Пятница , 4 июля 2025

МҰҒАЛІМДЕРДІ «әлеуметтік көмекпен» АЛДАЙ БЕРМЕЙІК

Қыс тая­ды. Жылы­ту мау­сы­мы баста­лып та қой­ды. Ауыл­ды жерлердің ұста­здар қауы­мы жер­гілік­ті атқа­ру­шы органға мой­ы­нын созып, бір рет­тік көмек­тен дәмелі.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы «Білім тура­лы» заңы­ның 53-бабы­ның 2‑тармағы бой­ын­ша жер­гілік­ті атқа­ру­шы уәкілет­ті орган­дар тағай­ын­даған қара­жат­тар да бөліне баста­ды. Бөлін­ген сома­сы әр жер­де әртүр­лі. Бұл көмек «Білім тура­лы» заң­мен қарас­ты­ры­лған ба десек, бұның қосым­ша заң­дық актісі тағы бар екен. Ол ҚР-ның «Агроө­нер­кәсіп­тік кешен­ді және ауыл­дық аумақтар­ды дамы­ту­ды мем­ле­кет­тік рет­теу тура­лы» 2005 жылғы 8 шіл­де­де­гі № 66 заңы екен. Оның 18-бабы­ның 5‑тармағы бой­ын­ша, «ауыл­дық елдi мекен­дер­де тұра­тын және жұмыс істей­тiн» деп баста­ла­тын жол­да­ры­ның кесірі­нен бұл ата­у­лы көмек­ті ауыл­ды жер­де жұмыс істе­се де, осын­да тұр­са да, ұста­здар­дың көбі ала бермейді.

Неге? Себебі бір заң рұқ­сат беріп, екін­шісі – оның орын­да­луы­на тоқтау қой­ды. Бұл «ата­у­лы көмек­тің» орын­да­лу мәсе­лесі, өкініш­ке орай, «Педа­гог мәр­те­бесі тура­лы» жаңа заңға осы мәтін­мен кет­ті. Яғни, көмек­ке зәру мұғалім­дер әр аймақта әртүр­лі «зар­лай­тын» болды.

Себебі жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­ның тағай­ын­даған бұл ақы­сы­ның көле­мі әр жер­де әртүр­лі баға­мен бел­гі­лен­ген, кей­бір жер­де тіп­ті күл­кіні кел­тіреді. Сон­ды­қтан мұғалім­дер қауы­мын мазақ қыл­май, бұл «көмек­ті» алып тастаған дұрыс шығар.

Енді неге «дұрыс шыға­ры­на» тоқта­лай­ық. «Білім тура­лы» заң­ның 53-бабы­ның 1‑тармақшасы бой­ын­ша, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес, тұрғын үй, оның ішін­де қыз­мет­тік үй және (неме­се) жатақ­ха­на» деп әле­умет­тік кепіл­дік беріл­се де, мұғалім­дер­дің көбі «квар­ти­рант­тар». Тіп­ті мұғалім­дер­ге «арналған» тұрғын үй алу тура­лы бағ­дар­ла­ма да бар екен, бірақ, өкініш­ке орай, одан мұғалім­дер хабар­сыз. Соны­мен «про­пис­ка­сы» қала­да, өзі қала­ның шетін­де­гі ауыл­да «квар­ти­рант» болып жүр­ген ұста­здарға бұл ата­у­лы көмек мүл­де тимей­ді десек те бола­ды. Үйсіз жүр­гені былай тұр­сын, «квар­ти­рант» бола жүре, бұл ата­у­лы көмек­тен қағы­ла­тын бол­са, оның үстіне берілетін мөл­шері күл­кілі жағ­дай­да бол­са, «көмек көр­се­тудің» мазақ мөл­шерін жаңа заң жоба­сы­нан алып тастаған дұрыс. Одан да ұста­здар­дың еңбе­гіне сай зей­нет жасын төмен­дет­кені дұрыс.

Ал ол маза­қтың мән-жай­ын төмен­де жари­я­ла­нып оты­рған заң тар­мақта­ры­нан аңға­руға болады.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2007 жылғы 27 шіл­де­де­гі № 319 Білім тура­лы заңы.

53-бап. Әле­умет­тік кепілдіктер

1. Педа­гог қыз­мет­кер­лер мынадай:

2. Ауыл­дық жер­де жұмыс істей­тін білім берудің педа­гог қыз­мет­кер­лері жер­гілік­ті өкіл­ді орган­дар­дың шеші­мі бойынша:

1) қала жағ­дай­ын­да педа­гог­тік қыз­мет­пен айна­лы­са­тын педа­гог қыз­мет­кер­лер­дің став­ка­ла­ры­мен салы­сты­рған­да айлы­қақы­лар мен тариф­тік став­ка­лар кемін­де жиыр­ма бес про­цент­ке арт­ты­ры­лып белгіленеді;

2) ком­му­нал­дық қыз­мет көр­се­ту­лер­ге шығы­стар­ды жабуға және тұрғын үй-жай­лар­ды жылы­ту үшін отын сатып алуға жер­гілік­ті өкіл­ді орган­дар­дың шеші­мі бой­ын­ша бел­гі­ле­нетін мөл­шер­де бюд­жет қара­жа­ты есебі­нен бір­жолғы ақша­лай өте­мақы төленеді;

Агроө­нер­кәсіп­тік кешен­ді және ауыл­дық аумақтар­ды дамы­ту­ды мем­ле­кет­тік рет­теу туралы

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2005 жылғы 8 шіл­де­де­гі № 66 заңы.

18-бап. Ауыл­дық аумақтар­ды дамыту

4. Аза­мат­тық қыз­мет­ші болып табы­ла­тын және ауыл­дық елдi мекен­дер­де жұмыс iстей­тiн ден­са­улық сақтау, әле­умет­тiк қам­сыздан­ды­ру, бiлiм беру, мәде­ни­ет, спорт, вете­ри­на­рия, орман шару­а­шы­лы­ғы­және ерекше қорға­ла­тын табиғи аумақтар сала­сын­дағы маман­дарға, сон­дай-ақ жер­гілік­ті бюд­жет­тер­ден қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын мем­ле­кет­тік ұйым­дар­да жұмыс істей­тін аталған маман­дарға қыз­мет­тiң осы түр­лерi­мен қала­лық жағ­дай­да айна­лы­са­тын маман­дар­дың мөл­шер­ле­ме­лері­мен салы­сты­рған­да кемiн­де жиыр­ма бес пай­ы­зға жоға­ры­ла­ты­лған айлы­қақы­лар мен тариф­тiк мөл­шер­ле­ме­лер жер­гiлiк­тi өкiл­дi орган­дар­дың (мәс­ли­хат­тар­дың) шешi­мi бой­ын­ша бел­гi­ле­нуi мүмкiн.

5. Ауыл­дық елдi мекен­дер­де тұра­тын және жұмыс істей­тiн мем­ле­кет­тiк ден­са­улық сақтау, әле­умет­тiк қам­сыздан­ды­ру, білім беру, мәде­ни­ет, спорт және вете­ри­на­рия ұйым­да­ры­ның маман­да­ры­на бюд­жет қара­жа­ты есебi­нен ком­му­нал­дық көр­сетілетін қыз­мет­тер­ге ақы төлеу және отын сатып алу бой­ын­ша әле­умет­тік қол­дау жер­гілік­ті өкiл­дi орган­дар (мәс­ли­хат­тар) бекіт­кен тәр­тіп­пен және мөл­шер­де көрсетіледі.

PS. Яғни, осы салы­стыр­ма­лы заң­дар аясын­да «қазан­шы­ның еркі бар – қай­дан құлақ шығар­са» деген­дей, әр мәс­ли­хат өз ауда­ны­ның бюд­жет­тік мүм­кін­ді­гі дәре­же­сін­де ата­у­лы көмек көр­се­тетін бола­ды. Ал енді осы бюд­жет­тік мүм­кін­дік­ті ШҚО-дағы өндіріс ошақта­ры мол өнер­кәсіп­тік аудан мен мал­дан басқа табысы да, кірісі де жоқ ауыл­дық аудан көле­мін­де бағам­дап көріңіз.

Мей­ір­жан ТЕМІРБЕК,

«Мұғалім мәр­те­бесі»

қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төрағасы

НҰРСҰЛТАННЫҢ «ЕКІ СИЫРЫ»

ауруға шалдықса, халық қайтіп күн көреді?

Алма­ты облы­сы Сарқанд ауда­ны­нан Жан­гел­ді Әбдіғап­па­ров есім­ді тұрғын редак­ци­я­мы­зға келіп, ауыл­ды жер­де «ауруға шал­ды­қты» деген желе­умен мал­да­рын алып кетіп жатқан жағ­дай­лар­дың жиілеп кет­кені тура­лы баян­дап бер­ді. Әрине, адам азы­ғы­на пай­да­ла­нып оты­рған ет-сүт өнім­дерінің жіті сани­тар­лық тек­серілуін қол­да­сақ та, кей­ін­гі кез­де­гі осын­дай фак­тілер­дің тым көбей­іп кетуі орын­ды күдік туғызады.

Оның үстіне келіп түс­кен инсай­дер­лік ақпа­рат көз­дерінің бер­ген мәлі­мет­тері біздің күді­гі­мізді есе­лей түсті. Аты-жөнін ата­мауды сұраған ауыл шару­а­шы­лы­ғы басқар­ма­сы­ның өкілінің «ет өткі­зудің жос­па­ры орын­дал­май жат­са, біз брю­цел­лезді ушы­қты­ры­ң­дар деген тап­сыр­ма ала­мыз» деп айтқан сөзі атқа­мі­нер­лер­дің құлағы­на алтын сырға болар деген сенімдеміз.

Біздің аудан­да орын алып оты­рған заң­сызды­ққа Алма­ты облы­сы­ның бас­шы­лы­ғы мен лау­а­зым­ды тұлға­ла­ры назар ауда­рар деген үміт­пен, сіз­дер­дің газет­теріңіз арқы­лы жағ­дай­ым­ды айтып, әкі­мі­міз Аман­дық Бата­ло­вқа шағы­мым­ды жет­кіз­сем деп отыр­мын. Бұл тек менің ғана басым­нан өткен жағ­дай емес. Мал дәрі­гер­лері сиы­рың, қой­ың ауруға шал­ды­қты деп, талай адам­ның малын айдап әке­туі үйрен­шік­ті нәр­се­ге айна­лып бара­ды. Елба­сы­мыз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев айтқан­дай, ауыл тұрғын­да­ры сиы­рын бағып, сүт-май­ын азық етіп, бала-шаға­сын әрең асы­рап оты­рған шақта күні қарап оты­рған сиы­ры­нан айы­ры­лып жатыр.

Осы­дан 3 жыл бұрын менің әкем, І‑топтағы мүге­дек Әбдіғап­па­ров Аман­гел­дінің 1 қой, 1 ешкі, 1 сиы­рын брю­цел­лез­ге шал­ды­қты деген сыл­та­у­мен жер­гілік­ті вет­врач­тар бауы­здап алып кете­ді. Алай­да кей­ін аны­қтап біл­гені­міз­дей, сол жылы біздің аудан­да брю­цел­лез ауруы тір­кел­ме­ген екен. Сон­да әкем­нің сой­ып әкет­кен малы қай­да кетті?!

Ол аз болған­дай, биыл менің бұза­улап тұрған 1 сиы­рым­ды брю­цел­лез­бен ауыр­ды деп тағы алып кет­ті. Доку­мент­тің бар­лы­ғын соған кел­тіріп дұры­стап жасаған. Бірақ сол құжат­тар­дың біре­уін­де де мал­дың иесі – біздің қолы­мыз жоқ. Біздің орны­мы­зға құжат­тарға қол­ды өздері қой­ған. Ойлап қараңыз­шы. Менің бес балам бар. Оның еке­уі мүге­дек. Өзі­міз қина­лып оты­рған­да, бағып, өсіріп оты­рған малы­мы­зды үнде­мей қалай бере бере­міз?! Сол мал­ды өзі­міздің бала-шаға жемей ме!

Ал енді қараңыз, ауру деп алып кет­кен сиыр­дың 40 күн­дік бұза­уы үйде қалып қой­ды. Сол бұзау аман-есен, онда ешқан­дай ауру­дың бел­гісі де жоқ. Елді «асы­ра­удың ама­лын тапқан» елба­сы­мыз айт­ты ғой – сиыр бағып, сүт-май­ы­ң­ды сатып, күніңді көр деп. Сон­да бұза­улап тұрған екі сиыр­ды «ауруға шал­ды­қты» деп алып кетіп жат­са, адам­дар бала-шаға­сын қалай асы­рай­ды?! Ауыл­да жұмыс тап­шы кез­де, адам­дар­дың күні малға қарап тұрған шақта, бұның кол­лек­ти­ви­за­ция кезін­де­гі ашар­шы­лы­қтан қай жері кем?!

Осын­дай қия­натқа шыдай алмаған соң, про­ку­ра­ту­раға шағым­дан­дым. Олар бол­са істі поли­ци­яға жібер­ді. Бірақ қазір­ге дей­ін еш нәти­же жоқ. Малым­ды алып кет­кен вете­ри­нар­лар­дың әре­кет­терінің қан­ша­лы­қты заң­ды, не заң­сыз екенін түсін­діріп жатқан ешкім жоқ! Иә бол­ма­са мал­дың шығы­ны деп, ешкім жәр­де­мақы да төле­ген жоқ. Қиын­ды­қ­пен бет­тес­кен қара­пай­ым халық өз күнін өзі кешу­де. Сон­да біздің арқа сүй­ер билі­гі­міз бен құзыр­лы орган­дар қай­да деген сұрақты Аман­дық Бата­ло­вқа қой­ғым келіп отыр.

Менің ауру деп алып кет­кен сиы­рым­ның шын ауру болға­ны­на күді­гім бар. Өйт­кені сол сиыр­дың сүтін ішіп, қай­мақ-май­ын жеп кел­дік. Арты­ғын көр­шілер­ге сат­тық. Бәрі дін аман.

Сол себеп­ті малым­ды алып кет­кен дәрі­гер­лер­ге сарап­та­ма­ны қай­та­дан жасаң­дар деп талап еттім. Олар бол­са, мал­дың қанын екін­ші рет алмай­мыз, алдын­да осы сиыр­дан алған қан­ды тек­се­ре­міз деді. Ол жер­де менің сиы­рым­ның қаны № 28 деп бел­гі­лен­ген. Ал табын­да 70–80 мал бар. Мен ең соңғы­лар­дың бірі болып өткіз­гем. Ол № 28 деп бел­гі­ле­нуі мүм­кін емес. Ауыл адам­да­ры аңқау келе­міз ғой, мен де сол жолы қан­ның қалай бел­гі­лен­генін жазып алмаған­ды­қтан, өзім­нің мүд­дем­ді қорғай алмай қор болып тұр­мын. Сон­ды­қтан сіздің газет­теріңіз арқы­лы билік­те­гі атқа­мі­нер­лер­дің ара­ла­суын сұрай­мын. Қара­пай­ым халы­қтың күні қарап оты­рған малын түсініксіз себеп­тер­мен алып кетуді тоқта­ту­ды талап ете­мін. Егер мал ауруға шал­ды­ққан бол­са, мал дәрі­гер­лері соны ашық түр­де дәлел­деп бер­сін. Әйт­пе­се олар­дың істеп оты­рға­ны барым­та­шы­лар­дың тір­лі­гі­нен қай жері артық?!

«DАТ-ақпа­рат»

Республиканский еженедельник онлайн