Пятница , 4 июля 2025

Бекзат МАҚСҰТХАН: ҚАЗАҚЫ ҚАҒИДАМЕН «Атажұрттың» мұрагерлігіне ТОЛЫҚ ҚАҚЫМЫЗ БАР

– Бекзат мыр­за, «Нағыз Ата­жұрт» – тір­кел­ме­ген ұйым, атқа­рып жатқан жұмыста­ры заң­сыз деген пікір­дің ақ-қара­сын айы­рып берсеңіз.

Бұл әңгі­менің төр­кіні қай жақтан шығып жатқа­ны бесе­не­ден белгілі.«Нағыз Ата­жұрт» біздің аты­мы­зды жамы­лып жүр деп, жала жауып жатқан «Ата­жұрт еркітілері» деген қоғам­дық ұйым қыр­күй­ек айын­да тір­кел­гені ел-жұр­тқа мәлім. Негізін­де, «Ата­жұрт­тың» атын әлем­ге таны­тқан – Серік­жан Біләш еді. Енді­гі ере­ге­стің мәнін түсін­бей­мін. Серік­жан­ның: «Мың­даған «Ата­жұрт» атты ұйым бол­са да, Қытай­да қан қақ­сап жатқан қаза­қтар үшін артық емес», – дегені бар еді.

«Айт­па­са – сөздің ата­сы өледі» демек­ші, енді осы тір­кел­ген ұйым «Нағыз Ата­жұр­тқа» шабуыл жасаған­да­рын қояр емес. Олар­мен тіре­су­ге, айты­суға уақы­ты­мыз тап­шы, сон­ды­қтан Қытай­дың гено­ци­діне ұшы­рап, көмек сұрап кел­ген қаза­қты шата­стыр­мас үшін, тір­кел­ме­ген ұйым­ды «Нағыз Ата­жұрт» деп ата­дық. Бұл бір жағы­нан мәж­бүр­лік­тен туған әре­кет бол­са; екін­ші­ден, әу бастағы «Ата­жұрт ерік­тілері» мүше­лерінің басым бөлі­гі біздің қата­ры­мы­зда, яғни атқа­ры­лған жұмысты жалға­сты­ру­шы да – біз! Қаза­қы қағи­да бой­ын­ша, «Ата­жұрт­тың» мұра­гер­лі­гіне толық қақы­мыз бар.

– Деген­мен осы орай­да қазақ қоға­мын екі­ге жарған «қытай­шыл­дар» деген топ­тың пікірін­ше, арғы бет­те­гі қаза­қтар­дың жағ­дайы оңа­лып, Қытай билі­гінің беті бері қара­ды деген әңгі­ме тарап жатыр. Осы пікір шын­ды­ққа сая ма?

– Қазан айы­ның басын­да ҚР Сыр­тқы істер мини­стрінің «Қытай­дағы жағ­дай жақ­сар­ды» деген хаба­ры­нан құлағ­дар болар­сыз. Бірақ іле-шала қазан­ның 8‑інде Мұра­гер Әлі­мұ­лы мен Қастер Мұса­ханұ­лы қос шека­ра­ны «бұзып өтті»: жағ­дай­дың оңалға­ны сол ма?! Түр­ме­ден бес адам­ды босат­са, жиыр­ма қаза­қты қай­та­дан қамауға алып жатқа­ны жөнін­де деректі екі жігіт­тің аузы­нан естідік. «Қытай­шыл­дар» елді алдарқа­тып, наза­рын басқа жаққа бұру үшін, «қаза­қтар­ды боса­тып жатыр» деген хабар тара­тып жатыр.

– Тір­кел­ген ұйым­ның жетек­шісі Ербол Дәу­лет­бек­тің айтуын­ша, сіз­дер «Ата­жұрт­тың» эмбле­ма­сын заң­сыз иеленіп жүр­ген көрі­несіз­дер, олар­да эмбле­ма­ның патен­ті бар екен…

– Біз ол бел­гіні өзгер­тіп, оның басқа нұсқа­сын жаса­дық. Сырт көз­ге ұқсас көрі­нетін шығар, бірақ біз­де­гі эмбле­ма­ның ерекшелі­гі бар. «Патент­тел­ді» деген эмбле­ма­ның жаса­луы­на үлес қосқан­ның бірі –мынау оты­рған Гүл­жан Тоқ­та­сын. Халы­қтың қол­да­уы­мен алы­нған бей­не­ка­ме­ра­лар­ды олар да ием­деніп отыр. Бірақ Қытай­дың импе­ри­я­лық зор­лы­ғы­мен алы­сып жатқан кез­де дүние дау­лау – ойы­мы­зда жоқ.

Дау­лы мәсе­ленің мән-жай­ын ары­дан бастап айтар бол­сақ, «Ата­жұрт ерік­тілерінің» бүкіл жұмысын, оның пар­ла­мент­тік жүй­есін жасақтаған – Серік­жан Біләш. Шетел­ге ақпа­рат тара­туға, ұйы­мға қар­жы тар­ту мәсе­лесі мен үгіт-насит­хатқа жау­ап­ты да –Секең бол­ды. Ұйым­ды пар­ла­мент­тік үлгі­де басқа­ру­да ақсақал­дар – Дәу­лет­жан Шай­мұранұ­лы, Әбілқай­ыр Төле­уханұ­лы, Гүл­жан Тоқ­та­сын, Тілек Нияз­бек, Ербол Дәу­лет­бек, Қай­рат Бай­тол­ла отыр­ды. Қай­ы­рым­ды­лық шара­ла­рын өткі­зу үшін, мұқтаж отба­сы­лар­дың тізі­мін Гүл­жан Мұса жасап, мұқтаж­дарға бес мың тең­ге мөл­шерін­де ақша бөлу дауыс беру арқы­лы шешілетін болған. Банк кар­точ­ка­сы Ербол Дәу­лет­бек­тің атын­да ашы­лып, оны қол­да­ну Гүл­жанға тап­сы­ры­лға­ны­мен, ол өз беті­мен ақша алу, ауда­ру жұмысын жеке жүр­гі­зе алмай­тын, бұл мәсе­ле жеті адам­дық пар­ла­мент­тік топ­тың дауыс беруі арқы­лы шешілетін. Серік­жанға жетек­ші ретін­де басым дауыс беріл­ген жоқ. Сол кез­де ұйым бас­шы­лы­ғы­на бір адам бір рет қана сай­ла­на­ты­ны, бір жыл­дан кей­ін басқа адам­ның ұсы­ны­ла­ты­ны шешіл­ген еді.

Біләш қамалған соң, ешқан­дай бас­шы­лық құзы­реті бол­ма­са да, Ербол Дәу­лет­бек Гүл­жан Тоқ­та­сын­ның қыз­метіне шек­теу қой­ды. Одан кей­ін Дәу­лет­жан Шай­мұранұ­лы мен Қай­рат Әбілқай­ыр да ұйым­нан кету­ге мәж­бүр бола­ды. Ербол Гүл­жан­ның отба­сы­лық жағ­дай­ы­на да ара­ла­сып, ұйы­мға орал­са, күй­е­уің­нен ажы­ра­та­мын деген­дей сес көр­сет­ті. Әбілқай­ыр Төле­уханұлы­на да қай­тып келетін бол­саң, отба­сы­ң­нан ажы­рай­сың деп ескер­ту жаса­лып, ұйым­нан қуыл­ды. Тілек Нияз­бек қана Серік­жан түр­ме­ден шыққан­ша жұмыста қалып, кей­ін ол да кетті.

Серік­жан бас­шы болған кез­де тағы бір ұйым­ды тір­кетіп қою­ды Ерболға тап­сы­рған екен. Сол арқы­лы заң­сыз жиын өткізді деген жала­дан, ұшы-қиы­ры жоқ айып­пұл­дан құты­лу­дың жолын ізде­ген екен. Сол мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­нып, ұйым­ды өз аты­на тір­кетіп алды. Ал тір­ке­у­ге беріл­ген ұйым­ның мүше­лері ретін­де өзінің туыс-тума­ла­рын көр­сет­кен. Олар­дың бір­де-біре­уінің «Ата­жұр­тқа» қаты­сы жоғын, олар­дың ешқан­дай жиы­нға қаты­спаға­нын дәлел­дей­тін виде­о­лар бар. Тіп­ті «Ата­жұрт­та» кім қыз­мет атқарға­ны жөнін­де­гі мағлұ­мат­тар мен фото­су­рет­тер «ДАТ»-та да аз жари­я­ланған жоқ. Ербол бел­гілі бір «меке­менің» түрт­пек­те­уі­мен ұйым­ды тір­кетіп алып, солар­дың сызып қой­ған шең­бері­нен шық­пай­тын, аты бар да, заты жоқ ұйым­ның мис­си­я­сын атқа­рып отыр. Халы­қа­ра­лық ақпа­рат көз­дерінің бірі «Азат Еуро­па» радио­сы қазан­ның 12-сін­де «Ресми ала­яқ билік­шіл «Atajurt» Қаза­қстан­да тір­ке­уден өтті» деп мақа­ла жари­я­лаға­нын айт­сақ жет­кілік­ті шығар.

Бірақ біздің тір­кел­ген ұйым­мен жары­сай­ық деген мақ­са­ты­мыз жоқ, тек «Нағыз Ата­жұр­тқа» қаты­сты жалған ақпа­рат тарат­па­са бол­ды. Қия­натқа қамалған қаза­қтың құқын қорғай­тын ұйым­ның көп болға­ны жақ­сы емес пе?! Біз тіп­ті Серік­жан­ның түр­ме­ден шығу құр­метіне жай­ы­лған дастар­хан басын­да менің жетек­шілік­ке ұсы­ны­лға­ным­ды Ербол­дың қостап, ара­да екі сағат өткен соң, оның: «Серік­жан аран­да­ту­шы, ради­кал, оппо­зи­ция, Қытай­дың қаза­ғын билік­ке қар­сы қояды» деген мәлім­де­месіне де мән бермедік…

– Бекзат мыр­за, Серік­жан Білә­штің қоғам­дық қыз­меті жеті жылға шек­тел­ген соң, «Ата­жұрт­тың» жұмысы әлсіреп қалған жоқ па?

– Ол сөзіңіздің жаны бар. Біз де бірер ай абды­рап, не істері­мізді біл­мей қал­дық. Қыр­күй­ек айы­нан бері қай­та­дан жина­лып, есі­мізді жиып, жұмысты жалға­сты­рып жатыр­мыз. Серік­жан­ның дең­гей­ін­де­гі бел­сен­ділік­ке жету үшін, қыру­ар шаруа атқа­руға тура келеді.

– Ал «Нағыз Ата­жұрт­ты» тір­ке­ту­ге әре­кет жасап көр­діңіз­дер ме?

– Құры­л­тай кеңесін ашып, ұйым­ды тір­кет­пек болған әре­кеті­міз­ден ештеңе шық­пай жатыр. Бірін­ші­ден, қар­жы­лық мүм­кін­ді­гі­міз қол­бай­лау болып тұр. Одан кей­ін ұйым­ды тір­ке­ту үшін тұрақты мекен­жай тап­па­дық. Бұл мәсе­ленің де бір шеші­мі болар…

Бірақ Қытай­дағы зоба­лаң­нан зор­лық көр­ген қаза­қтар­дың арыз-шағы­мы бұрын қалай қабыл­дан­са, бүгін де сол жұмыс жалға­су­да. Гено­цид құр­ба­ны болған адам­дар­дың арыз-шағы­мын ағы­л­шын және басқа тіл­дер­ге ауда­рып, халы­қа­ра­лық құқық қорғау ұйым­да­ры­на жөнел­тіп жатыр­мыз. Қан­даста­ры­мы­зды құтқа­ру жолын­да жан­ке­шті еңбек жасаған, Қытай гено­ци­ді тура­лы қоғам­да және халы­қа­ра­лық дең­гей­де ең алғаш даб­ыл қағып, қаза­қты оятқан Серік­жан­ның ұйым­да­сты­рып бер­ген, іргесін қалаған ұйым­ның жұмыс тәр­тібі еш өзгер­ген жоқ.

Сон­дай-ақ эко­но­ми­ка­лық тұрғы­да зардап шек­кен­дер­дің де ары­зын қабыл­дап жатыр­мыз. Жері­нен, үйі­нен, жай­ы­лы­мы­нан айы­ры­лып қалған­дар­дың ары­зын қабыл­дау үшін, Тал­ды­қорғанға барып, нақты деректер­ді тізіп, ары­зда­рын алып кел­дік. Қара­ша айын­да аста­на­да екі бір­дей бас­пасөз жиы­нын өткізу­ге мұрын­дық болға­ны­мы­зды «біз атқар­дық» деп, жар салып жатқан жоқпыз.

– Тір­кел­ме­ген ұйым­ның арыз-шағы­мын билік ескеріп жатыр ма?

– Ескер­се де, ескер­ме­се де, біз тиісті ісі­мізді атқа­рып жатыр­мыз. Біз­ге өз аяғы­мен келіп, қытай­дан көр­ген қор­лы­ғын айтқан адам­дар­дың бейне-ары­зда­рын ағы­л­шын тіліне ауда­рып, Еуро­па елдері мен АҚШ-тағы халы­қа­ра­лық адам құқы­ғы жөнін­де­гі ұйым­дарға жолдадық.

Ал билік­тің ескеріп жатқа­ны сол – қуда­лап, тыны­штық бер­мей­ді. Алма­ты­ның қақ орта­сы­нан бір кең­сені жалға алып едік, бір ай өтпей жатып шыға­рып жібер­ді. Одан кей­ін Әуе­зов аудан­дық ішкі істер бөлі­мі ғима­ра­ты­ның қасы­нан тағы бір кең­се­ге алдын ала алты айға ақы­сын төледік. Жалға алған күн­нің ертеңін­де ары­зданған жұрт­ты жинап, ары­зда­рын ҚР Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі мен халы­қа­ра­лық ақпа­рат көз­деріне жол­да­мақ болған едік, кең­сенің иелері есік­ті құлып­тап, мөрін басып, кір­гіз­бей қой­ды. Бірақ алған беті­міз­ден қайт­пай, Жан­бо­лат Мамай­дың кең­сесіне барып, ел-жұрт­тың ары­зын тиесілі жер­ге жөнелт­тік. Сол күні халы­қа­ра­лық ақпа­рат­та тір­кел­ме­ген «Нағыз Ата­жұрт­ты» қуда­лау жүріп жатыр деген хабар тара­ды. Соның себі тиді ме, үшін­ші рет жалға алған кең­се­міз­де әзір­ге тыныш отырмыз.

– Серік­жан Білә­штің өзі­мен хабар­ла­сып тұра­сыздар ма?

– Қоғам­дық қыз­меті шек­тел­ген аза­мат­ты той-тома­лақта көре­міз. Лагерь­ден босап шыққан, туы­ста­ры­мен, отба­сы­мен қауы­шқан қаза­қтар Секеңді іздеп тауып, алғы­ста­рын жауды­ру­да. Қан­ша­ма қан­да­сы­мы­здың азап пен қор­лы­қтан құты­луы­на Серік­жан Білә­штің еңбе­гі сің­генін мой­ын­да­уы­мыз керек. Бірақ дәл бүгін Секеңнің ақыл-кеңесі, тәжіри­бесі ауа­дай қажет-ақ. Қай­тей­ік, сот­тың шеші­мі­нен шыға алмай отырмыз…

Айт­пақ­шы, айтуға тұрар­лық бір маңы­зды мәсе­ле – гено­цид­ке тап болған қаза­қтар тура­лы мәлі­мет­тер­ді жинап, ста­ти­сти­ка­лық деректер жаса­уды қолға алдық. Бей­біт заман­да, ел аман, жұрт тыны­шта қазақ деген халы­қтың бір бөл­ше­гі сая­си нәу­бет­тің құр­ба­ны болып жатыр. Бола­шақ ұрпаққа қажет­ті мағлұ­мат­тар қазақ тарихы­ның бір беті болуы керек деп ойлаймыз.

  •  

Дәй­ек сөз

Гүл­жан ТОҚТАСЫН:

– «Лагерь­лер жабы­лып жатыр» деген лақа­пқа қаты­сты айта­рым: мәсе­лен, Қытай­дан біз­ге келіп, жасы­рын сұх­бат бер­ген қаза­қтар­дың айтуын­ша, көз­ге көрініп тұрған үлкен лагерь­лер­дің биік қор­ша­у­ла­рын алып тастаған. Лагерь­ге айналған мек­теп­тер­дің есік-тере­зесін­де­гі темір тор­дың орны­на пла­стик тере­зе­лер орна­тып, мек­теп­ті қал­пы­на кел­тір­ген. Қаза­қстан­мен бай­ла­ны­сы бар, халы­қа­ра­лық ұйым­дарға ары­зы жол­данған аздаған қаза­қты босатқа­ны­мен, басым бөлі­гі 40–50 мың адам­дық арнайы салы­нған түр­ме­лер­ге жөнел­тіл­ген. Ол түр­ме­лер елді мекен­нен жырақ, көз­ге түс­пей­тін жер­ге салы­нған. Қаза­қстан мен Қытай билі­гінің «үйре­ну лагерь­лері жоқ» деген ресми мәлім­де­ме­лерінің «шын­ды­ғы» осы. Халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­ққа әшке­ре болған үйре­ну лагерь­лері жабы­лға­ны­мен, басқа түр­ме­лер салы­нған. Мәсе­лен, Нылқы ауда­нын­дағы «Май қой­ма­сын­да» салы­нған, 40 мың адам қамалған түр­ме­де­гі жағ­дай­дан кім хабар­дар? Оған «қамалған­дар – қыл­мыс­кер, заң­ды түр­де сот­талған» деген уәж айты­лу­да. Олар­дың адво­кат­та­ры қай­да, сот болға­ны жөнін­де­гі құжа­ты қай­да? Кім сот­таған, не үшін сот­таған? Ондай мәлі­мет жоқтың қасы. Қытай­дағы қаза­қтар қыл­мыс жаса­мақ түгілі бір-бірі­мен қат­ты­рақ сөй­ле­су­ге қорқа­ды, әр жер­ге қой­ы­лған бей­не­ка­ме­ра­лар күн-түні аңды­са, қыл­мыс­кер­лер қай­дан шыққан?

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн