Пятница , 4 июля 2025

«АЙҚЫН ЖЕҢІСТІҢ» стратегиялық ҰТЫЛЫСТАРЫ

  • Қаза­қстан­дағы сай­ла­уды бақы­лаған қаза­қстан­дық және шетел­дік сарап­шы­лар «сай­лау про­цесінің ими­та­ци­я­сы» арқы­лы жағ­дай тұрақты деген сыңай таны­ту­дың зор қау­пі барын айта­ды. Олар қалып­тасқан жағ­дай­ды сипаттай­тын сай­лау нәти­же­сі билік­тің так­ти­ка­лық жеңісін көр­сет­кені­мен, стра­те­ги­я­лық ұты­лы­сқа ұрын­ды­ра­ды деп ескертеді.

Қаза­қстан­да кезек­ті пар­ла­мент сай­ла­у­ы­ның нәти­же­сі бой­ын­ша мәжіліс­ке сол баяғы үш пар­тия: «Нұр Отан», «Ақ жол» мен Қаза­қстан халық пар­ти­я­сы (сай­лау қар­саңын­да пар­тия ата­уын­дағы «ком­му­ни­стік» деген сөзді алып таста­ды) өтті. Бұл пар­ти­я­лар елді отыз жылға жуық басқарған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың тұсын­да 2012 және 2016 жыл­да­ры да пар­ла­мент­ке өткен. Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы жари­я­лаған сай­ла­удың алдын ала қоры­тындыс­ы­на сәй­кес, осы “үшем” пар­ла­мент­ке тағы өтті.

Назар­ба­ев отстав­каға кет­кен­нен кей­ін пре­зи­дент қыз­метіне кіріс­кен Қасым-Жомарт Тоқа­ев елде сая­си бәсе­кенің дамуы­на ықпал жаса­уға уәде бер­ген. Бірақ Қаза­қстан­ның екін­ші пре­зи­ден­ті тұсын­да өткен бірін­ші пар­ла­мент сай­ла­у­ын­да сая­си бәсе­ке бай­қалған жоқ. Ел тарихын­да бірін­ші рет сай­лау бюл­ле­тенін­де бір­де-бір оппо­зи­ци­я­лық пар­тия болмады.

Еуро­па­дағы қауіп­сіздік және ынты­мақ­та­стық ұйы­мы (ЕҚЫҰ) бақы­ла­у­шы­ла­ры дауыс беру про­цесін «сай­ла­у­шы таң­дау жасай­тын­дай шынайы сая­си бала­ма бол­ма­ды» деп сипатта­ды.

СЦЕНАРИЙ АВТОРЫ «КІТАПХАНАДА» ОТЫР

10 қаңтар­да өткен сай­ла­уда «Нұр Отан­мен» «бәсе­ке­ге» түс­кен төрт пар­ти­я­ның бір­де-бірі не биле­уші пар­ти­я­ның бағы­тын, не оның төраға­сы Назар­ба­ев­ты (Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­ті был­тыр отстав­каға кет­кені­мен, әлі де Қауіп­сіздік кеңесін басқа­рып, мем­ле­кет­тік билік­ке ықпал етіп отыр. Өзін «мем­ле­кет негізін қала­у­шы» санай­тын Назар­ба­евқа оны кез кел­ген қуда­лау түрі­нен қорғай­тын «елба­сы» мәр­те­бесі беріл­ген) сынамайды.

«Қаза­қстан­дағы пар­ла­мент сай­ла­уы өте жаман әсер қал­дыр­ды… Сай­ла­уды қоғам­дық пікір­ден барын­ша оқша­у­лап, «өз беті­мен» өтіп жатқан­дай қылып ұйым­да­стыр­ды. Мүм­кін, бұл [сай­лау] сая­си ойын­дарға ыңғай­лы шығар, бірақ мем­ле­кет пен қоғам ара­сын­да орна­туға уәде етіл­ген өза­ра сенім­ді қалып­та­сты­ра алмай­ды», – дей­ді Гар­вард уни­вер­си­тетін­де­гі Дэвис атын­дағы ресей­лік және еура­зи­я­лық зерт­теу орта­лы­ғы­ның ғылы­ми қыз­мет­кері Нарғыз Қасенова.

Сая­сат­та­ну­шы­лар­дың кей­бірі Ақор­да елде көп­пар­ти­я­лық жүй­ені нығай­туға «сеп­те­сетіні» жай­лы уәде еткен­дік­тен, осы жолы пар­ла­мент­ке үштен көп пар­тия өте­ді деген болжам жасаған еді.

– Шын мәнін­де жүйе қат­ты өзге­рер еді, өйт­кені әр пар­ти­я­ның артын­да ықпал­ды сая­си топ тұр. Мәжіліс­ке үш емес, төрт пар­ти­я­ның өтуі пар­ла­мент­тің эли­та ішін­де­гі тепе-теңдік пен ішкі сая­си тұрақты­лы­қты қам­та­ма­сыз ету­ге арналған алаңға айна­лу мүм­кін­ді­гін арт­ты­ра­ды, – дей­ді қаза­қстан­дық сая­сат­та­ну­шы Мак­сим Казначеев.

«Тәу­е­кел­ді баға­лау тобы­ның» дирек­то­ры, сая­сат­та­ну­шы Досым Сәт­па­ев­тың пікірін­ше, билік «тәу­е­кел­ге бар­мауды» ұйға­рып, «сай­лау про­цесінің ими­та­ци­я­сын» ұйымдастырған.

– Бірін­ші рет Назар­ба­ев­сыз сай­лау өткені­мен, ол Тоқа­ев­тың көлең­кесін­де оты­рып, сая­си науқанға бел­сен­ді ара­ла­сты. Маған әу бастан сай­ла­удың сце­на­рийі «кіта­п­ха­на­да» жазы­лған­дай көрі­неді, – дей­ді бірін­ші пре­зи­дент кіта­п­ха­на­сын­да орна­ласқан Назар­ба­ев кең­сесін мең­зе­ген Досым Сәтпаев.

  • Поли­ция қыз­мет­кер­лері пар­ла­мент пен мәс­ли­хат сай­ла­уы күні үкі­мет­ке нара­зы­лар жиналған Рес­пуб­ли­ка алаңы­нан ұстаған жігіт­ті көлік­ке күш­теп салып жатыр. Алма­ты, 10 қаңтар, 2021 жыл.

ҮРЕЙ МЕН ӘРЕКЕТ

Қаза­қстан­дағы сай­лау пост­со­вет­тік елдер­де­гі сай­ла­удан кей­ін­гі толқу­ларға тұс­па-тұс кел­ді. Бела­русь­те был­тыр тамы­зда өткен пре­зи­дент сай­ла­у­ы­нан кей­ін жап­пай нара­зы­лық басталған: мың­даған адам елді жиыр­ма бес жыл­дан бері басқа­рып келе жатқан Алек­сандр Лука­шен­ко­ны жеңім­паз қылу­ды көз­де­ген билік­тің сай­ла­уда заң бұзуға жол бер­генін, оппо­зи­ци­я­лық кан­ди­дат Свет­ла­на Тиха­нов­ска­я­ны жақтаған сай­ла­у­шы­лар дау­сы ұрланға­нын мәлім­деді. Лука­шен­ко­ның билі­гіне нара­зы­лық акци­я­ла­ры жаз­дағы­дай ауқым­да бол­ма­са да, әлі де жалға­сып жатыр.

Қаза­қстан­мен көр­ші Қырғыз­стан­да был­тыр қазан­да өткен дау­лы пар­ла­мент сай­ла­у­ы­нан кей­ін нара­зы­лар үкі­мет ғима­ра­тын басып алған. Ақы­ры сай­лау қоры­тындыс­ы­ның күші жой­ы­лып, пре­зи­дент Соорон­бай Жээн­бе­ков қыз­меті­нен кету­ге мәж­бүр болған.

– Бела­русь пен Қырғыз­стан­дағы соңғы оқиға­лар біздің билік­ті қат­ты шошыт­ты. Билік Бела­русь сияқты авто­ри­тар­лық жүй­енің өзін­де халық ара­сын­да күт­пе­ген жер­ден нара­зы­лық лап ете түсуі мүм­кін екенін көр­ді, – дей­ді Досым Сәтпаев.

Сая­сат­та­ну­шы­ның пікірін­ше, Қаза­қстан билі­гі 2019 жылғы кезек­тен тыс пре­зи­дент сай­ла­у­ы­нан кей­ін болған жап­пай қар­сы­лық акци­я­ла­ры­нан да қорқып қалған. Ішкі істер мини­стр­лі­гінің дере­гін­ше, жап­пай нара­зы­лық төрт мыңға жуық адам­ның ұста­луы­мен аяқталған.

10 қаңтар – сай­лау күні Қаза­қстан­да бір­не­ше қала­да «сай­лау әділет­сіз өтті» деп нара­зы­лық біл­діру­ге шыққан жүз­ден астам адам­ды поли­ция ұста­ды. Алма­ты­ның орта­лы­ғын­да ондаған аза­мат­ты поли­ция арна­у­лы жасағы қор­шап алып, аяз­ды күні тоғыз сағатқа жуық ас-сусыз дала­да ұстап тұрды.

– Адам­дар бей­біт шеру­ге шықты, басбұ­зар­лық әре­кет­ке барған жоқ, ешкім­ге залал кел­тір­меді. Бұл еркін жүріп-тұру, бей­біт жиын өткі­зу және ақпа­рат алу құқы­ғын бұзу болып сана­ла­ды. Бәрі Бела­русь пен Қырғыз­стан­дағы сце­на­рий­дің қай­та­ла­нуы­нан қорқып оты­рған сияқты, – дей­ді құқық қорға­у­шы Татья­на Чернобиль.

Қаза­қстан­да сай­ла­у­ға дай­ын­дық бір­не­ше ай бұрын басталған. Елде­гі қалып­тасқан жағ­дай­ды сақтап қалуға мүд­делі билік алдын ала қам­да­нып, біраз шара қабыл­даған. Бір­не­ше оппо­зи­ци­я­лық топқа сая­си пар­тия ретін­де тір­ке­лу­ге рұқ­сат бер­меді. Осы­ған дей­ін үкі­мет­ке нара­зы­лық акци­я­ла­ры­на бел­сен­ді қаты­сқан кей­бір аза­мат­тар­ды түр­ме­ге жауып, бостан­ды­ғын шек­теу арқы­лы сая­си науқан­нан «оқша­у­ла­ды». Өткен сай­ла­уда өте көп заң бұзу іс-әре­кетін әшке­ре­леп, қолын­дағы ақпа­рат пен аумақтық сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның ресми дере­гі ара­сын­да алшақтық барын жұр­тқа жари­я­лаған тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар бұл жолы қат­ты қысы­мға тап болды.

2021 жылғы сай­ла­у­ға бақы­ла­у­шы дай­ын­даған бір­не­ше ұйым­ды қара­ша-жел­тоқ­сан айла­рын­да салық орган­да­ры тек­серіп, дауыс беру про­цесін бақы­ла­мақ­шы болған ондаған адам­ды каран­тин­ге жібе­ру сияқты бірқа­тар кедер­гі жасал­ды. Поли­ция сай­ла­у­ға бір күн қалған­да өңір­лер­ге жіберіл­ген жүз­де­ген бақы­ла­у­шы куәлі­гін де тар­тып алған.

– Басын­да біз­де шама­мен 400 адам бол­ды. Олар­дың 150-ден аста­мы ғана сай­лау учас­ке­леріне баруға мүм­кін­дік алды. Бақы­ла­у­шы­лар­ды рай­ы­нан қай­та­ру үшін сту­дент­тер­ге уни­вер­си­тет өкіл­дері мен мем­ле­кет­тік қыз­мет­те істей­тін туы­ста­ры хабар­ла­сты, үйле­стіру­шілері­мізді әкім­дік­ке шақыр­ды. Оларға «әлі осын­да өмір сүретініңді ойлаң­дар» деп айтқан, – дей­ді «Еркін­дік қана­ты» қоғам­дық қоры­ның негізін қала­у­шы­лар­дың бірі Еле­на Швецова.

– Мұның бәрін неге жасап оты­рға­ны түсінік­ті ғой. Бақы­ла­у­шы – сай­лау учас­кесін­де заң бұзуға жол бер­мей­тін адам. Сай­ла­у­ға толық бақы­лау жүр­гізу­ге жағ­дай жасалған жоқ. Алды­ңғы сай­ла­у­мен салы­сты­рған­да, тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың кәсі­би дең­гейі өсіп, бел­сен­ділі­гі артқан. Бірақ соны­мен қатар оларға көр­сетіл­ген қысым мен қуда­лау да есе­лене түсті, – дей­ді «Еркін­дік қана­ты» қоғам­дық қоры­ның Шым­кент қала­сын­дағы бақы­ла­у­шы­сы Ғалым­жан Оразымбет.

ЕСКІ ОЙЫНШЫЛАР МЕН ЖАҢА ҚАТЕРЛЕР

Қаза­қстан­дағы сай­ла­у­ға аз уақыт қалған­да Ұлы­бри­та­ни­яда шыға­тын Economist басы­лы­мын­да «бұл сай­лау алды­ңғы­лар­мен салы­сты­рған­да, демо­кра­тия ауы­лы­нан алыс өтетін­дей көрі­неді» деген маз­мұн­дағы мате­ри­ал жари­я­лан­ды. Жур­нал әлі де сая­си ықпал жүр­гізіп оты­рған 80 жастағы Назар­ба­ев басқа­ра­тын «Нұр Отан» пар­ти­я­сы сай­ла­уда «бәрін қира­та жеңеді» деген болжам жасады.

11 қаңтар­да Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы сай­ла­удың алдын ала қоры­тындыс­ын жари­я­ла­ды. Оған сәй­кес, «Нұр Отан» 71 пай­ы­здан астам, «Ақ жол» 11 пай­ыз, Қаза­қстан халық пар­ти­я­сы 9 пай­ы­здан астам дауыс жинаған. Назар­ба­ев экзит­пол (оны ОСК сай­лау про­цесіне қаты­суға рұқ­сат еткен ұйым­дар жүр­гі­зеді) нәти­же­лері жари­я­ланған­нан кей­ін сай­лау учас­ке­лері жабы­лған бой­да өз пар­ти­я­сы­ның мүше­лерін «айқын жеңісі­мен» құттықтады.

– Иә, олар қазір аза­мат­тық қоғам­нан қулы­ғы­мы­зды асыр­дық деп ойлап, жеңісін той­лап жатыр. Бірақ бұл – так­ти­ка­лық жеңіс болған­мен, стра­те­ги­я­лық жеңіліс. Басқа елдер­дің тәжіри­бесі көр­сет­кен­дей, ерте ме, кеш пе, ішкі неме­се сыр­тқы фак­тор­лар құла­та­ды. Сон­ды­қтан билік қазір­гі жүй­е­де сая­си тиім­ді емес, өзіне адал инсти­тут­тар қалып­та­сты­руға тыры­са­ды. Ал бұл – құр­ды­мға қарай жасалған бірін­ші қадам, – дей­ді Досым Сәтпаев.

Аме­ри­ка­лық дипло­мат, АҚШ-тың Қаза­қстан­дағы бұры­нғы елшісі Уильям Корт­ни бала­ма­сыз сай­ла­удан кей­ін жағ­дай тұрақты деген сыңай таны­ту­дың аста­рын­да зор қатер барын ескер­те­ді.

– Қаза­қстан­дағы шынайы оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар­дың қаты­суын­сыз, поли­ци­я­ның бей­біт нара­зы­ларға күш көр­се­туі­мен өткен сай­лау авто­ри­тар­лық билік­тің леги­тим­ді­гіне нұқ­сан кел­тіруі мүм­кін. Плю­ра­лиз­мнің азды­ғы зор қауіп барын біл­діреді, – дей­ді Вашинг­тон­дағы Rand Corp. ком­мер­ци­я­лық емес ұйы­мы­ның аға ғылы­ми қыз­мет­кері Кортни.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн