Пятница , 4 июля 2025

Ерлан БАЙСАРЫ: РЕФЕРЕНДУМ – мемлекеттік мәселе!

Пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін елі­міз­де «тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар» деген жаңа­дан пай­да болған әле­умет­тік сая­си күш рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум өткі­зу баста­ма­сын қолға алып, аста­на­да үлкен жиын өткізді. Осы жиын­ның мән-жай­ын оқыр­ман қауы­мға жет­кі­зу үшін, Алма­ты қала­лық баста­ма­шы топ­тың жетек­шісі Ерлан БАЙСАРЫ мыр­за­ны әңгі­ме­ге шақы­рған едік.

– Соны­мен, рефе­рен­дум өткі­зу жөнін­де­гі рес­пуб­ли­ка­лық жиы­нға заң талап ететін кво­рум жинал­ды ма? Адам жина­уда қан­дай қиын­ды­қтар болды?

Рефе­рен­дум баста­ма­сын қол­даған­дар­дың алға­шқы жиы­ны аста­на­да қара­ша­ның 10‑ы күні өтті. Жиын өтетін зал­дың кіре берісіне тір­кеу үстел­дерін қой­ып, рес­пуб­ли­ка аумағы­нан кел­ген өкіл­дер­ді тір­ке­уден өткізіп, тізі­мі жасал­ды. Жиы­нға 500–600 адам қаты­сқа­нын нақты айта ала­мыз. Рефе­рен­ду­мға қаты­суға тиісті кво­рум толық қамтылды.

Әрине, мұн­дай жиын өткі­зу бір күн­нің шаруа­сы емес, баста­ма­шыл топ рефе­рен­дум өткі­зуді жари­я­лаған күн­нен бастап, дай­ын­дық жұмысы­на қызу кірісті. Аста­на­дағы жиы­нға қаты­суға кел­ген әр аза­мат­тың уақы­ты мен өз қал­та­сы­нан шыға­тын жол қар­жы­сы да ескеріл­ді. Осын­дай қиын­ды­қтарға қара­ма­стан, ел іші­нен жиы­нға қаты­сқы­сы келетін­дер­дің қата­ры өте көп бол­ды, қар­жы­лық мүм­кін­дік­тері бар аза­мат­тар алдын ала жол жүру билетін алып, діт­те­ген уақыт­та жиналды.

– Кедер­гі жасаған адам жиын­нан шыға­ры­лға­нын әле­умет­тік желі­ден көр­дік (фото). Басқа­дай аран­да­ту оқиға­ла­ры бол­ды ма?

– Жиын басталған кез­де түсініксіз жағ­дай­лар­дың орын алға­ны рас. Бір жігіт орны­нан тұрып, негізі жоқ сұрақтар қой­ып, кедер­гі кел­тір­гісі кел­ді. «Кво­рум болған жоқ» деп, жала жап­пақ болған аран­да­ту­шы­лық әре­кетіне дер кезін­де тосқа­уыл қой­ып, әлгі аза­мат­ты жиын­нан шыға­рып жібердік.

Сон­дай-ақ, біз­ге жет­кен хабар бой­ын­ша, жер­гілік­ті жер­де­гі атқа­ру­шы билік пен құзыр­лы меке­ме­лер­дің шене­унік­тері баста­ма­шы топ­тың мүше­леріне ескер­ту жасап, жиы­нға бар­мау жөнін­де талап қой­ып­ты. Кей­бір аза­мат­тарға ескер­ту жасаған­да­ры­мен қой­май, қорқы­тып-үркіт­кен­дері бел­гілі бол­ды. Алма­ты­дан бара­тын баста­ма­шыл топ­тағы аза­мат­тар­дың бес-алта­уы жолға шыққа­лы тұрған кез­де жиы­нға қаты­су­дан бас тар­ту­ла­ры­на тура кел­ді. Тізе бер­сек, мұн­дай деректер өте көп.

– Жина­лы­стың заң­ды­лы­ғын бекіту мақ­са­тын­да ман­дат комис­си­я­сы жасаған есеп Әділет мини­стр­лі­гі неме­се Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы тара­пы­нан қабыл­дан­ды ма?

– Әділет мини­стр­лі­гіне және Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на өткі­зу үшін жиын­да қабыл­данған құжат­тар мен аза­мат­тар­дың тір­кел­гені жөнін­де­гі тізім­дер рет­те­лу­де. Ол құжат­тар­ды аста­на­да мұқи­ят рәсім­деп, бір­не­ше күн­нен кей­ін өткі­зей­ік деп әзір­леп жатыр. Ол құжат­тар­ды рәсім­деу тәр­тібіне бас-көз болып жүр­ген аза­мат­тар –Нұр­лан Есқа­ли­ев, Жан­бу­ра Бае­кин, т.б. Осы аза­мат­тар­дың жау­ап­кер­шілі­гінің арқа­сын­да жиы­ны­мыз өз дең­гей­ін­де өтті, олар­дың жұм­саған уақы­ты мен еңбе­гін ерекше атап өткі­міз келеді. Рефе­рен­дум өткі­зу жөнін­де­гі заң тәр­тібі талап ететін құжат­тар да дер кезін­де тап­сы­ры­ла­ты­ны­на сені­мі­міз мол.

– Рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­ду­мға ұсы­ны­ла­тын ең басты сұрақ аны­қтал­ды ма?

Рефе­рен­дум өткі­зу – жеңіл-жел­пі мәсе­ле емес. Қара­ша­ның 10-ында аста­на­да осы сая­си науқан­ды өткі­зудің ең алға­шқы шар­тын орын­дап, баста­ма­шыл топ­тың жина­лы­сы өткізіл­ді. Рефе­рен­дум сұрақта­ры жиын­да жан-жақты талқы­ла­нып, жоба­сын жаса­дық, әзір­ге сол жоба­ның нұсқа­сы мынау:

1. Мем­ле­кет­ті басқа­ру ісіне аза­мат­тар­ды іс жүзін­де тар­ту мақ­са­тын­да: ҚР «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы сай­лау тура­лы» Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы­на про­пор­ци­я­лық жүй­е­мен тең мөл­шер­де бір ман­дат­тық сай­лау жүй­есін енгізуге;

2. ҚР «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы» заңы­на сая­си пар­ти­я­лар­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу кезін­де оның мүшелік санын 40 мың­нан 1 мыңға дей­ін азай­туға қаты­сты заң­дарға түбе­гей­лі өзгеріс енгізу­ге келі­сесіз бе?

Елі­міз­де осы екі заңға қаты­сты мәсе­ле өте өзек­ті екені бел­гілі, сон­ды­қтан осы жоба өзгеріс­сіз қалуы да мүмкін.

– Қол­да­ны­стағы заң бой­ын­ша, бұл баста­ма­ның бұдан былай­ғы қада­мы қан­дай болмақ?

– Алдағы уақыт­та қыру­ар шару­а­ны атқа­руға кірі­се­міз. Баста­ма­шыл топ құрыл­ды. Бұл топқа рес­пуб­ли­ка­ның 17 аумағы­нан 62 адам мүше болып сай­лан­ды. Осы топ онлайн тәр­тібі бой­ын­ша өза­ра келісіп, Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на құжат­тар­ды өткі­зу мәсе­лесін шешеді. Одан кей­ін­гі кезек­ті «Рефе­рен­дум заңы» бой­ын­ша бел­гі­лен­ген уақыт­та Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы жау­ап беруі тиіс. Ескерт­пе жасаған тұста­ры да болуы мүм­кін, оған да жау­ап беріледі. Содан кей­ін Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы тара­пы­нан берілу­ге тиіс рефе­рен­дум өткізу­ге қол жинау жөнін­де­гі құжат­тар­ды алып, жер­гілік­ті жер­де­гі баста­ма­шыл топ­тың мүше­леріне тап­сы­ра­мыз. Сөй­тіп, 200 мың адам­ның қолын жинау үшін ел ара­лап, рефе­рен­дум­ның қажет­тілі­гін айтып, үгіт-наси­хат, түсін­ді­ру жұмыста­рын жүргіземіз.

Егер 200 мың қол жина­лып, тізім­ді Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на өткізіп, қол­дау тап­сақ, ары қарай қашан өтетін уақы­ты бел­гілі бола­ды да, қар­жы­лан­ды­ру мәсе­лесі де өз шеші­мін таба­ды. Өйт­кені рефе­рен­дум­ды өткі­зу – мем­ле­кет­тік мәсе­ле болған­ды­қтан, қар­жы­лан­ды­ру мем­ле­кет тара­пы­нан жүр­гізіледі. Сон­ды­қтан бұл науқанға ел аза­мат­та­ры бел­сене ара­ла­суы керек деп санаймын.

– Осы рефе­рен­дум тақы­ры­бы, жиын­да қабыл­данған мәсе­ле­лер төңіре­гін­де­гі ақпа­рат елі ішін­де, әле­умет­тік желілер­де неге қызу талқы­ға түс­пе­генінің себебін біле алды­ңыз ба?

– Рефе­рен­дум мәсе­лесі осы баста­ма­ны қол­даған­дар мен елі­міздің бел­сен­ді аза­мат­та­ры­ның ара­сын­да қызу талқы­ла­ну­да. Әле­умет­тік желі­де де пікір айты­лып жатыр. Өзі­міздің жеке чат-топ­та­ры­мы­зда өте қызу талқы жүріп жатыр.

Бел­сене кіріс­пе­се де, ниет­тес болып, іштей қол­да­уға дай­ын оты­рған­дар­дың саны да көп екенін біле­міз. Өйт­кені билік­тің қуда­лау әре­кет­тері­нен қорқып оты­рған аза­мат­тар­ды түсі­ну­ге бола­ды. «Мем­ле­кет­тің ісіне ара­ла­суға бол­май­ды» деген қасаң пікір­ден шыға алмай жүр­ген­дер де бар. Шын мәнісін­де, Ата заң бой­ын­ша кез кел­ген аза­мат мем­ле­кет­ті басқа­ру ісіне ара­ла­суы­на қақы­сы бар.

Зама­нуи тех­но­ло­ги­я­ны пай­да­ла­нып, жар­на­ма жаса­уға болар еді, оған қар­жы­лық мәсе­ле қол­бай­лау болып отыр. Біз­ге қар­жы­лай қол­дау көр­сетіп оты­рған ешкім жоқ. Ғалам­тор­дан өз сай­ты­мы­зды аштық, жар­на­ма жасау тағы да сол қар­жы­ға тірелуде.

Әле­умет­тік желі қол­да­ну­шы­лар­дың басым бөлі­гі – жастар. Олар өз кезе­гін­де жеңіл тақы­рып­тарға әуе­сті­гі­нен сая­си мәсе­ле таса­да қалып қояды. Бел­сен­ді бло­гер­лер­ге осын­дай тақы­рып­тар жөнін­де қалам тар­туға тый­ым салы­нға­ны да жасы­рын емес. Алай­да рефе­рен­дум өткі­зудің маңы­зды­лы­ғы алдағы уақыт­та жан-жақты қозға­ла­тын мәсе­ле екеніне сені­мі­міз мол.

– Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар бір сая­си пар­тия құру мәсе­лесін қолға алса, тиім­дірек болар ма еді деген қоғам­дық пікір­ге не айтар едіңіз?

– Баста­ма­шыл аза­мат­тар­дың қата­рын­да сая­си пар­ти­я­лар мен қоғам­дық қозға­лыс мүше­лері көп. Әркім­нің көзқа­ра­сы мен ұста­ны­мы әртүр­лі бол­са да, мем­ле­кет­ті дамы­ту мәсе­лесін­де сая­си өзгерістер жасау жөнін­де­гі пікір­лері осы рефе­рен­дум өткі­зу үшін ортақ келісім­ге келді.

Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар сая­си мақ­сатқа жету үшін пар­тия құру жөнін­де әртүр­лі көзқа­рас­та. Тәу­ел­сіз ұйым­ның кез кел­ген мүше­сі өзі қалаған сая­си пар­ти­яға мүше болуы­на қар­сы­лық жоқ. Ал жарғы бой­ын­ша, қоғам­дық бір­ле­стік сая­си пар­тия жасақтай алмайды.

Деген­мен, тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар ешқан­дай сая­си күш­тер­ге тәу­ел­сіз бол­мауды қалай­ды. Қолы­мы­зға алған жау­ап­кер­шілік­ті сая­си­лан­ды­ру бағы­тын қала­май­мыз. Біз тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­ды сай­лау науқа­ны­на дай­ын­дай­мыз, бұл үлкен күш пен ерік-жігер­ді талап ете­ді. Сай­лау науқа­ны­ның әділ өтуіне үлес қос­сақ, басқа мәсе­лені өз кезе­гі­мен бағдарлаймыз.

– Енде­ше іске сәт, Ерлан мырза!

Бақыт­гүл КӨПБАЙҚЫЗЫ,«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн