Пятница , 4 июля 2025

ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТЫ ЖАППАЙ БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ

  • АҚШ-тың «Форин поли­си» басы­лы­мы Қытай­дың Орта­лық Азия мем­ле­кет­терін зама­на­уи «ақыл­ды қала» тех­но­ло­ги­я­сы арқы­лы жау­лап алып жатқа­нын жаза­ды. «Ақыл­ды қала» тех­но­ло­ги­я­сы­на бей­не­бақы­лау каме­ра­ла­рын орна­ту мен зама­на­уи ақпа­рат­тық жүй­ені енгі­зу шара­ла­ры жата­ды. Ал мұн­дай каме­ра­лар Қытай үкі­меті үшін Орта Азия халқы мен аза­мат­та­ры жай­лы ақпа­рат беріп отырмақ.

Басы­лым­ның жазуын­ша, ақыл­ды (смарт) қала – Қытай­дың 2015 жылы ойлап тапқан әрі 2025 жылға дей­ін оны әлем­де бір­ден-бір жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лық дер­жа­ваға айнал­ды­руға мүм­кін­дік беретін стра­те­гия. Бұл – Қытай­дың «Ұлы Жібек жолын цифр­лан­ды­ру» арқы­лы Қытай­дың тех­но­ло­ги­я­лық гигант ком­па­ни­я­ла­рын әлем­дік дең­гей­ге жет­кі­зе оты­рып, Қытай­ды цифр­лық инфрақұры­лым мен мәлі­мет­тер­ді жинау, сақтау бой­ын­ша моно­по­ли­яға айнал­ды­ру баста­ма­сы. Сол үшін Қытай адам­ның бет-әлпе­тін тани­тын тех­но­ло­ги­я­ла­рын алды­мен Орта­лық Азия мем­ле­кет­тері­нен бастап тара­туға көшті.

«Жақын­да ғана қырғыз билі­гі Біш­кек­тен коман­да­лық поли­ция орта­лы­ғын ашып, адам жүзін аны­қтай­тын каме­ра­лар­ды қала ішіне орна­тып, жұмыс жасай баста­ды. Бұл тех­но­ло­ги­я­ны Қытай­дың ұлт­тық элек­тро­ни­ка кор­по­ра­ци­я­сы тегін беріп отыр. Осы жыл­дың сәуір айын­да «Huawei» ком­па­ни­я­сы 883 каме­ра орна­тып, traffic мони­то­ринг жүй­есін қосып беру бой­ын­ша Өзбек­стан­мен $1 мил­ли­ар­дқа келісім­ге кел­ді. Ал ұйғыр­лар­дың бет-жүзін аны­қтап, үне­мі бақы­ла­уда ұстап оты­ру үшін сан­дық бай­ла­ныс жүй­есін құрған «Hikvision» ком­па­ни­я­сы­ның каме­ра­ла­ры қазір Қаза­қстан­ның бүкіл қала­ла­ры­на (оның ішін­де Алма­ты мен Шым­кент қала­ла­ры да бар) орна­тып жатыр. «Huawei» мен «Hikvision» ком­па­ни­я­ла­ры­на АҚШ санк­ция салған бола­тын, – деп жаза­ды басылым.

Мұн­дай сан­дық бай­ла­ныс жүй­есінің Қырғыз­стан, Тәжік­стан сын­ды кедей мем­ле­кет­тер үшін пай­да­сы бар, алай­да бұл жүйе елде­гі авто­ри­та­ризмді күшей­тіп, қытай неси­есіне бір­жо­ла тәу­ел­ді ете­ді. Басы­лым­ның жазуын­ша, Қытай ком­па­ни­я­ла­ры Орта­лық Ази­ядағы бай­ла­ныс баға­на­ла­ры мен сан­дық инфрақұры­лым­дар­ды шеті­нен сатып ала баста­ды. Мәсе­лен, «Huawei» ком­па­ни­я­сы ойлап тапқан 5G желісі қазір Өзбек­станға енгізі­ле баста­ды. Мұны Қытай Өзбек­станға несие беру арқы­лы 5G Huawei тех­но­ло­ги­я­сын да қоса енгізу­ге рұқ­сат алып, өзбек опе­ра­тор­ла­ры­мен жұмыс істей баста­ды. Қазір Тәжік­стан­дағы теле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық инфрақұры­лым­дар­дың 90 пай­ы­зы «Huawei»-дің үлесіне өтіп кеткен.

«Соңғы уақыт­та­ры «Huawei» ком­па­ния «Kcell», «Beeline» және «Tele2» сын­ды қаза­қстан­дық теле­ком­му­ни­ка­ция ком­па­ни­я­ла­ры­мен бірі­гіп жұмыс жасай баста­ды. Қытай қаза­қстан­дық маман­дар­ды оқы­ту арқы­лы тех­ни­ка­лық бағ­дар­ла­ма­сын барын­ша кеңірек енгізу­ге тыры­сып жатыр. Соны­мен қатар «Huawei» мем­ле­кет­тік сая­сат­кер­лер мен меке­ме­лер­ге Қытай­дан арзан несие алып беру­ге көмек­те­седі», – деп жаза­ды басылым.

Соны­мен қатар аме­ри­ка­лық басы­лым қазір Қаза­қстан­ның бар­лық қала­сы­на қой­ы­лып жатқан «Сер­гек» каме­ра­ла­ры­ның да «қытай үлгісі­мен құра­с­ты­ры­лып» жасалға­нын айта­ды. Яғни, «Сер­гек» каме­ра­ла­ры­ның өзі Қаза­қстан­да құра­лып, қаза­қстан­дық кон­сор­ци­ум жасаға­ны­мен, оның құрал-жаб­ды­қта­ры­ның бар­лы­ғы Қытай­дан әкелі­неді. «Жаб­ды­қтар­ды Dahua Technology ком­па­ни­я­сы дай­ын­дап береді. Бұл ком­па­ни­яға да АҚШ санк­ция салған», – делін­ген мақалада.

Басы­лым елор­да­дағы қоғам­дық авто­бу­старға қой­ы­лып жатқан бет-әлпет­ті иден­ти­фи­ка­ци­я­лау арқы­лы жолақы­сын төлеу жүй­есін де қытай­дың өні­мі деп атай­ды. Бұл жағы­нан Қаза­қстан сан­дық тех­но­ло­ги­я­лар­дың өте күр­делі түр­лерін қол­да­нуға амби­ция таны­тып, зор қуат­пен кірісіп жатыр.

«Мұн­дай жоба­лар­дың бар­лы­ғы жап­пай /тотальды/ бақы­лау орна­ту арқы­лы жер­гілік­ті авто­крат билік­тің күше­юіне көмек­теспек. Одан бөлек, Қытай­ға Орта­лық Ази­яда тұра­тын халы­қтар жай­лы кең ақпа­рат беріп, тран­с­ше­ка­ра­лық аймақты қадаға­лап оты­руға мүм­кін­дік бер­мек. Қытай Орта­лық Ази­я­ны жау­лағы­сы келеді. Енді, міне, сан­дық тех­но­ло­гия арқы­лы үлкен қаруға ие болып отыр, – деп түй­ін­дей­ді басылым.

Politic.bugin.kz

Кім­нің сөзіне сенеміз?

«САБЫЛЫП ЖҮРМІЗ»

  • Қытай қаза­қта­ры аза­мат­тық алу­дың созы­лып кет­кеніне қапа­лы. Биыл қаңтар мен қыр­күй­ек айы ара­лы­ғын­да 4500 этни­ка­лық қазақ Қытай аза­мат­ты­ғы­нан шыққан. Бұл тура­лы Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі «Азатты­ққа» мәлімдеді.

«9400 қазақ Қаза­қстан­дағы туы­ста­ры­мен кез­де­су үшін құжат алды» делін­ген мини­стр­лік­тің «Азатты­ққа» жібер­ген жаз­ба­ша жауабында.

Мини­стр­лік­тің мәлім­де­уін­ше, 2019 жыл­дың алға­шқы тоғыз айын­да Қаза­қстан­ның Қытай­дағы елшілі­гі­нен 35 мың этни­ка­лық қазақ Қаза­қстанға виза алған.

Ішкі істер мини­стр­лі­гінің дере­гі бой­ын­ша, биыл қаңтар мен қыр­күй­ек ара­лы­ғын­да 10 790 этни­ка­лық қазақ Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын қабыл­даған, Мини­стр­лік дере­гін­ше, өткен жылы 18 мың­нан астам этни­ка­лық қазақ аза­мат­тық алған.

ҚР Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі осын­дай хабар тар­тып жатқан кез­де Қытай­дан қоныс аударған кей қаза­қтар жар­ты жыл­дан бері Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын ала алмай жүр­генін айта­ды. Көші-қон поли­ци­я­сы­ның өкілі мұның себебін «құжат рәсім­дей­тін қыз­мет­кер­лер­дің азды­ғы­мен» түсін­діреді, деп хабар­лай­ды «Азаттық». (Біз аны­қтаған деректер­ге қараған­да, бұл қиын­ды­қты «қыз­мет­кер­лер­дің азды­ғы­мен» емес, Қаза­қстан­ның аза­мат­ты­ғын рәсім­дей­тін тиісті орган­дар­да парақор­лық пен бюро­кра­тиз­мнің өршіп кет­кен­ді­гі­мен түсін­діру­ге бола­ды. – «D»).

Жай­на Дәлел Алма­ты облы­сы Жам­был ауда­нын­дағы ауыл­дар­дың бірін­де тұра­ды. Ол 2018 жылы сәуір айын­да Қытай­дан Қаза­қстанға қоныс аударған. Тұр­мыс құрған, бір ұл, бір қызы бар. Отба­сы­мен бір­ге Қаза­қстан аза­мат­ты­ғы­на құжат тап­сы­рға­ны­на жар­ты жыл болған, бірақ әлі жау­ап жоқ.

«Осы­дан алты ай бұрын [Қаза­қстан­да] аза­мат­ты­ққа құжат тап­сыр­дым. Бірақ әлі ала алмай жүр­мін. Көші-қон [поли­ци­я­сы­на] бар­сам, «міне, аза­мат­ты­ғың шығып тұр, бірақ аны­қта­ма кел­мей жатыр» деп қай­та­ра­ды», – дей­ді ол.

Жай­на Дәлел­дің сөзін­ше, Күне­сте әкесі мен бір аға­сы қалған. Шеше­сінің дүни­е­ден өткеніне де көп бол­маған. «Аза­мат­тық алмаған­ның кесірі­нен ана­ма топы­рақ салуға да бара алма­дым. Тіп­ті жетісіне үлге­ре­мін бе деп едім, ол да бол­ма­ды. [Көші-қон поли­ци­я­сы] «келесі апта­да кел» дей­ді. Бар­саң, «Алма­ты­дан аны­қта­ма кел­ген жоқ, екі апта­дан соң тағы бір айна­лып соқ» дей­ді. Осы­лай сабы­лып жүр­міз», – дей­ді ол күрсініп.

Шың­жаң қаза­ғы­ның аны­қта­ма деп оты­рға­ны – «№7 фор­ма» деп ата­ла­тын құжат. Алма­ты облы­стық көші-қон басқар­ма­сы­ның мәлі­метін­ше, «№7 фор­ма» – Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алға­нын рас­тай­тын аны­қта­ма. Аза­мат­тық алған­дар бұл аны­қта­ма­ны Халы­ққа қыз­мет көр­се­ту орта­лы­ғы­на тап­сы­рған соң ғана Қаза­қстан төлқұ­жа­ты­на өтініш бере алады.

Жай­на Дәлел «Азаттық» тіл­шісіне теле­фо­нын­дағы бір­не­ше ауди­о­ны тың­дат­ты. Онда өзін «Күнес аудан­дық қауіп­сіздік меке­месінің қыз­мет­кері­мін» деп таны­сты­рған аза­мат «Қаза­қстан аза­ма­ты екеніңді дәлел­дей­тін құжат­тың суретін теле­фон­мен жол­дап жібер» деп қай­та-қай­та тап­сыр­ма беріп жатыр. Жай­на­ның түсін­діруін­ше, Қытай­дағы жер­гілік­ті поли­ция бөлі­мінің қыз­мет­кер­лері күн сай­ын хабар­ла­сып, олар­дың Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алған-алмаға­нын сұрай­ды, егер алма­са, Қытай­ға қай­туға кеңес береді.

Тағы бір Шың­жаң қаза­ғы Жақып Кәдір­бек (сурет­те) те алты айдан бері аза­мат­тық күтіп жүр. Ол 2012 жылы Қытай­дан кел­ген. 2015 жылы әйелі мен бала-шаға­сын әкел­ген (олар қазір Қаза­қстан аза­ма­ты). Қаза­қстанға кел­ген­де Алма­ты облы­сы Жам­был ауда­ны­на тір­кел­ген. Қазір Алма­ты облы­сы Талғар ауда­ны Тал­ды­бұлақ ауы­лын­да тұрады.

«Қытай­да бала­мы­зға берілетін 200 мың тең­ге (шама­мен 515 дол­лар) көле­мін­де жәр­де­мақы бол­ды. Сол үшін біразға дей­ін Қытай аза­мат­ты­ғы­нан шық­пай, Қаза­қстан аза­мат­ты­ғы­на құжат тап­сыр­май жүр­дім. Аза­мат­ты­ққа құжат тап­сы­рға­ны­ма жар­ты жыл­дан асты. Әлі аза­мат­тық шыққан жоқ. Апта­сы­на бір рет Талғар ауда­ны­нан Жам­был ауда­ны­на барып қай­та­мын. «Аты-жөніңіз база­да тұр, бірақ аза­мат­тық әлі шыққан жоқ» деген­ді ести­мін», – дей­ді ол.

Қытай­дан кел­ген қаза­қтар­дың құжа­тын рет­те­умен айна­лы­сып жүр­ген бел­сен­ді Баһар­гүл Табыс (өзі де Шың­жаң­нан қоныс аударған) та 2019 жылы Қаза­қстан­да аза­мат­тық алу тым бая­у­лап кет­кенін айта­ды. «Қазір Жам­был аудан­дық көші-қон поли­ци­я­сы­на өз қолым­мен апа­рып тап­сы­рған 90 адам­ның құжа­ты жатыр. Бір­де-біре­уіне аза­мат­тық шыққан жоқ. Үш айда берілуі тиіс құжат­тар бір жылға созы­лып кет­ті», – дей­ді Баһар­гүл Табыс.

 «Қазір Қытай­дан көшіп келіп жатқан қаза­қтар­дың басым бөлі­гінің «Қытай аза­ма­ты» екенін дәлел­дей­тін төлқұ­жат­та­ры­ның мерзі­мі біту­ге таяп қалған. Ал Қаза­қстанға кел­ген­нен кей­ін құжат жинап, ықти­яр хат алған­ша, жар­ты жыл өтіп кете­ді. Осы уақыт ара­лы­ғын­да төлқұ­жа­ты­ның мерзі­мі біте­ді де, еріксіз Қытай­ға қай­та кету­ге мәж­бүр бола­ды», – дей­ді ол.

Жам­был аудан­дық көші-қон поли­ци­я­сы­ның басты­ғы Мақ­сат Дүй­сен­бай да аза­мат­тық рәсім­деу жұмыста­рын­да кем­шілік барын жасыр­май­ды. 2019 жыл­дың басын­да құжат тап­сы­рған адам­дар­дың аза­мат­ты­ғы енді ғана шығып жатқа­нын айтқан аудан­дық көші-қон поли­ци­я­сы­ның басты­ғы «құжат рәсім­дей­тін қыз­мет­кер­лер­дің саны аз» дей­ді. Дүй­сен­бай­дың айтуын­ша, осы­дан бір жыл бұрын көші-қон поли­ци­я­сын­да қысқар­ту болған. Қазір әр басқар­ма­да бір-бір адам жұмыс істейді.

«Қабыл­данған құжат­тар­ды мен Алма­ты қала­лық көші-қон басқар­ма­сы­на өз көлі­гім­мен, өз қар­жы­ма бен­зин құй­ып апа­ра­мын. Өз қал­там­нан ақша төле­генім­ді айт­пай­мын, құжат­ты өткізу­ге бір күн уақы­тым кете­ді. Өткен жылы бұл жұмысты екі адам жасай­тын­быз, қысқар­ту бол­май тұрған­да, жағ­дай мұн­дай емес еді», – дей­ді Мақ­сат Дүйсенбай.

Алай­да Алма­ты облы­стық көші-қон поли­ци­я­сы басқар­ма­сы­ның өкілі Ерлан Рай­ым­бе­ков бұл сөзді жоққа шыға­ра­ды. Оның айтуын­ша, қыз­мет­кер­лер­дің саны қысқарға­ны­мен, дема­лыс­сыз жұмыс істеп жатыр. «Кей аза­мат­тар­дың тап­сы­рған құжат­та­ры­ның дұрыс бол­мауы­на бай­ла­ны­сты кешік­кені бол­ма­са, [аза­мат­тық] заң­да көр­сетіл­ген үш айдың ішін­де беріледі», – дей­ді Райымбеков.

Қаза­қстан­ның «Аза­мат­тық тура­лы заңы­на» сәй­кес, қолын­да Қаза­қстан­ның ықти­яр хаты бар этни­ка­лық қаза­қтар; шетел­де туып, Қаза­қстан­дағы оқу орын­да­рын­да оқи­тын қаза­қтар; Қаза­қстан­да тұрақты тір­кел­ген орал­ман­дар; еркі­нен тыс аза­мат­ты­ғы­нан айы­ры­лған­дар жеңіл­детіл­ген тәр­тіп­пен аза­мат­тық алады.

Заң­ның 16-бабы бой­ын­ша, жеңіл­детіл­ген тәр­тіп­пен аза­мат­тық алуға өтініш құжат тап­сы­ры­лған­нан бастап, үш айдың ішін­де қара­ла­ды. Ал орал­ман мәр­те­бесінің уақы­ты аяқталған этни­ка­лық қаза­қтар Қаза­қстан аза­мат­ты­ғы­на жал­пы тәр­тіп бой­ын­ша өтініш тап­сы­ра­ды. Жал­пы тәр­тіп­пен аза­мат­ты­ққа өтініш тап­сы­ра­тын­дар бұры­нғы аза­мат­ты­ғы­нан шыққа­ны я жоғал­тқа­ны тура­лы құжат өткі­зуі тиіс.

Нұр­тай ЛАХАНҰЛЫ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн