Пятница , 4 июля 2025

Даниал не ДЕЙДІ? халық не ДЕЙДІ?

  • «Бір­де-бір жаңа аудан ашпай­мыз», – деп­ті ШҚО әкі­мі Дани­ал Ахме­тов Орта­лық ком­му­ни­ка­ци­я­лар қыз­метін­де өткен бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да. Ал облы­стың Марқа­көл, Ақжар (Тар­баға­тай), Үржар аймақта­ры­ның халқы жабы­лып қалған шека­ра­лық аудан­дар­ды қай­та­дан қал­пы­на кел­тір­ме­се, бұл өңір­лер тақыр-таза қаңы­рап қала­ды деп отыр.

Жуықта БАҚ өкіл­дерінің сау­ал­да­ры­на жау­ап бер­ген ШҚО әкі­мі Дани­ал Ахме­тов аудан­дар­ды қал­пы­на кел­тірудің орны­на «өңір­де­гі шека­ра­лық аудан­дар­ды дамы­ту­дың бағ­дар­ла­ма­сын» жасай­мыз деп отыр. «…Мен арнайы комис­сия құр­дым. Қазір бес аудан­да жұмыс істеп жүр­міз. Үржар, Тар­баға­тай, Зай­сан, Катонқа­рағай, Күр­шім аудан­да­ры­на арнайы бағ­дар­ла­ма жасай­мыз. Әле­умет­тік жұмыстар­ды көтеріп, қосым­ша қар­жы бөле­міз. Осы жұмыс аяқталған­нан кей­ін, ондағы халы­қ­пен өзім кездесемін…Бірде-бір жаңа аудан ашпай­мыз. Неге десеңіз, аудан ашқан­да тек қана жаңа жұмыс­кер­лер­дің бас­па­на мәсе­лесін шешу үшін 9 млрд тең­ге кете­ді. Сон­да халы­ққа не керек? Жаңа шене­унік­тер ме? Оған қараған­да арнайы бағ­дар­ла­ма керек. Маған кел­ген 45 ақсақал­дың бәрі мені­мен келісті…» – деді ШҚО әкі­мі бас­пасөз мәслихатында.

Жемқор­лық пен парақор­лық жай­лаған елде әкім­нің «арнайы бағ­дар­ла­ма­сы» қан­ша­лы­қты тиім­ді бола­ды? Оның «бөл­ген қосым­ша қар­жы­сы» жер­гілік­ті жер­ге жете ме, жоқ әлде талан-тара­жға түс­кен қар­жы жемқор­лар­дың жем­са­уын­да кете ме?

Ең басты­сы – дағ­да­рыс депрес­си­я­сы­на қамалған халы­қтың, жабы­лып қалған аудан­дар­дағы 100 пай­ыз қаза­қтың әле­умет­тік көңіл-күйі мен пси­хо­ло­ги­я­сын «арнайы бағ­дар­ла­ма» қал­пы­на кел­ті­ре ала ма?

Осы сияқты сан­сыз сау­ал­дар төңіре­гін­де бел­гілі сая­сат­та­ну­шы Ерлан Сай­ы­ров өзінің ФБ-парақ­ша­сын­да жазған пікірі­мен толық келі­су­ге болады.

«Өкіні­шті! Ертең осы­нау қиғаш қадам­да­ры­на қаты­сты әтте­ген-ай айта­тын­ды­ғы анық, – дей­ді сая­сат­та­ну­шы. Өйт­кені Дани­ал Ахме­тов тәрізді тәжіри­белі, шару­а­шы­лы­қты дөң­ге­ле­ту­ге қабілет­ті дей­тін аза­мат­тар «қара­көздің» әле­умет­тік пси­хо­ло­ги­я­сын түсін­бей­ді, халы­қтың шынайы мұң-мұқта­жы­на «қырын» қарай­тын­ды­ғын тағы да көрсетті.

«Қызыл дирек­тор» деген­дер болған кезін­де, кеңес зама­нын­да ірі шару­а­шы­лы­қтар­ды басқа­рып, жос­пар­лы эко­но­ми­ка кезін­де қыз­мет істеп, ұжым­ның мүд­де­лері­мен келіс­пей, шешім қабыл­дай­тын «қыр­сық» бас­шы­лар. Халы­қтың айтқа­нын істе­се, «тағы­нан» түсіп қала­тын­дай әсер ала­ды олар. Өздері тәкап­пар, мен­мен­шіл, халы­ққа мен­сін­бе­ген көзқа­рас­пен қарай­ды. ШҚО-ның бас­шы­сы да сол «қызыл дирек­тор­лы­ққа» салы­нып оты­рған тәрізді. Өздері басқа­рып оты­рған жер­дің тарихын да, халқы­ның мінез-құлқын да түсін­бей­ді, түсі­ну­ге пей­іл де танытпайды.

Біле біл­ген ада­мға Шығыс Қаза­қстан­ның Катонқа­рағай, Марқа­көл, Тар­баға­тай аудан­да­ры қазақ халқы­на біздің ата-баба­мы­здың қаны, олар­дың қиы­лып кет­кен өмірі арқы­лы кел­ген, ол жер­лер­ді бүкіл қазақ қанқұй­лы соғы­са оты­рып иеленген.

Сол ата-баба­мы­здың ерлі­гі, өрлі­гі, біз­ге деген қамқор­лы­ғы­ның арқа­сын­да кел­ген жер­лер­ден бүгін­де, ел аман, жұрт тыны­шта халық үде­ре көшіп жатыр. Нелік­тен? Халық үкі­мет­ке, мем­ле­кет­ке жақын болғы­сы келеді. Сон­ды­қтан орта­лы­ққа – Өске­мен, Семей, Алма­ты, Нұр-Сұл­танға ауып жатыр. Шека­ра бос қал­ды. Сол шека­раға бекет ретін­де, аудан­дар­ды қалы­пқа кел­ті­ру жөнін­де­гі жер­гілік­ті халы­қтың «зар-айқай­ын» облыс әкі­мі Дани­ал Ахме­тов еле­гісі де кел­мей­ді. Халы­қтың жан-тәнін түсін­бе­ушілік дегені­міз осы.

«Халы­қты тың­да­уға қабілет­ті мем­ле­кет» – бұл шене­уік­тер үшін жәй ғана сөз. Ешқан­дай құн­ды­лы­ғы, мәні жоқ. Бұл мәсе­ле тек облы­стық дең­гей­де емес, елі­міздің ұлт­тық қауіп­сізді­гіне тіке­лей әсері бар рес­пуб­ли­ка­лық мәсе­ле. Сон­ды­қтан Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның үкі­метіне, пар­ла­мент депу­тат­та­ры­на осы мәсе­лені мем­ле­кет­тік мүд­де тұрғы­сы­нан қарас­ты­ру үшін үндеу жари­я­лай­мын! Бұл елі­міздің тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­ғы­ның негіз­гі мәселесі.

«Арғы­маққа мін­дім деп, артқы топ­тан адас­па. Күнін­де өзім бол­дым деп, кең пей­іл­ге талас­па!» деген қанат­ты сөзді бұл кісілер­ге кім айтар екен?

Ал дәл осы кез­де халық босып, көшіп жатыр, ақсақал мұңын айтар адам тап­пай сабы­лып, облыс бас­шы­лы­ғы­ның табал­ды­ры­ғын­да жүр, аудан­дар тоқы­рап жатыр. Бүгін­гі күн­нің шын­ды­ғы осы. Облыс бас­шы­сын­да пей­іл бол­ма­са, халы­қта қан­дай мей­ір бол­мақ?» – деп, өз ой-пікірін тау­сы­лып жазған екен сая­сат­кер Ерлан Сайыров.

Расын­да, аталған шека­ра­лық аймақтағы әле­умет­тік-демо­гра­фи­я­лық аху­ал адам айтқы­сыз. Мәсе­лен, бұры­нғы Марқа­көл ауда­нын­да – Қытай­мен ара­дағы шека­ра­дан бер­гі, Күр­шім­ге дей­ін­гі 150–200 шақы­ры­мға жуық аймақта қаңы­рап қалған ауыл­дар­да бүгін­де жал­пы саны 10 мыңға толар-тол­мас халық қал­ды. Жеке мен­шік малы­мен ғана күн көріп оты­рған жер­гілік­ті халы­ққа жұмыс қолы бола­тын бір­де-бір өндіріс ошағы жоқ: кеңе­стік кез­де салы­нған кәсі­по­рын­дар тегіс жабыл­ды, бүгін­де олар­дың қаңқа­сы да қалмады.

Ал қазақ айт­пақ­шы, «бос жатқан жер жау шақы­ра­ды». Бүгін­де ел ішін­де «қытай экс­пан­си­я­сы» деген үрей туған кез­де шека­ра­лық аймақтың халқы тұр­мыстық-эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­спен қоса, терең әле­умет­тік-пси­хо­ло­ги­я­лық күй­зелі­сте күн кешу­де. Жеке­ле­ген ауыл­дар­да жар­ты­лай орта­ша мек­теп­тер­дің мұғалім­дері­нен басқа жастар қал­маған. Азын-аулақ малын баққан, көшіп кету­ге жағ­дайы жоқ тұрғын­дар­дың дені отба­сын­да тірі жүр­ген кәрі-құр­таң­ның пен­си­я­сын талға­жу етеді.

Осын­дай күй­зеліс­ке тап болған шека­ра­лық аймақтың әле­умет­тік жағ­дай­ын Дани­ал­дың «дара» бағ­дар­ла­ма­сы қарық қыла алма­сы анық. Облы­стың дең­гей­ін­де жасалған бағ­дар­ла­ма шека­ра­лық өңір­дің шару­а­шы­лы­ғын қал­пы­на кел­ті­ре алмай­ды. Ол үшін рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де жасалған мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма қажет. Ал ондай бағ­дар­ла­маға баста­ма­шы болып, мем­ле­кет­тік билік пен үкі­мет­тің алды­на аса күр­делі мәсе­лені шешу жөнін­де ұсы­ныс жаса­удың орны­на облыс әкі­мі «бір­де-бір жаңа аудан ашпай­мыз» деп, салы суға кет­кен қапа­лы халы­қты қора-қоп­сы­қтың төңіре­гіне қамап қоймақ.

Жабы­лып қалған шека­ра­лық аудан­дар­ды қай­та­дан қал­пы­на кел­ті­ру үшін, шығы­стық халық қоғам­дық қозға­лыс туды­рға­ны жөн сияқты. Мыса­лы үшін, нақты эко­но­ми­ка­лық есеп­те­улер мен жер­гілік­ті мүм­кін­дік­тер­ді есеп­ке алып, рес­пуб­ли­ка билі­гі дең­гей­ін­де қозғау салған Нары­нқол ауда­ны­ның (Алма­ты облы­сы) тұрғын­да­ры өз деген­деріне жет­ті: бүгін­де бұл аудан жеке тер­ри­то­ри­я­лық бір­лік ретін­де­гі ста­тусқа қол жет­кізді. Нары­нқол­ды­қтар­дың бұл жеңісі – шығы­сты­қтарға үлгі болуы керек. Қаза­қта «жыла­маған балаға емшек бер­мей­ді» деген тәп­сіл барын ұмыт­паған абзал…

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн