Пятница , 4 июля 2025

Ғазиз АЛДАМЖАРОВ: ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ АТАСЫ – Серікболсын Әбділдин деп санаймын!

– Ғазе­ке, сіз Серік­бол­сын аға­ның сенім­ді сері­гі, пар­ти­я­лас әріп­тесі, жақын тар­тқан інісі бол­ды­ңыз: сіз­дер­ді табыст­ы­рған қай жол? 

– Бізді алғаш таны­сты­рған, табыст­ы­рған – сая­сат­тың жолы бол­ды. Содан бері Секеңді 30 жыл­дан бері білу­ші едім. Отба­сы­мы­з­бен ара­ла­стық. Бүгін­гі мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­мен салы­сты­рған­да, ол кісінің тұла бой­ы­нан қыла­удай кінәрат таба алмай­сыз. Секеңе ешкім ешу­ақыт­та сын айтып, кінә таға алмай­ды! Халқы­на таза, әділ қыз­мет етті, қаза­ғы­на, еліне ерен жана­шыр болды.

Кезін­де Аты­рау облы­сы­ның бірін­ші хат­шы­лы­ғы­нан босаған кезім­де қасы­на шақыр­ды: Жоғарғы Кеңе­стің Бюд­жет және эко­но­ми­ка коми­тетінің төраға­сы марқұм Сауық Тәке­жа­но­втың орын­ба­са­ры бол­дым. Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­рын­да елдің қалып­та­суы­на қажет көп­те­ген заң­дар­ды бір­лесіп шығардық.

– Марқұм аға­мы­здың бой­ын­дағы басты ерекшелік не еді?

– Секең туа біт­кен зия­лы (интел­ли­гент) аза­мат бол­ды. Қат­ты ашу­ла­нып, дауы­сын көтер­генін көр­медім, сабыр­лы қал­пы­нан айны­ған емес. Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның ірге­та­сын қала­у­ға бар күшін салып, еңбек еткен адам. Тәу­ел­сіздік­тің таға­нын тұрғы­зған адам­ның бірі Секең екенін ешкім де жоққа шыға­ра алмайды.

Тәу­ел­сіздік тура­лы сөз қозғаған­да, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев бәрін өзі жасаған­дай болып шыға келеді. Мен тірі куә­мін, менен басқа да көзі тірі депу­тат болған аза­мат­тар бар: Секеңнің еңбе­гі ерен бол­ды. Тәу­ел­сіздік Декла­ра­ци­я­сын қабыл­дау жөнін­де­гі заң­ды құжат­тар­ды жасау, оны қабыл­да­уға қажет­ті алғы шар­ттың бәрі ең алды­мен Секеңнің қолы­нан өтті. Мен Қаза­қстан Тәу­ел­сізді­гінің ата­сы – Әбділ­дин деп санай­мын! Қазақ халқы­ның лидері, көш­бас­шы­сы да – Әбділ­дин! Жаңа­дан іргесін қалаған Қаза­қстан­ның Ата заңы­нан бастап, басқа да заң­на­ма­лық құжат­тық негіз­дерін қалып­та­сты­ру жолын­да Секеңнің ақы­лы, дана­лы­ғы, пара­сат­ты­лы­ғы, қолы­ның табы, ізі жатыр.

– Серік­бол­сын аға­ның Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­пен жолы қай кез­де айы­рыл­ды? Есіңіз­де бар ма?

– Әрине, ол тарихқа жазы­лған дерек деп санай­мын. Алға­шқы келіс­пе­ушілік 1993 жылғы Ата заңға өзгеріс енгі­зу­ден бастал­ды. Назар­ба­ев пре­зи­дент ретін­де билік­ті тұта­стай қолы­на алмақ бол­ды, Секең – халы­қтық билік­ке, пар­ла­мент­ке қарай тарт­ты. Одан кей­ін елде жеке­ше­лен­ді­ру про­цесінің бей-бере­кет­ті­гіне, мем­ле­кет басқа­ру ісі авто­ри­тар­лық жүй­е­ге қарай бет бұрға­ны­на Секең көзін жұмып, қарап оты­ра алмады.

Сол келіс­пе­ушілік Секеңнің пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түсуіне себеп­кер бол­ды. 1999 жылғы пре­зи­дент­тік сай­ла­уда Секең жеңіс­ке жет­ті, сол жеңісін мой­ын­дағы­сы кел­ме­ген билік екін­ші тур­ды өткіз­бей қой­ға­ны тари­хи деректер­де сай­рап жатыр. Халы­қтың 60–70 пай­ыз дауы­сы­на ие болған аза­мат­ты қалай лидер деп айт­пай­сыз?! Бұны біреу қабыл­дар, біре­улер қар­сы болар – бірақ тари­хи шын­ды­ққа жүгі­нудің ақиқа­ты осы!

– Айт­пақ­шы, Секең Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы­на қалай тап бол­ды? Ол кісінің ішкі дүни­есі – демо­крат, таны­мы – соци­ал­шыл, өресі – зия­лы адам еді ғой…

– Сіз білесіз бе, бұны басқа көп­шілік те біл­ме­уі мүм­кін: Секең бұрын Ком­пар­ти­я­ның Орта­лық Коми­теті түгілі, баста­уыш пар­тия ұйы­мын басқа­рып көр­ме­ген ком­му­нист еді! Кеңес үкі­меті құлаған кез­ге дей­ін ешу­ақыт­та аудан, облыс, тіп­ті рес­пуб­ли­ка дең­гей­ін­де пар­ти­я­лық қыз­мет атқар­маған адам. Сөй­те тұра, ол кісі Кеңе­стер Одағы­мен бір­ге құры­ған Ком­пар­ти­я­ны қай­та­дан орны­на кел­ті­ру үшін жұмыс істе­ді. Және Секең марк­стік-ленин­дік ілім­ді жалға­сты­ру үшін емес, Ком­пар­ти­я­ны авто­ри­тар­лық билік­ке қар­сы тұру құра­лы ретін­де басқа­руға бел буған адам бол­ды. Марқұм­ның дана­лы­ғы мен қай­рат­кер­лі­гінің басты бел­гісі де осы! Секең сол кез­де ком­му­ни­стік жүй­ені жақ­сы көр­ген­нен емес, кеңе­стік кезең ыды­рап, пар­ти­я­лық жүй­е­ге бағы­нған қаза­қты жаңа заман­ның талап­та­ры­на топ­та­сты­ру үшін, Ком­пар­ти­яға жаңа сипат беру­ге тырысты.

Екін­ші жағы­нан, халы­қты авто­кра­ти­я­лық жолға түсіп бара жатқан билік­тен қорға­удың сол кез­де­гі жалғыз сая­си күші Ком­пар­тия бол­ды. Секеңнің басқа­руын­дағы жаңа сипатты пар­тия қоғам­да өте бел­сен­ді қыз­мет жүр­гізді, пар­ти­яға нағыз халы­қтық, демо­кра­ти­я­лық сипат бер­ді. Секең мен оның сая­си жақ­та­ста­ры бол­маған­да, бәл­кім, енді­гі Түрк­ме­ни­я­ның күнін кешіп оты­рар ма едік?!

– Ғазиз аға, тағы да өткен­ге шегініс жаса­сақ: Әбділ­дин­нің Ком­му­ни­стік пар­ти­я­ны сіз­ге тап­сы­ру кезеңі қалай болған еді?

– Бұның ешқан­дай құпи­я­сы жоқ: Секең пар­ти­я­ны жасар­ту үшін, кезін­де­гі нағыз «қызыл ком­му­ни­стер­дің» ықпа­лын азай­ту үшін, тіз­гін­ді жаңа­ша ойлай­тын ұрпаққа беруді арман­дап жүр­ді. Ол кез­де менің 60-қа тол­маған кезім: Әке­жан Қажы­гел­дин­мен бір­ге «РНПК» пар­ти­я­сын басқа­рып жүр­ген едім. 90-жыл­дар­дың соңын­да бұл пар­ти­я­ны билік қай­та­дан тір­ке­у­ге алмады.

Кей­ін­нен Секең мені өзіне шақы­рып алып: «Ком­пар­ти­я­ны 14 жылға жуық басқар­дым, бір орын­да мәң­гілік тыр­мысып оты­руға бол­май­ды, енді жетек­шілік­ті жаңа ұрпаққа тап­сы­ру керек, тіз­гін­ді қолы­ңа ал», – деді. Мен де жанып тұрған ком­му­нист емес едім: Секең­нен ұялға­ным­нан ақыл­ман аға­ның ұсы­ны­сын жер­ге тастай алма­дым, пар­ти­яға келдім.

Секең 2010 жылы орнын босатқан­нан кей­ін, ғылы­ми және оқы­ту­шы­лық қыз­мет­пен айна­лы­сты. Деген­мен де Әбділ­дин­нің өзі­нен де, пар­ти­я­сы­нан да үркетін билік пар­ти­я­ны жабу үшін нешетүр­лі айла-шарғы­ла­рын жасап, ақы­ры заң­сыз сот шеші­мі­мен жауып тынды.

– Серік­бол­сын аға­ның пар­ти­я­сы бол­ма­са да, өзін құр­мет тұта­тын қара­пай­ым халы­қтың нөпірін оны соңғы сапарға шыға­рып салған­да көр­дік. Бірақ мем­ле­кет тара­пы­нан жер­леу комис­си­я­сы құры­лып, ресми билік­тен – пре­зи­дент­тен бастап, үкі­мет, пар­ла­мент жетек­шілері тік тұрып, құр­мет жаса­уы керек еді. Көзі тірісін­де Секең­нен жасқа­на­тын билік о дүни­е­ге кетіп бара жатқан Әбділ­дин­нен неге қоры­қты екен?

– Тірі­мен күре­су – заң­ды­лық, билік­ті ұстап тұру­дың ама­лы деп қабыл­дай­ық. Ал өлі­мен алы­су – ұят, масқа­ра жағ­дай! Соғыс зама­нын­да әске­ри бас­шы­лар, батыр­лар жау қолын­да қаза тап­са да, олар­ды құр­мет­пен жер­лей­тінін біле­міз. Тіп­ті фаши­стер­дің өзі тұтқы­нға түс­кен гене­рал Кар­бы­шев­ты салют атып, құр­мет­пен жер­ле­ген. Біздің жоғарғы билік фашист құр­лы бол­ма­ды. Алма­ты­ның жер­гілік­ті билі­гі бол­маған­да, Ақор­да мен «кіта­п­ха­на» тіп­тен абы­рой­сыз қала­ды екен!

Иә, алып аза­мат, тең­дес­сіз тұлға көзін жұмған кез­де билік­тің бой­ын­дағы құл­дық инстинг оян­ды, көре­ал­мау­шы­лық пси­хо­ло­гия қылаң бер­ді. Біздің билік­тің өресі төмен екеніне Секеңнің қаза­сын­да тағы бір рет көзі­міз жет­ті. Мем­ле­кет­те­гі екін­ші адам сана­тын­дағы аза­мат­тың сіңір­ген еңбе­гіне, Тәу­ел­сіздік­тің ірге­та­сын қалаған тұлғаға бар­лық құр­мет лай­ық екенін баға­лай алма­ды. Соңғы рет тағ­зым жаса­уға жара­ма­ды. Қазақ халқы­ның бола­шағы үшін қыз­мет еткен адам­ды қалай ұмы­туға болады?!

Секең көзі тірісін­де айтып еді: «Назар­ба­ев­тың жеке басын­да менің шару­ам жоқ, мен оның жүр­гізіп оты­рған билі­гі­мен келіс­пей­мін», –деп. Сол билік­тің өресіз, зер­десіз, озбыр екеніне тағы бір рет көзі­міз жет­ті. Секеңе жасал­маған құр­мет­тің аста­рын­да Назар­ба­ев­тың иша­ра­сы жатқа­ны анық.

– Бүгін­де елді басқа­ра­тын пре­зи­дент Тоқа­ев деп, қар­сы уәж айтуға болар еді, бірақ тәу­ел­сіз сарап­шы­лар мен қоғам өкіл­дері елде қос билік­тің қалып­тасқа­нын айтып та, жазып та жатыр. Сіз не дейсіз?

– Осы мәсе­ле бізді әлем­дік қауым­да­сты­қтың алдын­да ұятқа қал­ды­рып оты­рған жәйт. Қыз­мет­тен кет­кен пре­зи­дент жаңа­дан сай­ланған пре­зи­дент­тің құзы­ры­на қол сұғып оты­рға­нын кім­нен жасы­ра­мыз? Тоқа­ев­ты толы­ққан­ды пре­зи­дент деп айта алмай­мын. Заң жоба­сын қабыл­да­уда, жоға­ры лау­а­зым­дағы шене­унік­тер­ді тағай­ын­дау бары­сын­да, бұры­нғы пре­зи­дент­пен келі­су неме­се ақыл­да­су қан­дай логи­каға сыя­ды? Әр пре­зи­дент­тің өз жолы, ойы, бола­шаққа деген жос­па­ры бар, сол жос­па­ры­на сай қыз­мет атқар­ма­са, екін­ші бір ада­мға жүгін­се, ол қан­дай пре­зи­дент?! Өкіні­штісі сол – 18 мил­ли­онға толар-тол­мас қана халқы бар елде екі пре­зи­дент­тің болуы масқа­ра жағ­дай емес пе?!

Назар­ба­ев­тың тақтан айы­ры­лғы­сы кел­мей оты­рған себебі – өзінің қара басы­ның қамын күйт­те­гені. Себебі тақтан тай­са, халық оның кем­шілік­терін бетіне басып, жау­а­бын сұрап, талап қоюы, тіп­ті қыл­мысты жау­ап­кер­шілік­ке дей­ін тар­туы мүм­кін. Ол қаза­ққа жаны ауы­рып, елдің бола­шағы үшін қыз­мет­тен кете алмай оты­рған жоқ.

Екі адам билік­те оты­рған­да, мем­ле­кет­тік іс оңбай­ды. Өткен айда Мәс­ке­уде, Петер­бург­та, Баку­де ел пре­зи­дент­тері жинал­ды, сол жиы­нға қыз­меті­нен кет­кен пре­зи­дент­тің қаты­сқа­ны сая­си-дипло­ма­ти­я­лық эти­кет, халы­қа­ра­лық юри­дик­ция түгілі, қара­пай­ым ада­ми қадір-қаси­ет­ке сый­май­тын жағ­дай бол­ды. Сол жиын­да құжат­тар қабыл­да­нып, ресми мәміле­лер жасал­ды, оның жау­ап­кер­шілі­гін кім мой­ны­на ала­ды? Ертең­гі күні пре­зи­дент Тоқа­ев­тан мәсе­ленің мән-жайы тура­лы сұраған кез­де: «Назар­ба­ев­тан біліңіз­дер» дей ме? Мем­ле­кет басқа­ру ісін­де жау­ап­ты адам кім? Қай кезең­де бол­ма­сын, тарих­та дуум­ви­рат (екі адам­ның басқа­руы) болған кез­де мем­ле­кет­тер күйреген.

Осы­лай жалға­са бер­се, ол қатер біз­ге де тықыр таяндырады.

– Қоғам­да «Оян, Қаза­қстан!», «Рес­пуб­ли­ка», «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар аль­ян­сы» сияқты жаңа­дан құры­лған жастар ұйы­мы, қозға­лы­стар пай­да бол­ды. Сол жастар­дан қан­дай үміт күтесіз?

– Жастар­дың көзін ашқа­ны, оянға­ны жақ­сы құбы­лыс. Бірақ билік олар­дың да бір-бірі­мен ұйым­да­са кет­кенін қош көр­мей, ара­сы­на жік салып жатқа­ны бай­қа­ла­ды. Елде­гі жаңа сая­си қозға­лы­стар ең алды­мен Ата заң­ның 1993 жылғы нұсқа­сын қал­пы­на кел­тіріп, сая­си жүй­ені түбірі­мен өзгер­ту мәсе­лесін қолға алуы керек. Ол үшін «Сай­лау тура­лы», «Бей­біт жиын­дар», «Бақ тура­лы» заң­дар­ды халы­қа­ра­лық стан­дар­тқа сәй­кестен­діріп, сай­лау комис­си­я­ла­ры қай­та­дан жасақта­луы тиіс.

Назар­ба­ев­тың өкілет­ті­гін бекітіп оты­рған – пар­ла­мент. Енде­ше жаңа­дан сай­ланған пре­зи­дент өзін қол­дай­тын депу­тат­тар­дың коман­да­сын жасақта­уға тиіс. Бүгін­гі пар­ла­мент­те пре­зи­дент Тоқа­ев­ты қол­дай­тын ешкім жоқ, бәрі Назар­ба­ев­тың жан­дай­шап­та­ры. Халық сай­лаған депутт­тар емес, Назар­ба­ев «тағай­ын­даған» депутаттар.

– Дұрыс айта­сыз, Серік­бол­сын аға­ны шыға­рып салған­нан кей­ін де сая­сат­тың әңгі­месін жалға­сты­руға тура кел­ді. Енді­гі ұрпақ қоғам­ды Секеңсіз өзгер­ту­ге тиісті. Әбділ­дин­нің айтып кет­кен сөзі, ғалым­ның жазып кет­кен хаты­ның өмір­шеңді­гі қан­дай болар екен?

– Секеңнің айтқан иде­я­сы бар­лы­ғы да қаза­қтың бола­шағы­на қаты­сты, даму­дың дұрыс жолы­на түсіп, ұрпақта­ры­мыз игілі­гін көретін азат қоғам орна­ту. Елі­міздің алға­шқы ширек ғасыр тәу­ел­сізді­гі тек сөз­бен дақ­пырт­та­лып, іс жүзін­де босқа өткенін Серік­бол­сын Әбділ­дин нақты ресми мәлі­мет­тер­мен дәлел­деп кет­ті. Қан­ша­ма ғылы­ми еңбек­тер жаз­ды, бола­шақ даму­дың бағыт-бағ­да­рын да жасап кет­ті, мақ­сатқа жете­лей­тін ұрпаққа мол мұра қал­дыр­ды. Нарық жағ­дай­ын­дағы эко­но­ми­ка­лық зерт­те­улер мен ұсы­ны­стар­ды іске асы­ра­тын жастар­дың қата­ры бар, соларға сене­мін! Секеңнің арма­ны орын­да­ла­ды, мәң­гілік ештеңе жоқ, қоғам да, билік те өзге­реді, өзгер­тетін ұрпақ жалға­сты­ғы өсіп келе жатыр.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет! Серік­бол­сын аға­мы­здың алды­нан жары­лқа­сын!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн