Пятница , 4 июля 2025

САУАЛНАМА

Газет редакциясы 2019 жылды қорытындылау мақсатында сауалнама жүргізіп, бірқатар қоғам белсенділерінен үш «қандайға» жауап беруді өтінген еді:

1. 2019 жыл­дың ең басты оқиға­сы қандай?

2. Өтіп бара жатқан жыл­дың ең басты өкіні­ші қандай?

3. Келе жатқан 2020 жыл­дан қан­дай үміт күтесіз?

 «DAT» газетінің редак­ци­я­сы 2019-дың «Жыл сая­сат­кері» деп, елде демо­кра­ти­я­лық үлгі­де­гі халы­қтық пар­тия құру про­цесіне мұрын­дық болып оты­рған Жан­бо­лат Мамай­ды ата­ды. Назар­ба­ев­тық билік­тің айтақта­уы­мен жер­гілік­ті жер­лер­де нешетүр­лі аран­да­ту­лар жасал­са да, Қаза­қстан­ның бар­лық облы­ста­рын­да дер­лік пар­тия баста­ма­шы­ла­ры­ның шта­бы құрыл­ды. Алдағы апта­да Жан­бо­лат­тың баста­ма­шы­лар тобы 1500-ге жуық қол­да­у­шы­ның ықы­лас құжа­тын Әділет мини­стр­лі­гіне тапсырады.

Жанболат МАМАЙ: Өткенге өкініш, келешекке үміт КӨП

1. Өткен жыл­дың басты оқиға­сы, әрине – Назар­ба­ев­тың де-юре отстав­каға кетуі және одан кей­ін­гі пре­зи­дент сай­ла­уы. Пре­зи­дент­тік билік­тен ондаған жыл­дар бойы түс­пей келе жатқан Назар­ба­ев­тың өз еркі­мен «отстав­каға» кетуі Қаза­қстан­да сая­си өзгерістер баста­ла ма деген үміт­ті оят­ты. Бірақ келесі күні Тоқа­ев­тың Аста­на атын Нұр-Сұл­танға ауы­сты­рып, Назар­ба­ев­тың қызы Дариға­ның сенат спи­кері болып тағай­ын­да­луы – бұл үміт­ті су сеп­кен­дей басты.

Одан кей­ін пре­зи­дент сай­ла­уы жари­я­ла­нып, ол да тұңғыш рет Назар­ба­ев­сыз өтті. Халы­қтың бұл билік­тен шар­шаға­ны сон­дай, тек Тоқа­евқа, бүгін­гі режим­нің өні­міне дауыс бер­мес үшін, Әмір­жан Қоса­но­вты жап­пай қол­дап кет­ті. Сай­лау нәти­же­сін күт­пей тұрып, оның Тоқа­ев­ты түн­де­летіп құт­ты­қта­уын – жыл­дың ғана емес, соңғы 30 жыл­дың опа­сызды­ғы деп баға­лаған­дар да бар.

Әрине, Назар­ба­ев әлі де-факто бас­шы болып тұрға­ны анық. Шетел­ге тек қана өзі барып, Тоқа­ев­ты маңай­лат­пай­ды. Кеше­гі Тоқа­ев құрған Ұлт­тық кеңе­стің нәти­же­сіз оты­ры­ста­ры оның қолын­да ешқан­дай нақты билік жоқ екенін, «қуыр­шақ» пре­зи­дент екенін көр­сет­ті. Десе де, Назар­ба­ев­тың фор­маль­ды түр­де бол­сын билік­тен кетуі  елде­гі сая­си про­це­стер­ді тірілт­ті. «Назар­ба­ев бол­ма­са, елді кім басқа­ра­ды?» деген жан­дай­шап­тар­дың аузы­на құм құй­ыл­ды. Назар­ба­ев кет­се, оның орны­на келу­ге лай­ы­қты тұлға­лар жетер­лік. Елдің соған көзі жет­ті. Билік­тің «сакрал­ды» қаси­еті кет­ті. Міне, осы тұрғы­дан алған­да, Назар­ба­ев­тың кетуі елде­гі өзгерістер­ді жақын ара­да жедел­де­те­ді деген сенімдемін.

2. Өткен жыл­дың ең басты өкіні­ші – Қоса­но­втың қол­да тұрған халық жеңісін «қуыр­шақ» Тоқа­евқа ұста­та салуы. Егер ол бір ауыз сөз­бен: «Сай­лау нәти­же­сін мой­ын­да­май­мын!» деген­де, халы­қтың өзі-ақ бүгін­гі жүй­ені қопа­рып тастар ма еді?! Шын­ды­ғы керек, халық Қоса­но­вқа, оның тұлға­лық қабілеті мен қаси­етіне дауыс бер­ген жоқ. Аза­мат­тар бүгін­гі Назар­ба­ев жүй­есіне, билік­ке қар­сы дауыс бер­ді. Оппо­зи­ци­я­ның Қаза­қстан­да бұрын-соң­ды қол­да­уы, халы­қтың сені­мі бол­мап еді. Соның бар­лы­ғын жоққа шыға­рып, Тоқа­ев­ты құт­ты­қтап, жеңісін бере салуы – халы­қтың ара­сын­да әлі де айты­лып келе жатқан өкіні­штің басты­сы деп ойлаймын.

3. Келер жыл өзгерістер жылы бола­ды деп сене­мін. 2020 жыл – Назар­ба­ев­сыз Қаза­қстан жылы бол­сын деп тілеймін!

Айман ОМАРОВА, адвокат:

1. Адво­кат ретін­де өткен жыл­ды тек заң­дық-құқы­қтық шең­бер­де қоры­тын­ды­ла­сам, Сай­ра­гүл Сауыт­бай­дың ісі елдің есін­де қалған оқиға бол­ды. Бала­пан­да­ры үшін шека­ра асып кел­ген жұды­ры­қтай қазақ қызы­на Ата­ме­кен­нен алақан­дай жер бұй­ыр­май, БҰҰ-ның көме­гі­мен шетел­ге – Шве­ци­яға кетуіне тура келді.

Сон­дай-ақ Шығыс Түр­кістан­дағы қаза­қтар­дың жағ­дайы өкіні­ші мен өксі­гі мол мәсе­ле­ге айнал­ды. Қытай лагерь­лерін­де қамауда оты­рған этни­ка­лық мұсыл­ман­дар­дың, оның ішін­де қан­даста­ры­мы­здың мәсе­лесі халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­ққа дей­ін көтерілуде.

Қытай жағы осы лагерь­лер­ді ради­кал­ды ұста­ным­да жүр­ген­дер­ді «қай­та тәр­би­е­леу орта­лы­ғы» деген­дері­нен тан­бай­ды. Ал шын­ды­ққа келер бол­сақ, бұл – азап лагері екені жөнін­де­гі ақпа­рат әлем наза­ры­на ілікті.

Тағы бір өкін­діріп тұрған мәсе­ле – менің қорға­уым­дағы зей­нет­ке шыққан офи­цер­лер­дің жағ­дайы. Мем­ле­кет­тің қорға­ныс шебін­де жүріп, ел қорғаған сар­дар­лар зей­нет­ке шыққан соң, ешкім­ге керексіз болып қал­ды. Қорға­ныс мини­стр­лі­гінің 600-ден аса офи­цері бас­па­на­ны былай қой­ған­да, тұрғы­лы­қты мекен­жай­ла­ры жоқ «бомж» сияқты тұр­мыс кешу­де. Бұл мәсе­ле бұрын­нан бері жалға­сып келе жатыр. Қорға­ныс мини­стр­лі­гіне ақша бөлі­неді. Бірақ ол қара­жат мұқтаж болып оты­рған­дарға жет­пей­ді. Қар­жы­ның қай­да кетіп жатқа­ны маған да қызық. Шене­унік­тер өз қал­та­сы­нан шыға­ра­тын­дай бер­гісі келмейді.

Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың қабыл­да­уын­да болға­ным­да, осы мәсе­лені көтер­ген­мін. Аста­на­дағы алға­шқы сот инстан­ци­я­сы істі бір ашып, бір жаба­ды. Пре­зи­дент­ке жібер­ген өтініш-хаты­мыз пар­ла­мент пен сала­лық мини­стр­лік­ке жет­ті деген хабар алдық. Қорға­ныс мини­стр­лі­гі бұл іспен айна­лы­сып жатыр­мыз деп ақпа­рат бер­гені­мен, шешіл­ген мәсе­лені көріп тұрған жоқпыз.

2. Өтіп бара жатқан жыл­дың өкіні­ш­тен бұры­нғы бір жемісі – Ұлт­тық кеңе­сте қоғам өкіл­дері жина­лып, елде­гі сая­си, әле­умет­тік, құқы­қтық мәсе­ле­лер­ді талқы­лап, ортақ шешім­ге келуі. Пре­зи­дент­тің қабыл­да­уын­да болға­ным­да да, Ұлт­тық кеңе­стің оты­ры­сын­да да Қыл­мыстық кодекстің 130-бабы­ның қыл­мыстық маз­мұ­нын өзгер­ту және 174-бабы­на түзе­ту­лер енгі­зу тура­лы ұсы­ныс жасаға­ным­нан хабар­дар­сыздар. Бұл нор­маға қаты­сты Кеңе­сте­гі талқы­ла­у­лар­да шешім­ге келу оңай болған жоқ. Себебі құқы­қтық, ізгілік, эти­ка­лық және халы­қа­ра­лық стан­дарт­тар­ды ескеріп, 130-бап­ты декри­ми­на­ли­за­ци­я­лап, оны Әкім­шілік кодек­с­ке ауы­сты­ру тура­лы шешім қабылданды.

Зор­лық-зомбы­лық жағы­нан қар­сы күресі­міздің арқа­сын­да бірқа­тар заң­на­ма­лық нор­ма­ларға өзгерістер енгізіліп, қатал жаза берілетін бол­ды. Жәбір­ле­ну­ші мен зор­лаған тарап­тар бұры­нғы­дай қыл­мыстық істі жаба алмай­ды. Бұл биы­лғы жыл­дың жақ­сы бір нәти­же­сі дер едім.

Әле­умет­тік желі­де қоғам өкіл­дері осы өзгерістер­ге қаты­сты әртүр­лі пікір айтып жатыр. Қаза­қстан­да адам зор­лау бұдан былай ауыр қыл­мыс болып сана­ла­ды. Пар­ла­мент мәжілісі қабыл­даған заң жоба­сы бой­ын­ша, «зор­лау» тура­лы қыл­мыстық істе тарап­тар­дың келісім­ге келуіне тый­ым салынады.

Ал Қыл­мыстық кодек­с­те­гі 174-бап сая­си көзқа­ра­сы үшін «ала­бө­тен» ойлай­тын аза­мат­тарға қол­да­ны­ла­ды. Қоғам­дағы әділет­сіздік­ке қар­сы өз ойын жария түр­де айтқан­да­ры үшін қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лып, жаза­ла­на­ды. Өз елі­міз­де аза­мат­та­ры­мыз шын­ды­қты айтқа­ны үшін жау сана­ла­ды. Макс Боқа­ев­тың не үшін абақты­да оты­рға­ны түсініксіз. Айтқан ашық пікірі үшін бе? Егер әлдебіреу зиян шегіп, қол-аяғы сынып неме­се адам өлі­мі бол­са – онда басқа мәселе.

3. Жаңа жыл­да Ұлт­тық кеңе­сте айты­лған талап­тар заңға енгізіл­се, депу­тат­тар ел үшін еңбек етсе, жағ­дай оңа­лар еді. Ел аза­мат­та­ры­ның тұр­мыс дең­гейі көтеріл­се, ауыл­дың аху­а­лы түзеліп, құқы­қтық сау­ат­ты­лы­ғы көтерілер еді.

Марғұлан БОРАНБАЙ, ұлт патриоты:

1. Өткен жыл­дың басты жаңа­лы­ғы ретін­де билік тран­зи­тінің негіз­гі кезеңіне өтуін айтуға бола­ды. Соның нәти­же­сін­де бір адам­ның билі­гі бола­шақта пар­ла­мент билі­гіне алма­са­ды. Дәлірек айтқан­да, пост­на­зар­ба­ев­тық кезең­де оның айна­ла­сын­дағы бүгін­гі сая­си эли­та өкіл­дері, пар­ла­мент­те пар­тия түрін­де орны­ғып, билік­ті қол­да­рын­да сақтап қала­ды да, негіз­гі лау­а­зым­дар­ды бір-бірі­мен кезек­тесіп алма­сып оты­ра­ды және пар­ла­мент осы­ны заң­да­сты­рып береді.

2. Жыл өкіні­ші деп айтар­лы­қтай кере­мет бір дүние көріп тұрған жоқ­пын. Тек жаңа пре­зи­ден­ті­міз Тоқа­ев­тың кадр­лық мәсе­ле­лер­де­гі ынжы­қты­ғын айтар едім. Тіп­ті екін­ші, үшін­ші дәре­желі лау­а­зым­дарға күмән­ді адам­дар­дың тағай­ын­да­луы­на жол бер­ме­у­ге пәр­мені жет­пе­ді. Бұл оның пре­зи­дент ретін­де­гі шынайы ста­ту­сы­ның көр­сет­кі­ші. Тура­сы­на кел­ген­де, Тоқа­ев пре­зи­дент бол­са да, толық билік­ке қолы жет­пей тұр. Тіп­ті мына жағ­дай­да сол билік­ке қолы жететінінің өзі күмән­ді. Деген­мен, бұл оның кінәсі неме­се кем­шілі­гі емес.

3. Келер жыл жаңа­лы­қтарға толы бола­ды деген үмітім бар. Сая­си эст­ра­да­мы­зда жаңа әртістер мен жұл­ды­здар пай­да бола­ды. Олар­дың ара­сын­дағы паро­ди­стер мен ими­та­тор­лар, пар­тия бас­шы­ла­ры және сая­си лидер­лер­дің рөл­дерін сомдай­ды. Біз бол­сақ осы­ның бәрін қой­ы­лым көре­рмен­дері ретін­де тамашалаймыз.

Ақма­рал ҚАМБАРҚЫЗЫ, тәу­ел­сіз бақылаушы:

1. Әрине, өтіп бара жатқан Доңыз жылы сая­си оқиға­ларға толы, өте ерекше маңы­зды жыл бол­ды. Мүм­кін, жыл­дың ең басты сая­си жаңа­лы­ғы деп билік басын­да ширек ғасыр­дан астам уақыт оты­рған пре­зи­дент Назар­ба­ев 19 науры­зда өз өкілет­ті­гін мерзі­мі­нен бұрын тоқта­туын ата­уға болар еді. Бірақ бұны күт­пе­ген оқиға қата­ры­на жатқы­за алмай­мын. Соңғы жыл­дар­дағы әртүр­лі заң­дарға «елба­сын отба­сы­мен қоса өмір бойы мәпе­леп өту керек» деген сияқты толы­қты­ру­лар көп­теп енгізі­ле бер­гені­нен «ата­мы­здың ауы­лға қай­та­тын сыңайы» сезіліп жүр. Сол себеп­тен бе, өзім үшін бұл жағ­дай аса күт­пе­ген оқиға болмады.

Пре­зи­дент­тік сай­ла­удың мерзі­мі­нен бұрын өтетініне де еті­міз үйреніп кет­кен сияқты. Ел есін­де қала­тын осы жыл­дың ең басты оқиға­сы – Қаза­қстан тарихын­да пре­зи­дент­тік сай­ла­удың Назар­ба­ев­сыз өтуі. Осы жаңа­лы­ққа ел елең етіп, сай­ла­удан ерекше өзгеріс күтіп, пре­зи­дент­тік додаға түс­кен Қоса­но­вқа көп­шілік сенім артып, ол сенім­дері ақтал­май, үміт оты үзілді.

Өзім үшін жыл­дың ең басты оқиға­сы – сай­ла­у­шы­лар­дың бел­сен­ділі­гі және сай­ла­у­шы­лар­дың екі­ге жары­луы; сай­ла­у­ға қаты­спай­мыз деп қар­сы­лық біл­дір­ген топ­тың алаңға шығып, бел­сен­ділік таны­туы. Жал­пы қоғам­ның сая­си оянуы ел ішін дүр сіл­кін­дір­ді. Осы жағ­дай көп бала­лы ана­лар­дың нара­зы­лы­ғы­на әкел­ді, халы­қтың ашу-ыза­сын туды­ру­мен қатар, көп адам­дар­дың көзін ашты. Елге шұғыл ара­да бір өзгеріс қажет екен­ді­гі түсінік­ті бол­ды. Сырт көз­ге әп-әде­мі дамып келе жатқан мем­ле­кет болып көрін­гені­міз­бен, іші­міз шіріп жатқа­ны мәлім болып қалды.

Пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін құра­мын­да әртүр­лі әле­умет­тік топ­тың өкіл­дері бар «бай­қа­у­шы­лар» деген қозға­лыс пай­да бол­ды. Осы қозға­лы­стың төңіре­гін­де осы­ған дей­ін бел­сен­ділік таныт­паған қоғам­дық ұйым­дар, бір­ле­стік­тер жұмыста­рын жан­дан­ды­ра баста­ды. Бай­қа­у­шы­лар арми­я­сы еңбе­гінің нәти­же­сін­де сай­ла­удағы былы­қтар, заң­сызды­қтар ашы­лып, халы­ққа кеңі­нен тара­ды. Билік тара­пы­нан әртүр­лі әдістер­мен қысым қол­да­ны­луы­на қара­ма­стан, бел­сен­ді топ­тар әле­уеті нығая түсті. Халық өзінің талап ету құқы­ғы бар екенін түсін­ді. Қытай экс­пан­си­я­сы­на қар­сы­лық күшей­ді. Рефе­рен­дум ұйым­да­стыр­мақ болған және сая­си пар­тия құру баста­ма­ла­ры қоғам­ның жап­пай бел­сен­ділі­гін арттырды.

Осы жылы біздің қоғам ұйы­қтап жатқан вул­кан­ның оянға­ны тәрізді көрініс тудыр­ды. Доңыз жылын қор­тын­ды­лай келе, халы­қтың сана­сы­ның оянуы нәти­же­сін­де аза­мат­тық қоғам бұрын тарих­та бол­маған бел­сен­ділік таны­тып, қоғам­дағы кез кел­ген мәсе­ле­лер­ге немқұрай­лық таныт­пай, мүм­кін­ді­гін­ше ықпал ету­ге даяр екенін көр­сет­ті. Осы сер­піліс – өз басым үшін жыл­дың ең басты оқиға­сы болды.

2. Жал­пы, өткен­ге өкі­ну әдетім­де жоқ. Сон­да да бол­са, жыл­дың ең басты өкіні­ші  Н.Назарбаевтың «екі сиыр сатып алып, жаны­ң­ды бақ» деген мәлім­де­месі бол­ды. Оның 30 жыл­дық билі­гін­де жет­кен мүм­кін­ді­гінің бәрі осы екен­ді­гін біл­дір­ді. Әле­умет­тік желілер­де екі сиыр­ды қан­дай қары­зға алсам екен деп, халық әзіл­ге айнал­ды­рғы­сы кел­гені­мен, бұл түсін­ген ада­мға еңіреп жылай­тын жағ­дай. Отыз жыл­да екі сиыр ала­тын жағ­дай­ға халы­қтың әл-ауқа­ты жет­пеу деген есті­ген құлаққа ұят.

Екін­ші бір өкініш – Қаза­қстан­дағы шағын ауыл­дар­ды Назар­ба­ев­тың «пара­зит­ке» теңе­уі. Неге ол отыз жыл­да осы ауыл­дар­ды дамытпады?

Кез кел­ген қоғам ада­ми ресур­сқа арқа сүй­ей­ді. Өйт­кені алтын мен жиһаз­ды сатып алар­сың. Ал адам­ды, әсіре­се аза­мат­ты мем­ле­кет­ке сатып алып бере алмай­сың. Біз халқы өте аз мем­ле­кет­піз, сон­ды­қтан көбе­юі­міз керек. Неге біз­де халы­қтың санын көбей­ту тура­лы қомақты іс-шара­лар қолға алын­ба­ды? Осы­ның бар­лы­ғы – орны тол­мас өкініш!

3. Әрине, ең алды­мен келе жатқан Жаңа жыл­да елдің тыны­шты­ғы қашпай­ды деп үміт­те­не­мін. Жаңа пре­зи­дент айтқан «халық үніне құлақ аса­тын» жаңа мем­ле­кет­ті көре­мін деп ойлай­мын. Шын мәнін­де демо­кра­ти­я­лық қоғам қалып­та­сты­ра ала­мыз деген үмітім зор. Ой-пікір­дің сан алу­ан­ды­ғы үшін ешкім билік тара­пы­нан қуда­ла­у­ға ұшы­ра­май­ды деп үміт­те­не­мін. Аза­мат­тық қоға­мға билік тара­пы­нан шын қол­дау көр­сетіледі деп сене­мін. Бей­біт шеру­ге билік­тен рұқ­сат сұрай­тын масқа­ра­лы­қтан ада бола­мыз, құты­ла­мыз деп үміт­те­не­мін. Елі­міз­де көп пар­ти­я­лар тір­келіп, сая­си бәсе­ке­ле­стік артып, осы бәсе­ке­ле­стік мау­бас депу­тат­тар­дың ұйқы­сын шай­дай аша­ды деп ойлай­мын. Әрине, әле­умет­тік сипаттағы мәсе­ле­лер оң шеші­мін таба­ды деп үміт­те­не­мін. Эко­но­ми­ка­мыз кері құл­ды­ра­май, алға дами­ды деп үміт­те­не­мін. Сот­ты, әкім­дер­ді халық өзі сай­лай­тын дең­гей­ге жете­ді деп үміт­те­не­мін. Билік пен халық ара­сын­да шын мәнін­де тұрақты диа­лог орны­ға­ды деп үміт­те­не­мін. Осы үміт­терім бәрі ақта­ла­ды деп сен­гім келеді!

Әсет МАТАЕВ, журналист: 

1. 2019 жыл­дың басты жаңа­лы­қта­ры ретін­де Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың отстав­ка­сы, пре­зи­дент­тік сай­лау және аза­мат­тық қоғам­ның бел­сен­ділі­гінің артуын айтуға болады.

Аста­на­дағы бес бүл­дір­шін қыздың өлі­мі елі­міз­де­гі жағ­дай­ды ушы­қты­рып, кез кел­ген резо­нан­сты оқиға­лар халы­қтың билік­ке деген ашуын тудыр­ды және бас автор осы­ны жақ­сы сезді. 19 науры­здағы пре­зи­дент отстав­ка­сы қоғам­ды толқы­тқа­ны сезіл­ді. Бүгін­гі күн тұрғы­сы­нан алған­да, не десек те, Назар­ба­ев­тың осы қада­мы тарих ағы­мын өзгерт­ті деу­ге болады.

Сай­ла­у­ға дай­ын­дық бары­сын­да митинг­тер өтіп, халық сенім біл­дір­ген «оппо­зи­ци­я­лық» үміт­кер­ді қол­дау акци­я­ла­ры өтті. Оған мың­даған адам жүрек қала­у­ы­мен білек сыба­на ара­ла­сты. Сай­лау күні тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар сай­лау учас­ке­лерін­де­гі заң бұзу­шы­лы­қтар­ды аны­қтап, сай­ла­удың ресми қоры­тын­ды­ла­рын жоққа шығар­ды. Осы сай­ла­уда халы­қтан шыққан тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар жеңіс­ке жет­ті деу­ге әбден бола­ды. Нәти­же­сін­де көзі ашық, көкіре­гі ояу, бел­сен­ді жастар­дың баста­ма­сы­мен «Оян, Қаза­қстан!», «Рес­пуб­ли­ка», «Хақ», «Қаза­қстан демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы» атты ұйым­дар мен пар­ти­я­лар құрыл­ды. Жастар­дың осы баста­ма­ла­ры қоғам­ды оят­ты десек, артық бол­мас. Енді халық жаста­ры­мы­зға үлкен үміт артып отыр. Артын­да ірі биз­нес неме­се билік тұр­маған жастар­дың осын­дай баста­ма­ла­ры тіп­ті көр­шілес жатқан Ресей мен Қырғыз­стан­да да жоқ. Бұл қуан­тар­лық жағдай.

2. Жыл өкіні­ші ретін­де Ары­стағы жары­лыс пен көп­тен күт­кен нақты рефор­ма­лар­дың жоқты­ғын айтар едім. Ары­ста орын алған жағ­дай мем­ле­кет­тік басқа­руы­мы­здың бет пер­десін шешіп бер­ді. Әске­ри қой­ма­лар­дағы былық-шылы­қтар­дың арты осын­дай қай­ғы­ға алып келді.

Елі­міз­де шеші­мін тап­пай оты­рған мәсе­ле­лер өте көп. Ауыл мен ауыл шару­а­шы­лы­ғын жан­дан­ды­рып, білім беру және меди­ци­на сала­сын қолға алып, эко­ло­гия мәсе­лесіне көңіл ауда­ру қажет. Отан­дық өндіріс­ке сер­пін беретін шара­лар­ды жүзе­ге асыр­ма­сақ, эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­дың түзе­луі де екіталай.

Рефор­ма­ларға келетін бол­сақ, адам­дар сот пен құқық қорғау жүй­есін­де, эко­но­ми­ка­да, елі­міздің негіз­гі заң­да­рын­да түбе­гей­лі өзгерістер­ді күтіп отыр. Алай­да әзір­ше еш алға жыл­жу жоқ. Ол аздай, мем­ле­кеті­міз келіп-кетер еш пай­да­сы жоқ меке­ме­лер мен жоба­ларға мил­ли­ард­таған қыру­ар ақша жұм­са­уда. Мыса­лы, үкі­мет       1 млрд дол­лар­ды еншілес ком­па­ни­я­ларға жұм­са­мақ­шы. Осы­ның қажеті қан­ша? Қыру­ар қар­жы­ны талан-тара­жға жұм­сау тек өкініш тудырады.

3. Келер жылы елі­міздің дамуы­на бағыт­талған көп­те­ген жұмыстар­ды атқа­руы­мыз керек. Бұл елі­міздің әр аза­ма­ты­на қаты­сты. Өйт­кені мем­ле­кет әрқай­сы­мы­здың үйі­міз­ден баста­ла­ды. Син­га­пур бас­шы­сы Ли Куан Ю «Шынайы рефор­ма­лар­ды жүзе­ге асы­ру үшін, еліне адал пат­ри­от­тар­дың кіші­гірім коман­да­сы жет­кілік­ті» деп айтқан бола­тын. Оның рас екенін талай мем­ле­кет­тер дәлел­деп бер­ді. Солар­дың бір мыса­лы – Гру­зи­ядағы Саа­ка­шви­ли. Сон­дай үміт біз­де де бар!

Асыл­бек БАБАШ, бақы­ла­у­шы­лар қозға­лы­сы­ның мүше­сі (Шым­кент):

1. Ресми тір­ке­уден өтпе­сек те, «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар аль­ян­сы» (РОО ТБА) рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гі құрыл­ды. Рес­пуб­ли­ка­дағы 17 аймақтар­дан кемін­де 200 аза­мат­тар­дан тұра­тын ТБА аясын­да баста­ма­шыл ұйым­дар құрыл­ды. Осы аза­мат­тар ұлт келе­ше­гі деп ойлай­мын. Біз, өткен пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на қаты­сқан тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар, сай­лау өтіп, пре­зи­дент сай­ланған­нан кей­ін туын­даған талай сұрақтар­ды талқы­лап, сарап­тан өткізіп, елдің наза­рын өзі­міз­ге аудар­тып, сай­ла­удағы заң­сызды­қтар­ды жари­я­лап, сотқа жүгін­дік. Сай­лау кезеңін­де­гі дөрекі заң бұзу­шы­лы­қтарға өзі­міз куә болған соң, қол қусы­рып оты­ра алма­дық. Сай­ла­удан кей­ін тарап кет­кен жоқ­пыз. Бақы­ла­у­шы деген – халық, сол сай­ла­у­ға біз­бен бір­ге сен­ген, бір­ге үміт­тен­ген, бір­ге алданған – халық. «Бақы­ла­у­шы­лар» деген ұғым да, оның ата­уы да осы сай­ла­удан кей­ін қоғам­да үлкен оры­нға ие бол­ды деп ойлаймын.

2. Өткен жыл­дың өкіні­ші – ел бола­мыз ба деп үміт­те­гені­міз­де, сай­лау бұр­ма­ла­нып, үміт­тің үзіл­гені. Осы сай­ла­уда 18 жастағы өрім­дей жастан бастап, 70-ті еңсер­ген қари­яға дей­ін бақы­ла­у­шы бол­ды. Бәрінің бір үміті бол­ды, ұтыл­сақ – ұты­лар­мыз, бірақ дәл осын­дай абы­рой­сызды­ққа тап бола­мыз деп халық ойла­ма­ды. Сай­лау осын­ша­лы­қты әділет­сіз өте­ді деп кім ойлаған? Халы­қтың 30 жыл­дан бері жүре­гінің түбін­де сақтап кел­ген сені­мі бір түн­де быт-шыт болып, сағы­мы­здың сынға­ны – өкініш!

3. Пре­зи­ден­ті­міз елі­міз­де соғыс бол­ма­сын десе, қазақ халқы­ның жақ­сы өмір сүруін қала­са, қос өкі­мет­пен қошта­сып, шынайы халы­қтық билік­ке ат басын бұруы керек.

Қара­сай ӘШІРБЕКОВ, демо­кра­ти­я­лық пар­тия құру­шы баста­ма­шы топ­тың мүше­сі (Қызы­лор­да):

1. 2019 жыл­дың басты оқиға­сы Назар­ба­ев­тың 29 жыл басқарған орнын Тоқа­евқа беруі­мен ерекше­ле­неді. Осы кезең­ге бай­ла­ны­сты елі­міз­де пре­зи­дент­тік сай­лау өтіп, ел ішін­де қазір­гі билік­ке қар­сы үлкен-үлкен нара­зы топ­тар пай­да бол­ды. Мыса­лы: «Оян, қазақ!», «Бақы­ла­у­шы­лар аль­ян­сы», «Еркін қазақ» деген сияқты топ­тар қазір­гі билік­ке өздерінің көзқа­рас­та­рын ашық біл­діру­де және көп­те­ген бей­қам жүр­ген аза­мат­тар­дың көзін ашып, жемқор­лық жай­лаған, іріп-шірі­ген билік­ке қар­сы үлкен күш болып топтасуда.

 2. Өтіп жатқан жыл­дың ең басты өкіні­ші ретін­де айта­рым – ЖСДП-ның сатқын­ды­ғы. Менің қазір­гі билік­пен жүй­е­ге қар­сы күресіп жүр­гені­ме 10–15 жыл уақыт бол­ды. Оның ішін­де ЖСДП-ға мүше болып қабыл­да­нып, 12 жылға жуық уақыт осы пар­тия мүше­лері­мен бір­ге жұмыс атқар­дым. Бұл пар­ти­я­ны үлкен бола­шаққа жол аша­тын, өсіп жатқан жастарға жол бастай­тын күш ретін­де қабыл­да­дым. Алай­да менің сені­мім 2019 жылы 6 қыр­күй­ек­те өткен пар­ти­я­ның 15-съезін­де орын алған жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты күрт өзгер­ді. ЖСДП-ның негіз­гі тұтқа­сы билік­тің қолын­да екені 15-съез­ден кей­ін анық көрініп, бет пер­десі шешіл­ді. Олай дей­тінім – ЖСДП бас­шы­лы­ғы­на Ермұрат Бапи аға­мы­здың келуі­мен бай­ла­ны­сты. Ол Қаза­қстан­дағы пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін авто­ри­тар­лық жүй­е­ге қар­сы, көзі ашық, көкіре­гі ояу топ­тар­дың басын бірік­тіріп, пар­тия бас­шы­лы­ғы­на дарын­ды жас сая­сат­кер Жан­бо­лат Мамай­ды әкеліп, пар­ти­я­ны қазір­гі билік­ке қар­сы күре­се ала­тын үлкен күш­ке айнал­ды­рып, Қаза­қстан бола­шағы­на өзгеріс әке­лу мақ­са­тын­да күш-жігерін жұмсады.

Алай­да өкіні­штісі – мұның ешқай­сысы іске аспа­ды, пар­ти­я­ның іші­нен аран­да­ту­шы­лар шығып, Ермұрат Бапи­дың және пар­тия мүше­лерінің үмітін быт-шыт етті.

 3. Қазақ «Жақ­сы сөз – жарым ырыс» дей­ді. Алдағы келе жатқан 2020 жыл­дан күтер жаңа­лы­қта­ры­мыз бен жақ­сы­лы­қта­ры­мыз көп. Қазір­гі таң­дағы болып жатқан жаңа­лы­қта­ры­мы­зға бай­ла­ны­сты дарын­ды жас сая­сат­кер іні­міз Жан­бо­лат Мамай өз алды­на демо­кра­ти­я­лық пар­тия құру мақ­са­тын қолға алды. Бүкіл қаза­қстан­дық қоғам осы халы­қтық пар­ти­я­ның тір­ке­уден өтуіне ықпал етіп, қоғам осы пар­ти­я­ның маңы­на топ­та­сып, пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға бара­ды деп үміт­те­нем. Және ол сай­ла­уда жеңіп шыға­ты­ны­мы­зға сенімдімін.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн