Пятница , 4 июля 2025

Білімімен озық 50 ЕЛДІҢ ІШІНДЕ Қазақстан жоқ

  • Эко­но­ми­ка­лық ынты­мақ­та­стық және даму ұйы­мы­ның (OECD) мек­теп­те­гі білім сапа­сы жай­лы 2018 жылға арналған PISA рей­тин­гін­де Қаза­қстан­ның көр­сет­кі­ші төмен­де­ген. Өзге­лер­ден ілгері тұрған елу елдің ара­сын­да Қаза­қстан жоқ. Сарап­шы­лар «рефор­ма­дан көз ашпаған білім сала­сы» бір жүй­е­ге кел­мей, PISA есебін­де­гі жағ­дай жақ­сар­май­ды деп санай­ды. Ал Білім мини­стр­лі­гі 2021 жылға қарай Қаза­қстан­ның нәти­же­сі жоға­ры­ла­уы тиіс деп топшылайды.

OECD орта мек­теп­те­гі білім дең­гей­ін аны­қтай­тын PISA (Programme for International Student Assessment) рей­тин­гін үш жыл­да бір рет түзеді. Ұйым әлем­нің 79 елін­де оқу­шы­ларға арнайы тест ұйым­да­сты­рып, оқу, мате­ма­ти­ка және жара­ты­лы­ста­ну ғылы­мы бой­ын­ша тест ала­ды. PISA тестіне эко­но­ми­ка­сы орта­ша және жоға­ры елдер­де­гі 15 жастағы бала­лар қаты­са­ды. Тест мақ­са­ты – оқу­шы­лар­дың алған білім­дерін өмір­де қол­да­ну дең­гей­ін, сыни ойлау қабілетін анықтау.

PISA рей­тин­гі Қаза­қстан­ның 2025 жылға арналған мем­ле­кет­тік стра­те­ги­я­сы­на енген. Яғни, ел билі­гі бұл рей­тин­гі­де­гі жағ­дай­ын жақ­сар­ту­ды көз­дей­ді. 2018 жылғы PISA рей­тин­гін­де Қаза­қстан мате­ма­ти­ка бой­ын­ша 423 ұпай (53-орын), оқу бой­ын­ша 387 ұпай (69), жара­ты­лы­ста­ну ғылы­мы бой­ын­ша 397 ұпай (68) жинаған. Бұл үш жыл бұры­нғы рей­тин­гі­мен салы­сты­рған­да төмен. Мәсе­лен, Қаза­қстан 2015 жылғы PISA рей­тин­гін­де мате­ма­ти­ка бой­ын­ша 460 ұпай (42), оқу бой­ын­ша 427 ұпай (53), жара­ты­лы­ста­ну ғылы­мы бой­ын­ша 456 ұпай (42) алған еді.

Рес­пуб­ли­ка­лық «Зият­кер – Ұстаз» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төраға­сы Өмір Шыны­бекұ­лы PISA рей­тин­гін­де­гі нәти­же­мен келі­седі. Ол елде білім сала­сы бір жүй­е­ге кел­мей, жағ­дай жақ­сар­май­ды деп санай­ды. «2012 жыл­дан бастап мұғалім­дер­ді Кем­бридж тех­но­ло­ги­я­сы бой­ын­ша дең­гей­лік кур­стар­дан өткізді. Көп қар­жы кет­ті. 2016 жылы осы Кем­бридж жүй­есін ысы­рып таста­ды да, мек­теп­те үш тіл­де сабақ беру жүй­есін енгізді. Мұғалім­дер­ді ағы­л­шын­ша кур­старға жібе­ре баста­ды. Кей­ін оны қой­ып, жаңар­ты­лған бағ­дар­ла­ма деген шықты. Қазір мұғалім біл­генін ұмы­тып қал­ды. Оның үстіне мұғалім­дер­ді тек­се­ретін білік­тілік тесті деген­ді шығар­ды. Ұста­здар­дың миы ашып кет­ті. Қазір мек­теп­те мұғалім­дер жалақы үшін жүр. Көбі ама­лы табыл­са, мек­теп­тен кет­кісі келеді. Рей­тин­гі­де­гі жағ­дай жақ­са­ру үшін білім сала­сы­на нақты жүйе қажет», – дей­ді ол.

«Мұғалім мәр­те­бесі» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің жетек­шісі, Шығыс Қаза­қстан облы­сын­дағы ауыл­дар­дың бірін­де­гі мек­теп­те сабақ беретін Мей­ір­жан Темір­бек рей­тин­гі­де­гі көр­сет­кіш жақ­са­руы үшін, мек­теп­тер­дің мате­ри­ал­дық база­сын рет­теу керек деп есеп­тей­ді. «Білім сала­сы рефор­ма­дан көз ашпа­ды. Бірін­ші­ден, бұрын бала­лар баға үшін оқып, тыры­са­тын. Қазір фор­ма­тив­ті баға­лау енді. Әр күн­гі баға есеп­ке алын­бай­ды. Тек тоқ­сан соңын­да ғана жиын­тық баға­лау бар. Осы шешім бала­лар­дың оқуға деген ынта­сы­на әсер етті. Бұл – бір. Екін­ші­ден, мек­теп­тер­дің мате­ри­ал­дық база­сын жақ­сар­ту керек. Біраз мек­теп­те интер­нет нашар. Бір-екі ғана интер­нет көзі бар. Оқу­шы­ға үй тап­сыр­ма­сын береді. Тап­сыр­ма­да «интер­нет­тен көр» деп тұра­ды. Интер­нет нашар бол­са, видео­ны көру қиын», – дей­ді ол.

Қаза­қстан білім және ғылым мини­стрі Асхат Аймағам­бе­тов Facebook парақ­ша­сын­да PISA рей­тин­гін­де­гі көр­сет­кіш нелік­тен төмен болға­нын өзін­ше түсін­діріп, аргу­мент­тер кел­тір­ген. Мини­стр­дің сөзін­ше, қаза­қстан­дық оқу­шы­лар алғаш рет PISA тестін ком­пью­тер­дің көме­гі­мен тап­сы­рған­ды­қтан, нәти­же төмен шыққан.

«Бірін­ші­ден, тест тап­сы­рған­да сұрақтарға кері қай­туға мүм­кін­дік бол­маға­нын да ескер­ген жөн. Оқу­шы­лар қиын сұрақтарға кей­ін қай­та ора­лып неме­се өз жау­ап­та­рын қай­та қарап үйрен­ген. Мұн­да қағаз­дағы нұсқа­мен салы­сты­рған­да, олай жасай алмай­ды. 2015 жылғы PISA нәти­же­леріне қара­сақ, 57 елдің оқу­шы­ла­ры алғаш рет ком­пью­тер­мен тест тап­сы­рып, көп елдің бал­лы төмен­де­генін көру­ге бола­ды. Екін­ші­ден, PISA рей­тин­гін­де­гі нәти­же­лер­ді жақ­сар­та ала­тын біздің білім беру жүй­есін­де­гі өзгерістер 15 жастағы оқу­шы­ларға әлі де әсерін тигіз­беді. Өйт­кені тест тап­сы­рған­дар – жаңар­ты­лған білім беру маз­мұ­ны­на көшпе­ген­дер. Жаңар­ты­лған бағ­дар­ла­ма­лар­дың әсерін біз PISA-2021 рей­тин­гі­нен, ең дұры­сы PISA-2024 рей­тин­гі­нен бастап көре ала­мыз. Үшін­ші­ден, PISA тестіне Қаза­қстан­нан 9‑сынып (44%) және 10-сынып (53,4%) оқу­шы­ла­ры қаты­сты. Басқа елдер­де мек­теп­ке қабыл­дау жасы нақты бекітіл­ген­дік­тен, көп елде бұл тесті 10-сынып оқу­шы­ла­ры тап­сыр­ды» деп жаз­ды министр.

Аймағам­бе­то­втың сөзін­ше, PISA тестіне қаты­сқан Назар­ба­ев зият­кер­лік мек­тебі оқу­шы­ла­ры­ның білім көр­сет­кі­ші жоға­ры болған. Қазір Білім және ғылым мини­стр­лі­гі елде­гі бар­лық мек­теп­ті Назар­ба­ев мек­тебінің оқу жүй­есіне көшір­мек. Ал Өмір Шыны­бекұ­лы елде­гі орта мек­теп­тер Назар­ба­ев мек­тебінің білім беру жүй­есіне көшу­ге дай­ын емес деп санайды.

«Қазір елде­гі жай мек­теп­тер­ге Назар­ба­ев зият­кер­лік мек­тебінің бағ­дар­ла­ма­сын күш­теп енгізіп жатыр. Бірақ жай мек­теп пен Назар­ба­ев мек­тебінің қар­жы­лан­ды­руы, база­сы жер мен көк­тей. Мәжіліс депу­та­ты Ири­на Смир­но­ва «Вре­мя» басы­лы­мы­на бер­ген сұх­ба­тын­да Назар­ба­ев мек­тебін­де­гі бір балаға айы­на 200 мың тең­ге, жай мек­теп­те­гі оқу­шы­ға 17 мың тең­ге бөлі­нетінін айтқан. Қар­жы мен база тең бол­май, орта мек­теп­тер Назар­ба­ев мек­тебінің бағ­дар­ла­ма­сын алып кете алуы қиын», – дей­ді ол.

Рус­лан МЕДЕЛБЕК,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн