Пятница , 4 июля 2025

Халықтың өзін-өзі басқару МӘСЛИХАТЫН ҚҰРАЙЫҚ!

Билік­тің «алдау сай­ла­у­ы­нан» без, «жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру» жүй­есіне көш!

  • Елге таны­мал сая­сат­кер тұлға, 1970–90 жыл­дар­дағы сая­си тұтқын, «Азат» қозға­лы­сы­ның («Қазақ елі» бір­ле­сті­гі) төраға­сы Хасен Қожа-Ахмет әле­умет­тік желілер арқы­лы Қазақ еліне мәлім­де­ме жари­я­лап, оның көшір­месін «ДАТ»-тың редак­ци­я­сы­на да жол­даған екен. Біз оны төмен­де қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Әлем­де әр халы­қтың мың­даған жыл­дар бой­ы­на табиғи сұрып­та­лу­дан қалып­тасқан эли­та­сы (руба­сы­ла­ры, ханда­ры, король­да­ры) өз елінің мүд­десін қорға­уды қаси­ет­ті пары­зы санаған. Осы арқы­лы жер бетін­де өзінің қай­та­лан­бас ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры бар түр­лі этно­стар жой­ыл­май өмір сүріп келген.

Қазақ елін­де «ғалам­да­сты­ру­дың» баста­ма­сын Ресей отар­шыл­да­ры атқа­рып қой­ған. Әсіре­се 1928–1929 жыл­да­ры күш­теп жасалған кол­лек­тив­тен­ді­ру қаза­қтың мың­даған жыл қалып­тасқан ел болу­дың рулық-туы­стық жүй­есін жой­ып, жасан­ды иде­яға негіз­дел­ген пар­ти­я­лық жүйе таңыл­ды. Тәу­ел­сіздік жари­я­ла­нып, көп­пар­ти­я­лы­лы­ққа жол беріл­ді деген 30 жыл бой­ын­да елде­гі жағ­дай сай­ла­у­лар арқы­лы да еш өзгер­меді. Себебі:

1. Бір­пар­ти­я­лы КСРО кезін­де билік тағай­ын­даған жалғыз кан­ди­датқа «дауыс беру­ге» мәж­бүр­лен­ген халық «сай­ла­у­лар ештеңені өзгерт­пей­тініне» 74 жыл бой­ын­да көз жеткізген. 

2. 1991 жыл­дан «тәу­ел­сіз бол­дық, демо­кра­тия, көп­пар­ти­я­лық жасай­мыз» деушілер тота­ли­тар­лық жүйе кезі­нен билік басын­да қалған­ды­қтан, 1993 жылғы Кон­сти­ту­ци­яда сай­ла­у­ға кан­ди­дат­ты­ққа өзін-өзі ұсы­ну мүм­кін­ді­гі жазы­лған­мен, дауыс беру нәти­же­лерін бұр­ма­лау арқы­лы билік тек өз адам­да­рын пар­ла­мент­ке өткізді;

3. «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы» заң бой­ын­ша мем­ле­кет­те­гі күл­лі облы­стар­ды ара­лап, бәлен мың қол жинау үшін көп қар­жы қажет. КСРО үкі­меті «тап жау­ла­ры­мен күрес» ұра­ны­мен елде­гі ауқат­ты адам­дар­дың мал-мүл­кін тәр­кілеп, атып, қамап, шетел­ге қашуға мәж­бүр қылған­дақтан, 74 жыл бой­ы­на айлық жалақы­ға қарап кел­ген халы­қта пар­тия құрар қар­жы қай­дан болсын?! 

4. Халық қар­жы­сыз болған­ды­қтан, елде­гі пар­ти­я­лар­ды билік­тің өзі мем­ле­кет­тік бюд­жет­ті ысы­рап етіп құру­да. Атта­ры әртүр­лі мұн­дай «көп­пар­ти­я­лы­қтың» қожай­ы­ны біреу – Қаза­қстан билі­гі болған­ды­қтан, нәти­же КСРО кезін­де­гі­дей – бір­пар­ти­я­лы­лық күй­ін­де қалды; 

5. 1995 жылы пар­ла­мент­ті тара­тып, пре­зи­дент өзі «қабыл­даған» Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша 49 орын­дық сенатқа өзінің 15 ада­мын тағай­ын­да­са, ал Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­на 9 депу­тат­ты халы­қтық сай­лау­сыз-ақ тағай­ын­да­уға жол берілді.

Сай­лау заңы­на түр­лі жымысқы өзгер­ту­лер­ден соң, 10 қаңта­рын­дағы (2021 ж.) ҚР Пар­ла­мен­тінің мәжілісі мен жер­гілік­ті мәс­ли­хат­тар сай­ла­у­ы­на кан­ди­дат­тар­ды тек билік­тің құрған «қуыр­шақ пар­ти­я­ла­ры» ғана ұсы­на ала­тын болып, өзге халық сай­ла­ну­дан мүл­де шет­тетіл­ді. Сөй­тіп, сай­лан­ба­лы билік тар­мағы – пар­ла­мент «тағай­ын­дал­ма­лы билік тар­мағы­на» айна­лып, қазір Қаза­қстан «рес­пуб­ли­ка» деген көз­бо­я­уы­нан мүл­де айырылды. 

6. Егер «батыс» айта­тын эво­лю­ци­я­лық (сай­лау) жол­мен халық билік­ке ықпал ете алма­са, рево­лю­ци­я­лық та жол бары бел­гілі. Алай­да оны қол­да­нуға да Қаза­қстан халқы­на жоға­ры­да айты­лған, пар­тия құруға бөгет себеп­тер: халы­қтың қар­жы­сызды­ғы, мем­ле­кет көле­мінің кеңді­гі мен халқы­ның азды­ғы, елді мекен­дер­дің ара алшақты­ғы, т.б. кедер­гілер бар. 

7. Тіп­ті бір қар­жы­лы қазақ пар­тия құр­мақ бол­са да, оған Н.Назарбаевтың «бата­сы» керек. Бол­ма­са «жөр­ге­гін­де тұн­шы­қты­ры­ла­ды». Ал «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы» заң өзгер­тіліп, пар­ти­я­ны 100 адам құра ала­тын бол­са да, Әділет мини­стр­лі­гі сол жиналған 100 қол­дан мін­дет­ті түр­де қателік тауып, не арнайы енгізіл­ген біреу: «мен қол қой­ған емес­пін», я «қате­лесіп­пін» деп, тір­ке­ме­у­ге сыл­тау таба­ры – біз бастан кеш­кен мәселе.

Енді не істеу керек?

Ағы­л­шын­ның атақты сая­сат­кері Уин­стон Чер­чилль: «Демо­кра­ти­я­лық жүй­енің кем­шілік­тері бар, бірақ адам­зат одан артық жүй­ені әлі ойлап тапқан жоқ» деген­де, ол, әрине, ғасыр­лар бой­ы­на хан билі­гін де тежей біл­ген қаза­қтың «Дала демо­кра­ти­я­сы» жүй­есі болға­нын біл­ме­гені анық. Руба­сы мен билер­дің хан алдын­да тай­сал­май сөй­ле­уінің негіз­гі сыры – артын­да қол­да­у­шы руы, рудың өзін-өзі қам­та­ма­сыз ететін эко­но­ми­ка­сы тұрған. Ал қазір­гі «пар­ти­я­лық» жүй­е­мен, билік­тің тізі­мі­мен тағай­ын­да­ла­тын депу­тат­тар­дан қоғам­ның шынайы жағ­дай­ын айтар­дай батыл­дық күту – бекершілік. 

Қаза­қстан тірел­ген сая­си тығы­ры­қтан шығу­дың жолы – заң шыға­ру­шы орган – пар­ла­мент­ті құру жүй­есін өзгер­ту. Бұл үшін біз «пар­ти­я­лық сай­лау» деген «мәң­гілік алдау» жүй­есі­нен бас тар­тып, үкі­мет­тің ара­ла­суын­сыз-ақ халық өзі таң­даған «тура билерін» пар­ла­мент­ке өкіл (деле­ги­ро­ван­ный пред­ста­ви­тель) етіп жібе­ре ала­тын­дай «жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру» жүй­есіне көшу­ге тиіс­піз. Бұл үшін:

1. Қаза­қстан­ның әр ауда­нын­да жер­гілік­ті бел­сен­ді аза­мат­тар­дан «Халық мәс­ли­ха­тын» құрып, ол: өз ауда­ны көле­мін­де­гі істелі­ну­ге тиіс шара­лар тізі­мін жасап (жол салу, жарық, су, газ жүр­гі­зу, т.б.), «билік­тің мәс­ли­ха­ты­нан», әкім­шілік­тен аудан қар­жы­сы жер­гілік­ті істер­ге жұм­са­луын, артыл­са ғана Аста­наға жіберілуін бақы­ла­уы керек; аудан әкі­мінің тек жер­гілік­ті ел білетін, ешқан­дай пар­ти­я­ның мүше­сі емес адам­нан сай­ла­нуын талап ете­ді; аудан жерінің шетел­дік­тер­ге, оли­гарх­тарға беріл­генін аны­қтап, оны жер­гілік­ті халы­ққа қай­та­ра­ды; қытай, т.б. шетел­дік кәсі­по­рын­дар аудан жеріне салын­ба­уын, демо­гра­фи­я­лық аху­ал­ды қадаға­лай­ды, т.б.

2. «Халық мәс­ли­ха­ты» аудан­дағы үйлерін­де тір­ке­уде тұра­тын жер­гілік­ті адам­дар болған­ды­қтан (Ақсақал­дар кеңесі сияқты), ешқан­дай Әділет мини­стр­лі­гі меке­ме­лерін­де қосым­ша тір­ке­луді қажет етпейді; 

3. Билік­тің өз «қала­у­лы­ла­рын» пар­ла­мент­ке тағай­ын­даған «сай­ла­у­ы­нан» кей­ін, халық Қаза­қстан­да әділет­ті қоғам орнар деген үміті­нен мүл­де айы­рыл­ды. Қазақ халқы тарих­та басы­на қара бұлт үйіріл­ген кезең­дер­де игі жақ­сы­ла­рын пана тұтқан. Ал Қаза­қстан билі­гін­де 30 жыл оты­рып, елді тозды­рған топ­ты «игі жақ­сы­ла­ры­мыз» деу­ге бүгін­де ешкім­нің аузы бармайды.

Енде­ше халық «игі жақ­сысын» қитұрқы тәсіл­дер­мен билік­ке жет­кен қулар­дан емес, өз орта­сы­нан іздер уақыт кел­ді. Сон­ды­қтан халық бір-біріне ұқсас «пар­ти­я­лық бағ­дар­ла­ма­ларға» (таны­май­тын біре­улер­ге) дауыс бер­мей, әр аудан­ның жұр­ты «ел сені­мін ақтар игі жақ­сы­мыз осы» деген білетін ада­мын пар­ла­мент­ке өзі ұсы­нуға тиіс. 

4. Билік 30 жыл бой­ы­на «Кон­сти­ту­ци­я­лар­ды» халы­ққа үне­мі жоға­ры­дан таңып, мем­ле­кет­ті нео­фе­о­да­лизм түне­гіне ендір­ді. Бұл түнек­тен Қаза­қстан­ды тек халық «төмен­нен» өзі жасай­тын Кон­сти­ту­ция алып шық­пақ. Жер­гілік­ті «Халық мәс­ли­ха­ты» пар­ла­мент­ке өкіл адам­ды таң­да­уға, бір­лесіп Жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сын жаса­уға халы­қты жұмыл­ды­руға тиіс.

Жаңа «Халы­қтық Кон­сти­ту­ци­яда» әкім­шіл-әмір­шіл жүй­е­ден қалған, авто­ри­та­ризмді орны­қты­рған баб­тар (лау­а­зым­дар) бол­мауға тиіс. Пар­ла­мент бір пала­та­лы болып, «тағай­ын­даған депу­тат­тар­дан» тұра­тын Сенат пен Халық ассам­бле­я­сы деген болмайды. 

Халы­қтық пар­ла­мент Жаңа Кон­сти­ту­ци­яда ҚР жоға­ры билі­гінің лау­а­зым түр­лерін бел­гіле­ген соң, сол қыз­мет­тер­ді (пре­мьер-министр, әртүр­лі мини­стр­лік қыз­мет­тер) атқа­ра­мын деуші аза­мат­тар­дың өтіні­ш­терін Пар­ла­мент­тік комис­си­я­лар қарап, кон­кур­стан өткенін қыз­мет­тер­ге бекі­те­ді. (Осы­лай­ша билік­те­гі сыбай­ла­стық пен жемқор­лы­қтың тамы­ры қырқылмақ).

АҚШ штат­та­рын­дай, аудан­дар өз өкіл­дерін пар­ла­мент­ке тіке­лей жібе­ретін­дік­тен, орта­дағы «облы­стық мәс­ли­хат, әкім­шілік» сияқты әкім­шіл-әмір­шіл жүй­е­ден қалған бюро­крат­тық құры­лым қажет­сіз бол­мақ. Қазір­гі облыс орта­лы­қта­ры және арнайы мәр­те­белі қала­лар бір-бір аудан ретін­де сана­лып, өз «Халық мәс­ли­хат­та­рын» құрып, пар­ла­мент­ке өкіл депу­та­тын жібереді.

Жаңа Кон­сти­ту­ци­яда қан­дай баб­тар болуға тиіс деген жаңа тер­мин­дер­ге қаты­сты ұсы­ны­ста­рын, өзге де туын­даған сұрақта­рын жұрт­шы­лық, аудан «Халық мәс­ли­хат­та­ры» және пар­ла­мент­ке таң­далған депу­тат­тар «Азат» қозға­лы­сы («Қазақ елі» бір­ле­сті­гі) құрған «Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­ны Үйле­сті­ру орта­лы­ғы­на» мына адре­стер­ге жол­да­уын сұраймыз: 

  • Алма­ты қала­сы, 050060. Гага­рин даңғы­лы, 181-үй, 20-пәтер. Е‑майл: 3825761@)mail.ru; тел. 8 707 495 2132. Хасен Қожа-Ахмет;

Орал қала­сы. Аман­жол Зинул­лин. Тел. 8 705 567 1866. Е‑майл: [email protected] 

Қаза­қстан­ның әр ауда­нын­да бел­сен­ді аза­мат­тар «Халық мәс­ли­хат­та­рын» құрып, 1995 жылғы Кон­сти­ту­ци­яда жазы­лға­ны­мен, іске асы­рыл­май жатқан «жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру­ды» қолға алуы, билік­тің ара­ла­суын­сыз пар­ла­мент­ке өз өкілет­ті депу­та­тын ұсы­нуы, осы­лай­ша «пар­ти­я­лық жүйе арқы­лы сай­лау» деген алда­удан бас тар­ту – Қаза­қстан­ды сая­си тығы­ры­қтан шыға­ра­тын жол бол­мақ. Іске сәт, ардақты халайық! 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн