер, бұл жырын Шығыс Түр­кістан­дағы туған жерін­де айтқан бол­са, Қара­мол­да сол жер­дің бас­шы­сы­ның кере­мет киіз үйінің нақ төрін­де оты­рған болар еді, орта­да қазан­ның асты­на тезек не ағаш жағы­лып жатқан отын­ның ащы түтіні шаңы­рақтан сыр­тқа шығып, түн­гі таза ауаға ара­ла­сып кетер еді. Әлсін-әлсін киіз үйдің сықыр­ла­у­ық есі­гінің жабы­ны көтеріліп, ашы­лып, ер кісілер мен әйел­дер, ұлдар мен қыздар шап­шаң қимыл­мен кіріп, әркім өзінің әле­умет­тік дәре­же­сіне сәй­кес оры­нға оты­рып, калош деп ата­ла­тын аяқ киі­мін есік табал­ды­ры­ғы­ның қасы­на қал­ды­рған болар еді. Сосын мал­даста­рын құрып, орта­дағы ошақтың төрін­де киіз теке­мет­тер­дің үстіне жай­ы­лған, кере­мет шебер­лік­пен тоқы­лған кілем­дер мен көр­пе­лер­ге, жасты­қтарға таң­да­на қарап, үнсіз оты­рып жыр­шы­ны тың­дар еді…

Шығыс Түр­кістан­дағы қаза­қтың көшпе­лі жай­ла­у­ла­ры жүк маши­на­ла­ры­нан зардап шегетін­дей жол­дар­дан өте алыс орна­ласқан. Бірақ кей­ін­гі уақыт­тар­да адам бала­сы ойлап тапқан осы көлік­тер олар­дың қыста­у­ла­ры­на жақын жүретін бол­ды. Жүк маши­на­лар­дың қожай­ын­да­ры әдет­те­гі­ше орыс ком­му­ни­стері бола­тын, көлік­тер­дің үсті Шығыс Түр­кістан­нан жинаған алым­дарға – иеге­лері­нен төлем­сіз тар­тып алы­нған малға неме­се бидай­ға толы бол­ды, мүм­кін, қазы­наға бай Алтай­дың кен қаз­ба­ла­ры­нан еріксіз еңбек етіп жатқан құл­дар­дың өндір­ген алтын, воль­ф­рам­ның да болуы ғажап емес.

Қара­мол­да­ның Оспан батыр жай­лы жыры бүкіл қазақ поэ­зи­я­сы сияқты ежел­гі тарих пен аңы­здарға қаты­сты біз түсіне бер­мей­тін мең­зеу мен тұс­пал­дарға толы бол­ды. Мыса­лы, «алтын шек­пен киген» деген тір­кес мені көп­ке дей­ін ойлан­ды­рып жүр­ді. Бір­не­ше апта өткен соң, Конья­дағы музей­ге бар­дым, ол жер­де «шыр айналған дәруі­ш­тер» деп ата­ла­тын мұсыл­ман діни қауы­мы­ның жәді­гер­лері сақта­у­лы. Оның жанын­да көп ұза­май қазақ босқын­да­ры­ның тағы бір тобы орна­ла­суы тиіс екен. Сон­да бай­қаға­ным – діни қауым­ның негізін қала­у­шы осы­дан алты жүз неме­се жеті жүз жыл бұрын дұшпан­ның қаруы­нан қорға­ну үшін сауы­ты­ның сыр­ты­нан шек­пен неме­се арнайы көй­лек киген екен. Оспан осын­дай шек­пен киген бол­са, өкініш­ке қарай, оның мұн­дай қаси­еті бол­мап­ты. Оның өмірі ұзақ жыл­дар бойы, әрине, өне­гелі бол­ды. Бірақ, ақыр соңын­да ком­му­ни­стер оны тұтқын­да­ды, қазір ол өмір­ден өтті.

Оспан батыр­дың қаза тапқа­ны­на бес жыл ғана өткеніне қара­ма­стан, ол жай­лы аңыз-әңгі­ме­лер қаза­қтар­дың ара­сын­да кең тарап кет­ті, бүгін олар­ды «темір тор­дың» ар жағын­дағы көп­те­ген қаза­қтың үйін­де жұрт­тың жасы­рып әңгі­ме­леп жүр­геніне күмәні­міз жоқ. Батыр­ды қастер­ле­ушілер сол уақыт­ты оның аты­мен атап та жүр, біз «1939 жылы Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс басталған­да» десек, олар «Оспан батыр­дың қырық жасын­да» дей­ді. Соған қара­ма­стан, кей­бір босқын­дар Қара­мол­да­ны әзіл­деп, баты­рға басқа адам­дар жасаған ерлік­тер­ді қателік­пен қосып жүр­сің деп айып­тай­ды. Кей­бір ерлік­тер­ді осы хика­я­тым­да да айтып өттім, егер мен қате­лесіп басқа адам­ның ерлі­гін оған қосып қой­сам да, сон­дай ерлік­тің расы­мен болға­нын айғақтай­тын куәлер жет­кілік­ті. Сон­ды­қтан да олар­ды қаза­қтар жай­лы батыр­лық жыры­на заң­ды түр­де жатқы­зуға бола­ды. Себебі бұл бір ғана адам­ның жасаған ерлі­гі­нен де маңы­зды, өйт­кені бұл бүкіл бір ұлт­тың тарихы.

Жыр­шы өз әндерін орын­даған кез­де ара­сын­да аға­штан жасалған, ұқса­сты­ғы гита­раға жақын­дау, бірақ екі-ақ ішек­ті ұзын аспап – дом­бы­ра­мен сүй­е­мел­деп отыр­ды. Ішек­ті сау­сағы­мен шерт­кен кезін­де, Қара­мол­да сияқты шебер­дің кей­бір дыбысты таба­тын­ды­ғы сон­ша, бір ішек­тен екі түр­лі нота­ны шыға­ра­тын­дай естіледі. Оны қалай жасай­ты­нын біл­мей­мін, бірақ сау­сағы­нан бал тамған орын­да­у­шы ішек­тер­ді шерт­кен­де шыға­тын дыбыс келесі рет шерт­кен­ше бәсең­де­мей­ді. Дом­бы­ра­ның үнін Деве­ли­де бір­не­ше рет естідім… Қара­мол­да­ның орын­да­уын­да ерекше ғажап кіш­кен­тай ария аяны­шты, тәт­ті, сағы­ны­шқа толы еді. Бұл әуен­нің Алтай­дан кел­генін айт­ты, бірақ атын айтпады.

Қаза­қтар­дың көп­шілі­гі дом­бы­ра­да ойнай­ды, Түр­ки­яда кез­де­стір­ген­дер­дің біра­зы ән салып қана қой­май­ды, соны­мен бір­ге өз әуен­деріне өздері сөз жаза­ды. Біз жақын­да дүни­е­ге кел­ген дәстүр­лі әуен­дер­ді, осы­дан бір­не­ше ғасыр бұрын жазы­лған әуен­дер­дің де жаз­ба­ла­рын алып кел­дік. Бірақ көп­шілі­гінің сөз­дерін біз­ге өлең айтқан Қара­мол­да, Қалы­бек­тың үш әйелінің еке­уі, жаста­ры он бес­тен он жеті­ге дей­ін­гі ұл мен қыздар сияқты­лар жазған. 

Соны­мен бір­ге Сали­х­ли­дан тағы бір өлең алып кел­дік, сыбы­зғы деп ата­ла­тын қара­пай­ым іші қуыс, үш тесі­гі бар қызы­қты аспап­пен орын­дай­ды. Орын­да­у­шы қуыс аспап­тың жоғарғы жағы­на тілін салып, оны мүштік қылып әуезді аузы­ның бір бұры­шы­мен орын­дай­ды, аспап­тың дауы­сы сүй­рекі­ге ұқсай­ды. Осын­дай астар­лы құпия мәнер­мен Қара Ертістің сарқы­раға­нын беретін кере­мет ерекше әуен­ді орын­да­ды. Қара Ертіс – үлкен өзен, Алтай тау­ла­ры­нан бастау алып, кеңе­стік Қаза­қстан мен Сібір­дің жази­ра кең дала­сын жарып өтіп, Об өзеніне құй­ып, Арк­ти­каға жетеді.

Менің білуім­ше, Деве­ли мен Сали­х­ли­да біз үшін жаз­баға түсіріп бер­ген қаза­қтың музы­ка­сы өзге әлем үшін таныс емес бол­са керек, тек бір ғана әннен басқа­сы, бұл әнді орыс арми­я­сы соғыс кезін­де жорық әні ретін­де пай­да­ланған. Соның ішін­де­гісі – «Аққұтан­ның ұшуы», оны Қалы­бек­тің екі әйелі Хади­ша мен Мулия орын­даған бола­тын. Аққұтан қаза­қтар­дың сені­мін­де өлім­ді біл­діретін құс сана­ла­ды, сон­ды­қтан да ол мұң­ды ән. Бұл әнді біз­ге жақын­да ғана әкесі қай­тыс болған, шама­сы он жастағы кіш­кен­тай қыз шер­лі мәнер­де орын­да­ды. «Жерім тау» – сағы­ны­шқа толы бұл ком­по­зи­ци­яда Шығыс Түр­кістан­ның халқы ерекше ұна­та­тын тау шың­да­ры­ның қаза­қ­ша атта­ры ата­ла­ды. Мулия мик­ро­фон­мен орын­даған тағы бір әннің ата­уы «Жел айдаған», әрине, бұл ата­удың атақты аттас кітап­пен еш бай­ла­ны­сы жоқ. Қара­мол­да мен оның бір­не­ше доста­ры «Шәкірт­тер әнін» ұсын­ды, бұл ән «Бір Аллаға сый­ы­нып, сен­дер­ге ілім әкел­дім» деген сөз­дер­мен баста­ла­ды. «Өзге­ре беретін әлем» және «Уа, жалған» деп ата­ла­тын әуендер…

Құсай­ын Тәй­жі осы­дан жиыр­ма жыл бұрын Бар­көл­де­гі үйін ком­му­ни­стер­дің қысы­мы­на тап болған­ды­қтан, тастап кету­ге мәж­бүр болып, Гез­көл көлінің жаға­сы­на орна­ласқан, ол бұл көл­дің атын Кез­көл деп атай­ды. Көл сөзінің алдын­дағы «кез» сөзі сау­сақтың ұшы­нан білек­ке дей­ін­гі ара­лы­қты және сызғы­шты біл­діреді. Сон­ды­қтан да әрбір қазақ Гез­көл деген – ұзын, ені тар, пішіні сызғыш сияқты сулы аймақ екенін ешқа­шан көр­ме­се де, бір­ден түсі­неді. Қаза­қтың көп ата­у­ла­ры сол нысан­ның атын сипаттай­тын мағы­на­да, тілін білетін адам­дар үшін түсінік­ті келеді. Маған «Құс сай­раған алқап» ұнай­ды. Бірақ, мұн­дай ата­у­лар­дың бір үлкен кем­шілі­гі бар. Олар ара қашы­қты­ғы бір­не­ше шақы­рым болып орна­ласқан әртүр­лі елді мекен­дер­де қай­та­ла­нып, бір жаққа тез жету кезін­де адам­дар­ды шаты­сты­ра­ды, бірақ бұның кіші­гірім орби­та­да айна­лып жүр­ген көшпен­ділер­ге қаты­сы шамалы.

Құсай­ын Тәй­жі әйел­дері­мен, көмек­шілері­мен, бала­ла­ры­мен Бар­көл және Гез­көл­де­гі киіз үйлерін­де тұрған кез­де, оның Сұл­тан­шәріп деген көр­ші досы бол­ды. Сұл­тан­шәріп­ті Ыстам­бұлға жақын жер­де­гі түрік үкі­метінің қазақ босқын­да­рын алға­шқы рет қабыл­дап, өз жеріне орна­ла­сты­ру алдын­дағы «қонақ­жай­лы­лық орта­лы­ғын­да» кез­де­стір­ген едім.

Мені Сұл­тан­шәріп­пен таны­сты­рған адам, Шығыс Түр­кістан­нан кел­ген тағы бір босқын – Мех­мет Әмин Бұғ­ра[5] деген кісі, Бос­фор­дың ази­я­лық аймағын­дағы Ыстам­бұлға қар­сы бет­те кере­мет үйі бар. Мех­мет Әмин Бұғ­ра қазақ емес, түр­кі, олар­дың көп­шілі­гі фер­мер­лер неме­се сауда­гер­лер, қаза­қтар сияқты Шығыс Түр­кістан­да ұзақ жыл­дар тұрған­дар, сан жағы­нан қаза­қтар­дан әжептәуір көп. Мех­мет Әмин­нің әкесі бұрын Хотан­ның әмірі, яғни басқа­ру­шы­сы болған адам, кезін­де Шың­жаң аймағы­ның, қытай­лар оны Шығыс Түр­кістан деп атай­ды, үкі­меті төраға­сы­ның орын­ба­са­ры болған. 1949 жылы ком­му­ни­стер про­вин­ци­я­ның үкі­метін бақы­ла­уды қай­та қал­пы­на кел­тір­мес бұрын Каш­мир­ге қашып үлгер­ген. Оның айтуын­ша, ол осы­ған әкел­ген және қаза­қтар­дың қар­сы­лық біл­ді­ру жолын­да шешу­ші рөл­ді атқарған сая­си айла-амал­дар­дың қан­дай болға­нын біледі.

Қалы­бек, Хам­за, Қара­мол­да, Құсай­ын Тәй­жі, Сұл­тан­шәріп және Мех­мет Әмин әлі тірі (кітап­тың 1956 жылы жазы­лға­нын еске­рей­ік – ред.). Шығыс Түр­кістан­ды сақтап қалу жолын­дағы күре­сте жетек­ші рөл атқарған, отан­даста­ры­ның жүре­гін­де орын алған есім­дері мен істері осын­да аталған басқа кісілер түгелі­мен о дүни­елік болып кет­ті деу­ге де болар.


[1] Мар­ко Поло (1254–1324) – ита­ли­я­лық көпес және сая­хат­шы, «Әлем­нің сан алу­ан­ды­ғы» деп ата­ла­тын атақты кіта­бын­да өзінің Ази­яға сапар­на­ма­сын паш еткен. Кітап­тағы деректер­дің шынай­ы­лы­ғы­на, шыққан уақы­ты­нан осы күн­дер­ге дей­ін болып кел­ген күмән­дер­ге қара­ма­стан, оның Арме­ни­я­ның, Иран, Қытай, Қаза­қстан, Моңғо­лия, Үндістан, Индо­не­зия және Орта ғасыр­дың басқа да елдерінің тарихы­на бай­ла­ны­сты гео­гра­фи­я­лық, этно­гра­фи­я­лық құн­ды деректер­дің көзі екен­ді­гін­де дау жоқ. (Бұдан ары қарай – аудар­ма­шы­ның ескертулері).

[2] «Темір пер­де» (ағы­лш. Iron Curtain) – сая­си кли­ше, алғаш рет 1946 жылы Уин­стон Чер­чилль Фул­тон­да сөй­ле­ген сөзін­де қол­дан­ды, қырғи қабақ соғы­сы­ның басталға­нын біл­дір­ді. КСРО-ны және басқа да соци­а­ли­стік мем­ле­кет­тер­ді Баты­стың капи­та­ли­стік мем­ле­кет­тері­нен оқша­у­лай­тын ақпа­рат­тық, сая­си және шека­ра­лық тосқа­уыл­дар­ды білдіреді.

[3] Пили­грим әкей­лер – Сол­түстік Аме­ри­каға жаңа коло­ния құруға кел­ген алға­шқы қоны­ста­ну­шы­лар­дың ата­уы. 1620 жылы құры­лған Пли­мут коло­ни­я­сы (қазір­гі Пли­мут, Мас­са­чу­сетс шта­ты) ағы­л­шын­дар­дың Жаңа Англи­ядағы тұрақты тұрғын­да­ры болған алға­шқы ірі елді мекені, Англи­я­ның бүгін­гі АҚШ аумағын­дағы (1607 жылы Вир­ги­ни­яда негізі қаланған Джейм­ста­ун­нан кей­ін­гі) екін­ші елді мекен. Терең дін­дар­лар болған­ды­қтан, Пли­мут коло­ни­я­сы­ның алға­шқы тұрғын­да­ры пури­тан­дық ұста­ным­мен ерекше­леніп, дәстүр­ді қол­да­у­шы­лар болған. Олар­дың кей­бір дәстүр­лері аме­ри­ка­лық мәде­ни­ет­тің бір­тұ­тас бөлі­гіне айналған. Сон­дай­лар­дың бірі – Алғыс айту күнін мере­ке­леу (бұл күн­ді алғаш рет пили­грим­дер Жаңа Пли­мут­та 1621 жылы атап өткен). Мұхит­тың ар жағы­на діни еркін­дік үшін көшіп барған пили­грим әкей­лер­дің тарихы – Аме­ри­ка Құра­ма Штат­та­ры­ның жал­пы тарихы мен мәде­ни­етінің негізі болып саналады.

[4] Ұлы Цин импе­ри­я­сы, неме­се Ұлы Цин мем­ле­кеті, соны­мен бір­ге Цин дина­сти­я­сы, неме­се Мань­чжур дина­сти­я­сы деген атпен бел­гілі, Қытай­дың аумағын қам­ты­ған соңғы импе­рия. Цин дина­сти­я­сы елді 1644 жыл­дан 1912 жылға дей­ін, 1917 жылы (бар болға­ны 11 күн­ге созы­лған) қысқа рестав­ра­ци­я­мен басқар­ды. Қытай аумағын­дағы Цин дина­сти­я­сы­ның алдын­да Мин дина­сти­я­сы болып, сосын Қытай рес­пуб­ли­ка­сы кел­ді. Муль­ти­мә­де­ни­ет­ті болған Цин импе­ри­я­сы үш ғасыр­дай өмір сүріп, бүгін­гі Қытай мем­ле­кетінің аймақтық негізін қалыптастырды.

[5] Мех­мет Әмин Бұғ­ра (1901–1965) – түр­кілер­дің мұсыл­ман бас­шы­сы, тәу­ел­сіз мем­ле­кет ретін­де бірін­ші Шығыс Түр­кістан Рес­пуб­ли­ка­сын құру­ды жоспарлаған.

  • Редак­ци­ядан: «Аспан тау асқан үркін көш» және орыс­ша нұсқа­дағы «Вели­кий исход каза­хов» кітап­та­ры­на +7 777 233 20 20 нөміріне хабар­ла­сып, тап­сы­рыс беру­ге болады.
Республиканский еженедельник онлайн