Пятница , 4 июля 2025

Инга ИМАНБАЙ: Жанболат биліктің жобасы болғанда, МЕН ОҒАН ҚАРСЫ ШЫҒАР ЕДІМ

– Бұл сұх­ба­ты­мы­зды Жан­бо­лат­ты «про­ба­ци­яға» шақы­рған мәсе­ле­ден бастай­ық: ол шақыр­ту­дың соңы не бол­ды? Билік­тің шабар­ман­да­ры Жан­бо­латқа не қыл­ма­дың, не бүл­дір­дің деп жатыр?

– Жан­бо­лат түр­ме­ден шыққан екі жыл­дан бер­гі уақыт­та тұрғы­лы­қты мекен-жайы бой­ын­ша Қара­сай аудан­дық про­ба­ция қыз­метін­де есеп­те тұр. Заң бой­ын­ша, ол сағат түн­гі 10-нан таңғы 6:00 ара­лы­ғын­да үйде болуы керек. Қала­ның сыр­ты­на рұқ­сат­сыз шығып кетуіне бол­май­ды. Шетел­ге баруға мүл­дем тый­ым салы­нған. Айы­на бір рет про­ба­ция қыз­метіне барып, тір­ке­уден өтіп тұруы қажет. Міне, негіз­гі талап­тар осын­дай. Айы­на 2–3 рет келіп, түн­де тек­серіп кететіні тағы бар.

Бірақ, екі жыл екі айдан бері оны бір­де-бір рет күн­діз тек­сер­ме­ген еді. 10 қара­ша­да – сен­бі күні сағат түскі 2‑де про­ба­ция қыз­метінің бас­шы­сы, орын­ба­са­ры, инспек­тор келіп, оны тек­се­ру­ге келді.

– Жау қуып келе жатқан­дай, үше­уі бір­ден кел­ді ме?

– Иә! Сол жер­де Жан­бо­лат үйде жоқ деп қағаз жаз­дыр­ды. Ал ол кез­де Жан­бо­лат Алма­ты­да өтіп жатқан митин­гі­де еді. Жастар­ды қол­дай­ын, оқиға­ны өз көзім­мен көрей­ін, аза­мат­тар­дың құқы­ғы бұзыл­мауы­на сеп­ті­гім­ді тигі­зей­ін деген еді. Содан кеш­кі сағат сегіз­дер­де про­ба­ци­я­ның қыз­мет­кер­лері қай­та кел­ді. Жан­бо­лат­тың қолы­на шақыр­ту (повест­ка) ұста­тып, дүй­сен­бі күні сағат 10-ға келуді талап етті.

Заң бой­ын­ша, олар­дың «повест­ка» тап­сы­руға құқы да жоқ еді: ондай құзірет тек тер­ге­ушілер мен сот­та ғана. Оның үстіне, Жан­бо­лат әлде бір іске күдік­ті не бол­ма­са куә­гер емес. Про­ба­ция қыз­меті теле­фон­мен шақыр­са да жет­кілік­ті, Жан­бо­лат­тың оған бару – мін­дет. Міне, осы­ған бай­ла­ны­сты, Жан­бо­лат­ты қамап тастай ма деген күдік туын­да­ды. Дүй­сен­бі күні бір топ аза­мат­тар Қара­сай аудан­дық про­ба­ция қыз­метіне бар­дық. Сүйт­сек, Жан­бо­лат­ты «күт­кен» поли­ция сол күні «жабық есік» күнін жари­я­лап, одан басқа ешкім­ді қабыл­да­май­тын етіп­ті. Жан­бо­лат ол жер­ге қорға­у­шы­сы Жанар Балға­ба­е­ва­мен бір­ге бар­ды. Олар­дың алды­на Қара­сай ауда­ны­ның про­ба­ция қыз­мет­кер­лері емес, Тал­ды­қорған­нан Алма­ты облы­стық про­ба­ци­я­сы­ның бас­шы­сы, под­пол­ков­ник Ержі­гітов шығып, Жан­бо­латқа олар­дың арта­тын кінәсі жоқ екенін, оның заң бұз­баға­нын, ешкім де қамай­ын деп жат­паға­нын айтқан. Дема­лыс күн­дері үйде оты­руға мін­дет­ті еме­сті­гі де айтылған.

– Олай бол­са, про­ба­ция қыз­мет­кер­лері сен­бі­де күн­діз неге үйге кел­генін айт­па­ды ма?

– Бұған Ержі­гітов мыр­за: «Олар сіздің үйіңіздің жаны­нан өтіп бара жатқан болар…» деп жау­ап қай­ы­рған екен. Осы­лай­ша, қоғам­дық пікір­дің, халы­қтың қол­да­уы­ның арқа­сын­да билік­тің Жан­бо­лат­ты қама­мақ ниеті жүзе­ге аспа­ды. Бірақ, тыны­шта­ла­тын про­ба­ция жоқ: олар келесі күні жұмысқа келіп, Жан­бо­лат­тың жұмыс кестесін тек­серіп, қай уақыт­та қыз­мет­те бола­ты­нын көр­се­тетін аны­қта­ма сұрап отыр. Яғни, жұмыстан тыс уақыт­та ол үйде оты­руы керек деген­ді айтқы­сы келеді. Қол­да­ры­нан кел­се, поли­ция Жан­бо­лат­ты үйден шығар­май, «үйқа­маққа» алу­дан кетәрі емес. Әрине, бұл билік­тің тап­сыр­ма­сы­мен, сая­си себеп­тер­мен жаса­лып оты­рған әрекет. 

Инга бике, әле­умет­тік желілер­де сіздің шыр-пыр болып жүр­геніңіз­ге қарап оты­рған­да, ең алды­мен мына­дай сұрақ туа­ды: күй­е­уі оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­пен айна­лы­сқан басқа әйел­дер бала­сын бағып, тып-тыныш үйін­де отыр ғой – сіздің жан­та­ла­сып жүруіңіз­де не мән-мақ­сат бар?

– Баста­пқы­да мен пар­ти­я­лық жұмысқа ара­лас­пай­мын, адам құқы­ғы Бюро­сын­дағы қыз­метім­мен шұғыл­да­на­мын деп ойла­дым. Жан­бо­лат та мені пар­ти­я­лық жұмыстан гөрі, өз шару­ам­мен айна­лы­суым­ды сұра­ды. Бұл жос­пар­ды билік бұз­ды. Мыса­лы, облы­стар­да өтетін кез­де­су­лер­ге Жан­бо­лат­тың өзі шығуы керек еді. Алды­мен батыс облы­ста­ры­нан бастай­ық деп шештік.

Бірақ, біздің ісі­міз­ге тағы да билік ара­ла­сты. Жан­бо­лат Орал, Ақтө­бе, Аты­рау мен Маңғы­ста­уға бару үшін про­ба­ци­яға ескер­тіп, Алма­ты­да бір­не­ше күн бол­май­ты­ны тура­лы арыз жаз­ды. Осы­ған дей­ін басқа қалаға барғы­сы кел­се, арыз жаза­тын да, сол жер­дің про­ба­ци­я­сы­на тір­келіп, емін-еркін барып келетін. Бұл жолы про­ба­ци­ядағы­лар оны Алма­ты­дан шыға­ру­дан бас тарт­ты. «Қазір қауіп­сіздік шара­ла­ры күшей­тіл­ді, шыға­ра алмай­мыз, қала­саңыз сотқа арыз жазы­ңыз» деумен шек­тел­ді. Яғни, бұдан сая­си шешім­нің иісі аңқи­ды. Себебі, билік­те­гілер про­те­стік жігері басым баты­стағы аза­мат­тар­мен Жан­бо­лат­тың кез­де­суі­нен сес­кен­ді. Адам да көп жина­лар еді бұл кез­де­су­лер­ге. Осы­ны сезсе керек, билік бұл жос­па­ры­мы­зға тосқа­уыл қойды.

Енді амал қан­дай? Әрине, Жан­бо­лат­тан басқа да елді ара­ла­у­ға дай­ын аза­мат­тар бар ара­мы­зда. Сон­ды­қтан, баты­стағы аза­мат­тар­дан сұра­дық: «Жан­бо­лат шыға алмай­ды, тіке­лей эфир арқы­лы қосы­ла­ды, сіз­дер кім­нің кел­генін қалай­сыздар?» деп. Олар мені және Ғалым Аге­ле­уовты ата­ды. Себебі, Ғалым баяғы­дан Жаңаө­зен мәсе­лесі­мен айна­лы­сып, олар тура­лы фильм түсіріп, Маңғы­стау мұнай­шы­ла­ры­ның жағын­да жүр­ген аза­мат. Осы себеп­ті, Жан­бо­лат­тың сая­си шаруа­сы­на менің ара­ла­суы­ма тура кел­ді. Үйде «тып-тыныш оты­рып, бала бағу­ды» қоя тұруым осы­дан туды…

Ғалым еке­уі­міз алды­мен Оралға бар­дық. Ол жер­де өткен жиын­да аза­мат­тар бел­гілі бард-жырау Жанат Есен­та­ев­ты штаб төраға­сы етіп сай­лап, ол біз­бен ары қарай баты­сты ара­ла­у­ға қосылды.

– Бұл енді, пар­тия құру­дың ұйым­да­сты­ру­шы­лық жағы. Ал енді сіздің әле­умет­тік желі­де­гі бел­сен­ділі­гіңіз­ге келейік…

– Негізі­нен менің үйде оты­ра алмай, сая­си іске ара­ла­суы­ма Жан­бо­латқа жабы­лып жатқан жала да себеп­кер бол­ды. Облы­стар­ды ара­лап, халы­қтың қол­да­уы­на ие бола бастап едік, Мұх­тар Әбля­зов бастаған топ біз­ге қар­сы шығып, нақақ жала жап­ты. Ешқан­дай дәлел­сіз, негіз­сіз, жап­тым – жала, жақтым – күйе болу­да. Бір таң­данға­ным – бір кез­дері не бол­са да бір­ге болай­ын, ағам­ды қиын­ды­ққа қал­дыр­май­ын деп, түр­ме­ге бір­ге түсіп, қасын­да болған Болат Ата­ба­ев Жан­бо­латқа тас лақты­рған­да, үнде­мей оты­ра алма­дым. Сон­ды­қтан, бел­сен­ді түр­де шын­дық үшін дауға ара­ла­суға тура келді.

Ал негізі­нен біз­де пар­ти­я­ны ұйым­да­сты­ру жұмысын атқа­ра­тын адам­дар аз емес: әзір­ге көп­шілі­гі көз­ге көріне бер­мей­тін «қара жұмысты» атқа­ру­да. Күн­делік­ті келіп жатқан аза­мат­тар­мен сөй­ле­судің өзі оңай жұмыс емес. Адам­дар­мен тіл табысып, ортақ мәсе­лені қозғап, тыным­сыз жұмыс істеу керек. Осы істі адал атқа­рып оты­рған аза­мат­тар бар орта­мы­зда. Бұл орай­да «ДАТ» газетіне алғыс айтқым келеді: газет­те­гі біздің хабар­ла­ма­ны оқып, біз­ге келіп жатқан бел­сен­ді адам аз емес! Ол да сіз­дер­дің тәу­ел­сіз басы­лым­ның таны­мал­ды­лы­ғын әрі абы­рой­ы­ның жоға­ры екенін көрсетеді.

– Алғы­сы­ңы­зға рах­мет!… Ал «бір жасты­қта» жата-жаста­на пар­тия құру тура­лы өз ойын Жан­бо­лат талай айтқан шығар – бұл идея оған қалай пай­да болды?

– Өзінің жұмысы, сая­си күресі тура­лы Жан­бо­лат бар­лы­ғын айта бер­мей­ді. Сая­сат, қоғам­дық қыз­мет – бір бөлек, отба­сы – бір бөлек деп ойлай­ды. Мен де қаз­ба­лап, ештеңе сұра­май­мын: ондай­ды Жан­бо­лат­тың жақтыр­май­ты­нын жақ­сы білемін.

Ал пар­ти­яға қаты­сты идея Жан­бо­лат­тың айна­ла­сын­да баяғы­дан айты­лып келе жатқа­нын біле­мін. Ортақ таны­ста­ры­мыз сөз ара­сын­да бол­сын — қашан жастар болып, пар­тия аша­мыз, қашан сая­си күрес­ке көше­міз деген­ді талай айтып жүр­ді. Одан кей­ін білесіз­дер, ЖСДП-ға қаты­сты мәсе­ле көтеріл­ді. Ермұрат Бапи аға­мыз ЖСДП төраға­лы­ғы­на Жан­бо­лат­ты ұсы­нғы­сы кел­генін, бірақ билік­тің ара­ла­суы­мен бұл жос­пар­дың жүзе­ге аспаға­ны бел­гілі. Содан кей­ін-ақ Жан­бо­лат, Сер­гей Дува­нов және басқа да аза­мат­тар ашық күрес­ке шығып, жаңа пар­тия ашу қажет­ті­гін түсін­ді. Өкініш­ке қарай, Сер­гей Вла­ди­ми­ро­вич қазір АҚШ-та, сон­ды­қтан сая­си про­цес­ке ашық ара­ла­са алмай жүр. Деген­мен, ол да келіп, Жан­бо­лат­пен бір­ге пар­тия құру ісін­де бір­ге бола­ды. Қысқа­сы, идея — бүгін­гі өмір­ден, елде­гі жағ­дай­дан туын­да­ды. Халы­қты бірік­тіретін, басын қоса­тын, бүгін­гі жүй­е­ге ашық қар­сы­лық біл­ді­ре ала­тын күш керек екені айқын. Міне, Жан­бо­лат сол иде­я­ны көтеріп, жаңа сая­си пар­тия құру қажет­ті­гін ашық жариялады.

– Тағы да сол әлем­желі­де «Жан­бо­лат – билік­тің жоба­сы» деген дол­бар­ды даб­ы­ра еткен­дер тура­лы не айтар едіңіз? Бұл жал­ба­са жаны­ңы­зға бата ма?

– Әрине, бата­ды! Сол үшін де күй­іп-пісіп жүр­мін. Егер Жан­бо­лат билік­тің жоба­сы болып, оны Ақор­даға жақын топ­тар қар­жы­лан­дыр­са, бұл тура­лы бірін­ші мен білер едім. Ол өзі айт­пас, бірақ мен ашық айтай­ын: оның басын­да бір емес, бір­не­ше неси­есі бар қара­пай­ым адам. Егер билік­тен қар­жы келіп, пар­тия ашу ісі билік­тің жоба­сы бол­са, бірін­ші сол қары­здан құтыл­мас па еді? Мініп жүр­ген көлі­гіне дей­ін неси­е­ге алы­нған. Жан­бо­лат пар­тия аша­мыз дегелі біздің отба­сы­лық тұр­мысы­мы­зда да өзгеріс жоқ. Сол баяғы қал­пы­мы­зда өмір сүріп жатырмыз.

Егер Жан­бо­лат билік­тің жоба­сы болып, халы­қты алда­мақ ниеті бол­са, мен бұған бірін­ші болып қар­сы тұрар едім. Себебі, Қоса­но­втың жағ­дайы көз алды­мы­зда: 20 жыл жинаған абы­рой­ын бір түн­нің ішін­де құрт­ты. Қан­ша­ма қарғыс айтыл­ды, халы­қтың оған жаз­баға­ны жоқ. Осы­ның бәрін көріп тұрып, билік­тің кезек­ті жоба­сы бол­са, мен Жан­бо­латқа өзім-ақ қар­сы шығар едім. Оның абы­ройы мен беделі үшін. Оның бола­шақ өмірі үшін. Біз отба­сы­мы­з­бен айға не аспанға ұшып кет­пей­міз. Шетел­де күтіп тұрған ешкім жоқ. Қаза­қстан­да өмір сүре­міз. Бала­ла­ры­мыз бар. Ертең олар ержет­кен­де, біре­улер «әкең сатқын» деп тұр­са, Жан­бо­лат қай­тер еді? Жер­ге кіре­р­ге тесік таппайды!

Сон­ды­қтан, ондай опа­сызды­қтың исі сезіл­се, мен-ақ оны тоқта­тар едім. Осы­ны біле тұра, біре­удің Жан­бо­лат­ты қара­лаға­ны, әрине жанға бата­ды. Жан­бо­лат­тың өзі де Әбля­зо­втан, Ата­ба­ев­тан мұн­дай опа­сызды­қты күт­кен жоқ. «Мұх­тарға қаты­сың бар деген күдік­пен бір емес, екі рет қамал­дым, мұның айтып оты­рға­ны несі?!» деп, Жан­бо­лат жанын жеп жүр. Ата­ба­ев­тың жапқан жала­сы да ауыр тиді: ол кісі біздің үйі­міз­ден талай дәм татып, дастар­хандас болған адам. Тіп­ті көр­ші де тұр­ды. Түр­менің кер­мек дәмін бір­ге тат­ты. Бір үзім нан­ды бөлісіп жеген ада­мы. Мәсе­ленің ақ-қара­сы­на бар­май, Болат аға­ның тар­па бас салға­ны Жан­бо­латқа түсініксіз болды.

Бірақ, Жан­бо­лат­тың «жоба» деген дал­ба­саға бола күй­зеліп жүретін уақы­ты жоқ. Алда атқа­ра­тын көп ісі көп, қазір оның бір минут артық уақы­ты жоқ. Күн­де кез­де­су­лер, теле­фо­ны­на тыным жоқ, интер­нет кон­фе­рен­ци­я­лар. Хабар­ла­сып, келіп, қол­дап жатқан кісілер көп. Жан­бо­лат күрес­ке, жеңіс­ке жету­ге сақа­дай сай тұр. 

– Пар­ти­я­ны ұйым­да­сты­ру­шы топ­тың батыс облы­старға сапа­ры тура­лы айтқан­да, әдет­те халы­қтық баста­ма­лар­дың бір ошағы сана­ла­тын, билік­ке қар­сы нара­зы­лық шара­ла­ры жиі өтетін Маңғы­стау өңірі сіз­дер­ді «жұмыр­тқа­мен қар­сы алуы» қызық болған екен…

– «Жұмыр­тқа­шы­лар» қара­пай­ым халы­қтың іші­нен шыққан адам­дар емес, билік­тің аран­да­ту­шы­ла­ры. Жағ­дай былай бол­ды. Бір келін­шек орны­на тұрып: «Жаңаө­зен оқиға­сы кезін­де қай­да бол­ды­ңыз?» деді. Біз оңан: «Жаңаө­зен халқы­ның қасын­да бол­дық» деп жау­ап бердік.

Расын­да да солай еді. Жеті ай бойы мұнай­шы­лар нара­зы­лы­қта тұрған­да мен «Жас Алаш» газетінің жур­на­лисі ретін­де, Жан­бо­лат – қоғам бел­сен­дісі ретін­де халы­қтың орта­сын­да бол­дық. Жаңаө­зен қырғы­ны­нан кей­ін біз мұнай­шы­ларға гума­ни­тар­лық көмек беру қорын құр­дық. Шама­мен 2 мил­ли­он тең­ге­дей ақша жинап, атыс кезін­де жар­дап шек­кен мұнай­шы­ларға көмек көр­сет­тік. Қиналған, көмек сұраған отба­сы­ларға жәр­дем жаса­дық, қолы­мы­здан кел­ген­ше. Әрине, ол халы­қтың ақша­сы. Бірақ, сол мәсе­лені көтеріп, біз жұмыс ұйым­да­стыр­дық. Жаңаө­зен­ді қол­дау үшін арнайы сайт аштық. Жаңаө­зен фото­көр­месін Алма­ты­да өткіздік. Халы­қа­ра­лық қауым­да­стық алдын­да бұл мәсе­лені көтер­дік. Мұны мұнай­шы­лар біледі. Сол үшін жиналған­дар бізді жақтап: «Қол­дай­мыз, біз сіз­дер жасаған көмек­ті біле­міз!» деп, шулап кет­ті. Осы кез­де жаңағы қыз…

– Қыз емес, әумесір әйел сияқты ғой…

– Кім екенін ит біл­сін?! Содан ол кикіл­жің­ге «арнаған» жұмыр­тқа­сын біз­ге қарай лақтыр­ды. Мұнай­шы­лар оны зал­дан шыға­рып жібер­ді. Артын­ша тағы бір жігіт қашып бара жатып, жұмыр­тқа лақтыр­ды. Жиналған­дар олар­ды біліп отыр: «бұлар билік­тің «титуш­ка­ла­ры» дей­ді. Арнайы ұйым­да­сты­ры­лған аран­да­ту бол­ды. Алдағы уақыт­та осын­дай аран­да­ту­лар көбей­етіні анық. 

– Жал­пы, батыс аймаққа сапар бары­сын­да көзіңіз жет­кен не бар: елді тақы­рға оты­рғы­зып кет­кен пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін, халы­қтың пар­тия құруға, елді өзгер­ту­ге деген құл­шы­ны­сы қалай екен?

– Қол­дау өте күшті бол­ды. Оны Фейс­бук­тағы тіке­лей эфир­ден, сурт­тер­ден де көр­ген болар­сыз. Егер Жан­бо­лат­тың өзі тіке­лей барған­да, бұдан да көп адам жина­лар еді деп отыр жер­гілік­ті аза­мат­тар. Біздің пар­ти­я­ны ұйым­да­сты­ру коми­тетіне батыс облы­стар­дағы оппо­зи­ци­я­лық бел­сен­ділер­дің бар­лы­ғы дер­лік қосыл­ды. Орал­дан – Жанат Есен­та­ев, Иса­тай Өте­пов, Асқар Шай­ғұ­ма­ров, Мақ­сат Айса­уы­тов, Аты­ра­удан – Талғат Аян, Әсел Нұрға­зи­е­ва, Әлі­бек Мұсаұ­лы, Ақтө­бе­ден – Бақыт Жан­ша­е­ва және басқа­ла­ры, Жаңаө­зен­нен – Нұр­лы­бек Нұрға­ли­ев бастаған аза­мат­тар Жан­бо­лат­тың иде­я­сын қол­дап шықты. Ақта­уда 30 шақты адам келіп, біз­ге қосы­луы керек еді, олар­дың көбін қорқы­тып, жиын өтетін орын­ды поли­ци­яға тол­ты­рып тастап­ты. Бірақ, Ақта­уда да қосы­лған­дар бар. Аза­мат­тар бізді ашық қол­дап отыр. Қата­ры­ңы­зда бола­мыз, бір­ге жұмыс атқа­рай­ық деген адам­дар жер-жер­ден хабар­ла­сып жатыр. Қол­дау өте күшті.

– Фейс­бук­та жари­я­лаған жаз­ба­ла­ры­ңыз бен фото­су­рет­тер­ден бай­қалға­ны – облы­стар­дағы пар­тия ошақта­ры (шта­б­та­ры) негізі­нен кілең жастар­дан құры­лған екен: бұл елді өзгер­ту­ге құл­шы­ны­сы мол жаңа ұрпақ бой көтер­генін біл­дір­мей ме?

– Дұрыс бай­қап­сыз! Алма­ты­дағы шта­бқа да жастар көп келіп жатыр, қосы­лғы­сы келетін, елді өзгерт­кісі келетін ұрпақ өсті елі­міз­де. Қарап отыр­сақ, мен 1989 жылы дүни­е­ге келіп­пін. Сол кез­ден бастап, Назар­ба­ев тақта отыр. «Пре­зи­дент­тік­тен кет­тім» дегені­мен, билік тағын әлі босатқан жоқ. Менің заман­даста­рым өмір­ге кел­ген күні­нен бастап, Назар­ба­ев­тан басқа бас­шы көрмеді.

Ал оның режи­мі не істеп оты­рға­ны бел­гілі: жемқор­лық, ұрлық-қар­лық, репрес­сия. Бұдан шар­ша­дық па? Әрине, шар­ша­дық! Бұдан құты­ла­тын заман кел­ді. Қашанғы Назар­ба­ев­тың билі­гіне қарап оты­ра­мыз?! Билік­ті өзгер­тіп, оны қолға ала­тын уақыт жет­ті ғой. 30 жас — ел басқа­руға лай­ы­қты кез деп ойлай­мын. Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы аға­мыз 30 жасын­да министр бол­ды. Ғалым­жан Жақи­я­нов сол жасын­да облыс әкі­мі болған жоқ па? Австри­яда Курц 31 жасын­да канц­лер болып сай­лан­ды. Неге Қаза­қстан­да сон­дай өзгерістер болмайды?

– Ел ішін­де соңғы пай­да болған про­те­стік күш­тер – «Оян, Қаза­қстан», тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар, «Рес­пуб­ли­ка» деген қозға­лы­стар тура­лы сөз бар ма? Әлде бұның бәрі әле­умет­тік желінің ғана әңгі­месі ме?

– Олар­дың да қоғам­да ала­тын орын­да­ры бар екені анық. Біз тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­мен тығыз қарым-қаты­на­ста­мыз. Олар­дың бел­сен­ді мүше­сі Арай­лым Наза­ро­ва біздің қата­ры­мы­зға келіп қосыл­ды. Арай­лым­ды біз 10–12 жыл­дан бері біле­міз: «Рух пен тіл» клу­бын­да бір­ге жұмыс атқар­дық. «Оян»-мен  де, «Рес­пуб­ли­ка­мен» де қарым-қаты­на­сы­мыз жақ­сы. Әсем Жапи­ше­ва­мен ара­ла­са­мын, елде өзгеріс бол­сын деген жастар­дың бірі. Егер олар­дың қолы­нан пар­тия құру келіп жат­са, біз оған қуа­нар едік. Түп­тің-түбін­де оппо­зи­ци­я­лық көзқа­рас­тағы бар­лық аза­мат­тар­мен көзқа­ра­сы­мыз бір: елде демо­кра­ти­я­лық рефор­ма­лар болуы тиіс. Бүгін­гі іріп-шірі­ген жүй­енің орны­на әділет­ті, таза билік келуі керек!

– Айт­пақ­шы, бұл пар­ти­яда «ескі оппо­зи­ци­я­ның» рөлі қан­дай бол­мақ? Бұл жөнін­де сіз­дер­де қан­дай ұста­ным бар?

– Өз басым «ескі» не «жаңа» оппо­зи­ция деп бөлу­ге қар­сы­мын. «Ескісі» қай кез­ден баста­ла­ды, «жаңа» толқын дегені кім­дер? Бұл билік­тің сая­си тех­но­лог­та­ры ойлап тапқан, қоғам­ды жік-жік­ке бөлудің әдісі ме деп ойлаймын.

Сосын, біздің елде «жаңа оппо­зи­ция» шықты, жоқ жер­ден пай­да бол­ды деп айта алмай­мын. Мұх­тар Әбля­зов, мыса­лы. Ол «жаңа» оппо­зи­ция емес, баяғы­дан бері жүр­ген адам ғой. Рыс­бек аға Сәр­сен­бай, Ермұрат аға Бапи, Төле­ген Жүке­ев аға­мыз, Бал­таш Тұр­сым­ба­ев аға­мыз — бәрі баяғы­дан келе жатқан оппо­зи­ция қайраткерлері.

Ал «жаңа» оппо­зи­ция деген кім­дер? Әрине, қар­сы­лық таны­тып, билік­ке нара­зы­лар көп­теп шығып жатыр. Бірақ, олар да сол «ескі» оппо­зи­ция еккен дән­нен өсіп шығып жатқан аза­мат­тар! Қарап отыр­сақ, құра­мын­да Сер­гей Дува­нов болған «РНПК» пар­ти­я­сы «Казах­стан без Назар­ба­е­ва!» деген тези­сті осы­дан 20 жыл бұрын көтеріп­ті. Серік­бол­сын Әбділ­дин аға­мыз Назар­ба­евқа 25 жыл­дан бері қар­сы шығу­да. «ДАТ» газеті 98-ден бастап, Назар­ба­ев кет­сін деп жүр. Ал сол ұран дәл қазір де өзек­ті. Жастар оның ата­уын «Шал, кет!» деп өзгерт­кені бол­ма­са, фор­ма­сы сол баяғы күйі. Бұл ұран­ды көп­шілік қол­дап отыр. Осы­ның өзі-ақ «ескі» мен «жаңа» оппо­зи­ция ара­сын­да айыр­ма­шы­лық жоғын дәлелдейді.

Ал оппо­зи­ция арда­гер­лерінің пар­ти­ядағы рөліне қаты­сты біздің ұста­ным былай: билік­ке нара­зы бар­лық аза­мат­тар­ды бір­ге болуға шақы­ра­мыз! Солай ғана жеңіс­ке жете аламыз.

– Әрине сіз тағы да сол басқа әйел­дер сияқты өз күй­е­уіңіз тура­сын­да ала­бө­тен сөз айта алмас­сыз… Деген­мен Жан­бо­лат­тың қоғам­дық-сая­си өмірі, жур­на­ли­сти­ка­лық жолы біраз жұр­тқа мәлім бол­са да, оның тұр­мыстағы тір­лі­гі бей­мағұ­лым: Жан­бо­лат отба­сын­да қан­дай қожайын?

– Ол бала­лар­ды өте жақ­сы көреді. Оларға бар көңілін, наза­рын ауда­ра­ды. Әке-шеше­сін қат­ты ойлай­ды. Мінезі ауыр, сыр сақта­уға берік. Жал­пы, өте қара­пай­ым, ашық адам дер едім. Қан­дай жетістік­ке жет­се де, ешқа­шан асып-тасы­май­ды. Мақта­ну деген бой­ын­да жоқ. Жан­бо­лат бай­лы­ққа, дүни­е­ге қызы­қ­пай­ды. «Елдің көзіне тік қарап, халы­қтың орта­сын­да өз сый­ым­мен, абы­рой­ым­мен жүр­сем» деп отырады.

Сосын өзіне үне­мі сын көз­бен қарай­ды. Бір­деңе үйреніп, білі­мін толы­қты­руға ұмты­лы­сы жақ­сы. Соңғы жыл­да­ры спорт­пен бел­сен­ді шұғыл­да­на­ды, бірақ пар­ти­я­лық жұмыс басталға­лы уақы­ты тап­шы. Біздің үйде соңғы сөз қашан да Жан­бо­лат­та. Мәсе­лені ортаға сала­ды, ақыл­да­са­ды, бірақ, негіз­гі шешім­ді өзі қабылдайды.

– Айт­пақ­шы, сөз соңын­да бір әзіл ара­лас сұрақ: пар­тия құры­лып, ол тір­ке­уден өтіп жат­са, сіз пар­ти­я­ның «бірін­ші ханы­мы» бола­сыз ғой?

– Бұл сұраққа жау­ап беру қажет емес шығар… Себебі, бар­лық мәсе­лені шешетін съезд: халық Жан­бо­лат­ты сай­ла­са, ол төраға бола­ды. Ал пар­ти­я­ның «ханы­мы» болу маған мән­сап емес. Ең үлкен орным – Жан­бо­лат­тың жары, бала­ла­ры­мы­здың ана­сы болу!

– Енде­ше, іске сәт, Инга бике! Ниет түзу бол­са, халы­қтан қол­дау бола­ры нақ.

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн