Пятница , 4 июля 2025

«DAT» ДАТ СҰРАЙДЫ!

Құр­мет­ті «DAT»-тың доста­ры! Біз бұған дей­ін­гі 21 жыл­да ешқа­шан сіз­дер­ге «алақан жай­ып», көмек сұра­маған едік… Елде­гі дағ­да­ры­стың сал­да­ры өздеріңіз­ге де оңай соқ­пай оты­рға­нын жан-тәні­міз­бен біле отыр­сақ та, бүгін біз газет тап болған қиын­ды­қты қысы­ла-қысы­ла айтып, сіз­дер­ден көмек сұрай­ық деп отырмыз.

Ең алды­мен сіз­дер қала-дала­ны кезіп жүріп, «DAT»-ты әрең әупірім­мен тауып ала­тын, оны 120–150 тең­генің төңіре­гін­де­гі бағаға сатып ала­тын жағ­дай­ды айтай­ық. Бірін­ші­ден, Ақор­да­ның айтуы­мен рес­пуб­ли­ка қала­ла­рын­дағы газет сата­тын дүң­гір­шек-киос­кілер­дің саны күрт қысқа­рып кет­кенін көріп жүр­сіз­дер. Әкім­дер­дің айта­ты­ны – «дүң­гір­шек­тер қала көше­лерінің көр­кін кетіреді». (Ой-сана­ның көр­кі кетерін­де олар­дың ісі жоқ). Бір ғана Алма­ты­ның өзін­де соңғы екі жыл­да 100-ден астам дүң­гір­шек жабыл­ды. Аста­на­да – Есіл­дің сол жаға­ла­у­ын­да газет-жур­нал сауда­лай­тын ондай орын қал­ма­ды. Оң жаға­ла­уда қалға­ны – оншақты ошақ. Басқа қала­лар­дағы жағ­дай да оңып тұрған жоқ.

Міне, газет­тің сауда­ла­нуы мен оның тара­лы­мы­ның өсуіне (құры­ған­да, тұрақтап тұруы­на) осы дүң­гір­шек­тер­дің күрт қысқа­руы қат­ты әсер етті. Басқа алыс аудан­дар мен аймақтар­ды айт­паған­да, соңғы екі жыл­да бір ғана Алма­ты­да бес мың дана тара­лым­нан айы­рыл­дық. Бұл – біздің бас­па­ха­на қыз­метіне төлей­тін ақы­мы­здың тең жар­ты­сы­на пара-пар сома­ны жоғалт­тық деген сөз.

Айт­пақ­шы, Алма­ты мен басқа да ірі қала­лар­да көше көр­кін кем­сіт­пей, сам­сап тұрған «Кара­ван» киос­кілері біздің газет­ті сауда­ла­у­ға алмай­ды. Себебі – олар­дың қожай­ы­ны Дариға Назар­ба­е­ва. Өзі мен туыс-туға­нын, төңіре­гін жиі сынай­тын «DAT»-ты сатуға бақан­дай ел пар­ла­мен­тінің спи­кері тый­ым салған. «Кара­ван» газеті мен оның мене­джер-логи­стиктерінің алда­ры­на сан рет бар­дық. Олар «жоғарғы жақты» нұсқай­ды: «хозяйн запре­ща­ет» деп.

«Ол кім?».

«Как буд­то вы не знаете…».

Әрине, «зна­ем» – ол Рахат­тан қалған «КТК» мен «Кара­ван­ның» мұра­сы­на ие болған Дариға ханым Назар­ба­е­ва. Бір қызы­ғы – Алма­ты­дағы жөні түзу киос­кілер «Дауыс» пен «Мир прес­стен» бастап тегіс сүріл­ген кез­де «Кара­ван­ның» алба-жұл­ба дүң­гір­шек­теріне Бай­бек әкім­нің тісі бат­па­ды. Неге? Негесі бел­гілі: Бай­бек-бала өле алмай жүр­ген жоқ…

Екін­ші­ден, қалған-құтқан жер­лер­де «DAT»-тың 120–150 тең­ге­ге саты­луы­на біздің тіп­тен де қаты­сы­мыз жоқ. Бұл – біздің газет арқы­лы өз нәпақа­ла­рын түген­де­ген көтер­ме сауда­гер­лер­дің «кәсіп­кер­лі­гі­нен» туған баға. Біздің редак­ци­я­лық тара­ту­шы­лар бел­гіле­ген баға – 60–65 тең­ге­ден аспай­ды. Ал тиын­нан тең­ге құраған сату­шы­лар газет­тің тара­лы­мы есебі­нен түсім­ді ұлғай­ту­дың орны­на, оның баға­сын өсіру­ге құштар. Баға­ны 100 тең­ге­ден асы­ра шары­қта­туға әкім­дік­тер­де­гі ішкі сая­сат маман­да­ры­ның қаты­сы бар-жоғы – күмән­ді мәсе­ле. Тара­лым­ның неғұр­лым аз болуы – тәу­ел­сіз ақпа­рат ізде­ген елдің сана­сын сан­сы­рат­па­удың амалы…

Әрине, газет тара­лы­мы­ның қысқа­руы­на смарт­фон-қал­та­фон­дар­дың да қаты­сы жоқ емес. Бүгін­де екінің бірінің қал­та­сын­да «Айфон» мен «Сам­сунг­тің» жүруі – қалып­ты құбы­лыс: қала кезіп, газет ізде­удің қажеті шама­лы, бүкіл әлем­нің тыныс-тір­лі­гі қал­таң­да жүр. Бірақ бір еске­ретін жәйт – «DAT»-та шыға­тын ақпа­рат­ты «Айфон­нан» өлсең де таба алмайсың!

Соны­мен бір­ге темір­жол және авто­көлік тасы­ма­лы­ның тари­фі де күн сай­ын қым­бат­тау үстін­де. Газет­ті алыс аймақтарға жет­кі­зу қыз­меті өзін­дік құн­ның 5 пай­ы­зы­на пара-пар. Қым­бат­та­май қалған – «DAT» қана. Оның баға­сын өсі­ру – жар­лы жұрт­шы­лы­қты буын­ды­рған­мен бір­дей болған соң, соңғы үш жыл­дан бері баға­ны «бай­лап» оты­рған жәй­і­міз бар. Редак­ци­я­ның шта­ты мен басқа шығын­дар­ды (жалақы, арен­да, бай­ла­ныс, көлік) мей­ілін­ше қысқар­ту арқы­лы газет баға­сын ұстап оты­руға мәж­бүр­міз. Кеш­кісін жұмысы­нан үйіне қай­тып бара жатқан халы­қты 150 тең­ге­ге газет алам ба, әлде екі бөл­ке нан алам ба деген қиын таң­да­уға тап қыл­май­ық дейміз-дағы…

Енді біз үшін қиын­ды­қтан құты­лу­дың қан­дай ама­лы бар?

Әрі ойлап, бері ойлап, оның жолы – «DAT»-қа пошта арқы­лы жазы­лу деп шештік. Әрине, бұрын­нан бері жазы­лып жүр­ген ағай­ы­нға айтар сөз жоқ. Айтар сөз – газет­тің жаңа санын ізде­умен сар­саңға түсетін жана­шыр қауы­мға арналады.

«DAT»-қа жазы­лы­ңы­здар, ағай­ын! Елде­гі жарым-жалғыз нағыз тәу­ел­сіз газет­ті сақтап қалай­ық. Үлкен өтініш – өзіңіз жазы­лы­ңыз, ағай­ын-туғанға, көр­ші-қолаңға, жұмыс­тас жол­дастарға қолқа салы­ңыз: бір жылға жазы­лу­дың 4 мың тең­гесі тесік­ке тығын бол­мас, бірақ көп­шілік­тен жиналған қар­жы газет­ті қиын­ды­қтан құтқа­руға сеп бола­ры сөзсіз.

Беті­міз­бен жер басқан­дай болып айта­ры­мыз осы: келесі жылға жазы­лу науқа­ны бастал­ды – «DAT»-қа жазы­лы­ңыз! 21 жыл­дан бері біз­бен бір­ге болған, бізді апта сай­ын іздей­тін қадір­лі оқыр­ман­ның жәр­де­міне зәру екені­мізді жасы­ра-жасы­ра бол­дық! Бүгін жаң­быр-жаң­быр­дың ара­сы­нан өтіп, оқыр­ма­ны­ның ығын пана­лаған «ДАТ» жоба­сын­дағы «Обще­ствен­ная пози­ция» газетінің 500‑і саны сіздің қолы­ңы­зға тиіп отыр. Соңғы он жыл­да ғана 500 газет шыға­рып, бес ауыз сөз­бен қолқа салуға қақы­мыз бар шығар: «DAT» жоба­сын­дағы газет­ке жап­пай жазылайық!

Біз бұры­нғы беті­міз­ден тай­май­мыз: қаза­ғын, мем­ле­кетін сүй­етін, халқы­ның тағ­ды­ры­на жаны аши­тын, оның қазір­гі жағ­дай­ы­на ара­ша­шы, «айқай­шы» газеті­міз билік­ке «бөтен», бала­ма ақпа­рат тара­ту­дан айны­май­ды. Демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ци­яда жүр­ген аза­мат­тар­ды тобы­ры­мен сот­тап, айдап, қуда­лап жатқан заман­да, Есіл­дің сол жаға­ла­у­ын­дағы Ақор­да мен «кіта­п­ха­на­ның» орта­сын­да екі­ге жары­лған билік­тің ара-жігін біл­гіңіз кел­се, «ДАТ»-қа жазылыңыз!

Біз­ге жаңа­дан қосы­ла­тын оқыр­ман­дар үшін қысқа­ша мәлі­мет: Қаза­қстан­дағы алға­шқы оппо­зи­ци­я­лық басы­лым – «ДАТ» газетінің бірін­ші саны 1998 жылы сәуір­дің 16-сы күні жарық көр­ді. Сол жылы нақақ жала­мен жабы­лған бұл газет­тің орнын жар­ты жыл­дан соң «СолDAT» газеті басты. Сот шеші­мі­мен ол да жабы­лған соң, Қаза­қстан­да әр жыл­да­ры «DAT» бас­па­гер­лік жоба­сы аясын­да «Сего­дня-Бүгін», «ДАТ-Ақбо­та», «ДАТ-Коле­со», «ДАТ-Иртыш», «Жұма-Таймс», «Айна-плюс» және «Тасжарған» газет­тері жарық көр­ді. Бұл газет­тер­дің бар­лы­ғы жал­пы жиы­ны жүз­де­ген мил­ли­он тең­ге айып­пұл «арқа­лап», жары­ққа шығуын солақай сот­тың шешім­дері­мен тоқтатты.

Ал 2009 жыл­дан бастап үздіксіз шығып келе жатқан «DAT» жоба­сын­дағы «Обще­ствен­ная пози­ция» апта­лы­ғы­на жазы­лып, тәу­ел­сіз ойдың ошағы­на жылы­нам десеңіз, өзіңіз тұра­тын аудан­дағы пошта бөлім­ше­сіне барып: «Обще­ствен­ная пози­ция» газетіне жазы­лам деп, ката­лог­тан 64258 индексін шұқып көр­сет­сеңіз бол­ды – пошта­шы сіздің тұты­ну­шы­лық тала­бы­ңы­зды орындайды.

Міне, ақыр аяғы «DAT»-тың өзі осы­лай­ша халы­қтан дат сұра­уға мәж­бүр болып отыр. Енді «DAT»-ты дағ­да­ры­стан құтқа­руға жәр­дем жасаңыз, ағайын!

«DAT» газет­тер жобасының

редак­ци­я­лық ұжымы

Жазы­лу ақы­сы төмендегідей:

Біздің индекс – 64258

Алма­ты қала­сы бойынша

және басқа қала­лар­да (тең­ге­мен):

бір айға – 339,23

үш айға – 1017,69

алты айға – 2035,38

бір жылға – 4070,76.

Аудан­дар мен ауылдарда:

бір айға – 357,86

үш айға – 1073,58

алты айға – 2147,16

бір жылға – 4294,32.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн