Суббота , 5 июля 2025

ЖАҢАӨЗЕН ЖЕНДЕТІ қылмысы үшін жазаға тартылуы тиіс!

Өткен сен­бі – 14 жел­тоқ­сан күні Алма­ты­ның төрін­де Жел­тоқ­сан мен Жаңаө­зен құр­бан­да­ры­на арна­лып ас беріліп, құран оқыл­ды. Жүрек­ке қоным­ды иман­ды шара­ны бел­гілі жас қай­рат­кер Жан­бо­лат Мамай­дың жетек­шілі­гі­мен Демо­кра­ти­я­лық пар­тия құру­шы баста­ма­шыл топ ұйым­да­стыр­ды. Екі жүз­ге жуық адам қаты­сқан жиы­нға алма­ты­лық зия­лы қауым өкіл­дері, оппо­зи­ция арда­гер­лері мен аза­мат­тық бел­сен­ділер­дің жас буы­ны­нан бөлек, Жаңаө­зен оқиға­сы­на тіке­лей қаты­сы бар мұнай­шы­лар мен Қаза­қстан­ның бірқа­тар аймақта­ры­нан кел­ген өкіл­дер қаты­сты. Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның құры­луын қол­даған Қаза­қстан­ның халық жазу­шы­сы, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты Қаб­деш Жұма­ді­лов, «Алаш» халы­қа­ра­лық сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, бел­гілі қай­рат­кер-жазу­шы Софы Сма­тай және қазақ оппо­зи­ци­я­сы­ның оғы­ла­ны Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы жиын­ның төралқа­сын­да отырды.

Астың алдын­дағы «Жаңаө­зен қан­ды қырғы­ны­на – 8 жыл» атты құры­лу үстін­де­гі Демо­кра­ти­я­лық пар­тия жиы­ны­ның ресми оты­рыс бары­сын­да Қаза­қстан­ның жаңа тарихын­да қан­ды ізін қал­ды­рған Жаңаө­зен қырғы­ны­на бай­ла­ны­сты батыл баста­ма­лар көтеріліп, сырт елдер­де­гі қаза­қтар­дың тағ­ды­ры, олар­ды елге көші­ру мәсе­лесін­де­гі түйт­кіл­дер жай­лы сөз өрбіді. Пар­тия құру жөнін­де­гі баста­ма­шы­лар­дың Алма­ты қала­лық шта­бы құрылды.

Бұдан бөлек, жас жазу­шы Рыс­бек Дәбей­дің Жаңаө­зен қасіретін сипаттай­тын туындысы – «Қоңыз» рома­ны­ның тұса­у­ке­сері өтті. Осы алқа-қотан оты­ры­ста ашы­на айты­лған тақы­рып­тар­дың ықшам­далған нұсқа­сын оқыр­ман наза­ры­на ұсы­нып отыр­мыз. (Сөй­ле­ушілер қата­ры көп болған­ды­қтан, бар­лы­ғын тегіс жари­я­ла­удың мүм­кін­ді­гі болмады).

Жиын­ды Демо­кра­ти­я­лық пар­тия құру баста­ма­шыл тобы­ның жетек­шісі Жан­бо­лат Мамай ашып, Жел­тоқ­сан мен Жаңаө­зен құр­бан­да­ры­на тағ­зым етіп, бір минут­тық үнсіздік жариялады.

Жанболат МАМАЙ: Билік біздің бірлігімізден ҚАТТЫ ҚОРҚАДЫ

«Бүгін­гі жиы­ны­мы­зға елі­міздің түп­кір-түп­кірі­нен кел­ген біраз аза­ма­та­ры­мыз қаты­сып отыр. Түр­ме­де жазы­қ­сыз оты­рған Макс Боқа­ев­тың ең жақын сері­гі Талғат Аян бауы­ры­мыз да Аты­ра­удан арнайы кел­ді. Қаза­қтың жері сатыл­ма­сын деп, ең алға­шқы болып алаңға шыққан Макс пен Талғат екені бар­ша­мы­зға бел­гілі. Орал­дан, Ақтө­бе­ден, Қызы­лор­да­дан, Тараз­дан, Шым­кент­тен, орта­лық және сол­түстік өңір­лер­ден кел­ген аза­мат­та­ры­мыз да біздің баста­ма­мы­зға қол­дау білдіруде.

Жаңаө­зен қасіретіне 8 жыл өтсе де, оның шын­ды­ғы әлі ашы­лған жоқ. Шын­ды­қты ашуға бүгін­гі билік­те­гі ең жоғарғы лау­а­зым­ды адам­дар мүд­делі емес. Керісін­ше, қол­да­рын­дағы мүм­кін­дік­терін пай­да­ла­нып, барын­ша тосқа­уыл жаса­уда. Бірақ мына заман­да шын­ды­қтан ешкім қашып құты­ла алмай­ды. Кеше ғана Ұлы­бри­та­ния, АҚШ пен Еуро­одақта жаһан­дық «Маг­нит­ский тізі­мі» қабыл­дан­ды. Ол тізім­ге адам құқы­ғын бұзған, адам­за­тқа қар­сы қор­лық жасаған шене­унік­тер кіреді. Сон­ды­қтан Жаңаө­зен тра­ге­ди­я­сы­на жау­ап­ты адам­дар да сол тізім­де мін­дет­ті түр­де болуы керек. Кінәлілер бүкіл әлем­ге таны­лып, жаза­ла­нуы тиіс.

Өздеріңіз білетін­дей, елі­міздің Жазу­шы­лар одағын­да жеті жүз­ден астам ақын-жазу­шы тір­кел­ген. Бірақ солар­дың ара­сы­нан Жаңаө­зен мәсе­лесін көтер­ген, қаза­қтың мүд­десін қорғап, шын­ды­қты айтқан жеті адам әрең табы­ла­ды. Қалға­ны шын­ды­қты айту­дан қаша­ды, Жаңаө­зен тура­лы кітап жаз­бақ түгілі, бір ауыз сөз айтуға қорқа­ды. Деген­мен, заман өзгеріп келе жатыр. Жаңаө­зен тура­лы айтып қана қой­май, осы тра­ге­ди­яға арнап әде­би шығар­ма жазған тұңғыш жазу­шы шықты. Ол – бүгін орта­мы­зда оты­рған Рыс­бек Дәбей деген бауы­ры­мыз. Бүгін Рыс­бек жазған «Қоңыз» рома­ны­ның тұса­у­ке­сері қатар өтеді.

Өздеріңіз білетін­дей, біз­дер демо­кра­ти­я­лық пар­тия құру баста­ма­сын қолға алдық. Ондағы мақ­са­ты­мыз – қоғам­ды, қаза­қты, бел­сен­ді адам­дар­ды бірік­ті­ру. Бүгін­гі авто­ри­тар­лы жүй­е­ге өзі­міздің нара­зы­лы­ғы­мы­зды біл­діріп, ресми түр­де сая­си талап­та­ры­мы­зды қою үшін жаңа­дан сая­си пар­тия құра­мыз деп жасаған мәлім­де­ме­міз­ден кей­ін, жер-жер­ден қысым көре баста­дық. Бар­лық өңір­лер­де біз­ге қар­сы аран­да­ту­лар, біздің жиын­дар­ды өткіз­беу үшін түр­лі қитұрқы­лы­қтар жасал­ды. Соған қара­ма­стан, алған беті­міз­ден қайт­пай, кез­де­су­лері­мізді өткізіп, шта­б­та­ры­мы­зды құр­дық. Сол шта­б­та­ры­мы­здың біраз жетек­шілерін осы бүгін­гі жиы­ным­зға қаты­стыр­мас үшін, билік өкіл­дері әртүр­лі себеп­тер­ді сыл­тау етіп, поез­дар­дан түсіріп, Алма­ты­ға жібер­мей алып қал­ды. Бел­сен­ді аза­мат­тар­ды біздің осы жиы­ны­мы­зға қаты­стыр­маудың бар­лық әре­кетін істеді.

Яғни, билік адам­дар­дың бас қосуы­нан, халы­қтың бірі­гіп, бір жаға­дан бас, бір жең­нен қол шыға­рып, бүгін­гі авто­ри­тар­лы жүй­е­ге өзінің нара­зы­лы­ғын біл­діруі­нен қат­ты қорқып отыр деген сөз. Бұл біздің дұрыс жол­да, қажет­ті бағыт­та екені­міздің айғағы.

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: Біздің іш-майымызды СОРҒАНАСТАНА

Бүгін­гі жиы­ны­мы­зда Жел­тоқ­сан мен Жаңаө­зен құр­бан­да­рын еске алуы­мыз дұрыс, иман­ды мәсе­ле. Пар­тия құрай­ық деген баста­ма көтеріл­ген­де, оның да ішін­де болай­ын дедім. Бірақ бүгін бұдан бөлек – көші-қон тура­лы да айтуы­мыз қажет. Қазір қаза­қтар үшін өткір мәсе­ле­лер­дің бірі осы. Иә, өз елі­міз­де­гі қаза­қты жары­лқаға­ны­мыз жоқ. Десек те, шетел­де­гі сор­лап оты­рған қаза­қты не істей­міз?! Көк туы­мыз көтеріл­ген­де, шет­те­гі қаза­қтар: «Апы­рай, елі­міз­ге, жері­міз­ге бара­мыз ғой, басы­мыз қосы­ла­тын бол­ды ғой!» деп, біз­ден де артық қуа­нып еді. Өзім 1962 жыл­дың көк­те­мін­де Қытай­дың Тар­баға­тай уәли­а­ты­нан 200 мың қаза­қты бастап кел­ген адам­мын. Елге ел қосы­лу деген – жақ­сы дүние. Бір мысал кел­тірей­ін. Кеше ғана Секен Тұры­с­бе­ко­втың шығар­ма­шы­лық кеші өтті. Сол 1962 жылғы көш­те Секен қырқы­нан енді ғана шыққан жөр­гек­те­гі бала еді. Енді, міне, кеше­гі кіш­кен­тай босқын бала­ны елі төріне шығарды.

Мен әрқа­шан көші-қон мәсе­лесінің басы-қасын­да жүр­ген адам­дар­дың бірі­мін. Алғаш рет аста­на­мыз Ақмо­лаға көшетін бол­ды деген­ді ести салы­сы­мен: «Алды­мен қала салу керек па, әлде шет­те­гі қаза­қты көшіріп алу керек пе, біз үшін қай­сысы маңы­зды­рақ?» деген сұрақты тігі­нен қой­дым. Өйт­кені шетел­де­гі қаза­қтар күн санап асси­ми­ля­ци­яға ұшы­рап бара жатыр. Енді бір 20 жыл­дан кей­ін елге ора­лай­ық дей­тін қазақ та қал­мауы мүм­кін. Аман-сау кезін­де сол қаза­қты елге көшіріп алай­ық деген пікір­ді ұстанған­дар­дың бірі мен едім. Осы тура­лы талай мақа­ла жаз­дық та, айт­тық та. Бірақ бізді тың­даған құлақ болмады.

Тура­сы­на кел­ген­де, біздің іш-май­ы­мы­зды сорып жатқан – Аста­на. Соған жұм­са­лып оты­рған жар­ты ақша­ны көші-қонға бұр­са, жылы­на 100 мың отба­сын көшіріп алуға бола­ды екен. Бұл айтқа­ны­мы­зға келіс­пей, жылы­на 20 мың отба­сын көшіріп ала­тын кво­та бөл­ді. Оған да шүкір дедік. Бірақ екі-үш жыл­дан соң ол да жоқ болды.

Енді, міне, елін іздеп кел­ген қан­даста­ры­мы­зды қар­сы алмақ түгілі, олар­ды жазы­қты қыла баста­дық. Шека­ра­дан қашып өткен қаза­ққа қыл­мыстық іс қозғай­тын жағ­дай­ға жет­тік. Бұл – біздің тәу­ел­сіздік­ке жет­кен шағы­мы­зда істеліп жатқан қия­нат. Қаза­қстан дүние жүзін­де­гі бар қаза­қтың жалғыз мем­ле­кеті екенін ұмыт­паған жөн.

Қазақ неге шашы­рап жүр? Қазақ шет­ке ешқа­шан өз еркі­мен кет­пе­ген: шека­ра сызы­ғын бөл­ген­де, еріксіз сол сызы­қтың сыр­тын­да қалып қой­ға­ны бар; 1932 жылғы ашты­қта жан сауға­лап кет­кен­дер бар; репрес­си­яға ұшы­раған­дар бар. Қысқа­сы, бәрі мәж­бүр­лік­пен кет­кен­дер. Шет­те­гі қаза­қтар күні кеше жоңғарға қар­сы соғы­ста біз­бен бір­ге болған, жері­мізді азат етіс­кен ағай­ын­дар. Олар­дың да осы жер­ге жасаған үлесі мен киесі бар. Солар елге келем десе, неге бол­май­ды?! Бір қаза­ққа шара­па­ты­мыз тиме­се, шет­те­гі қаза­қты өзі­міз­ге тар­тып ала алма­сақ, тәу­ел­сізді­гі­міз кім­ге керек?! Тәу­ел­сізді­гі­мізді ақша­ның астын­да қалған мил­ли­ар­дер­лер­ді неме­се шетел­дік кір­ме­лер­ді бай­ы­ту үшін алдық па?!

Сон­ды­қтан Жан­бо­лат бастаған баста­ма­шыл топ пар­тия құра­тын бол­са, оның үлкен тар­мағы­ның бірі шетел­де­гі қаза­қты қай­та­руға бағыт­та­луы тиіс. Бас сауға­лап, ара­ша іздеп кел­ген қаза­ққа неге бір­ден қыл­мыстық іс қозғай­мыз?! Сай­ра­гүл деген келін­шек екі бала­сы­мен ұлан бай­тақ Қаза­қстан­нан орын тап­пай, ақы­ры сонау Шве­ци­ядан бас­па­на тап­ты. Бұл ұят қой! Шве­ци­я­ның жері біздің бір облы­сы­мы­здай-ақ. Осы­дан екі ай бұрын мен өскен Тар­баға­тай уәли­а­ты­нан Қастер мен Мұра­гер деген екі қазақ қашып кел­ді. Баста­ры­на бұлт үйіліп, сот­та­лып кететін болған соң келіп отыр. Жай­дан-жай шека­ра­ны ешкім де бұзып өтпей­ді. Шет­те қор­лық пен зор­лық көріп, қашып кел­ген қан­даста­ры­мыз үшін неге пана бола алмай отырмыз?!

1962 жылы қызыл импе­рия зама­нын­да мен өз қолым­мен Мәс­ке­у­ге, Хру­щевқа, Воро­ши­лов­ке хат жазып отыр­дым. Таң қала­ты­ным – сол кез­де­гі импе­рия бас­шы­ла­ры қаза­қтың мұңын ұғып, түсін­ді ғой: бір­ден 200 мың қаза­қты көшіріп, елге орна­ла­стыр­ды. Мен соның бәріне куә­мін. Сон­да импе­рия қол үшін бер­ген қаза­ққа өзі­міздің тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тің «сүй­ік­ті» билі­гі қыл­мыстық іс қозғап отыр. Еліне келем дегені үшін, кел­гені үшін, шека­ра­ны аттаға­ны үшін олар қыл­мыс­кер болып отыр!

Сон­ды­қтан да мен Жан­бо­лат­тың баста­ма­сын қол­дай­мын. Оппо­зи­ци­я­лық пар­тия құру керек! Бір адам­дар «оппо­зи­ция» десе, селк ете қала­ды. Қарап тұр­саң, оппо­зи­ци­я­сыз мем­ле­кет жоқ. Бүкіл демо­кра­ти­я­ның негізін салған Ұлы­бри­та­ния, Фран­ция, Гер­ма­ни­яға қараңыз, бәрін­де оппо­зи­ция бар. Оппо­зи­ция – билік­тің әр қада­мын қарап, бағып оты­ра­ды, қия бастырмайды!

Мағ­жан айт­пақ­шы, мен жастарға сене­мін. Үлкен­дер­дің ішін­де бірен-сара­ны бол­ма­са, көбі бұғып қал­ды. Ыза болған­да, олар­ды кәрі құл­дар дей­тінім бар. Құл­дық сана еті­нен өтіп, сүй­е­гіне жет­ті. Кәрі құл­дар сол кет­кен беті­мен кете­ді, қайт­пай­ды. Сон­ды­қтан елді тек жастар ғана өзгер­те алады!

Рысбек ДӘБЕЙ: ЖАҢАӨЗЕН ОҚИҒАСЫ өзімізге жасалған зұлмат

Жаңаө­зен қасіретіне арналған «Қоңыз» туындысы – жан­ры бой­ын­ша көр­кем шығар­ма. Қар­пай­ым екі мұнай­шы отба­сы­ның бастан өткер­ген оқиға­сы, тұр­мысы мен өмірі жай­лы тра­ге­ди­я­лық аху­а­лы сурет­тел­ген. Шығар­ма­ның баға­сын оқыр­ман бере жатар. Осы кіш­кене дүни­е­міздің таны­сты­ры­лы­мын жасап, тұса­уын кесіп жатқан Жан­бо­латқа алғы­сым­ды айтамын!

Әлем­дік тәжіри­бе­ге қара­сақ, тек өткен тарих­ты жаза беру дұрыс емес. Өзі­міз өмір сүріп оты­рған қоғам жай­лы да жазу керек. Күні кеше орын алған тра­ге­ди­я­лар неге үнсіз қала­ды деген сұрақ маза­лап, осы кітап­тың жарық көруіне түрт­кі бол­ды. Жаңаө­зен оқиға­сы – XXI ғасыр­да жасалған зұл­мат. Өз-өзі­міз­ге жасалған зұлым­дық. Бұдан кей­ін ондай тра­ге­дия бол­ма­сын, бауыр – бауы­рға қан­жар сіл­те­месін және сон­дай тра­ге­ди­я­ны жаза­тын нәсіп бол­ма­сын, бұн­дай тақы­ры­пқа енді бар­май­ық дегім келеді.

Ғалым АҒЕЛЕУОВ: Бізде басқа ел, ӨЗГЕ ОТАН ЖОҚ!

Біз үшін ең басты мәсе­ле – адам құқы­ғы. Біздің елде осы құқық сақта­ла ма? Біздің елде әділ­дік бар ма? Қаза­қстан­ды еркін мем­ле­кет деп айтуға бола ма? Жел­тоқ­сан мен Жаңаө­зен­ге қаты­сты әділ­дік орна­ды ма? Бәрінің жау­а­бы – жоқ! Біздің елде сөз бостан­ды­ғы да жоқ. Болған қасірет жай­лы ашып айтуға адам­дар әлі күн­ге дей­ін қорқады.

Сон­ды­қтан еңсе­мізді көтеріп, ешкім­нен қай­мы­қ­пай, бар білетіні­мізді айта­тын кез кел­ді. Қан­ша адам өлгенін, олар­дың ішін­де бала­лар­дың да болға­нын неге біле алмай отыр­мыз?! Осы ақпа­рат­ты билік неге жасы­рып, шын­ды­қтан қорқып отыр?! 16 адам өлді деген ресми мәлі­мет – жалған. Бұл – морг­тағы орын­ның саны. Шын­дық пен әділ­дік үшін аяғы­на дей­ін бар­ма­сақ, бұл жағ­дай­дың қай­та­лан­ба­уы­на кім кепіл?!

Жаңаө­зен оқиға­сы­на дей­ін бір күн бұрын уақыт­ша қамау изо­ля­то­ры­ның комен­дан­ты болып тағай­ын­далған Теміров деген жас лей­те­нант 5 жылға сот­та­лып, мұнай­шы­лар­ды азаптап, ұрып соққан­дар үшін жалғыз өзі жау­ап бер­ді. Осы әділет пе?! Көмусіз қалған құр­бан­дар­дың аты-жөн­дерін біл­мей оты­рға­ны­мыз әділ ме? Өлген құр­бан­дар­дың отба­сы­на бер­ген 1 млн тең­ге өте­мақы әділ ме?! Елі­міз­де адам құқы­қта­ры сақта­луы үшін, осы мәсе­ле­лер­ді ашық айта білуі­міз қажет! Ол үшін жүз жүз­ге бөлін­бей, бәрі­міз бір күш болып, аза­мат­тық қоғам құруы­мыз қажет. Өйт­кені біз­де өзге ел, басқа Отан жоқ!

Рысбек СӘРСЕНБАЙ: АТУҒА БҰЙРЫҚ БЕРГЕН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ!

Жаңаө­зен­ді айт­сақ, көздің ғана жасы там­шы­лап қой­май, жүрек­тің қаны сорға­лай­ды. Оқиға­ның орта­сын­да бол­ма­сақ та, шет жаға­сын көріп, іле-шала Жаңаө­зен­ге бар­дық. Ұлы­нан, әкесі­нен, жары­нан айы­ры­лған адам­дар­ды көр­дік. Қан­сы­рап жатқан жаңаө­зен­дік­тер­мен ауру­ха­на­да тіл­десіп, оқиға­ның мән-жай­ын сұрап біл­дік. Өлген­дер­ге көңіл айт­тық. Солар­мен бір­ге жыла­дық. Еске түс­се, әлі де қиналамыз.

Рыс­бек Дәбей­дің «Қоңыз» рома­нын оқып, қат­ты қинал­дым. Бұл кітап­ты оқу мен үшін өте ауыр бол­ды. Кітап мені сол күн­дер­ге қай­та оралт­ты. Өмір­дің шын­ды­ғы жазы­лған шығар­ма. Сөз құдіреті арқы­лы әрбір жүрек­ке жетіп, сана­ны оята­тын дүние. Осын­дай шығар­ма­ны жазға­ны үшін өзім­мен аттас Рыс­бек бауы­ры­ма алғы­сым­ды білдіремін!

Қоңы­здың Жаңаө­зен­ге не қаты­сы бар деп ойлай­тын шығар­сыздар. Қоңы­здың не екені жөнін­де кітап­тың 64-бетін­де жазы­лған. Бір әулие адам тілеу тіле­се, соның айтқа­ны бола­ды екен. Осы­ны есті­ген бір пен­де мен үшін дұға қыл­шы деп, сол әули­е­ге барып жалы­на­ды. «Қашанғы жоқ­шы­лы­қта өмір сүрем, жағ­дай­ым­ды жақ­сар­тқым келеді…» деп сұрай­ды. Сон­да әлгі әулие: «Оның екі шар­ты бар, қай­сысын қалай­сың, соны алуың керек. Бірін­шісі – білім, екін­шісі – бай­лық деп жау­ап қай­ы­ра­ды». Жаңағы адам бай­лы­қты таң­дай­ды. Тіле­гі қабыл болып, бай болар­дың алдын­да әулие: «Адам­дар­дың еңбе­гін жеме, езбе, адал және таза бол!» – дей­ді. Бірақ әлгі адам бай­ып кет­кен соң, айна­ла­сын­дағы­ла­рын таны­май қала­ды. Тіп­ті өзіне дұға жасап, бай­ы­тқан әули­ені маза­қтап, қарғы­сқа қалып, қоңы­зға айна­лып кете­ді. Ол қоңыз тезек дома­ла­тып кетеді.

Ойлап қара­саң – ешқан­дай қаты­сы жоқ. Бірақ мен осы қоңы­здан бір адам­ды көріп отыр­мын. Ол – шал! Кәрі қоңыз.

Жаңаө­зен­нен қай­тқан­да, бізді шыға­рып салған так­си­ші жігіт­тер­ден естідік. ОМОН-ның қыз­мет­кер­лері Жаңаө­зен­нен қай­тар кез­де әуе­жай­дағы металл детек­то­ры­нан өткен­де, әрқай­сысы­ның қал­та­сы­нан он-жиыр­ма шақты ұялы теле­фон­дар шыққан. Оны талай адам көр­ген. Сол теле­фон­дар кім­дікі? Жаңаө­зен­де поли­ция қолы­на түс­кен адамдардыкі!

Жаңаө­зен­де жүр­ген­де под­вал­да қамауда оты­рған адам­дар­мен кез­де­стіруді сұра­дық. Под­вал­дан қан мен хлор­дың иісі шығып тұр­ды. Сол под­вал­да талай адам азаптал­ды. Соның бірі – әкесін іздеп барған Әсем қарын­да­сы­мыз. Ол да әкесі сияқты марқұм бол­ды. Қан­ша­ма әулет осын­дай қасірет­ке ұшы­ра­ды. Соның бәрін жасаған кім? Осы сұрақтың жау­а­бын ізде­сек, мұнай­ға ие болып оты­рған­дар­дың мүд­десі үшін жасалға­нын көреміз.

Көтеріліп кет­кен халы­қтың бетін қай­та­ру үшін, оқ ату­дан бұрын қол­да­на­тын басқа да құрал-жаб­ды­қтар бол­ды ма деп сұраға­ны­мы­зда, резең­ке оқ пен су шашқы­штың да, газ­дың да болға­нын біл­дік. Бірақ оның ешқай­сысын қол­дан­баған. Неге бір­ден оқ атты? Өйт­кені сон­дай бұй­рық беріл­ген. Ондай бұй­ры­қты бер­ген кім? Оны бер­ген – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев! Оны жасы­рып-жаба­тын түгі жоқ. Оның бұй­ры­ғын­сыз ешкім бір оқ шыға­ра алмас еді. Адам­дар­ды тапан­ша­мен тар­сыл­да­тып, авто­мат­пен бытыр­ла­тып, қуа­лап жүріп атты. Өйт­кені итше қырып салы­ң­дар деген тап­сыр­ма­ла­ры болды.

Бүгін­гі күні Жаңаө­зен оқиға­сы­ның қай­та­ла­нуы әбден мүм­кін. Өйт­кені халық нара­зы, халық ашу­лы. Мына шірі­ген билік­тің өзге­руін талап етіп отыр. Соған келе жатыр­мыз. Кеше­гі Назар­ба­ев пен Қасы­мов (Қал­мұ­хан­бет Қасы­мов – ішкі істер­дің экс-мини­стрі) Жаңаө­зен мен Шет­пе­де жасаған жауы­зды­қта­рын тағы да жаса­уы мүм­кін. Сон­ды­қтан бей­біт адам­дарға оқ атып, адам­за­тқа қар­сы жасаған қыл­мыста­ры үшін Назар­ба­ев пен Қасы­мо­втан бастап, қолы­на тапан­ша ұстаған­дарға дей­ін жаза­ла­нуы керек!

Жари­я­ла­ным­ды дай­ын­даған – Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ, «D»

ҚЫРҒЫН қайталанбасын ДЕСЕК

  • «Жаңаө­зен қан­ды қырғы­ны­на — 8 жыл» атты құры­лу үстін­де­гі Демо­кра­ти­я­лық пар­тия жиы­ны­ның Қарары

Қадір­лі Отандастар!

Билік­тің қолы­мен жасалған қан­ды қырғын – Жаңаө­зен қасіретіне биыл 8 жыл бол­ды. Ресми деректер­ге сүй­ен­сек, бұл оқиға кезін­де 16 адам Жаңаө­зен қала­сын­да, 1 адам Шет­пе­де қаза болған. Ал бей­ре­сми деректер бұдан да көп адам поли­ция оғы­нан жан тап­сыр­ды деген ақпа­рат­ты ұсы­на­ды. Осы уақыт­тың ішін­де билік Жаңаө­зен қасіретіне шынайы кінәлілер­ді жаза­лаған жоқ, оны ұйым­да­сты­рған, атуға бұй­рық бер­ген, бей­біт халы­ққа оқ атқан жен­дет­тер­ді сотқа тарт­па­ды. Бұл қасірет­тің ақиқа­ты ашыл­мас үшін амал­дың бар­лы­ғын жасап келеді. Соны­мен бір­ге бей­біт мұнай­шы­лар тек атыс кезін­де ғана емес, 16 жел­тоқ­сан­дағы оқиға­дан кей­ін де көз жұм­ды. Демек, неше жыл өтсе де, Жаңаө­зен құпи­я­сы әлі де толық ашылмауда.

Алай­да Жаңаө­зен оқиға­сы­на кім кінәлі деген сұраққа жау­ап­ты халық ашық айту­да. «Егер Ақтау мұнай­шы­ла­ры бас көтер­се, тағы да оқ атуға бұй­рық бере­мін!» деген сыңай­да мәлім­де­ме жасаған сол кез­де­гі ішкі істер мин­стрі Қал­мұ­хан­бет Қасы­мов еді. Ол бұл әре­кеті мен сөз­дері үшін жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­мақ түгілі, одан кей­ін де бір­не­ше жыл министр қыз­метін­де отыр­ды. Ал қазір Қауіп­сіздік кеңесі хат­шы­сы орнын­да отыр. Маңғы­ста­удағы қан­ды қырғы­нға тіке­лей жау­ап­ты адам ретін­де халық жадын­да қалған Қасы­мов ел ара­сын­да «Жаңаө­зен қасап­шы­сы» деген атқа қал­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты біз Жаңаө­зен қан­ды қырғы­нын қай­та тер­геп, оған қыз­мет­тік құзіретіне сәй­кес жау­ап­ты болуы мүм­кін лау­а­зым­ды­лар – Қал­мұ­хан­бет Қасы­мо­вты, Қырым­бек Көшер­ба­ев­ты, Аслан Мусин­ді және Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­ты тек­се­ру­ге шақы­ра­мыз! Қыз­метіне, ман­са­бы­на қара­ма­стан, Жаңаө­зен қырғы­ны­на жау­ап­ты­лар жаза­ға тар­ты­луы тиіс!

Соны­мен бір­ге біз Қаза­қстан­да дереу сая­си, демо­кра­ти­я­лық рефор­ма­лар­ды жүзе­ге асы­ру­ды талап ете­міз! Бірін­ші­ден, «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы» жаңа заң қабыл­да­нып, пар­ти­я­лар­ды тір­кеу жеңіл­детілуі тиіс. Елде­гі бар­лық сая­си күш­тер­ге тең дең­гей­де пар­тия құруға, тір­ке­у­ге мүм­кін­дік ашы­луы тиіс!

Екін­ші­ден, «Бей­біт жиын­дар тура­лы» жаңа заң қабыл­дап, митин­гі өткі­зудің тәр­тібін рұқ­сат сұра­удан – ескер­ту фор­ма­сы­на ауы­сты­ру­ды талап ете­міз. Бей­біт митин­гілер­ге шыға­тын аза­мат­тық бел­сен­ділер­ді қуда­ла­уды тоқта­ту­ды талап етеміз!

Үшін­ші­ден, «Сай­лау тура­лы» заңға өзгерістер енгізіліп, пре­зи­дент­тік додаға есі дұрыс, жасы 30-дан асқан әрбір аза­мат түсу­ге құқы­лы деген бап­ты енгі­зуді талап ете­міз! Соны­мен бір­ге пар­ла­мент сай­ла­у­ы­на тек қана пар­ти­я­лық тізім­мен емес, мажо­ри­тар­лы жүйе бой­ын­ша аза­мат­тарға қаты­суға мүм­кін­дік ашы­луы керек.

Төр­тін­ші­ден, Арон Ата­бек, Мұх­тар Жәкі­шев, Макс Боқа­ев, Алмат Жұмағұ­лов, Кен­же­бек Әбі­шев және басқа да сая­си тұтқын­дар дереу боса­тыл­сын! Олар боса­ты­лып қана қой­май, толық ақта­лып, бұл аза­мат­тарға заң­сыз қуда­ланға­ны үшін мем­ле­кет­тен өте­мақы төле­нуі тиіс! Бұл аза­мат­тар­дың ешқай­сысы да қыл­мыс­кер емес. Олар елдің, халы­қтың патриоттары.

Бесін­ші­ден, «елба­сы», «Тұңғыш пре­зи­дент» және Қауіп­сіздік кеңесі төраға­сы тура­лы заң­дар­дың бар­лы­ғы өз күшін жоюы қажет. Бұлар ойдан құра­с­ты­ры­лған, жасан­ды заң­дар. Бір­де-бір заң халық талқы­сы­на түсіп, жал­пы­ұлт­тық рефе­рен­дум­да қабыл­данған жоқ. Сол себеп­ті Назар­ба­евқа беріл­ген жасан­ды лау­а­зым­дар­дың бар­лы­ғы алы­нып таста­луы тиіс!

Алтын­шы­дан, ҰҚК төраға­сы­ның орын­ба­са­ры – Шека­ра қыз­метінің бас­шы­сы Діл­ма­нов мыр­за Қытай­дағы азапта­удан бас сауға­лап, тари­хи Ота­ны­на кел­ген Қастер мен Мұра­гер­ді ресми Бей­жің­ге қай­та­ра­мыз деген мәлі­мет­ті ашық айт­ты. Біз бұған үзіл­ді-кесіл­ді қар­сы­мыз! Себебі Қытай лагерь­лерін­де­гі азапта­у­лар тура­лы ашық айтқан Қастер мен Мұра­гер, сөз­сіз, Қытай­да қатер­лі жағ­дай­ға ұшы­рай­ды. Тіп­ті олар­ды Қытай билі­гі өлім жаза­сы­на кесуі де мүм­кін. Сон­ды­қтан біз, Қаза­қстан аза­мат­та­ры, Қастер мен Мұра­гер­ді Қытай­ға бер­ме­уді талап ете­міз. Соны­мен бір­ге Қытай­да ұлт ретін­де жой­ы­лу­дың алдын­да тұрған 2 мил­ли­онға тар­та қаза­қты Қаза­қстанға көші­ру мәсе­лесін көте­руді қажет деп санай­мыз. Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың Қытай­да этни­ка­лық қаза­қтар­ды жап­пай қуда­лау жоқ деген өтірік­ке негіз­дел­ген мәлім­де­месін айыптаймыз! 

Соны­мен бір­ге Қаза­қстан­да жақын уақыт­та пар­ла­мент сай­ла­уы өте­ді деген ақпа­рат тара­уда. Егер дәл қазір­гі жағ­дай­да сай­лау өтсе, онда халы­қтың тағы да таң­да­уы бол­май­ды. «Нұр Отан» да, одан басқа 5 тір­кел­ген пар­тия да – билік­тің сая­си ұйым­да­ры. Осы себеп­ті біз нағыз оппо­зи­ци­я­лық, демо­кра­ти­я­лық бағыт­тағы жаңа сая­си пар­ти­я­лар тір­ке­уден өтпей, жоға­ры­да айты­лған нақты демо­кра­ти­я­лық талап­тар орын­дал­май, Қаза­қстан­да сай­лау өткізіл­месін деген мәсе­лені ашық көтереміз!

Біз, Қаза­қстан аза­мат­та­ры, Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ны құру баста­ма­шыл тобы­на қар­сы жаса­лып оты­рған бар­лық аран­да­ту­ды тоқта­тып, жаңа оппо­зи­ци­я­лық, тәу­ел­сіз сая­си күштің шығуы­на кедер­гі жаса­мауын талап етеміз!

Алма­ты қаласы,

14 жел­тоқ­сан 2019 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн