Суббота , 5 июля 2025

ТАРИХИ КЕЗЕҢ ТАҢДАУЫ: авторитаризм шырғалаңы ма, демократиялық жаңғыру ма?

Өткен сай­лау науқа­ны қазақ қауы­мы­на бір-екі сая­си сабақты ұқты­рған­дай. Сая­си тұлға ретін­де Әмір­жан Қоса­но­втың «сая­си үлгісі», менің­ше, қазір­гі сая­си үрдістің аста­рын­дағы кей­бір, шірік исі шыға бастаған сая­си жағ­да­ят­тар­ды ашып көрсеткендей. 

Бірін­ші­ден, сөз­деріне, жазған­да­ры­на, жария сая­си ұста­ны­мы­на қарап, ең бол­маған­да, билік­тің озбыр­лы­ғы­на келіс­пей­тін, ақыл­ды, білім­ді, ұлты­на адал адам­дар сана­лып кел­ген оппо­зи­ция тұлға­ла­ры билік­тің идео­лог­та­ры­мен шын сая­си-иде­я­лық тіре­су­де өз ұста­ным­да­ры жеке түсінік емес, мем­ле­кет­тің қажет­ті, заң­ды­лы­қты сая­си эво­лю­ци­я­сы бағы­ты­на сай екенін, демо­кра­тия халы­қтың терең, өмір­шең мүд­де­лері тұрғы­сы­нан бәрібір жүзе­ге аса­тын ақиқат екенін, билік­тің идео­ло­ги­я­сы мен сая­си тех­но­ло­ги­я­сы қалың қаза­ққа, оның мем­ле­кет­ті­гіне жаса­лып оты­рған қия­нат екенін дәлел­ді түр­де айта алма­ды. Мүм­кін, жеке­ле­ген тұлға­лар бол­ма­са, қазақ интел­ли­ген­ци­я­сы­на тән қоғам мәсе­ле­лерін жүй­елі, терең ұғы­ну­дың, ойлау мәде­ни­етінің қажет­ті дең­гейі жетіс­пе­ген шығар. 

Бұл жер­де билік­тің идео­ло­ги­я­сы­на қар­сы қазақ оппо­зи­ци­я­сы­ның, бір-екі пар­ти­я­ның сая­си наси­хат­тан тыс қалған­дай бағ­дар­ла­ма­ла­ры бол­ма­са, қажет­ті дең­гей­де жүй­е­лен­ген иде­я­лар жиын­ты­ғы­ның бол­маға­ны, әлі де тап­шы екен­ді­гі және бар. Менің­ше, қаза­қтың сая­си бел­сен­ділері ғылы­ми жүй­е­лен­ген сая­си иде­я­лар­дың қоғам­дық күшін әлі жақ­сы түсін­бе­ген сияқты. Қоса­нов­пен болған «оқиға» – сол оппо­зи­ция жетек­шілерінің интелл­лек­ту­ал­ды, руха­ни-иде­я­лық түсінік­тері олар­дың терең өмір­лік ұста­ны­мы­на айна­ла алмаға­ны­ның бір айғағы.

Екін­ші­ден, билік­тің идео­ло­ги­я­сы мен сая­си тех­но­ло­гия тұтқа­ла­рын ұстап оты­рған­дар авто­ри­та­ризм­ге, оның «құра­ны» – елба­сы­шыл­ды­ққа сон­ша­лы­қты беріл­ген­дік­тен бе, әлде адам­ды шыбын құр­лы көр­мей­тін шексіз билік­тің тәт­ті дәміне масай­ған­ды­қтан ба, бұған дей­ін­гі евро­па­ланған бет­пер­де­лерін лақты­рып тастап, 1905 жылы орыс жұмыс­шы­ла­рын оққа алдап апа­рып, қашып кет­кен Гапон мол­да­ның «кебін» қаза­қтың бір бала­сы­на кигіз­ген­дері, сай­ла­удың «әділ­ді­гін» ашық, өз қол­да­ры­мен жасаған­дай болға­ны – соңғы 20 жыл­да қаза­қтың сая­си тарихын­да бол­маған «ғажай­ып» іс еді. Менің­ше, ел ішін­де­гі бар­лық мәсе­ле­лер кенет «ақта­ры­лып», халық ара­сын­да күт­пе­ген сая­си-иде­я­лық толқы­ны­стың оянға­ны билік­ке қорқы­ныш ұялат­ты, үйрен­шік­ті сая­си тех­но­ло­ги­я­ла­ры­нан «ада­сты­рып», өздері ойлап тапқан демо­кра­ти­я­мен «ойын­ның» қызып тұрған «шөбіне» от тастап жібер­ген­дей болды.

Үшін­ші­ден, мүм­кін, жақын бола­шаққа үміт беретін­дей өзгеріс, қалай десек те, қоғам­ның басым, жетек­ші бөлі­гі қазақ қауы­мы­ның соңғы 20 жыл көле­мін­де­гі интел­лек­ту­ал­ды-руха­ни жаңғы­руы сая­си бел­сен­ділік­тің келесі саты­сы­на көтері­ле бастаға­нын біл­діретін сияқты. Әсіре­се ғалам­тор­дағы жастар­дың ойла­ры мен батыл­ды­ғы осын­дай ойға жете­лей­ді. Осы 20 жыл бары­сын­да авто­ри­тар­лық билік­тің «дұға­сы­на» айналған «түбі­міз бір қаза­қ­пыз, біздің де мақ­са­ты­мыз – елі­міз­ге, ұлты­мы­зға игілік жасау, оны біз «кей­інірек», «басқа жол­мен» орна­та­мыз» деген «әде­мі» бола­шақ тура­лы «жақ­сы» сөз­деріне көніп, билік аса ұна­та­тын «біз қаза­қ­пыз, ерекше­міз, өзін­дік жол таба­мыз» деген ақы­мақты­ғы­на бәрібір бас шұлғып, өз өмірін өзі бай­лаған сая­си-иде­я­лық дәр­мен­сіздік­тен енді ары­ла бастаған­дай. Мүм­кін, «Қоса­нов оқиға­сы» кезін­де «Бай­ме­нов фено­мені­мен» басталған кезеңнің соңғы беті бола­тын шығар.

Назар­ба­ев пре­зи­дент­тік­тен кетерінің алдын­да сая­си бәсе­ке­ле­стік тура­лы бір­деңені мің­гір­ле­ген бола­тын. Бел­гілі мақал­да айты­лған­дай, «бүкір­ді тек қабір ғана түзей­ді». Кей­ін­гі сая­си оқиға­лар­ды, сай­лау науқа­нын, «қуыр­шақ» пар­ти­я­лар­дың «кло­ун» кан­ди­дат­та­ры­ның қой­ы­лым­да­рын шын сая­си бәсе­ке­ле­стік­тің дең­гей­іне көтер­мек болған сая­си «ойын­дар» – сол «бүкір­дің» нүкісті­гі­нен аспа­ды. Бірақ ұлт – авто­ри­тар­лық билік арсызды­қ­пен «өзі­міз­сініп» алған тобыр емес. Әр білім­ді, ойы адал, отан­сүй­гіш аза­мат­тың қан­дай бол­ма­сын билік­ке сын айтып, оған түр­лі дәре­же­де оппо­зи­ци­яда болуы – өзін тұлға ретін­де сый­ла­удың баста­ма­сы. Ал біз­де­гі сияқты іріп-шірі­ген жемқор билік­ті мораль­дық тұрғы­да қабыл­да­мау, одан жире­ну – жаны таза ада­мға тән қаси­ет, ал оның ұлт өмірі­нен тезірек кетуіне атса­лы­су –аза­мат­тық парыз. Сон­ды­қтан авто­ри­тар­лық, «елба­сы­шыл» билік­ке қар­сы биік ада­ми қаси­ет­тер­ден айны­маған қазақ ара­сын­дағы түр­лі дең­гей­де­гі оппо­зи­ция бір­тін­деп, кең қанат жая­ды деп ойла­у­ы­мыз керек.

Енде­ше авто­ри­тар­лық билік түр­ме­ге тоғы­тып, ерен жетек­шілері «бел­гісіз» жағ­дай­да өлген, енді біре­улерін «қыр­дан асы­рған», билік­тің тоқта­у­сыз «қамқор­лы­ғы­нан» әлсіз, басы бірік­пей­тін жағ­дай­ға кел­ген, бірақ оған қара­май, сая­си үрді­сте қай­та­дан «жаңа­ша» жан­да­на бастаған «оппо­зи­ция» тура­лы бір-екі ой айтайын.

«Оппо­зи­ция» сөзінің мағы­на­сы – «басқа ұста­ным­дағы­лар», билік сая­са­ты­на «келіс­пе­ушілер». Елі­міз­де­гі жағ­дай­ға тиісті айт­сақ, авто­ри­тар­лық билік өз сая­са­ты­мен қалың қаза­қты 20 жыл­дай көлем­де «нара­зы­лар» мен «келіс­пе­ушілер» тобы­на өзі итер­ме­леп кел­ді. Ақы­ры сол сая­сат момын қаза­қтан «экс­тре­мист», «тер­ро­рист» те жаса­ды. Яғни, билік­тің жемқор, ақыл­сыз сая­са­ты­ның негізін­де елі­міз­де бір­тін­деп әле­умет­тік оппо­зи­ция қалып­та­сып, ол ары қарай пре­зи­дент сай­ла­уы тек түрт­кі болған сая­си, иде­я­лық оппо­зи­ци­яға ұласты. 

Кезін­де билік­тің жетек­ші бір сая­сат тех­но­ло­гы: «Оппо­зи­ция … билік­ті былай қой­ған­да, қоғам­дық пікір­ге, жал­пы сая­си жағ­дай­ға ықпал ете алмай­ды,.. қазір­гі «оппо­зи­ция еске­ретін де күш емес… және бұл билік­тің емес, оппо­зи­ци­я­ның өз мәсе­лесі» деп, сол кез­де­гі оппо­зи­ция тура­лы ақы­л­гөй­сі­ген еді. Шынын айт­сақ, бұл – дерт­ті «ауру бастан – сау басқа ауда­ру­дың» ама­лы еді. Бір ғажа­бы –оппо­зи­ци­я­ны тар, ауа­сыз, тамақ­сыз қапа­с­та ұстап, оның үстіне билік­тің «жен­дет­тері» мен жан­дай­шап­та­ры оны нұқып неме­се теуіп кетіп (оппо­зи­ция да қаза­қтың бір бала­сы емес сияқты), «міне, айт­тық қой, мына жер­де оты­ра берің­дер» деген­дей, мазақ қыла­тын еді. Билік­тің «мыр­за­ла­ры» оппо­зи­ци­яға жылы қабақ таныт­паға­ны былай тұр­сын, қоғам­ның сая­си өмірін­де оның өзіне тиесілі орын ала алмауы – оппо­зи­ци­я­ның емес, билік­тің мәсе­лесі және бірін­ші кезек­те олар басқа­рып оты­рған мем­ле­кет­тің кем­шілі­гі екенін мой­ын­дағы­сы келмеді. 

Ал мем­ле­кет­тің кез кел­ген сыр­тқы қауіп­ке берік­ті­гі тұрғы­сы­нан айт­сақ, билік­тің сая­си-пси­хо­ло­ги­я­лық жан­шуы­на авто­ри­та­ризм­ге «ыңғай­лы» қазақ қауы­мы­ның мінез­сізді­гі, сая­си мәде­ни­етінің төмен­ді­гі, дәлірек айт­сақ, оның билік қолы­мен «соғы­лған­ды­ғы­нан» туа­тын сая­си немқұрай­лы­лы­ғы – қауіп­ті қоғам­дық құбы­лыс екенін түсін­гісі кел­меді. Олар қазір­дің өзін­де билік пен оппо­зи­ция бел­сен­ділері тең құқы­лы сая­сат субъ­ек­тілері болған­да ғана ұлт­тың кре­а­тив­ті потен­ци­а­лы дамып, мем­ле­кет­тің нағыз дамуы­на жол ашы­ла­ты­нын ойла­май­ды. Демек, қазір­гі билік сая­са­тын­дағы ала­яқты­қтың, жау­ап­сызды­қтың, қоғам­ды шірі­те бастаған жемқор­лы­қтың сая­си-құқы­қтық тамы­рын биле­уші адам­да­ры­ның қате­ле­суі­нен гөрі, қыл­мыстық өңі бар деу­ге келетін ұлт мүд­де­леріне жасалған, әлі де жалға­сып жатқан опа­сызды­қтан іздеу керек сияқты. 

Бұл жағ­дай­дың екін­ші жағын ежел­гі грек фило­со­фы Фалес айтқан: «Бәрі­нен кемең­гер – уақыт, ол бәрін ашып көр­се­те­ді»! Сон­ды­қтан 1989 жыл­дан билік­тің «шыңын­да» болған Назар­ба­ев­тың өткен кезең­де­гі әр мем­ле­кет­тік оқиға мен шара­дағы орны мен рөлін, қалып­тасқан авто­ри­та­ризм­ге, қазақ мен­та­ли­тетіне «үйлесім­ді» деп табы­лған «елбас­шы­лы­ққа», елдің «жаңа­ша» тарихы­на – бәріне «көзін ашып» көр­се­тетін кемең­гер уақыт. Тек бір нәр­сені ұмыт­паған жөн: тарих бетіне жазы­лып қалған істері мен сөз­дері үшін әр «үлкен­ді-кішілі» адам ұрпақ алдын­да да, өзінің ада­ми ары алдын­да да жау­ап береді. Сол уақыт пен рені­шті ұрпақ «соты» таяп келе жатқандай.

Евро­па сая­си мәде­ни­еті­нен қалған бір сөз бар: «Олар ешнәр­се түсін­беді, олар ешнәр­се­ге үйрен­беді!» деген. Өткен­де­гі «Кемең­гер­лік­ке – 30 жыл» сая­си шара­сын еске алы­ңыз: зал­дағы – өткен кезеңді «қол­да­ры­мен жасаған­дар», ешқан­дай сезім­ді біл­дір­мей­тін бет­пақ бет­тер, кеп­теп киіп алған «бет­пер­де­лер», жан­сыз сияқты тоқтап қалған жанар­лар… сол «түсін­беу» мен «үйрен­бе­удің» айқын бел­гісі. Міне, демо­кра­ти­я­ны ауы­зға да алмай, қан­дай бол­ма­сын «…измнің» негізін­де қоғам өмірінің өзге­руіне, жаңа­руы­на қар­сы сірес­кен «мұз» осы. Евро­па елдері­нен қаза­қи айыр­ма­шы­лы­ғы­мыз сол болар – әр «бет­пер­де» кезін­де түр­лі дәре­же­де­гі «таққа» оты­рған­да, «атқа қонған» қырық бауыр­ла­ры, енді бала-неме­ре­лері де «сіресіп», «аға, ата жолы» өздерінің қазір­гі жағ­дай­ла­ры­ның бір­ден-бір кепілі екенін жақ­сы біледі. Ұлт өмірін демо­кра­тия, өрке­ни­ет жолы­мен жаңғыр­та­мыз деген әр аза­мат қаза­қтың бүгіні мен бола­шағын­дағы осы «мұз­дың» керітарт­па орны мен ролін жақ­сы түсі­нуі керек. Бірақ қалың бет­тері­мен халы­ққа қан­ша сұс көр­сет­кені­мен, өздері­нен бәрібір жоға­ры тұрған ұлт­тың құдіреті алдын­да олар дәр­мен­сіз, бәрібір Евро­па көр­сет­кен сая­си үлгі орнай­ды – әділ сай­лау заңы, әділ, ашық сай­лау, түбе­гей­лі сая­си-құқы­қтық өзгерістер бол­май қоймайды.

Оппо­зи­ция тура­лы ойды аяқ­та­сақ, билік­тің сая­си тех­но­лог­та­ры кезін­де болған және қазір де орын алып оты­рған сая­си-құқы­қтық жағ­дай­ды біл­мей­тін­дей, ол кез­де­гі оппо­зи­ци­я­ның әлсізді­гі – қыз­мет жасап жатқан, тар­мақтанған «төмен­гі ұйым­дар­дың, бел­сен­ділер­дің күшті жиын­ты­ғы бол­мауы» сал­да­ры­нан деп, екі­жүзділік­пен көкіді. Оған қоса, оппо­зи­ци­я­ның мықты ақпа­рат­тық-үгіт­теу жұмысын жүр­гізу­ге ресур­ста­ры бол­мауын да бет­ке басты (қар­ны тоқ «Нұр Отан­мен» салы­сты­рға­ны ғой!). Әрине, жер­гілік­ті билік құры­лым­да­ры тара­пы­нан «үнсіз тер­рор» әдістері тоқта­у­сыз қол­да­ныл­са, қан­дай «қыз­мет жасай­тын ұйым», қан­дай «ресурс» шығуы мүмкін?

Бірақ қазір қалай айт­сақ та, қоғам өзгер­ді, қазақ қауы­мы да басқа. Сон­ды­қтан, менің­ше, елдің авто­ри­тар­лық бұға­удан босап, демо­кра­ти­я­лық жаңғы­ру­ды баста­уы шын мәнін­де тари­хи уақыт­тың еншісіне тиген­дей. Демек, көбіне сая­си аран­да­ту әре­кет­тері­мен ұлт «керу­енін» қалай да теже­гісі келетін «сая­си пиг­мей­лер­дің» тыр­баңы­на қара­ма­стан, ол кезең қоғам заң­ды­лы­ғы ретін­де орнай­ды. Ота­ны­мыз қазақ мем­ле­кет­тілі­гі­мен 30 жыл­дай бір­ге болған өтірік, залым­дық, жау­ап­кер­шіліксіздік­ке негіз­дел­ген, сатқын «сая­си ойын­дар» кезеңін аяқтап, ақиқат пен жоға­ры жау­ап­кер­шілік­ке бас иген, ұлты­ның ақыл­ды, білім­ді, ізгі ниет­ті, адал ұл-қызда­ры­ның жігері­мен нағыз қазақ мем­ле­кет­ті­гінің негізін қай­та­дан қалау қажет­ті­гі алдын­да тұр.

Осы тұрғы­да, халық өмірінің күн­делік­ті тауқы­меті­нен, дра­ма­ла­ры­нан өз сән­ді орта­ла­рын­да жабық жүріп жатқан бар­лық қазақ эст­ра­да­сы «өрен­деріне» сабақ болар мысал бар. Өткен­де­гі жер мәсе­лесінің митинг­тері кезін­де бел­гілі әнші қызы­мыз бен оның про­дю­сер күй­е­уі кон­цер­тіне жұм­салған қар­жы­ла­рын құтқа­ру үшін «тоқал» пиа­рын қол­да­нып­ты. Қызы­мы­здың сол пиа­рын түсін­діруі былай бол­ды: «Шығар­ма­шы­лық кеші­міздің алдын­да ел-жұрт­тың митин­гілеп жатқа­нын (таза ерік­кен­дік­тен деп ойлаған болуы керек) қала­дық па? Ол кім­ге керек? («Кімі» – «Жер» деп зар иле­ген халқы!). Мұн­дай­ды шетел­де жүз пай­ы­зға қол­да­на­ды», – деді. Сөйт­сек, оның ойы «алаңға шығай­ық» деп жел­пініп (?!) тұрған халы­қтың көңілін «тоқал» мәсе­лесіне ауда­ру екен. 

Сөз болған соң айтай­ын: қазір­гі сырт пішіні мен маз­мұ­ны евро­па­лы­ққа елік­тей­тін қазақ мәде­ни­еті мен қоға­мы­на да «тоқал» мәсе­лесін қоз­ды­ру – өрке­ни­ет­ті көзқа­расқа жат, кереғар пиғыл екенін түсі­ну керек. Олай дей­тінім, «тоқал» – қазақ сана­сын­да қалған фео­дал­дық пси­хо­ло­ги­я­ның жарқын­шағы. Маз­мұ­ны – әйел бала­сы­ның қоғам­дағы сая­си, әле­умет­тік, руха­ни орнын төмен­детіп, ерік­ті, тең құқы­лы әйел­ді ермек­ке, ойын­шы­ққа теңеу. «Мен нағыз қаза­қ­пын!» деп кеудесін керетін­дер­ге кел­сек, өзінің өрісі тар, пасық, интел­лек­ту­ал­ды және мәде­ни меше­улі­гін еркек­сы­мақ көкіре­гі­мен жасы­руға ұмты­лу­дың амалы.

Сол қызы­мыз ары қарай: «Сөз­ге қала­ты­ны­мы­зды біл­дік, оны қасқай­ып тұрып қар­сы алдық», – дей­ді. (Қан­дай «жан­ке­штік», қан­дай «ерлік». Шір­кін, осы қаси­ет­ті халы­қты жақтап, билік­ке көр­сет­се­ші! Бірақ ол үшін ұлты­на беріл­ген үлкен сая­си сезім мен жүрек қажет-ау!). Қарап отыр­сақ, халқы­нан жабық, «тәт­ті» өмір, той­шыл «өнер» ада­ми қаси­ет­тері дұрыс сияқты «жұл­ды­здар­ды» қан­дай вир­ту­ал­ды бол­мысқа алып кет­ті?! Мем­ле­кет әнін шырқай­тын олар мына мем­ле­кет­тің негізі, өмір­шеңді­гі төмен­нен шыңы­на дей­ін «жарқы­раған», дүние жүзі «сүй­сі­нетін-мыс» билік иелері емес, сол «Жерім!» деп көтеріл­ген, қара­пай­ым, дала­ның исі аңқы­ған қалың қаза­ғы екенін сезі­неді ме, ойла­ды ма екен?

«Ұлы кең дала», «бай­тақ ел, бақыт­ты, батыр халық», «ел бағы­на жаралған кемең­гер елба­сы», «қасқай­ған мүсін­дер сияқты ұлдар мен қыздар» қазір­гі қазақ эст­ра­да­сы­ның жат­тан­ды, поэ­зи­я­лық мәні жоға­ла бастаған, маңы­здысы – қазір­гі қаза­қтың нақты жағ­дай­ын­да аза­мат­тық сезім­ді ояту­дың орны­на, арам­за сая­сат­тың алдам­шы тренд­теріне айналған. Ал қаза­қтың жұмыс­сыз, кедей, пара беру­мен күн­көріс көзін тапқан, құқы­ғы тап­та­луы­на көн­біс бөлі­гін айт­паған­да, қыз­мет­тері бар, жағ­дай­ла­ры тәуір­леу, бірақ басты­қтар­дың «өзім біле­міне» тәу­ел­ді, жал­тақ руха­ни-пси­хо­ло­ги­я­лық бей­ша­ра­лы­қтан аза­мат­тық қаси­ет­тер­ден айы­ры­ла бастаған халы­қты қайтеміз?!

Бірақ сөз басқа­да. Қызы­мыз бен оның күй­е­уінің митин­гілер кезін­де жасаған­да­ры, оны жал­пақ қауы­мға ашық сұх­бат­та айтуы, өздерінің ада­ми ұста­ным­да­рын қаза­ққа үлгі ретін­де көр­се­туі – қоғам­дық құбы­лыс. Ол тиісті баға­сын алуы керек және маңы­здысы – сол адам­дар­дың жеке қаси­ет­тері­нен, сіңір­ген еңбек­тері­нен тыс, әділ баға­ла­нуы – ұлт­тың руха­ни айы­ғуы­на қажет нәр­се. Сон­ды­қтан әнші қызы­мы­здың ойсыз, ақыл­сыз, ұлты­на мей­ірім­сізді­гін өзі түсін­бей­тін балаң сезім­дей өзім­шіл­ді­гін, халқы­на жасаған опа­сызды­ғын айт­пасқа бол­май­ды. Осы­дан бірер жыл бұрын осы қызы­мыз туған өлкесіне барып, ауы­лы­ның жағ­дай­ы­на жаны күй­зел­ген­дей сөз айтқан сияқты еді. Бірақ ол көңіл ұмы­тыл­ды ма?! 

Сая­си жүйе елге қыз­мет етудің орны­на, өз ішін­де лау­а­зым мен бай­лы­ққа тала­сып әлек. Ал халы­қтың өмір­лік жағ­дайы күн­нен-күн­ге ауыр­лап бара жатқан біз сияқты елде сая­сатқа ара­лас­пау, ұлты­ң­ның бола­шағы бұлы­ңғыр өміріне жүре­гіңнің ауыр­мауы, қаза­ғы­ң­ның өз елі мен жеріне толы­ққан­ды еге­мен­ді­гін ойла­мау – опасыздық!

Бай­тақ елі­міз­ге қараған­да, біз – қазақ тым азбыз. Сон­ды­қтан әрбір жібі түзу, ұлты­на жүре­гі жылы адам ота­ны­ның дамы­ған елдер қары­штап кетіп бара жатқан демо­кра­тия мен өрке­ни­ет жолы­на бұры­луы­на атса­лы­суы керек. Сон­ды­қтан ақыл­ды, білім­ді, көкіре­гі ояу, ұлтын ойлай­тын ұл-қызда­ры­мыз бар дей­тін ақ жүрек, адам­гер­шілік пен кең пей­іл­ден айны­маған қаза­ғы­мы­зды ар-ұжда­ны­мы­здың сана­сы­нан өшір­меу – пер­зент­тік парыз. Аз ғана қарын той­ған­нан – ақы­мақтық па, өзім­шіл, пасық пен­де­шілік пе, жоға­ры­да айты­лған ойсыз, сана­сыз, опа­сыздық па – бар­лы­ғы­мыз ұрпағы­мы­здың бола­шағы үшін ес жиып, тари­хи таң­дау жаса­уы­мыз керек…

Әлім­хан НҰРЕКЕЕВ,

тарих­шы

Республиканский еженедельник онлайн