Суббота , 5 июля 2025

«ШАЛ, КЕТ!» – Тәуелсіздік күнінің ҰРАНЫ БОЛДЫ

Қаза­қстан қоға­мы үшін мем­ле­кет тәу­ел­сізді­гін жари­я­лаған мере­ке күні ретін­де атап өтілетін жел­тоқ­сан­ның 16-сы ел тарихын­да болған тағы екі оқиға­мен маңы­зды: бірі – 86-ның көтерілісі; екін­шісі – Жаңаө­зен­де­гі 2011-дің қырғы­ны. Еке­уін­де де қан төгіл­ді, еке­уінің де қасіреті күні бүгін­ге дей­ін созы­лып келеді. Енде­ше бұл «16» мере­ке­ден бұрын, аза тұту күні екені дау­сыз. Жел­тоқ­сан­ның кеше­гі 16-сын­да алаңға шыққан қалың қауым безер­ген билік­ке кезек­ті рет осы­ны ескертті.

Бұл күні Алма­ты­дағы Рес­пуб­ли­ка алаңын­да тәу­ел­сіздік мону­мен­тіне тағ­зым етіп, гүл қою­дың нешетүр­лі рәсі­мі өтті. Таң атпас­тан, Алма­ты қала­сы­ның әкім­гер­лері алаңға барға­нын, мону­мент­тің ете­гіне көгіл­дір лен­та­мен көм­керіл­ген гүл­де­сте қой­ға­нын желінің жедел хаба­ры­нан біл­дік. Олар­дың қала жұрт­шы­лы­ғын құт­ты­қтаған-құт­ты­қта­маға­ны ешкім­ге бел­гісіз, әйте­уір алаң­ды жан-жағы­нан поли­ция жасақта­ры қор­шап тұрға­нын ерте жары­қта көлік жүр­гі­зу­шілер көрген.

Күн түскі сағат 12-ге қарай ауған­да, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Төле­ген Жүке­ев пен жас сая­сат­кер Жан­бо­лат Мамай бастап, олар­ды қоштаған қоғам өкіл­дері, бел­сен­ді аза­мат­тар Тәу­ел­сіздік мону­мен­тіне тәу етіп, гүл шоқта­рын қой­ды, Жел­тоқ­сан мен Жаңаө­зен құр­бан­да­ры­на құран бағы­шта­ды. Соңы­нан жиы­лған жұрт­тың алдын­да «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сын» құру жөнін­де­гі баста­ма­шыл топ жетек­шісі, сая­сат­кер Жан­бо­лат Мамай: «Қаза­қстан­ның Тәу­ел­сіздік күні 16 жел­тоқ­сан емес, 25 қазан. 16–17 жел­тоқ­сан мере­ке емес, ұлт­тық аза тұту күні болу керек. Бұл күні біз 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісінің және 2011 жылғы Жаңаө­зен құр­бан­да­рын еске алуы­мыз керек. Бұл – ешқан­дай да Тәу­ел­сіздік күні емес. Назар­ба­ев та, Тоқа­ев та осы алаңға келіп, боздақтар­дың рухы­на тағ­зым етуі керек. Одан кей­ін­гі басты мәсе­ле – Шың­жаң­нан келіп, Қаза­қстан­нан пана сұраған екі этни­ка­лық қазақ – Қастер Мұса­ханұ­лы мен Мұра­гер Әлі­мұлын Қытай­ға бер­меу керек. Мем­ле­кет­тік шека­ра­ны заң­сыз кесіп өткен деген айып тағы­лған еке­уі қазір Шығыс Қаза­қстан облы­сын­да тер­геу изо­ля­то­рын­да қамауда отыр. Осы екі аза­матқа ара­ша түсе­міз», – деді.

Рес­пуб­ли­ка алаңы­на кел­ген аза­мат­тар Жел­тоқ­сан мен Жаңаө­зен оқиға­ла­ры­на әлі ресми түр­де шынайы баға беріл­ме­генін, кінәлілер­дің жаза­лан­баға­нын айт­ты. «30 жылғы бос сөз­ден шар­ша­дық, өмір­ді жақ­сар­ту­ды талап ете­міз!», «Сая­си тұтқын­дар боса­тыл­сын!» деп талап еткен­дер бол­ды. Олар­мен сөз тала­сты­рған енді бір топ билік­тің айтақта­уы­мен қазір шетел­де қуғын­да жүр­ген оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Мұх­тар Әбі­ля­зо­вты айып­та­удан ары­ға аса алма­ды. Ескерт­кіш алды­на жиналған ондаған адам жел­тоқ­сан­ның 16-сы – қасірет­ті күн екенін, 1986 жылы дәл осы күні Алма­ты­да совет­тік Қаза­қстанға бел­гісіз адам­ды бас­шы етіп тағай­ын­даған Мәс­ке­удің шеші­міне қар­сы шыққан жастар­дың бей­біт шеруін және 2011 жылы Маңғы­стау облы­сын­дағы Жаңаө­зен қала­сын­да мұнай­шы­лар­дың еңбек жағ­дай­ын жақ­сар­ту тала­бы­мен бір­не­ше ай бойы өткізіп тұрған бей­біт ере­уілін билік күшпен басып-жан­шып, көп адам мерт болға­нын еске алды.

Бұдан кей­ін «Oyan, Qazaqstan!» жастар қозға­лы­сы­ның бел­сен­ділері Тәу­ел­сіздік мону­мен­ті жанын­да сапқа тұрып, «Назар­ба­ев­сыз Қаза­қстан», «Түр­ме­ге қараған­да еркін­дік күштірек», «Сөз бостан­ды­ғы болуы керек» деп жазы­лған пла­кат­та­рын жай­ып, «Елге өзгеріс керек, сая­си рефор­ма қажет» деп ұран­дат­ты. Олар соны­мен бір­ге «Ұмы­тыл­мас 1986, 2011», «Авто­ри­та­риз­мнен – көк­тем­ге», «Жастарға жол беріңіз­дер» деген жазуы бар пла­кат­тар ұстап тұр­ды. Елде сая­си рефор­ма­лар жүр­гізу­ге және пре­зи­дент­тік билік түрі­нен пар­ла­мент­тік басқа­руға көшу­ге шақы­рып жүр­ген жастар «Оян, Қаза­қстан!», «Назар­ба­ев­сыз Қаза­қстан!» деп айғайлады.

Осы жастар­дың ара­сы­нан бір бел­сен­ді қыз ерекше леп­пен сөз сөй­ле­генін естіп, дик­то­фонға түсіріп алдық: «Біз алаңға құқы­ғы­мыз бен бостан­ды­ғы­мыз үшін күрес­ке дай­ын екені­мізді айтуға шықтық. Назар­ба­ев режи­мінің зұлым­ды­ғы­мен күрес­ке дай­ын­быз. Елде­гі билік ауы­суы керек. Бір адам­ның дик­та­ту­ра­сы аяқта­лар кез кел­ді. Билік бөл­шек­тел­ген әрі шек­те­улі болуы тиіс. Билік­те оты­рған­дар ғана емес, әрбір қаза­қстан­ды­қтың еңбек етіп, баюы­на мүм­кін­дік беретін әділ эко­но­ми­ка­лық сая­сат­ты қалай­мыз. «Ойын ере­же­сі» қай­та қара­лып, билік­тен тәу­ел­сіз биз­нес эко­но­ми­ка­мы­здың тіре­гіне айна­луы қажет. Мем­ле­кет­тің қолын­дағы биз­нес қоғам­ды тұқыр­тып, тәу­ел­ділік пен жемқор­лы­ққа себеп бола­ды», – деді өр мінезі өжет сөзі­нен көрін­ген қыз. Кей­ін­нен біл­ген ақпа­ра­ты­мыз бой­ын­ша, бұл қызды поли­ция ұстап, әкім­шілік сотқа тар­тқан. Ал сот қан­дай жаза қол­данға­ны біз­ге әзір­ге белгісіз.

Еске сала кету керек: сти­хи­я­лық түр­де өткен бұл митин­гілер­де «Шал, кет!» деген ұран ашық аспан астын жаңғыр­тып жат­ты. Бұрын­да­ры жеке жер­де неме­се әле­умет­тік желілер­де ғана айты­ла­тын «Шал, кет!» тала­бы бұл жолы бір­не­ше минут­тарға созы­лған, көп­шілік­тің алаң­ды жарған бір­лес­кен дауы­сы­на айналды.

Дәл сол сәт­те Сәт­ба­ев пен Жел­тоқ­сан көше­сінің қиы­лы­сын­дағы Жел­тоқ­сан құр­бан­да­ры­на арналған ескерт­кі­штің маңы­на жиналған жұрт та митинг өткізіп, «Бостан­дық!», «Мы здесь власть!», «Оян, қазақ!» деп ұрандатты.

Бұл митин­гілер аға буын өкіл­дері аға­лар мен апа­лар­дың бел­сен­ділі­гі­мен ерекше­лен­ді. Олар­дың батыл­ды­ғы кей­ін­гі кез­дері өздерін «жаңа оппо­зи­ция» атаған жастарға жігер бер­ген­дей бол­ды. Осы тұрғы­дан кел­ген­де, «кәрілер­дің» кетуі әлі ерте­рек сияқты көрінді.

Бір қызы­ғы – осы митин­гінің өтуін билік­тің өзі қалай қол­дап кет­кен­дерін біл­мей қалған сияқты. Мұх­тар Әбі­ля­зо­втың «ҚДТ» қозға­лы­сы­на, Жаңаө­зен оқиға­сын алға тар­та­тын­дарға қар­сы тұр­мақ ниет­пен Жел­тоқ­сан ескерт­кі­шінің алды­на «аяқ­сын­ды­рғыш», «жақай­ы­рғыш» Талғат Рысқұл­бе­ков пен жел­тоқ­сан­дық Гүл­бахрам Жүні­со­ва­ның бірер нөкер­лері кел­ген екен. Бұл топ­тың «тұлға­сы» Талғат болған­дақтан, оның артын­да билік­тің жан­дай­шап­та­ры тұрға­ны айт­па­са да түсінік­ті жәйт еді. Олар «Әбі­ля­зов – сатқын!» деп айғай­ға бас­пақ болған кез­де тап орта­да жүр­ген ақ жаулы­қты апа жан­да­ры­на келіп: «Назар­ба­ев – сатқын!» деп, бастыр­ма­ла­та дауы­ста­ды. Ешкім бұларға мән бер­ме­ген соң, Қай­рат­тан садаға кет­кір Талғат Рысқұл­бе­ков митин­гілет­кен топ­тың орта­сы­на қарай кіріп: «Әбі­ля­зов – шай­тан!» дей бер­ген кез­де жиналған топ оны «нұр­бот», «аран­да­ту­шы» деп, орта­дан ығы­сты­рып шыға­рып тастады.

Ара­да біраз уақыт өткен­де мону­мент маңын­дағы адам­дар да, поли­цей­лер де молая түсті. Жиы­лған топ бұл жер­де бірер сағат бойы ұран көтеріп, Қаза­қстан­ның ескі әнұра­ны шырқал­ды. Жиналған­дарға про­ку­ра­ту­ра өкілі қай­та­дан келіп, жиын­ның заң­сыз екенін хабар­ла­у­ға тыры­сқан, алай­да оның сөзі айқай-шу мен нара­зы­лар ысқы­ры­ғы­нан естіл­меді. Тағы бір­ша­ма уақыт­тан кей­ін шеру­шілер­дің қасы­на Алма­ты қала­сы поли­ция депар­та­мен­тінің басты­ғы Серік Күде­ба­ев кел­ді. Оның мұн­да неғып жүр­геніне ешкім мән бер­мей, итпісің-кісі­місің деген адам болмады.

Шама­мен сағат түскі 3‑терде 200-ден астам адам алаң­ды тастап, Жел­тоқ­сан көше­сі­мен сап түзіп, ысқы­рып, ұран­да­тып келе жат­ты. Топ­ты «Назар­ба­ев­сыз Қаза­қстан» пла­ка­тын жай­ып ұстаған «Oyan, Qazaqstan!» бел­сен­ділері бастап жүр­ді. Оларға көше бой­ын­дағы поли­цей­лер мен авто­бу­стар (авто­зак) ілесіп отыр­ды. Өзге поли­цей­лер шерудің алдын тосып, шеруді бөгей баста­ды. Митин­гі­ге шыққан­дар Төле би көше­сінің бой­ын­дағы «Аста­на» алаңы­на бару үшін күт­пе­ген жер­ден Қара­сай көше­сі­мен жап­сар­лас жатқан Абы­лай хан даңғы­лы­на бұрыл­ды. Абы­лай хан­ның бой­ын­да қол­ты­қ­тасқан поли­цей­лер жол­ды бөге­мек бол­ды. Алай­да қалың топ­тың екпіні поли­цей­лер­ді жарып өте шықты.

Бұдан кей­ін алдын ала дай­ын тұрған арнайы жасақ шеру­лет­кен­дер­ді шеті­нен ұстап алып, авто­бу­сқа тией баста­ды. Әркім әр жаққа қашпақ болға­ны­мен, жан-жақтан жабы­ла жүгір­ген қалың жасақтың қолы­на түсті. Абы­лай хан мен Қара­сай батыр көше­сінің бұры­шын­да «СОБР» жасақта­ры оншақты адам­ды жел­ке­лері­нен сүй­реп, аяқ-қол­да­рын жер­ге тигіз­бей, авто­бу­старға тиеп әкет­ті. Кей­ін­нен «Oyan, Qazaqstan!» қозға­лы­сы­ның бір­не­ше бел­сен­дісін поли­ция ұстаға­ны бел­гілі бол­ды. Жас бел­сен­ділер қатар­ла­ста­ры жай­лы қан­дай да бір ақпа­рат алу үшін, Медеу аудан­дық поли­ция басқар­ма­сы­на жинал­ды. Аудан­дық поли­ция басқа­ра­ма­сы басты­ғы­ның орын­ба­са­ры Дәу­рен Керім­ба­ев ұсталған­дар жай­лы мар­дым­ды ақпа­рат бермеді.

PS. Күні өтіп бара жатқан Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың билік­тен кетуін талап еткен­дер «Шал, кет!» деп ұран­дат­са, талап ету­шілер­ді ұстап алып, сотқа сүй­ре­ген – жаңа пре­зи­дент Тоқа­ев­тың «шабар­ман­да­ры». Сон­да ел кім­ге сенеді?

Алаңға кел­ген көп­шілік­тің Мұх­тар Әбі­ля­зо­втың митин­гі­ге шақы­рға­ны­нан хаба­ры жоқ екенін біл­дік. Елде­гі әле­умет­тік әділет­сіздік пен тұр­мыс тауқы­меті титы­қтатқан­дар мен сая­си рефор­ма­лар жаса­уды қол­дай­тын­дар­дың ара-жігі тең­бе-тең сияқты.

Топ­та­ма­ны дай­ын­даған – Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ, «D»

АМЕРИКАДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Жаңаөзен мен Желтоқсан құрбандарын еске алды

15 желтоқсанда (Қазақстан уақыты бойынша 16 желтоқсан түнде) АҚШ-тың Нью-Йорк және Сан-Франциско қаласында бір топ қазақстандық Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғасын еске алды.

Өздерін FreeKazakhs (Еркін қаза­қтар) ұйы­мы деп атай­тын АҚШ-та тұра­тын бір топ қаза­қстан­дық Нью-Йорк­те­гі қар­сы­лық акци­я­сын­да Кон­сти­ту­ци­я­ны өзгер­туді, билік­те рефор­ма жаса­уды, пре­зи­дент­тік басқа­ру­дан бас тар­тып, пар­ла­мент­тік басқа­ру жүй­есін құру­ды, Кеден­дық одақ, Еура­зия эко­но­ми­ка­лық одағы­нан шығу­ды талап етті. Жиналған­дар Қаза­қстан мен Ресей қарым-қаты­на­сы­на қар­сы шықты. Олар қар­сы­лық акци­я­сы кезін­де қол­да­ры­на адам қолы­нан қаза тапқан сая­сат­кер Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев пен Заман­бек Нұрқа­ді­ло­втің, Жел­тоқ­сан оқиға­сын­да құр­бан болған Қай­рат Рысқұл­бе­ков пен Ләз­зат Аса­но­ва­ның фото­ла­рын ұстап тұрды.

Сан-Фран­цис­ко­дағы Union Square маңын­дағы шараға АҚШ-та тұрып жатқан қаза­қстан­ды­қтар қаты­сып, олар 2011 жылғы Жаңаө­зен оқиға­сы­на Қаза­қстан билі­гін айып­та­ды. Жиналған­дар билік­тен сая­си және демо­кра­ти­я­лық рефор­ма­лар жаса­уды, Жаңаө­зен оқиға­сы­на лай­ы­қты баға беруді талап етті. Олар қол­да­ры­на АҚШ-қа көшіп кет­кен қаза­қстан­дық сурет­ші Қанат Ибра­ги­мо­втің сурет­теріне негіз­дел­ген пла­кат­тар ұстап тұр­ды. Онда Қаза­қстан­ның экс-пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев, оның үлкен қызы Дариға Назар­ба­е­ва және қазір­гі пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев бей­не­лен­ген. Жиналған­дар Қаза­қстан­ның шынайы тәу­ел­сізді­гін қалай­тын­да­рын, «дик­та­ту­раға қар­сы екен­дерін» айтты.

Azattyq.org

АЗА КҮНІ – жаза күніне АЙНАЛДЫ

Аста­на. 1930 жыл­да­ры совет өкі­метінің жүр­гіз­ген сая­са­ты сал­да­ры­нан қазақ дала­сын­да болған Ашар­шы­лық құр­бан­да­ры­на орна­ты­лған ескерт­кі­штің алды­на жина­лып, 1986 жылы Алма­ты­да және 2011 жылы Жаңаө­зен­де болған қай­ғы­лы оқиға­лар­да құр­бан болған­дар­дың рухы­на құран бағы­шта­ды. Қолы­на «Жел­тоқ­сан – Жаңаө­зен! Ұмыт­пай­мыз, кешір­мей­міз!» деген жазуы бар пла­кат ұстаған әйел адам «болған жайт­тың бар­лы­ғын айтуға жасқан­ба­уға және қоры­тын­ды жаса­уға» шақыр­ды. Акци­яға қаты­су­шы­лар­ды поли­ция сырт­тай бақы­лап тұр­ды. Билік өкіл­дері бұл шара­ның заң­сыз екенін мәлім­деп, жиналған­дар­дың тара­уын талап етті. Бірақ нара­зы­лар тара­ма­ды. Алай­да өз талап­та­рын жет­кі­зу үшін Ақор­даға бет алған нара­зы топ діт­те­ген жер­ге жете алмады.

Жер­гілік­ті уақыт­пен сағат түскі 2‑нің шама­сын­да ондаған нара­зы Қытай елшілі­гінің қасы­нан өтіп, үкі­мет ғима­рат­та­ры тұрған алаңға бет түзеді. Шеру басталған сәт­те оларға поли­ция жасағы, жур­на­ли­стер мен басқа да бақы­ла­у­шы­лар ілесіп жүр­ді. «Сая­си тұтқын­дар боса­тыл­сын!», «Бостан­дық!» деп айғай­лаған топ Сарай­шық көше­сі­мен кетіп бара жатқан кез­де поли­ция жасағы олар­ды жап­пай ұстап, авто­бу­сқа күш­теп салып, алып кетті.

Бұдан бір күн бұрын – 15 жел­тоқ­сан­да Бас про­ку­ра­ту­ра Тәу­ел­сіздік күні рұқ­сат етіл­ме­ген митин­гі­ге шыққан­дар «заңға сәй­кес жау­а­пқа тар­ты­ла­ты­ны» тура­лы ескер­ту таратқан еді. Бірақ бұл күні алаңға шыққан жұрт­шы­лық Бас про­ку­ра­ту­ра­ның тала­бы­на пысқы­рып та қарамады.

Алма­ты. Аза­мат­тық бел­сен­ді апа Сақып Жаңа­ба­е­ва­ның хабар­ла­у­ын­ша, Алма­ты­да поли­ция Бағи­ла Нұрға­ли­е­ва, Мәди­на Хабибул­ла мен Рашид Хабибул­ла­ның (түр­ме­де жаза­сын өтеп жатқан дис­си­дент ақын Арон Ата­бек­тің бауы­ры) ұсталға­ны тура­лы хабарлады.

Шым­кент. Мұн­да орта­лық алаңға жиналған­дар 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісін­де және 2011 жылы Жаңаө­зен қырғы­нын­да қаза тапқан­дар­ды еске алды. Жел­тоқ­сан қаһар­ма­ны Қай­рат Рысқұл­бе­ко­втың құр­метіне ілін­ген тақта­ның алды­на гүл қоюға бара жатқан жер­гілік­ті бел­сен­ді Дәу­лет Насы­рұлын поли­ция аял­да­ма­да тұрған жері­нен ұстаған. Қала тұрғы­ны Жақ­сы­лық Қай­ы­ро­вты да Қай­рат­тың ескерт­кіш тақ­та­сы алды­на барған кез­де ұстап, поли­ци­яға әкет­кен. Жер­гілік­ті бел­сен­ді Өмір Шыны­бекұлын үйінің сыр­тын­да жек­сен­бінің кеші­нен бастап поли­ция күзетіп тұрған.

Ақтау қала­сын­да да бел­сен­ділер­ді поли­ция бақы­ла­у­ға алға­ны тура­лы әле­умет­тік желі­де тіке­лей транс­ля­ция жасаған аза­мат­тық бел­сен­ді Айгүл Ақбер­дінің жаз­ба­сы­нан хабар­дар болдық.

Қараған­ды қала­сын­да учас­келік инспек­тор поли­ция бөлі­міне «әңгі­ме­ле­су­ге» шақы­рып жатқа­нын айтып, жер­гілік­ті бел­сен­ді Мұрат Жиым­ба­евқа шақы­ру қаға­зын тап­сы­рған. «Шақы­ру қаға­зы­на мөр соғыл­маған» дей­ді белсенді.

Орал­да дүй­сен­бі күні таңер­тең жер­гілік­ті «Ураль­ская неде­ля» газетінің редак­то­ры Лұқ­пан Ахме­дь­я­ро­вты поли­ция бөлім­ше­сіне әкет­кен. Поли­ци­я­ның айтуын­ша, тер­ге­уші «бір қыл­мыстық іс бой­ын­ша бөлім­ше­ге жет­кізу­ге тап­сы­рған-мыс», жур­на­лист өзін қан­дай іске қаты­сы бар екенін нақты біл­мей­ді. Бір­не­ше сағат­тан соң босатылған.

Ақтө­бе­де поли­ция бір­не­ше жер­гілік­ті бел­сен­дінің үйін ара­лап, дүй­сен­бі күні поли­ция бөлім­ше­сіне келуді талап еткен шақы­ру қаға­зын тап­сыр­ды. 16 жел­тоқ­сан­да түстен кей­ін Ашар­шы­лық құр­бан­да­ры­на арналған ескерт­кіш маңы­нан поли­ция жер­гілік­ті бел­сен­ді Алты­най Тук­си­ко­ва­ны ұстаған. Бұл ақпа­рат­ты «Азаттық» тіл­шісіне жер­гілік­ті бел­сен­ділер­дің бірі Әлі­бек Мол­дин хабар­ла­ды. Оның айтуын­ша, жанын­да кіш­кен­тай ұлы бар Алты­най Тук­си­ко­ва­ны поли­ция ұстап әкеткен.

Рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша ұсталған­дарға қаты­сты толық мәлі­мет әзір­ге бел­гісіз. Ал Алма­ты мен аста­на­да жау­а­пқа тар­ты­лған­дар­дың редак­ци­яға келіп түс­кен толық емес тізі­мі мынадай:

1. Болат­бек БІЛӘЛОВ – 15 тәулік. Астана

2. Дулат АҒАДІЛ – 15 тәулік. Астана

3. Серік АСҚАРОВ – 15 тәулік. Астана

4. Қуат УӘЛИЕВ – 10 тәулік. Астана

5. Бақдәу­лет ӘЛІБЕКОВ – айып­пұл 20 АЕК. Алматы

6. Дина­ра МҮБАРАК – айып­пұл 20 АЕК. Астана

7. Айнұр Мыр­за­ли­е­ва – айып­пұл 20 АЕК. Астана

8. Әсия БАҚАЕВА – айып­пұл 100 АЕК. 30% азай­ты­лған. Астана

9. Сал­та­нат БАРЫҚБАЕВА – айып­пұл 50 АЕК. Астана

10. Анна ШУКЕЕВА – айып­пұл 50 АЕК. Астана

11. Рим­ма ТҮЛЕБАЕВА – айып­пұл 50 АЕК. Астана

12. Аль­берт ИБРАЕВ – айып­пұл 20 АЕК. Астана

13. Диа­на МҰХАМЕТОВА – айып­пұл 50 АЕК. Алматы

14. Роза МҰСАЕВА – айып­пұл 50 АЕК. Астана

  •  Деректер әле­умет­тік желі­де­гі жаз­ба­лар­дан жинақталды.

Сурет­тер Azattyq.org веб-сай­ты­нан алынды.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн