Пятница , 16 мая 2025

БЕТІҢДІ АШ, БЕЙСЕНҒАЗЫ!

Неме­се К.Күргенбаеваның «Ақиқат­тың» атын жамы­лған «ақиқат­шыл» мақа­ла­сы­на жауап

Соңы шулы мақа­лаға апарған осы әңгі­ме биы­лғы жылғы сәуір­дің 7‑і күн­гі рес­пуб­ли­ка­лық «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» пат­ри­от­тық қозға­лы­сы­ның (бір­ле­стік) есеп беру-сай­лау кон­фе­рен­ци­я­сы­нан бастал­ды. Оның қан­дай заң­сызды­қтар­мен өткен­ді­гі пуб­ли­цист-жазу­шы Т.Айтбайұлының «Ақиқат­тың» ақиқа­ты қаза­қты қаза­ққа қар­сы қой­ды» деген мақа­ла­сын­да жазы­лған еді. Соның бір-екі жерін­де ұйым­ның әуел­гі төраға­сы Бей­сенға­зы Нүкен тура­лы да шын­дық ащы­рақ айты­лған еді. Дерек-дәй­ек­тері нақ, артық бай­ба­лам, көпір­ме сөз, тіл­де­усіз жазы­лған осы мате­ри­алға ұйым­ның бүгін­гі төраға­сы Б.Құрымбаев қыңқ демеді. 

Есесіне, мақа­ла авто­ры өзі де тістеніп, қай жер­ден не шығар екен деп күтініп жүр­ген Сәдуұлын шиыр­шық аттыр­ды. «Фейс­бук» әле­умет­тік желісін­де ашы­лған ПҚ «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» чатын­дағы сөз­дерін­де жоқ-бар­ды Талғатқа қарай бора­тып: «Ол оңбаған, жік­шіл» деді; «жағым­паз»; «оны менен артық біл­мей­сің­дер»; «бұл жөнін­де мақа­ла жазы­лып жатыр, соны оқып білесің­дер», – деді… 

Артын­ша Орал­дан шыға­тын «Жұма­дағы жүз­де­су» газетін­де бір мақа­ла­ның басы­лға­нын естідік. Әрине, авто­ры­ның кім екенін, оның не деп жазға­нын білу­ге құмарт­тық. Өстіп жүр­гені­міз­де, «ДАТ» газетінің 18 шіл­де­де­гі санын­да «Ақиқат­тың» атын жамы­лған «ақиқат­шыл» деген мақа­ла жарқ ете қал­ды. Дәу де бол­са, «Жұма­дағы жүз­де­су­де» жари­я­ланған мате­ри­ал осы болар деп ойлап едік, дәл солай болып шықты. Авто­ры – Күміс Күр­ген­ба­е­ва, аты-жөнінің асты­на «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» ұйы­мы Алма­ты қала­лық бөлім­ше­сінің төрай­ы­мы» деген лау­а­зы­мын бады­рай­тып көр­сетіп­ті. Бізді тілін теже­мей, қара боя­у­ла­рын барын­ша бат­та­сты­рып жазған дүниені оқыдық. 

Осы мақа­ла шыққан күні басы­лым­ның бас оқыр­ма­ны Ермұрат­Ба­пи­мен сөй­ле­стік. «Ой, бұл бер­гі жағы, қысқарған түрі ғой… Талғат­тың ар-намысы­на тиетін қан­ша­ма жер­лерін қысқар­тып таста­дық. Тұтас беру­ге ары­мыз шыда­ма­ды», – деді Ерекең. 

«Қап-ай, ә! Сол күйі тұтас жари­я­лау керек еді. Олар­дың жазуын­дағы Талғат­тың кім екенін ел біліп, өздерінің де дәре­же-дең­гейі әшке­ре­ле­нетін еді», – дедік. 

Дәл осы­лай «Жұма­дағы жүз­де­су» газетінің бас редак­то­ры Қажы­мұқан Ғұбай­дол­ла­мен де тіл­де­стік. «Дәй­ексіз жаман­дай­тын біраз бөлі­гін алып таста­дық, газет­ке қысқарған нұсқа­да басыл­ды», – деді ол. Әлгі мақа­ла­да Т.Айтбайұлына қосар­лап: «Өзіңіз дәріп­теп оты­рған Ж.Жексембаев ұйым басқа­рып, бес ада­мға билік айтып, «көш­бас­шы» болып көр­ме­генін жел­тоқ­сан­шы­лар біледі. Кезін­де Бей­сенға­зы Сәдуұлы­ның соңы­нан қал­май, облы­сқа жетек­ші болып, бара-бара ол «тақи­я­сы­на тар­лық етіп», төраға­лы­ққа таласқан еді. Оны өзіңіз де жақ­сы білесіз, бірақ біле тұра, кесір-кеса­патқа, қия­натқа, бұра тар­тқанға құмар­сыз, Талғат аға», – деп оны да іле кетіпті. 

Енде­ше бір кез­дері Жақ­сы­лық Тұсай­ұлы­на бай­ла­ны­сты «Абай. кz» пор­та­лын­да жари­я­ланған ПҚ «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» газетінің тіл­шісі Сай­лау Лепе­со­втың мақа­ла­сы­нан үзін­ділер келтірейік. 

«…Пат­ри­от­тық қозға­лыс «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гі іші­нен жік шыға­рып, дау-дамай туғы­зу­шы­лар­дың лаңы бәрі­мізді «шар­шат­ты». Бұны бастаған әлгі «жетек­ке жүр­гіш, айтаққа үргі­ш­тер» тобы­на жата­тын Жақ­сы­лық Жек­сем­ба­ев атты ала­яқтың арсыздық айқай-шуы. Ауыз тол­ты­ра айтар аза­мат­тық ісі, иә бол­ма­са, бәтуәлі һәм бере­келі сөзі бұй­ыр­ма­са да, қолы­нан кел­мес­ке, құр бекер­ге құмар, тыраш бір пен­де. Соңы­на өзі тек­те­стер­ден шағын топ құрып, осы ұйым­ды ұжым­да­сты­рып, басын бірік­тіріп, адал­дық пен адам­гер­шілік жолы­нан ауы­тқып көр­ме­ген, ұлт жан­ды аза­мат – Нүкен Сәдуұлы­ның жолы­на көл­де­нең тұзақ қой­ып, ор қазу­мен келеді…

Бір әтте­ге­найы – Ж.Жексембаев бастаған ары­зқой, жалақор, жалған­шы топ­тың жыр­ты­сын жыр­тып, сөзін сөй­леп, шаш­ба­уын көте­ру­ге бел­сене атса­лы­сқан бел­гілі жазу­шы-пуб­ли­цист, жел­тоқ­сан­шы­лар жөнін­де жазып-сызып, «шежі­ре тара­тып» жүр­ген Талғат Айт­бай­ұ­лы мен «ДАТ» газетінің тіл­шісі Гүл­ми­ра Той­бол­ди­на­ның табы­лға­ны әбес­теу бол­ды» – деп­ті С.Лепесов.

«Әуені» осы­лай. Құдай-ау, сына­са да жөн­деп, дәй­ек­теп сына­май ма! Алай­да шын­дық басқа­ша ғой. Сон­ды­қтан жел­тоқ­сан­шы Ербол (05.03.2014 – 09–32):

«Бұл мақа­ла­ны жазып оты­рған нағыз іріт­кі салғы­штың өзі. Мен білетін Талғат Айт­бай­ұ­лы, Гүл­ми­ра Той­бол­ди­на, Жақ­сы­лық Тұсай­ұ­лы сен­дер сияқты пәле іздей­тін адам­дар емес, Жел­тоқ­сан үшін маң­дай тер­лерін төгіп жүр­ген жан­дар. Жақ­сы­лық – Жел­тоқ­сан кезін­де үкі­мет үйіне деле­гат­тар­ды бастап кір­ген жігіт. Бей­сенға­зы­ның былы­қта­рын «Жас Алаш», «Қазақ үні», «Заман-Қаза­қстан» газет­тері жари­я­лаға­нын біле­міз. Жел­тоқ­сан атын жамы­лып, 8 млн 600 мың алға­нын да, 70-ке тақаған жасы бар жаяу мара­фон­шы қари­яға қол көтер­генін де, т.б. істерін де біліп отыр­мыз…» деп жазыпты. 

Ал Жақ­сы­лық Тұсай­ұ­лы өз пікірін­де (06.03.2014) «Сай­лау /Лепесов/, өте жақ­сы жазған­сың. Талант!» – деп сөзін кекесін­ді оймен бастап­ты. – Сен секіл­ді ешкім­ді жаман­дағым кел­мей­ді… Оқыр­ман­дарға айта­рым, ақиқа­тын біл­гілеріңіз кел­се, мына газет­тер­де жарық көр­ген мақа­ла­лар­ды оқыңыздар: 

1. «Тал­ды­қорған», №49. 25.11.2011 жыл.

2. «Заман-Қаза­қстан», 19.07.2012 жыл.

3. «Жас Алаш», 23.05.2013 жыл.

4. «Жас Алаш», 20.06.2013 жыл.

5. «Абай.кz»-дағы Зами­ра Пула­то­ва­ның мате­ри­а­лы. 12.12.2013 жыл.

6. «ДАТ», 06.03.2014 жыл».

Еркін ойлы «ДАТ» апта­лы­ғын­да жари­я­ланған соңғы мақа­ла авто­ры араға жыл­дан аса уақыт жүгір­тіп, «Жас Алаш» газетін­де (15.10.2015 жыл) «Ама­натқа жасалған қия­нат кешіріл­мей­ді» деген тақы­рып­пен «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» ұйы­мы­ның қиқу­лы әңгі­месіне қай­та оралады. 

«Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» – 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сты құры­лған 7‑ші (!) ұйым… Басы жақ­сы басталға­ны­мен, кей­ін бір­ле­стік Б.Нүкеннің «жеке мен­ші­гіне» айна­лып кет­ті… Аз уақыт­тың ішін­де өткі­зетін түр­лі шара­лар мен ұйым­да­сты­ру жұмысын тек төраға ғана шешетін жағ­дай­ға жет­ті. Құры­л­тай­шы­лар (Х.Әділханов, Ж.Бейсенбаева, Г.Тойболдина) жина­лы­стан ашы­қтан-ашық дөрекі түр­де қуы­ла­ды. Кей­ін осы әдісті Б.Нүкен өзін бет­ке сынаған­дарға жап­пай қол­дан­ды», – деп жаза­ды «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» ұйы­мы мүше­лері аты­нан жур­на­лист Гүл­ми­ра Той­бол­ди­на. Мақа­ла­ның соңы: «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» – біре­улер­дің шаш­ба­уын көте­ру, бол­ма­са біре­улер­ге билік пен бедел алып беру үшін құры­лған ұйым емес, бұл халы­қтың өз жоғын жоқтау мақ­са­тын­да құры­лған ұйым. «Мен!» деу­ге лай­ық талай аза­мат­тар­дың «Қоғам оян­са екен!» деген арма­ны. Демек, ама­на­ты. Ал ама­натқа қия­нат ету екі дүни­е­де кешіріл­мей­ді», – деп түйінделеді.

Сөздің қадір-қаси­етін білетін кісі осы­дан соң саябыр таба­тын еді. Бірақ Бей­сенға­зы ондай­дан ада екен. «Абай.кz» пор­та­лы­на «Жел­тоқ­сан­шы­ның ащы шын­ды­ғы» деген атпен мақа­ла жаз­ды. Ол мате­ри­ал­ды «ДАТ» газеті де (02.03.2017 ж.) жари­я­ла­ды. Біз осы басы­лы­мға сүй­ене оты­рып, тал­дау жаса­сақ: «2008 жыл­дың мамыр айын­да «Пат­ри­от­тық қозға­лыс «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гін құруға 850 мың тең­ге­дей қара­жат тауып, бәрін өте­ген мен едім, – дей­ді Бей­сенға­зы. – Содан бері ұйым жұмысын тоқтат­пай, бүгін­гі күн­ге дей­ін 186 іс-шара өткіздім». 

«…Осы бағыт­та істелініп жатқан жұмыста­ры­мы­зға қан­ша­ма қар­сы­лы­қтар бол­ды… 2012–2014 жыл­дар ара­лы­ғын­да Жек­сем­ба­ев Жақ­сы­лық, Жапа­ше­ва Ләз­зат, Бей­сен­ба­е­ва Жұл­ды­зай, Әділ­ха­нов Халел­хандар бастаған топ «ұйым төраға­сы Бей­сенға­зы Сәдуұ­лы ұйым­ның ақша­сын жеп қой­ды» деп Аста­на қала­сын­дағы Адам құқы­ғын қорғау орта­лы­ғы­на, Алма­ты қала­сы­ның Қар­жы поли­ци­я­сы­на, Алма­ты қала­сы­ның Эко­но­ми­ка­лық және жемқор­лы­қ­пен күре­су басқар­ма­сы­на, Алма­ты қала­сы­ның Түрк­сіб аудан­дық, Алма­ты қала­лық кас­са­ци­я­лық сот­та­ры­на ары­здар жазып, мені сотқа бер­ді… Арыз жазған­дар­дың мақ­са­ты – мен оты­рған орын­таққа оты­ра салу…» – делі­неді Б.Нүкенұлының мақа­ла­сын­да. Оны кезін­де талай кісілер оқы­ған, ой-пікір­лерін біл­дір­ген. Қарт қалам­гер Ғаб­бас Қабы­шұ­лы аға­мыз бір емес, екі рет үн қатыпты. 

Біз «ДАТ» газеті «Шын­дық басқа­дай екен» деген айдар­мен басқан екін­шісіне қысқа­ша жүгін­сек, былай болып келеді: 

«Қазе­кем «Адам­ның сөзіне аспан­дағы бұлт та айна­ла­ды» деген ғой. Мен сол бұлт­тай бол­дым. «Абай.кz» ақпа­рат пор­та­лы­ның 20 ақпан­дағы санын­да жари­я­ланған «Жел­тоқ­сан­шы­ның ащы шын­ды­ғы» деген мақа­ла­ны Б.С.Нүкенов жазға­нын көріп, «ащы шын­ды­қты нар тәу­е­кел­мен айтқан екен» деп риза болып, оқып, ила­нып, құп­тап, оған қар­сы­ларға қат­ты­рақ пікір жазған едім.

Кей­ін­гі пікір­лер­ді оқып және өзі­ме теле­фон шалған адал аза­мат­тар­дың айтқан­да­рын түсініп, нағыз шын­ды­ққа көзім жетті. 

Содан түй­генім: Бей­сенға­зы Нүке­нов сужұқ­пас­тың көкесі екен! Жел­тоқ­сан мәсе­лесін бүл­діріп, өтірік­тен шалап жасап жүр екен. Соны біл­ген соң, пор­тал­да жазған ойым­ның ағат­ты­ғы­на өкіндім…

Қазе­кем: «Біл­ме­ген у ішеді» деген ғой. Мен де ойда жоқта сон­дай­ға ұшы­рап, Б.Нүкеновтың сыл­дыр-судыр сөзіне сеніп қалып­пын. Ойпыр-ай, шімірік­пес «шешен­дер­дің» түр-түрі бар екен-ау!..».

Құры­л­тай­шы­лар болып жазған мақа­ла­ны ақиқат­тың айбал­та­сы болып жүр­ген Ғаб­бас аға­мы­здың осы сөзі­мен түй­ін­дей салуға әбден болар еді. Бірақ біз қар­жы мәсе­лесіне қаты­сты әңгі­мені қозғай кетей­ік. Алға­шқы құры­л­тай­ға кет­кен қар­жы­ға әрбірі­міз шама-шарқы­мыз­ша ақша жинап, үлес қостық, сон­дай-ақ ол өткіздім деген шара­лар­дың қай-қай­сысы­на да қаты­су­шы жел­тоқ­сан­шы­лар ақша­лай болы­сты. Ай сай­ын мүшелік жар­на жина­дық, куәлік­тері­мізді бел­гіле­ген тең­гесіне сатып алдық. Бұл – басы ашық әңгіме. 

Күр­ген­ба­е­ва өзін «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» ұйы­мы Алма­ты қала­лық бөлім­ше­сінің төрай­ы­мы» деп көр­сетіп, аузын айға біле­ген екен. Бұрын Б.Нүкенұлының төраға­лық еткен кезеңін­де солай бол­са, болған шығар, бүгін­гісі – өтірік. Көтерілістің 25 жыл­ды­ғы кезін­де Талғат құра­с­ты­рған айғақ-кітап­тар­дың 5 томын Алма­ты қала­лық әкім­шілі­гі 1000 дана­дан басты­рып шыға­рып, жел­тоқ­сан­шы­ларға тегін таратқан еді. Біз сол кітап­тар­ды Алма­ты қала­лық бөлім­ше­сін­де төрай­ым бол­дым дей­тін Күмістің өз қолы­нан 5000 тең­ге­ден сатып алып, Кен­та­удағы жел­тоқ­сан­шы­ларға таратқан бола­тын­быз. Осы орай­да Т.Айтбайұлына айтқан ауыр сөз­дері – жап­тым жала­ның нақ өзі! Шын мәнін­де Талғат 30 жыл­дан бері ешкім­нен көмек сұра­май, бастаған ісін жан­ке­штілік­пен жалға­сты­рып келеді. Ол ұлт мүд­десін көк­ке көтеріп, алаң­да арпа­лы­сқан бәрі­міздің ерлі­гі­мізді ертең­гі ұрпақта­ры­мы­зға өне­ге етіп қал­ды­ру мақ­са­тын ақы-пұл­сыз атқа­ру­да. Пуб­ли­цист-жазу­шы Т.Айтбайұлынан басқа дәл осы­лай жасап жүр­ген бір кісі бар ма?! 

Жел­тоқ­сан – әлі күн­ге дей­ін ашыл­маған, жұм­бағы мол көтеріліс. Көтеріліс екі күн­ге ұла­сты. Б.Нүкенұлының естелік жаз­ба­ла­ры мен бер­ген сұх­бат­та­ры­на қараған­да, ол төрт күн бойы алаң­да жүріп­ті. Тағы да дәлел­ге ден қой­ып, тұжы­рым­дап жет­кіз­сек («Алма­ты 1986 Жел­тоқ­сан», 3‑том, 213–214 бет): 

«1986 жыл­дың 16 жел­тоқ­сан күні таңер­тең­гі сағат 7:30-да сабаққа барға­лы жатқан жатақ­ха­на­дағы жігіт­тің бірі «Алаң­да митинг болай­ын деп жатыр, Қона­ев­ты алып тастай­ды» деді. Онда сабаққа дей­ін барып қай­тай­ық деп, екі-үш жігіт болып алаңға жет­тік. Кел­сек, алаң­да жиыр­ма шақты жігіт­тер мен қыздар тұр екен, – деп жаза­ды. Сол күні сабаққа бара­ды, бір­ге оқи­тын жігіт­тер­дің біра­зын алаңға алып келеді. Жиналған жұрт­пен шеру­леп көше­ге шыға­ды. Қаз­ПИ-ге бара­ды. – Қыздар педа­го­ги­ка­лық инсти­ту­ты­на жет­кен­де, алды­мы­зға «ГАИ инспек­ци­я­сы» деген жазуы бар «Жигу­ли» авто­ма­ши­на­сы тоқта­ды. Іші­нен Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Назар­ба­ев шығып: «Бауыр­ла­рым, қай­ты­ң­дар! Босқа мерт бола­сы­ң­дар!» – деді. Мен ол кісіні сол кез­де онша таны­май­ты­н­мын, жол­дан былай тұруын талап еттім. «Аға­ла­ры­мыз, сіз­дер қол­да­май­сыздар. Сон­да сіз­дер­ге тек қана порт­фель керек пе?» – деп айтып, алға қарай жүріп кеттік…».

«17-сі күні біра­зы­мыз халы­қты жинау үшін шеру­летіп, Дзер­жин­ский, Горь­кий көше­лерінің маңын­дағы бір билік ғима­ра­ты­ның алды­на кел­ген­де, қол­да­ры­на қағаз­бен орап, қызы­лға боя­лған арнайы темір арма­ту­ра ұстаған адам­дар қар­сы алды, – деп­ті Б.Сәдуұлы жел­тоқ­сан­шы ақын, жур­на­лист Аманға­зы Кәрі­п­жанәу­летіне бер­ген сұх­ба­тын­да. – …Еңге­зер­дей жігіт­тер­ден құралған сол халық жасақ­шы­ла­ры арма­ту­ра­мен талай­лар­ды соққы­ға жығып, бәрі де қашуға мәж­бүр бол­ды. Мен қашып бара жатып, басым­нан алған соққы­дан ары­қтың ішіне құла­дым. Бір уақыт­та тұрып қара­сам, ешкім жоқ. Аэро­вок­зал­дың қар­сы бетін­де­гі қорған­нан секіріп өтіп, басым­нан қан аққан күй­де жатақ­ха­наға қашып кел­дім… Қай­та­дан алаңға келіп, шеру­мен Сей­фул­лин мен Гоголь көше­лерінің қиы­лы­сы­на жет­кен­де, қазір­гі елба­сы­мыз Н.Назарбаевпен кез­де­стік. Ол бір маши­на­ның іші­нен түсті де, біз­ге келіп, «Бала­лар, қай­ты­ң­дар, босқа зардап шегіп қала­сы­ң­дар!» деді. Біз Назар­ба­евқа «Біз­ге қосы­лы­ңыз, біз­бен бір­ге жүріңіз!» деп едік, ол үндемеді…

…Соны­мен 18-күні кеш­ке қарай опе­ра­ция бастал­ды. Три­бу­на жақты иттері бар әске­ри­лер қор­шап алды… оларға тас лақтыр­дық.… Мра­мор таста­рын қабы­рға­дан жұлып алып, келе жатқан өрт сөн­дір­гіш маши­на­ны тоқтат­пақ болып атқы­ла­дық… Өзім де басым­нан соққы тиіп, құлап қал­дым. Үстім­де­гі паль­том су болып, ауыр­лап кет­ті. Әрең деген­де тұрып, К.Байсейітова көше­сі­мен қашып келе жатыр едім, келе жатқан так­сиді көріп тоқтат­сам, шопы­ры қазақ жігіті екен…» – Қысқа­сы, сол аза­мат Гали­лео көше­сін­де­гі жал­дап тұра­тын пәтеріне тегін жет­кі­зеді. Ол үйге кірісі­мен, үй иесінің ұлы Саша кіріп келеді. «Сен­дер неге оры­сқа қар­сы шыға­сы­ң­дар?» – деп айқай­лай­ды. Еке­уі төбе­ле­седі. Кетерін­де орыс Саша қал­та­сы­нан мыл­ты­қтың оғын шыға­рып, «Осы оқпен мен сені қазір атып өлтіре­мін» деп, сыр­тқа шығып кете­ді. – Ол айтқа­нын істе­се, шабуыл­ды өзім баста­мақ болып, отын жарып жүр­ген бал­там­ды алып кел­дім де, есік­тің арты­на тығы­лып күтіп тұр­дым. Бірақ ол қай­тып кел­ген жоқ. Әйелім де ол кез­де ауы­ра­яқ болға­сын, орыс өлті­ре ме деп қорқып, менің кет­пе­уім­ді өтініп, жыла­ды. Содан еке­уміз түні­мен ұйы­қта­май, екі көзі­міз төрт болып, әлгі оры­сты күтіп отыр­дық. 19‑ы күні таң атпай алаңға қай­та кел­сем, Қ.Сәтбаев көше­сі жағын­да жастар­ды кір­гіз­бей, баста­рын­да кас­ка, үстілерін­де бро­но­жи­лет бар, қол­да­рын­да қалқан, дубин­ка ұстаған төрт қатар әскер тұр екен. Көбісі қазақ жігіт­тер. Біз оларға: «Мына­ла­ры­ң­ды тастаң­дар да, біз­ге қосы­лы­ң­дар» деп айғай­ла­дық». (А.Кәріпжанәулеті. «Жел­тоқ­сан сүр­гіні», 1‑том, 113–115 беттерінен).

«Содан кей­ін не бол­ды екен?» десек, осы сұх­ба­тын­да оны да қам­тып кетіп­ті. Аяғы ауыр әйелін алып, Аягөз­ге кете­ді. Жел­тоқ­сан­ның 16-нан (1986) бастап сабаққа бар­маған. Жаңа жыл­дан кей­ін бір-ақ келеді. Таңқал­ды­ра­ты­ны – Алма­ты темір­жол инсти­ту­ты­ның 2‑курс сту­ден­ті Бей­сенға­зы Сәдуұлын ешкім ізде­мей­ді… Осы «ерте­гі­ге» кім сенеді? Біз де ила­на алмай, ойы­мы­зды осы­лай деп жазып отырмыз…

Енді Б.Сәдуұлының тағы бір «ерлі­гіне» тоқта­лай­ық. С.Лепесовтың жазуын­ша, ол «жері­мізді шетел­дік­тер­ге сат­тыр­мау, жалға да бер­гіз­беу тура­лы баста­ма көтеріп, бас болып… 2016 жылы 21 мамыр­да алаңға шыққа­ны үшін, бүгін­гі жебір билік­тің… қолай­ы­на жақ­паға­ны үшін төраға­лы­қтан алын­ды» дей­ді. Ол кеше ғана болған оқиға емес пе?! Поли­цей­лер алаңға бір кісіні де жібер­ме­ген. Қан­ша адам­ның ұсталға­ны, ара­ла­рын­да кім­дер­дің болған­ды­ғы «Жас Алаш» пен «ДАТ» газет­терін­де жазы­лып, көріністері әле­умет­тік желілер­де тара­ты­лған. Міне, солар­дан Бей­сенға­зы бастаған елу жел­тоқ­сан­шы­ның өздерін де, көлең­ке­лерін де көр­медік. Сон­ды­қтан өтірік­тің де шет-шегі бола­ды, бет пер­деңді аш, Бей­сенға­зы! – демекпіз…

  • «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» ұйы­мы­ның құры­л­тай­шы­ла­ры мен жел­тоқ­сан­шы­лар: Жұл­ды­зай Бей­сен­ба­е­ва, Халел­хан Әділ­ха­нов, Талғат Айт­бай­ұ­лы, Гүл­ми­ра Той­бол­ди­на, Бей­сен­бай Сай­фол­ла, Ләз­зат Жапа­ше­ва, Жақ­сы­лық Тұсай­ұ­лы, Болат Шарахым­бай, Ақкү­міс Ихла­со­ва, Нұр­лан Әлім­ба­ев, Талғат Қожа­на­ди­ров, т.б.
Республиканский еженедельник онлайн