Пятница , 4 июля 2025

Мал дәрігері маман ба, БАРЫМТАШЫ МА?

  • Соңғы кез­дері «малың ауруға шал­ды­ққан» деген желе­умен ауыл тұрғын­да­ры­ның малын қорас­ы­нан алып кету оқиға­ла­ры тым көбей­іп кет­ті. Бір­ден айта кетей­ік, біз вете­ри­на­рия сала­сын­да адал қыз­мет жасап жүр­ген мал дәрі­гер­лері қауы­мы­на күйе жағу­дан аулақ­пыз. Өйт­кені біздің елде мал дәрі­гері бол­сын, адам дәрі­гері бол­сын, еке­уінің де жағ­дай­ла­ры мәз емес. Деген­мен, жанай­қай­ы­мен редак­ци­я­мы­зға келіп, ара­ша мен әділет ізде­ген қара­пай­ым ауыл қаза­ғы­ның жағ­дай­ы­на немқұрай­лық таны­та алмаған­ды­қтан, осы тақы­ры­пқа қай­та оралдық.

Мал дәрі­гер­лері малын ауруға шығарған Шу ауда­ны­ның тұрғы­ны Таңа­тар Егіз­ба­ев редак­ци­я­мы­зға келіп, өзі де, малы да бастан кеш­кен мұңын шақты:

«Шу ауда­ны­ны­нң вете­ри­на­рия бас­шы­лы­ғы­мен дау­ласқа­ны­ма бір жыл­дан асты. 2018 жыл­дың 29 тамы­зын­да ауда­ны­мы­здың мал дәрі­гер­лері қора­дағы қой­ым­ды тек­се­ре­міз деп, қан алып кет­кен еді. Кетіп бара жатып, «тек­се­ру нәти­же­сін­де малы­ңы­здан ауру шығып жат­са, сол малы­ңы­зды алып кете­ді» деп ескерт­ті. Ара­да бір апта өткен­де, Сырым­бе­тов деген маман келіп: «Бір қой­ы­ңыз ауру екен, бру­цел­лез болып шықты», – деді.

Осы­ған дей­ін халық ішін­де «мал дәрі­гер­лері жүз бастан бір бас семіз мал­ды алып кете­ді екен» деген сөзді жиі ести­тін­мін. Менің жағ­дай­ым да соған келіп тұрға­нын сездім. Өйт­кені қора­дағы тоқ­сан қой­ым­ның іші­нен бір қой­ды алып отыр. Құлағын­дағы сырға­сы бой­ын­ша қарап едік, ел айтқан­дай-ақ, қой­ым­ның ішін­де­гі ең семізі болып шықты. Сон­ды­қтан бір­ден күдік кел­тір­дім де, жағ­дай­дың енді­гі жолын сұрадым.

Маған түсін­дір­гені бой­ын­ша, ауру мал үшін өте­мақы төле­неді екен. Бірақ, өздерінің ере­же­леріне сәй­кес, мал шұжық цехы­на өткізіліп, жой­ы­луы тиіс. Қалай бол­са да, төле­нетін ақша, мал­дың шын құны­нан әлдеқай­да аз.

Енді қараңыз, бір қора­да, бір өрі­сте, бір жем-шөп, бір су ішіп жүр­ген тоқ­сан қой­дың іші­нен неге бір ғана семіз қой бру­цел­лез болып шыға­ды?! Сон­ды­қтан өзі­міздің аудан­ның вете­ри­на­рия сала­сы­ның бас­шы­сы Нияз­бе­ков­ке кір­дім. Мал дәрі­герінің «қой­ың ауру» деп беріп кет­кен құжа­ты қолым­да. Оған: «Қазақ қой бағу­ды кеше бастаған жоқ, бру­цел­лез­ге шал­ды­ққан қой қозы тастай­ды», – деп айттым.

Ал менің қой­ым­ның қозысы еміп жүр. Қой­дың өзі дәу, семіз деген дәлел­дерім­ді айтып едім, ол лабо­ра­то­ри­я­ның нәти­же­сіне жүгініп, қан алған мал дәрі­гер­лері мен оған сарап­та­ма жасаған лабо­ра­то­рия бір-біріне қаты­сы жоқ меке­ме­лер деп ақтал­ды. Сон­ды­қтан малы­ңыз ауру деген сарап­та­ма нәти­же­сі дұрыс деп, бой бер­меді. Мен оған келіс­пе­дім. Сол қой­дан қай­та­дан қан алып, екін­ші рет тек­се­ру­лерін талап етіп едім, заң бой­ын­ша біз сарап­та­ма­ны қай­та­лап жаса­май­мыз, ере­же солай деді. Мен айтып оты­рған ере­же­сін көр­се­туін сұра­дым. Маған көр­сет­кені 2002–2014 жыл ара­лы­ғын­да пай­да­ла­ны­лған ере­же екен. Оны­мен мұқи­ят таны­сып шыққан соң, әлгі­ге қан­ды қай­та алуға бол­май­ды деген жерін таба алма­дым дедім де, қой­ым­ды бер­мей қой­дым. Олар маған қой­ы­ң­ды бер­ме­сең, айып­пұл сала­мыз деп қорқыт­ты. Соны­мен ара­мы­здағы дау-дамай бір айға созылды.

Ақыр соңын­да өзі­міздің жер­гілік­ті вете­ри­на­рия сала­сы­на сен­бе­ген­дік­тен, қажет­ті шығын­ды өз қал­там­нан шыға­рып, әлгі қой­дың екін­ші сарап­та­ма­сын Алма­ты­да жасатқы­здым. Қой­дан қан алған кез­де жер­гілік­ті мал дәрі­гер­лері кәдім­гі­дей комис­сия құрып, қан алып, оны жауып, «пешат­тап» бер­ген-ді. Басын­да қан­ды Алма­ты­ға пошта­мен жібе­рей­ік деді. Мен көн­бедім. Өйт­кені пошта­да қан­ды ауы­сты­рып жібе­ре ме деп ойла­дым. «Мөр­лерің тұр ғой, неге қорқа­сы­ң­дар, мені­мен бір­ге сен­дер­дің қыз­мет­кер­лерің де ілесіп бара­ды», – дедім.

Соны­мен, Алма­ты­ға келіп, сарап­та­ма жасай­тын орта­лы­ққа әлгі «ауру» қой­ым­ның қанын өткіздік. Өздерінің бел­гі­лен­ген тиесілі ақша­ла­ры бар екен, оның бәрін өзім төлеп шықтым. Өйт­кені өз болжа­мым дұрыс екеніне сенім­ді бол­дым. Орта­лы­қтың жасаған сарап­та­ма­сы­ның қоры­тындысы да менің күді­гім­нің орын­ды болға­нын дәлел­деп бер­ді. «Ауру» қой­ым сап-сау болып шықты.

Осы­дан кей­ін өзі­міздің аудан­ның вете­ри­на­рия бас­шы­лы­ғы­на келіп, «әу баста, мен сұраған­дай, сарап­та­ма­ны өздерің Шуда жасаған­да­ры­ң­да, сен­дер­ден ешнәр­се талап етпес едім. Ал енді Алма­ты­да жасаған сарап­та­ма­ның шығы­нын төлең­дер» деген талап қой­дым. Олар көн­бе­ген соң, әділ­дік іздеп, сотқа жүгін­дім. Оның үстіне, кей­ін бел­гілі болған­дай, малға сарап­та­ма­ны екін­ші рет жаса­уға бол­май­ды деп айтқан­да­ры да өтірік болып шықты.

Әлі күн­ге дей­ін маған шығы­ным­ды ешкім өте­ген жоқ. Мәсе­ле тіп­ті менің шығы­ным­да да емес. Мәсе­ле осын­дай жағ­дай­дың орын алып, кең етек жаюын­да болып тұр. Ауыл халқы сен­гіш болып келеді. Оның үстіне өз құқы­қта­рын қорға­уға осал. Осы­ны пай­да­ла­нып, кәсібіне адал емес вете­ри­на­рия маман­да­ры ауыл­дағы қара халы­қтың есебі­нен пай­да тауып оты­рғанға ұқсайды».

Pедак­ци­ядан:

«Адам­ды ұры десең, оның ұры екенін дәлел­де­у­ге мін­дет­тісің» демек­ші, ҚР Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі Сапар­хан Ома­ров пен ҚР Вете­ри­на­ри­я­лық бақы­лау коми­тетінің төраға­сы Арман Өтеғұ­ло­втан: егер сіз­дер­дің қара­мағы­ңы­здағы қыз­мет­кер­лер мал­ды ауру десе, оның ауру екенін дәлел­деп беруін сұрай­мыз. Теріс жағ­дай­да қара­пай­ым адам­дар­ды алдап, қора­дағы малын алып кету – барым­та­шы­лы­қтан ешбір кем емес ұрлы­қтың «заң­мен рәсім­дел­ген» түрі деп білеміз.

Аза­мат ШОРМАНХНҰЛЫ

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн