Пятница , 4 июля 2025

Қонаев қалай КЕТІП ЕДІ?

Елі­мізді ширек ғасы­рға жуық басқарған қаза­қтың бір­ту­ар ұлы Дін­мұ­ха­мед Қона­ев­тың туға­ны­на 12 қаңтар­да 107 жыл тола­ды. Осы датаға орай, кей­ін­гі жастар біле жүр­сін деп, Диме­кеңнің «Өтті дәу­рен осы­лай» деп ата­ла­тын кіта­бы­нан оның қыз­мет­тен кету жағ­дай­ын баян­дай­тын үзін­ді жари­я­лап отырмыз.

Бұры­нғы­лар­дан қалған: «Зама­на сені­мен сана­спай­ды, санассаң – сен санас!» – деген сөз бар. Сол айтқан­дай, ерте ме, кеш пе – әйте­уір әрбір сая­си қай­рат­кер­дің өмірін­де тәу­е­кел­ге бел бай­лар шешу­ші бір сәті болады.

Бай­лам жасал­ды. Зей­нет­ті дема­лы­сқа шыға­ты­ным тура­лы ары­зым­ды жазып, 1986 жылғы жел­тоқ­сан айы­ның алға­шқы күн­дерінің бірін­де сая­си өмір тәжіри­бем қалай­да Мәс­ке­у­ге барып, М.С. Гор­ба­чев­пен жүз­де­суі­ме түрт­кі бол­ды. Солай Мәс­ке­у­ге кел­дім. «Чистый пруд­тағы» Қазақ уәкіл­ді­гі­мен ірге­лес Қаза­қстан өз күші­мен салған «Қаза­қстан» қонақ үйіне тоқта­дым. Келесі күні таңер­тең Кун­цев ауру­ха­на­сын­да емделіп жатқан зай­ы­бым Зух­ра Шәрі­пқы­зы­на барып, көңілін сұра­дым. Содан шығып, ескі алаң­дағы Орта­лық Коми­тет­ке тарт­тым. КОКП Орта­лық Коми­тетінің Бас хат­шы­сы оты­ра­тын бесін­ші қабатқа көтеріл­дім. Бұл бірін­ші рет емес, талай жүріп-тұрған үйрен­шік­ті кори­дор­мен Бас хат­шы бөл­месіне маң­дай түзедім. Онда дәм-тұз­дас болған Хру­щев, Бреж­нев, Андро­пов та, Чер­нен­ко да кезін­де жұмыс істе­ген. Хан келеді, кете­ді, халық қала­ды, халық қала­са – тақ қалады.

Ой, жалған дүние-ай десең­ші! Бәрі де бір күн­гі­дей өте шықты, соның бәрі еріксіз еске орал­ды. Мен бұл жолы Бас хат­шы­ға жеке шару­ам­мен келе жат­тым. Гор­ба­чев әдет­те­гі­ше орны­нан тұрып, жылы аман­да­сты. Сый­лы кісілер­дің сыпайы есен­десуі­нен кей­ін әңгі­мені ұзарт­пай, бір­ден іске көштік. Мен асы­қ­пай алды­на ары­зым­ды қой­дым… Сон­дай-ақ ары­зда дәл қазір­гі уақыт­та ден­са­улы­ғым мен жасым­ның ұлғай­ға­ны мына қыз­мет­те жемісті еңбек етуі­ме мұр­сат бер­мей жүр­генін айтып, соған орай менің зей­нет­кер­лік­ке шығу мәсе­лем­ді қара­уын өтініш еткенмін.

Гор­ба­чев менің бай­қа­уым­да бұл әңгі­ме­ге тас-түй­ін болып дай­ын отыр­са керек: «Ұсы­ны­сы­ңы­зды құп­тай­мын, өтіні­шіңіз Сая­си Бюро­да қара­ла­ды», – деп, аз-кем үнсіз отыр­ды да, өз бай­ла­мын айт­ты. «Жұмыс мой­ын бұрғы­за­тын емес, соған орай Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің пле­ну­мы­на қаты­са алмай­мын, пле­ну­мға Г. Раз­умов­ский бара­ды», – деді.

Бас хат­шы менен «Өз орны­ңы­зға кім­ді лай­ы­қты деп отыр­сыз?» – деп сұрай­ды деп үміт­теніп едім. Бірақ ол жұмған аузын ашпа­ды. Оның есесіне мен сұра­дым. Гор­ба­чев: «Ол мәсе­лені шешуді біз­ге қал­ды­ры­ңыз», – деп қысқа қай­ыр­ды. Бас хат­шы, оба­лы не керек, маған мен күт­пе­ген ұсы­ныс жасады.

– Москваға көшіп келіңіз, үй-жай­мен қам­та­ма­сыз ете­мін, – деді.

– Ниетіңіз­ге рах­мет, туған жер­ден ыстық не бар, Алма­ты­да тұра бере­мін! – деп, ықы­ла­сы­на риза­лық біл­дір­дім. Ол орны­нан тұрып, мені­мен қимай қоштасқан­дай рай таныт­ты. Қолым­ды қысып: «Москваға жолы­ңыз түс­кен­дей бол­са, мін­дет­ті түр­де келіп тұры­ңыз», – деді. Бар әңгі­ме осы.

Кешкілік Алма­ты­ға ұштым. Алма­ты­дағы Орта­лық Коми­тет­те өзім оты­рған бөл­ме­ме кел­дім. Бұры­нғы­дай емес, тып-тыныш, теле­фон­нан дамыл бер­мей­тін Мәс­кеу де, табал­ды­рық құрғат­пай­тын Алма­ты да сап тыйылған…

Менің қыз­мет­тен кететіні­ме көз­дері жет­кен кісілер атқа кім­ді оты­рғы­за­рын біл­мей, дал болып, сырт­тан тон пішіп, осы лай­ық-ау деген­дер­дің аяғын үзең­гі­ге ілік­тіріп жат­ты. Уақыт өз төрелі­гін айт­ты. Мені Мәс­ке­у­ге Сая­си Бюро­ның мәжілісіне шақыр­май-ақ, өтіні­шім­ді қанағат­тан­дыр­ды… Шешім қолы­ма тиісі­мен, өзі­міздің Орта­лық Коми­тет­тің Бюро мүше­лерін жинап, зей­нет­ті дема­лы­сқа кетіп бара жатқа­ным­ды хабар­ла­дым. Бюро мүше­лері аты­нан сол кез­де­гі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Пре­зи­ди­у­мы­ның төраға­сы С. Мұқа­шев сөй­леп, елі­міз­ге сіңір­ген еңбе­гі­ме алғыс айтты.

Артын­ша, 1986 жылғы 16 жел­тоқ­сан­да Орта­лық Коми­тет­тің аты­шу­лы Пле­ну­мы өтті. Оны өзім ашып, КОКП Орта­лық Коми­тетінің хат­шы­сы Г. Раз­умов­ский­ге сөз бер­дім. Ол менің зей­нет­ті дема­лы­сқа шығуы­ма бай­ла­ны­сты Сая­си Бюро­ның шеші­мін оқып бер­ді. Маған тіле­гін айтып, ыстық ықы­ла­сын біл­дір­ді. Қаза­қстан Орта­лық Коми­тетінің бірін­ші хат­шы­лы­ғы­на Г. Кол­бин­ді сай­ла­ды. Г. Раз­умов­ский сол күні сағат бір­де Мәс­ке­у­ге ұшып кетті.

Ертеңіне жел­тоқ­сан­ның 17-сі күні сағат 11-де маған Қаза­қстан Орта­лық Коми­тетінің екін­ші хат­шы­сы О.С. Миро­ш­хин теле­фон соғып, Орта­лық Коми­тет­ке тез келуім­ді өтін­ді. «Жай­шы­лық па, мен зей­нет­ті дема­лы­ста­мын ғой?» – деп едім, ол: «Алаңға бір топ жастар жинал­ды. Олар кеше­гі өткен Орта­лық Коми­тет­тің Пле­ну­мы­ның шеші­мін дұры­стап түсін­діріп беруді талап ете­ді. Жиналған­дар­дың алды­на шығып, істің мән-жай­ын түсін­діріп бер­сеңіз, өте дұрыс болар еді», – деп жау­ап берді.

Мен: «Кол­бин оған келі­се ме?» – дедім. Миро­ш­хин теле­фон тұтқа­сын Кол­бин­ге бер­ді. Ол да жастар алдын­да сөй­ле­уім­ді өтін­ді. Мен келісі­мім­ді бер­дім. Менің Орта­лық Коми­тет­ке тез келуім­ді сұра­ды. Айтқан уақы­тын­да бірін­ші хат­шы­ның каби­нетіне кір­сем, Бюро мүше­лері түгел жина­лып, алаңға жиналған­дарға не істеу керекті­гін ақыл­да­сып отыр екен… Кол­бин маған: «Сіз бос­сыз, дем ала беріңіз, біз өзі­міз-ақ тиісті шара­лар қол­да­нып, тәр­тіп­ке кел­тіре­міз», – деді.

Мен Миро­ш­хин­нен сол сәт­те: «Онда мені не үшін шақыр­ды­ңы­здар?» – деп сұра­дым. Ол былай деп жау­ап бер­ді: «Ақыл­да­са келіп, сіздің алаңға шығып, сөй­ле­уіңіздің қажеті бол­мас», – деп шештік.

Күн­діз­гі сағат бір шама­сын­да Орта­лық Коми­тет­тен орал­дым. Дәл сол кез­де М.С. Гор­ба­чев теле­фон шалып:

– Жастар­дың бұлай алаңға шығуын немен түсін­діру­ге бола­ды? – деп сұрады.

– Қазір Орта­лық Коми­тет­те рес­пуб­ли­ка бас­шы­ла­ры кеңесіп жатыр, олар сіз­ге баян­дай­тын болар, – дедім.

– Мұны кім­дер ұйым­да­сты­руы мүмкін?

– Ұйым­да­сты­ру­шы­лар маған белгісіз.

– Жақ­сы, біз рет­теп, шара қол­да­на­мыз. Тәр­тіп орна­та­мыз. – Гор­ба­чев­тың соңғы сөз­дері осы бол­ды… Арты не болға­ны, қан­дай шара­лар қол­данған­да­ры белгілі…

Мұхтар Шаха­но­втың құрған комис­си­я­сы­ның деректері бой­ын­ша, 1986 ж. 17 жел­тоқ­сан­да жастар­ды ұрып-соғу тәулік соңы­на қарай баста­лып, ол 18 жел­тоқ­сан күні де жалғасқан… Г.Колбин сөз сөй­ле­ген жер­лерін­де аузы қисай­май, мені «алаңға жиналған­дар алдын­да сөз сөй­ле­уден бас тарт­ты» деп айып­та­у­мен бол­ды. Оның мені жаман­даған жалған сөзі «ұзын елдің үйіріне, қысқа елдің қиы­ры­на кет­ті». Бірақ уақыт кім­нің кім екенін көр­сетіп бер­ді. Менің естуім­ше, рес­пуб­ли­ка­ның бір­де-бір бас­шы­сы алаңға шыққан­дарға Пле­нум­ның мән-жай­ын дұры­стап түсін­діріп бер­ме­ген. Түсін­дірудің орны­на олар «мұз­дай қару­ланған әскер мен мили­ци­я­ны алаңға жиналған­дарға қар­сы қой­ып, аяу­сыз жаза­лаға­ны бел­гілі… Менің ешқан­дай да қаты­сым бол­маға­ны­на қара­ма­стан, «Алма­ты оқиға­сын» басты ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың бірі» деп, мені ныса­наға алды. Г. Кол­бин­нің өзі: «Оқиға­ның өршіп, белең алуы­на ең басты себеп – Қона­ев­тың алаңға барып, жастар­дың алдын­да сөй­ле­ме­уі­нен» деген­ге иек арту­мен бол­ды… Мені тап­тап өтіп, күл­лі халқы­мы­зға «Қазақ ұлт­шыл­ды­ғы» деп қара күйе жақты…

«Асқан батыр бол­саң да, ағай­ын мен ел керек» деген ескі­ден қалған сөз бар. Елді пір тұтып, сабыр сақтап, арқа сүй­еп едім, мен адас­пап­пын. Жабы­ққан күн­дері жаны­ма жебеу, көңілі­ме демеу бол­ды. Аяғы жет­кен­дер күн сай­ын ағы­лып келіп, сәлем бер­ді, жет­пе­гені хат жазып, хаба­рым­ды біледі. Қаза­қстан­ның ғана емес, тіп­ті шетел­дер­ден де сәлем айту­шы­лар өте көп болды…

Үзін­діні дайындаған –

Айбол Битуға­нов,

Қона­ев­та­ну­шы, жоға­ры білік­ті ұстаз

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн