Пятница , 4 июля 2025

Бэлла ОРЫНБЕТОВА: БИЛІКТІҢ ӨЗГЕРУІН тағы 5–10 жыл күтуге УАҚЫТЫМ ТАПШЫ

  • Өткен пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін аза­мат­тық қоғам­да жасын­дай жарқ етіп шыққан жас толқын­ның бір өкілі – аста­на­лық ару Бэл­ла Орын­бе­то­ва. Бүгін­де Бэл­ла бике бастаған бір топ қоғам­шыл аза­мат сая­си пар­тия құру­дың қамы­на кірісіп кет­ті. Біз оның ой-пікірін оқыр­манға жет­кі­зу үшін және құрыл­мақ пар­ти­я­ны қоға­мға таны­сты­ру мақ­са­ты­мен жас сая­сат­кер­ді «ДАТ!» айда­ры аясын­дағы әңгі­ме­ге шақы­рған едік.

– «Пар­тия құру баста­ма­сын көтеріп жүр­ген бұл қай қыз?» деп, сіз тура­лы мән-жай біл­гісі кел­ген газет оқыр­ма­ны­ның сұрағын арқа­ла­нып, сұх­ба­ты­мы­зды «бұл қай қыз» екенін білу­ден бастайық…

– Бэл­ла Орын­бе­то­ва, маман­ды­ғым – жур­на­лист. «Respublika» қозға­лы­сы­ның мүше­сі­мін. Жур­на­ли­сти­ка факуль­тетін­де оқы­ту­шы­лық қыз­мет атқар­дым, el.kz сай­ты­ның бас редак­то­ры бол­дым. Қазір тәу­ел­сіз жур­на­л­ис­пін. Қысқа­ша осы.

– Оқыр­ман сұрағы­ның жалға­сы ретін­де: «Бұл қыз қоғам­дық орта­да нен­дей мәсе­ле айтып жүр екен?» деген сау­алға не деп жау­ап берер едіңіз?

– Әуел баста қозға­лы­сы­мыз Аста­на ата­уын Нұр-Сұл­танға өзгерт­кен кез­де құрыл­ды. Бұл мен сияқты тәу­ел­сіздік кезеңін­де бұға­на­сы қатқан жастар үшін ауыр жағ­дай бол­ды. Ел аста­на­сы­мен қой­май, бас қала­лар­дың негіз­гі көше­лерінің ата­у­ла­ры, әуе­жай сияқты ірі нысан­дар елба­сы есі­мі­мен ата­ла баста­ды. Аста­на күні ол кісінің туған күніне еш қисын­сыз жыл­жы­тыл­ды. Тұңғыш пре­зи­дент күні мем­ле­кет­тік мере­ке­ге айнал­ды. Тіп­ті жастар­дың аузы­мен ескерт­кі­ш­тер тұрғы­зы­луы керек деген иде­я­лар айтқы­зы­ла баста­ды. Бұл абсурд емес пе?

Білім мен инно­ва­ци­я­лық тех­но­ло­гия сал­та­на­ты іспет­тес EXPO өткізілетін елде күн­делік­ті интер­нет бұғат­та­ла­ды. Қаза­қстан­ды «әлем­ге таны­ту» үшін өткізіл­ген EXPO-ға 565 млрд тең­ге бөлі­неді де, көп бала­лы ана­ларға жәр­де­мақы­ға ақша жет­пей­ді. Жастар фору­мын өткізу­ге 250 мил­ли­он ақша­ны шаша­мыз, ал жұмыс­сыз, бас­па­на­сыз жастар аза­яр емес. Осы жағ­дай­лар­ды жет­кіз­бек болып қозға­лыс бел­сен­ділері #Шүкір хеш­те­гі­мен алға­шқы арт-про­те­сті­мізді өткіздік (фото).

– «Respublika» деген атау тағы­лған бұл қозға­лы­ста кім­дер бар, мақ­сат-мұра­ты не, кім­мен жақ­тас, кім­ге қарсы?

– Біздің қозға­лыс бел­сен­ділерінің басым бөлі­гі жур­на­ли­стер мен про­гра­ми­стер­ден құралған. Сон­ды­қтан қазір­гі медиа­да болып жатқан жағ­дай­ға бей­жай қарай алмай­мыз. Біз­де онсыз да тәу­ел­сіз БАҚ сау­сақ­пен санар­лық. Аза­мат­тық жур­на­ли­сти­ка құра­лы ретін­де әле­умет­тік желі дамып келе жатыр еді. Оның өзі тұрақты түр­де бұғат­та­ла­тын бол­ды. Енді қауіп­сіздік сер­ти­фи­ка­тын желеу етіп, ақпа­рат­тық қауіп­сізді­гі­міз­ге қол сұққан­да, қозға­лы­стағы әріп­те­стері­міз­бен бір­лесіп, жалғы­зілік­ті пикет­ке шықтық.

Жал­пы, елде­гі маңы­зды қоғам­дық-сая­си жағ­дай­ларға пікірі­мізді әрқа­шан ашық біл­діріп оты­ра­мыз. Сай­ла­удағы өрес­кел заңбұ­зу­шы­лы­қтар, митинг­ке шыққан аза­мат­тар­дың қуда­ла­нуы, сая­си тұтқын­дар, көп бала­лы ана­лар­дың жағ­дайы тура­лы әле­умет­тік желі­де­гі парақ­шам­да жазып келемін.

– Иә, Бэл­ла, оқып жүр­міз: соңғы көтер­ген мәсе­лең елде­гі нан баға­сы­ның қым­бат­та­уы екен…

– Білесіз бе, был­тыр жел­тоқ­сан айын­да 1 қап ұнның баға­сы 3800 тең­ге мөл­шерін­де болған. Қазір 8700 тең­ге. Сауда­гер­лер жыл­дың соңы­на дей­ін 11–12 мыңға жете­ді деп отыр. Қазір­дің өзін­де екі есе қым­бат­таған. Баға­ның өсуі­нен диқан­дар пай­да тауып отыр десеңіз – қате­ле­сесіз. Пай­да­ны көріп оты­рған – ара­дағы дел­дал­дар. Бюд­жет­ке оның бір тиы­ны да түсі­пей­ді. Себебі нары­қты рет­тей­тін не заң, не тәр­тіп орна­туға мүд­делі орган жоқ.

Халық неге ашы­на­ды? Көп бала­лы ана­ларға, әле­умет­тік аз қам­ты­лған отба­сы­ларға онсыз да там-тұм­дап беріл­ген көме­гін үкі­мет сот арқы­лы қай­та­рып алу­да. Мәсе­лен, жақын­да ғана ең төмен­гі күн­көріс мөл­шері­нен табысы 1 мың тең­ге­ге асып кет­кені үшін қараған­ды­лық отба­сы­дан 3 ай төлен­ген ата­у­лы әле­умет­тік көмек­ті өндіріп алу тура­лы сот шешім шығарған. Ал түй­ені түгі­мен жұтып оты­рған шене­унік­тер жаза­дан құты­лып кету­де. Білім мини­стрінің экс-орын­ба­са­ры Сухан­бер­ди­е­ва, тая­у­да ғана боса­ты­лған бұры­нғы ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі Қуан­дық Бишім­ба­ев­тың істерін көріп отыр­мыз ғой.

Ал 1 млн дол­лар пара алған Хор­го­стың бұры­нғы бас­шы­сы Васи­лий Ни есіңіз­де ме? Оны сот залы­нан бостан­ды­ққа шыға­ру тура­лы шешім қабыл­даған судья Март­пек Кәкім­жа­но­вты Жоғарғы сот судья­лы­ғы­на ұсы­нып­ты. Сыбай­лас жемқор­лы­қты түй­сі­ну индексі (CPI) бой­ын­ша Қаза­қстан 124-орын­да тұр. Бір жыл ішін­де онсыз да соңғы пози­ци­ядан тағы екі оры­нға артқа шегін­дік. Себебі біз­де жемқор­лы­қ­пен күрес емес, қай­та ынта­лан­ды­ру жүріп жатқан­дай. Заң алдын­да бар­лық аза­мат тең емес.

– Жаңыл­ма­сақ, сіздің есі­міңіз бен қоғам­дық бел­сен­ділі­гіңіз соңғы пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін әле­умет­тік желілер­де жиі ата­ла баста­ды. Содан бері жар­ты жылға жуық уақыт өтсе де, сіздің ой-пікіріңізді білей­ік: ойын шар­тын билік бел­гіле­ген сол сай­ла­удан не үміт күтіп едіңіз?

– Сай­ла­удан пәлен­дей үміт күт­тім деп айта алмай­мын. Шыным­ды айт­сам, сай­ла­удан емес, халы­қтан мұн­ша­лық бел­сен­ділік күт­кенім жоқ. Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­да өткен сай­ла­у­лар­да осын­дай бел­сен­ділік бұрын-соң­ды бол­маған шығар. Аза­мат­тар жап­пай тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы болып, сай­ла­удың әділ өтуіне барын сал­ды. Заң­ды мұқи­ят оқып, сай­лау учас­ке­лерін таң­нан кеш­ке дей­ін бақы­лап, қырағы­лық таныт­ты. Кей учас­ке­лер­де­гі бақы­ла­у­шы­лар­дың әре­кетін «батыр­лы­ққа» бала­у­ға бол­ды. Алай­да халық заң­ның қалай бұр­ма­ла­нып, нәти­женің қалай өзгер­ті­ле сала­ты­нын өз көзі­мен көр­ді. Не күт­сем де, дәл мұн­дай жал­пағы­нан басу­ды күт­пе­генім анық.

– Ал енді елде­гі еркін деген ер аза­мат­тар­дың өзі тай­сақтап қалған, назар­ба­ев­тық сая­си режим буын­ды­рған қазір­гі уақыт­та сіздің пар­тия құруға баста­ма көте­руіңіздің себебі неде?

– Шара­сыздық та, үміт те ара­лас. Менің жасым 38-де. Әлі егде тар­тқа­ным жоқ, тым жас та емес­пін. Ары қарай «бір қай­ы­ры болар» деп, қол қусы­рып оты­ра алмай­мын. Билік­тің өзге­руін тағы 5–10 жыл күту­ге уақы­тым жоқ. Біз үміт артқан аға буын қар­тай­ып бара­ды. Әрі олар осы жүй­е­ге көн­ді­гіп, мой­ын­сұнған сияқты. Менің де бала­ла­рым бар. Бір­не­ше жыл­дан соң олар да есей­еді. Менің оларға қал­ды­ра­тын қар­жы­лық мұрам да, ықпал­ды туы­ста­рым да жоқ. Олар адал еңбе­гі­мен тәуір өмір сүр­сін деп ойлай­мын. Бар қолым­нан келетіні – осы елде­гі жүй­ені өзгер­ту­ге тыры­су, бір әули­ет емес, заң­ның үстем­дік құруы­на қол жеткізу.

Екін­ші­ден, үміт бар. Қазір жар­ты­лай тран­зит­тік кезең­де билік демо­кра­ти­яға аяқ басқан сыңай таны­ту­да. Егер шыны­мен сая­си жылы­мық бол­са, оны да көрей­ік. Біз сияқты жас пар­ти­я­лар­дың құры­луы­на жол бер­се, демек, шыны­мен жүйе өзге­ру­ге құлы­қты. Егер баяғы әдетіне салып, бір пар­ти­я­лы режим­ді қала­са, бұл жүй­енің өзі де алы­сқа бармас.

– Қуда­ла­ну­дан қорқы­ныш жоқ па?

– Жеке басым­ды қуда­ла­удан қоры­қ­пай­мын. Жақын­да­рым үшін алаң­дай­мын. Әсіре­се қозға­лы­стағы қыз-жігіт­тер қуда­ла­удың шет-жаға­сын сезіп те қал­ды. 9 қара­ша күні митинг­ке шыға­мыз деп жари­я­ла­дық. Бүгін ғана поли­ция қыз­мет­кер­лері үйге келіп кет­ті. Екі балам үрпиісіп қалып­ты. Бірақ шешін­ген судан тай­ын­бас деген. Сая­си өмір­ге ара­ла­са бастаған­да-ақ қай­да келе жатқа­ным­ды, алдым­да не күтіп тұрға­нын біл­дім. Сон­ды­қтан қорқы­ны­штан гөрі жау­ап­кер­шілік басымырақ.

– Айт­пақ­шы, қоғам­дық қозға­лы­сты пар­ти­яға айнал­ды­руға әре­кет етіп жатқан­да­ры­ңы­зды тағы да біле­міз. Ол пар­ти­я­ның ата­уы мен көз­де­ген мұра­ты не болмақ?

– Біздің пар­ти­я­мыз Respublika деп ата­ла­ды. Аты­нан бел­гілі болған­дай, рес­пуб­ли­ка­низм иде­я­сы­на негіз­де­леді. Сая­си бағы­ты­мыз – соци­ал-демо­кра­ти­я­лық. Мем­ле­кет­тік билік­тің бір­ден-бір көзі – халық ұста­ны­мы іс жүзін­де болға­нын қалай­мыз. Қазір­гі уақыт­та билік пен халы­қтың ара­сын­дағы алшақтық ұлғай­ып бара­ды. Билік халы­қтың үніне құлақ аспай­ды. Халы­қта ешқан­дай билік жоқ. Елдің қамын жеп, мүд­десін қорғай­тын депу­тат­тар­дың өзі халы­ққа емес, пар­ти­яға, үкі­мет­ке ғана бағы­ны­шты. Түп­теп кел­ген­де, Қаза­қстан пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­ка болға­нын қалай­мыз. Пар­тия бағ­дар­ла­ма­сы­мен, қозға­лы­стың басы-қасын­да тұрған бел­сен­ділер­мен re.org.kz сай­ты арқы­лы таны­са аласыз.

– Бүгін­гі қоғам­да пар­тия құру жөнін­де сіз­ден басқа да баста­ма көтер­ген аза­мат­тар мен қоғам­дық топ­тар ұйым­да­са баста­ды. Өртең­ге шыққан алшын­дай болған бұл баста­ма­лар тура­лы не айтар едіңіз?

– Қазір­гі жағ­дай­да қан­дай да бол­сын аза­мат­тық бел­сен­ділік­тің артуы бізді қуан­та­ды. Сая­си плю­ра­лизм болуы тиіс. Біздің қоғам бір­тек­ті емес, сон­ды­қтан түр­лі ұста­ным, әртүр­лі бағыт­тағы пар­ти­я­лар­дың болуы да заң­ды. Мәре­ге кім­нің жетіп, кім пар­тия болып тір­ке­ле ала­ты­нын уақыт көр­се­тер. Ал өткен сай­ла­удағы қар­сы дауы­стар про­те­стік көңіл-күй­дің өте жоға­ры екенін аңғарт­ты. Бұл про­тест асүй­де­гі әңгі­ме аясын­да қал­май, сая­си пар­ти­я­лар иде­я­сы төңіре­гін­де бірік­се, мем­ле­кеті­міз үшін пай­да­лы болмақ.

– Сіздің бұл орай­дағы мақ­сат-мұра­ты­ңыз Жан­бо­лат Мамай­дың пар­тия құра­ты­ны жөнін­де­гі мәлім­де­месі­мен үндес келетін сияқты. Мәсе­лен, абай­шы­лап айтқан­да, «бас-басы­на би болу­дың» кебін кимей, осы екі баста­ма­ны бірік­тірудің мүм­кін­дік­тері бар ма?

– Біздің қозға­лыс пар­тия құруға өзге­лер­ден ерте­рек кіріс­кен бола­тын. Біз бағ­дар­ла­ма­мы­зды дай­ын­дап, ел ара­лап, қол жина­уды бастап кет­кен соң, Жан­бо­лат Мамай бастаған Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы тура­лы естідік. Жан­бо­лат­тың иде­я­сы, аза­мат­тық ұста­ны­мы ұна­ды. Деген­мен бағ­дар­ла­ма­мы­зда ерекшелік­тер бар. Бола­шақта пар­тия ретін­де тір­келіп, пар­ла­мент­ке жетіп жат­сақ, фрак­ци­яға бірі­гуі­міз әбден мүмкін.

– Жастар өкіл­дері құрған «оян­шы­лар» қозға­лы­сы мен Аза­мат­тық баста­ма­лар коа­ли­ци­я­сы сіздің пар­ти­я­мен әріп­тес болуы мүм­кін бе?

– «Оян, Қаза­қстан!» қозға­лы­сы­мен ынты­мақ­та­сты­ғы­мыз берік, олар­дың аза­мат­тық бел­сен­ділі­гі бізді шабыт­тан­ды­ра­ды, жігер­лен­діреді. Олар сая­си пар­тия құруға ынта­лы бол­маға­ны­мен, қозға­лы­ста­ры аясын­да атқа­рып жүр­ген іс-шара­ла­ры пар­ти­ядан кем емес. Жал­пы, Аза­мат­тық баста­ма­лар коа­ли­ци­я­сы бол­сын, сая­си көзқа­рас­та­ры­мыз үйле­сетін кез кел­ген бір­ле­стік­тер­мен, ұйым­дар­мен тізе бірік­тіріп, әре­кет ету­ге қар­сы емеспіз.

– Ал енді пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға дей­ін пар­ти­я­ны тір­ке­ту мүм­кін­ді­гі бол­маған жағ­дай­да, «сая­си төң­керіс­шілер­дің» ЖСДП-мен әріп­тес болу мүм­кін­ді­гі бар ма? Жал­пы, осы пар­ти­ядағы анти­мо­раль­дық әре­кет­тен кей­ін бұл пар­ти­я­ның бола­шағы тура­лы не айтар едіңіз?

– Жасы­рып қай­те­міз, баста­пқы­да сай­ла­у­ға дей­ін Ермұрат аға­дан /Бапи/ ЖСДП алаңы­на бірі­гу тура­лы ұсы­ныс түс­кен бола­тын. Біз қозға­лыс бел­сен­ділері жасалған ұсы­ныс жөнін­де ойла­нып, пар­ти­я­ның аста­на­лық фили­а­лы­на кез­де­су­ге де бар­дық. Алай­да ол жақта құшағын жай­ып, келуі­мізді қуа­на күт­кен адам­дар­ды бай­қа­ма­дық. Сөй­тіп, ол тек ұсы­ныс күй­ін­де қалған болатын.

ЖСДП-да болған соңғы оқиға­лар­дан кей­ін бұл пар­ти­я­ның бола­шағы тура­лы айту қиын. Біздің пар­ти­я­мы­здың тір­кел­ген пар­ти­я­лар­дан арты­қ­шы­лы­ғы – прин­ципшіл­дік, таза­лық, айқын­ды­лық. Біздің арты­мы­зда ешқан­дай мем­ле­кет­тік құры­лым­дар, оли­гарх­тар, қашқын­дар жоқ. Біз ешкім­нің жоба­сы емес­піз. Сон­ды­қтан қазір­гі уақыт­та тір­кел­ген ешбір пар­ти­я­мен әріп­тес тұр­мақ, мүше болуға ниеті­міз жоқ.

– Елге бел­гілі ҚДТ/ДВК бел­сен­ділері мен «Мұх­тар Әбі­ля­зо­втың син­дро­мын» сана­дан сызып тастай алмай­мыз: олар­дың айтуын­ша, бүгін­гі сая­си режим­нің жағ­дай­ын­да билік­пен ымы­ры­лас­пай пар­тия құру мүм­кін емес көрі­неді. Осы ымы­ра­ла­су, билік­пен ком­про­мис­ке бару төңіре­гін­де­гі ойы­ңыз қан­дай? Расын­да, қаза­қстан­дық пар­ти­я­лар құры­лы­сы­ның бұған дей­ін­гі тәжіри­бесіне қара­сақ, кезін­де­гі қажы­гел­дин­дік «РНПК» мен Болат Әбі­лов пен Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы баста­ма­шы­сы болған «Азат» («Нағыз Ақ жол») пар­ти­я­ла­ры­нан басқа тәу­ел­сіз сая­си құры­лым­дар бол­маған екен…

– Ымы­ра­ла­су деген­нен гөрі «ком­про­мисс» деген жөн. Дәл қазір біз талап­та­ры­мы­здан шашау шығар­май, билік­ке қол жет­кі­зе­міз деу – ақы­мақтық болар. Сая­сат болған соң, ком­про­мисс қажет. Бірақ бұл саты­лып кету, билік­тің ығы­на жығы­лу­ды біл­дір­мей­ді. Кей­де үлкен мақ­сат­тарға жету үшін, кіші­гірім мұрат­тар­ды құр­бан­ды­ққа шалу қажет. Марқұм Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы бір сұх­ба­тын­да айтып еді: «Біз үшін пре­зи­дент, пре­мьер-министр неме­се басқа болу арман бол­мауы тиіс. Біз үшін арман – елде­гі жағ­дай­ды өзгер­ту, сая­си құры­лым­ды түзеу» деп. Сон­ды­қтан арманға жету үшін, түр­лі жол­дар­ды қарас­ты­ру керек.

Деген­мен, өзге пар­тия не күш­тер­ден арты­қ­шы­лы­ғы­мыз – біздің таза­лы­ғы­мы­зда. Біздің қата­ры­мы­зда солқыл­дақтық таны­та­тын осал мүше­лер, лас бай­ла­ны­стар жоқ. Сон­ды­қтан осы жол­дан тай­май әре­кет етіп, «Нағыз Ақ жол» пар­ти­я­сы­на жетеға­был пар­ти­яға айна­луы­мыз бек мүмкін.

– Пар­ти­я­ны тір­ке­ту про­цесі қазір қай дең­гей­де жүріп жатыр? Тұсау болған қан­дай да қиын­ды­қтар бар ма?

– Әзір­ге өңір­лер­ді ара­лап, қол жинап жүр­міз. ҚР «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы» заңы­на сәй­кес пар­тия – саны бір мың адам­нан кем емес, сая­си пар­ти­я­ның құры­л­тай съезін шақы­ра­тын және облы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­лар­дың және аста­на­ның үштен екісінің аты­нан өкіл­дік ететін Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры тобы­ның баста­ма­сы бой­ын­ша құры­ла­ды. Әзір­ше аймақтар­ды ара­лап, сол баста­ма­шы топ мүше­лерінің қолын жинап жүр­міз. Алды­мен Батыс аймақта – Ақтау, Аты­рау, Орал, Ақтө­бе қала­ла­рын­да бол­дық. Қол­бай­лау бола­тын – қара­жат­тың жетіс­пе­ушілі­гі. Батыс аймақтарға негізі­нен қозға­лыс мүше­лерінің қара­жа­ты және елден жиналған кра­уд­фандинг есебі­нен бар­дық. Қалған аймақтарға сапарға қара­жат жина­сты­рып жүрміз.

– Иә, нарық зама­нын­да ақша­сыз тір­лік өнбей­ді. Елде­гі пар­ти­я­лық қозға­лы­сқа биз­нес өкіл­дері жап­пай бет бұр­май­ын­ша, аза­мат­тық қоғам­ның пар­ла­мент­тік билік­ке жету үміті шек­те­улі деген пікір­ге алып-қоса­ры­ңыз бар ма?

– Әлбет­те, аза­мат­тық қоғам биз­нес қол­да­уын­сыз алы­сқа ұзап кете қой­мас, себебі пар­ти­я­ның толы­ққан­ды жұмыс істе­уі үшін, мен­шік­ті қара­жа­ты мен мем­ле­кет­тің бөлетін қара­жа­ты жет­кіліксіз. Сіз айтқан сая­си тәу­ел­сіздік­ке де жет­кі­зетін биз­нес өкіл­дерінің қол­да­уы бол­мақ. Бұл, әрине, пар­ти­я­лар бел­гілі бір биз­не­стің шаш­ба­уын көтеріп, мүд­десін қорғай­ты­нын біл­дір­мей­ді. Елде­гі сая­си тұрақты­лық, заң­дар­дың жұмыс жаса­уы биз­неске де қолай­лы емес пе?!

– Сөз жоқ, қазақ биз­несі де мұны түй­сі­нетін дәре­же­ге жет­ті деп ойлай­мыз! Енде­ше бастаған қоғам­шыл қадам­да­ры­ңыз сәт­ті бол­сын! Ал егер ақпа­рат­тық қол­дау қажет бола қал­са, әрдай­ым әділет іздеп келе жатқан «ДАТ» сіз­дер­ге көмек қолын созуға дай­ын. Сұх­ба­ты­ңы­зға көп рахмет!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн