Пятница , 4 июля 2025

БИЛІК ХАЛЫҚҚА ҚАЙТАРЫЛСЫН!

Енді­гі елге бел­гілі болған­дай, Аста­на қала­сын­да Халы­қтық құры­л­тай өтті. Оған рес­пуб­ли­ка­ның жан-жағы­нан жиналған 500-ге жуық адам қаты­сты. Әдет­те­гі­дей, Құры­л­тай­дың өтуіне билік­тің қысы­мы­м­ен кедер­гі жасал­ды. Соның сал­да­ры­нан Құры­л­тай­дың жұмысы кел­те қай­ы­ры­лып, бір­не­ше баян­да­ма оқыл­май қалды.

Төмен­де біз Құры­л­тай­дың бас баян­да­ма­шы­сы, бел­гілі қоғам қай­рат­кері Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның баян­да­ма­сын сәл-пәл ықшам­дап, оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсы­нып отырмыз.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 3‑бабы:

  1. Мем­ле­кет­тік билік­тің бір­ден-бір баста­уы – халық.
  2. Халық билік­ті тіке­лей рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум және еркін сай­лау арқы­лы жүзе­ге асы­ра­ды, сон­дай-ақ өз билі­гін жүзе­ге асы­ру­ды мем­ле­кет­тік орган­дарға береді.
  3. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да билік­ті ешкім де ием­деніп кете алмай­ды. Билік­ті ием­деніп кету­шілік заң бой­ын­ша қудаланады.

Қан­дай тама­ша бап­тар! Сүй­сініп оқисың! 

Ал өмір­де­гі ақиқатқа қара­саң, аузың аңқиып қала­ды. Рас қой! Бүгін­де халық мем­ле­кет­тік билік­тің баста­уы болу­дан қалған. Билік халы­қты ерт­теп мініп алған. Еркі­нен айы­рған. Алдап та, қорқы­тып та дегеніне көн­діреді. Бүгін­де мем­ле­кет­тік билік­тің бір­ден-бір баста­уы кім? Әрине, ол – елба­сы, тұңғыш пре­зи­дент, көш­бас­шы, құр­мет­ті сена­тор сияқты таудай атақтар­дың астын­да қалған, қалт-құлт ете бастаған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев! Ата заң­ның 3‑бабының 1‑тармағындағы «халық» деген аны­қта­ма­ның орны­на «Назар­ба­ев» десе қай­тер еді. Мұн­дай ұсы­ны­сты біздің ләп­пай тақ­сыр құл-депу­тат­та­ры­мыз «төрт аяғын» көтеріп қол­дай­ты­ны анық.

Рефе­рен­дум мен еркін сай­ла­уды халық түсін­де де көре алмай­тын хал­де. Олар­ды не үшін, қалай өткі­зу керекті­гін мем­ле­кет­тік орган­дар ғана, оның бас­шы­сы­ның қала­у­ы­мен ғана шешеді. Ата заң­дағы «билік­ті ешкім де ием­деніп кете алмай­ды» деген ескер­туді құлағы­на қыстыр­май­тын «нұр­кісі» отыз жылға жақын­да­са да, ием­ден­ген билі­гін халы­ққа қай­та­рар емес.

Назар­ба­ев­тың билік­ті басып алу шабуы­лы гит­лер­дің Кеңе­стер Одағы­на шабуы­лы басталған күні – 1989 жылы 22 мау­сым­да іске асты. Дәл сол күні Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы ОК-нің бірін­ші хат­шы­сы болып сай­лан­ды. Оны­мен қоса, Жоғарғы Кеңес Пре­зи­ди­у­мы­ның төраға­сы лау­а­зы­мын да иелен­ді. 1990 жылғы 24 сәуір­де Қазақ ССР пре­зи­ден­ті лау­а­зы­мын енгі­зуді Жоғарғы Кеңе­стің кезек­ті сес­си­я­сы­на өзі ұсын­ды және бала­ма­сыз жол­мен сай­лан­ды. 29 жыл бойы пре­зи­дент­тік ман­сап­тан айы­рыл­маудың айла-тәсіл­дерін қол­да­нып баққан оны кім дей­міз? Халық қамын ойлаған қай­рат­кер дей­міз бе? Жеке басы­ның даңқын, бақ-дәу­летін күйт­те­ген айла­кер дей­міз бе? Әділ баға­сын ол отыз жыл басқарған елдің ары таза аза­мат­та­ры айтсын. 

Оның тақта тым ұзақ оты­руы­ның құпи­я­сы неде? Қан­дай қаси­еті­мен осы­ған қол жет­кізді? Бұл сұрақтар­ды құрғақ қызы­ғу­шы­лы­қтан емес, алдағы уақыт­тағы елді басқа­ра­тын­дар­ды тай­раң­да­тып қой­мас үшін зерттейік.

Н.Назарбаевтың «Друж­ба наро­дов» жур­на­лы­на бер­ген сұх­ба­тын естеріңіз­ге салай­ын. Ол былай деді:

  • «Бас­шы жоғарғы қыз­мет­те ондаған жыл отыр­мауы керек. Әйт­пе­се ол икем­сіз болып қала­ды. Және ол өз орнын­да оты­рға­нын көр­се­ту үшін, түп­тің-түбін­де өзін кір­шіксіз таза адам ретін­де аңыз қалып­та­сты­руға кірі­седі. Бұл жер­де бас­шы қыз­мет­ке оты­руға шек­теу қою қажет, содан кей­ін мін­дет­ті түр­де жари­я­лы­лық болуы тиіс. Осы екі шарт бар­лық ауы­ру­дың дәрісі бол­мақ. Менің терең сені­мім бой­ын­ша, Қаза­қстан­да кез кел­ген авто­ри­та­ризм елді тығы­ры­ққа тірей­ді. Тек еркін демо­кра­ти­я­лық қоғам – біз­ге тұрақты­лық пен жақын бола­шақта бақыт­ты өмір­ді қам­та­ма­сыз ете алады».

Талас жоқ, ақыл­ды адам­ның сөзі. Баяғы­да айтқан бұл пәл­са­па­сын нелік­тен өзі іске асыр­ма­ды? Жоғарғы қыз­мет­те ондаған жыл оты­рып, «икем­сіз» болып қалға­ны­на бүгін­де куә бол­дық. Өзі тура­лы небір аңы­здар­ды таратқа­ны, кітап­тар жаз­ды­рға­ны, кино­лар жасатқа­ны да жұр­тқа аян. Жоға­ры­да «көп оты­руға шек­теу қоя­лық» дегені жел­ге ұшты. Кон­сти­ту­ци­я­ны өзгерт­кізіп, тұңғыш пре­зи­дент­тің ұсы­ны­луы­на ешқан­дай шек­теу қой­ыл­ма­сын деп, ерекше арты­қ­шы­лық жасатқа­нын жұрт ұмы­тқан жоқ. Бұзы­лу­дан сақтай­тын дәрісінің бірі – жари­я­лы­лық еді, тәу­ел­сіз ақпа­рат құрал­да­рын тұн­шы­қтыр­тқан да нақ осы пре­зи­дент. Өз қолы­мен орнат­ты­рған авто­ри­та­ризм шын­ды­ғын­да елді тығы­ры­ққа тіреді. Мұн­дай тұлға­ны дана­гөй дей ме, әлде қас­көй дей ме? Адам­дар­ды сөз­бен алдап, сен­ді­ру арқы­лы өз дегеніне көн­діру­шіні заң тілі­мен, Қыл­мыстық кодекспен сара­лаған­да, «ала­яқ» – «мощен­ник» дей­ді. Бұл кісі соған жата ма, жат­пай ма? Оны­сын заң­гер­лер анықтар.

Мем­ле­кет­ті басқа­ру­шы­ның кім екенін, шынайы бей­несін қоғам білуі тиіс. Айна­ла­сын­дағы­лар оны әспет­теп, кемең­гер, қамқор­шыл, ең ұят­ты­сы – демо­крат етіп көр­се­те­ді. «Хабар» мен «Қаза­қстан­дағы» және билік­шіл басы­лым­дар­дағы Назар­ба­ев­тың бет-бей­несі сіз­дер­ге таныс. Өтірік ақпа­ратқа, жалған жары­лқау мен орын­дал­мас уәде­лер­ге сену­ден қалған халай­ық одан жері­ген. Жалы­ққан. Шаршаған.

Ал оның нақты­лы бол­мысын кім айта­ды? Үзең­гілес жүр­ген, жаңа мем­ле­кет­ті құру­да, нығай­ту­да көп еңбек сіңір­ген, тура­шыл­ды­ғы­мен, шын­шыл­ды­ғы­мен кеңі­нен таны­лған қай­рат­кер Серік­бол­сын Әбділ­дин­нің «Қаза­қстан мем­ле­кет­тілі­гі үшін» деген кіта­бын оқы­ңыз. Ондағы дәлел-дәй­ек­тер бұл­тарт­пай­ды. Оппо­зи­ци­ядағы басты тұлға былай деп жазған: 

  • «Оның «даны­шпан­ды­ғы» да рас, өйт­кені ол тәу­ел­сіздік­ке дей­ін болған бар бай­лы­қты сатып, банк­рот жасап, дер кезін­де жеке­ше­лен­діріп үлгер­ді. Мүм­кін, ол оның бәрін – Қаза­қстан халқы­нан бастап, жер қой­на­уы бай­лы­ғы­на дей­ін қожа­лық ету үшін рефор­ма­лар деген желе­умен сана­лы түр­де жүзе­ге асы­рған шығар. Сол мақ­са­ты­на жету жолын­да ешкім оған қар­сы шығып, кедер­гі жаса­мас үшін, басқа­ша ойлай­тын­дар­ды қуда­лап, демо­кра­ти­я­ны тұн­шы­қты­рып, жалғыз пар­ти­ядан тұра­тын ойын­шық пар­ла­мент пен айтқа­ны­нан шық­пай­тын үкі­мет, сот, құқы­ққорғау орган­да­рын құрып алды».

Ақиқа­ты осы! Назар­ба­ев­тың әлгі сұх­ба­тын­дағы «біз­ге тұрақты­лық пен бақыт­ты өмір сый­лай­тын еркін демо­кра­ти­я­лық қоға­мы» қай­да? Қаза­қстан­да оны­сы бар ма өзі? Біз­де­гі бары демо­кра­ти­я­лық қоғам емес, демо­кра­ти­я­ның сай­қы­ма­зақ түрі. «Аме­ри­ка демо­кра­ти­яға екі жүз жыл­да жет­кен» деп, алы­сқа ұза­тып, маңай­лат­паған пре­зи­дент­ке не дауа! Демо­кра­ти­я­лық қоғам құру үшін сая­си рефор­ма жасау қажет­ті­гін мой­ын­да­са да, уәде етсе де, үне­мі тай­қып шығып, кей­ін ондай мақ­сат­ты мүл­де ауы­зға алмаған Назар­ба­ев­ты кім дейміз? 

Демо­кра­тия – отба­сы­лық, оли­гар­хи­я­лық билік жүй­есінің сал­та­нат құруы­на мүм­кін­дік бер­мей­тін тосқа­уыл. Сон­ды­қтан оның Қаза­қстан­да орны­ғуы Назар­ба­ев­тар­дың дәу­реніне нүк­те қояр еді. Бел­гілі мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның 2005 жыл­да­ры айтқан­да­ры бүгін­гі күні дәл келіп жатыр. Алтын­бек қоғам наза­рын мынаған аударды: 

  • «Авто­ри­та­ризмдер­ді күшей­ту арқы­лы, яғни аза­мат­тар­дың еркі мен құқы­на қысым жасау арқы­лы билік­ті ұстап тұру мүм­кін емес. Ол – өте сорақы және кешіріл­мес қателік! Билік­тің өз қолы­мен жасаған сая­си дағ­да­ры­сы­нан шығу­дың жолы бұл емес, бұл жол, керісін­ше, жағ­дай­ды одан әрі ушы­қты­ра­ды, елі­мізді кон­фрон­та­ция мен қар­сы алы­суға бастай­ды! Бұл – ешқай­да апар­май­тын тұй­ық жол!».

Міне, Қаза­қстан сол тұй­ық жолға тірел­ді. Назар­ба­ев тари­хи кезең өзіне бер­ген мүм­кін­дік­ті жеке бас мүд­десіне пай­да­лан­ды. Оның тұрақты­лық, дамы­ған­дық, көп­век­тор­лық тура­лы айтқан­да­ры өзінің билік құру мерзі­мін ұзар­туға арналған. Пре­зи­дент­тің іске аспас жол­да­у­ла­ры­нан, «2030», «2050», «Ақ бұлақ», «10 қадам», «инду­стри­ал­дық-ино­ва­ци­я­лық» сияқты толып жатқан қағаз жүзін­де­гі бағ­дар­ла­ма­ла­ры­нан халы­қтың күдер үзіп, көңілі қалға­ны есеп­ке алын­бай кел­ген еді. Кедей­шілік қыспағын­дағы жұрт соңғы уақыт­та «әләу­лай­ы­ң­ды тоқтат, жете­ді!» деп ашуға мін­ді. Ұйқы­дан оянды.

Қаза­қстан үшін пре­зи­дент­тік билік керек пе? Алды­мен мем­ле­кет­тік билік­тің бұл жүй­есі және ең зор лау­а­зым­ды иеле­ну­ші Н.Назарбаевтың жау­ап­кер­шілі­гін­де­гі кем­шілік­тер­ді сара­лап көрейік. 

Кадр мәсе­лесін­де. Жоға­ры­дан төмен­ге қарай бағы­ны­шты­лы­қтағы басқа­ру жүй­есі өзін ақта­ма­ды. Мини­стр­лер, әкім­дер, мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар­дың бас­шы­ла­ры пре­зи­дент­тен басқа­ның алдын­да жау­ап беру­ден боса­тыл­ды. Жылы­на бір рет халық алды­на шығып, кез­дескен болып көз­бо­я­у­шы­лық жаса­ды. Ондай жиын­дарға қоғам бел­сен­ділерін, арыз-шағым айта­тын тұрғын­дар­ды жолат­па­ды. Сыбай­ласқан жемқор­лар қазы­на­дан бөлін­ген мил­ли­ард­таған қар­жы­ны жымқыр­ды, соның сал­да­ры­нан әле­умет­тік мәсе­ле­лер шешіл­меді. Салы­нған сапа­сыз құры­лы­стар, жол­дар үшін ешкім жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­ма­ды. Пре­зи­дент мем­ле­кет­тік жоға­ры лау­а­зым­дарға тағай­ын­дай­тын адам­дар­ды өзіне беріл­ген­ді­гіне қарап ірік­те­ді, оның іскер­лік, ұйым­да­сты­ру­шы­лық мүм­кін­дік­теріне басты мән бер­меді. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы, ден­са­улық сақтау, білім және ғылым, мәде­ни­ет, эко­но­ми­ка, әле­умет сала­ла­ры бой­ын­ша министр болған­дар жұмысты тұра­лат­ты. Олар жасаған рефор­ма­лар бекер­ге ақша шашу, тұрақ­сыздық, жүй­есіздік сал­да­ры­нан соңы­на дей­ін жеткізілмеді.

Пре­зи­дент­тің жар­лы­ғы­мен тағай­ын­далған ұзын саны жет­пі­стен аса­тын жоға­ры шен­ді шене­унік­тер қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лып, сот­тал­ды. Мұн­дай жағ­дай Қаза­қстан­нан басқа қай елде бар? Масқа­ра! Н.Назарбаев қыл­мыс­кер­лер­ді қыз­мет­ке алған ба, әлде қыз­мет­кер­лер­ді қыл­мыс­кер еткен бе? Екі жағ­дай­да да ол заң алдын­да, қоғам алдын­да жау­ап беруі керек еді. Сот­талған­дар­дың ішін­де үкі­мет басқарған пре­мьер-мини­стр­лер – Ә.Қажыгелдин, С.Ахметов бар. Мини­стр­лер мен әкім­дер, олар­дың орын­ба­сар­ла­ры, ком­па­ния бас­шы­ла­ры: М.Әбілязов, С.Бүркітбаев, Ғ.Жақиянов, В.Храпунов, Ж.Күлекеев, Н.Исқақов, А.Мешімбаева, Т.Иманбаев, Е.Өтембаев, А.Рябцов, Ж.Досқалиев, Ө.Өзбеков, С.Баймағамбетов, Т.Ермегияев, Қ.Бішімбаев, А.Лукин, А.Мырзахметов, М.Жәкішев, А.Сабдалин және басқа­ла­ры әртүр­лі бап­тар­мен сот­тал­ды. Олар­дың ара­сын­да пре­зи­дент­ке қар­сы кел­гені үшін сая­си тап­сы­ры­спен істі болған­дар­дың кім­дер екені белгілі. 

Жоғарғы сот­тың алты судья­сы пара алға­ны, заң­сызды­ққа барға­ны үшін темір торға қамал­ды. Ұлт­тық қауіп­сіздік­ті басқарған үш гене­рал – А.Мусаев, Р.Алиев, Н.Дүтбаев қыл­мыс­кер­лер сана­ты­на қосыл­ды. Тіп­ті Назар­ба­ев­тың тұм­сы­ғы­ның астын­да жүр­ген, пре­зи­дент әкім­шілі­гі басты­ғы­ның орын­ба­са­ры болған Б.Майлыбаев «тың­шы» болып шықты. Мем­ле­кет­ті осын­дай күй­ге түсір­ген пре­зи­дент­тің өзі сау ма деген күдік туа­ды. Аме­ри­ка­лық Гиф­фен­ді кеңес­ші етіп, қасын­да ұстаға­ны, «Қаза­қ­гейт­тің» әлем­ге әшке­ре болға­ны тура­лы еске алсақ, Н.Назарбаевтың шетел­дік шпи­он­мен бай­ла­ныс жасаға­ны үшін өз еркі­мен пре­зи­дент­тік­тен кететін жөні бар еді. Сон­дай­лар­дан сақтанға­ны шығар, пре­зи­дент­тің, яғни жеке өзінің және отба­сы мүше­лерінің тер­ге­у­ге алын­бай­ты­ны, заң­мен жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­май­ты­ны тура­лы заң шығар­тып алды. Мұның атын не дей­ді? «Воры в законе» деген мұның жанын­да орта жол­да қала­тын шығар! Жоға­ры­дағы мысал­дарға қарап, пре­зи­дент­тік басқа­ру жүй­есін қыл­мыстық жүйе демес­ке не шара! 

Демо­кра­тия мәсе­лесін­де. Қаза­қстан демо­кра­тия рей­тин­гісі бой­ын­ша 167 елдің ара­сын­да 144-орын­да тұр.

«Рес­пуб­ли­ка», «Сөз», «Азат» газет­тері, «Гул­жан орг», «Адам бол» ақпа­рат­тық жоба­ла­ры сот­тық қуда­ла­у­мен жабыл­ды. «Алға» пар­ти­я­сы­ның, Қаза­қстан ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы­ның жұмыс істе­уіне мүм­кін­дік беріл­меді, қуда­ла­у­ға ілікті

«Шека­ра­сыз тілшілер»халықаралық ұйы­мы Қаза­қстан­ның бас­пасөз еркін­ді­гі бой­ын­ша 180 мем­ле­кет­тің ара­сын­да 158-оры­нға құл­ды­раға­нын мәлім етті. Н.Мұфтақов, А.Шәріпжанов, Б.Дәрімбетов, С.Таужанов, О.Омаршанова сияқты тәу­ел­сіз жур­на­ли­стер­ге қастан­дық жасал­ды, кей­бірі жұм­бақ жағ­дай­да қаза тапты.

Пре­зи­дент­тің сая­си қар­сы­ла­ста­ры З.Нұрқаділовке, А.Сәрсенбайұлына қастан­дық жаса­уға сая­си тап­сы­рыс бер­ген­дер аны­қтал­ма­ды. Демо­кра­ти­я­лық күш­тер­ге, қоғам бел­сен­ділеріне, оппо­зи­ци­яға, тәу­ел­сіз жур­на­ли­стер­ге қысым көр­се­ту, қуда­лау жыл­дан-жылға күшейді. 

Халы­қ­пен қарым-қаты­нас мәсе­лесін­де. 2011 жылы Жаңаө­зен мен Шет­пе­де, ресми дерек бой­ын­ша, 17 адам оққа ұшып, қаза тап­ты, жүз­ден астам бей­біт тұрғын, оның ішін­де бала­лар мен әйел­дер жарақат­тан­ды. Еңбе­кақы­ла­рын қай­та қара­уды талап етіп, ере­уіл жасаған мұнай­шы­ларға дәл Тәу­ел­сіздік күнін­де қару қол­да­нып, асқан қатыг­ездік­пен оқ атыл­ды, жара­лы­лар­ды таяқта­ды. 37 жаңаө­зен­дік­ті сотқа тарт­ты. Бұл – адам­за­тқа қар­сы жасалған ауыр қыл­мыс үшін жау­ап­кер­шілік пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың, ішкі істер мини­стрі Қ.Қасымовтың мой­ны­на артылады. 

2016 жыл. «Жер сатыл­ма­сын, шетел­дік­тер­ге жалға беріл­месін!» деп, ата-баба­дан ұрпақта­ры­на мұраға қалған жер­ді қорғаған­дар­ды билік қыл­мыс­кер сана­ды. Макс Боқа­ев пен Талғат Аян Аты­ра­уда мың­даған адам­ды митин­гі­ге шығар­ды. Кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғын пай­да­ланға­ны, жер­ді қорғаға­ны үшін бас бостан­ды­қта­ры­нан айы­рыл­ды. Рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша өткен рұх­сат етіл­ме­ген митин­гілер­ге, шеру­лер­ге, пикет­тер­ге қаты­сты, ұйым­да­стыр­ды деген айып­тар­мен жүз­де­ген адам әкім­шілік жаза­ға тартылды.

2018 жылы ҚДТ сот шеші­мі­мен экс­тре­ми­стік ұйым санал­ды. Оның бағ­дар­ла­ма­сын қол­даған­дар­ды, әле­умет­тік желі­де пікір таратқан­дар­ды қуғын­дау, экс­тре­ми­стік, тер­рор­лық әре­кет­тер­ді наси­хат­та­ды деген сыл­та­у­мен қыл­мыстық істі қол­дан жасау, көк шар, ақ киім киген­дер­ді күштік құры­лым­дар­дың көлік­ке жүк­ше тиеу науқан­да­ры қызу жүр­ді. Назар­ба­ев – Әбі­ля­зов ара­сын­дағы бітіс­пес май­дан­ның құр­бан­ды­ғы­на айналған мың­даған аза­мат қуғын-сүр­гін­ге ұшы­ра­ды. Тер­гел­ді, тек­серіл­ді, аңдуға алын­ды. Мұн­дай масқа­ра тір­лік­ке жүз­де­ген мил­ли­он тең­ге қара­жат кет­ті. Поли­ция, про­ку­ра­ту­ра, сот мұн­дай түк­ке тұр­мас істі көбік­ше көпір­тіп, құмы­ры­сқа­дан дино­завр жасап әлек­тен­ді. Бұл ара­да ұры­лар мен қарақ­шы­лар, бау­кеспе­лер, ала­яқтар еркін­дік­те біл­ген­дерін істе­ді. Зардаб­ын халық тартты…

Бүгін­гі Қаза­қстан­да 37-нің елесі кезіп қана жүр­ген жоқ, ол жүз­де­ген мың адам­ның қобал­жуы­на, елден кетуіне, үрей мен сенім­сіздік­те өмір сүруіне мәж­бүр етті.

Бұдан да сорақы деректер жет­кілік­ті. Осы­лар­дың өзі біз­де­гі пре­зи­дент­тік билік­тің және сол лау­а­зым­да ұзақ жыл­дар оты­рған адам­ның халы­ққа керексізді­гін көр­се­те­ді. Мем­ле­кет пен халық тағ­ды­рын шешу бір адам­ның қолы­на беріл­ген елде қауіп-қатер, бақыт­сыздық, әділет­сіздік қатар жүреді. Сатқын­дық, опа­сыздық, мораль­дық азғын­дық, қарақ­шы­лық та сон­дай жер­ге үйір келеді.

Сон­ды­қтан бұдан ары­лу­дың жолы – демо­кра­тия, халы­қтың өз таң­да­уын жаса­уға мүм­кін­дік берілетін өрке­ни­ет­ті қоғам құру! Біз пар­ла­мент­тік- үкі­мет­тік басқа­ру жүй­есін қалай­мыз. Ол үшін бүкіл­ха­лы­қтық рефе­рен­дум өткі­зуді талап ете­міз! Кон­сти­ту­ция елде­гі тұрақты­лы­қтың негізі болуы тиіс. Тұрақты­лық пен даму тұңғыш пре­зи­дент­тің арқа­сын­да жүзе­ге асып жатыр дей­тін жалған ұғым­нан ары­ла­тын кез жет­ті! Ата заң­да ешкім­ге де арты­қ­шы­лық беріл­ме­уі керек. Қол­дан құдай жасау, жеке басқа табы­ну – сана­сы жетіл­ме­ген, алда­нуға бей­ім тұра­тын ынжы­қтар­дың ісі. Біздің халқы­мыз ондай емес.

Қазір­гі Қаза­қстан жағ­дай­ын­да қосар­ланған билік пай­да бол­ды. Тоқа­ев пре­зи­дент қыз­метіне тағай­ын­дал­ды, ал Назар­ба­ев Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­сы қыз­метіне кірісті. Сон­ды­қтан бұны біз­дер, Құры­л­тай­ға қаты­су­шы­лар, былай деп айтайық: 

  • «Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы! Өзге өрке­ни­ет­ті елде жоқ ұят­ты ісіңізді доға­ры­ңыз! Қауіп­сіздік кеңесін басқа­ра алма­са, оған сен­бе­сеңіз, уақыт­ша мұра­гер еткен ада­мы­ңы­зды боса­ты­ңыз, пре­зи­дент­тік­ке сай­лат­паңыз! Таң­дау жаса­уды халы­қтың өзіне қал­ды­ры­ңыз! Ел басқа­ра­тын адам­дар жетер­лік. Қан­ша қима­саңыз да, қоштасқы­ңыз кел­ме­се де, билік­тен бір­жо­ла­та кетіңіз! Бәрібір кететініңіз, халы­қтың кетіретіні айқын нәр­се. Өзіңізді алда­маңыз. Қош айты­сы­ңыз билік­пен. Өз еркіңіз­бен кетіңіз! Қинал­маңыз! Қина­маңыз! Гене­рал­дар Қасы­мов пен Кәрі­мо­вты ерте кетіңіз. Олар да қара­сын батырсын!».

Біз өзі­міздің аза­мат­тық құқы­ғы­мы­зды білуі­міз және оны қорғай алуы­мыз, оны қорға­уды мем­ле­кет­тік орган­дар­дан талап етуді үйре­нуі­міз керек. Біз сон­да ғана Азатты­ққа, Еркін­дік­ке, Теңдік­ке жете­міз! Алтын­бек айтқан­дай, тәу­ел­сіз елде тәу­мен­ді тұлға­лар бол­ма­сын! Бей­біт жол­мен, табан­ды түр­де талап ету­мен, жұды­ры­қтай жұмы­лып күре­су арқы­лы біз Жеңіс­ке жетеміз! 

Рыс­бек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн