Пятница , 4 июля 2025

Семей қалай ҚЫСҚАРДЫ?

Абыз Абай­дың туға­ны­на 175 жыл­дық айту­лы дата­сы­ның қар­саңын­да Семей өңірі қаза­қстан­дық билік­тің есіне түсті: 90-жыл­дар­дың орта­сы­нан бер­гі «соғы­стан кей­ін­гі қираған шару­а­шы­лы­қты қал­пы­на кел­тіру­ге» біраз қомақты қар­жы бөлініп жатқан сияқты. Қомақты­сы – қомақты-ау, бірақ ол қар­жы Семей­дің үңірей­ген жыр­ты­ғы­на жамау-жасқау бола ма? Поли­гон зардаб­ы­нан – бір, пары­қ­сыздық зала­лы­нан – екі жапа шек­кен шер­мен­де өңір­дің мұң-зарын, тіп­ті Абы­здың ару­ағы­мен алдарқа­ту мүм­кін бе?

Қоғам­да ара-тұра айты­лып жүр­ген осы сияқты сұрақтар­дың сал­да­ры бол­са керек, Семей­ді бөлек облыс ретін­де қай­та­дан қал­пы­на кел­ті­ру мәсе­лесі де соңғы кез­дері жиі-жиі сөз бола баста­ды. Егер Семей­ге барып-қай­тқан пре­зи­дент Тоқа­ев­тың тәлім­ді ниеті түзу бол­са, облы­сты қал­пы­на кел­ті­ру – Абай­дың мерей­той­ы­на тар­ты­лған ғала­мат сый­лық болар еді…

Жуы­қта Adyrna.kz пор­та­лы­нан Оңғар Қаб­ден бауы­рым: «Семей неге жабы­лып еді?» деген сұрақ қой­ды. Оңғар­дың ойы мәлім: бұл сұрақтың аста­рын­да да Семей­ді қал­пы­на кел­тірудің мүм­кін­ді­гі бар ма деген еме­урін жатқан еді. Иә, бүгін­де ел шетіне шығуға жарап қал­са да, 90-жыл­да­ры «үстел жаға­лап жүр­ген» біраз бала-шаға­ның біл­ме­уі де мүм­кін: ең алды­мен Семей облы­сын қысқар­туға не себеп болып еді деген сұраққа жау­ап іздеп көрейік.

Бірін­ші­ден, облыс жабы­лған 1997 жылы ҚР үкі­метінің баста­ма­сы­мен рес­пуб­ли­ка­да «елді мекен­дер­ді ірі­лен­ді­ру сая­са­ты» қызу жүр­гізіл­ді. Оңтай­лы қоғам­дық пікір қалып­та­сты­ру мақ­са­тын­да Каб­мин­ге кіріп­тар БАҚ «ірі­лен­ді­ру» деген түсінік­ті «көр­кей­ту» мағы­на­сы­мен жамы­рай жазды.

Аны­ғын­да бұл «ірі­лен­ді­ру» үшін емес, тығы­ры­ққа қамалған үкі­мет­ті «тірі­лен­ді­ру» /тірілту/ үшін жасалған сая­сат бол­ды. Тап-таза – көзал­дау еді. Тақыр-таза қалған қазы­наға қиын­дық туып, халы­қтың жалақы­сы мен зей­не­тақы­сын төлеу қия­меті үкі­мет­ті кеңір­дек­тен қысқан кез­де бюд­жет шығын­да­рын қысқар­ту ама­лы­мен Жезқазған, Көк­ше­тау, Семей, Тал­ды­қорған және Торғай облы­ста­ры қысқар­ды. Трай­ба­лиз­мнің тақы­ры­бы деп жасы­рып-жабар түгі жоқ және тура­сын айту керек: қысқар­туға негізі­нен Орта жүздің толық төрт облы­сы (Тал­ды­қорған­ның жар­ты­сы­нан аста­мы – Орта жүз аймағы) тап бол­ды. Сай­ып кел­ген­де, бұл «елді мекен­дер­ді ірі­лен­ді­ру» сая­са­ты емес, Арқа­дағы ел-жұрт­ты аңы­ра­ту сая­са­ты бол­ды да шықты.

Еске алай­ық: ол кез­де­гі ел пре­мьер-мини­стрі Әке­жан Қажы­гел­дин – Семей­дің тума­сы еді. Жеке­ше­лен­ді­ру сая­са­ты сал­да­ры­нан қалып­тасқан әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық про­бле­ма­дан құты­лу үшін және үкі­мет пен бюд­жет­ті құтқа­ру ама­лы­мен пре­мьер-министр ел пре­зи­ден­тінің алдын­да өзінің тер­ри­то­ри­я­лық-тума­лық мүд­десін жығып беру­ге мәж­бүр бол­ды. Сол жыл­да­ры Лон­дон эко­но­ми­ка мек­тебінің «Жыл рефор­ма­то­ры» атанған Қажы­гел­дин­нің қиса­бын­да мем­ле­кет­тік мүд­де тұрғы­сын­да бір есеп болған шығар, бірақ бар­лық ауырт­па­лық пен әле­умет­тік дағ­да­ры­стың соққы­сы осы қысқарған бес облы­стың халқы­на тиді. Қат­ты айтыл­ды деу­ге бол­мас: күй­зел­ген ел-жұрт қаңғы­рып кет­ті. Әлі де маңып жүр…

Еске­ре кететін тағы бір жәйт: Каб­мин­нің сол кез­де­гі есебі бой­ын­ша, қысқар­туға тап болған облы­стар жер­гілік­ті өндірістің негізін­де өзді­гі­нен бюд­жет қалып­та­сты­ра алмай­тын, эко­но­ми­ка­лық тұрғы­да мешеу – шағын облы­стар саналды.

Осы орай­да тағы да жік сал­ды­ның сөзі демесін: бұл қысқар­туға баты­стың неме­се оңтүстік­тің сол жыл­дарғы эко­но­ми­ка­сы шағын облы­ста­ры – Аты­рау, Орал, Маңғы­стау, Қызы­лор­да неге тап бол­ма­ды? Себебі – «ной­ыс мінезді» өр баты­стан қат­ты қай­мы­ға­тын Назар­ба­ев бұл облы­старға «соқты­қ­пау» қажет­ті­гін Қажы­гел­дин­ге қат­ты ескерт­кен болуы керек. (Баты­ста «бунт» бұрқ етсе, оны басу оңай бол­ма­сын енді­гі жаңа тарих дәлел­деп берді). 

Ал Жам­был облы­сы ше? Ол несі­мен Семей мен Торғай­дан артық еді? Оны екі­ге жарып, жар­ты­сын – Шым­кент­ке (ОҚО), екін­ші бөлі­гін Алма­ты облы­сы­на неге қос­па­ды? Жезқазған Қараған­ды­ға қосы­лған соң, екі облы­стың жал­пы аумағы Жам­был мен ОҚО-ның бірік­кен көле­мі­нен асып кетер ме еді? Неме­се Мақан­шы­дан 600 шақы­рым­дағы облыс орта­лы­ғы – Өске­мен­ге сабы­ла­тын семей­лік халық көн­біс пе еді?

Бірақ бұл ара­да сол жыл­дарғы жам­был­дық жой­пан­дар – Қара­тай Тұры­сов, Өмір­бек Бай­гел­ді, Сары­бай Қал­мыр­за­ев қиқу қоса­тын фак­тор­ды Назар­ба­ев наза­рға алса керек. Билік­тің басын басып алған бұлар бастаған «клан­дар» бітіс­пес май­данға шыға­ры – пре­зи­дент­тің пай­ы­мын­дағы қатер еді. Расын­да, Арқа­ның төрт облы­сын тара­тып жібе­ру жеңілірек екенін сезген Назар­ба­ев нақұрыс дей­сіз бе: Жам­был жақтан шыға­тын «жаудың» беті күшті бола­рын біл­ген шығар?

Екін­ші­ден, қысқарған облы­стар­дың өзін­дік өндірістік-эко­но­ми­ка­лық мүм­кін­ді­гі жер­гілік­ті бюд­жет­ті қалып­та­сты­руға қауһар­сыз деген үкі­мет­тік уәж – алдарқа­ту ама­лы ғана еді. Семей­мен салы­сты­ра­тын бол­сақ, Қызы­лор­да, Орал (БҚО) және Жам­был облы­ста­ры сол 90-жыл­да­ры қарық болған жағ­дай­да емес еді. Ол кез­де Қызы­лор­да­да – мұнай, Орал­да – газ өнді­ру түгілі, оның бүгін­гі пер­спек­ти­ва­сы да бол­маған. Жам­был­дың жалғыз және ірі бағы­ты – фос­фор өндірісі дағ­да­ры­стық жағ­дай­да жан­тай­ып жатқан. Бірақ бұл облы­стар рес­пуб­ли­ка бюд­жеті­нен дота­ци­яда отыр­са да, өзін­дік ста­ту­сын сақтап қалды.

Үшін­ші­ден, Өске­мен­ді (ШҚО) қаза­қы­лан­ды­ру үшін, оған Семей­ді қосып, жер­гілік­ті оры­стың үлес сал­мағын семей­лік қаза­қтың есебі­нен «езіп жібе­ру» қажет бол­ды деген алдарқа­ту да – бос сөз. Егер шека­ра­лық облы­стар­ды қайт­кен­де қаза­қы­лан­ды­ру қажет болған жағ­дай­да, Орал­ды – Аты­ра­уға, Пет­ро­пав­л­ды – Көк­ше­та­уға қосып жібе­ру қажет еді. Бірақ сол жыл­да­ры каз­ак­тар мен сла­вян­дық құры­лым­дар «құты­рып тұрған» бұл облы­стар қысқар­ту қай­шы­сы­на ілікпеді. 

Міне, осын­дай салы­стыр­ма­лы сарап­та­удан соң, Семей­ді қысқар­ту­дың қан­дай билік­тік қиса­бын тіл­ге тиек ете ала­мыз? Семей­дің өзін­дік өндірістік мүм­кін­дік­терін айт­паған­да, оның аграр­лық сипа­тын сақтап, неге дер­бес облыс ретін­де қал­ды­руға бол­ма­ды? «Аграр­лық сипат» деген­де, бүгін­гі оңтүстік­тің (Алма­ты, Шым­кент, Тараз) мал базар­ла­рын негізі­нен Мақан­шы­ның, Үржар, Ақсу­ат және Аягөздің ірі қара малы тол­ты­рып тұрға­нын еске алу керек. «Соңғы он жыл­дан бері Семей­ден тасып жатыр­мыз, тасып жатыр­мыз – бұл не деген біт­пей­тін мал?!» деген­ді бүгін­де оңтүстік­те­гі екі дел­дал сауда­гер­дің бірі айтады.

Иә, соны­мен қалай болған­да да, «өз күнін өзі көріп кету» мүм­кін­ді­гі болған Семей­ді қысқар­ту не үшін қажет бол­ды? Әрине, бұл орай­дағы біздің пікір субъ­ек­тив­ті сипатта болуы мүм­кін: бірақ қалай болған­да да, бұл ара­да біз бірін­ші кезек­те семей­лік тума «Әбділ­дин­нің фак­то­рын» тіл­ге тиек еткі­міз келеді. 90-жыл­дарғы қаза­қстан­дық оппо­зи­ци­я­ның ірі өкілі Серік­бол­сын Әбділ­дин билік­ке қауіп төн­діретін дара тұлға бол­ды. Ол жыл­да­ры әлі авто­крат­та­нып үлгер­ме­ген Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев бола­шақта өзінің тағы­на тала­са­тын бір­ден-бір «қауіп­ті үміт­кер» Әбділ­дин екенін біл­ді. Сол себеп­ті ол ҚР Жоғарғы Кеңесінің төраға­сы (1991–93ж.) болып оты­рған Әбділ­дин­ді қоғам­дық қол­да­удан ажы­ра­ту­дың бар­лық айла-шарғы­сын жасап бақты. Ал Семей облы­сы­ның халқы Сер-аға­сы үшін серт­ке тұрып, оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер­ді екі рет пар­ла­мент­тік сай­ла­удан депу­тат­ты­ққа алып шықты. «Алып шықты» деген оңай сөз: аны­ғын­да, билік Әбділ­дин­ге қар­сы қой­ған кан­ди­дат­тар­ды әдірам қал­ды­рып, әкім­шілік ресур­стар­ды тас-талқан етіп, өзінің тәу­ел­сіз тума­сын Жоғарғы пала­таға депу­тат етті. Бұл жағ­дай Назар­ба­ев үшін аса «қатер­лі сиг­нал» еді.

«Әбділ­дин­нің фак­то­ры» деген­де, 1995 жылы жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум­да қабыл­данған назар­ба­ев­тық Кон­сти­ту­ция еске түседі. Бұл – ҚР Жоғарғы Кеңесі тара­ты­лған кез­де елде заң шыға­ру­шы орган­ның ваку­у­мын пай­да­ла­нып, пре­зи­дент­тің жеке-дара жар­лы­ғы бой­ын­ша тағай­ын­далған және Қаза­қстан­ды авто­кра­ти­я­лық бағы­тқа бұра тар­тқан Кон­сти­ту­ци­я­ның қабыл­да­нуы­на негіз болған рефе­рен­дум еді. Сол жыл­дарғы ат төбелін­дей ғана оппо­зи­ци­я­мен бір­ге Серік­бол­сын Әбділ­дин қар­сы болған осы рефе­рен­дум­да рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша ең төмен­гі мөл­шер­де дауыс бер­ген Семей облы­сы бол­ды. (Бұл бей­ре­сми дерек кезін­де «Крест­ный тест» деген кітап жазып, қаза­қстан­дық сай­лау тех­но­ло­ги­я­сын әшке­ре­ле­ген Рахат Әли­ев­тің аузы­нан шыққан сөз еді).

Сон­ды­қтан шетел­дік кеңес­шілерінің көме­гі­мен «супер­пре­зи­дент­тік жүйе» жаса­уды қолға алған Назар­ба­ев өзінің басты қар­сы­ла­сы Серік­бол­сын Әбділ­дин­нің сая­си ары­нын «тұн­шы­қты­ру­дың» қитұрқы интри­га­сын бір­те-бір­те жүзе­ге асы­ра баста­ды. Сол солақай сая­сат­тың және өшпен­ділік пиғыл­дың бір тар­мағы – Әбділ­дин бастаған оппо­зи­ция ошағын қол­дай­тын Семей­ді «құр­ту» бол­ды. Ол сая­сат­тың ақыр соңы – 1996 жыл­дан бері Секең жетек­шісі болған Қаза­қстан Ком­му­ни­стік пар­ти­я­сын сот шеші­мі­мен жабу­мен тын­ды (2015 жыл).

Ал 90-жыл­дар­дың соңы мен 2000-жыл­дар­дың басын­да Семей өңірі «оппо­зи­ция ошағы» болға­нын ешкім жоққа шыға­ра алма­са керек: Әке­жан Қажы­гел­дин, Аман­гел­ді Керім­та­ев, Май­ра Әбе­но­ва, Бақыт­гүл Мәкім­бай, ағай­ын­ды Нұр­лан және Қуа­ныш Бәкір­ла­но­втар (РНПК), Ғалым­жан Жақи­я­нов, Төлен Тоқ­та­сы­нов, Зәу­реш Бат­та­ло­ва, Вик­тор Ковту­нов­ский (ДВК), Мар­жан Аспан­ди­я­ро­ва, Әмір­бек Тоғы­сов («Азат»)… – осын­дай семей­лік тұлға-тұқым­дар тұрған­да, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың «ной­ыс» Семей­ге өші­гетін жөні бар ма, жоқ па? Басқа есеп-қиса­бын қай­дам, мұн­дай оғы­лан­дар орта­сы­на озбыр­лық жасау – жеке-дара билі­гі үшін өлер­ман адам­ның сана­сы­на сәй­кес жағ­дай бол­са керек…

Ал енді Семей облы­сын қай­та­дан қал­пы­на кел­тіру­ге бола ма деген сұрақ – пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың енді­гі ерік-жігеріне тәу­ел­ді мәсе­ле. Егер ол «кіта­п­ха­на­дағы» кісінің ықпа­лы­нан шыға алса, кепи­ет­ті ару­ақтар рухы аспан­даған, тарихы терең аймақтың атын да, затын да қай­та­ра ала­ды. Ал егер Семей­ді қал­пы­на кел­тір­сек, жабы­лған басқа облы­старға «тіз­бек­тел­ген реак­ция» тарап кетуі мүм­кін деген қорқы­ны­штан құты­ла алма­са, 1997 жылғы ста­тус-кво­ны бар­лы­ғы­на бір­дей қалып­та­сты­руға тура келеді.

Бұл енді, расын­да да, дағ­да­ры­стағы ел эко­но­ми­ка­сы­на тәу­ел­ді шешім: мұнай мен газ­дан түс­кен қыру­ар қар­жы офшорға ойы­са бере ме, жоқ әлде оны ел мүд­десіне бұруға бола ма?

Жасы­ра­ты­ны жоқ, бұл да – шеші­мі «кіта­п­ха­на» арқы­лы шешілетін сұрақ…

Ермұрат БАПИ,

  • Арнайы Adyrna.kz пор­та­лы үшін жазылды

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн