Пятница , 4 июля 2025

НҰР-СҰЛТАН диктатурасына 20 ТАЛАП

«Пікір­та­ла­ста сөз алған гер­ма­ни­я­лық депу­тат Вио­ла фон Кра­мон-Тау­ба­дель «бір­де-бір сай­лау әділ өтпе­ген» Қаза­қстан­дағы қазір­гі жағ­дай­ды «Назар­ба­ев дик­та­ту­ра­сы» деп сипаттады.
  • 11 ақпан­да Еуро­па пар­ла­мен­ті басым көп­шілік дауы­спен Қаза­қстан­дағы адам құқы­қта­ры жөнін­де Қарар қабыл­да­ды. Елде­гі аза­мат­тық қоғам аясы­ның тары­луын, адам құқы­қта­ры­ның бұзы­луын және сай­ла­удағы әділет­сіздік­ті сынай­тын Қарар­ды дауыс бер­ген 693 депу­тат­тың 598‑і қол­да­са, тек 43 депу­тат қар­сы шыққан.

Қарар­да депу­тат­тар Қаза­қстан бас­шы­лы­ғын адам құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры бой­ын­ша мой­ны­на алған халы­қа­ра­лық мін­дет­те­ме­лерін орын­да­уға шақы­рып, 20 түр­лі талап қойды.

10 қаңтар­да Қаза­қстан­да өткен мәжіліс және мәс­ли­хат сай­ла­у­ы­на бақы­лау жасаған Еуро­па­дағы қауіп­сіздік және ынты­мақ­та­стық ұйы­мы сай­ла­уды бақы­лау бюро­сы­ның есебіне сүй­ен­ген депу­тат­тар дауыс беру кезін­де «түр­лі заң­дар негіз­гі бостан­ды­қтарға еле­улі шек­теу қой­ға­нын, аза­мат­тық қоғам мен бала­ма көзқа­рас­тар­дың аясы тары­лға­нын» атап өтті және «оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар­дың қаты­суы­на мүм­кін­дік беріл­ме­генін», яғни сай­ла­у­шы­лар­дың «таң­дау мүм­кін­ді­гі бол­маға­нын», «тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­ларға билік­тен ерекше қысым болға­нын» айт­ты.

Екін­ші маңы­зды мәсе­ле ретін­де Еуро­пар­ла­мент депу­тат­та­ры сай­лау күні Қаза­қстан­ның түр­лі қала­ла­рын­да өткен нара­зы­лық жиын­да­рын, билік­тің олар­ды күшпен басып тастаға­нын, аза­мат­тар­дың еркін жина­лып, өз пікірін бей­біт түр­де біл­діруіне мүм­кін­дік беріл­ме­генін ескерт­ті. Қарар­да көр­сетіл­ген­дей, сай­лау күні елдің 10 қала­сын­да кемін­де 350 адам ұсталған.

Депу­тат­тар­дың дере­гі бой­ын­ша, Қаза­қстан­да 26 сая­си тұтқын бар, олар­дың кей­бірі тер­геу орнын­да отыр­са, кей­бірі түр­ме жаза­сы­на кесіл­ген. Оның үстіне «билік сая­си оппо­нент­тер мен сыни пікір­лер­ді басып тастау үшін, экс­тре­мизм­ге қар­сы заң­дар­ды пай­да­ла­на­ды» деген депу­тат­тар «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» (ҚДТ) және «Көше пар­ти­я­сы» қозға­лы­ста­ры­на тый­ым салы­нға­нын айтып, осы ұйым­дар­ды қол­даға­ны үшін айып­ты болған адам­дар­дың аты-жөн­дерін көрсеткен.

  • «Құқық қорғау орган­да­ры мен бар­лау ұйым­да­ры жүр­гіз­ген заң­сыз әре­кет­тер мен сая­си репрес­сия кесірі­нен 2020 жылғы ақпан-жел­тоқ­сан ара­лы­ғын­да Қаза­қстан­да оппо­зи­ци­я­ның бес бел­сен­дісі қаза бол­ды» делін­ген Қарар­да. Олар: Дулат Аға­діл мен оның 17 жасар ұлы Жан­бо­лат Аға­діл, Аман­би­ке Хай­рол­ла, Серік Ора­зов және Ғари­фул­ла Ембергенов.

Еуро­па депу­тат­та­ры­ның айтуын­ша, коро­на­ви­рус пан­де­ми­я­сы кезін­де үкі­мет індет­ке қаты­сты шек­те­улер­ді аза­мат­тық қоғам өкіл­дерін, адам құқы­қта­рын қорға­у­шы бел­сен­ділер­ді және виру­сты тоқта­ту­дағы үкі­мет жұмысын сынға алған дәрі­гер­лер­ді қуда­ла­у­ға пайдаланған.

Еуро­па пар­ла­мен­ті заң шыға­ру­шы­ла­ры­ның ойын­ша, Қаза­қстан билі­гі Қыл­мыстық кодекстің тер­рор­лық не экс­тре­ми­стік ұйым жұмысын қар­жы­лан­ды­ру және қол­дау (258-бап, 2‑тармақ) бабы­мен адам құқы­қта­рын қорға­у­шы бел­сен­ділер­ді қуғын­дап жатыр. Олар­дың ойын­ша, 10 қаңтар­дағы сай­ла­удан кей­ін адам құқы­қта­ры ұйым­да­ры­на қысым бұры­нғы­дан да күшейе түскен.

Мұны­мен қоса, депу­тат­тар Қаза­қстан бас­шы­лы­ғы­ның «шетел­де­гі режим оппо­нент­терін» қуда­лау мақ­са­тын­да Интер­пол сияқты халы­қа­ра­лық құқы­қтық жүй­е­лер­ді де пай­да­ла­на­ты­нын атап өткен. Бұл рет­те депу­тат­тар Бель­ги­яда босқын мәр­те­бесін алған құқық қорға­у­шы Бота Жәр­де­мәлі мен Фран­ци­ядан сая­си бас­па­на алған ҚДТ бас­шы­сы, оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Мұх­тар Әбі­ля­зо­втың ісін атап өтеді.

Еуро­пар­ла­мент мүше­лері елде­гі сөз бостан­ды­ғы­на да ерекше мән бер­ген. Дүние жүзін­де­гі сөз бостан­ды­ғы рей­тин­гін­де Қаза­қстан­ның 157-орын­да тұрға­нын еске салған олар елде­гі ақпа­рат құрал­да­ры­ның мем­ле­кет мен­ші­гін­де екенін, не мем­ле­кет­тен қар­жы ала­ты­нын ескерт­кен. Бұл тұста депу­тат­тар пар­ла­мент сай­ла­уы кезін­де дене жарақа­тын алған «Азаттық» тіл­шісі Сәния Той­кен мен «жемқор­лық тура­лы жазға­ны үшін жаза­ланған» «Ураль­ская неде­ля» басы­лы­мы­ның тіл­шісі Лұқ­пан Ахме­ди­я­ро­вты атап өтеді.

Қарар жоба­сы­на дауыс бере­рдің алдын­да Еуро­пар­ла­мент­тің түр­лі елден кел­ген депу­тат­та­ры Қаза­қстан­дағы адам құқы­қта­ры­ның жай­ы­на бай­ла­ны­сты пікір­та­лас өткізді. Олар­дың көп­шілі­гі елде­гі жағ­дай­дың нашар­лап бара жатқа­нын, адам құқы­қта­ры­ның жиі бұзы­ла­ты­нын айтты.

«Қаза­қстан үкі­меті тәу­ел­сіздік­тің 30 жылын той­ла­мақ­шы. Бірақ сая­си тұтқын­дар­дың бәрі боса­май­ын­ша, сая­си аста­ры бар сот шешім­дерінің күші жой­ыл­май­ын­ша, адам құқы­қта­рын қорға­у­шы­лар мен бел­сен­ділер­ді қуда­лау тоқта­май­ын­ша, шынайы той бол­май­ды» деген поль­ша­лық депу­тат Эва Боже­на Копач «адам құқы­қта­рын бұзуға қаты­сы бар мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­ге мақ­сат­ты түр­де санк­ция салу­ды ойла­сты­руға» шақырды.

«Қаза­қстан­да адам құқы­қта­ры күн сай­ын бұзы­лып жатыр» деген еуро­де­пу­тат Пет­рас Ауштре­ви­ч­юс «адам құқы­қта­ры мен демо­кра­ти­я­ны эко­но­ми­ка­лық табыстан жоға­ры қою керек» деді.

Пікір­та­ла­ста сөз алған Еуро­пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның біра­зы Қаза­қстан­да билік ауы­сқа­ны­мен, адам құқы­қта­ры мен сая­си еркін­дік сала­сын­дағы жағ­дай­дың жақ­сар­май келе жатқа­ны­на тоқтал­ды. Гер­ма­ни­я­лық депу­тат Вио­ла фон Кра­мон-Тау­ба­дель «бір­де-бір сай­лау әділ өтпе­ген» Қаза­қстан­дағы қазір­гі жағ­дай­ды «Назар­ба­ев дик­та­ту­ра­сы» деп сипатта­ды. Ол да басқа­лар сияқты «Адам құқы­қта­ры ақшаға сатыл­май­ты­нын» шеге­леп айтып, бұл мәсе­лені эко­но­ми­ка­лық мүд­де­ден жоға­ры қоюға шақыр­ды. Депу­тат­тар ара­сын­да «көр­ші елдер­ді авто­ри­та­риз­мнен демо­кра­тия жолы­на түсіру­де Еуро­одақтық эко­но­ми­ка­лық мүм­кін­дік­терін пай­да­ла­нуға шақы­рған­дар» да болды.

Azattyq.org

Қапас­тағы тарих 

Қазақстанға САНКЦИЯ салына ма?

Санк­ция – «жаза­лау» деген сөз. Халы­қа­ра­лық тер­мин ретін­де құқық, эко­но­ми­ка­лық, дипло­ма­ти­я­лық бай­ла­ныс бұзы­лған жағ­дай­да қол­да­ны­ла­ды. Санк­ция салу арқы­лы ол елмен бай­ла­ныс үзіліп, оның бола­шағы да жоққа шығарылады.

Мәсе­лен, Иран кезін­де ядро­лық қару тура­лы бағ­дар­ла­ма­сы үшін АҚШ тара­пы­нан санк­ци­яға ұшы­рап, жабық мем­ле­кет ретін­де өмір сүр­ді. Оның мұн­дай бар­лық база­сы бұғат­тал­ды. Дәл сол секіл­ді Ресей­дің Қырым­ды тар­тып алуы да аталған ел үшін санк­ция ретін­де бекітіл­ді. Қазір­гі кез­ге дей­ін Ресей АҚШ-тың түр­лі санк­ци­я­ла­ры­нан шыға алмай отыр.

Жал­пы әлем­де санк­ция салы­нуы жағы­нан рекорд­тық көр­сет­кіш­ке жет­кен 9 мем­ле­кет бар.

  • Сол­түстік Корея – 66 жыл

1950 жыл 16 жел­тоқ­сан­да бір түбек­те орна­ласқан Коре­я­ның екі­ге бөлі­нуіне себеп­ші болған Сол­түстік Коре­я­ның соғыс ашуы АҚШ тара­пы­нан санк­ци­яға ұшы­ра­ды. Уақыт өте келе Сол­түстік Корея ядро­лық қару­ды сынақтан өткізу­ге бай­ла­ны­сты тағы да дауға ілі­гіп, бар­лы­ғы 66 жылға санк­ция салы­нып, эко­но­ми­ка­сы бұғатталған.

  • Куба – 54 жыл

АҚШ-тың Кубаға салған эко­но­ми­ка­лық санк­ци­я­сы 50 жыл­дан асып кетті.

  • Иран – 37 жыл

1979 жыл­дан бері Иран АҚШ-тың санк­ци­я­сы­нан көз ашпай келеді. 2016 жылы ғана бұғат­тан құтыл­дым деген Иранға АҚШ бал­ли­сти­ка­лық бағ­дар­ла­ма­сы­на бай­ла­ны­сты тағы санк­ция салды.

  • Ирак – 26 жыл

1990 жылы әлем­де­гі ең бай елдер­дің бірі Ира­кқа АҚШ сауда-сат­тық жағы­нан толық бұғыт­тау шара­сын енгізді. Тек 2010 жылы ғана Ирак аталған бұғат­тан боса­тыл­ды. Деген­мен, ел ішін­де­гі араз­дық, АҚШ пен Ирак ара­сын­да соғы­стың сал­да­ры­нан ел эко­но­ми­ка­сы құл­ды­рап кетті.

  • Бир­ма – 19 жыл

Бир­ма 1997 жыл­дан бері АҚШ-тың бұғат­тау опе­ра­ци­я­сын­да жатыр. Кей­ін­гі санк­ци­я­ның мерзі­мі 1 жыл. Бұл бұғат­ты АҚШ пре­зи­ден­ті Барак Оба­ма халы­қа­ра­лық қар­жы жағы­нан салған болатын.

  • Сирия – 12 жыл

2004 жылы 11 мамыр­да АҚШ пре­зи­ден­ті Дж. Буш Сири­я­ны тер­рор­лық әре­кет­тер­ді ұйым­да­сты­руға қаты­сты деп айып­тап, санк­ция жариялады.

  • Бело­рус­сия – 12 жыл

ТМД елдерінің бірі Бело­рус­сия да АҚШ тара­пы­нан санк­ци­яға ұшы­рған. Бұл АҚШ-тың 2014 жылы бұғат­та­уға бай­ла­ны­сты қабыл­даған «Бело­рус­си­ядағы демо­кра­тия актісі» болатын.

  • Ресей – 3 жыл

2017 жылы шіл­де айын­да АҚШ Кон­гресі Ресей­ге Қырым­ды басып алып, Укра­и­на­ның шығы­сын­дағы сепа­ра­ти­стер­ге дем бер­гені үшін қатаң санк­ция салу тура­лы заң жоба­сын мақұл­даған еді.

  • Қаза­қстан – ?

11 ақпан 2021 жыл ЕП тара­пы­нан адам құқы­қта­ры­ның бұзы­луы мен қуғын-сүр­гін­ді айып­таған резо­лю­ция қабыл­да­нып, осы орай­дағы талқы­лау бары­сын­да Қаза­қстанға санк­ция салу мәсе­лесі де сөз болды…

  • Нұр­лы­бай Қоша­манұ­лының ФБ-парақ­ша­сы­нан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн