Суббота , 11 октября 2025

Қытай қазақтарын АҚШ НЕГЕ елеусіз қалдырды?

Бұдан бұрын біздің газет­те және басқа да басы­лым­дар­да хабар­ланған­дай, АҚШ Кон­гресінің Өкіл­дер пала­та­сы «Шын­жаң­ның (ұйғыр­лар­дың) адам­дық құқық сая­са­ты жөнін­де­гі заң жоба­сын» біра­уы­здан мақұл­даған еді. Бірақ бұл заң жоба­сын­да қытай­лық гено­цид­ке тап болған қаза­қтар неге атал­ма­ды? Төмен­де­гі жари­я­ла­ным осы сұрақтың төңіре­гін­де сөз қозғайды.

Конгрес­сте­гі демо­кра­ти­я­лық және рес­пуб­ли­ка­лық пар­ти­я­ның өкіл­дері Шың­жаң­дағы адам құқы­қта­ры сала­сын­дағы дағ­да­ры­сты қатаң сынға алып, мұн­дағы адам құқы­қта­рын бұзған лау­а­зым­ды адам­дарға қар­сы санк­ция салу­ды талап етті. Аталған заң жоба­сы Гон­конг­тағы адам құқы­қта­ры мен демо­кра­тия тура­лы заң жоба­сы­нан кей­ін қабыл­данған екін­ші құжат болды.

Заң жоба­сы 407 депу­тат­тың қол­да­уы­мен, бір ғана депу­тат­тың қар­сы­лы­ғы­мен мақұл­дан­ды. Қар­сы дауыс бер­ген – Кен­тук­ки шта­ты­ның өкілі Томас Мэс­си. Ол Гон­конг заң жоба­сын қабыл­даған кез­де де қар­сы дауыс бер­ген бола­тын. Бұл заң жоба­сын АҚШ сена­ты қыр­күй­ек айын­да мақұл­даған еді. Енді оған Трамп 10 күн ішін­де қол қоюы керек.

 Ал осы Шың­жаң­дағы конц­ла­герь мәсе­лесі бой­ын­ша бүкіл әлем­ге ең бірін­ші болып ақпа­рат таратқан – қаза­қтар еді. Оны Аме­ри­ка­дағы қытай демо­кра­ты, мил­ли­ар­дер, дис­си­дент Го Вен­гуй: «Қытай­дағы конц­ла­герь­дің шын­ды­ғын тибет­тік­тер, ұйғыр­лар, қытай демо­крат­та­ры ашқан жоқ, оны ашқан­дар – қаза­қстан­ды­қтар», – деген бола­тын. Яғни, «қаза­қстан­ды­қтар» дегені – Серік­жан Біләш бастаған «Ата­жұрт ерік­тілері» ұйы­мы деген­ді білдіреді.

Еске сал­сақ, «Ата­жұрт» конц­ла­герь­де оты­рып шыққан қаза­қтар­ды, олар­дың туы­сқан­да­рын ұйым­да­сты­рып, заң­ды құжат­тар­мен, нақты дәлел­дер­мен Қытай гено­ци­дін әлем­ге әшке­ре­леді. Осы әшке­ре­леу бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірді.

Ал енді бұл заң жоба­сын­да ұйғыр­лар­дың аты ата­лып, қаза­қтар­дың атал­мауы – Батыс қоға­мы­ның Шың­жаң­дағы қаза­қтар­дың қасіреті тура­лы әлі де толық ақпа­рат біл­мей­тін­ді­гін­де бол­са керек. Екін­ші­ден, 2009 жылғы шіл­де айын­дағы «Үрім­жі қырғы­ны­нан» кей­ін ұйғыр­лар­дың біра­зы Баты­сқа эмми­гра­ци­яға кет­ті, олар­дың шет­те жүр­ген күрес­кер­лері, сая­си бел­сен­ділері өте көп.

Қытай­дағы Іле, Тар­баға­тай, тіп­ті ең шығы­сы Гань­су өлкесін­де­гі Ақсай қазақ авто­но­ми­я­лы ауда­нын­да, Құмыл аймағын­дағы Бар­көл қазақ авто­но­ми­я­лы ауда­ны мен Сан­жы облы­сын­дағы Мори қазақ авто­но­ми­я­лы аудан­да­рын есеп­те­ме­ген­нің өзін­де, Іле-Қазақ авто­но­ми­я­лы облы­сын­да үш аймақ барын, оның әр аймағын­да онға жуық аудан барын Батыс түгілі, Қаза­қстан­дағы қаза­қтар да толық біл­мей­тін бол­са керек. Аны­ғын­да, кар­та­да көр­сетіл­ген­дей (сурет­те), «Шың­жаң» деген жер – Еренқа­бы­рға (Тянь­шань) тауы­мен қақ орта­сы­нан екі­ге бөлі­неді, оңтүсті­гі – ұйғыр­лар­дың жері. Ол жер­де ең үлкен Такла­ма­кан шөлі бар, құм­ның орта­сын­дағы жасыл жер­лер­де ұйғыр­лар өмір сүреді. Оны ежел­ден «Алты шахар» деп атай­ды. Яғни, ұйғыр­лар­дың ежел­гі алты шахары.

Сол­түсті­гін­де – Еренқа­бы­рға тауы мен Май­лы, Жай­ыр тауы, Тар­баға­тай мен Алтай тауы­ның ара­сы­на қаза­қтар қоны­станған. Бұл ежел­гі Үйсін мем­ле­кетінің ата қоны­сы. Ежел­гі Үйсін мем­ле­кетінің жеріне бүгін­де қаза­қтар – негізі­нен керей­лер, най­ман­дар мен уақтар қоны­станған. Жоңға­рия мен Қашқа­рия сапа­ры тура­лы естелік жазған Шоқан Уали­ха­но­втың «Жоңға­рия» деп атаған жері – бүгін­гі Сол­түстік Шың­жаң. Алтай, Іле, Май­лы, Жай­ыр, Сауыр, Тар­баға­тай, Бура­тал, Сай­рам көлі – қаза­қтың жері. Шығы­сын­дағы Гань­су өлкесін­де­гі Алтай қазақ авто­но­ми­я­лы ауда­ны, Бар­көл ауда­ны, Құмыл ауда­ны – қаза­қтың жері.

Ежел­гі Күнес ауда­ны­ның ата­уы – Күн қала­сы бол­са, Текес – Нары­нқол­дағы Текес ауда­нын­дағы өзенн­нің аты: басы Қаза­қстан­нан баста­лып, Қытай жеріне кіріп, қай­та­дан Іле өзені болып, Жәр­кент арқы­лы Қаза­қстан­дағы Балқаш өзеніне құя­ды. Осы­ның бәрі ежел­гі түр­кінің Алтын ордасы!

Осын­дай тари­хи деректер­дің арғы жағын қоя тұрып, тек қана бер жағын айтқан­да, «Жоңға­рия» аталған жер «Шығыс Түр­кістан» деген ата­уға қашан ие болға­ны Ста­лин­нің сая­си айла­кер­лі­гіне бай­ла­ны­сты жағ­дай. Совет Одағы­ның құра­мын­дағы 16 рес­пуб­ли­ка­ның бірі – «Қазақ совет­тік соци­а­ли­стік рес­пуб­ли­ка­сы» бол­са да, 1944 жылы 12 қара­ша­да 90 пай­ы­зын қазақ ұлты құрай­тын өлке­ге қазақ ата­уын қосқы­сы кел­мей, Ста­лин­нің тала­бы­мен «Шығыс Түр­кістан Рес­пуб­ли­ка­сы» деген атпен құрыл­ды. Бұл рес­пуб­ли­ка­дағы әскер­дің құра­мы 90 пай­ыз қаза­қтан жасақталған болатын.

Шығыс Түр­кістан рес­пуб­ли­ка­сы­ның аста­на­сы – Құл­жа қала­сы бол­ды. Оған Совет Одағы қару­мен, қар­жы­мен, кадр сая­са­тын­да – әске­ри офи­цер­лер­мен, гене­рал­дар­мен көмек­те­сті. Кей­ін­нен Ста­лин бұл әске­ри құры­лым­ды Қытай ком­пар­ти­я­сы­на сатып жібер­ді. «Шығыс Түр­кістан» деген ата­уы бар тағы бір рес­пуб­ли­ка­ның болға­нын қала­ма­ды, Ұйғыр­стан деу­ге кел­меді, себебі – ұйғар­лар­дың саны аз болған­ды­қтан, «»Шығыс Түр­кістан» деген дүбә­ра ата­уды ойлап тапқан.

Бұл өңір Еуро­па деректерін­де «Қытай­дың Шығыс Түр­кіста­ны» деп ата­ла­ды. Ал оры­сқа бодан болған түр­кі халы­қта­рын Еуро­па «Рашн Түр­кістан» – яғни «Ресей Түр­кіста­ны» деп атай­ды. «Шығыс Түр­кістан» деген атау өте сирек қолданылады.

Сөй­тіп, 1946 жылы Шығыс Түр­кістан рес­пуб­ли­ка­сы Ста­лин­нің сая­са­ты арқы­лы Қытай­ға саты­ла­ды, ал бас­шы­ла­ры­ның бәрін «әуе ұшағын­дағы апатқа ұшы­ра­ды» деп өлтіріп, Шығыс Түр­кістан­ның Ұлт-азаттық арми­я­сын Қытай­дың қызыл әскеріне қоса­ды. Екі жыл­дың ішін­де бұл рес­пуб­ли­ка жой­ы­ла­ды. Шын мәнін­де, Шығыс Түр­кістан әскері – Шың­жаң­ның 90 пай­ыз тер­ри­то­ри­я­сын азат етіп, бүкіл әскер Манас өзеніне жет­кен­де, олар­ды Ста­лин­нің әскері өзен­нен өткіз­бей­ді. Ішкі Қытай­дан Мао Цзе Дун жібер­ген Лау Жың деген гене­рал арып-ашып, құм­нан өтіп, Чан Кай­ши мен Гомин­даң әскері қашып кетіп, қаңы­рап бос қалған Үрім­жіні Шығыс Түр­кістан әскерінің жау­лап алуы­на Ста­лин жол бер­мей­ді. Лаң Жың келіп, Үрім­жіні алып, Шығыс Түр­кістан рес­пуб­ли­ка­сы түбірі­мен жоғалады.

Тарих­тағы осы ақтаң­дақты енді аме­ри­ка­лы­қтар қай­та­лап, «Ұйғыр адам құқы» деген заң жоба­сын мақұл­да­ды. Егер бұл жоба іске асса, әлем­де­гі ұйғыр халқы­ның мәр­те­бесі бейне бір Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­ста гено­цид­ке ұшы­раған еврей­лер­мен теңе­седі. Батыс қоға­мын­дағы еврей­лер­дің адам құқы, сая­си-эко­но­ми­ка­лық жағы­нан, құқы­қтық мәр­те­бе тұрғы­сы­нан берілетін жеңіл­дік­тер ұшан-теңіз. Әрі оларға жаса­ла­тын әрбір қия­нат халы­қа­ра­лық заң­мен қуда­ла­на­ды. Осы тари­хи құжат арқы­лы халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтың қол­да­уы­на ие болады.

Осы мәсе­лені ескер­се, Қытай конц­ла­герін­де­гі қыл­мыстың 90 пай­ы­зын дәлел­ді құжат­пен, дерекпен әлем­ге әшке­ре­ле­ген қаза­қтар неге еле­усіз қалған? Түр­ме­ден қор­лық көріп, кей­ін азатты­ққа шығып, Қытай гено­ци­дін әлем­ге әшке­ре еткен­дер­дің 99 пай­ы­зы – қаза­қтар. Ұйғыр­лар­дан куә­гер болған – небәрі үш-ақ адам. Қалған жүз­де­ген куә – қаза­қтар. Енде­ше олар неге елен­бей қала­ды? Қаза­қстан­ның тұрғы­сы­нан қарап, Шың­жаң ұйғыр­лар­дың жері бол­сын деген АҚШ-тың ішкі есебі ме?

Егер бола­шақта Қытай өз іші­нен ыды­рап, ұлт­тық-тер­ри­то­ри­я­лық тұрғы­да бөлі­нер бол­са, мұн­дағы қаза­қтар мем­ле­кет­сіз, жеке тер­ри­то­ри­я­сыз қалуы мүм­кін. Қытай­дан қор­лық көр­ген тибет­тік­тер мен моңғол­дар, бір-бірі­мен мәж­бүр­лі түр­де бірі­гіп оты­рған Гуан Дун, Шан­хай, т.б. про­вин­ци­я­ла­ры тәу­ел­сіздік алып, бөл­шек­те­летін бол­са, Орта Ази­яда аме­ри­ка­шыл ұйғыр мем­ле­кеті құры­лып, Шығыс Түр­кістан­дағы 3 мил­ли­он қаза­қтың құқы тап­тал­май ма? Мұн­дай мүм­кін бола­шақ гео­са­я­си жік­те­лу­ге Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның билі­гі қан­ша­лы­қты дай­ын? Ақор­да­ның сыр­тқы сая­са­тын­да мұн­дай стра­те­ги­я­ның бола­шағы болжа­нып, Қытай­дың жік­те­луіне мем­ле­кет­тік тұрғы­да ара­ла­су мүм­кін­дік­тері қарас­ты­ры­лып жатыр ма?

Тағы да «егер» деп болжам жасай­тын бол­сақ, Қытай өз іші­нен ыды­ра­уға ұшы­раған жағ­дай­да Шың­жаң аймағы­на кіретін қаза­қтар өз мүм­кін­дік­тері­мен жер бөлі­су, жеке мем­ле­кет құру ісіне ара­ла­са алмай­ды. Себебі ұйғыр­лар сияқты, қытай қаза­қта­ры­ның артын­да АҚШ тұрған жоқ. Ал қытай қаза­қта­ры­ның бүгін­гі бір­ден-бір тіре­гі – Қаза­қстан билі­гі қытай­лық сая­сат тұрғы­сын­да пас­сив­тік рөлде.

Аны­ғын­да, гео­гра­фи­я­лық кар­та бой­ын­ша, бүкіл Шың­жаң тер­ри­то­ри­я­сы­ның 40 пай­ы­здан астам қаза­қтар мекен­дей­тін жері – Шың­жаң­ның сол­түсті­гін­де. Ал оңтүстік тұта­сы­мен құм­ды аймақ болған­ды­қтан, адам өмір сүру­ге пай­да­лы өзен­дер мен көл­дер ең шұрай­лы жер – Сол­түстік Шың­жаң өлкесі, сол жер­лер­де 90 пай­ыз қазақ ұлты қоны­станған. Ал егер Қытай­дың ыды­рау мүм­кін­ді­гі шын­ды­ққа айналған кез­де бұл өлке АҚШ-тың қол­да­уы­мен ұйғыр мем­ле­кетінің құра­мы­на кіріп кету қау­пі туа­ды. Бұны Ақор­да билі­гі бүгін­нен еске алып отыр ма, жоқ па – бұл, әрине, астыр­тын сая­сат­тың әңгі­месі. Бірақ қазақ қоға­мы бұл сая­сат­ты үне­мі Ақор­да­ның есіне салып, Шың­жаң­да Қаза­қстан­ның бола­шақ үлесі барын ескер­тіп оты­руы тиіс.

Иә, осы Сол­түстік Шың­жаң жерін тұта­сы­мен ұйғы­рға теліп тастау – Аме­ри­ка­ның бір мақ­са­ты ма? Ұйғыр бел­сен­ділері сияқты, ол жер­де 3 мил­ли­он қаза­қтар өмір сүретінін Баты­стың наза­ры­на ілін­ді­ре алма­дық па? Әлде Қытай­дағы қаза­қтар­дың құқын қорға­у­шы­лар­ды қазақ билі­гі сот­тап, қуда­лап, үнін өшір­ген соң, ол жер­де қаза­қтың барын Батыс біл­мей қал­ды ма? Әлде Қытай­дың бола­шақ бөл­шек­те­лу мүм­кін­ді­гі сая­са­тын­да Ақор­да қытай­лық билік­тің жағын­да қала ма? Қытай мен АҚШ ара­сын­дағы текетіре­сте қаза­қстан­дық билік жеке ұлт­тық-қаза­қтық мүд­де тұрғы­сын­дағы үшін­ші жол­ды ұста­нып отыр ма?

Бұл сұрақтар қытай қаза­қта­ры үшін ғана емес, Қаза­қстан­ның Қытай­ға қаты­сты сыр­тқы сая­са­тын­дағы үлкен бір бағыт болға­ны жөн еді. Қалай болған­да да, АҚШ кон­гресін­де қабыл­да­нып жатқан «Ұйғыр адам құқы» заң жоба­сы­на Қаза­қстан­ның ықпал ете алмауы – Ақор­да­ның сыр­тқы сая­сат­тағы үлкен қателі­гі бол­са керек. Осы заң жоба­сын­да қаза­қтар­дың еле­усіз қалуы – үлкен тари­хи қателік болды.

Есенәлі НҰРТӨЛЕУ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн