Суббота , 5 июля 2025

Әсем Жәпішева: ТОҚАЕВ реформатор емес, ИМИТАТОР

1986 жылғы Алма­ты мен 2011 жылғы Жаңаө­зен­де­гі Жел­тоқ­сан боздақта­ры­на тағ­зым ету үшін, жыл­да Алма­ты­ның Рес­пуб­ли­ка алаңын­да жина­лу дәстүр­ге айналған еді. Әрдай­ым үйрен­шік­ті бір­сы­ды­рғы сары­н­мен өтетін жиы­нға биы­лғы жылы жастар қауы­мы өзгеріс енгізді. «Оян, Қаза­қстан!» жастар қозға­лы­сы мен Жан­бо­лат Мамай бастаған Дем­пар­тия өкіл­дері поли­ция арнайы жасағы­ның (ОПОН) қор­ша­уын­да үш сағат бойы қама­лып тұр­са да, өздері көз­де­ген мақ­сат­тан бас тарт­пай, ел ішін дүр сіл­кін­дір­ген митинг­ті өткізді. Осы орай­да жастар тобын бастап жүр­ген аза­мат­тық бел­сен­ділер­дің жетек­шісі Әсем Жәпі­ше­ва­ны газеті­міздің «ДАТ» айда­ры аясын­да әңгі­ме­ге тарттық.

– Әсем, әңгі­ме­мізді 16 жел­тоқ­сан күні өткен митин­тен бас­та­сақ. Сол күні, қала әкім­шілі­гінің қар­сы­лы­ғы­на қара­ма­стан, сіз бастаған «Оян, Қаза­қстан!» қозға­лы­сы­ның өкіл­дері Алма­ты көше­лері­мен шеру жасап, Рес­пуб­ли­ка алаңы­на кел­ді. Бірақ «оян­ды­қтар» «ОПОН»-ның қор­ша­уын­да қал­ды. Деген­мен осы акци­я­ның негіз­гі мақ­са­ты орын­дал­ды деп ойлай­сыз ба?

– Аман­сыздар ма, «ДАТ» оқыр­ман­да­ры?! Бізді «ОПОН»-ның қор­шап алға­ны­ның өзі үлкен жетістік деп есеп­тей­мін, себебі бұл олар­дың қорқы­ны­шын, режим­нің кіші­гірім бол­са да, адам­дар тобы­нан зәресі ұша­ты­нын көр­сет­ті. Осы­дан соң маған көп­те­ген адам­дар хабар­ла­сып, келесі акци­я­ның қашан бола­ты­нын сұрап, өздерінің де соған қаты­сқы­ла­ры келетінін жазып жат­ты. Менің­ше, бұл жолғы митин­гі­ге қаты­су­шы­лар саны­ның қан­ша болға­ны маңы­зды емес – біреу неме­се жүз, тіп­ті бір адам шық­са да – осы­ның өзі аза­мат­тық қоғам­ның жетістігі.

– Сол күн­гі нара­зы­лық акци­я­сын­да «Оян, Қаза­қстан!» алаң­ды жарған «Назар­ба­ев, Ота­ным­ды жеме­ші!» деген ұран (сло­ган) «митинг­тің гүлі» бол­ды деген пікір әле­умет­тік желінің басты тақы­ры­бы бол­ды. Осын­дай кре­а­тив­ті ұран кім­нің ойы­на кел­ді және бұл сло­ган­ның аста­рын­да сіз­дер не айт­пақ болдыңыздар?

– Бұл топ­тық кре­а­тив. Біз бұл сло­ган­ды қоғам­ды алаңға шығуға шақы­рған роли­гі­міз­де пай­да­лан­дық. Ұран­ның мағы­на­сы айт­па­са да түсінік­ті деп ойлай­мын: тура бүгін «Азатты­қта» Назар­ба­ев­тар­дың Еуро­па мен АҚШ-тағы 800 мил­ли­он дол­ларға жуық жыл­жы­май­тын мүлік­теріне қаты­сты тер­геу мате­ри­ал­да­ры шықты. Ал біздің біл­мей­тіні­міз қан­ша­ма?! Біз Ота­ны­мы­зды талан-тара­жға салушы­лар­дан әбден шаршадық.

Айт­пақ­шы, қала бас­шы­лы­ғы­мен «келісіл­ме­ген» шеру­ге қаты­су­шы­лар­ды жау­ап­кер­шілік­ке тар­тып жатқан жоқ па?

– Әзір­ге жоқ, алай­да бұралқы заң бой­ын­ша, мұн­дай «тәр­тіп­сіздік» әре­кет­ке әкім­шілік шара қол­да­ну­дың ескі­ру мерзі­мі 50 күн, сон­ды­қтан жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту­ла­ры әбден мүм­кін. Билік өткен науры­зда дәл солай істе­ген болатын.

– Сол шеру­ден соң, ара­да бір күн өтпей, әлдекім­дер сіздің пәтеріңіздің есі­гін бұзуға әре­кет жасаған екен. Бұл қыл­мыстық жағ­дай­ды сіз­ге қар­сы басталған қорқы­ту ама­лы деп айтуға бола ма?

– Әрине, мұның мені қорқы­ту әре­кеті екені айдан анық. Соңғы бір­не­ше ай ішін­де бұл – менің пәтері­ме жасалған екін­ші шабуыл. Бірін­шісін­де – бәрін «ұрлық жасау әре­кеті» секіл­ді қылып көр­сет­пек болған, алай­да «ұры­лар» аппа­ра­ту­ра­ны қал­ды­рып, тек теле­фон­ды ғана алып кет­кен еді.

– Бұл жағ­дай­ға қаты­сты поли­ци­яға ары­з­бен жүгін­діңіз бе?

– Жоқ, оның еш пай­да­сы жоқ. Мұны жасаған өздері ғой. 1 науры­зда мені «ұрлап әке­ту» әре­кетіне бай­ла­ны­сты про­ку­ра­ту­раға шағым түсір­ген­мін, алай­да одан еш нәти­же болған жоқ.

Әсем, елді COVID қатері шар­пып өткен биы­лғы жыл ешкім­ге де оңай тиген жоқ. Деген­мен осы жыл­дың сая­си қоры­тындысы ретін­де қоғам үшін бір жақ­сы­лық пен бір жаман­ды­қты атай ала­сыз ба?

– Коро­на­ви­рус мем­ле­кеті­міздің, әсіре­се ден­са­улық сақтау және білім беру сала­ла­ры­ның қан­ша­лы­қты тиім­сіз басқа­ры­ла­ты­нын ашып бер­ді. Сон­дай-ақ адам­дар жемқор­лы­қтың жан түр­ші­гер­лік дең­гей­ге жет­кенін айқын көрді.

Жағым­сыз тұсы­на келер бол­сақ, билік­тің каран­т­ин­ді айғақ­сыз тұтқы­нға алу, сот­та құқы­қты шек­теу үшін сыл­тау ретін­де пай­да­ланға­ны анық. Каран­тин кезін­де құқық бұзу­шы­лы­қтың үсті­нен түсіп, жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту үшін ізге түсу­лер болды.

– Осы бір жыл­дың ішін­де пре­зи­дент Тоқа­ев елде сая­си өзгерістер жасау жөнін­де сіздің үмітіңізді ақтай­тын­дай қадам жаса­ды деп дәт­ке қуат қыла ала­сыз ба?

– Жоқ! Тоқа­ев рефор­ма­тор емес, ими­та­тор. Жақын­да ғана ол «сая­си жаңғыр­ту­ды» жалға­сты­ра­ты­нын жари­я­лап, жаңа рефор­ма­лар пакетін ұсын­ды. Ештеңе­ге толық тоқталған жоқ, жай ғана рефор­ма­лар тура­лы келесі жыл­дың басын­да айты­ла­ты­ны­на уәде бер­ді. Бұл хабар­лан­ды­ру­ды кім үшін және не үшін бер­генін түсі­ну қиын емес.

«Сая­си жаңғыр­ту» тура­лы ұсы­ныс Тоқа­ев­тың 2019 жылғы сай­лау алды бағ­дар­ла­ма­сын­да болған. Өткен жыл­дың мау­сы­мын­да ол өзін рефор­ма­тор­мын деп жари­я­лап, артын­ша екі баян­да­ма­сын­да келесі рефор­ма­лар топ­та­ма­сын ұсы­нған бола­тын: сая­си пар­ти­я­лар­ды тір­кеу мөл­шерін шек­теу, сай­лау кезін­де әйел­дер мен жастар үшін кво­та, өсек-аяң­ды қыл­мыс деп таны­мау және тағы басқа. Тоқа­ев пар­ла­мент­те оппо­зи­ция болуы керек және оның дауы­сы естілуі тиіс деді.

Нәти­же­сін­де екін­ші пре­зи­дент кезін­де­гі алға­шқы пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға бір­де-бір жаңа пар­тия тір­кел­ген жоқ. Тіп­ті қағаз жүзін­де­гі ресми оппо­зи­ция – ЖСДП сай­ла­у­ға қаты­су­дан бас тарт­ты. Сая­си күре­сті боя­ма­лау жары­сқа қаты­су­шы­ларға оңай түспейді.

Тек сай­ла­удан кей­ін ғана таны­сты­ры­ла­тын жаңа сая­си рефор­ма­лар пакетіне қаты­сты уәдесі арқы­лы Тоқа­ев өзінің әлі де бол­са рефор­ма­тор екенін хабар­ла­ды. Осы­лай­ша жар­ты жыл бойы пре­зи­дент­тің демо­кра­ти­я­ны көз­деп оты­рға­ны­на сеніп кел­ген либе­рал­ды ниет­те­гі қаза­қстан­ды­қтар ары қарай да үміт­тене беру­лері керек.

Осы тұста сай­ла­уда нақты бала­ма­лар­дың жоқ екені­мен қатар, тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың (жал­пы, бақы­лау мүм­кін­шілі­гі Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы арқы­лы жоққа шыға­ры­лған), сон­дай-ақ мем­ле­кет салық әкім­шілі­гіне есеп беру кезін­де қателік жібер­ді-мыс деген желе­умен бір­не­ше мил­ли­он­даған айып­пұл­ды мой­ын­да­ры­на артып бер­гелі оты­рған Үкі­мет­тік емес ұйым­дар­дың өзі қысы­мға алы­нға­нын түсін­ген маңы­зды. Ал бұл олар­дың жой­ы­луы­на алып келеді.

Яғни, біз­де рефор­ма­лар­дың бәрі қағаз жүзін­де қала­ды және шын­ды­қ­пен ешқан­дай бай­ла­ны­сы жоқ. Деген­мен, соған сен­гісі келетін­дер әлі де бол­са үміт­тене бер­сін. Бұл олар­дың таң­да­уы, өз құқы.

– Елде­гі осы жылғы нара­зы­лық шара­ла­ры мен аза­мат­тық баста­ма­ларға ой жүгірт­сек, көп жағ­дай­да бел­сен­ділік таны­тып жүр­ген – қазақ қызда­ры екен. «Оян, Қаза­қстан!» қозға­лы­сы­ның құра­мын­да да қыздар қата­ры басым. Неге бұлай? Қаза­қтың жігіт­тері аза­мат­тық-қоғам­дық баста­ма­лар­да салғырт болып кет­кен жоқ па?

– Қазақ қызда­ры жал­пы өте бел­сен­ді – олар күштірек, көп жұмыс істеп үйрен­ген, соны­мен қатар жігер­лі. Бел­гілі жазу­шы, марқұм аға­мыз Бер­ді­бек Соқ­пақ­ба­ев: «Әйел затын жал­пы нәзік деп айта­ды ғой. Бос сөз. Мықты­ның ең мықты­сы; көн­бісі әйел­дер екеніне мен кім­мен де дау­ла­суға бар­мын. Еркек­тер зоры­ғып өлетін ауыр жұмыстар­ды бұл күн­де қыңқ деме­стен әйел­дер атқа­рып жүр. Оның сыр­тын­да үй ішінің тір­шілі­гін істей­ді, бала өсіреді, кәрі ата-ене­лерін күте­ді. Құдай біледі, еркек бұған төз­бе­ген болар еді» деген екен.

Айт­пақ­шы, әйел билік құрып оты­рған елдер коро­на­ви­руспен күрес кезін­де әлдеқай­да жақ­сы нәти­же көр­сет­кен. Бұл әйел­дер­дің еркек­тер­мен салы­сты­рған­да жеке басы­ның қамы­нан гөрі отба­сын, бала­ла­рын, ден­са­улы­қты сақта­уды, білім алу­ды көбірек ойлай­ты­ны­нан деп біле­мін – осы­лар­дың бәрі шыны­мен өте маңызды.

Өзіңіз секіл­ді бел­сен­ді жастар­дың тобын есеп­те­ме­ген­де, жал­пы қоғам­дағы аза­мат­тық немқұрай­лы­лық жөнін­де­гі пікіріңіз қан­дай және жағ­дай­ды өзгер­ту үшін не қажет?

– Бұл – үйрен­шік­ті дәр­мен­сіздік. 100 жыл – 70 жыл КСРО, кей­ін 30 жыл Назар­ба­ев­тың режи­мі халы­қты «сен­дер­дің қаты­ста­рың жоқ» деп сен­діріп кел­ді, таң­дау деген болған жоқ. Осы­дан соң бел­сен­ділік пен аза­мат­тық сана­лы­лық қай­дан шыға­ды? Басты жау­ап – ағар­ту­шы­лық. Халық өзін қан­дай режим қор­шап тұрға­нын, оның басқа бала­ма­сы бар екенін неғұр­лым көп көр­се, елі­міз соғұ­лым тезірек оянады.

Ал сіз­ге сая­си ағар­ту­шы­лық жол­ды таң­дап, бүгін­гі елде­гі назар­ба­ев­тық режим­мен күрес­ке бел­ді бекем буып шығуы­ңы­зға не түрт­кі болды?

– Мен әрдай­ым осын­дай бол­дым. Әкем аса ауыр қыл­мыстар бой­ын­ша тер­ге­уші болған, ол қай­тыс бол­ды. Ол үне­мі газет оқи­тын, мені де оқуға үйретіп, жемқор­лы­қтың елі­мізді қалай құр­ды­мға итер­ме­леп жатқа­нын, әділет­сіздік тура­лы қын­жы­ла сөз қыла­тын. Мен ерте жастан-ақ жур­на­лист бола­мын деп шештім.

8‑сыныпта оқып жүр­генім­де орын алған бір оқиға есім­де жақ­сы сақтал­ды. Ол уақыт­та мек­те­пі­шілік газет­тің редак­то­ры бол­дым да, қала­лық газет­пен бір­ге жұмыс жаса­дым. Бір­де 9‑қабатта өмір сүретін мүге­дек әйел тура­лы «Өлім­ге апа­рар 81 бас­пал­дақ» деген мақа­ла жаз­дым. Лифт бір­не­ше жыл бойы жұмыс істе­мей­ді, ақы­ры әйел аулаға шығып, күн көзін көріп, ауа­мен тыны­стау үшін жедел жәр­дем шақы­ра­ды. Мен бұл мәсе­ле әкім­шілік­ке бай­ла­ны­сты деп жаз­дым, мені қала биші­ке­ш­тері бір­ден шақырт­ты. Қысым көр­сетіп, қорқыт­ты. Қат­ты ашу­ла­нып шықтым және әлі бәріңе көр­се­те­мін деген шешім қабыл­да­дым. Міне, осын­дай ескі оқиға маған қам­шы­лау болған сияқты.

– Айт­пақ­шы, қоғам­ның бір тобы алдағы қаңтар­да өтетін пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­ла­ды, енді бір бөлі­гі «Нұр Отанға» қар­сы дауы­сты ең нашар пар­ти­яға беріп, билік пар­ти­я­сы­ның дауы­сын «тар­тып алай­ық» деген баста­ма көтеріп жатыр. Бұл орай­да сіздің ойы­ңыз қандай?

– Жалғыз шешім – нара­зы­лық біл­ді­ру деп ойлай­мын. Мен бұл сай­ла­уды мойындамаймын.

– Ал бұл сай­ла­уда, әсіре­се 10–11 қаңтар­да «Оян, Қаза­қстан!» қан­дай ұста­ным­да бола­ды? Мәсе­лен, «ескі оппо­зи­ция» елде­гі жағ­дай­ды тек қана алаң арқы­лы өзгер­ту­ге бола­ды деген тұжы­ры­мға кел­ген екен…

– Мен «ескі оппо­зи­ци­я­мен» келісемін.

Өткен апта­ның соңын­да «оян­дық» әріп­тес құр­бы­ңыз Әсия Төле­со­ва «Про­гресс» пар­ти­я­сын құра­ты­ны жөнін­де мәлім­де­ме жаса­ды. Бұл баста­ма­ның ара­сын­да сіз де бар­сыз ба?

– Жоқ, дәл қазір­гі режим­де пар­тия құру мүм­кін емес.

Сіз шетел­де білім алып, ағы­л­шын тілін жетік мең­гер­ген­сіз. Шетел­де сұра­ны­сы үлкен PR сала­сын­да тәжіри­беңіз бар. Қаза­қстан­нан көңіліңіз қалып, қол­ды бір сіл­теп, сыр­тқа кетіп қалу тура­лы ой сізді қан­ша­лы­қты мазалайды?

– Маған Еуро­па­да жұмыс істе­у­ге бір­не­ше рет ұсы­ныс жасал­ды. Өткен жылы күз­де кетіп қала жаз­даған­мын, бірақ бұл дұрыс емес деп шештім. Әзір­ге мүм­кін болған­ша осын­да қалып, жағ­дай­ды өзгер­ту­ге тыры­сып көр­гім келеді.

– «Фейс­бук» желісін­де­гі бір жаз­баңы­зда әлдебір кино­ның сце­на­рий­ін жазып жатқа­ны­ңы­зды айтқан екен­сіз. Әде­мі Әсем қыздың қан­дай өмір­лік қызы­ғу­шы­лы­қта­ры бар: газет оқыр­ман­да­ры­на өзіңізді қалай таны­сты­рар едіңіз?

– Рақ­мет! Иә, қазір Баян Ала­гө­зо­ва­ның жаңа филь­міне сце­на­рий жазып жатыр­мын. Түсірілім келесі жылы баста­ла­ды. Шыны­мен, көбі менен табыс көзің не деп сұрай­ды. Жеті жыл бол­ды сери­ал­дарға, жар­на­ма­лар мен фильм­дер­ге сце­на­рий жазу­мен айна­лы­са­мын. Сце­на­рий­лер­ді редак­ци­я­лай­мын. Сон­дай-ақ ағы­л­шын тілі­нен ерте­гілер мен өлең­дер ауда­ра­мын. Әде­би­ет­пен, дом­бы­ра шер­ту­мен, садақ ату­мен әуестенемін.

– «ДАТ» газетінің редак­ци­я­сы сізді «Жыл жұл­ды­зы» номи­на­ци­я­сы­ның жеңім­па­зы деп ата­ды. Құт­ты болсын!

Рах­мет! Күт­пе­ген хабар екен… Сіз­дер­ге де Жаңа жыл­да жаңа табыс тілеймін!

– Олай бол­са, бар­лық баста­ма­ла­ры­ңы­зға редак­ци­я­мы­здың аты­нан сәт­тілік тілей­міз! Жаңа жылы­ңыз құт­ты бол­сын! Сұх­ба­ты­ңы­зға рақмет!

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Республиканский еженедельник онлайн