Пятница , 4 июля 2025

«РЕСПУБЛИКА» атты алаңдағы «ҚИНАУ КҮНІ»

2021 жыл­дың шымыл­ды­ғын ашқан ҚР пар­ла­мен­ті мен жер­гілік­ті мәс­ли­хат­тар сай­ла­уы – халық үшін таң­да­уы мен қала­уы жоқ сай­лау бол­ды деп есеп­те­ген алма­ты­лық қоғам­дық бел­сен­ділер 10 қаңтар күні сай­ла­у­ға дауыс беру­ге емес, Рес­пуб­ли­ка алаңын­да нара­зы­лық шара­сын өткізу­ге барған еді. Жан­бо­лат Мамай­дың Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы мен «Оян, Қаза­қстан!» жастар қозға­лы­сы ұйым­да­сты­рған сол митинг­тің орта­сын­да «ДАТ»-тың арна­у­лы тіл­шісі де болған еді.

Заңсыз сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­лаған ұйым­дар меже­ле­ген мерзім­ге Рес­пуб­ли­ка алаңы­на біз де кел­дік. Күн­діз­гі сағат 12-нің шама­сын­да алаңға енді ғана кел­ген Дем­пар­тия мен «Оян­шыл» жастар қозға­лы­сы­ның өкіл­дерін бет­пер­де киген поли­ци­я­ның арнайы жасағы қор­ша­уға алып үлгеріп­ті. Жасақ сұсты, тұр­пат­та­ры­нан міз бақ­пас бет­сіздік­тің бел­гісі сезіледі.

Бұған дей­ін нара­зы­лар­ды қор­ша­уға алу­дың осы әдісі өткен 16 жел­тоқ­сан­да алғаш рет қол­да­ны­лған еді. Бұл поли­ци­я­лық-жаза­ла­у­шы­лық әдістің халы­қа­ра­лық ата­уы – кетл­линг. Бұн­дай так­ти­ка тұңғыш рет 1986 жылы Гер­ма­ни­яда, ал 1991 жылы Ұлы­бри­та­ни­яда шеру­шілер­ге қар­сы қол­да­ны­лған екен. Ара­да отыз жыл өте бұл әдістің Қаза­қстанға кел­геніне қараған­да, біздің білім беру мен ден­са­улық сала­сы ғана емес, поли­ци­я­мыз да «көштің соңын­да» қалған екен деген ой туындады.

Поли­ци­я­мы­здың енді мең­гер­ген «ноу-хау» әдісіне қара­ма­стан, қор­ша­уда қалған бел­сен­ділер алған бет­тері­нен қайт­пай­тын­да­рын көр­сет­ті. Дем­пар­ти­я­ның бел­сен­ді мүше­сі Ыры­с­бек Тоқ­та­сын:

  • «Біз Назар­ба­ев­тық жүй­енің ұйым­да­сты­рып оты­рған сай­қы­ма­зақ сай­ла­у­ын мой­ын­да­май­мыз! Бұл сай­ла­у­ға бой­кот біл­діре­міз! Бұл сай­лау халы­қты кезек­ті рет алдау! Біз­ге бұн­дай әділет­сіз сай­лау мен пар­ла­мент­те ұйы­қтап оты­ра­тын шал-шауқан депу­тат­тар керек емес! Ешнәр­се мәң­гілік емес, тарих жаңа­ла­на­ды! Бұл дүние де өте­ді, сон­да сен­дер­мен есеп айы­ры­са­мыз», –

деп, озбыр «ОПОН»-ға қара­та сөз ызға­рын сездіріп, нара­зы­лық шара­сы­на жиналған жастар­ды да біраз жігер­лен­діріп қойды.

Сол ара­да алдын ала дай­ын­далған бір топ «титуш­ка­лар» пай­да бол­ды. Ара­ла­рын­да Алма­ты қала­лық қоғам­дық кеңесінің төраға­сы Рах­ман Алша­нов пен бок­стан олим­пи­а­да чем­пи­о­ны Ерма­хан Ыбы­рай­ы­мов бар. Қос бір­дей таны­мал адам­ның «титуш­ка­лық» рөл атқа­рып, билік­тің қол­шоқ­па­ры болып кел­гені ерсі көрінді.

Кей­ін­нен бел­гілі болған­дай, бұл еке­уі «титуш­ка­лар­ды» бастаған «теке-сер­ке­лер» екен. Оларға ерген «титуш­ка­лар» тобы­рын­да бел­гілі ақын, Қаза­қстан Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты Есенға­ли Рау­ша­нов пен «Алма­ты ақша­мы» газетінің редак­то­ры Қали Сәр­сен­бай­дың төбесі көрін­ді. «Прай­ме­риз» деп аталған пары­қ­сыз даб­ы­ра­ның қалың орта­сын­да бел­сен­ді болып таны­лған Қале­кеңнің жөні бел­гілі: ол «Нұр Отан­ның» нөкері, Алма­ты қала­лық мәс­ли­ха­ты­ның депутаты.

Ал ел ара­сы­на есі­мі етене таныс Есенға­ли аға­ның бұл тобы­рға қалай қосы­лға­ны біз­ге жұм­бақ болып қал­ды. Шама­сы, жеке бас­па кәсі­по­ры­ны тен­дер­ге тәу­ел­ді Есен-ақы­нға билік­тің қолқа­ла­уы солай болған шығар, тәу­мен­ді тір­лі­гі мәж­бүр еткен болар деп түйдік.

Осы төр­те­удің соңы­нан шұбы­рған қатар­дағы «титуш­ка­лар» поли­ция қор­ша­уын­да қалған нара­зы­лар­дың сөзін бұзып: «Аран­да­ту­шы­лар! Сай­лау!» деп ұран­да­та баста­ды. Қор­ша­удағы бел­сен­ділер бол­са: «Бой­кот! Қара­бет­тер!» – деп, өз кезе­гін­де титиған «титуш­ка­ларға» жау­ап қай­ы­рып тұрды.

Қор­ша­удың сыр­тын­дағы дарақы тобыр­дың дал­ба­са даб­ы­рас­ы­на «Оян, Қаза­қстан!» қозға­лы­сы­ның жетек­шісі Әсем Жапи­ше­ва жетелі жау­ап қайырды:

  • «Ертең сен­дер­ді Назар­ба­ев, Тоқа­ев­тар, СОБР­лар өздері­мен бір­ге алып кет­пей­ді. Сен­дер біз­бен бір­ге қала­сы­ң­дар! Бола­шақта­ры­ң­ды ойлаң­дар, біз­ге қосы­лы­ң­дар!» ­– деп, қар­ша­дай ғана қыз қар­сы топқа үндеу тастады.
  • Осы сәт­те таны­мал бок­сер Ерма­хан Ыбы­рай­ы­мов (сурет­те) қор­шау сыр­ты­нан айқай­лап, қаза­қ­ша айтқан­да, «қатын тір­лік­пен» салғы­ла­сып, жастар­мен сөз тала­сты­ра баста­ды. Артын­ша бір бел­сен­дінің қолын­дағы пла­кат­ты жұлып алып, оны табан­да дал-дұл жыр­тып тын­ды. Оны­сы нағыз долы­ның әре­кеті болып шықты. Ал қор­ша­удағы­лар бол­са: «Ерма­хан – қара­бет!» – деп ұран­да­тып, оның алаң­нан табан жал­ты­ра­туын талап етті.

Жан­бо­лат Мамай: «Жаңа ғана өздеріңіз көр­діңіз­дер, олим­пи­а­да чем­пи­о­ны Ерма­хан Ыбы­рай­ы­мов біз­ге қар­сы аран­да­ту жаса­ды. Ол бұл әре­кетін билік­тің тап­сыр­ма­сы­мен жасап отыр»,деп айтқа­ны сол еді, «титуш­ка­лар» тобы­ры оның сөзін бөліп, әйгілі «Мауг­ли» муль­ти­гін­де­гі шибөрілер­дей шулай жөнелді.

Бет-жүзін меди­ци­на­лық мас­ка­мен жасыр­мақ болған Рах­ман Алша­нов (сурет­те): «Мына жағ­дай­ды аран­да­ту­шы­лық, ел ара­сы­на іріт­кі салу деп біле­мін. Осы­ның бәрінің заң­ды жол­да­ры бар. Неге бұлар осы заң­да­ры­мы­зды орын­да­май­ды?!» ­­– деп, БАҚ өкіл­деріне сұх­бат бере баста­ды. Мик­ро­фон ұстаған бір жур­на­ли­стің: «Осын­да Жан­бо­латқа қар­сы сөй­леп жатқан топ сіз­дер арнайы әкелін­ген адам­дар ма?» деген сұрағы­на абды­раған Алша­нов: «Про­во­ка­ци­яға бар­маң­дар! Көр­діңіз ғой, бала­лар жүр ішін­де, ертең олар ұры­нып қала­тын бол­са, не бола­ды?!» – деп, тура жау­ап­тан қашқақтап, жур­на­ли­стің ыңғай­сыз сұрақта­ры­нан құты­луға тырысты.

Қаза­қтың «тіле­уін тілеп, мұңын мұң­дап жүр­ген» Рах­ман Алша­нов мыр­за­ға біздің де көкей­де жүр­ген бір сұрақты қою­дың сәті түсті. «Сіз бүгін осы жер­ге пат­ри­от ретін­де келіп тұр­сыз ба, өзіңізді пат­ри­от­пын деп санай­сыз ба?» деген сұраққа Алша­нов мыр­за: «Мен қала тұрғы­ны ретін­де келіп тұр­мын. Өзім пат­ри­от­пын!» – деп жау­ап қай­ыр­ды. «Олай бол­са, сіздің ұлы­ңыз, сая­сат­та­ну­шы Дани­яр Әшім­ба­ев неге қазақ тілін біл­мей­ді, сіз қаза­қтың пат­ри­о­ты бол­саңыз, ұлы­ңы­зға ана тілін неге үйрет­пе­діңіз?» деген сұрағы­мы­зға «титуш­ка­лар» тобы­рын бастап кел­ген Алша­нов: «Енді заман солай бол­ды, мек­теп пен уни­вер­си­тет­ті орыс­ша оқы­дық. Қазір Қаза­қстан­да қаза­қ­ша білетін адам­дар­дың саны өсіп келе жатыр. Ұлы­ма да үйрен деп айтып жүрмін»деген шолақ жау­ап­пен құты­луға тыры­сты. Осын­дай­да алаңға жиналған жастарға айтқан бұл ақы­лын Алша­нов өз бала­сы­на неге айт­пай­ды екен деген ой сана­мы­здан сырғып өтті…

Бір кез­де «аттан­да­удың» айғай­шы­сы Аман­тай қажы­ны алаң орта­сы­нан бай­қа­дық. «Алла таға­лам! Қаза­қстан жаса­сын! Қай­ра­ты, қуа­ты зор бей­біт­шілік сақтаған ел болай­ық! Долой мафию и кор­руп­цию!» – деп, дәстүр­лі жат­тан­ды ұран­да­рын ұрғы­лап, қажы қалш-қалш ете қалды.

Бір сәт­те «титуш­ка­лар» тобы­ның ара­сы­нан: «Жан­бо­лат сатқын!» – деп ұран­датқан бір жас қыз шыға кел­ді. Бұл бой­жет­кен осы митинг­ке келуінің мән-жай­ын түсін­діруін сұраған жур­на­ли­стер­ге: «Мен өзім­нің жерім­ді, елім­ді жақ­сы көретін адам­мын. Сол үшін кел­дім осын­да» десе де, өзінің аты-жөнін айту­дан үзіл­ді-кесіл­ді бас тар­тып, алды-арты­на қара­май қаша жөнел­ді. Арты­нан осы қыздың «Нұр­лы жолға түсің­дер!» деп ұран­да­тып жүр­генін бір­не­ше мәр­те байқадық.

Бір кез­де бетін тұм­ша­лаған жас жігіт қор­ша­уда тұрған шеру­шілер­ге сырт­тан жақын­дап келіп, пла­кат­тар­дың бірін жұлып алып қаша жөнел­ді. «Қырағы» поли­ция қыз­мет­кер­лері бол­са, дым бол­маған­дай кей­іп танытты.

Митинг­ке қаты­суға келіп, бірақ қор­ша­удан тыс қалып қой­ған бір­не­ше бел­сен­ді аза­мат: «Жер сатыл­ма­сын және жалға беріл­месін! Бір рет­тік неси­елік кешірім жасал­сын! Халы­қтың жағ­дайы қиын!» деп дауы­стап жүрді.

  • «Мына сай­ла­удан ешқан­дай өзгеріс күт­пей­мін. Мен қара­пай­ым күзет­ші­мін. Мен айтай­ын – «Нұр Отан» бүгін өтсе, 6 айдан кей­ін пре­зи­дент сай­ла­у­ын өткізіп, оған Дариға­ны әке­леді. Содан кей­ін қай­та­дан құл бола­мыз! Менің ешқан­дай пар­ти­яға қаты­сым жоқ. Бүгін осын­да неме­ре­лерім үшін келіп отыр­мын», – деп, қара­пай­ым қала тұрғы­ны Нұр­лан Айла­у­ши­ев (сурет­те) өзінің алаңға келу себебін нақты және батыл сөзі­мен түсіндірді.

Өзін Айдар­хан Боран­ба­ев деп таны­сты­рған аза­мат: «Біз мұн­да келіп, сая­си тұтқын­дарға бостан­дық беріл­сін, жер сатыл­ма­сын деп отыр­мыз. Қазір Қаза­қстан­ның жағ­дайы қиын. Көп­шілік­тің үйі-күйі, нанға­ақ­ша­ла­ры жоқ шынын айтқан­да», – деп, митинг­ке не үшін кел­генін айтты.

Жағ­дай барған сай­ын қыза баста­ды. Ере­уіл­шілер «Бой­кот! Бой­кот!» деп ұран­дат­са, оларға кедер­гі жасаған топ әнде­те баста­ды, ара­сын­да гимн де айтыл­ды. Бір сәт­те қор­шау ішін­де­гілер топ­та­сып, поли­ция шең­берін ығы­сты­ра баста­ды. Бел­сен­ділік таны­тқан 50 жас шама­сын­дағы бір аза­мат­ты поли­ция қыз­мет­кер­лері аяқ-қолы­нан қап­сы­ра ұстап, әке­те беріп еді, жиналған­дар жапа-тар­мағай жабы­лып, оны СОБР-дың қақ­пай­ла­у­ы­на бер­меді. Поли­ция кері шегініп, ұстаған­дар­ды боса­туға мәж­бүр бол­ды. Дәл сол сәт­те талай адам­дар көп­шілік күш екенін аңға­рып қал­ды. Оны поли­ция қыз­мет­кер­лері де түсін­ген­дей бол­ды. Осы­дан соң поли­ция жасағы қосым­ша күш шақы­рып, қор­ша­уды екі шең­бер етіп күшейтті.

Жаңа ғана поли­ция қолы­нан босап шыққан, әлі енті­гін баса алмай тұрған аға­мы­зды жур­на­ли­стер қор­шап алып, митинг­ке қан­дай мақ­сат­пен кел­генін біл­гілері кел­ді. «Мен Алма­ты қала­сы­ның тұрғы­ны­мын. Аты-жөнім – Тең­гел Жұма­нов (сурет­те), Дем­пар­ти­я­ның мүше­сі, бел­сен­ді бой­кот­чик­пін! Мен сай­қы­ма­зақ сай­ла­у­ға қаты­спай­мын! Соны айтқа­ным үшін мені ұстап алмақ­шы бол­ды. Одан өзге ешқан­дай аран­да­ту­шы ойым жоқ. Мен ел-жұр­ты­ма қар­сы емес­пін, мен әділет­сіз сай­ла­у­ға қар­сы­мын! Мені поли­ция қолы­нан алып қалған осы жер­де­гі адам­дарға рақ­метім­ді айта­мын», – деп алғы­сын біл­діріп жатты.

Қор­шау сыр­тын­да қалған адам­дар­дың ара­сы­нан таны­мал жел­тоқ­сан­шы Халел­хан Әділ­хан аға­мы­зды да бай­қа­дық. Ол кісі тоқтау айтып кел­ген әкім­шілік өкілі­мен қызу айты­сып жат­ты. Әкім­дік қыз­мет­керінің «іс-әре­кет­тің бәрін заң аясын­да жүр­гі­зу керек» деген ұста­ны­мы­на жел­тоқ­сан­шы ағамыз:

  • «Біз­де өзі заң бар ма? Заң бой­ын­ша пре­зи­дент неше мерзім оты­ру керек? О баста 4 жыл деген мерзім­ді Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев 7 жылға ауы­стыр­ды. Бұл сай­ла­уды заң­сыз деп біле­мін. Был­тыр Тоқа­ев та заң­сыз сай­лан­ды. Енді бұлар пар­ла­мент­ке Дариға Назар­ба­е­ва­ны кір­гізіп, оны сенат­тың төрай­ы­мы ретін­де сай­лап, Тоқа­ев­тың орны­на Дариға­ны әке­луді көз­деп отыр. Бұн­дай заң­сыз сай­ла­уды мой­ын­да­май­мыз…» – деп, Халел­хан аға өзінің дәй­ек­терін кел­тіріп жатты.

Бір кез­де қор­шау іші­нен «Оян, қазақ, көтер басты!» деген ұран­дар естіл­ді. Сол мезет­те «титуш­ка­ларға» көмек­ке кел­ген авто­ном­ды колон­ка іске қосы­лып, қат­ты дауы­спен музы­ка ойна­ты­ла бастады.

Осын­дай текетірес жағ­дай­ын­да бір­не­ше сағат та өте шықты. Аяз­дан тоңа бастаған СОБР қыз­мет­кер­лері жол бой­ын­да тұрған авто­бу­старға кіріп, олар­ды жылы жер­ден шыққан әріп­те­стері ауы­сты­ра баста­ды. Кей­бірі жақын жер­де орна­ласқан дәрет­ха­наға барып келіп жүр­ді. Алай­да қор­ша­уда тұрған аза­мат­тық бел­сен­ділер­ге ондай мүм­кін­дік берілмеді.

Қаңтар­дың кеш­кі ызға­ры­нан тоңа бастаған жур­на­ли­стер де жақын маң­нан ыстық тамақ сата­тын дүкен тауып алып, сол жер­де жылы­нып, өздері­мен бір­ге әкел­ген ыстық шай­ын қор­ша­удағы­лар­мен бөлісті. Жол­дың арғы бетін­де дәл осын­дай поли­ция қор­ша­уын­да «Оян, Қаза­қстан!» қозға­лы­сы­ның жас қыз-жігіт­тері де қал­ды. Қыстың аяз­ды күні Назар­ба­ев көше­сінің екі жағын­да да поли­ция жасағы­ның қор­ша­уын­да қалған аза­мат­тық бел­сен­ділер­дің жағ­дайы Қаза­қстан­ның поли­цей­лік мем­ле­кет екен­ді­гін айқын көр­сетіп тұр­ды. Осы­ның бәріне бас-көз болып, поли­ци­яға кім­ді ұстау, кім­ді өткіз­беу керекті­гіне бұй­рық беріп, Алма­ты қала­сы Поли­ция депар­та­мен­тінің бас­шы­сы Қанат Тай­мер­де­но­втің өзі басқа­рып жүрді.

Осы күні нара­зы­лық митин­гісі өтіп жатқан Рес­пуб­ли­ка алаңын­да интер­нет пен әле­умет­тік желілер бұғат­тал­ды. Кей кез­дері тіп­ті ұялы бай­ла­ныс желісі де ақау беріп тұр­ды. Оның бәрін жақын маң­да тұрған тех­ни­ка­лық құры­лғы­лар­мен жаб­ды­қталған арнайы авто­көлік­тер қам­та­ма­сыз етті.

Суы­ққа тоңған жастарға ыстық шай әкеп бер­ген адам­дар тура­лы есті­ген поли­ция бас­шы­лы­ғы рация арқы­лы: «Шәй, кофе бер­гіз­бең­дер!» деп қатаң бұй­рық бер­генін құлағы­мыз шал­ды. Осы­дан кей­ін қор­ша­уда тұрған бел­сен­ділер тоңа­зи баста­ды. Оның екі-үше­уін жедел жәр­дем алып кетті.

Арада тағы бір­не­ше сағат өтіп, қараңғы да түсті. Күн тіп­тен суып кет­ті. Осы кез­де жур­на­ли­стер жасы­рын түр­де сырт­тан ыстық шәй әкеліп, оны қор­ша­удағы қыз-келін­шек­тер­ге бер­мек­ші болып еді, мас­ка киген түсі суық сар­баз бөгет жаса­уға тыры­сты. Жур­на­ли­стер бол­са: «Қару беріп жатқа­ны­мыз жоқ, олар сен­дер сияқты ауы­сып, авто­бу­сқа кіріп жылы­нып жүр­ген жоқ, ең бол­ма­саәй­ел­дер ысты­қ­шәй ішсін!» – деген сөз­дерін сол жер­де­гі СОБР-дың орта буын бас­шы­ла­ры­ның бірі естіп, әлгіні ымдап тоқта­тып, ыстық шәй­ді өткізіп жібе­ру­ге рұқ­сат етті. Соны көріп тұрған бір кісі әлгі жігіт­ке: «Има­ның бар екен…» – деп арқа­сы­нан қағып, алғы­сын білдірді.

Сөй­тіп кеш­кі сағат сегіз бол­ды. Алаң­да жүр­ген­нің де, тұрған­ның да маза­сы қашты. «Титуш­ка­лар» баяғы­да тай­ып тұрған. Музы­ка колон­ка­сы­ның да «тамағы» қар­лы­ғып, қуа­ты біте баста­ды. Осы жер­де Дем­пар­тия бел­сен­дісі Абзал Дости­я­ро­втың:

  • «Көр­дің­дер ме?! «Титуш­ка­ла­рың» да суы­ққа шыда­май қашып кет­ті. Өйт­кені олар ақша үшін жүр­ген­дер. Мына Назар­ба­ев режи­мінің колон­ка­сы­ның да қуа­ты біт­ті. Сол секіл­ді бүгін­гі шірі­ген режим­нің де қуа­ты біте­ді. Ал біз аяғы­на дей­ін тұра­мыз! Сен­дер бізді суы­қта ұстап, рухы­мы­зды сын­ды­ра­мыз деп ойла­саң­дар қате­ле­сесің­дер! Бізді ұстап тұрған­да­ры­ңа 9 сағат­тан асты. Аза­мат­тық құқы­ғы­мы­зды жер­ге тап­та­ды­ң­дар! Ара­мы­зда тұрған қыз-келін­шек­тер, апа­ла­ры­мыз көз алда­ры­ң­да дәрет сын­ды­руға мәж­бүр бол­ды! Бұл сен­дер­ге жазы­ла­тын күнә!» – деп айтқа­ны есті­ген адам­ның көкей­ін­де қалды.

Сол сәт­те Алма­ты қала­сы әкім­шілі­гінің Ішкі сая­сат басқар­ма­сы­ның жетек­шісі Айдар Есен­бе­ков қор­ша­удағы­лар­дың жаны­на келіп, олар үйлеріне тара­ла­тын бол­са, поли­ция жасағы ешкім­ге бөгет жаса­май­ты­нын айт­ты. Бұн­дай сөз­дер ашы­нған бел­сен­ділер­дің ыза­сы­на тиіп, өздерінің қай­да және қай кез­де бара­ты­нын тек өздері ғана шешетін­дерін көл­де­нең тартты.

Кеш­кі сағат 9‑дан кете арнайы жасақ қор­ша­уды ашып, аза­мат­тық бел­сен­ділер­дің шығуы­на мүм­кін­дік бер­ді. Қаңтар­дың суы­ғын­да тоғыз сағат­тан астам алаң­да тұрған дем­пар­тия мүше­лері Назар­ба­ев көше­сі­мен бой­лай, Абай даңғы­лы­на бет­те­ді. Алды­ңғы қатар­ды бастаған Жан­бо­лат Мамай:

  • «Бізді он сағат­тан астам қор­ша­уда ұста­ды. Бұл нағыз фаши­стік билік­тің әре­кеті! Адам­ның құқы­ғы да, Кон­сти­ту­ци­я­мыз да сақталған жоқ! Қор­ша­уда тұрып дәрет­ке оты­руға мәж­бүр бол­дық! Бұн­дай­ды адам­ды азаптау деп айта­ды. Бүгін­гі сай­ла­удың нәти­же­сін мой­ын­да­май­мыз! Бұл сай­лау леги­тим­ді емес, заң­сыз сай­лау! Бүгін билік өзін масқа­ра етті. Әлем­дік ақпа­рат құрал­да­ры, халы­қа­ра­лық ұйым­дар бүгін­гі жағ­дай­ды өз көз­дері­мен көр­ді. Бүгін­гі сай­лау заң­сыз! Оған бәрі­міз куә бол­дық!…» – деген-ді.

 Өзі бастаған аза­мат­тар­ды Жан­бо­лат қала көше­лері­мен алып өтті. Осы­лай­ша нара­зы жастар­дың Рес­пуб­ли­ка алаңын­да қор­ша­уда қалған, «сай­лау» деген сай­қы­ма­зақ аты бар ҚИНАУ КҮНІ тамам болған еді. Бірақ тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың учас­келік комис­си­я­лар­дағы айқа­сы жалға­сып жатты…

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн