Суббота , 5 июля 2025

Ақмарал ҚАМБАРҚЫЗЫ: Референдум өткізу арқылы БИЛІК ХАЛЫҚПЕН ТЕҢ дәрежеде сөйлессе дейміз

  • Пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін елі­міз­де «тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар» деген жаңа­дан пай­да болған сая­си-әле­умет­тік күш рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум өткі­зу баста­ма­сын қолға алу­да. Баста­ма­шы­лар­дың атқа­рып жатқан істері мен алды­на қой­ған мақ­сат­та­ры, қоғам­ды өзгер­ту­ге деген құл­шы­ны­ста­ры жөнін­де біл­мек­ке, топ­тың Алма­ты қала­сын­дағы бел­сен­ді мүше­сі Ақма­рал Қам­барқы­зын сұх­батқа шақырдық.

– Ең алды­мен аны­қтап алай­ық: тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар баста­ма­шы­сы болған рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум­ның ең басты сұрағы қандай?

– Рефе­рен­дум­да көтерілетін сұрақтар­дың маңы­здысы мынау деп бір-бірі­нен бөліп қара­уға бол­май­ды, бар­лы­ғы да бүгін­гі күні өзек­ті мәсе­ле­лер. Басым­дық берілетін сұрақ – ҚР сай­лау және сая­си пар­ти­я­лар тура­лы заң­ды­лы­қта­ры­на өзгерістер енгі­зу. Осы­ған сәй­кес кон­сти­ту­ци­я­лық құқық шең­берін­де­гі сарап­шы­лар мен ғылым док­тор­ла­ры, кан­ди­дат­тар сарап­та­ма жасап, зерт­теп жатыр. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сай­лау тура­лы кон­сти­ту­ци­я­лық заңын­да, мыса­лы, пре­зи­дент болып сай­ла­ну үшін аза­мат мем­ле­кет­тік қыз­мет­те кемі 5 жыл жұмыс істе­уі керек және осы заң­ның тала­бы­мен депу­тат­ты­ққа кан­ди­дат­тар тек сая­си пар­тия тізі­мі­мен ұсы­ны­ла­ды деген бап көп­шілік­тің көңілі­нен шықпайды.

Мәсе­лен, мен қан­дай да бір сая­си пар­ти­я­ның мүше­сі болғым кел­мей­ді. Бұл – менің өз еркім және құқы­ғым. Ал заң нор­ма­ла­ры осын­дай шек­теу қоюы арқы­лы менің құқым­ды бұза­ды. Мен ҚР аза­ма­ты ретін­де мұн­дай мәж­бүр­лік­пен келі­се алмай­мын. Мен әлдебір пар­ти­я­ның мүше­сі бол­май-ақ мем­ле­кет­ті басқа­руға атса­лы­сқым келеді және бұл менің Кон­сти­ту­ци­яда көр­сетіл­ген құқы­ғым. Сон­ды­қтан мажо­ри­тар­лық сай­лау жүй­есін қал­пы­на кел­ті­ру керек.

Екін­ші бір шұғыл өзгерістер­ді қажет ететін – ҚР Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы заңы. Осы заң­ның тала­бы­на сәй­кес, пар­тия құру үшін, құры­л­тай съезіне мың адам­ды шақы­ру керек. Пар­ти­я­ны­тір­ке­уден өткі­зу үшін, бар­лық облы­стар­да, рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­лар­да және аста­на­да әрқай­сысын­да кемін­де 600 пар­тия мүше­сі бар құры­лым­дық бөлім­ше­лер аты­нан өкіл­дік ететін кемін­де 40 мың пар­тия мүше­сі болуы тиіс. Қол­да­ны­стағы заң тала­бын орын­дау үшін, пар­тия құруға жұм­са­ла­тын шығын көп болған­ды­қтан, бұған қара­пай­ым аза­мат­тың қолы жететін мүм­кін­дік жоқ. Осы бап­тарға рефе­рен­дум арқы­лы өзгеріс енгі­зу қажет.

Қазір­гі қоғам көп пар­ти­я­лы болуға пісіп-жетіліп тұр. Билік осы мүм­кін­дік­ті қол­дан шыға­рып алмауы тиіс. Өйт­кені пар­тия дегені­міз – арнайы заң­мен қарас­ты­ры­лған ресми ұйым. Дәл қазір қоғам­да осы ұйым­дарға сұра­ныс көп. Егер халық осы қажет­тілік­ке қол жет­кі­зе алма­са, онда басқа заң­сыз ұйым­дарға, діни сек­та­ларға бой алды­руы әбден мүмкін.

– Жал­пы, осы сұрақтар төңіре­гін­де рефе­рен­дум өткі­зудің қажет­тілі­гін сіз қалай баян­дап берер едіңіз?

– Аталған заң­дар аясын өзгер­ту үшін, рефе­рен­дум­ның маңы­зы өте зор. Өйт­кені рефе­рен­дум сая­си сай­лау науқа­ны­мен катар тұра­тын пле­бис­цит­тің тіке­лей көрінісі. Рефе­рен­дум – халы­қтың сая­си және аза­мат­тық құқы­ғын тіке­лей және тура іске асы­ру үшін қол­да­на­тын демо­кра­ти­я­ның тіке­лей тәсілі, аза­мат­тар­дың қоғам­дағы қажет­тілік­тер­ді өз мүд­десіне қарай шешетін бір­ден-бір демо­кра­ти­я­лық құра­лы. Рефе­рен­дум­да халық мем­ле­кет басқа­ру­дағы өз еркін тіке­лей және ашық жал­пы­ха­лы­қтық дауыс беру арқы­лы біл­діреді. Жал­пы айтқан­да, рефе­рен­дум – қоғам­да келі­су мүм­кін­ді­гіне қол жет­кі­зу тәсілі.

– Ал билік тара­пы­нан мұн­дай аза­мат­тық баста­ма­ларға қар­сы­лық жаса­ла­ты­ны – үйрен­шік­ті жағ­дай бол­ды. Сіз­дер­дің рефе­рен­дум өткі­зу жөнін­де­гі баста­ма­ла­ры­ңы­зға кедер­гі жасал­май жатқа­нын қалай түсін­дірер едіңіз?

– Бұн­дай ақпа­рат­ты сіз­ге билік бер­ді ме (күл­ді)? Негізі, оны билік­тің өзі­нен сұраға­ны­ңыз дұрыс шығар… Тіп­ті кедер­гі жасал­май жатыр деп айтуға бол­май­ды, әрине. Ауық-ауық аймақтар­дан мәлі­мет­тер түсіп жата­ды: біздің бел­сен­ді аза­мат­тар­ды құзыр­лы орган­дар шақыр­тып жатқа­ны жөнін­де. Кей­де сол шақыр­тқан адам­дар­дың өздері рефе­рен­дум заңы тура­лы біл­мей­тін сияқты.

Билік не үшін біз­ге кедер­гі кел­тіруі тиіс? Рефе­рен­дум тура­лы арнайы заң бар. Сол заң талап­та­ры­на сәй­кес біз іс-әре­кет ету­де­міз. Заң тала­бы бой­ын­ша, біз әр өңір­ден кем деген­де 30 адам бір аймаққа жиы­лып, әр өлке­ден кем деген­де үш-үштен өкіл кіретін рефе­рен­дум­ның баста­ма­шыл тобын сай­ла­у­ы­мыз керек. 10 қара­ша­да Нұр­сұл­тан қала­сын­да бола­тын жина­лыс осы­ған арна­ла­ды. Билік­тің есі дұрыс бол­са, рефе­рен­дум­ды қол­да­уы тиіс. Өйт­кені бұл эво­лю­ци­я­лық жол­мен ортақ шешім­ге келудің бір­ден-бір жолы.

– Бұл баста­ма­ның артын­да қоғам­дағы про­те­сттік қозға­лы­сты бөл­шек­те­у­ге арналған «билік­тің жоба­сы» тұр деген пікір бар. Бұл орай­да не айтасыз?

– Қоғам­да бір-ақ про­те­стік күш бар, ол – алаңға шыға­тын­дар деп ойлай­тын сияқты­сыз. Алаңға шығып жүр­ген бар-жоғы 5 адам­ды күш деп сана­уға бола ма, бол­май ма – оны біле алмадым.

Түсін­ген ада­мға рефе­рен­дум баста­ма­сын көтер­ген­дер – бұл да про­те­стің бір түрі деп айтар едім. Бұл біздің сай­лау заңы­мен, басқа да заң­дар­мен келіс­пей­тін­ді­гі­міздің, осы заң­дар­дың ішін­де­гі бел­гілі бір бап­тарға қар­сы­лы­ғы­мы­здың бел­гісі. Осы келіс­пе­ушілік бізді рефе­рен­дум өткі­зу қажет­тілі­гіне алып келді.

Енді «билік­тің жос­па­ры» деген­ге кел­сек, қоғам­да бүгін­гі таң­да өте жиі бай­қа­ла­тын тен­ден­ция бар: бұл – қан­дай бір баста­ма бол­сын, оған ұйтқы болған­дар­ды әбден қара­лау, ілік іздеу, алға бастыр­мау. Кез кел­ген кем­шілі­гін іздеп табуға тыры­су, жала жабуға, бәле ізде­у­ге бей­ім­ділік бар. Кей­де осы қоғам­ның дамы­м­ай тұрға­ны­на билік емес, өзі­міз кінәлі сияқты көрі­неді. Билік те қарап қал­май, өз мүд­десіне қар­сы баста­ма бол­са, қосы­ла аран­да­туға дай­ын сияқты.

Бір ғана дәлел – баста­ма­шыл топ­тың басын­да тұрған бір аза­ма­ты­мыз өзі тура­лы нешетүр­лі аран­да­ту виде­о­ла­рын әле­умет­тік желілер­ге шыға­рып, аяқ асты­нан ғалам­тор жұл­ды­зы болып шыға кел­ді. Егер бұл «билік­тің жоба­сы» бол­са, мұн­дай аран­да­ту­шы­лық мүл­дем бол­мас еді. Билік өз жос­па­рын тап-таза орын­дай­ты­нын бәрі­міз жақ­сы білеміз.

Оның үстіне рефе­рен­дум – әлдекім­дер­ді өзіне мүше қылып, қата­ры­на қосып ала­тын пар­тия не бол­ма­са қоғам­дық ұйым емес. Заң аясын­да рефе­рен­дум­ның өткізі­лу мерзім­дері бар, ол мерзі­мі біт­кен соң, бар­лық про­цесс аяқта­ла­ды. Адам ресур­сы­на қаты­сты бұн­да бар-жоғы 2–3 про­це­ду­ра бар. Бірін­шісі – аста­на­да 10 қара­ша­да өтетін, әр аймақтан 30 адам­нан – 510 адам қаты­суы тиіс жина­лыс; екін­шісі – аймақтарға тең бөлін­ген 200 мың адам­ның қолын жинау; үшін­шісі – рефе­рен­дум өтетін күні дауыс беру. Көріп тұрға­ны­ңы­здай, бұл бел­гілі бір мерзім­де өтіп кететін іс-шара ғана.

 – Ал рефе­рен­дум өткі­зу баста­ма­сы­ның жолы бол­май қалған жағ­дай­да сіз­дер­дің одан кей­ін­гі әре­кет­теріңіз қан­дай болмақ?

– Егер билік көп­шілік­ті өз ойын айту құқы­ғы­нан айыр­са, онда демо­кра­тия деген ұғым­нан мүл­дем бас тар­ту қажет. Бұл жер­де рефе­рен­дум заңы­на сәй­кес, 200 мың­нан кем емес рес­пуб­ли­ка аза­мат­та­ры баста­ма көтер­ді. Осы 200-ден басқа қан­ша адам рефе­рен­дум­нан құлағ­дар бола­ды? Екі адам рефе­рен­дум тура­лы біледі деген­де, кемін­де жар­ты мил­ли­он­нан астам адам қоғам­дық про­цес­ске тар­ты­ла­ды. Бұл аз ба?

Билік халы­қты заң жолы­мен жүру құқы­ғы­нан айыр­са, халы­қты аран­да­тып, олар­ды жап­пай алаңға шыға­ра­ды деген сөз. Пре­зи­дент­тік сай­ла­уда біз бұның шет-жаға­сын көрдік.

Билік­тің тағы бір түсіне алмай оты­рға­ны: халы­қтың үздіксіз алаңға шығуы – қар­ны­ның ашқа­ны­нан емес, қадірінің қашқа­ны­нан. Біздің халық еге­мен­дік­пен бір­ге туған бала секіл­ді, қазір оң-солын тани­тын, сана-сезі­мі толы­сқан үлкен жігіт бол­ды. Бірақ билік оны әлі бала көріп, алдағы­сы келеді. Халық бала­лы­қтың шең­бері­нен шығып кет­кенін, сана­сы­ның оянға­нын мой­ын­дағы­сы кел­мей­ді. Бүгін­де халық билік­пен тең дәре­же­де сөй­лескісі келеді.

– Сіз қалай ойлай­сыз: бәл­кім, рефе­рен­дум өткі­зу мәсе­лесі­нен бұрын, тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың пар­ти­я­сын құру баста­ма­сы әлдеқай­да тиім­ді болар ма еді?

– Рефе­рен­дум өткі­зу мәсе­лесі дәл осы пар­тия құру жөнін­де­гі заң­ды өзгер­ту мәсе­лесі­мен үндес келеді. Атап айтқан­да, пар­ти­я­ны тір­ке­ту үшін, оны қол­да­у­шы адам санын 40 мың­нан азай­ту, құры­л­тай­шы­лық съезд өткізу­ге тиісті 1000 адам­ның санын кеміту. Заң­дағы осы бап­тар өзгер­мей, кез кел­ген пар­ти­я­ны құру оңай­ға түс­пей­ді. Пар­тия құра­мыз деген аза­мат­тарға тосқа­уыл көп, дауыс жина­удың машақа­ты мол. Сол үшін де рефе­рен­ду­мға Пар­ти­я­лар жөнін­де­гі заңға өзгеріс енгі­зуді ұсы­нып отыр­мыз. Өзгеріс еніп, пар­ти­я­ны тір­ке­ту мәсе­лесі жеңіл­де­се, сон­да пар­тия қата­ры көбей­іп, елдің таң­дау мүм­кін­ді­гі туып, бәсе­ке­ле­стік жолы­мен ел ішін­де қоғам­дық-сая­си жұмыс жүр­гі­зу бел­сен­ділі­гі артады.

Өмір­де кез кел­ген алға қой­ған мақ­сат шынайы болу керек. Мәсе­лен, пар­тия құрам деген бақы­ла­у­шы­лар­дың ішін­де халы­қты соңы­нан ертіп әке­тетін бір­де-бір адам жоқ. Неме­се бел­гілі бір тұлға жоқ. Халық не бел­гілі адам­дар­дың, не лидер­лер­дің арты­нан ереді. Бағ­дар­ла­ма­ның өзін халы­ққа жет­кі­зе білетін, тың­да­та ала­тын қабілет болу керек.

Оның үстіне ең кере­мет бағ­дар­ла­ма бақы­ла­у­шы­лар­да ғана бола­ды деп ешкім кепіл­дік бере алмай­ды. Бақы­ла­у­шы­лар­дың әрқай­сысы әр жер­ден жиналған­ды­қтан, олар бір-біріне бедел­ді емес. Өйт­кені кім­нің кім екенін біл­мей­сің, қазақ «таны­маға­нын – сый­ла­мас» дей­ді. Бақы­ла­у­шы­ларға өза­ра бір-бірі­мізді тың­да­та алмай жүр­ген­де, халы­қты қалай­ты­ң­да­тар­сыз? Олар­дың көп­шілі­гі сая­сат­тан алшақ. Әрі-бері­ден кей­ін, көп­шілі­гі тіп­ті орта­да өзін қалай ұста­уды біл­мей­ді. Сон­дай орта­мен қалай пар­ти­я­лық жұмыс жаса­уға болады?

– Деген­мен де, рефе­рен­дум өткі­зу жөнін­де рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де баста­ма көтеріл­ді. Қара­ша­ның 10-ында аста­на­да өте­ді деп жос­пар­ла­нып оты­рған рес­пуб­ли­ка­лық жиы­нға дай­ын­ды­қтың бары­сы қандай?

Дай­ын­дық қызу да, қар­ба­лас жүру­де. Көңіл-күй­і­міз үлкен той өтетін­дей әсер­де. Әрине, бар­лық сал­мақ аста­на­лық әріп­те­стері­міз­ге түсіп жатыр. Заң бой­ын­ша, әр аймақтан жина­ла­тын­дар­дың жал­пы саны 510 адам болу керек. Қаты­са­мын деушілер көп, шама­мен 700-ге жуық адам келеді. Осын­ша қар­ба­ла­сы­мы­здың нәти­же­сі: күн тәр­тібін­де бір ғана мәсе­ле – әр аймақтан 3 адам­нан өкіл сай­лау. Бұл да осы заң­ның олқы­лы­ғы. Заң тұрғы­сын­да бүкіл халық дауыс беру­ге бір ортаға жиы­луы тиіс.

Әрине, әр аймақ өз өңірін­де жиы­лып, өз өкілін сай­лап жібе­ре сал­са, оңай­ы­рақ болар еді. Бірақ біре­у­ге осы тиім­ді сияқты. Біз де ондай қиын­ды­қтарға бой ұсы­най­ық деп оты­рған жоқ­пыз! Елдің бола­шағы үшін қажет­ті баста­ма­ны қол­дай­тын­дар қата­ры көп екеніне сенімдіміз!

– Енде­ше бастаған іске сәт­тілік тілейміз!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн