Пятница , 4 июля 2025

Ресейге байланған Қазақстанды ДЖО БАЙДЕН ЖАРЫЛҚАЙ МА?

  • АҚШ пре­зи­ден­тінің тағы­на Джо Бай­ден оты­рған соң, әлем­дік гео­са­я­си жағ­дай­ға, әсіре­се Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ (ЕЭО) пен Ресей приз­ма­сы арқы­лы Қаза­қстанға деген аме­ри­ка­лық көзқа­рас қан­дай бағыт­та өрбуі мүм­кін? «ДАТ»-тың өтіні­ші бой­ын­ша осы сұраққа әле­умет­тік желінің бел­гілі бло­гері Бек­бо­лат Қар­жан жау­ап іздеп көр­ген еді.

Бәрі­нен бұрын бұл одақтың, расын­да да, эко­но­ми­ка­лық мүм­кін­дік­тері мен одақ нары­ғын­дағы Қаза­қстан­ның жағ­дай­ы­на ой жүгір­тей­ік. Шын мәнін­де, бұры­нғы одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар­дың біра­зын «бауы­ры­на басқан» бұл одақтың аста­рын­да Ресей­дің сая­си әрі эко­но­ми­ка­лық мүд­десі тұрға­ны о бастан мәлім еді. Оны «эко­но­ми­ка­лық одақ» деуден бұрын, Ресей­дің сая­си-импе­ри­я­лық амби­ци­я­сын көз­дей­тін «сая­си одақ» деген дұрыс. Кеше­гі пост­кеңе­стік елдер­ге күні бүгін­ге дей­ін шови­ни­стік пиғыл­мен қарай­тын Ресей бұл одақты Баты­сқа «жұды­рық көр­се­тудің» амал-аспа­бы­на айнал­дыр­ды. Алға­шын­да Ресей­мен шека­ра­лас өңір­лер­дің экс­порт­тық әле­уеті мен шағын және орта кәсібінің дамуы­на, қаза­қстан­дық кәсіп­кер­лер­дің одақ елдері нары­ғы­на өз тау­ар­ла­рын өткізу­ге кең мүм­кін­дік жасай­ды деген даб­ы­ра жел­бу­аз болып шықты.

ЕЭО шең­берін­де Қаза­қстанға шетел­дік кәсі­по­рын­дар­ды, олар­дың өні­мі мен қыз­метін тар­ту, оларға салық мөл­шерін төмен­де­ту шара­ла­ры жасал­ды. Бір қызы­ғы, Қаза­қстан жағы осы одақ көле­мін­де елде­гі шетел­дік ком­па­ни­я­лар­ды кор­по­ра­тив­тік табыс пен жер салы­ғы­нан 10 жылға боса­тып, басқа да қосым­ша мүлік­тік салы­қтарға жеңіл­дік жасап, қорға­штап-ақ бақты. Оның үстіне шетел­дік­тер салған өндірістік нысан­дар­ды пай­да­ла­нуға бер­ген­нен соң, мем­ле­кет олар­дың 30 пай­ыз капи­тал­дық шығы­нын өтеп, шетел­дік жұмыс күшін бір жылға дей­ін шек­те­усіз шақы­руға мүм­кін­дік жаса­ды. Шетел­дік инве­стор­лар­дың салық режи­мінің тұрақты­лы­ғы­на кепіл­дік беру жөнін­де­гі заңға сол кез­де­гі пре­зи­дент Н.Назарбаев қол қойды.

Деген­мен, Қаза­қстан­ның араб елдері сияқты шетел­дік ком­па­ни­я­ларға қатаң талап қой­ып, салы­қты халы­қа­ра­лық кате­го­ри­я­мен төле­ту­ге неге біздің қауқа­ры­мыз жет­пей­ді? Одақ шең­берін­де­гі шетел­дік­тер­ге мүм­кін­дік жасалған­да, отан­дық ком­па­ни­я­лар­дың мүд­десі неге желі­нуі тиіс? Бұл сұрақтар­дың аста­рын­да тағы да ресей­лік билік­тің «тізе баты­рған» мүд­десі жатқа­ны айдан анық.

Мәсе­лен, біздің елде­гі шетел­дік кәсі­по­рын­дарға салы­на­тын салық мөл­шері Бела­русь пен Ресей­ге қараған­да едуәір төмен бол­ды. Енді Қаза­қстан өзінің экс­порт тау­ар­ла­рын Еуро­па неме­се Батыс нары­ғы­на шыға­ру бағы­тын­да да Ресей­ге тәу­ел­ді болып қал­ды. Алға­шын­да біздің билік­те­гілер ЕЭО – Қаза­қстан­ның шетел нары­ғы­на шыға­тын «тере­зесі» бола­ды деп, қоғам­ды алдарқатқан еді.

Бірақ қалай десек те, ЕЭО шең­берін­де­гі нары­ққа жаһан­дық өзгерістер әсер етпей қой­ма­ды. Атап айт­сақ, Баты­стың эко­но­ми­ка­лық санк­ци­я­сы Ресей түгілі, әлем­нің екін­ші эко­но­ми­ка­сы атанған Қытай­ды да шай­қал­тып жатыр. Халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар­дың айтуын­ша, Джо Бай­ден­нің тұсын­да баты­стық санк­ци­я­лар жаңа, бұры­нғы­дан да күшті фор­матқа көшуі әбден мүмкін.

Ал Баты­стың эко­но­ми­ка­лық санк­ци­я­сы­на ЕЭО қар­сы тұруға оның эко­но­ми­ка­лық әле­уеті жет­пей­ді. Себебі бұл одақ аса көп жағ­дай­да эко­но­ми­ка­дан бұрын, шови­ни­стік пиғыл­дағы Ресей­дің мүд­десіне жұмыс жасай­ды. Ал өз кезе­гін­де Ресей­ге салы­нған санк­ци­я­ның сал­мағы Кремль­мен бар­лық тарап­та тығыз бай­ла­нып қалған Қаза­қстан­ды да оңдыр­май­ды. Оның үстіне біз­де­гі өндіріс дай­ын өнім шыға­ру­дан бұрын, бар­лық эко­но­ми­ка­лық сек­тор шикі­зат сауда­ла­у­ға бай­ла­нып қалған. Ал әлем­дік нары­қтағы мұнай­дың құны судың баға­сы­мен теңес­кен жағ­дай­да тұр. Қаз­ба бай­лы­ғы жете тұра, өндірістік әле­уеті нашар ел өзінің ішкі нары­қтық бәсе­кесін қалып­та­сты­ра алмай отыр­са, ол қалай­ша сыр­тқы нары­қтық бәсе­ке­ге шық­пақ­шы? Ішкі нары­қтық бәсе­ке өз дәре­же­сін­де қалып­тас­паған соң, қалай­ша біз одақта өз мүд­де­мізді қорғап қала ала­мыз? Бұл – эко­но­ми­ка­лық абсурд. Міне, сон­ды­қтан да ЕЭО-да сая­си да, эко­но­ми­ка­лық мүд­десі жағы­нан да Ресей­дің басып кетіп оты­рға­ны ап-анық.

Ста­ти­сти­ка­лық агент­тік­тің ақпа­ры бой­ын­ша, ЕЭО нары­ғы­на кір­ген­ге дей­ін­гі (2012 ж.) Қаза­қстан­ның кеден­дік одақ­пен өза­ра сауда­сы 1,4 пай­ы­зға артқа­ны­мен, экс­порт 5,9 пай­ы­зға кеміп кет­кен жағ­дай­да едік. Ал одаққа кір­ген­нен кей­ін­гі Қаза­қстан­ның Ресей­мен сауда­дағы үлесі (2017–2019 жж.) барын­ша төмендеген.Бұл көр­сет­кіш 2012 жылы 17,7 млрд дол­лар бол­са, соңғы жыл­да­ры 12 млрд дол­ларға жетер-жет­пес. Себебі ішкі өндірістік нары­қта эко­но­ми­ка­лық бәсе­ке бол­маған соң, сыр­тқы нары­қта да Қаза­қстан өз пози­ци­я­сы­нан айырылды.

Соңғы бірер жыл­да «жылы жабы­лған» Қаза­қстан­ның ЕЭО құра­мын­да жүріп, Дүни­е­жүзілік сауда ұйы­мы­на кіре­мін деген тал­пы­ны­сы тағы да дал­ба­са. ДСҰ-ға мүше болған әрбір елде мем­ле­кет ішкі нары­қтағы бәсе­ке­ге қабілет­ті жеке ком­па­ни­я­лар мен өндірістік сек­тор­ларға ауыз сала алмай­ды. Еркін нары­қтық бәсе­кені заң­мен қам­та­ма­сыз етіп, жұмыс жаса­уы­на қолай­лы меха­низмдер жасап оты­ра­ды. Бұл өрке­ни­ет­ті елдер­дің ғана тірлігі.

Ал егер біз ДСҰ-ға кір­сек, мынау тоқы­раған одаққа – бір, ДСҰ-ға – екі жал­тақтап, ішкі нары­қты одан ары құл­ды­ра­тып алу қау­пі асқы­на­ды. Біз­де халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі өрке­ни­ет­ті елдер­де­гі сияқты фри­тре­дер­лік сая­сат (мем­ле­кет­тің жеке өндіріс­ке ара­лас­па­уы – Ред.) аты­мен де, заты­мен де жоқ. Эко­но­ми­ка­сы өркен­де­ген капи­та­ли­стік елдер­дің ішкі және сыр­тқы нары­ғы­на сауда еркін­ді­гі мен фри­тре­дер­лік идео­ло­ги­я­лық сая­сат барын­ша ықпал етті. Біз бола­шақта сол саты­ға шық­пай, қуат­ты ел бола алмай­мыз. Ал ЕЭО құра­мын­да бола тұрып, фри­тре­дер­лік идео­ло­ги­я­ны іске асы­ру тіп­ті де мүм­кін емес. Бұл енді тіп­ті басқа әңгіме.

Еура­зи­я­лық одақтың сыр­тқы гео­са­я­си сипа­ты қан­дай деген сұраққа келер бол­сақ, ЕЭО құра­мын­да жүр­ген мем­ле­кет­тер­дің ара­сын­да шынайы достық пен әділ теңдік жоқ екенін, нақты тәу­ел­сіз елдер­де­гі­дей мүд­де бөлінісі бол­май­ты­нын, ЕЭО-ны Баты­стың санк­ци­я­сы тоқы­ра­уға алып келетіні жай­ын­да көп­те­ген аспек­тілер бар. Тәжіри­бе көр­сетіп оты­рған­дай, Батыс (АҚШ пен Еуро­одақ) пост­кеңе­стік елдер­ді эко­но­ми­ка­лық санк­ци­я­мен-ақ бөліп тастай­ды. Себебі шын мәнін­де ЕЭО-ға мүше елдер Ресей­дің ырқы­нан тыс ешқан­дай да эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер­ді шеше алмайды.

Осын­дай қатер­ді алдын ала болжаған Мол­да­ва, Укра­и­на, Гру­зия үше­уі ЕЭО құры­лар алдын­да Еуро­одаққа қарай бет бұрып кет­кен еді. Ресей сол кез­де «жұды­ры­ғын жең ішін­де жасы­рып қалған». Алды­мен Укра­и­на мен Гру­зи­яға тау­ар­лық баж салы­ғын арт­ты­рып таста­ды. Соның сал­да­ры­нан Ресей­дің Укра­и­на­мен ара­дағы сауда қаты­на­сы 23 пай­ы­зға құлаған. Дәл сол кездің өзін­де-ақ ЕЭО бола­шағы­ның бұлы­ңғыр бола­ты­нын эко­но­ми­ка­лық сарап­шы­лар болжап қой­ған еді. Себебі Ресей­дің тізе баты­руы сал­да­ры­нан ЕЭО нары­ғын­да бәрібір еркін сауда айна­лы­мы мен бәсе­ке бол­май­ты­ны болжан­ды. Бұл шын мәнін­де Кеңе­стер Одағы­ның «екін­ші рет құла­уы» деген сарап­шы­лар да болды.

Ал егер АҚШ-тың жаңа әкім­шілі­гі жағ­дай­ын­да ЕЭО-ға қар­сы салы­на­тын Баты­стың санк­ци­я­сы тура­сын­да айтар бол­сақ, Қаза­қстан Ресей­мен бір­ге құжы­раға құла­уы әбден мүм­кін деген дол­бар бар. Мәсе­лен, ЕЭО-ға қар­сы Еуро­одақ мен АҚШ-тың ең алға­шқы тұты­ну тау­ар­ла­ры бой­ын­ша салған санк­ци­я­сы Еура­зи­я­лық одақтың нары­қтық мән-мағы­на­сын өшіріп таста­ды. Себебі Ресей­ге қар­сы Баты­стың санк­ци­я­сын құра­мын­да Қаза­қстан бар ЕЭО-ға қар­сы эко­но­ми­ка­лық санк­ция деп қабыл­дау қажет.

Ал Джо Бай­ден­нің пре­зи­дент­тік тұсын­да бұл санк­ци­я­лар­дың тұза­ғы тіп­тен тары­ла түсуі әбден мүм­кін. Себебі Ресей­ге салы­нған санк­ция кезін­де Кремль Қаза­қстан мен Бела­русь­ті үне­мі қалқан-құр­бан қылып отыр­мақ. Ресей­мен бір­ге санк­ция сал­мағы­нан қай­ы­са­тын да осы екі ел. Ресей әдет­те­гі­дей, санк­ция кезін­де Қаза­қстан мен Бела­русь тау­ар­ла­рын Еуро­па мен Баты­стың нары­ғы­на өткіз­бе­у­ге тыры­са­ды. Соның сал­да­ры­нан Қаза­қстан мен Бела­русь Ресей­мен қатар санк­ци­я­ның ауырт­па­лы­ғын тең көте­реді. Бұл Қаза­қстан мен Бела­русь­тің Еуро­одақ және АҚШ-пен сауда қаты­на­сын­да көп­те­ген келеңсіздік­тер­ді туын­да­та­ды. Бірақ Аста­на мен Минск бәрібір Мәс­ке­умен санк­ция астын­да жұмыс жаса­уға әре­кет­тен­ді. Бұл еке­уі өзінің эко­но­ми­ка­лық әрі сая­си амби­ци­я­сын осы­лай­ша Ресей­дің құр­бан­ды­ғы­на береді. Ал АҚШ пен Батыс бол­са, Ресей­дің «сыбаға­сын» беру жолын­да Қаза­қстан жапа шегеді деп қинал­май­ды. Гло­бал­дық гео­са­я­си соғы­стың жарқын­шағы эко­но­ми­ка­лық әле­уеті әлсіз Қаза­қстан­ды құр­тып тыну қау­пі осы ара­да асқынады.

Кеше ғана пре­зи­дент­тік тағы­на жай­ғасқан АҚШ-тың «су жаңа» пре­зи­ден­ті Джо Бай­ден­нің Washington Post газетіне бер­ген сұх­ба­тын­да: «Ақ Үй Крем­ль­ге қаты­сты бұры­нғы пози­ци­я­сын­да қала­ды және Кремль өткен уақыт­тар­дағы агрес­сив­ті әре­кеті үшін жау­ап береді. Біз Кремль­дің бар­лық қадам­да­ры мен агрес­сив­ті әре­кет­терінің бар­лы­ғын бақы­ла­у­мен кел­дік», – деген еді. Сол сес көр­се­тудің нақты дәлелі – Ресей үшін аса маңы­зды «Сол­түстік ағын» (Север­ный поток) газ құбы­ры жоба­сын жауып тыну бол­ды. Алдағы уақыт­та Ресей­ге кері көзқа­рас­тағы Джо­зеф Бай­ден санк­ци­я­лық соғы­стың жаңа манёврін көр­се­те­ді. Яғни, бұл «санк­ци­я­лық соғы­стың» сал­да­ры Еура­зи­я­лық одаққа, оның ішін­де Қаза­қстанға мін­дет­ті түр­де аяу­сыз ауыр­лық алып келеді.

Еура­зи­я­лық одақ қой­ы­лы­мын­да басты рөл­ді сомда­у­шы гео­са­я­си ойын­шы Ресей мен Путин­нің импе­ра­тив­ті-агрес­си­я­лық сая­си амби­ци­я­сын жан­шу үшін АҚШ бар­лық эко­но­ми­ка­лық тетік­тер қарас­ты­рып отыр. Қаза­қстан мен Бела­русь­тің билі­гі бұл одақтың басты ойын­шы­сы­на жал­тақтап қарап, өзінің сая­си әрі эко­но­ми­ка­лық мүд­десін құр­бан­ды­ққа шалуға мәж­бүр бола­ды. Ал мұн­дай мұқтаж­ды­қтан құты­лу­дың жалғыз ғана жолы бар, ол – Еура­зи­я­лық одақ құра­мы­нан шығу. Бірақ оған тоқа­ев­тық-назар­ба­ев­тық қышыр жете ме, жоқ па – бұл келесі тақы­рып­тың әңгі­месі болмақ.

Бек­бо­лат ҚАРЖАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн