Пятница , 4 июля 2025

ТОҚАЕВ ҚАШАН «ЖАРЫЛАДЫ» немесе Қос өкіметтің текетіресі туралы не білеміз?

Кеше ақпа­рат агент­тік­тері «Қаз­те­ле­ра­дио» ком­па­ни­я­сы акци­я­ла­ры­ның толық пакеті рес­пуб­ли­ка­лық мен­шік­ке беріл­гені жөнін­де хабар тарат­ты. Бір қараған­да, бұл – мен­шік­теу иесі иттей сапы­ры­лы­сқан елде­гі қатар­дағы хабар сияқты естіледі. Бірақ біле біл­ген­ге – бұның аста­рын­да үлкен сая­си мән жатыр.

Орта­лық офисі мен негіз­гі тех­ни­ка­лық құрал-жаб­ды­ғы Алма­ты қала­сын­да орна­ласқан «Қаз­те­ле­ра­дио» акци­о­нер­лік қоға­мы – елде теле­ви­зия және радио хабар­ла­рын тара­ту­дың Ұлт­тық опе­ра­то­ры сана­ла­ды. Эфир­лік сиг­на­лы бүкіл Қаза­қстанға тарай­тын бар­ша отан­дық «ТВ» мен «РВ» осы опе­ра­тор­дың қыз­метіне мүд­делі. Егер Ұлт­тық опе­ра­тор толқын­ның тұтқа­сын тар­тып қал­са, «31-арна» мен «КТК» түгілі, «Хабар» мен «Қаза­қстан» да қараң қала­ды. «Қазақ радио­ла­ры» мен ұсақ-түй­ек радио-теле­жә­шік­тер­дің хабар тара­ту диа­па­зо­ны да осы опе­ра­тор­дың қыз­мет­тік құзы­ры­на тәуелді.

Ал енді осы «Қаз­те­ле­ра­ди­о­ның» қыз­метін­де қан­дай «сая­си мән» болуы мүмкін? 

Тіке­лей!

Мән­нің мәнісі Тоқа­ев мыр­за­ның пре­зи­дент­тік ерік-жігеріне тіке­лей тіре­леді. Егер ол сай­ланған пре­зи­дент ретін­де­гі рөл­дің реті­мен тіке­лей эфир­ге шығып, «Кіта­п­ха­наға» кіріп­тар болуға мәж­бүр екенін айтып, халы­қтан қол­дау сұрай­тын бол­са, елде­гі өзгеріс­ке өзе­уре­ген жұрт­шы­лық жөңкіліп, алаңға атып шығуы әбден мүм­кін. (Еске салай­ық: «бірін­ші пре­зи­дент», «Қауіп­сіздік кеңе­стің» төраға­сы деген жасан­ды лау­а­зым­дар­ды тақы­мы­на тығып, «Нұр Отан­ды» жаста­нып алған Н.Назарбаевтың әкім­шілі­гі «Бірін­ші пре­зи­дент­тің кіта­п­ха­на­сы» деп ата­ла­тын ғима­рат­та отыр. Бүгін­де аста­на­лық истеб­лиш­мент қос билік­ті «Ақор­да» және «Кіта­п­ха­на» деп атайды).

Ал Тоқа­ев мыр­за «жасан­ды» билік иесінің сая­си-интри­га­лық қитұрқы­лы­ғы­нан құтқа­руға халы­қтан ара­ша сұрай ма, жоқ па – ол енді басқа әңгі­менің тақы­ры­бы. Әзір­ге айт­пағы­мыз – бұған дей­ін «Қаз­те­ле­ра­дио» акци­о­нер­лік қоға­мы­на «бірін­шінің» бірін­ші қызы Дариға Назар­ба­е­ва­ның коман­да­сы иелік етіп кел­ген. Ком­па­ния пакетінің қомақты бөлі­гі де, оған бас­шы­лық жасап оты­рған мене­джер­лер тобы да – Дариға хан­шай­ым­ның «жүгір­мек­тері» еді.

Тағы бір еске сала­тын жәйт – елде­гі сая­сат­ты сар­най­тын «Хабар», «КТК», «Евра­зия – Бірін­ші арна» ТВ-лары, басқа да төрт-бес «ФМ» радио­лар Назар­ба­е­ва­ның наза­рын­да екені мәлім (шоу-думанға қаты­сы бар көде­дей көп «РВ-ТВ»-ларды айт­паған­да). Енді, міне, бұлар­дың бар­лы­ғы бір күн­де хабар тара­ту тех­ни­ка­сы жағы­нан мем­ле­кет­ке тәу­ел­ді болып шыға кел­ді. Дариға дала­да қал­ды… ма? 

Бұл қан­дай сая­си қисап­ты біл­діреді? ҚР пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев өзінің «өкіл әкесі­мен» тіке­лей текетірес­ке кет­ті ме? Елде­гі ақпа­рат тара­ту кеңісті­гіне иелік құзы­ры Назар­ба­ев­тың «Кіта­п­ха­на­сы­нан» Тоқа­ев­тың «Ақор­да­сы­на» (яғни, мем­ле­кет­ке) өтті ме?

Әлбет­те, бұл сұрақтар­дың жау­а­бын жуық маң­да біле алмас­пыз. Білетіні­міз бір нәр­се – қалай болған­да да, сай­ланған пре­зи­дент Тоқа­ев пен «билік­тің басқын­шы­сы» Назар­ба­ев­тың ара­сын­дағы текетірес бір­те-бір­те айқын­да­ла түсті. Оған бір мысал – Тоқа­ев­тың Қытай­ға сапа­ры: бұры­нғы пре­зи­дент Қытай­ға барған сай­ын, бірер мил­ли­ард қары­зды қал­та­сы­на сала келетін; Тоқа­ев – «екі жаққа ортақ биз­не­сті бір­лесіп жасай­ық» деп қайтты. 

Тоқа­ев бар­лық кез­де­су­лер­де қазақ және қытай тіл­дерін­де ғана сөй­леді. Есік-тесік­ке кір­ген жерінің бәрін­де ауыз жап­пай, тек қана орыс­ша сөй­лей­тін назар­ба­ев­тық дәстүр­дің «аузын ұрып қой­ды». Орыс­ша­лап айтқан­да: «Чем не вызов? Мелочь, но приятно…».

Бұл екі ара­да Тоқа­ев қытай жерін­де жүр­ген­де, Назар­ба­ев Мәс­ке­у­ге – Путин­ге «жало­ба» жасап бар­ды: «ел ара­сын­да беделі жоқ…» деп сып­сың қағып. Бұл да «вызов»: «Аяз, әліңді біл!» деген сыңайы. Тоқа­ев­тың бір­те-бір­те халы­ққа бет бұра бастаған түрі Назар­ба­ев­тың қызы­лит ішін күй­діріп барады…

Көр­неу көз­ге көріне бер­мей­тін мұн­дай текетіре­стің «түр­лері» күн сай­ын қылаң берер түрі бар. Өткен­де пре­зи­дент­тің аппа­рат бас­шы­сы Қырым­бек Көшер­ба­ев «сенім­нен шықты» деген тоқа­ев­тық тоқе­тер­мен Шым­кент­тің әкі­мін орны­нан алып таста­ды. Ол алға­шын­да қаңғып кетер­дей күй­де еді, кей­ін­нен назар­ба­ев­тық «Нұр Отан­ның» жиы­нын­да жай­наң қағып отыр­ды. Ол – ол ма, «сенім­нен шыққан» адам күні кеше пре­мьер­дің кеңес­шісі болып шыға кел­ді. Яғни, бұл текетірес­ке тоқа­ев­тық үкі­мет­тің бас­шы­сы Мамин да тар­тыл­ды деген сөз. Бұл енді «более серьез­ный вызов»: пре­мьер-министр «Кіта­п­ха­на­ның» дегеніне мой­ын­сұн­ды деген сөз.

Ал еке­уа­ра ере­ге­стің көкесі кешелі-бері бастал­ды: Тоқа­ев өзінің халы­ққа жол­да­уын­да бей­біт жиын­дарға ерік беру керек деді; Назар­ба­ев­тың «жан­дар­ме­ри­я­сы» «шеру­ге шықты», «ДВК-ны қол­да­ды» деп, аза­мат­тық бел­сен­ділер­ді тағы да сот­тай баста­ды. Айдалған­дар­дың алға­шқы­сы 15 күн­дік абақты­ға түсті.

Түбін қуып кел­ген­де, бұл тар­ты­стың екі жаққа да жөні бар: тумысы­нан тоқ­пей­іл Тоқа­ев көр­ген тәлі­міне сай, шама-шарқы кел­ген­ше халы­ққа қыз­мет етіп кет­кісі бар; ал тұтас мем­ле­кет­тен бастап, бір қала­ны өз аты­на мен­шік­теп алған Назар­ба­ев­тың жоғал­та­ры көп. Кім өзінің отыз жыл жиған-тер­генін тегін тара­тып бер­гісі бар дейсің?… 

Қысқа­сы, қос өкі­мет қосар­ла­нып, ұзақ жүруі мүм­кін емес: не Назар­ба­ев тағы бір қитұрқы қимыл­ды бастай­ды; не Тоқа­ев бір күні «жары­ла­ды». Негізі, қар­сы­ла­сы­на қараған­да, ішкі дүни­есі әлдеқай­да таза Қасе­кеңнің қасты­ққа ұшы­ра­май, халық жағын­да «жары­лға­ны» жақ­сы болар еді… 

Кім біл­сін?!

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн