Пятница , 4 июля 2025

Алтынбекті КІМ АТТЫРДЫ?

  • 2006 жылы 11 ақпан­да қані­шер­лер қолы­нан қаза тапқан бел­гілі мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлын және оның серік­тері Бауы­р­жан Бай­бо­сын мен Васи­лий Журавлев­тің қай­ғы­лы қаза­сы­на қаты­сты қастан­ды­қтың құпи­я­сы әлі толық ашы­лған жоқ. Адам ұрла­у­ға және олар­ды атуға тап­сы­рыс беру­ші неме­се тап­сы­рыс беру­шілер­дің шынайы аты-жөні ресми түр­де атал­ма­ды. Бұл істе­гі ең негіз­гі басты тұлға­лар таса­да қал­ды. Қосақ ара­сын­дағы­лар, қожа­сы­ның құл­да­ры, тап­сыр­ма­ны орын­да­у­шы­лар сот­та­лып, жаза­ға тар­тыл­ды. Жар­ты­кеш шын­ды­қты толы­қты­ра­тын, тура­сын жария ететін кез енді келді.

Осы қан­ды қыл­мысқа бай­ла­ны­сты «ДАТ» газетінің редак­ци­я­сы Алтын­бек­тің аға­сы – Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы өз тара­пы­нан жүр­гіз­ген жур­на­ли­стік зерт­те­уді ықшам­дап жари­я­лай оты­рып, таны­мал сая­сат­кер­ге жасалған нақақ қастан­ды­қтың қоғам­да айты­лып жүр­ген бір­не­ше нұсқа­сын (вер­сия) оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсы­на­ды. Бұл қан­ды қыл­мыстың тарихын жаңғыр­тып, ауық-ауық бас­пасөз­де жария етіп оты­ру – әсіре­се 2000 жыл­дар­дан кей­ін туған жас ұрпақтың сана­сы мен зер­десін сіл­кін­діріп тұру үшін аса қажет деп ойлаймыз.

1‑НҰСҚА: Өтемб­а­ев өлтірт­ті ме?

Сенат аппа­ра­ты­ның жетек­шісі – сол кез­де­гі сенат төраға­сы Нұр­тай Абы­қа­ев­тың қамқор­лы­ғын­дағы Ержан Өтемб­а­ев /Алтынбек Сәр­сен­бай­ұлы­на жасалған/ аса ауыр қыл­мыстың тап­сы­рыс беру­шісі ретін­де 2006 жылы сот­та­ды. Өтемб­а­ев­ты біз сот бары­сын­да, кей­ін де шын­ды­қты айтуға шақыр­дық. Бірақ ол өзін құр­бан­ды­ққа шалған «қамқор­шы­ла­ры­ның» құпи­я­сын айтуға жара­ма­ды, түр­ме­ден шыққан соң, көп ұза­май өмір­ден өтті.

Ержан Өтемб­а­ев кім­ді қорғап қал­ды? Ол нелік­тен біре­удің жасаған қыл­мысын өз мой­ны­на алды?

Рас, Өтемб­а­ев пен /Алтынбекті өлтір­ді деген желеумен/ сот­талған Рустам Ибра­ги­мо­втың ара­сын­да бұрын­нан бай­ла­ныс болған. Жер сату, құры­лыс салу, банк­тер­дің неси­есін пай­да­ла­ну сияқты тір­лік­тер­мен айна­лы­сқан. Ол еке­уін адам ұрлау және өлті­ру мақ­са­тын­дағы аса ауыр қыл­мысқа итер­ме­ле­ген не нәр­се неме­се кім?

Тер­геу тобын­дағы­лар­дың көр­се­туіне қараған­да, /«КНБ»-ның бұры­нғы төраға­сы, генерал/ Әлнұр Мұса­ев «жар­ты­лай бан­дит, жар­ты­лай мент» Ибра­ги­мо­вті пай­да­ланған. Оның Өтемб­а­ев­пен сыбай­ла­сты­ғын біл­ген және оны кәде­ге жаратқан. Мұса­ев – қыл­мыстық қитұрқы­лы­қтар­ды қол­дан жаса­удың кәсіп­тен­ген мама­ны. Қан­ды жос­пар­ды жүзе­ге асы­рған­да, аңғал Өтемб­а­ев­ты әдейі іске қос­са керек. Өтемб­а­ев­тың арғы жағын­да Нұр­тай Абы­қа­ев­тың тұрға­нын, ал оның Рахат Әли­ев­пен қас­тас екенін ескер­сек, Назар­ба­ев­тың ең сенім­ді сері­гін құла­туға бұл тап­тыр­май­тын мүм­кін­дік. Әли­ев-Мұса­ев тобы Өтемб­а­ев ұсталған соң өзіне тап­сыр­ма бер­ген Абы­қа­ев­ты көр­се­те­ді деп ойла­ды. Оның сөзін Ибра­ги­мов қуат­та­уы тиіс. Еке­уінің көр­се­туі бой­ын­ша Абы­қа­ев тап­сы­рыс беру­ші болып шыға­ды. Қоғам­да дүр­бе­лең туа­ды. Назар­ба­ев өзіне беріл­ген адал сері­гін сот­тан сақтап қалар, бірақ сенат төраға­сы қыз­меті­нен амал­сыз кетіреді деп есеп­те­ді. Осы­лай­ша билік­тің өз ішін­де­гі қар­сы­ла­сын құлат­са, пре­зи­дент­ке ықпал­да­рын еркін жүр­гізу­ге кедер­гі-тосқа­уыл бол­май­ды. Арғы жағын­да Әли­ев­тің өзін неме­се оның әйелін таққа әкеліп, ортақ билік құру­дың ауы­лы алыс емес еді.

Назар­ба­ев­тың сая­си қар­сы­ла­сы, оппо­зи­ци­я­лық күш­тер­дің басын бірік­тір­ген А.Сәрсенбайұлы екі жақтың да, Назар­ба­ев – Абы­қа­ев және Әли­ев – Дариға – Мұса­ев тобы­ның да ортақ жауы. Олар­дың бәрі билік­ті өз қол­да­рын­да ұстап қалу­ды мақ­сат тұтқан­дар. Бұларға Алтын­бек және оның серік­тері талап еткен сая­си рефор­ма жасау, әділ, таза сай­лау өткі­зу – билік­тен, сол арқы­лы келіп жатқан ұшан теңіз бай­лы­қтан, мил­ли­он­дар мен мил­ли­ард­тар­дан айы­ры­лу! Сол үшін де оны өздерінің жауы санады.

2006 жылы пре­зи­дент жағын­дағы­лар тірел­ген тұй­ы­қтан шығу­дың бір жолы ретін­де Өтемб­а­ев пен Ибра­ги­мо­вты деген­деріне көн­діріп, құпи­я­ны аштыр­май таста­уды жөн сана­ды. Түр­ме­де­гі бұл еке­уіне бас про­ку­рор­дың, ішкі істер мини­стрінің, Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті адам­да­ры­ның барып, келісім жаса­уы, үгіт­те­уі, қыл­мысым­ды мой­ын­дай­мын дегізіп, пре­зи­дент­тен кешірім сұра­тып, хат жаз­ды­рып алға­ны, т.б. соны айғақтай­ды. Бұлар алда­уға түсті, ола­рын тым кеш біл­ді, Ибра­ги­мо­втың өзі айтқан­дай, «лох» болды.

Өтемб­а­евқа қожай­ын­да­ры – қамқор­шы­ла­ры тара­пы­нан беріл­ген уәде-кепіл­дік­тер орын­дал­ды. Судья Л.Мерекеновтың 2006 жылғы үкі­мі бой­ын­ша Е.Өтембаев тап­сы­рыс беру­ші және қыл­мысты ұйым­да­сты­ру­шы ретін­де таныл­ды. 20 жылға сот­тал­ды. 2014 жылы Қас­ке­лең­де өткен сот­та судья А.Бейімбетов бұры­нғы айып­тау бап­та­рын өзгер­тіп, Е.Өтембаевты «тап­сы­рыс беру­ші­ден» «итер­ме­ле­уші­ге» ауы­стыр­ды. Жаза­сын өтеу мерзі­мін 13 жылға түсір­ді. 2015 жылы Аста­на маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық соты­ның судья­сы Е. Рахым­бе­ков шар­тты түр­де мерзі­мі­нен бұрын босат­ты. Баста­пқы­да 20 жыл­ды арқа­лаған ол 9 жыл­да түр­ме­ден шықты.

Аста­на маңын­дағы коло­ни­яда кіта­п­ха­на­шы­лық жұмыс бер­гізіп, жаза­сын өте­ген­сіт­кен Өтемб­а­ев­тың билік­тің ұшар басын­дағы «борыш­кер­лері» оған риза шығар. Ал жаза­ның 11 жылын қысқар­тқа­ны үшін Абы­қа­ев пен Назар­ба­евқа ол марқұм тірісін­де рах­мет айт­ты ма, жоқ па? «Мем­ле­кет­тің мүд­десін, Нұр­тай мен Нұр­сұл­тан­ның абы­рой­ын, тағын қорғап қалу жолын­да» Өтемб­а­ев қыл­мыс­кер атан­ды. Ден­са­улы­ғын құрт­ты. Тоғыз жыл темір тор­да отыр­ды. Өмір­дің қызы­ғы­нан, мән­сап­тың лепір­тер буы­нан, бәрі­нен құр қал­ды. Ауыр сырқат­тағы әйеліне де қарай алма­ды, өлгенін­де оған топы­рақ та салмады.

2-НҰСҚА: Қан­ды­қол – «күй­еу бала» ма?

  • Рахат Әли­ев­тің 2001 жылғы оқиғаға бай­ла­ны­сты А.Сәрсенбаевқа деген өште­сті­гі бар: оның сол кез­де мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­мақ болған қыл­мысын А.Сәрсенбайұлы жетек­шілік еткен комис­сия толық аны­қтап, дәлел­деді. Бірақ пре­зи­дент Н.Назарбаев қыл­мыстық іс қозға­уға жол бер­меді, құты­ры­нған күй­еу бала­сын құтқа­рып қалды.
  • Рахат Әли­ев­тің ең жоғарғы билік­ті заң­сыз ием­де­нуіне Қауіп­сіздік кеңесінің хат­шы­сы А.Сәрсенбайұлы тосқа­уыл қойды.

Бұл екі тұжы­ры­мға және төмен­де­гі пікір­лер­ге Алтын­бек­тің «Жұма- таймс» газетіне 2005 жылғы 17 қара­ша­дағы мына сұх­ба­ты дәлел:

«ҚДТ қозға­лы­сы­нан бұрын Р.Әлиевтің ісі орын алға­нын білесіз­дер. Мен соны тек­се­ру­ге қаты­сқан­дар­дың бірі­мін. Назар­ба­ев жек­сен­бі күні Рахат Әли­ев пен оның әкесін қабыл­да­ды, ал сосын оған көмек­те­су­ге және оны бел­гілі жағ­дай­да қорға­уға тыры­сқан адам­дар­дың бар­лы­ғын өзі ұстап бер­ді, өйт­кені ол мем­ле­кет­тің бас­шы­сы ғой. Ал біз тек оны (Назар­ба­ев­ты) емес, кон­сти­ту­ци­я­лық жүй­ені қорға­дық. Біз іс жүзін­де пре­зи­дент­ке елде сая­си бас­сызды­қ­пен айна­лы­суға бол­май­ты­нын дәлел­деп бер­дік. Назар­ба­ев Әли­ев­тің іс-қимы­лы тура­лы толы­қтай хабар­дар бол­ды. Мен оған жеке өзім баян­да­дым және бар­лық құжат­тар мен мате­ри­ал­дар­ды көрсеттім.

Мына­ны қараңыз: Назар­ба­ев Әли­ев­тер­ді қабыл­да­ды да, өз ұста­ным­да­рын өзгер­те сал­ды. Ал Р.Әлиев пре­зи­дент­пен бір­ге теле­ви­де­ние эфи­ріне шығып, жемқор­лы­қ­пен күрес­кенін және «мұн­дай кесел­мен күре­се» беретінін айт­ты. Мен пре­зи­дент­тің дәл қазір жағ­дай­ды ушы­қты­руға бол­май­ты­ны­на, сая­сат тұғыр­на­ма­сын дұрыс таң­да­уы­на көзін жет­кі­зуіне тыры­стым. Бірақ пре­зи­дент басқа жол­ды таң­да­ды. Ол енді қар­сы­ла­ста­рын қай тұрғы­дан да мой­ын­дағы­сы кел­меді. Жари­я­лан­баған соғыс басталды…».

  • ҰҚК төраға­сы болуға мүд­делі әрі дәмелі Р. Әли­ев құдірет­ті меке­ме­де­гі орын­ба­сар­лық лау­а­зым­нан да айы­рыл­ды, пре­зи­дент­тің күзетіне уақыт­ша ауы­сты­рыл­ды, кей­ін одан да сырғы­ты­лып, шетел­ге елшілік­ке кет­ті. Мұның бәріне қыл­мысын ашқан, мем­ле­кет қауіп­сізді­гін қорғаған А.Сәрсенбайұлын кінәлі санады.
  • Сая­сат­кер А.Сәрсенбайұлы отба­сы билі­гін түбе­гей­лі орны­қты­ру­ды ойлаған Н.Назарбаевтың, Р.Әлиевтің халы­ққа керексізді­гін ашық түр­де мәлім етті.

Мәсе­лен, Алтын­бек өзінің «Үштаған» неме­се Қаза­қстан­да әділ сай­лау неге арман?» деген мақа­ла­сын­да (2005 жылы қара­ша айын­да) былай деп жазды:

«Сай­лау қар­саңын­да үлкен күй­еу бала­сы Р.Әлиевті елге қай­тар­ды. Сыр­тқы істер мини­стрінің бірін­ші орын­ба­са­ры етіп қой­ды. Құд­ды ұлт­тық қазы­на­мыз секіл­ді арнайы жар­лы­ғы­мен оралт­ты. Биз­не­смен­дер сағы­нып қал­ды деді ме екен? Әлде оның талай теп­кісі­нен өткен оппо­зи­ци­о­нер­лер мен жур­на­ли­стер ұзақ күтіп қал­ды деп ойла­ды ма екен? Осы тағай­ын­дау арқы­лы өзінің отба­сы режим­нің сая­си қаңқа­сы­ның маңы­зды құрам­дас бөлі­гі екен­ді­гін бады­рай­та көр­сет­ті. Бұған қанағат­танған Дариға Назар­ба­е­ва өз әкесінің елді 35 жыл бойы басқа­руы қажет екен­ді­гін дүй­ім жұр­тқа жария етті. Сіз қалай ойлай­сыз: отба­сы­ның билі­гі біздің халқы­мы­зға қажет пе? Осын­дай отба­сы­на біздің халық өз еркі­мен дауыс бере ме?».

Мұн­дай мысқыл, ащы пікір өздерін құдірет санап жүр­ген Рахат пен Дариғаға ауыр соққы болып тигені анық. Лай­ы­қты жау­ап қай­та­ра алмаған соң, сая­си өрістері тар, құр­ту мен жоюға әуе­стер қар­сы­ла­сы­нан басқа­ша жол­мен кек қай­та­ру­ды неме­се үндерін өшіруді ойлай­ды. Әли­ев те солай.

  • Бас­пасөз мини­стрі кезін­де А.Сәрсенбайұлы Рахат пен Дариға еке­уінің медиа-биз­несіне Қар­жы мини­стр­лі­гі арқы­лы бюд­жет­тен бөл­гіз­ген мил­ли­ард­таған қар­жы­ны заң­сыз деп тоқтатқы­зды, «Хабар­ды» жеке­ше­лен­ді­ру­леріне қар­сы тұр­ды, сол үшін де Әли­ев­тің жек­көр­генін, өшік­кенін, тіп­ті қорқыт­пақ болға­нын біз білеміз. 
  • Оппо­зи­ци­я­лық күш­тер­дің басын бірік­тір­ген, құрған пар­ти­я­сы халық тара­пы­нан қол­дау тапқан А.Сәрсенбайұлы тұрған­да, отба­сы­ның және өзінің билік­тен кетірілетінін Р.Әлиев сезді, сол үрей оны қастық жаса­уға итермеледі.

3‑НҰСҚА: Қастан­дық қыздан шықты ма?

  • Теле­ар­на­ларға, газет­тер­ге ие болған Д.Назарбаева өз ақпа­рат құрал­да­рын мем­ле­кет есебі­нен қар­жы­лан­ды­рып, пай­да табуға ұмтыл­ды. Оған министр ретін­де А.Сәрсенбайұлы келіс­пе­ді. Бәрін өзі қалаған­дай шеш­кізіп әдет­тен­ген пре­зи­дент­тің қызы мұн­дай қар­сы­лы­ққа қат­ты қапа­лан­ды. Әкесіне талай рет шағым­дан­ды, ыза­лан­ды, жек­көру­шілік сезі­мін жасырмады.

Оған дәлел – 2004 жылғы мау­сым­да жари­я­ланған сұх­ба­тын­да Алтынбек:

«…Мен одан жиі бас тар­та­ты­н­мын. Біздің ара­мы­зды өте қиын-қыстау жыл­дар бөліп жатыр. Ол өз арна­сы­ның ұлт­тық мем­ле­кет­тік «Қазақстан‑1» арна­сы­нан көбірек қар­жы алуға ұмты­лып бақты. Ол «Еура­зия – ОРТ» ТВ-арна­сын мем­ле­кет­тің есебі­нен ұстау үшін басым­дық жаса­уды көз­деді. Сосын аяқ асты­нан Бірін­ші ұлт­тық мем­ле­кет­тік арна­ны басқа­руға алуға шешім қабыл­да­ды, бірақ мен ондай мүм­кін­дік бер­медім, бұлай, жеме-жем­ге кел­ген­де, мем­ле­кет­тік арна­ны жеке мен­шік­пен шата­сты­рып алуға да бола­ды ғой.

Пре­зи­дент «мұн­да тұрған не жаман­дық бар, егер Дариға қолы­на алып, ол арна­ны көтеріп жат­са?» деп сұра­ды. Сон­да мен оған элек­трон­дық БАҚта Дариға түбе­гей­лі моно­по­лия орна­та­ды деп түсін­дір­дім. Бәрін бір адам­ның қолы­на өткізіп беру­ге бол­май­ды. Мені Қауіп­сіздік кеңесіне ауы­сты­ра салы­сы­мен, жаңа министр Мұх­тар Құл­мұ­хам­мед оның теге­урініне шыда­май, ұлт­тық арна соның басқа­руы­на көшті».

  • «Қаз­те­ле­ра­дио», «Кател­ко», «Алма-Медиа» сияқты ком­па­ни­я­лар мен Д.Назарбаеваның бай­ла­ны­сы, заң­сызды­қта­ры, ірі хол­динг­тің акци­я­ла­рын иелен­ген, бірақ сон­да көлік айдаған, кей­ін­нен Қаза­қстан­ның Австри­ядағы елшілі­гінің жүр­гі­зу­ші болып, күмән­ді жағ­дай­да қаза­ға ұшы­раған адам тура­лы зерт­теу жүр­гі­зу қажет­ті­гін Алтын­бек мәсе­ле етіп көтер­ді. Бұл да Рахат пен Дариға­ның ашу-ыза­сын туғызды.
  • Министр А.Сәрсенбайұлы «Хабар­ды» иелен­ген Д.Назарбаеваның қар­жы­лан­ды­ру заң­ды­лы­қта­ры мен бюд­жет сая­са­тын бұзып, үстем­ді­гін жүр­гі­зуіне жол бермеді.

Алтын­бек /өзінің бір сұхбатында/ былай деді:

«Мен Әділет мини­стр­лі­гіне сұрау салып, жеке арна­ны бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ру бой­ын­ша ешқан­дай заң­дық құжат­тар­дың жоқ екенін аны­қта­дым. Мыса­лы, «Хабарға» келесі жылы 1 мил­ли­ард 200 мил­ли­он тең­ге бөлу жос­пар­ланған. Менің қар­сы­лы­ғым­нан кей­ін бюд­жет­тік комис­си­яда шығын­дар­дың аталған пунк­ті алып тастал­ды. Бұдан бұрын «Хабарға» мем­ле­кет тара­пы­нан 470 мил­ли­он тең­ге бөлін­ген бола­тын. Бюд­жет­тік қара­жат­тар­ды тіке­лей тонау бол­маған­да, бұл не?».

Сон­дай қомақты қара­жат­тан қағы­лған Д.Назарбаеваның көңіл-күйі бұзыл­ма­ды, адал жұмыс істе­ген мини­стр­ге өшік­пе­ді деп айта ала­сыздар ма, тер­ге­уші, про­ку­рор, сот мырзалар?!

  • «Хабар» арқы­лы А.Сәрсенбайұлын сотқа бер­гізіп, басын­да 1 мил­ли­ард тең­ге­ге айып­тағы­сы кел­ді. Сот мұның тым көп және ақы­лға сый­ым­сыз сома екенін ескерт­се керек, мораль­дық айып­пұл мөл­шерін 50 мил­ли­он тең­ге­ге түсір­ді. Қуыр­шақ сот «Хабар» ком­па­ни­я­сы­ның ар-намысы мен іскер­лік беделіне кел­ген нұқ­сан үшін 1 мил­ли­он тең­ге өте­мақы төлет­ті. Не үшін?

А.Сәрсенбайұлының «Рес­пуб­ли­ка. Дело­вое обо­зре­ние» газетін­де­гі мына сөзі үшін:

«Менің­ше, қазір жұрт­шы­лық қай ақпа­рат құра­лы­ның кім­ге тиесілі екен­ді­гін жақ­сы біледі. Өз басым ең бірін­ші кезек­те Дариға Назар­ба­е­ва мен оның отба­сы­на тиесілі медиа-хол­динг­ті моно­по­ли­я­сыздан­ды­ру қажет деп есеп­тей­мін. Бұл медиа-хол­динг­ке «Хабар», «Елар­на», «КТК», «НТК», «Еура­зия-Бірін­ші арна» теле­ар­на­ла­ры, «Кас­пи­о­нет» спут­ник­тік арна­сы, «Алма-ТВ» кабель­ді жүй­есі, «ХитФМ» радио­стан­са­сы, «Еуро­па плюс Казах­стан» радио­сы, «Рус­ское радио Қаза­қстан», «Радио Ретро» және бұдан басқа да бір­не­ше жал­пы­ұлт­тық хабар тара­та­тын ұйым­дар кіреді. Соны­мен бір­ге бір­сы­пы­ра рес­пуб­ли­ка­лық басы­лым да осы хол­динг­ке қарайды».

Ақпа­рат­тық рын­ок­ты моно­по­ли­я­лан­ды­рып алды деп «Хабар» агент­ті­гін емес, Дариға­ның өзін, отба­сын ата­са да, айқасқа «жәбір­ле­ну­шінің» өзі шық­пай, басқа­лар­дың қолы­мен от көседі. Осын­дай адам өш алу, қар­сы­ла­сын тұқыр­ту, жой­ып жібе­ру үшін қастан­дық жаса­уға тап­сы­рыс бер­мей­ді деу­ге қалай иланамыз?!

4‑НҰСҚА: Назар­ба­ев­тың нақақ әре­кеті ме?

Ержан Өтемб­а­ев газет­те­гі екі мақа­ла­дағы, оның бірін­де тіп­тен аты-жөні атал­ма­са да, А.Сәрсенбайұлының сын пікірі жек­көру­шілік, өште­су­шілік туғы­зып, қыл­мыс жаса­уы­на итер­ме­леді дей­ді тер­ге­уші, про­ку­рор және сот. Сон­ды­қтан осын­дай бұл­жы­мас қағи­да­ны бас­шы­лы­ққа алып, қыл­мыстық істер­ді қарай­тын шен­ділер­дің наза­ры­на Қаза­қстан аза­ма­ты Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Назар­ба­евқа – бұры­нғы пре­зи­дент­ке қаты­сты жазы­лған, айты­лған, тіке­лей оның өзін сынаған Алтын­бек­тің өте көп пікір­лерінің бір­не­ше­уін ғана ұсынамын.

  • «Бір-бірі­нен мүл­де бөлек, тұрақ­сыз үш жол­дау. Мұн­дай­ды бүгін­де қой­ырт­пақ дей­ді. Қай­сысы­на сене­міз? Егер жол­да­у­ла­ры осын­дай әрқи­лы бол­са, онда пре­зи­дент­ке қалай сенесің? Ел үшін түй­ін­ді мәсе­ле бой­ын­ша басы әңкі-тәңкі болған ада­мға елдің тағ­ды­рын табыст­ап, біз орын­сыз тәу­е­кел­шіл­дік жасап оты­рған жоқ­пыз ба?».
  • «Назар­ба­ев сөз бостан­ды­ғы тура­лы айта­ды. Шын­ды­ғы­на сай­ған­да, ол заң­ның шең­берін­де, яғни қысқа қарғы­ба­уда болуы тиіс деп, бір­ден атап көр­се­те­ді. Іс жүзін­де қалай? Жур­на­ли­стер­ді енді қорқыт­пай­ды, олар­ды өлті­ре бастай­ды. Газет­ті жай ғана жауып таста­май­ды, олар­ды жоюға тыры­са­ды. Про­ку­ра­ту­ра оппо­зи­ци­я­лық ұйым­дар­дың ғима­рат­та­ры мен үйлерін заң­сыз тін­те­ді және демо­кра­ти­я­лық басы­лым­дар­ды заң­сыз тар­тып ала­ды. Пре­зи­дент­тің сая­си өзгерістің қажет­ті­гі тура­лы әрбір сөзі­нен кей­ін дүние тары­лып сала береді. Елі­міз үшін қорқы­ны­шты. Оның қазір­ше басқа сөз айта қой­маға­ны қан­дай ғанибет…».
  • «Не керек, оның бүгін өз халқы­на бер­гені­нен гөрі, алға­ны әлдеқай­да көбей­іп кет­ті. Пре­зи­дент­тің кем­шілі­гі мен қателі­гі оның жетістік­терін басып озып кет­ті. Шын жетістік­терін де, қол­дан жасалған «жетістік­терін» де. Масқа­ра­лы­ққа ұшы­рап, абы­рой­дан бір­жо­ла­та айы­ры­лып қал­ма­сы үшін, мұн­дай жағ­дай­да өзін-өзі сый­лай­тын сая­сат­кер­лер сахна­дан кетеді».
  • «Пре­зи­дент не деп еді? Пре­зи­дент­ке сен­сек, біз­де шека­ра да бол­маған. Тер­ри­то­рия да жоқ. Мем­ле­кет­тілі­гі­міз де бол­мап­ты. Сон­да біз сыған­дар­мен туыс болып шықтық қой… Мем­ле­кет­ті де сол жасап­ты! Шека­ра­ны да сол аны­қтап­ты. Және біз үшін жер­ді де іздеп тауыпты…».
  • «Назар­ба­ев нелік­тен әділ сай­лау өткі­зе алмай­ды? Тым бол­ма­са бір рет. Бар­лық тәу­ел­сіздік жыл­да­ры ішін­де, өзі басқарған 15 жыл­да неге ондай қада­мға бара алма­ды? Нелік­тен ол бұл жолы да лас, тай­ғақ соқ­паққа түсті? Үйрен­шік­ті болға­ны­мен, қауіп­ті емес пе?».

Мен А.Сәрсенбайұлының бұры­нғы пре­зи­дент Н.Назарбаевқа, оның қыз­метіне қаты­сты өзге де сын пікірін, көзқа­ра­сын, бер­ген баға­сын тізіп шығуы­ма болар еді. Бірақ осы да жет­кілік­ті болар деп тоқта­дым. Мақта­удан басқа­ны есті­гісі кел­мей­тін, атақ-даңққа құмар адам­ның шым­бай­ы­на бата­тын жоға­ры­дағы шын­дық әрі ащы мысқыл, әжу­а­мен, бірақ мем­ле­кет пен қоға­мға жана­шыр­лы­қ­пен айты­лған ақиқат сөз­дер Н.Назарбаевтың қанын қарай­тып, ашу-ыза­сын кел­тір­генін өздеріңіз де білесіз­дер. Назар­ба­ев кеше­гі қол астын­да істе­ген мини­стр­ден, жасы кіші адам­нан мұн­ша­лы­қты сөз естуі оны «жын­дан­ды­рған» да шығар.

/ҚР бас про­ку­ро­ры, ішкі істер мини­стрі, ҰҚК төрағасы/, енді заң­гер ретін­де айты­ңы­здар: Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өзіне халық алдын­да жоға­ры­дағы­дай өткір сын айтқан, масқа­ра­сын шығарған, «тірі­дей сой­ып» салған адам­нан кек алмай тоқта­у­шы ма еді? Өзін ұлт­тың көш­бас­шы­сы, елба­сы сана­тып жүр­ген ада­мға оның құрған жүй­есінің айы­қ­пас ауруы тура­лы қой­ған қатаң, бұл­тар­пас диа­гно­зы, өтірік­терін әшке­ре етуі өте жай­сыз тигені дау­сыз. Назар­ба­ев мұн­дай сынға төз­бей­тін, қор­ла­на­тын, қаһа­рын төгіп, шалт қимы­лға бара­тын пен­денің бірі.  Сон­ды­қтан мен кел­тір­ген мысал­дар оның қыл­мыс жаса­уы­на себеп­кер, итер­ме­ле­уші фак­тор­лар – Өтемб­а­ев­тың мотиві­мен салы­сты­рған­да әлдеқай­да нақты­лы және сенім­ді аргу­мент. Өз өлшем­деріңіз­ге сал­сақ, Ержан­ның орны­на ең алды­мен Нұр­сұл­тан, одан кей­ін Рахат пен Дариға және басқа­ла­ры жау­а­пқа тар­ты­луы, тап­сы­рыс беру­ші, ұйым­да­сты­ру­шы, тым құры­ған­да қыл­мысқа итер­ме­ле­уші бап­та­ры бой­ын­ша жаза­ла­нуы керек қой?!

Батыр, қайт­пас қай­сар тұлға Заман­бек Нұрқа­ді­лов­ке жасалған қастан­ды­қты халық пре­зи­дент болған Н.Назарбаевтан көр­ді. Мен де солай есеп­тей­мін. Өйткені…

Өйт­кені бұл екі аза­мат­ты қаза­ға ұшы­ратқан тер­рор­лық әре­кет­тің жеке бас араз­ды­қтан туын­дай­тын қыл­мыстан бөлек, сая­си аста­ры бар. Ең басты­сы және негіз­гісі де сон­да – үлкен сая­сат­та! З.Нұрқаділов пен А.Сәрсенбайұлы – бел­гілі сая­сат­кер­лер, режим­ге қар­сы шыққан күрес­кер­лер. Кері қайт­пай­тын, сатыл­май­тын табан­ды тұлға­лар. Олар­дың шын­шыл, дәлел­ді сөз­дері­нен, сая­си айқын көзқа­рас­та­ры­нан кей­ін қоғам­дық пікір күрт өзге­ре баста­ды. Мұн­дай адам­дар Қаза­қстан­да отба­сы­лық, оли­гар­хи­я­лық, авто­ри­тар­лық билік жүй­есін түбе­гей­лі орны­қты­рып, мәң­гі үстем­дік етуді көз­де­ген­дер үшін үлкен кедер­гі бол­ды. Әрі айтар­лы­қтай қауіп еді.

P.S.

Мен сая­си тер­рор­лар­дың сал­да­ры­нан қаза­ға ұшы­раған Заман­бек Нұрқа­ді­ло­втың жер­лесі­мін, Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның аға­сы­мын. Заң бой­ын­ша – жәбір­ле­ну­ші­мін. Сон­ды­қтан атта­ры аталған қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кер­леріне, Бауы­р­жан Бай­бо­сын мен Васи­лий Журавлев­ке оқ атқы­зған­дар­ды, оқ атқан­дар­ды аны­қта­уды, қыл­мыстық жаза­ға тар­тқы­зу­ды талап ету­ге құқы­лы­мын. Қос бір­дей қан­ды оқиға­ның қоғам­дағы қау­пін ескеріп, тер­ро­ризм бабы бой­ын­ша жаңа­дан іс жүр­гі­зуді талап етемін!

Рыс­бек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн