Суббота , 5 июля 2025

САТҚЫНДАР саудаға салған ҚАЗАҚ ЖЕРІ

  • «ДАТ»-тың 27 тамыз (2020 ж.) күн­гі саны­нан «Что мы не зна­ем о Димаш-аға» деген мақа­ла­ны оқы­ған­да, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Пре­зи­ди­у­мы­ның Мақта­арал, Киров, Жеті­сай аудан­да­рын – жал­пы аумағы үш мил­ли­он елу мың гек­тар жер­ді Өзбек ССР-не беру тура­лы 1963 жылғы 26 ақпан­да Қазақ радио­сы арқы­лы елге жария болған Жар­лы­ғы ойға оралды.

Сол құжат­тың Қаза­қстан жағы­нан баста­ма­шы­сы Оңтүстік Қаза­қстан өлкелік пар­тия коми­тетінің бірін­ші сек­ре­та­ры Исма­ил Юсу­пов тұрға­нын жұрт­тың бәрі біл­ген. Жер­гілік­ті өңір­ден оны Еге­мқұл Тасан­ба­ев, Сәр­сен­бай Есі­мов сияқты дөкей­лер­дің «қызу» қол­даға­нын газет­тер жари­я­лап жат­ты. Кедей шаруа жазу­шы­сы Сәбит Мұқа­но­втың қуа­на қол­даған сөз­дері радио­дан жаңғыр­ды. Сол кез­дері облы­стық дең­гей­де­гі бас­шы­лар­дан А.Морозов, Б.Садвакасов, А.Бердалин сияқты жан­дай­шап­тар И.Юсуповтың қасы­нан табы­лға­нын атал­мыш мақа­ла­дан білдік.

Өзбек­станға жер беру­ге келіс­пе­гені үшін Қаза­қстан­ның сол кез­де­гі бас­шы­сы Дін­мұ­ха­мед Қона­ев­тың қыз­меті төмен­детіліп, оның орны­на Қаза­қстан КП Орта­лық Коми­тетінің бірін­ші сек­ре­та­ры болып И.Юсупов тағай­ын­далған бола­тын. Хру­щев пен Раши­дов тан­де­мі құрған қитұрқы сая­сат­тың «жемісі» еді бұның бәрі. Олар қаза­ққа жаны ашы­мас Юсу­по­вты арам ойла­рын жүзе­ге асы­ру үшін пай­да­ла­на біл­ген. Сол кез­де­гі газет тілі­мен айтқан­да, «Отанға жыл сай­ын 200 000 тон­на «ақ алтын» беріп, оны өз зауыт­та­рын­да өңде­ген, жар­ты мил­ли­он­нан астам қара­көл қой­ла­рын өргіз­ген, ондаған товар­лы сүт фер­ма­ла­рын­да «сүт бұлағын ағы­зған» Қаза­қстан­ның дамы­ған үш ауда­ны Өзбек­станға «жылап» кете бар­ды. Өзбек­стан бас­шы­ла­рын бұн­дай қада­мға барға­ны үшін айып­та­уға бол­мас. Олар қаза­қтың бай­ы­рғы жері – Мыр­за­шөл­ді, едәуір Қызы­лқұм жерін өз елінің бола­шағы үшін алды. Осы мақ­сат­пен СССР бас­шы­сы, әуме­сер Хру­щев­ті небір қитұрқы жол­дар­мен «тұза­ғы­на түсіріп», дегеніне жетті.

 1964 жылы қазан айын­да Хру­щев қыз­мет­тен ала­сталған­нан кей­ін, Қаза­қстан жағы жер­ді қай­та­ру, Өзбек­стан жағы бол­са Қаза­қстан­нан алы­нған жер­лер­ді мәң­гілік мен­шік­теу жол­да­рын қарас­ты­рып жат­ты. Осы мақ­сат­пен Алма­ты­да он мың адам жұмысқа тар­ты­лған алып мақта-мата ком­би­на­ты салы­нып біт­ті. Д.Қонаев тоқы­ма өндірісі үшін мақта тап­шы­лы­ғы туын­даға­нын алға тар­тып, Өзбек­станға өтіп кет­кен үш аудан­ды қай­та­ру мәсе­лесін көтер­ді. Бұны алдын ала біліп оты­рған Ш.Рашидов үш ауданға қарас­ты қой фер­ма­ла­ры негізін­де маман­дан­ды­ры­лған үш қара­көл шару­а­шы­лы­қта­рын құрып, бұры­нғы қаза­қстан­дық «Шымқорған», «Қызы­лқұм» сов­хоз­да­ры­мен бір­ге ежел­гі өзбек­стан­дық Фариш ауда­ны­на өткізіп жібер­ген бола­тын. Соны­мен қатар Қаза­қстан­ның атал­мыш үш ауда­ны­ның сыр­тын­да бұры­ны­рақта игеріл­ген жер­лері­мен қоса, тың жер­лер­де құры­лған Ақ алтын, Мыр­за­шөл, Достық, Пах­та­кор, Арна­сай аудан­да­ры негізін­де Сыр­да­рия облы­сын құрып үлгерген.

Сөйтіп, 1971 жылы үш аудан­ның әбден қусы­ры­лған нобайы ғана Қаза­қстанға қай­та­рыл­ды. Әсіре­се Қызы­лқұм төрін­де жатқан ежел­гі мақта­арал­дық мал­ды ауыл­дарға обал бол­ды. 1930 жылы шаңы­рақ көтер­ген «Шымқорған» сов­хо­зы­нан Соци­а­ли­стік Еңбек Ері Бол­сы­най апай Дауыл­ба­е­ва, атақты шопан Әзім­хан Шақа­ба­ев сын­ды аза­мат­тар орта­лы­ққа хат жазып, Д.А.Қонаевтың қабыл­да­уы­на барып, қазақ жерін қай­та­ру үшін күре­сті. Ежел­гі қазақ жер­лерін қай­та­ру жөнін­де­гі бұл әре­кет­тер­ге қар­сы жер­гілік­ті сатқын бас­шы­лар­дың ұйым­да­сты­руы­мен «біз­ге Өзбек­стан­да қалу тиім­ді» деген мағы­на­дағы хат­тар Москваға ағы­лып жат­ты. Мәсе­ленің алдын алған Ш.Рашидов билі­гі 1974 жылы Самарқанд облы­сы­нан Гал­ла­арал, Бах­мал аудан­да­ры­мен қосып, Қаза­қстан­нан алы­нған жер­лер­дің бір бөлі­гі негізін­де тағы жаңа­дан Жызақ облы­сын ашты. Қата­ры­нан екі облыс ашу арқы­лы қазақ ауыл­да­рын бөл­шек­теп, жер­гілік­ті тұрғын­дар ара­сын­да өзбек­тер үлесінің басым­ды­ғын қам­та­ма­сыз етті және осы арқы­лы мәсе­лені жауып тын­ды. Қона­ев­тың қазақ жері үшін Мәс­кеу мен Өзбек­станға қар­сы астыр­тын тар­ты­сы осы­лай аяқта­лып еді.

 Қаза­қстан аудан­да­рын Өзбек­станға өткізіп бер­ген И.Юсуповты Димаш-аға о дүни­елік болған­нан кей­ін Қазақ теле­ви­зи­я­сы экра­ны­нан көріп қал­дым. Оның сөз ауа­ны­нан Димаш Ахметұлын қара­ла­уды мақ­сат тұтқа­нын ұқтым. Оның айтуын­ша, Қона­ев­тың ұлты татар екен-мыс. «Қыз­мет бас­пал­дағы­мен көтері­лу үшін бір түн­де қазақ болып шыға келіп­ті». Қона­ев­тың әру­ағы үсті­нен ат айдаған, жер­ді сатқан И.Юсуповқа кешік­пей «80 жасқа толуы­на бай­ла­ны­сты және Қаза­қстанға сіңір­ген еңбе­гі үшін» үкі­мет ордені сал­та­нат­пен тап­сы­рыл­ды. Бұған енді не дерсіз?

Тәуел­сіздік алған соң Өзбек­стан тара­бы жері­мізді тағы да жырым­даға­ны жанға бата­ды. Қаза­қстан жағы­нан құры­лған шека­ра бел­гілеу комис­си­я­сы­ның осы орай­дағы көн­гі­шті­гін ел түсін­бей отыр. Қазы­ғұрт, Сары­ағаш өңір­лері­нен біраз жер­лер­дің Өзбек­станға кетіп қалға­нын ел біледі. Мақта­арал өңірін­де де бір­та­лай жер­ден айы­рыл­дық. Шардара–Жетісай күре жолы, осы бағыт­тағы темір­жол мен жоға­ры вольт­ті электр желілері астын­дағы жер­лері­мен қоса Өзбек­станға беріл­ді. Қызы­лқұм­ның ішін­де көп­те­ген құды­қтар да кетіп­ті. Өзбек­стан­ның Мех­нат темір­жол стан­са­сы­нан бастап, Қаза­қстан тара­бы салған көпір­ге дей­ін­гі Сыр­да­рия бой­ын­дағы Абай, Жам­был кол­хоз­да­ры­ның, «Жеңіс» сов­хо­зы­ның, Мақта­арал мақта зауы­ты, «Каз­сель­хоз­тех­ни­ка» аудан­дық бір­ле­сті­гі қосалқы шару­а­шы­лы­қта­ры­ның жер­лері ешбір негіз­сіз Өзбек­станға тар­ту етіл­ді. Қаза­қстан жерінің қой­нын­да жатқан, Мақта­арал шару­а­шы­лы­қта­ры­ның негізін­де құры­лған Аман­гел­ді атын­дағы, «Арна­сай» сов­хоз­да­ры тұрғын­да­ры­ның Қаза­қстанға ора­лу тура­лы жанай­қайы ескеріл­меді. Сол өңір­ден шыққан жан­дай­шап­тар жұрт­тың Қаза­қстанға өту тура­лы жазып, қол қой­ған хат­та­ры­ның маз­мұ­нын «Өзбек­стан­да қалғы­мыз келеді­ге» өзгер­тіп, Аста­на мен Тәш­кен­ге жол­дап­ты. «Жұрт­тың талап-тіле­гіне сәй­кес» ол жер­лер де Өзбек­стан­да қалып қой­ды. Тұрғын­да­ры Қаза­қстанға үде­ре көш­кен, өзбек­тер кел­ме­ген бұл ауыл­дар­да қаңы­рап бос қалған үйлер мен азы­наған жел­ден өзге ешнәр­се жоқ дей­ді көр­ген­дер. Дай­ын күре жол­ды, өзге де нысан­дар­мен қоса Өзбек­станға тар­ту еткен қазақ жағы Арна­сай су қой­ма­сы ерне­уін бой­лап, сусы­ма қызыл шағыл үсті­мен он жыл бойы жол салу­мен әлек­тен­ді. Жел суы­рған шағыл­ды тұрақтан­ды­ру оңай ма? Құм­мен бір­ге жел­ге суы­ры­лған халы­қтың қаржысы-ай!

 Шека­ра бел­гілеу комис­си­я­сы­ның бір мүше­сі, Қызы­лқұм село­лық окру­гінің әкі­мі болған Т.Кемел ғана Қаза­қстан жағы­ның жал­пақ­ше­шей­лі­гіне нара­зы­лық біл­діріп, құжатқа қол қой­маға­нын айтып еді. Жалғы­зды тың­дап қайт­сін, «қолын» сырт­тан қой­ып жібер­се керек. Кет­кен жер­лер қай­та­рыл­ма­са да, шека­ра бел­гілеу комис­си­я­сы «көн­гі­шті­гінің» сыры кезі кел­ген­де ашы­лар деп ойлай­мыз. Шын­ды­қтан кім қашып құтылған?

Оңғар НАҚЫП,

Мақта­арал ауда­ны, Түр­кістан облысы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн