Пятница , 4 июля 2025

Балташ ТҰРСЫМБАЕВ: ЖЕР МӘСЕЛЕСІ Назарбаевқа ТІРЕЛІП ТҰР

  • «Ел мен Жер» қоғам­дық қозға­лы­сы­ның төраға­сы, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Бал­таш ТҰРСЫМБАЕВ бастаған ұлт­шыл аза­мат­тар Жер кодексінің жаңар­ты­лған жоба­сын жасап, Жер комис­си­я­сы­на ұсын­бақ. Бұры­нғы ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі Жер мәсе­лесінің «май­ын ішкен» маман-мене­джер қаза­қтың тағ­ды­рын шешетін шару­аға қаты­сты айтар ойы­мен бөлісті. Соны­мен бір­ге өткен апта­да бір топ ұлт­шыл аза­мат­тар­ды бастап, Қор­дай ауда­нын­дағы Масан­шы ауы­лы­на барып, жер­гілік­ті тұрғын­дар­мен кез­десіп қайт­ты. Қаза­қтар мен дұңған­дар ара­сын­дағы кикіл­жіңнің әлі күн­ге дей­ін шешіл­ме­геніне тоқталды.

– Бал­таш аға, биы­лғы жыл­дың соңын­да Жер­ді сат­пау және шетел­дік­тер­ге жалға бер­меу жөнін­де­гі мора­то­рий­дің мерзі­мі біте­ді. Осы­ған орай өткен апта­да Қасым-Жомарт Тоқа­ев Жер комис­си­я­сы­ның жұмысын жалға­сты­ру жөнін­де мәсе­ле қозға­ды. Сіз «Ел мен Жер» қозға­лы­сы­ның жетек­шісі ретін­де бұл комис­си­я­ның жұмысын қай­та­дан жан­дан­ды­ру жөнін­де қан­дай ұсы­ны­стар айтар едіңіз?

– Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың осы комис­си­я­ның жұмысын қолға алға­ны – дұрыс қадам. Алай­да осы орай­да кеңес зама­нын­да Қиыр Шығы­стағы балы­қ­шы­ларға қаты­сты бір ескі әзіл еріксіз есі­ме түсіп тұрға­ны: совет­тік және жапон­дық балы­қ­шы­лар кез­десіп, балық аулан­бай қалған уақыт­та әңгі­ме-дүкен құра­ды екен. Жапон­дар: «Балық ауға түс­пе­ген кез­де басты­қта­рың не істей­ді?» – деп сұра­са, совет­тік­тер: «Басты­қтар жина­лыс өткі­зеді, комис­сия құра­ды, ал өздеріңнің басты­қта­рың ше?» – дей­ді. Жапон­дар бол­са: «Бізді қай­та­дан теңіз­ге қуа­ды, комис­сия мен жина­лыс біз­ге балық аулап бер­мей­ді», – деп­ті. Сол сияқты Тоқа­ев­тың ұста­ны­мы комис­сия құру­дан ары аспай тұр.

Жер­ге қаты­сты нақты шешім, тия­нақты тұжы­рым қажет. Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның аппа­ра­ты үлкен, қол­да­ны­стағы Жер кодексін жан-жақты талқы­ла­сын, шешім қабыл­дап, «Ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на пай­да­ла­на­тын жер­лер шетел­дік­тер­ге сатыл­май­ды» – деген мәсе­лені Кодекс арқы­лы тоқта­туы тиіс. Ал жалға беру­ге қаты­сты мәсе­ле бой­ын­ша да жер шетел­дік­тер­ге беріл­мей­тіні тасқа басқан­дай етіп көр­сетілуі керек. Біздің шолақ бел­сен­ділер мен лати­фун­ди­стер мил­ли­он­даған гек­тар жер­ді жалға алып алған. Соның бәрі қай­та­рып алы­нып, жер арқы­лы пай­да тауып, бай­ып жүр­ген­дер­ге заң арқы­лы тосқа­уыл қой­ы­луы тиіс.

Бұл орай­да «Ел мен Жер» қозға­лы­сы Жер кодексін қай­та қарап, оның жаңа жоба­сын жаса­ды. Толық мәтінін жақын ара­да БАҚ-та, бірін­ші кезек­те ел сенім арта­тын «ДАТ» газетін­де жариялаймыз.

– Жал­пы, елде­гі жер мәсе­лесіне қаты­сты билік­тің іс-әре­кетіне деген нара­зы­лық қай­та­дан қозып кет­пеу үшін, «Жер сатыл­май­ды және шетел­дік­тер­ге жалға беріл­мей­ді» деген талап­ты Жер кодексіне бір­ден енгізу­ге не кедер­гі? Билік осы мәсе­лені сиы­рқұй­ым­шақтат­пай, заң жолы­мен тый­ым салуға неге ынта­лы бол­май отыр деп ойлай­сыз? Халы­қтың тала­бы­на билік­тің ере­гісіп, қар­сы болуы­ның аста­рын­да қан­дай қитұрқы­лық бар?

– Бұл мәсе­ленің аста­рын­да бір ғана мәсе­ле тұр. Назар­ба­ев­тың маңы­на топ­тасқан­дар, жағым­паз­дар өз қожай­ы­ны не айт­са, соған бас шұлғи­ды. Қар­сы шығуға қауқар­ла­ры жоқ. Біз үкі­мет­те қыз­мет еткен кезі­міз­де өз қар­сы­лы­ғын ашық біл­діретін біраз аза­мат­тар бар еді. Ата заң­ды 1995 жылы өз құзы­ры­на қарай икем­деп алған соң, Назар­ба­ев толық дик­та­торға айнал­ды. Бір адам оған қар­сы шық­са, қыз­меті­нен кете­ді неме­се қуғы­нға түседі. Отыз жыл­да мем­ле­кет­ті асы­рап оты­рған меке­ме­лер­ді шетел­дік­тер­ге сатқа­ны­мен, түп­кі иелік ету құзы­ры Назар­ба­ев­тың отба­сы­на өтті. Оның ішін­де «Қар­мет­ком­би­нат» сияқты кен-метал­лур­гия сала­сын, «Қаза­қ­мыс» сияқты түсті металл өндірісін, мұнай мен газ сек­то­рын, т.б. маңы­зды өндіріс ошақта­рын өзіне мен­шік­теп алды. Енді осы бай­лы­қтан түсетін қар­жы көзі де тау­сы­луға айнал­ды. Демек, жер­ді жалға беру арқы­лы бай­лы­ққа кене­луді көз­деп отыр.

Жер­ді сатып та, жалға да ала­тын – Қытай, басқа ешбір мем­ле­кет­ке оның қажеті жоқ. Себебі өрке­ни­ет көшінің алғы шебін­де жүр­ген, демо­кра­ти­я­сы дамы­ған елдер Қаза­қстан­дағы сыбай­лас жемқор­лы­ққа батқан, бір ада­мға тәу­ел­ді сот, про­ку­ра­ту­ра, ҰҚК, поли­ция үстем­дік еткен, авто­кра­ти­я­лық елмен былы­ғып несі бар?

Ал жер­ге ие болған қытай­лы­қтар елге де қожай­ын болғы­сы келетіні бел­гілі. Әскерін енгі­зеді, қауіп­сіздік қыз­меті жалға алған жерін қор­шап, бекітіп, айна­ла­сын­дағы қаза­қтарға қоқан-лоққы көр­се­те­ді. Малын жай­ғы­з­бай­ды, суын ішкіз­бей­ді, үй іші­нен үй тік­кен­нің көкесін көр­се­те­ді. Ал ашкөз, ақша десе бәрін сатуға бей­ім тұра­тын біздің билік­ке сенім жоқ. Қытай­лар жер мен елді басқа­ра­тын құры­лы­мын біздің «сатқын» билік­ке басқар­тып, алдап-арбай­ды. Бей­біт экс­пан­сия деген осы!

Сол себеп­ті қаза­қтың тоқым­дай жерін шетел­дік­тер­ге еш уақыт­та сатуға, жалға беру­ге бол­май­ды! Кезін­де шетел­дік­тер­ге жер сату, ұзақ мерзім­ге жалға беру бап­та­ры бар Жер заңы жасалған­да, халық өре түре­гел­ді. Назар­ба­ев бол­са, отба­сы биз­несін жалға­сты­ра берем, қаза­қтар тырп ете алмай­ды деп ойлап отыр. Сөй­тіп ойла­са, қат­ты қате­ле­с­кені! Өмір бойы жан­шып, қаза­қты өзге­лер­ге құл етіп берем деп ойла­ма­сын! Қазақ халқы әзір­ге төзіп отыр, шыдам­ның да шегі бар, бір күні дүр етіп көтеріледі. Біз – диас­по­ра емес­піз, осы мем­ле­кет­тің иесі сана­ла­тын ұлтпыз.

Бір сөз­бен айтқан­да, жер­дің бүгін­гі жағ­дай­ын түбе­гей­лі шешу Назар­ба­евқа тіреліп тұр, бұл да уақыт­ша мәсе­ле, жер­дің ертең­гі бола­шағы – қазақ ұлты­ның қолында.

– Өткен апта­да Тоқа­ев­тың өкі­меті жыл­дың эко­но­ми­ка­лық қоры­тын­ды­ла­рын жасаған сыңай­мен үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген оты­ры­сын өткізді. Сол оты­ры­ста Асқар Мамин­нің ескі­ден қалған «жаңа» үкі­меті жасаған есебіне көңіліңіз тол­ды ма? Мәсе­лен, Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің жыл­дық инфля­ция 7 пай­ы­здан асып кет­кені жөнін­де­гі мәлім­де­месі қан­ша­лы­қты шын­ды­ққа жана­са­ды? Бұл аз ба, жоқ әлде үкі­мет әлде­нені жасы­рып отыр ма?

– Қай­дан кел­гені бел­гісіз Мамин деген­ге ешқан­дай сенім жоқ. Үкі­мет басқа­ру­дағы қабілетінің қан­дай екені был­ты­рғы пан­де­мия кезін­де әшке­ре бол­ды. Ел ішін індет жай­лаған кез­де біле­гін сыба­на кірісіп, құзыр­лы меке­ме­лер­дің есебін тың­дап, шешім шыға­руға қауқа­ры жет­пе­ді. Ғалам­тор­дағы мәлі­мет­тер қол жетім­ді, ашып қал­саң, қауіп­тің деректері сай­рап тұр. Маман­ды­ғы инже­нер шығар, бірақ эко­но­ми­ка сала­сы­нан толық мақұ­рым екен. Осы эко­но­ми­ка­лық топас­ты­қтың кесірі­нен індет кезін­де қан­ша­ма адам өлді, сон­ды­қтан Мамин­ге қан­дай сенім артуға болады?!

Бірақ сай­лау өткен соң, «үңгір­де» өткен жиын­да оның қожай­ы­ны Назар­ба­ев: «Мамин қай­та­дан тағай­ын­дал­са, қар­сы­лы­ғым жоқ», – деп шықты. Ал Тоқа­ев­тың оған қар­сы шығар қауқа­ры қай­сы? Ол да қожай­ы­ны айтқан сөз­ге көнді.

Мамин­нің қай­та­дан тағай­ын­далған үкі­меті­нен ешқан­дай нәти­же күт­пей­мін. Дағ­да­ры­стан шығуға ықпал ететін ешқан­дай бағ­дар­ла­ма­сы жоқ үкі­мет елдің эко­но­ми­ка­лық-әле­умет­тік жағ­дай­ын түзе­те қой­ма­сы анық, бұры­нғы жемқор­лық жалға­сып, ұры­лар қар­жы­сын шетел­ге асы­ра­ды. Батыс елдерін­де зәулім сарай тұрғы­зған­дар сол сарай­да қыз­мет ететін­дер­дің жалақы­сын, тиісті салы­ғын төлей­ді. Елде­гі қазақ халқы­ның жағ­дайы сол мүш­кіл қал­пын­да қала бер­мек. Бюд­жет­ті дұрыс пай­да­ла­ну­ды жолға қоя алмаған мем­ле­кет­тің бола­шағы­нан қан­дай қай­ыр күту­ге бола­ды?! Ал бюд­жет­ті жасақтай­тын үкі­мет екенін ескер­сек, эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс пен пан­де­мия кезін­де ол үкі­мет­тің дәр­мен­сізді­гіне көзі­міз жет­ті. Бүгін­гі билік халы­қтың қаһа­ры­нан қорқып оты­рған жоқ, керісін­ше, қолын­дағы бары­нан айы­ры­лып қал­мас үшін, халы­ққа оқ атуға бара­ты­ны­на куә болдық.

– Был­ты­рғы жыл­дың соңын­да Тоқа­ев­тың жар­лы­ғы­мен Эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар жөнін­де­гі агент­тік пен арнайы комис­сия құрыл­ды, рефор­ма­ның алғы шар­тта­рын жасай­ды деген үміт­пен шетел­дік маман жетек­ші-кеңес­ші болып тағай­ын­да­ла­ды. Осы құры­лым­дар­дың жұмысы­нан хаба­ры­ңыз бар ма? Бұлар үн-түн­сіз не тын­ды­рып жатыр деп ойлай­сыз? Әлде бұл халы­қты алдарқа­ту­дың ама­лы­мен жасалған кезек­ті қулы­қтың сық­пы­ты ма?

– Мұн­дай агент­тік­тің құры­лға­ны дұрыс қадам еді. Бірақ сол құры­лым­ның бас­шы­сы тәу­ел­сіз қыз­мет ете­ді деген­ге кім сенеді? Алдын ала беріл­ген тізім бой­ын­ша, кім­ді тек­се­ру керек, кім­ге жеңіл­дік жаса­луы тиіс деген тап­сыр­ма бой­ын­ша жұмыс жүр­гі­зеді. Ірі ком­па­ни­я­лар мен кор­по­ра­ци­я­лар­дың, билік­ке етене жақын жеке тұлға­лар­дың қар­жы­сы­на тиіс­пеу атап көр­сетіледі. Шағын және орта биз­нес өкіл­дерінің итін шыға­рып, тек­се­ру жүр­гізіп, аяқта­ры­на тұсау сала­ды. Сырт көз­ге агент­тік қызу жұмыс жүр­гізіп жатқан сияқты көрін­гені­мен, мем­ле­кет­ті тона­у­шы жемқор­лар таса­да қалып қояды. Бюд­жет­ке қар­жы құя­тын шағын және орта биз­нес, «рефор­ма­ның» сорын тар­та­тын­дар да – осы­лар. Сон­ды­қтан назар­ба­ев­тық режим жағ­дай­ын­да ешқан­дай агент­тік рефор­ма­ны қарық қыла алмай­ды, ел эко­но­ми­ка­сы ешу­ақыт­та дамы­м­ай­ды да, алға да бас­пай­ды. Негіз­гі оли­гарх Назар­ба­ев­тың өзі тұрған кез­де әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­дан да, оның бола­шағы­нан да үміт күту­ге болмайды.

Бал­таш аға, әңгі­ме бары­сын ұлт­тық, елдік арнаға бұрай­ық. Өткен апта­да бір топ қоғам­шыл аза­мат­тар­ды бастап, Қор­дай өңіріне барып қай­тқан екен­сіз. Бұл сапар­дың мақ­са­ты не болды?

– Мақ­са­ты­мыз – ел ішін­де­гі жағ­дай­ды көз­бен көріп қай­ту еді. Ста­ти­сти­ка­лық мәлі­мет­ті қарай­тын бол­сақ, Қаза­қстан­дағы дұңған­дар­дың жан саны 62 мың адам екен. Ал билік­ке сын айта­тын, нара­зы­лы­ққа шыға ала­тын бір ғана ұлт – қаза­қтар. Сон­ды­қтан қаза­қтар­ды тұқыр­тып, аз ұлы­стар­ды алақа­нын­да ұстау – бүгін­гі билік­тің саясаты.

Ресей пат­ша­лы­ғы­ның пре­мьер-мини­стрі болған Сто­лы­пин­ның бір кіта­бы­нан оқы­ға­ным бар. Сто­лы­пин қол астын­дағы мини­стр­лерін жинап алып: «Мыр­за­лар, егер өз ұлты­ңа жаның ашы­ма­са, оны қол­да­ма­сақ, онда басқа ұлт­тар­дың тыңай­тқы­шы­на айна­ла­мыз. Ресей импе­ри­я­сы­ның аумағын­да осы тыңай­тқы­штар­дың есебі­нен өзге ұлт­тар күш жинап, біздің есебі­міз­ден дами­ды» деген екен.

Демек, сол айтқан­дай, өзі­мізді қол­да­ма­сақ, дамыт­па­сақ, шыны­мен де, тыңай­тқыш сияқты өзгені гүл­ден­діріп, өзі­міз құрып кете­міз. Мен дұңған халқы­на қар­сы емес­пін, жан басы аз халық екен, бірақ сол өңір­де тұра­тын қазақ пен дұңған­ның әле­умет­тік мәр­те­бесі тең болуы тиіс қой. Бүгін­гі таң­да Қор­дай­дағы жағ­дай бой­ын­ша 51 адам істі болған. Бар­лы­ғы дер­лік – қазақтар!

Дұңған­дар қоны­станған Масан­шы деген ауы­лға бар­дық, ар жағын­да қаза­қтар тұра­тын Қара­ке­мер ауы­лы­ның іргесі тиіп тұр. Масан­шы­ның орта­лық көше­сін­де үлкен дүкен­дер орна­ласқан, тау­ар­ды көр­ші қырғыз елі­нен кон­тра­бан­да­лық жол­мен таси­ты­ны жер­гілік­ті жұр­тқа бел­гілі жайт екен. Сауда­мен айна­лы­сқан дұңған­дар­дың қар­жы­сы мол, әле­ует­ті, ал қаза­қтар­дың қолын­да көк тиы­ны да жоқ, қара­бай­ыр тұр­мыс кешуде.

Қан­ды оқиға­ның неден басталға­ны бел­гілі – 82 жастағы қаза­қтың қари­я­сын қасын­дағы неме­ре­лері­мен қоса дұңған жігіт­тер соққы­ға жыққан. Өздерінің айтуы бой­ын­ша, кек қай­тар­мақ болған қаза­қтар қас қарая көр­ші ауы­лға келіп, қан төгіліп, екі жақтан да адам шығы­ны орын алған. Қараңғы түн­де кім­ді кім өлтір­гені бел­гісіз, көше­де каме­ра орна­тыл­маған. Ақы­рын­да адам өлі­міне тек қазақ жағы кінәлі болып шықты. Сол кез­де­гі облыс әкі­мі Сапар­ба­ев оқиға орта­сы­на барып, жина­лыс өткізіп, «ешкім­ді сот­тат­пай­мын, жұмған ауы­зда­ры­ң­ды ашпаң­дар» деп кет­кен. Біраз уақыт­тан соң айтқа­ны­нан айнып, жағ­дай­ды әділ сот шешеді деп шыға кел­ген. Тер­ге­ушінің қолын­да нақты дәлел де, айғақ та жоқ, біре­улер­дің көр­се­туі­мен жазы­қты­сы бар, жазы­қ­сызы бар 51 адам ұсталған. Егер бастап барған­дар табыл­са, шар­тты түр­де жаза­ға тар­туға болар еді.

– Қазақ-дұңған қақты­ғы­сы­нан кей­ін­гі жер­гілік­ті жер­де­гі жағ­дай қалай екен? Екі халы­қтың ара­сын­дағы кикіл­жің басы­лып па?

– Мұн­дай кикіл­жің басы­лар еді, егер екі тарап­ты да тек­серіп, жағ­дай­ды жіті тек­серіп, елмен кез­десіп, жиі-жиі баста­рын қосып, мәміле­ге шақы­рып, осы күн­ге дей­ін ортақ шешім шыға­рыл­са. Жағ­дай тыны­шталға­ны­мен, жер­гілік­ті халы­қтың ішкі нара­зы­лы­қта­ры басылмаған.

БАҚ-та аз жазы­лған жоқ: дұңған­дар­дың бала­ла­ры әскер қата­рын­да аза­мат­тық боры­шын орын­да­уға бар­май­ды екен, бәрі мүге­дек деген құжат алған. Тиісін­ше осы «мүге­дек­тер» бюд­жет­тен жәр­де­мақы ала­ды. Қан­дай жол­мен осын­дай құжат алға­ны тек­серілуі тиіс. Мем­ле­кет­те қар­жы жете­ді, мың ада­мға шаққан­дағы поли­ци­я­ның саны бой­ын­ша дүние жүзін­де онын­шы орын­да­мыз: елді мекен­ге поли­ция күзетін қой­ып, бақы­лау жасау – Қор­дай өңірін­де әділет­тілік орна­ту­дың бір­ден-бір жолы.

Жер­гілік­ті жер­де­гі қаза­қтар­дың айтуын­ша, дұңған­дар үшін қазақ тілін­де білім алу былай тұр­сын, тіп­ті орыс­ша­ны қой­ып, өз тіл­дерін­де білім ала­ды екен. Бұл – жер­гілік­ті халы­қтың ара­сы­на ұлт­тық, әле­умет­тік жары­қ­шақ түсіретін жағ­дай ғой! Мем­ле­кет қай заңға сүй­еніп, оларға дұңған­ша білім береді? Өзінің тілі бір, мәде­ни­еті бір, мен­та­ли­теті ұқсас мил­ли­ард қытай тұр деп, күш көр­сетіп тұрған­да­ры ма? Бұл қай­дан шыққан мен­сін­бе­ушілік өзі? Билік қай­да қарап отыр?

Егер сотқа тар­ты­лған­дар­дың ақ-қара­сын аны­қтап, абақты­дан боса­тып, тиісін­ше шар­тты жаза қол­да­ныл­са, жұрт сабы­рға келер еді. Олай бол­маған жағ­дай­да жер­гілік­ті нара­зы­лық іште бұғып, сәті кел­ген­де тағы да бұрқ ете түсуі әбден мүмкін.

– Айт­пақ­шы, сол 51 адам жау­а­пқа тар­ты­лып жатқан Қор­дай қақты­ғы­сы­на қаты­сты сот­тан недей мағлұ­мат­тар ала алды­ңы­здар? Тағы да қаза­қты жазғы­ру сая­са­ты белең алып тұрған жоқ па екен?

– Сот­тан түс­кен мағлұ­мат ала-құла. Бірақ бір білетінім – халы­қты бөл­шек­теу, ала­лау сая­са­ты­ның кесірін қазақ көріп отыр. Өткен жыл­дар­дағы Қарағанды­дағы армян мен қаза­қтың кикіл­жіңін­де, Ащы­сай­дағы, Мало­вод­ный­дағы оқиға­лар­да да сот­тар қаза­қтар­ды «кінәлі» етіп шығарды.

Масан­шы­да әділет­тілік орна­са, қар­жы­сы көп дұңған­дар­мен қоса, ақша десе ұлтын сата­тын өзі­міздің қаза­қтар­дың да әре­кетін тек­сер­ген жөн. Біз осын­дай жағ­дай­ды көзі­міз­бен көр­дік, жер­гілік­ті билік кез­де­су­ге арнайы дай­ын­даған шал­дар­ды алып кел­ген. «Неге кел­дің­дер, екі ұлт­тың мәсе­лесін неге көте­ресің­дер, оны өзі­міз шеше­міз?!» деп дау­ры­қты. Сұрақ қоя­тын да осы шал­дар, ешкім­ді сөй­лет­кілері кел­мей­ді. Пысы­қ­сы­нған біре­уі «Бент­ли» көлі­гі­мен Қор­дай­дан арнайы кел­гені бел­гілі бол­ды. Сұра­с­ты­ра кел­сек, бұрын аудан­дағы МАИ-дың басты­ғы болып­ты. Көлі­гін мек­теп­тің аула­сы­на қаңтарған әкім­нің орын­ба­са­ры да біз көтер­ген мәсе­ле­ге қар­сы уәж айта алмай, таба­нын жал­ты­ра­туға мәж­бүр болды.

Кез­де­су­ге жиналған жер­гілік­ті жұрт баста­пқы кез­де қорқақтап еді, біраз­дан кей­ін бой­ла­рын жиып, шын­ды­қты жай­ып сал­ды. Деген­мен, айта­ры бар біраз аза­мат­тар­ды жиы­нға жібер­ме­ген. Бұл мәсе­ле наза­рдан тыс қал­мауы тиіс, бұл оқиға қай­та­лан­бас үшін, Тараз­дағы сотқа да қаты­сып, қол­дау көр­се­туі­міз керек.

– Ұлта­ра­лық мәсе­ле қозғалған­да, жоғарғы билік­тің қата­ры­на жай­ғасқан ассам­бле­я­ның айға бата жасап оты­рған кей­пін айтуға тура келеді. Осы құры­лым Қор­дай қақты­ғы­сы­на қаты­сты не бітіріп­ті, біле алды­ңыз ба?

– Ассам­блея – бута­фо­рия құры­лым! Назар­ба­ев отыз жыл бойы осы құры­лым­ның «жетісті­гін» айтып, әлем­дік қауым­да­сты­қтың алдын­да өзіне бедел жина­ды. Бірақ ассам­бле­я­ның нәти­же­сі не бол­ды? Бар­лық жер­де­гі ұлта­ра­лық кикіл­жің жан­жалға, қан­тө­гіс­ке дей­ін жет­ті. Тоғыз депу­тат­ты құра­мы­на кір­гізіп, қан­дай да бір келіс­пе­ушілік орын алса, қаза­қты төпеш­тетіп, «аз ұлт­тарға тиісіп жатыр» деп бай­ба­лам туғы­зған­нан басқа бітір­ген­дері жоқ.

– Сұх­бат бары­сын­да пан­де­мия кезін­де үкі­мет­тің пәр­мені бол­маға­ны­на тоқтал­ды­ңыз. Енді қоғам­дағы тағы бір дүр­мек Covid-ке қар­сы вак­ци­на салу мәсе­лесіне қаты­сты болып тұр ғой: сіз өзіңіз екпе сал­ды­рас­ыз ба?

– Қоғам­да тарап жатқан әртүр­лі ақпа­рат көз­дерін сарап­тап, ден қой­сақ, бұл вак­ци­наға деген сенім жоқты­ғы­на көзіңіз жете­ді. Тәу­ел­сіз сарап­шы­лар, ғалым­дар Ресей­дің вак­ци­на­сы­на сену­ге бол­май­ты­нын дәлел­мен айтып жатыр, бірақ екпе салу біздің елде баста­лып кет­ті. Нәти­же­сі оңды бол­май­ты­ны анық. Өзім ешқан­дай екпе сал­дыр­май­мын, отба­сым да осы ұста­ным­да. Тұмау болған кез­де де екпе сал­ды­рып көр­меп­піз, дәрі-дәр­мек қабыл­дап, жазы­лып шыққан­быз. Сақтық шара­ла­рын жасаймыз.

– Алма­ты қала­сы бір апта­ның ішін­де каран­тин­нің «қызыл» аймағы­на кіріп, екі-үш күн­нің ішін­де «сары­ға» түсіп, апта соңын­да қай­та­дан «жасыл» аймаққа өтті. Осы бұл­та­лаң­ның аста­ры­нан сіз недей сая­сат аңды­ды­ңыз? Әлде жағ­дай шынын­да да аума­лы-төк­пе­лі болып тұр ма?

– Осы мәсе­ле­де «све­то­фор­лық» каран­тин жағ­дай­ын жари­я­лау бір ғана Бек­шин мыр­за­ның құзы­рын­дағы шаруа емес. Оған айтқы­за­тын қожа­сы бар. Ол жоға­ры­дан түсетін нұсқа­уды ғана орын­да­у­шы. Қол­ма-қол әр түс­ке ауы­сты­рып оты­рған билік бақ­сы­ға айналған сыңай­лы. Бұл ста­ти­сти­ка жедел шара қол­да­нып, ауру санын азайт­тық деп, елді алдап, одан кей­ін сырт елге жалған ақпа­рат тара­ту­дың амалы.

Одан кей­ін әдейі «жасыл» аймақта­мыз деп вак­ци­на жаса­удың айла­сы. «Қызыл» аймақта қал­сақ, ауруға шал­ды­ққан адам­ның «саны көбей­іп», екпе салу науқа­ны кей­ін­ге ысы­ры­ла­ды. Жап­пай екпе салуға көшіп, екі-үш айдан соң ауру санын азайт­тық деп әлем­ге жар салу үшін жаса­лып жатқан шара. Халы­ққа жаны ашы­май­тын билік­тің бүгін­гі сиқы осы!

– Бұл билік те мәң­гілік емес шығар. Ашық айтқан әңгі­меңіз­ге рахмет!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн