Пятница , 4 июля 2025

«БУНТ БОЛАДЫ, БУНТ!..»

Қаңтар­дың 3‑і күні Алма­ты жұрт­шы­лы­ғы мем­ле­кет жəне қоғам қай­рат­кері Серік­бол­сын Əбділ­дин­мен қошта­сты. Неге екені айт­па­са да түсінік­ті, жоға­ры­дағы­лар марқұм­ды соңғы сапа­ры­на Ғылым ака­де­ми­я­сы­нан емес, Жам­был атын­дағы филар­мо­ни­ядан шыға­рып салған­ды жөн көр­ген екен. Оның өзін­де филар­мо­ни­я­ның көре­рмен залын бер­меп­ті. Қуы­қтай фойе келу­шілер­ге тым тар­лық етті. Қошта­суға кел­ген­дер иін тіресіп, сығы­лы­сып, əзер сый­ып тұр­ды. Қара­лы митинг те шолақ қай­ы­рыл­ды. Митинг­тен соң, қалың нөпір­мен бір­ге лық­сып, сыр­тқа ақтарылдық. 

Далаға шыққан­да бай­қа­дық, баға­на ішке сый­май тұрған­дай болып көп көрін­ген қара­лы жұрт сыр­тқа шыққан­да бір-ақ уыс боп қалып­ты. Осы бір уыс жұрт­тың іші­нен билік­тің бет­ке ұстар бір шен­дісін көре алмаға­ны­мы­зға қын­жыл­дық. Жай­шы­лық жиын­дар­да мик­ро­фонға жар­ма­сып, мін­бе мен той төрін бер­мей­тін «орден­ді ақын-жазу­шы­лар» да бұл жиын­да болған жоқ. 

Марқұм­ды шыға­рып салуға өзін оппо­зи­ци­о­нер санай­тын­дар, сосын Алма­ты­дағы семей­лік жер­ле­стері ғана кел­ген­дей əсер қал­дыр­ды. Бір­ді-екілі өзін­дік пікірі бар жастар мен жас жур­на­ли­стер­дің көз­ге шалы­нға­ны бол­ма­са, өздерін бло­гер атай­тын «диван-батыр­лар» да бай­қа­ла қой­ма­ды. Сол секіл­ді өзге ұлт өкіл­дері де көз­ге түс­пе­ді. (Сон­ды­қтан, билік­те­гі мыр­за­лар, бұдан былай орыс­ша сөй­ле­ме­сеңіз­дер де бола­ды екен. Бəрібір түбі бір келетін ажал жетіп, о дүни­елік бол­саңы­здар, Кең­сай­ға неме­се Нұр-Сұл­тан­дағы пан­теонға шыға­рып салуға өз қаза­ғы­ң­нан басқа ешкім де кел­мей­ді. Оған мына қара­лы жиын куə).

Айтпақ­шы, өзге ұлт демек­ші, мәй­іт­ті əкетіп бара жатқан­да, əнші Батыр­хан Шөке­но­вті есі­ме алдым. Марқұм­ды Алма­ты жұрт­шы­лы­ғы 2015 жылы дəл осы­лай Жам­был филар­мо­ни­я­сы­ның алды­нан шыға­рып салған бола­тын. Сол жолы əнші­мен қошта­суға кел­ген жұрт­тың көп­ті­гін­де есеп бол­мап еді. Қара­лы қауым Кең­сай­ға қарай лық­си жөнел­ген­де, филар­мо­ния алаңы­нан сонау Бөген­бай батыр көше­сіне дей­ін сіре­се қозғалға­нын көзі­міз көр­ді. Өз басым Алты ала­штың игі жақ­сысы жиы­лған Алма­ты­да тап Батыр­хан əнші­дей ардақта­лып жер­лен­ген ешкім­ді көр­ген жоқ­пын. Сол жиын­да кім­дер бол­ма­ды дей­сіз? Кім­дер деген­нен гөрі, қай ұлт­тың өкіл­дері бол­ма­ды деген дұры­сы­рақ шығар. Даңқты əнші­мен қошта­суға билік­шіл сая­сат­кер­лері­міз биік мін­бер­лер­ден сөй­ле­ген сай­ын ауыз тол­ты­ра мақта­ны­шпен айта­тын, бірақ елі­міз­де қан­дай жағ­дай­лар орын алса да, көзі­міз­ге еш түсе қой­май­тын 130 ұлт­тың өкіл­дерінің түгелі бол­ма­са да, дені кел­ген еді. «Міне, саған қаза­қстан­дық ұлт!» – деп едім мен сон­да іштей таңы­рқап. «Қаза­қстан­дық ұлт­тың жаны – көп­шілік мəде­ни­ет­те, жүре­гі – қалың бұқа­ра сүй­ген өнер­паз­да екен ғой» деп таң қалған едім сол жолы.

Бұл жолы Тəу­ел­сіз мем­ле­кеті­міздің тарихын­да шешу­ші пəр­мен­ге ие болып, алға­шқы сая­си, тари­хи маңы­зы бар құн­ды құжат­тарға қол қой­ған, кей­ін билік­ке кон­струк­тив­ті оппо­зи­ци­о­нер болған мем­ле­кет қай­рат­керін өзге ұлт түгілі, өз жұр­ты өз мəнін­де ардақтай алма­ды. Ардақтай алмаға­ны сол емес пе, сонау совет­тік кезең­де бір­ге қыз­мет істе­ген, əлі де бол­са тұғыр­дан түс­пе­у­ге жан­та­ла­сып, осы күн­гі билік­тің маңай­ын айнал­соқтап жүр­ген заман­даста­ры­ның тым бол­ма­са біре­уі келіп, төбе көр­се­ту­ге жара­ма­ды. Жоғарғы Кеңе­стің, Пар­ла­мент төраға­сы болған тұлға­ны ақтық сапарға шыға­рып салуға бір­де-бір жоға­ры дәре­желі мем­ле­кет­тік шене­унік­тің қаты­спа­уы – егер дені дұрыс елде орын алса, шетін жағ­дай сана­лар еді. Бірақ біздің елде мұн­дай нəр­се­лер қалып­ты дүни­е­ге айналған, оған осы жолы көзі­мізді тағы бір мəр­те жеткіздік.

Расын­да, Əбділ­дин аға­мы­здың əріп­те­стері, топы­рақты өлім­ге барған­да­ры­ңыз, келіп көңіл біл­дір­ген­деріңіз үшін мем­ле­кет сіз­дер­ді қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тарт­пай­тын еді ғой. Күні кеше ғана Үкі­мет үйін­де өздеріңіз­бен сая­сат май­да­нын­да тізе қосысқан сорат­ник­теріңіз емес пе еді? Шене­унік­тік честь, намыс қайда?!

Намыс демек­ші, осы орай­да XIX ғасыр­дың бір əңгі­месі есі­ме түседі. Біздің елде Құт­жан мен Бақа деген бақта­лас екі кісі ғұмыр кешіп­ті. Құт­жа­ны – болыс, Бақа­сы – батыр екен. Еке­уі келелі кеңе­стер­де, ел мол жиы­лған жиын­дар­да оқтын-оқтын ере­гісіп қалып жүріп­ті. Жан­жал­ды бұрын бастап, қам­шы көте­ретін көбі­не­се Бақа батыр екен.

Бір жылы болыс сай­ла­уы өтетін болып, ішін­де Бақа батыр да бар, ел жақ­сы­ла­ры Құт­жан­ды болыс қой­маққа Ақмо­лаға атта­нып­ты. Оры­стың дəр­гей­іне бір­жо­ла­та қараған, қаза­қтың екі тіз­гін, бір шыл­бы­ры жемқор Ресей шене­унік­терінің қолы­на көш­кен кез. Ел ішін парақор­лық ара­лап, ояз маңын əле­ке­дей жалаң­даған пысы­қтар жай­лай бастаған тұс. Сон­дай ысқа­яқ біреу орыс ояз­дың жем­са­уын кеңір­де­гіне дей­ін тығын­дап, бұлар барған­ша болы­стық қыз­мет­ті өзіне қарай икем­деп қой­са керек. Істің былай­ша насы­рға шапқа­нын күт­пе­ген Құт­жан тобы алға­шқы­да абды­рап қалып­ты. Өңе­ші­нен өлең­ге семір­ген өгіз­ге дей­ін өтіп кет­кен май­жел­ке ояз­дың да бұлар­мен еш ісі бол­маған­дай, кер­дең-кер­дең басып, маңай­ы­на жолатпапты.

Сол сəт­те түті­гіп кет­кен Бақа батыр беліне қылы­шын іле салып, най­за­сын қолы­на кезене ұстаған күйі ояз­дың кең­сесіне баса-көк­теп кіріп барып: «Осы­дан Құт­жан болыс бол­ма­са, бунт будет, бунт будет, бунт будет!» – деп үш рет ақы­рып, най­за­сы­мен кең­сенің еденін үш мəр­те дүр­сіл­де­те қой­ып-қой­ып қалып, шалт бұры­лып шығып кете­ді. Бұл Кене­са­ры зама­ны­нан кей­ін­гі уақыт – орыс ұлы­қта­ры «бунт» десе, əлі де бол­са зәресі ұша қорқа­ды екен. Содан жемқор ояз пара бер­ген пысы­қтың пара­сын өзіне қай­тып беріп, Құт­жан­ды болы­сты­ққа бекітіпті.

Осы­лай­ша шаруа­сы оңы­нан шешіл­ген аза­мат­тар елге олжа­лы қай­та­ды. Ұзақ жол­да қал­жы­ңы жара­сып келе жатқан соң ба, топ­тың іші­нен бір жас жігіт баты­лы жетіп, Бақа баты­рға жана­са бере əзіл­ге жығып: «Баты­ре­ке, бір гəп­тің мені таңғал­ды­рып келе жатқа­ны. Ауыл­да жүр­ген­де Құт­же­кеңе күн көр­сет­пе­уші едіңіз. Дүни­е­де екі адам араз бол­са, сіз еке­уіңіз шығар деуші едім. Сөйт­сек араз­ды­қтан бұрын, өзіңіз əуелі Құт­же­кең­нен қай­мы­ға­ды екен­сіз ғой. Олай дегенім – баға­на Құт­же­кең болыс бол­май­ды деген­де, ояз­дың төрі былай тұр­сын, көріне кіріп кете жаз­да­ды­ңыз ғой!» – деп­ті. Сон­да Бақа батыр күй­іп кет­се керек, жалт қарап: «Əй, шірік неме, Құт­жан­мен менің араз екенім рас, оны­мен араз болып өтетінім де рас. Бірақ Құт­жан­мен өзім араз болға­ным­мен, намысым араз емес қой!» – деген екен. 

Тағы бір əңгі­ме. Арқа елін­де алтай Алшағыр батыр мен кер­ней Бау­бек батыр­дың осы сипатты хика­я­сы сақталған. (Алшағыр батыр əйгілі «Дай­ра­бай» күй­ін шығарған атақты Дай­ра­бай күй­шінің ата­сы Бай­қа­ра­мен бір туы­са­ды. Алшағыр­дың өзі де күй­ші болған). 

Зама­нын­да Кене­са­ры­ның баты­ры болған Алшағыр мен Бау­бек батыр ғұмыр бойы жау­ла­сып, тар­ты­сып өтіп­ті. Күн­дер­дің бір күнін­де Алшағы­рға ажал жетіп, кел­ме­стің кемесіне мініп­ті. Жама­нат хабар жер­де жата ма, ескен жел­дей тез тарап, Бау­бек батыр­дың еліне де жетіп­ті. Осы орай­ды пай­да­ла­нып, баты­рға жақ­сы атты бола қояй­ын деген ауыл­дың бір пысы­ғы қара­лы хабар­ды есті­ген бет­те Бау­бек­ке алқы­на жетіп: «Батыр, ата жауы­ңыз Алшағыр ажал құшты, о дүни­е­ге атта­нып­ты», – деп­ті сүй­ін­ші сұраған­дай аңқыл­дап. Сон­да Бау­бек батыр: «Не дей­ді?!» – деп орны­нан ұшып тұрып, əлгі ауыл­да­сын көга­ла қой­дай қылып сабап: «Бауы­рым-ай, теңім едің, тұс­та­сым едің, енді кім­мен айқа­са­мын?!» – деп, өкіріп жылап жібер­ген екен. Содан Алшағыр­дың еліне атта­нып, əулетіне көңіл айтып, мал атап, дұға оқы­тқы­зып қай­тып­ты деседі. Кей­ін де «Бас­та­сым еді, тең құр­бым еді», – деп үне­мі еске алып, Алшағыр батыр­дың ару­ағын құр­мет­теп оты­ра­ды екен.

Қарап отыр­саңыз, қара­пай­ым жұрт­тың тілі­мен айтқан­да: біздің оқы­ған шене­унік­тері­міз сияқты бұл кісілер­дің қос-қостан дипло­мы жоқ, уни­вер­си­тет пен жоғарғы пар­тия мек­тебін бітір­ме­ген неме­се қазір­гі жас шене­унік­тер сияқты шетел­де «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы­мен оқып кел­ген жоқ. Десек те, осы қос батыр секіл­ді ол заман­ның оқы­маған оғлан­да­ры­ның есім­дері ел аузын­да осын­дай кісілік іс-əре­кет­тері­мен сақта­лып қалға­нын көре­міз. Тек баяғы­ның адам­да­ры­ның осы күн­гі оқы­ған­дар­дан айыр­ма­шы­лы­ғы – олар ада­ми құн­ды­лы­қтар мен кісілік қарым-қаты­на­стар­ды өмір­дің өзі­нен үйреніп, бой­ла­ры­на дары­тқан дала даны­шпан­да­ры еді. Мəшһүр Жүсіп ата­мы­здың: «Бұры­нғы­ның бəрі əулие» дегені осын­дай­дан айтыл­са керек.

Солай дей­ік, бірақ қазір­гі билік­те жүр­ген­дер­дің ел алды­на маң­дайы жарқы­рап, жақ­сы болуы­на не кедер­гі неме­се кім кедер­гі? Неге олар ел ішін­де қасы­на түк­си­ген оққағар­ла­рын ерт­пей жүре алмай­ды? Неге олар қара­пай­ым ада­ми қаси­ет­тер­ден жұр­дай? Неге олар­да Бақа батыр­дың намысын­дай, ердің намысы жоқ? Өздері араз бол­са да, намыста­ры араз бол­май­тын ада­ми биік­ке қашан жете­ді?! Бұл – қазір­гі уақыт­та жұрт­шы­лы­қтың билік иелеріне қояр ең көкей­кесті сау­ал­дар­дың бірі болып тұр. Бірақ кім жау­ап береді?..

Иə, кеше тұтас бір дəуір көшті. Қан­ша деген­мен, Серік­бол­сын Əбділ­дин Қаза­қстан­дағы Ком­му­ни­стік пар­ти­я­ның көшелі көсе­мі еді, ай мүй­ізді сер­кесі еді. Өз прин­циптері­нен айны­маған ол өмірінің соңы­на дей­ін ком­му­низм иде­я­сы­на адал бола біл­ді. Ал басқа ком­му­ни­стер­дің бар­лы­ғы 1991 жыл­дың тамы­зын­да-ақ пар­ти­яға бер­ген ант­та­ры­нан айнып, өздері өліп-өшіп, жаны­нан артық сүй­ген, қал­тқы­сыз бері­ле қыз­мет еткен ком­му­ни­стік пар­ти­я­ны оп-оңай, бір сəт­те тік көтері­ле сатып кет­кен болатын. 

Əбділ­дин­нің əле­умет­шіл болып, ком­му­низм иде­я­сы­на адал болға­ны – соци­а­лизмді адам­зат қауы­мы тоқтай­тын ең соңғы қоғам­дық фор­ма­ция бекеті деп таны­ға­ны­нан, оған иман­дай сен­гені­нен шығар. Өйт­кені ол күл­лі əлем жұрт­шы­лы­ғы­ның, əсіре­се Батыс Еуро­па мем­ле­кет­терінің соци­а­лизм жолын таң­дай бастаға­ны­ның куəсі бол­ды жəне бұл мем­ле­кет­тер оның көз алдын­да ешқан­дай рево­лю­ци­я­лар­сыз-ақ, эво­лю­ци­я­лық жол­мен ақы­рын­дап соци­а­ли­стік елдер­ге айна­лып жатты. 

Ал пат­ша­лық Ресей­ді, оның езгісін­де болған фео­да­лиз­мнің бит­ті күпісін киген қазақ қоға­мын капи­та­лизм­ге соқтыр­май, бір­ден соци­а­ли­стік құры­лы­сқа секір­тіп өткі­зе­мін деп, түбіне жет­кен Октябрь рево­лю­ци­я­сы ғой. Əйт­пе­се эво­лю­ци­я­лық даму жолы­мен жүр­се, соци­а­лизм – адам­зат қоға­мы­ның даму саты­сы­ның ең жоғарғы бас­пал­дағы екен­ді­гін; бұл күн­де соци­а­лизм­ге эво­лю­ция соқ­пағы­мен жүру арқы­лы көш­кен, сөй­тіп елдерін­де əле­умет­тік теңдік, ортақтық орна­тып, əділет пен ізгілік иде­я­ла­ры сал­та­нат құрған Батыс мем­ле­кет­тері дəлелдеуде. 

Бəл­кім, Серік­бол­сын аға­мыз да сая­си тәжіри­бесі мол, сана­лы соци­а­лист ретін­де қаза­қтың соци­а­лизм дәуірін­де ғұмыр кеш­кенін қалаған болар, арман­даған да шығар. Бірақ ол үшін алды­мен қазақ бала­сын сан­сы­ратқан мына жабайы капи­та­лиз­мнен, оның түгел кезеңі­нен өту керек бола­тын. Алай­да жемқор­лық жай­лаған елдің жабайы капи­та­лизмді жеңіп шығуы əзір­ге мүм­кін емес екенін, оған толас­сыз күрес­ке толы мех­нат­ты жыл­дар керек екеніне қарт ком­му­ни­ст­тің кəні­гі сая­сат­кер ретін­де көзі жет­кен еді. Бəл­кім, қамы­ғып, құса­ланған да шығар. Құса түбі – дерт қой…

Солай… Жам­был филар­мо­ни­я­сы­ның алды­нан марқұм­ның табы­тын арнайы көлік­ке көтеріп салып, орта­мы­здан ала жөнел­ген­де, қаза­қтың кəсі­би сая­сат сахна­сы­ның ойсы­рап қалға­нын түй­сін­дік. Серік­бол­сын Əбділ­дин­сіз ол енді осы­лай үңірей­іп тұра бер­мек. Ұлт­тық һəм адам­заттық құн­ды­лы­қтар­мен қару­ланған жаңа буын – мем­ле­кет­шіл сая­сат­кер­лер келгенше…

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн