Пятница , 4 июля 2025

Еркін Рақышев: Көпке ұзамай билік ОҢБАЙ ЖЕҢІЛЕДІ

  • Елі­міз­де 2021 жыл­дың 10 қаңта­рын­да өткен пар­ла­мент сай­ла­у­ы­на, аза­мат­тық қоғам өкіл­дері қан­дай баға­сын бер­ді, сай­ла­удың ресми мәлі­мет­тері, тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың қолын­дағы деректер­ден қан­ша­лы­қты алшақ, енді не істе­мек ойла­ры­ңыз бар деген сұрақта­ры­мы­зды арқа­лап, таны­мал кино­ре­жис­сер, қоғам қай­рат­кері Еркін РАҚЫШЕВТЫ 60 жасқа толған мерей­той­ы­мен құт­ты­қта­удың сәті түсіп, сұх­бат­та­сып қайттық.

– Еркін мыр­за, жаңа сай­ланған пар­ла­мент­тің алға­шқы сес­си­я­сы мен сіздің 60 жасқа толу дата­сы қатар келіп­ті. Той­дан бұрын, ой баққан аза­мат­сыз: «сай­лау» атты депу­тат тағай­ын­дау науқа­ны­ның баға­сын бір ауыз тұжы­рым­мен қалай айтар едіңіз?

Бұл жолғы сай­лау, сай­лау емес – алдау бол­ды. Алдау болған­да да, бұрын соң­ды бол­маған халы­қтың дау­сын ғана ұрлаған емес, дауыс беру құқы­нан айы­рған масқа­ра сай­лау бол­ды. Үкі­мет ұлт­шыл­дар мен оппо­зи­ция өкіл­дерінің бір де бір пар­ти­я­сын тір­ке­ме­ген соң, халық кім­ге дауыс бере­рін, не істерін біл­мей абды­рап қал­ды. Қысқа­сы, «қазан­шы­ның өз еркі, қай­дан құлақ шығар­са» деген­дей, билік ойы­на кел­генін істеп, керек пай­ы­зда­рын жазып беріп, қалаған пар­ти­я­ла­рын Пар­ла­мент­ке өткізді.

– Сіз бұл сай­ла­уда тағы да өткен­де­гі­дей, Қоса­нов үшін «қырқы­сқан» қара­пай­ым бақы­ла­у­шы­лық қыз­мет қыл­ды­ңыз: не көр­діңіз, не біл­діңіз? «Нұр отан­ның» нақты жинаған дауы­сы 50 пай­ы­здан аспа­ды деген тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар жина­сты­рған деректің «жаны» бар ма?

– Бұл сай­ла­уда бұры­нғы сай­ла­у­лар­да орын алған бюл­ле­тен­дер­ді топ­тап тастау сияқты заң бұзу­шы­лы­қтар көп бол­ма­ды. Билік «елді шула­тып не қыла­мыз, бәрібір керек дауы­сты жазып ала­мыз ғой» деген болуы керек. Солай жаса­ды да. Дауыс санай­тын кез­де, көп­те­ген­сай­лау учас­ке­лерін­де бақы­ла­у­шы­лар­ды шыға­рып тастап, өздері қалаған дауы­ста­рын жазып алды. Билік­тің қитұрқы әре­кет­терін түсін­ген халы­қтың бұл сай­ла­у­ға деген сені­мі бол­ма­ды. Сон­ды­қтан да, сай­ла­у­ға Алма­ты­дағы халы­қтың шама­мен 17–20% ғана қаты­сты. Ал, жал­пы Рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша «Нұр Отан» 40% да алған жоқ деп ойлай­мын. Әділет­сіз өткен сай­ла­удың қоры­тындыс­ын­да Пар­ла­мент­ке «Нұр Отан», «Ақ жол» және «халы­қ­шыл­дар» пар­ти­я­сы­мен бір­ге «Адал» мен «Ауыл» да өтуі керек еді. Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың аны­қта­уы бой­ын­ша, бұл еке­уі де тиісті 7 пай­ы­здық барьер­ден өту­ге мүм­кін­дік беретін дауыс жина­ды. Қысқа­сы, біз­де депут­та­тар сай­лан­ба­май, билі өз қала­у­ын­ша тағай­ын­дай­ты­ны­на тағы да көз жетті.

– «Тағай­ын­дау» деген­нен шыға­ды: сай­ла­у­шы­лар­дың дауы­сы «сай­лау өтті» деген сыл­тау үшін фик­ция – көз­бо­я­у­шы­лық болған жоқ па?

– Иә, сай­лау өтті деген аты бол­ма­са, бұл сай­лау нағыз көз­бо­я­у­шы­лық сай­лау бол­ды. Бұл тарих­та «халы­қты дауыс беру құқы­ғы­нан айы­рған сай­лау» деген атпен қала­тын шығар. Ал оны ұйым­да­сты­рған­дар мен сай­лау комис­си­я­сы­ның мүше­лері бола­шақ ұрпақтың алдын­да «қара­бет» деген тізім­ге кіреді.

– Сіз қалай ойлай­сыз: бұл өзі кім­нің мүд­десін­де­гі сай­лау бол­ды: соңғы 20–25 жыл­да авто­ри­та­ризм­ге қора­ланған халы­қтың ба, Ақор­да­да оты­рған Тоқа­ев­тың ба, жоқ әлде «Кіта­п­ха­наға» әбден бекініп алған Назар­ба­ев­тың режи­мін ұзар­та түсудің сай­ла­уы бол­ды ма?

– Қаза­қты билеп төсте­уді мақ­сат еткен Назар­ба­ев­тар отба­сы­ның ғұмы­рын жалға­сты­ру­ды көз­де­ген сай­лау бол­ды. Бай­лы­ғы­мы­зды ұрлап-тонап бай­ы­ған оли­гарх­тар мен мил­ли­ар­дер­лер­дің қыл­мыста­ры мен ұрлы­ғын ары қарай жалға­сты­руы­на ықпал етіп, солар­дың мүд­десін қорғау үшін өткізіл­ген сай­лау бол­ды. Халы­ққа қар­сы заң­дар қабыл­дай­тын топ­тың мүд­десін қорғай­тын, әділет­ті қоғам орна­ту­ды көз­де­ген аза­мат­тар­ды одан әрі қуғын­дап, сот­та­уға жол аша­тын сай­лау болды.

– Дауыс бере­рден бірер күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқа­ев рефор­ма­лар­дың кезек­ті пакетін жүзе­ге асы­ра­мыз деген еді. Пар­ла­мент сес­си­я­сы­ның сық­пы­ты­нан сол рефор­ма­ның алға­шқы лебін сезе алды­ңыз ба?

Пре­зи­дент Қасым-жомарт Тоқаевтың…

– Кешірерсіз, біздің газет Тоқа­ев­тың тегіне «пре­зи­дент» деген лау­а­зым­ды қосып жазу­ды тоқтат­ты. Редак­ция алқа­сы­ның шеші­мі бой­ын­ша, бұдан былай газет­те ол «Тоқа­ев» деп қана ата­ла­тын болды…

– Мей­лі ғой… Сол Тоқа­ев шынайы рефор­ма жасағы­сы келетін де шығар, бірақ оның сөзін елеп жатқан ешкім жоқ қой. Пре­зи­дент заң бой­ын­ша министр мен әкім­ді тағай­ын­дау үшін Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың келісі­мін алу керек болған соң, басқа не айтуға бола­ды?! Тоқа­ев­тың пар­ти­я­лар үшін Пар­ла­мент­ке өту меже­сін 7 пай­ы­здан 5 пай­ы­зға түсі­ру керек деген ұсы­ны­сы­нан не пай­да, егер үкі­мет билік­ке қар­сы оппо­зи­ци­я­лық неме­се тәу­ел­сіз пар­ти­я­лар­ды тір­ке­ме­ген соң? Одан кей­ін Назар­ба­евқа тәу­ел­ді пар­ла­мент ол заң­ды, Тоқа­ев­тың ұсы­ны­сын қабыл­дай қояр ма екен?! Қысқа­сы, үміт артқан Тоқа­ев та халы­қтың сені­мі­нен айырылды.

– Мәжілі­сте – Нұр­лан Нығ­ма­тул­лин­нің, үкі­мет­те – Асқар Мамин­нің бұры­нғы лау­а­зым­да­рын­да қалуы сізді қан­дай ой-жоралғы­ға жетелейді?

– Бұл ештеңе ауы­спай­ды, бәрі өз орнын­да қал­ды деген сөз. Оның бір себебі – Дариға Назар­ба­е­ва болуы да мүм­кін. Сай­ла­удың қан­дай масқа­ра­лы­қ­пен өткенін, бүкіл әлем көріп отыр. Егер Дариға спи­кер неме­се пре­мьер-министр бол­са, шет елде артық әңгі­ме­лер көбей­іп кетуі мүм­кін. Сол үшін папа­сы бәрі тыны­шталған­ша Дари­ко­шын қозға­май-ақ қояй­ын деген бол­са керек. Нағыз ауыс-түй­іс көп ұза­май Дариға­ның лау­а­зым­ды қыз­мет­ке тағай­ын­да­луы­нан баста­ла­ды деп ойлаймын.

– Соны­мен, «сай­лау» деген кон­церт­тік қой­ы­лым аяқтал­ды, халық билік­тің үш пар­ти­яға бөліп бер­ген пай­ы­зда­рын үнсіз қабыл алған сияқты: енді бұдан ары­да не бол­мақ, қоғам билік­тің дегеніне мой­ын­сұ­нып қала бере ме, жоқ әлде сіз құра­мын­да жүр­ген «Ел мен жер» сияқты про­те­стік қозға­лы­стар­дың басқа­дай ойлаға­ны бар ма?

– «Чело­век пред­по­ла­га­ет, а Бог рас­по­ла­га­ет» деп, оры­стар айт­пақ­шы, бәрі билік­тің ойлаға­нын­дай бола бер­мей­ді. Алла­ның қала­у­ы­мен бола­ды. Билік оппо­зи­ци­я­лық күш­тер­ге қысым жасаға­ны­мен, бәрібір көп­ке ұза­май оңбай жеңіледі. Ресей­дің руб­ліне тәу­ел­ді тең­ге­міз соның арты­нан құн­сызда­на­ды. Ұлт­тық қор­дағы, зей­не­тақы қорын­дағы ақша­лар ұрла­нып біту­ге таян­ды. Бұдан басқа да фак­тор­лар халы­қтың күн­көрісінің одан әрі қиын­да­уы­на, ала­пат дағ­да­ры­сқа алып келеді. Кәсі­по­рын­дар мен зауыт-фаб­ри­ка­лар­дың жұмыс­шы­ла­ры өздерінің жалақы­ла­рын көбей­туді талап етіп, митин­гілер­ге шыққан­да, билік ұлт­шыл­дар­мен жылап көрі­сетін бола­ды. Сол үшін де біз сай­лау әділет­сіз өтті деп мой­ы­май, күресі­мізді жалға­сты­ра беруі­міз керек.

Өздеріңіз білесіз­дер, биы­лғы жыл­дың 31 жел­тоқ­са­нын­да мора­то­рий уақы­ты біт­кен соң, қол­да­ны­стағы жер кодексінің 24-бабын­да жазы­лған­дай, жері­міз шетел­дік­тер­ге 25 жылға жалға берілетін бола­ды. Ол жер­лер­ді алды­мен Қытай ала­ты­ны бел­гілі. Мил­ли­он­даған гек­тар жалға алған жер­лер­ді иге­ру үшін, 100 мың­даған қытай­лар­дың келетіні анық, алға­шқы­ла­ры келіп те жатыр. Ол жер­лер­ді 25 жыл­дан кей­ін қай­та­рып алу қиын бола­ды. Бұн­дай жер­лерін жат­талға жалға беріп, кей­ін жері­нен де, елі­нен де айы­ры­лып қалған мысал­дар тарих­та көп. Оның үстіне Ресей­лік сая­сат­кер­лер­дің де біздің жер­ге көз алар­туы жай­дан-жай емес. Мұның бар­лы­ғы алпа­уыт елдер­дің жері­мізді бөліс­ке салу­ды көз­де­ген жымысқы сая­са­ты. Сол үшін жері­мізді ешкім­ге сатқы­з­бай, шетел­дік­тер­ге жалға да бер­гіз­беу үшін бір кісі­дей жұмы­лып, күре­суі­міз керек. Қазір біз жер заңын толы­қтай қай­та­дан жазып шықтық. «Ел мен Жер» қозға­лы­сы­ның бас­шы­сы, бұры­нғы ауыл шару­а­шы­лық мини­стрі, әкім болған Бал­таш Тұр­сым­ба­ев аға­мыз және заң­гер­лер­мен бір­ге көп­те­ген бап­тарға өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгізіп, жаңа Жер кодексінің жоба­сын жаса­дық. Енді соны ел болып, Жер коми­теті мен Пар­ла­мент­те қорға­уы­мыз қажет.

– Билік­тің тіз­гінін отыз жыл жеке-дара ұстап келе жатқан Назар­ба­ев пен оның сая­си режи­мі сіздің «көп ұза­май­ы­ңы­зға» көне қояр ма екен?

Жоқ, бұл билік­тің көп ұза­май кететіні анық, бірақ олар қашан кете­ді деп, күтіп жата бер­мей, әре­кет ете беру қажет. Билік­пен күрес бір сәт­ке де тоқта­мауы керек. Бүгін­гі ұлт­тың азғын­да­уы, білім мен ден­са­улық сала­сын­дағы сын көтер­мей­тін кем­шілік­тер мен қателік­тер, бай­лы­ғы­мы­здың ұрла­нып, жері­міздің саты­луы, халы­ққа қар­сы отба­сы тура­лы, кре­ма­то­рий жай­лы тағы да басқа қабыл­да­нып жатқан заң­дар­дың бар­лы­ғы ұлт­ты жоюға бағыт­талған сая­сат деп ойлаймын.

Мен кей­де, билік­те­гілер­дің қара баста­ры­ның қамын ойлай­тын жемқор­лы­қта­ры­ның соңы сатқын­ды­ққа алып кел­ді ме деп ойлай­мын. Әйт­пе­се, ұлтқа қар­сы заң­дар қабыл­дап несі бар? Бұл Батыс елдерінің алдын­да алған мін­дет­те­ме­лерін орын­дап жүр деген сөз. Сон­ды­қтан да біздің билік ОБСЕ-нің сай­лау тура­лы айтқан ескерт­пе­леріне пысқыр­май­ды да… Себебі, оларға сай­ла­уды әділ өткіз­сек, пар­ла­мент­ке біз­ге бағын­бай­тын депу­тат­тар барып, сен­дер­дің тап­сыр­ма­ла­рың орын­дал­май­ды дей­ді. Біздікін­дей халқы аз, бірақ қаз­ба бай­лы­қта­ры жөні­нен әлем­де­гі ең бай елдер­дің бірін­де халы­қтың кре­дит­ке өмір сүруі ұлт­ты жой­ып, жері­мізді сатып, тәу­ел­сізді­гі­міз­ден айы­руға бағыт­талған зыми­ян сая­сат­тың нәти­же­сі деп ойлаймын.

– Айт­пақ­шы, «кре­ма­то­рий тура­лы» деген заң­ды қай­дан алды­ңыз? Ондай да жоба жаса­лып жатқа­ны ма? 

– Был­тыр «депу­тат» деп ата­ла­тын «халық жау­ла­ры» ауы­рған адам­дар­дың орган­да­рын рұқ­сат­сыз алып, шетел­ге сатуға бола­ды деген заң қабыл­да­ды. Енді ешкім­нен сұра­май-ақ үкі­мет қаза­қтар­дың өкпе-бауыр­ла­ры мен дене мүше­лерін сат­пақ­шы. Өлген адам­дар­дың денесі жара­май­ты­ны түсінік­ті, сол үшін тірі адам­ды өлтіріп, кере­гін кесіп алмақ­шы. Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі емде­луі қиын, жазыл­май­тын науқастар­дың ғана дене мүше­лерін ала­мыз дегені­мен, бұлар­дан бәрін күту­ге бола­ды. Өткен жылы, індет­тен қина­лып жатқан науқастарға бар дәріні бер­мей, қой­ма­ларға тығып қой­ға­ны­нан мың­даған қаза­қтар қыры­лып қалға­нын біле­міз. Сол кез­де халы­қтың көп­шілі­гі өз-өзін емдеп, аман қал­ды. Енді билік өлген қаза­қтар­ды көметін жер жоқ деп, өртей­тін кре­ма­то­рий салып жатыр. Ол кре­ма­то­рий­ді адам­ды көметін жер бол­маған­нан емес, керек орган­да­рын алған­нан кей­ін, қалай өлгенін жасы­ру үшін салып жатқа­ны түсінік­ті. Мұның бәрі Қытай­дың ықпа­лын­дағы Дүни­е­жүзілік ден­са­улық сақтау ұйы­мы­ның айтқа­ны­мен жасалуда.

– Назар­ба­ев бұрын­дарғы бір сөзін­де «елі­мізді дағ­да­ры­стан Қытай шыға­ра­тын бол­ды» деп еді. Соны­сы осы емес пе екен?!

– Өздерінің қол­да­ры­нан түк кел­ме­ген соң, енді тығы­ры­қтан Қытай құтқа­ра­ды дей­ді. Қытай құтқар­май­ды, керісін­ше құл қыла­ды. Қытай­дан қай­ыр­шы болып, ақша сұрап, тәу­ел­сізді­гі­міз­ге қауіп төн­дір­ген­ше, аш жүр­гені­міз артық. Онсыз да, депу­тат­тар заң­ды бұзып, Қытай­дың өңде­уші ком­па­ни­я­ла­рын салы­қтан босат­ты. Енді жері­мізді беру­ге жан­та­ла­су­да. Алған кре­дит­тері­мізді қай­та­ра алмаған соң, орны­на жер беріп құтыл­мақ­шы­мыз ба? Әлде билік жері­мізді Қытай­ға жалға беріп, көп ақша алып, эко­но­ми­ка­мы­зды дамы­та­мыз деп ойлай ма? Билік бұған дей­ін, мұнай­ы­мы­зды, газы­мы­зды, алтын, күміс, мыс, қорға­сын тағы да басқа қым­бат баға­лы қаз­ба бай­лы­қта­ры­мы­зды сатып бай­ы­маған­да, енді жері­мізді сатып бай­и­мыз деп ойлай ма?! Бұл жер­ді сату емес, бұл Отан­ды сату. Осы­лай билік­ке сеніп, ұйы­қтап жата бер­сек, ертең Қытай келіп, арты­мы­здан теуіп оята­ды. Ол кез­де бәрі кеш: ұлда­ры­мыз құл, қызда­ры­мыз күң болады.

– Деген­мен Тоқа­ев­тың жар­лы­ғы­мен елді дағ­да­ры­стан құтқа­ру жөнін­де­гі комис­сия құры­лған еді, оның жұмысы­нан не хаба­ры­ңыз бар?

– Ондай комис­сия жұмыс істеп жатыр деген­ді құлағым есті­меді. Бір нәр­се анық. Мына билік бізді дағ­да­ры­стан шыға­руға мүд­делі емес. Оған мың сан дәлел бар. Біре­уін ғана айтай­ын. Был­тыр індет­ке қар­сы күрес­ке деп, 14 млрд дол­лар ақша бөлін­ген еді. Соның 10 мил­ли­ар­дын орта және шағын биз­не­сті дамы­туға жұм­сай­мыз, халы­ққа қажет тұр­мыс тау­ар­ла­рын шыға­ра­мыз, жұмыс орын­да­рын аша­мыз деп еді. Бірақ, ол ақша­ның бар­лы­ғын өздерінің баяғы сауда-сат­ты­қ­пен айна­лы­са­тын сауда орын­да­ры қым­бат көлік сата­тын, эли­та­лық үй сала­тын құры­лыс ком­па­ни­я­ла­ры бөліп алды. Бір де бір тау­ар шыға­ра­тын фир­ма алған жоқ, бір жұмыс орны ашы­лған жоқ. Сол кез­де BI Croup ком­па­ни­я­сы Ковид індетіне қар­сы ауру­ха­на салуға бөлін­ген 5,5 млрд тең­генің 4 мил­ли­ар­дқа жуы­ғын ұрлаған дей­ді. Баяғы­да ақша­ның 20–30 пай­ы­зын ұрлай­ды деген­ді есту­ші едік, енді қаша­тын күн­дері таянға­нын сезген болар, бюд­жет­тен бөлін­ген қар­жы­ның 70 пай­ы­зын ұрла­у­ға көш­кен сияқты.

– Осы ара­да мәң­гілік сұрақ туын­дай­ды: «Енді не істеу керек?» деген…

Қазір отба­сы тура­лы заңға халық жап­пай нара­зы­лық таны­ту­да. Сол сияқты басқа да халы­ққа қар­сы қабыл­данған заң­дар­ды тоқта­ту­ды билік­тен талап ете беруі­міз керек. Бір қиын­дық туса, «үкі­мет көмек­те­седі» деп, қол жай­май, әркім шама­сы кел­ген­ше, тір­шілік жасап, отба­сын асы­рау үшін әре­кет ету қажет. Бұл үкі­мет­тің көп ұза­май, халы­қты емес, өздерін ойла­у­ға шама­сы кел­мей­тін бола­ды. Сол үшін жұмыс­сыз жүр­ген әр адам өзінің кәсібін ашып, бала-шаға­сын асы­раға­ны дұрыс.

– «Халық» демек­ші, қалың оқыр­манға арнап, «Жүре­гіңіз ауыр­ма­сын» деген кітап жазып­сыз. Кино мен аза­мат­тық бел­сен­ділік­тен бөлек, меди­ци­наға көңіл ауда­руға не түрт­кі болды?

– Елі­міз­де­гі ден­са­улық сақтау сала­сы­ның, емдеу жүй­есінің мәз емес екенін бар­лы­ғы­мыз біле­міз. Жүрек ауру­ла­ры­нан елде жылы­на 40 мың­дай адам қай­тыс бола­ды екен. Бұдан басқа 3 мил­ли­онға жуық адам жүрек қан-тамыр ауру­ла­ры­мен ауы­ра­ды. Мен өзім де жүре­гім ауы­рып, бір­не­ше рет ауру­ха­наға жатып шыққа­ным­мен толық жазыл­ма­дым. Соңғы рет ауру­ха­на­дан шыққа­ным­да, «сен­дер мені дұрыс емдеп жүр­ген жоқ­сы­ң­дар, емде­сең­дер неге жазыл­май­мын» деп, дәрі­гер­лер­ге қат­ты рен­жіп кеткенмін.

Сол күн­нен бастап, жүрек ауру­ла­рын, оның шығу себеп­терін зерт­тей баста­дым. Жапо­ни­яға барып, олар­дың кар­дио­лог­та­ры­нан жүрек ауруы­нан сақта­ну­дың, оның алдын-алу­дың жол­да­рын үйрен­дім. Жапон­дар­дың айтуын­ша, жүрек ауруы­нан жазы­лу­дың 30 пай­ы­зы ғана дәрі-дәр­мек­ке, ал қалған 70 пай­ы­зы ауру­дың алдын-алуға (про­фи­лак­ти­каға) бай­ла­ны­сты көрі­неді. Бірақ біздің дәрі­гер­лер жүрек ауру­ла­ры­ның алдын алу­дың орны­на, оны әлі де қалып­тасқан жүй­е­мен, дәрі-дәр­мек­пен ғана емдей­тінін бар­лы­ғы­мыз біле­міз. Содан бері 5–6 жыл өтті, Құдай­ға шүкір, дәрі де ішпей­мін, дәрі­гер­ге де бар­май­мын. Жинақтаған білім-тәжіри­бем­мен көп­шілік­пен бөлі­су үшін «Жүре­гіңіз ауыр­ма­сын» атты кітап та жазып шықтым. Мұны айтып оты­рған себебім – қым­бат­шы­лық заман­да ауы­ра қал­сам, дәрі­гер емдей­ді деген көзқа­рас­тан ары­лып, әркім ден­са­улы­ғы­на деген жау­ап­кер­шілік­ті күшей­тіп, ауру­дың алдын-алу­ды үйреніп алға­ны жөн.

– Олай бол­са, жүре­гінің сырқа­ты бар, шипа іздеп жүр­ген адам­дар үшін сіздің теле­фон нөміріңізді газет­ке де жазып қоя­лық, өзіңіз­бен хабар­ла­сып кіта­бы­ңы­зды ала­тын­дай – 8−701−111−72−37.

– Жөн! Хабар­ласқан адам бол­са – мархабат!

– Сөз соңын­да сіз кино­ре­жис­сер болған­ды­қтан, қазақ кино­сы­ның жағ­дайы тура­лы сұра­мауға бол­мас: біздің елде мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­стан, тен­дерін­сіз түсірілім жасау мүм­кін бе?

– Кино сала­сы­ның да басқа сала­лар­дан айыр­ма­шы­лы­ғы шама­лы. Был­тыр кино орта­лы­ғы­ның бас­шы­сы 1 млн дол­лар пара алып, ұста­лып, қыл­мысты болған еді. Қысқа­сы, мұн­да да сол баяғы жемқор­лық, тен­дер­дің төңіре­гін­де­гі талас-тар­тыс. Осы­дан 4 жыл бұрын жапон­дар­мен бірі­гіп бір кино бастаған едім. Бірақ мен сияқты «бұзы­қтарға» үкі­мет ақша бер­мей­ді ғой. Соны әлі біті­ре алмай жүр­ген жай­ы­мыз бар. Айта бер­сек, кино төңіре­гін­де­гі әңгі­ме тау­сыл­май­тын жыр.

– Енде­ше, бұл тақы­ры­пқа кей­інірек қай­та­дан айна­лып соғар­мыз. Ал әзір­ге «ДАТ»-тың аты­нан сізді 60 жастық мерей­той­ы­ңы­з­бен құт­ты­қтай­мын! Ел үшін еткен еңбе­гіңіз тал­ма­сын! Сұх­ба­ты­ңы­зға рақмет!

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн