Пятница , 4 июля 2025

Қазақ мемлекетін БАСҚАРАТЫН АДАМ қандай болуы керек?

  • Бұдан бұрын біздің газет­те «Бірін­ші пре­зи­дент­тің кесірін түзеу – екін­шінің елдік мін­деті» деген тақы­рып­пен бір топ аза­мат­тың Ашық хаты жари­я­ланған еді (№ 40, 31.10.2019 г.). Осы­ған орай оқыр­ман­дар тара­пы­нан редак­ция пошта­сы­на бір­не­ше үнқа­ту­лар келіп түсті. Төмен­де соның бір тобын жари­я­лап отыр­мыз.
  • Жал­пы, ҚР пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­евқа арналған Ашық хат­ты маз­мұ­ны­мен түгел және дұрыс деп есеп­тей­мін. Өз пікірім­ді бір­ден айтай­ын: Қ.-Ж.Тоқаевтың қолы­нан ештеңе кел­мей­ді де, бол­май­ды да. Оның жара­ты­лы­сы – Н. Назар­ба­ев­тың көлең­кесі: күн шық­са – қасын­да, күн бол­ма­са, жоға­лып кете­ді. Осы орай­да жазы­лған «Қазақ мем­ле­кетін басқа­ра­тын адам қан­дай болуы керек?» мақа­лам­ды «ДАТ» редак­ци­я­сы­на жол­дап отырмын.

Нұрсұл­тан Назар­ба­ев­тың мыса­лы­мен елім, жерім деген қаза­ққа мем­ле­кет бас­шы­сын сай­лаған­да, қан­дай адам­нан сақ болуы­мыз керек? 1991 жылы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­ты Қазақ Рес­пуб­ли­ка­сы Ком­пар­ти­я­сы­ның Бірін­ші хат­шы­сы­нан Қаза­қстан­ның пре­зи­дент­ті­гіне сай­лай­мыз деген­де, мен оның аты­нан шыққан кітап­та­ры­мен таны­стым: «Әділет­тің ақ жолы» (Алма­ты, «Қаза­қстан», 1991), «Без пра­вых и левых» (Москва, «Моло­дая гвар­дия», 1991). «Мен – қой­шы­лар­дың ұлы­мын, неме­ресі­мін және шөбе­ресі­мін. Демек, ешқан­дай ақсүй­ек­тер әулеті­нен емес­пін», деп­ті Назар­ба­ев. Әкесі – Әбіш, шеше­сі – Әлжан жетім болған­да­рын жаз­ды. 11 жасын­да Әбі­шті ауқат­ты орыс Ники­фо­ров өз үйіне жал­шы­лы­ққа алған екен. Нұре­кең алыс туы­сқан­да­ры­на дей­ін жоға­ры білім алмаға­нын айта­ды. Шамалған ауы­лы интер­на­ци­о­нал­ды болған еді: Қас­ке­лең өзенінің бір жағын­да – қаза­қтар, екін­ші жағын­да – Ресей­ден қоныс ауда­ры­лған­дар тұрған.

Сол кез­де мен Т. Жүр­ге­нов атын­дағы Театр және көр­кем-сурет инсти­ту­ты­ның (қазір­гі Өнер ака­де­ми­я­сы) ғылы­ми жұмыстар жөнін­де­гі про­рек­то­ры едім. Қабыл­да­уым­да екі кафед­ра мең­ге­ру­шісі оты­рған­да, декан Болат Досжа­нов келіп Н. Назар­ба­ев­ты пре­зи­дент­тік­ке ұсы­ну­ды қол­дай­тын ынта­лы топ құры­лға­нын көр­сетіп, жиналға­ны­мы­зға қол қою­ды ұсын­ды. Сон­да мен: «Тарих­тан бел­гілі, тексіз құл­дан мем­ле­кет көсе­мі бол­маған, қазақ халқы­ның дана­лы­ғы­на сүй­ен­сек, қара­дан хан шық­паған, осы оты­рған төр­те­уміз де Нұр­сұл­тан сияқты отба­сын­да туып-өскен орта­дан, оры­стың жал­шы­сы бол­сақ – халқы­мы­здың көсе­мі бола алмай­мыз», – деп, қол қою­дан бас тарттым.

2005 жылы Алма­ты­дағы «Ала­тау» кино­те­ат­рын­да (қазір оны Назар­ба­ев­тың жек­жат­та­ры қира­тып, орны­на ресто­ран салып алды – Ред.) «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық күш­тер бло­гы» (ҚДКБ) жина­лыс өткізді. Мақ­сат – пре­зи­дент Н. Назар­ба­ев­тың өз халқы­на зиян сая­са­ты­на нара­зы­лық біл­діріп, өзін ақы­лға шақы­рып, мем­ле­кеті­мізді күй­ре­уден сақтау еді. Кезін­де Қаза­қстан аза­мат­тық «Азат» қозға­лы­сы­ның төраға­сы бол­сам-дағы, мені бұл бірік­кен жиы­нға шақыр­ма­ды. Бірақ өзім­ді білетін бір жур­на­ли­стің көме­гі­мен ҚДКБ жиы­ны­на кір­дім. Мен сөз сұра­дым, бірақ сөз бер­меді. Осы жиын­да айтар тіле­гім­ді кей­ін­нен «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның газетін­де («Апта.кz», №11, 22.04.2005 ж.) жари­я­ла­дым. Сол кез­де келесі пре­зи­дент қан­дай адам болуы керек екенін жазған мақа­лам­нан үзін­ді келтірейін.

«…Жетесіз, өне­гесіз, сау­ат­сыз, жал­шы­ның ұрпағы­нан шыққан құл­дық мінезді адам билік басы­на кел­се, елін де, жерін де, халқын да көгерт­пей­ді. Бұл табиғи құбы­лыс: жасын­да қай­ыр­шы­лық көр­ген бала өсіп, билік­ке келіп, бай­лы­ққа жет­кен­де, құлқы­ны­ның құлы­на айна­ла­ды. Және де ондай ада­мға өзге­лер­дің айтқан ақы­лы қон­бай­ды, сөз өтпей­ді, тақта неғұр­лым ұзақ отыр­са, соғұр­лым өзін әулие санайды».

Сон­да мен өткен тарих­тың тәжіри­бесін пай­да­ла­нып, арнайы мани­фест арқы­лы алды­мен бұқа­ра халы­қтың сана-сезі­мін ояту керек деген­мін. Содан бері ақпа­рат құрал­да­ры арқы­лы «сөз өтпей­тін ада­мға тек таяқ қана өте­ді» дей­тін халқы­мы­здың дана­лы­ғын айтып келе­мін. Сол кез­де Саа­ка­шви­ли билік­ке әлі кел­ме­се де, гру­зин­дер­ден үлгі алу керекті­гін айттым…

Әділет­ті Қаза­қстан орна­ту үшін мем­ле­кеті­міздің жаңа пре­зи­ден­ті қан­дай адам болуы керек? Мұның жау­а­бын беру үшін, әр кез­де­гі озық ойлы көсем­дер­ге қан­дай қаси­ет­тер тән болға­ны­на көз жүгір­тіп, өткен тарих­тан сабақ алу керек. Осы тұрғы­да халы­қты соңы­ма ертем деген көсем өзін тек сөзі­мен ғана емес, нақты ісі­мен де көр­се­те білуі керек. Ондай адам, бірін­ші­ден, өз ұлты­ның тілін, тарихын, әде­би­еті мен өнерін, салт-дәстүрін жоға­ры дең­гей­де және мін­дет­ті түр­де білу­мен қатар, жан-жақты дамы­ған, ар-ожда­ны таза, намысы биік аза­мат болуы керек.

Екін­ші­ден, отар­ланған орыс­шыл және батыс­шыл сана­дан ада, жал­тақта­май, туған халқы­ның мүд­десі, оның бола­шағы үшін неге бол­са да дай­ын отан­шыл, пара­сат­ты қай­рат­кер болуы тиіс.

 ҚДКБ жиы­ны­ның Н.Назарбаевты мем­ле­кет басқа­ру­да ақы­лға шақы­рға­ны­нан нәти­же шық­па­ды. Керісін­ше, ол оппо­зи­ци­я­ны әлсіре­туін күшейт­ті. ҚДТ қозға­лы­сын бастаған «жас түрік­тер­ді» екі­ге жар­ды, Заман­бек Нұрқа­ді­лов о дүни­е­ге кет­ті, жалған оппо­зи­ци­я­ның өкіл­дерін көбейт­ті. Назар­ба­евқа жазы­лған, оны әділет­тілік­ке шақы­рған ашық хат­тар, үнде­улер әдет­те­гі­дей жау­ап­сыз қал­ды. Яғни, Назар­ба­ев осын­дай іс-әре­кет­тері­мен өзінің жара­ты­лы­сын, алған тәр­би­есін, өскен орта­сын, адам­дық қаси­ет­тер­ден алыс екенін тағы да дәлелдеді.

 «Взгляд» газеті (15.01. 2010 ж.) оқыр­ман­дарға үш сұрақ қой­ып: «Каким он будет сле­ду­ю­щий гла­ва госу­дар­ства?» деген тақы­рып­пен сау­ал­на­ма жүр­гізді. Ол сұрақтарға менің жауаптарым:

  • ол интел­ли­гент отба­сы­нан шыққан, руха­ни бай­лы­қты дүни­е­ден жоға­ры қоятын;
  • адам­гер­шілік­ті, әділет­ті, ұйым­да­сты­ру қабілеті мол, терең ойлы, стра­те­ги­я­лық сезі­мі жоғары;
  • мін­дет­ті түр­де өз ұлты­ның тілін, ежел­ден бүгін­ге дей­ін­гі шынайы тарихын, әсіре­се орыс импе­ри­я­ла­ры қазақ халқын үш ғасыр бойы жоюға әре­кет жасаға­нын жақ­сы білетін;
  • мем­ле­кеті­мізді дамы­ту, халқы­мы­здың өмірін жақ­сар­ту үшін, өзі­міздің өндіріс ошақта­рын, жұмыс орын­да­рын жап­пай көбей­тіп, шетел­дің тау­ар­ла­ры­на шек­теу салып, өзі­міздің өнім­дер­ді молы­нан шыға­рып, халы­қты өзі­міздің өнім­дер­ді тұты­на­тын­дай дәре­же­ге көшетін;
  • тарих­тан үлгі ала­тын, бүкіл үш жүздің соңғы ханы – Кене­са­ры Қасы­мұ­лы сияқты тұлға болуы керек.

Сай­ып кел­ген­де, қазақ халқын басқа­ра­тын адам келесі жәйт­тер­ді еске­руі керек:

  • ата-баба­мы­здың дала демо­кра­ти­я­лық-ұлт­тық мем­ле­кеті болғанын;
  • ХХ ғасыр­дың басын­дағы Алаш ары­ста­ры­ның арманын;
  • ХХ ғасыр­дың аяғын­дағы Қаза­қстан­ның аза­мат­тық «Азат» қозға­лы­сы­ның мақсатын;
  • халы­қа­ра­лық ере­же­ге сәй­кес, 1993 жылғы ҚР Кон­сти­ту­ци­яға оралуын.

Тарих­тан сабақ алай­ық – жаңа қоғам­ды орна­ту үшін, бұры­нғы қоғам­ның өкіл­дерін жолат­пау керек.Мысалы, ХҮІІІ ғасыр­да фран­цуз бур­жу­а­зи­я­сы рево­лю­ци­я­мен билік­ке кел­ген­де, бұры­нғы фео­дал­дық жүй­енің ешқан­дай өкілі мем­ле­кет үкі­метін­де бол­маған. Король ХІҮ Людо­вик­тің басы алынды…

 Сөз соңын­да «ДАТ»-та жари­я­ланған Ашық хатқа бай­ла­ны­сты нақты айта­рым: Нұр-Сұл­тан қала­сы­на Жұма­бек­тің /Тәшенов/ атын беру керек. Кезін­де ол қазақ жерінің бес облы­сын Ресей­ден сақтап қалған. Оның үстіне Жұма­бек Тәше­но­втың туып-өскен жері – аста­на­ның аймағы. Ал тари­хи шын­дық жағы­нан «Ала­шор­да» деп Семей қала­сын атау керек.

Төле­убек СЕЙІТҚАЛИҰЛЫ,

ғалым, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн